Ұш хикаят (Болған оқиға ізімен)
Сұңқарқия
Араға екі-үш жыл салып, елдегі ағаның үйіне келіп, аунап-қунап жатып демалып қайтатыным бар еді. Сол әдетіме басып, ағаның үйіне келгеніме екі-үш күн болып қалған. Төртінші күні таңғы шайды ішіп отырғанымызда келтелеу мұртын сипап қойып, әңгіме айтып отырған ағай, назарын маған салып, атқа тақымың мықтыма дегені. Қысыла қымтырыла: - Жас күнімде нағашымның ауылына барғанымда атқа талай мініп сереуендегенмін деп қойдым. – Ым, ым - деп маған сынай қараған ағай кіші баласына: - Бізге күрең бесті мен тор төбелді ұстап еріттеп бер. Ағайынды екеуміз Рақым жиеннің үйіне барып қайтайық. Амандығын біліп дегендей әрі Демеште үйде жата бермей, жер көріп қайтсін. Оқ дәрісімен мылтығымды да дайындағайсың. Түскі астан кейін сәл демалып жолға шығып кетеміз,- деп маған көзінің астымен сынай қарап қойды. – Ит арқасы қианға атпен қалай жетпексіңдер. Саған бәрібір. Қаланың адамы аттың шоқырағына шыдай ма?- деген жеңгейдің сөзін тойтарып тастаған ағай: - Алпыс-жетпіс шақырым ат арқасында отыра алмайтын азамат бола ма? Онанда қоржынның бір жағына жолға азық, аңшы жабдығын, Рақым жиенге сәлемдеме салуды ұмытпа,- деді де далаға шығып кетті. Ағамыз далаға шығып кетісімен жеңгем: - Әй, ұл бармаймын атқа жүре алмаймын демейсіңбе, қаратақым болып, түгің қалмайды көрде тұр,- деп жанашырлық жасап жатыр маған.
– Жеңгей ештеңе етпес, бөрік киген атымызға ұят. Әрі ағаймен кең далада оңаша әңгімелескеннің өзі бір ғанибет емес пе,- дегенімде: - Жарар өзің біл,- деп күршекті күмпілдетіп пісіп-пісіп жіберіп: - Биенің сауыны болып қалған шығар,- деп көк шелегін қарына іліп сыртқа беттеді. пввы
Жеңгеміздің бал татыған қымызы, ерлі зайыптылардың дархан көңілі басқа жұртты өзіне еріксіз тартатын. Дастархандарынан қымызы-қымыраны арылмаған, көлденеңді көк атты үйіне түспей кетпейтін, дархан көңілді қонақжай адамдар еді. Түскі дастархан басына жанұя мүшелері енді жинала бергенде сәлем беріп ағайдың құрдасы Ахмедияр кіріп келді. Есіктен кіре жеңгемізді мақтай кірген Ахмедияр: - Бүкіл Тосын елінде Айткүлдің қымызындай қымыз жоқ. Ішкенде арманда, ішпегенде арманда. Қуырған балығы қандай? Алты айға дейін ауыздан дәмі кетпейді ғой шіркін,- деп ағаға қарап көзін қысып қойды. – Ау, Ақа! Менің кемпірімді жетісіне бір келіп, мақтап кетпесең ішкен асың бойыңа тарамайды ғой сенің,- деп ағайда құрдасын жарасымды әзілмен іліп тастап жатыр. Даладан кірген жеңгеміз қуырылған бір шара балықты дастархан үстіне қойып жатып: - Екі күн ұйқтамай мақтасаңда саған беретін орыстың қымызы жоқ. Бұйырған дәмді ішіп, же, текке сайрай бермей. Орталықтан шықпайсың, сенің малыңды кім бағады? Басшыларда да ақыл жоқ. Саған сеніп, үкіметтің бір отар қойын беріп жүрген,- деп құрдасын тұқырта түсті жеңгей. –Ақырын кемпір, ақырын! Анда-санда бізге еркелеп келмегенде кімге келеді, Ақаң. Күндіз-түні мал соңында. Жазда балалары демалысқа барғанда қолы босап, еркіндеу жүреді ғой,- деп құрдасына арша түсіп жатыр ағай. Жеңгеміздің де қатқылдау шыққан дауысы жұмасарып: - Ойнап айтып жатырмын, шал. Ренжіп қалып жүр ме? Біз тұрғанда бұл үйдің есігі айқара ашық саған,- деп құрдасының күпті көңілін бір көтеріп тастады. Алдымызға қою күрең шай мен майға бауырсақша салып қуырған балық келіп, қаужаңдасып қалдық. Бірнәрсе жетіспегендей көзінің астымен есік жаққа қарап, Ақаң жөтіркеніп қояды. – Кемпір, құрдасың балыққа