Адам қарады: 390 | Жарияланды: 2019-05-06 13:03:31

Анашым

Бұл әлемде жат адаммын енді мен керексіз,

Ойламаппын дүниені осындай деп, көріксіз.

“Тағдырдың қалауы ғой!” деп, мені біреу жұбатса,

Бұл күнде сенбейтін болдым тағдырға да жетесіз.

 

Сенсіз енді дүниенің мен үшін мәні де жоқ,

Күлімсіреп қана жүреді қайғыға жүрегім тоқ.

Мөлдіреген көздеріңді бір минут көру үшін,

Дайынмен мен қадауға да жүрегіме суық оқ.

 

Құшағынды сағындым сенің, қолдарынды сағындым,

Мандайымнан искеуші едін, тәттісің деп құлыншағым.

Өнімде ме, түсімде ме кей-кейде ажыратпай,

Мен үшін сенің жүзін болып тұр ғой бір сағым.

 

Бұл әлемде жалғыз қалдым, ешкімге керексіз,

Мен үшін дүниеде бардың бәрі көріксіз.

Білсем ғой, анашым - ау, өмірдің сенсіз дәмін,

Қалушы ма едім бір минутқа бұл жалғанда өзіңсіз?!

Қазақ тілінде жазылған