Адам қарады: 318 | Жарияланды: 2019-05-06 13:00:57

Келіндер бар

Келіндердің бүгін қатал мінезі, бас тартпас,

Әзір де кетемін деп, шошытып қояды біраз.

"Сіздің білгеніңіз, дұрыс - ау!", - деп, мамалатып,

Дейді ішінен "Дауысының аштысын - ай қақпас!".

 

Бұл күндері келіндер бар сайқал шебер,

Екі басты ұрыстыруға дайын жүрер жебеп.

Келін деген ошақтың бүгін оты ғой лаулаған,

Қашан жанып кімді күйдірерің кім білер?!

 

Бір келіндер бар, енесімен ашық алысатын,

Бұл енелер жүр-ау, ойлап: «Сабыр түбі - сары алтын».

Өзіңнің күйеуінің анасын сыйламаса,

Бұл келіннің керегі не, барда осы көп қатын?!

 

Әй, болмайды! Келін деген бүгін ерекше қу,

Үндемей ғана жүрер, жымиып шығармай шу.

Бала тауып, ашылар шынайы келбеттері,

Қызықтың көкесімен жалғасып бала туу.

Қазақ тілінде жазылған