қақалып қалмасын, бірдеңе жоқпа еді сандықтың түбінде, шаршап жүрген адам ғой, бір қунап қалсын,- деп кемпіріне қараған ағамызға жұбайы жауап қатқанша есік ашылып, үйге кірген ініміз үстел үстіне бір шыны арақ пен стакандар әкеліп қоя салды. – Келді шахтерлардың сүйікті тамағы,- деп жымиған жеңгеміз шыныны ашып, стакандарға арақ құйып, алдымызға қоя бастады. Арақ құйылған стакан алдына келген соң Ақаңның көзі жылт-жылт етіп, қуақы әңгімеге көшкен еді. – Мұхамеджан, Айткүлдің құлағына алтын сырға жастау кезімізде болып, ұмыт бола бастаған оқиға ғой. Стаханов шахтасында оператор болып істейтін орыс келіншектер бір керемет адамдар еді. Ұмытпасам біреуінің аты Маша, екіншісі Нина болатын. Айлық алған сайын екеуміз бір шынымызды қойнымызға тығып, тәтті-мәттілер алып жатаханасына барушы едік. Оларда жолдарынан жығылмайтын. Түні бойы би-билеп, ән салып таң ата сол жерде ұйқтап қалатынбыз. Нинамен сен өте жақсы болдың ғой,- дегенде жеңгеміздің қолындағы кеселер бір-біріне соғылып сылдыр ете қалды. Ағамыз Ақаңа қарап мырс етіп: - Осы сен алдыңдағы дәмнен айырлайын деп отырсың-ау. Бос сөзді қой, мына дәмді телміртпей алып қоялық,- деп стаканын көтерді. Жеңгеміздің шамына тигеніне риза болған Ақаң рахаттана күліп, стаканға қол созып жатып, қанша керемет болсада Айткүлдің тырнағына жетпейді ғой сенің Нинаң,- деп маған қарап көзін қысып қойды. –Әй, таз керемет болсаңдар орыс қатындарыңмен қалмадыңдарма Қарағанды да. Менің жыныма тие бермей алдыңдағы асыңды іште кете ғой,- деп ашу шақырған бәйібшесін сабырға шақырған ағамыз: - Кемпір, құрдасымның қияңқы әзілін жаңа естіп жүрсің бе? Ашуды қойып, татулық үшін алып жіберейік,- деп үшеуі стаканын түйістіріп көтеріп қойды. Сабырға келген жеңгеміз шайын қайта демдеп құя бастады. – Ақа, біз ініміз екеуміз жол жүргелі отырмыз. Сонау Нұрада Рақым жиен жайлап отыр. Соған барып әңгіме дүкен құрып келмек ойымыз бар. Уақытың болса бізбен бірге жүр,- деген ағамызға: - Қап, әдемі-ақ еді. Ертең қойды қырқымға айдаймын. Маған сәті түспейді ғой ондай қыдырыстың. Жолдарың болсын. Мен бара алмаймын. Кемпіріңнің берген дәмін ішіп, ауылға қайтамын,- деді Ақаң. – Олай болса әңгімені көп соза бермейік. Сен шахтерлерше қырлы стаканмен бір тартып жібер мына наркескеннен. Серік болмады деп маған ренжіме, ат үстінде жүру оңай шару емес,- деген ағамызға жымың еткен құрдасы: - Жол жүрмек болсаңдар уақыттарыңды алмайын. Кәне шахтерлерше құйып жіберші,- деп жеңгемізге қарады. – Машинаның жүргізушісі барма еді. – Аман күйеу жүргізіп келген. Өзім рөлде болсам сенің берген дәміңді іше алам ба? Жеңгеміз орнынан ауырлау қозғалып, шкафтың ішінен 250 грамдық стаканды алып, құрдасының алдына қойды да шыныдағы арақты милықтата құйды. – Кәне, құрдас нар жолында жүк қалмас шахтерлерше алып қой,- деп өз қолындағы кішкене стаканын көтерді ағай. Ақаң алдында тұрған қырлы стаканды баппен көтеріп, ішіндегі сұйығын көмейге тоғытып жіберді де қуырлған балықтың үлкен кеспесін алып, басытқы жасай бастады. Арақтың қызуымен қызара бөрткен Ақаң балықтан қомағайлана асап жатып: - Мен қозғалайын, барамын да келемін деп кетіп едім. Күйеу күтіп қалған шығар,- деп қолын жайып дастархан қайырды да орнынан тұрып жатып: - Мұқа, биылғы демалысысты бірге алып, Қарағындыға Нина мен Машаға барып қайтсақ қайтеді,- деп жеңгейге қарап жымиып қояды. – Енді саған қара су татырсам ба осы үйден,- деп