Досыма
Тасжүрекпін мен, мейлі, бола алмадым мейрімді,
Бұл жалғанда мені ұғатын бар ма екен жан пейілді?
"Ешкімді керек қылмадың'",- деп мені сөгетіндей,
Сен ба едің көмек беріп, дамытатын төзімді.
Сен ба едің сол бір сәтте табылатын қасымнан,
Үні жоқ айғайымды естіп алып жұбатқан?
Сен ба едің түнделетіп мен үшін көз ілмеген,
Мені бір елестетіп, сары уайымға салынған.
Маған жүз кеңес беріп, бір созбадын қолыңды,
Болсамдағы ересек тұлпардай бір құлынды.
Жетістікке жетсем егер, оны да естіп алып,
Қасымнан бір қалмайтын, болсын деп бұл жұғынды.
Өзіңді мақтағанын ба? Қайткенің бұл? Түсінбедім!
"Дос" деп ат қойып алыпсын, өзіңе бір мәртебелі.
Алыстағы туыстан, жақын көршің артық десе,
Дос деген бауыр басқан, бауырыңдай болмаушы ма еді?