жеңгеміз дөң айбат көрсетіп жатыр құрдасына. –Айтеке, саспа менің Машамнан әлі хат келіп тұрады. Ананың Нинасы апат болып құлаған көмірдің астында қалып қаза болыпты, байғұс,- дегенде ағамыз: -Тек,қайдағыны айтпашы аман болсын, бала-шағасы бар еді,- деп жанашырлық таныта бастағаны. -Көрдің бе? Бәйібше, шалыңның көңілі қайда жатыр, байқа биылғы демалысында Нинаға тартып отырмасын,- деп сылқ-сылқ күлді Ақаң. Қарасам жеңгемнің түсі өзгеріп кеткен екен. Шатақ шығып кетпесе жарар еді,- деп қауіптене бастадым. -Әй, оттамай кете ғой,- деп тасыраң ете қалған жеңгеме қуақы жымиған Ақаң үйден шығып кетті. Буырқанған ашуы тарқай қоймаған жеңгей: - Жол жүрмек болсаңдар қозғалмайсыңдар ма,- деп алдымызға бір шара қымызды әкеп қоя салды да өздерің құйып ішіңдер мен бие сауып келейін деп шелегін қарына ілді. Қымызды баппен сапырған ағай орталау екі ағаш аяққа сусын құйып жатып: - Ахмедияр, Төлеухан үшеуміз Қарағанды да ФЗО да бірге болдық. Әрі құрдас, әрі сырлас дегендей жиі араласып тұрамыз. Орталыққа келсе бізге соқпай кетпейді. Бір шөлмекті бөліп ішіп отырып, кемпірдің қитығына тигенді жақсы көреді. Оған бізде үйреніп алдық. Келсе мазамызды алады. Келмесе сағынып қаламыз. – Көріп отырмын аға. Әзілдеріңіз жарасқан құрдастар екенсіздер. Ағайынды екеуміз оны-мұны әңгімелеп отырып, жеңгеміздің балдай қымызынан шөл басып, дастархан қайырып орнымыздан тұрдық. Далаға шықсақ есік алдында екі ат еріттеулі тұр екен. Орындықта аңшының жол қапшығы, жанында он алтыншы қос ауыз мылтық сүйеулі тұр. Сен торы төбелге иелік жаса, жүрісі жайлы қылтың-сылтыңы жоқ. Жол жүріске қалыптасқан сақа мініс аты. Күрең бесті алып ұшып тұрған жылқы. Елігзіп-селтеңдеуі көп. Бұған тақымның мықтысы керек. Жол киіміңді киіп алып жүріп кетейік,- деген соң үйге кіріп спорт костюмымды, басыма жеңіл панама, аяғыма кета киіп сыртқа шықтым. Менің бой басыма көз жіберген ағай: -Қаныш, көкеңе Талғаттың аңшы киімін әкеліп бер деді. Қораға жүгіріп кірген Қаныш аңшы қапшығына салынған киімдерді алдыма әкеліп тастай салды. Қапшықтың ішінде жеңіл қонышты етік, суқағар жұқа плащ, балағы қысықылау болып тігілген шалбар мен беті сеткамен бүркемеленген жеңіл жалғабай бар екен. Қапшықтан шыққан киімдерге қарап тұрған маған ағай: - Үстіндегі киімдеріңді қапшыққа салып қанжағаңа байлап ал, мына киімдерді жолға киетін бол деген соң үйге кіріп киімдерімді толық ауыстырып шықтым. Біз жиналып бола бергенімізде желі басынан оралған жеңгей, сарайдан жеңіл қоржын алып шығып, Рақым мен Орыншаға сәлемдеме деп ағама ұсынып жатып. Аттың қанжағасына жол жүктерімізді берік орналастырған ағай: - Ал қозғалайық деп, Күрең бестінің тізгінін тұқырта ұстап, үзеңгіге аяғын салған бетінде жеңіл көтеріліп, ат үстіне отыра қалды. Менде өзімше тіршілік жасап, торы төбелдің үстіне отырғалы жатқанда інім Қаныш қолтығымнан демеп лып етіп ер үстіне қона қалдым. -Жол болсын! Екі-үш күнсіз орала қоймаспыз,- деп, аға алға түсіп жорта жөнелді. Бөрік киген атым бар емеспе, торы төбелді сипай қамшылап, ағаймен қатарласып келемін. Үстінде жеңіл аңшы киімі, белін оқ салғышпен буынған. Белдігіне аңшы пышағын іліп алыпты. Тақымында мылтығы. Ағамыздың қазіргі бейнесі бес қаруын беліне ілген, бала қиялындағы батырларды еріксіз көз алдыңа әкеледі. Өзенді жағалап жүретін қара жолмен батысқа қарай жүріп келеміз.Ағай тамағын кенеп алып, жанарын алысқа қадаған күйі: - Биыл өзен өте қатты тасыды арнасына әлі қайта қойған жоқ. Қатты тасыған тасқын судан өтуге үргеле алмай екінші ферманың тосынында қыстап отырған қойшылары арғы бетте қалып қойды. Қамшысын алыс көк жиекке сілтеп: - Сонау аспан мен астасып жатқан мұңартқан бел-белесті көріп тұрмысың, ол тосын құмнан әрі жатқан мекиен дала, Нұра деп атайды халық. Біздің сонда баруымыз керек,- деп қорқып келеме дегендей маған сынай қарап қойды. Мүмкін бүгін ағайынды екеумізге далаға түнеуге тура келетін шығар. Өзеннен әріректен барып өтіп, Нұра қопасын жағалап отырып, Ешкіқырғанның сыртымен тосынның қара суына шығамыз. Әрі қарай жол сайрап жатуға тиіс,-деп тізгінін қағып қалып жели жөнелді. Торы төбелде жүрісті ат екен, қамшы салдырмай-ақ күрең бестімен қатарласа тайпалай желіп келеді. Қанша дегенмен қалалық емеспін бе. Жеті-сегіз шақырым жүргеннен кейін сыр бере бастадым. Ердің үстінде біресе оңға, біресе солға қисайып, өзіме жеңілдік іздеп, ердің басынан ұстап көтеріліп қоямын. Көзінің қиығымен менің әрбір қимылымды мүлт жібермей бақылап келе жатқан ағай ештеңе аңғармаған болып, жымиып қояды. –Шамамен бір шақырымнан кейін өзеннің арғы бетіне өтеміз. Ат өткелде аздап тынығып алғанымыз жөн болар деп маған сынай қарады. Ағайдың айтқанына келісіп басымды изей бердім. Ат өткелге келіп, аттан түскен ағай күрең бестінің шылбырын қолына алып, көкалға жата кетті. Аттан түсіп, жерге аяқ басқанда екі аяғымның бастырмай қалғанын сездім. Екі тақымым дуылдап, бір-біріне жақындамай қойды.Менің жағдайымды сезген ағай: - Атты бос жібере сал. Өзің шешініп суға шомыл, шаршағының басылады,- деді аспанға қарап жатқан күйі. Ағайдың айтқанын істеп, суға сүңгіп алып едім, бойым сергіп қалғандай болды. Қостақымым одан сайын удай ашып барады. Менің қабағыма қараған ағай: - Енді 10-15 шақырымдай жүрген соң, тақымың ауырғанды қояды, ат үстінде өзіңді кәнігі шабандоздай ұстайтын боласың,- деп қуантып тастады. Ағайдың қасына көкалға құдай кеткен мені, қазірде ұйқы әлемі өз құшағына тарта жөнелді. Ағай ырғап оятқанда басымда көтеріп, сағатыма қарасам бір жарым сағаттай ұйқтаған екенмін. – Ертерек оятуға ұйқыңды қимадым. Атыңды ұстап, айылын мықтап тартып ал. Судың ішінде ерден ауып қалып жүрме деген аға сөзінен кейін торы төбелдің қасына келіп, айылын мықтап тартып, ерге қайта қондым. Ағай күрең бестінің қанжағасындағы қоржынның аузын шешіп, ішінен жан торсықты суырып алып шайқап-шайқап жіберіп маған ұсынды. Тығынын алып аузыма тақағанымда тобылға ысының иісі сіңген қымыз иісі мұрнымды жарып жіберді. Сәл тітіркеніп қалып, сусынды қылқылта жұттым. Шөлдеген болуым керек маңдайдан терім бұрқ ете қалды. Қолымдағы жан торсықты ағаға ұсындым. Ағай қымызды қылғыта дәмін алып, тамсана жұтып алды да тығынан жауып, ердің басына іле салды. Атқа жеңіл отырып, менің соңымнан ер деп күрең бестімен суға түсіп жүре берді. Тізгінді тарта ұстап ағаның соңынан еріп келемін. Өзеннің ортасына жете бергенімізде сәл қылт етпе тереңдеу жерге күрең бесті қылт ете қалғанын да, ағай атты бос жіберіп, бестінің жалынан ұстап бірге жүзе жөнелді. Үсті жүктен босаған күрең шапшый секіре жүзіп, арғы жағаға ілікті. Менде ағадан көргенімді істеп, торының жалынан ұстап , үстін босатып қатар жүзідім. Торы пысқырып-пысқырып қойып, жалына жармасқан мені салмақ көрмей арғы бетке шыға келді. Екі атты бір-біріне матастырып тастап, киімдерімзді шешіп сығып, сәл дегдіртіп қайта киіп алдықта жүріп кеттік. – Мына қопаны Нұралы қопасы деп атайды. Көпктемгі қар суымен нәрленіп жан-жағы көк балауса бидайық болады. Өзен биылғыдай қатты тасыған уақытта қопа кемерінен аса суға толып, айдын шалқар көлге айналады. Тірегінде балық ойнап, айдынында құс базары. Су тасымаған жылдары табаны сортаң тартып, ақшаңдаққа айналып шыға келеді. Осы қопаны айнлып өтіп, Ешкіқырғанның сыртымен тосын қарасуына шығамыз,- деп қояды маған. Бірнәрсе біліп келе жатқандай басымды изеп құптай беремін. Нұралыны айналып, Ешкіқырғанның көлінің сыртымен тіке тартып, тосынның қара суына қарай келе жатырмыз. Қыр беткейіне көтерілгенімізде савхоз орталығы табанымыздың астында жатқандай көрінді. Менің таңдана қалғанымды көрген ағай: - Шамамен 6-7 шақырымдай, біз екі көлді айналып жиырма шақырымдай жол жүіріп тұрмыз,- деп атын тебініп қалып жели жөнелді. Еңіске еңкейе құлаған ескі сүрлеу жолмен қиыстай батысқа қарай бұрылып, қарасуды жағалап жүріп келеміз. Алдымызда жан-жағын құрақ көмкерген жарқыраған айдын көзге шалынды. Күнде кешкіріп келе жатқан еді. Ағай алаңқай айдынның тұсына келе беріп, аттан түсті де тұсаумен бекітіп: - Осы жерде демаламыз. Сенде атыңды тұсап отқа жібер. Қанжағаларыңдағы қоржынды шешіп алғайсың. Мен Қарасуға қарай барып келейін,- деп мылтығын алып жүре берді. Қанжағалардағы қоржынды босатып жерге қойып, атты тұсап жіберіп қисайа кеттім. Ағайдың қарауылына не ілігер екен деп айдын жаққа көз салып қоямын. Ағай қалың құрақтың ішіне кіріп көрінбей кетті. Кенет дүркірей көтерген құс қанатының дыбыс құлаққа шалынды. Гүрс-гүрс атылған мылтық дауысына ілесе аспанға көтерілген бір топ үйректің ішінен екеуі қалбалаңдап жерге қарай құлап келеді. Көп ұзамай ағайда қалың құрақ ішінен шығып, топшысы үзіліп жатқан екі үйректі бір-біріне қоса ұстап, маған қарай келе жатты. – Бір ғажабы,-деді ағай: - Бұл қарасудың үйректері ерең семіз болады. Екеуміз үйрек етіне милықтай тойып, бүгін осы жерде түнейміз. Жол қапшқықтың ішінде шағын құман мен қазанша болу керек. Сен ыдыстарды алып, жуып тазартта су алып кел. Мен мына үйректерді үлгіртейін. Аттардың ерін дәм ішіп болған соң алармыз,- деп жұмысқа кірісіп кетті. Қапшықтың ішіндегі құман мен қазаншаны алып, Қарасудың қайраңдау жеріне әкеліп, тазартып жуып , екеуімен су алып келсем, ағай от жағып үйректерді үйітіп жатыр екен. – Қапшық ішінде балта болу керек, аша жыңғылдан кесіп мосы жасай білесің бе?- деп маған қарады. Балтаны алып қаулап өсіп тұрған жыңғылдың түбіне отыра қалып, аша бұтақ болып өскен бірнешеуін қиып түсіріп, екеуінің ұшын қазықтай ұштап алып келіп, жанып жатқан оттың екі жағына қағып, жуаңдай жыңылды екі ашаға кигізіп қазанды шынжырмен жанған от үстіне аса қойдым. Менің іс-қимылама қарап тұрған ағай риза көңілмен: - Сен өзің аңшы емессің бе?- деді маған жымйя қарап: - Иа, аға ондайымыз бар. – Жарадың онда. Мына екі үйректі жақсылап пісір. Мен жанторсықты суға салып келейін. Ертеңде сусын керек болады,- деп торсықты алып Қарасуға қарай жүре берді. Жұлынып үйітілген екі үйректі аңшының қазанына салып, қайната бастадым. Оттың бір жақ шетіне кішкене шайнекпен шай қойып, далаға шағын дастархан жайып тастап, қоржын ішіндегі жол азықты дастархан үстіне төктім. Жеңгейдің берекелі қолынан шыққан құрт ірімшік, қуырылған балық, қолдан пісірлген нан не керек бәрі бар. Айналдырған екі адамға бір жетіге жететін тағам салыпты. Қарасу жағасына кеткен ағамыз келгенше үйрек еті балбырап пісіп шай қайнап дайын болды. Ағамыз келіп дастархан шетіне оң жаңбастай жатып, қалай баурым, ас дайын болды ма?,- деп дастархан үстінде жатқан үйректің бірін алып бұтарлай бастады. Екі қалайы кружкаға қою қара шайды құйып қойып, үйрек етін жәукемдеуге кірістік. Үйрек айтарлықтай семіз екен. Екеуміз бір үйректің етін зорға тауысып, қара шаймен сусындап демалып отырдық. Күн батар алдында аттардың ерін алып, аяқтарын қайта бекітіп жібердім. Ерді басымызға жастап, жылқының тері сінген тоқымды төсеніп қисайа кеттік. Қанша жайлы дегенмен аттың жүрісі ұрып тастаған ба, бас жастыққа тиісімен көзім ілініп жүре берді. Денем салқындаған соң оянып, ағайға қарасам бетіне жамылған ормалын танауынан шыққан демі көтеріп тастап тәтті ұйқыны беріп жатыр екен. Тұрып жан-жағыма көз салсам, екі ат бізден онша ұзай қоймапты, жайбырақат жайылып жүр. Аттарды ұстап, ошақ қасына әкеліп, бір-бірне матай байлап, торы төбелді еріттеп жатқанымда ағайдың оянғанын байқадым. Орнынан аунап тұра келіп, таң атып келе жатыр екен. Оразамызда шаып жүріп кетейік,-деп Қарасуға қарай кетіп бара жатты. Ағайдың жанторсыққа бара жатқанын сездім. Күрең бестіні де еріттеп қойдым. Дала дастархан қайта жайып жіберіп, түннен қалған үйректің етін бұтарлап жатқанымда қолында торсығы бар ағайда келді. Дастархан басына жантайа жатып, семіз үйрек етімен оразамызды аштық. Жанторсықтағы қымыздан сусындап, мамыражай күйге көштік. –Інім сенің әр нәрседен хабарың бар екен. Ер азаматқа бәрін білген дұрыс. Тек атқа отырсың нашарлау, оқасы жоқ оғанда үйреніп кетесін. Далада жүріп, саятшылық жасау бір ғанибет емеспе. Таза ауада отырып, қарашай ішсеңде бал ішкендей боласың. Жас уақытымызда Ахмедияр, Төлеген үшеуміз саятшылықты көп жасадық. Төлегеннің Қыздар деген тамаша бір тазысы болды. Көзіне шалынған түлкі-қоянды әудем жерге жеткізбей шалып түсіруші еді. Өзіміздің аңғалдығымыздан қасқырға саламыз деп айырлып қалдық. –Сонда қалай тазы қасқырды ала алмай ма? –Тазы қасқырды алу үшін кемінде екеу болу керек. Қасқыр деген дала тағысы, жаны қысылғанда адамға да шабады. Оқиға бұлай болған еді. Ақмолданы қыстап отырған Ахмедиярдың ауылына Төлеген екеуміз кештетіп келіп қалдық. Семіз соғым етін астырып, Ақаңа ала келген наркескендерді дастархан үстіне қойдық. Не керек түні бойы арақ ішіліп, ет желініп, карта ойналды. Тазы өте таза. Дастархан басында жатсада иесінің лұқсатынсыз еш нәрсеге тиіспейді. Төкең қызып алғаннан кейін тазысын мақтай жөнелмесі барма. Ақаң өзінің маң төбетінің былтыр екі қасқырмен жалғыз айқасқанын, құлақ шекеден алып екеуін кезек лақтырып, жеңісі алмай тұрғанда, қолында мылтығы бар Ақаң үстіне түсіп, қасқырдың біреуін атып алыпты. Екіншісін маң төбет тұншықтырып өлтірсе керек. Төкең: -Сен өтірік айтып отырсың. Кәне маған алған қасқырыңның терісін көрсет,- деп өзеурейді. Оған тоқтай қояр Ахмедяр ма. Сол күні үйге мына тұрған кіші жүзден қайын жұрт, қайын ағаларым келіп жатыр еді. Солардың қанжағасына байладым. Нанбасаң әйелден сұра,-деп әйелін күәлікке тартады. – Осынысы рас па Зәуреш?-деген Төкеңе Ақаңның әйелі рас, рас,- деп күмілжейді. Сонымен ерегестің арты тазыны таңғысын қасқырға қоспасқа екеуі сөз байласып жатып қалды. Малшы ауыл қай уақытта да ерте тұратыны белгілі емеспе. Таңғы шайды ішіп алып, сыртқа шықсақ қар қыламықтап жауып тұр екен. Қазақша айтқанда нағыз қансонар. Атымызды мініп, келте сойылымзды тақымға басып, үшеу ара бір мылтыққа мен иешілік жасап, тосын құмын жиектей жортып келеміз. Ауылдан шыға бере кездескен қоянды аршынды тазы әудем жерге жеткізбей қағып тастады. Тазысының алғырлығына мақтанған Төлегеннің танауы делдиіп, маған қасқырды көрсет дедім ғой деп лепіріп келеді. Басындағы мыжырайған түлкі құлақшынын басып қойып, асықпа Төке деп үлгерген жоқ, жалпақ жонмен тосын құмына қарай бірінің артынан бірі жортып келе жатқан алты қасқыр кездесе кетті. Арақтың қызуы әлі басыла қоймаған Төкең ештеңенің байыбына бара бермей, Қыздар айт!- демесі барма. Сол-ақ екен тазы бір топ қасқырға қарай сала жөнелді. Қасқырлар тобын жазбастан Торғай өзеніне қарай кілт бұрылып зытып барады. Бізде атқа қамшыны басып, айқалап соңдарынан салып ұрып келеміз. Қар ақсақ ойылып, аттың аршынын аштырмай қойды. Қасқырлар мен тазы бізден ұзай берді. Қылт етіп төбеге шыға келсем, алты қасқырдан жасқанбай қуып жеткен бетінде айқаса кетті тазы. Соңындағы қасқырдың шабынан бір көтеріп аунатып жіберіп, екіншісне тап бергенде жалт бұрылған қасқыр тазымен тіктесіп қалып еді. Тазы шалт қимылмен қасқырды тамақтан ала түсті. Артына қайырлған бөрілер тазыға жабыла кеткен еді. Тайыншадай екі көкжал тазының екі санынан кере тартып, үшінсісі жұмсақ шабынан азу тісін салып жіберіп, тазының шек қарынын ақтарып тастады. Көз алдымдағы көрніске шыдай алмай қос ауызды басып-басып жібердім. Бөрілер бет-бетімен қаша жөнелді. Айқас орнында тазымен тіктесе айқасқан бөрі жансыз күйінде жатты. Шауып келген бетте аттан секіріп түсіп, тазының қасына келсем, әлсіз ыңырсып өкпесін соғып жатыр екен. Артымнан жеткен Төлеген тазысының басын құшақтап, жыласын келіп, үшеуміз қамшының сабын салып бөрінің тамағынан азуын шаққа айырдық. Не істеп қойғандарын жаңа аңғырған Ахмедияр: - Төке екеуміздікі қате болды. Қандай тазыдан айырылдық,- деп қардың үстене отыра кетті. Көзінен аққан жасқа ие бола алмаған Төлеген көкжалдың басын тепкіліеп жүр. Үшеуміз есімізді жиып, көкжалдың терісін сойып алып, терісінің үстіне Қыздардың мүрдесін салып, сүйретіп ауылға келдік. Құмтөбенің дәл ұшар басынан Қыздарға мәйіт қазып жерледік. Саятшылық-аңшылықтың да өкінішті кезеңдері болады. Күн жаңа көтеріліп келеді жүріп кетейік. Күн қызбай тұрып тосын құмынан әрі өтіп кетсек, әр жағы онша алыс емес деп ағай үзеңге аяғын салып атқа отырып жүріп кетті. Торы төбелде елпеңдеп күрең бестінің соңынан қалар емес. Кешегідей емес менің бойымда шираған сияқты. Төбе-төбенің арасымен тосын құмын кесіп өтіп келеміз. Ұлы құмнан өтіп, кіші құмға кірген соң, жол шиырланып жеңілдей бастады. Жер бірте-бірте қатқылданып, қара отты селеулі жотаға ұласты. –Енді бір он бес шақырым жүрген соң жиеннің үйінде отырамыз,- деп көңілімді көтеріп қойды ағай. Тобылғылы сайды бойлай жүріп, биік қырқаға көтеріліп келеміз. Қырқаның басына шыққан ағай оңтүстік-батысқа қарай көзін көлегөйлеп қарап тұрды да: - Анау созылып жатқан жотаны көріп тұрмысың ? –Иә, аға көріп тұрмын. –Оны халық « Атан басы ақирек» деп атайды. Байқап қарасаң батысқа қарай мойнын созып жатқан атанға ұқсайды. Ал одан сәл оңтүстікке қарай не байқадың. –Аспанға тіке шаншылып көтерілген жар тас па, тау ма алыстан мұнартып тұрған дедім. –Дұрыс айтасың алыстан қарасаң аспанға шаншыла көтерілген тау сияқты болғанымен онша биік емес.
Көкке қарай шаншыла біткен қия жартас. Халық оны Сұңқарқия деп атап кеткен. Қарап тұрсаң жер атауының өзіндік сыры, тарихы бар, бірақ бұған көпшілік көңіл аудара бермейді. Сол жердің неге Сұңқарқия аталғанын білесің бе?,- деп маған сынай қарады. –Жоқ, аға білмедім, - деп шынымды айттым. Олай болса тыңда. Сарыарқаның жалпақ даласын ертеректе қазақ, қалмақ халқы бірге қатар жайлапты. Қазір біз мекен етіп отырған Тосын аймағын қалмақтардан қазақтар үш рет босатқан екен. Бірінші босатқан атақты жырау Асан қайғының баласы Абат батыр. Екінші кім босатқаны есімде жоқ. Үшінші босатқан өзіміздің Шақшақ Жәнібек батыр. Халық арасында сақталған көне аңыз әңгімелерге көңіл аударсақ оқиға шамамен былай болғанға ұқсайды.
Тосын өңірін жайлап отырған қалмақ елінің ханы өте саятшы адам болса керек. Өз ордасының маңында құсбегілер ұстап, біржерде алғыр құс бар десе бар байлығын берсе де сол құсты алдырады екен. Құс семіріп, қайтар уақыт болғанда құс бегілерімен бірге саятқа шығып, алғыр құс, жүйрік тазының өнерін тамашалауды әдетке айналдырған хан жылдағы әдетімен құс салмаққа шықса керек. Хан нөкерлері дабыл қағып, өзен көлдегі құстарды ұшырғанын аңдып тұрған хан қолындағы құсты сермеп қалыпты. Алғыр қаршыға самғай ұшып, топ үйрекке енді түсе бергенде аса шапшаң ұшқан белгісіз құс,қанатынан ысқыра дыбыс шығарып, ханның алғыр қаршығасының мойынын қырқып түсіріп, қайқаң етіп көкке көтеріліп көзден ғайып болған екен. Мұндай жағдай жыл сайын бірнеше рет қайталанады. Жебе тартқан небір мергендер де атып түсіре алмапты. Хан алғыр қырандарының мойынын қырқып түсіріп, көзден ғайып болатын құсты атып түсірген адамның тілегін орындаймын деп қазақ, қалмаққа жар салыпты. Жүрек тоқтатып ханның жарлығын орындауға ешкім құлшына қоймапты. Күндердің бір күнінде ханның ақылгөй уәзірі ол құсты қазақ, қалмақ ішінен тек Асанқайғының баласы Абат батыр ғана атып түсіре алады деген екен. Хан өзінің жаушыларын жіберіп, Абат батырды ордасына алдырып, болған оқиғаны баяндай отырып, сол белгісіз құсты атып түсірсеңіз мен сіздің айтқан кез келген тілегіңізді орындаймын,- депті. Абат батыр ойлануға үш күн мұрсат сұрап, еліне келіп, қару жарағын дайындап, атпақ жебенің бірнеше түрін әзірлепті. Үш күннен соң хан ордасына келген Абат батыр:
-Хан ием мен сіздің тілегіңізді орындаймын. Сіз менің тілегімді орындасаңыз деген екен. -Онда қазақ, қалмақ елін жинатыңыз, елдің алдында мен сізге өз тілегімді айтамын. Қазақ, қалмақ елінің алдында менің тілегімді орындайтыныңыз жөнінде хабарлайсыз, -деп өз шартын қойыпты.
-Хан қазақ, қалмақ елін жинап, кімде кім белгісіз құсты атып түсірсе оның қандай тілегі болсада орындаймын деп айтқанмын. Айтқаным, айтқан!- депті хан. Сонда Абат батыр халық алдына шығып: -Уа, Халайық! Мен ханның айтқанын орындаймын. Тек ханға қоятын шартым, айтар тілегім Тосын өлкесін ешқандай соғыссыз қазақ халқының иелігіне тастап кетесіз, -депті.
Айтқан сөзін жұта алмаған хан: -Дегенің болсын,- деп халық алдында қолын беріпті.
Саятшылық уақыты келгенде Хан нөкерлерімен бірге, бес қаруын асынған Абат батыр да қыр басына көтеріліпті.Дабылшылар құсты үркітіп ұшырған уақытта Ханда қолындағы қаршығасын сілтеп қалыпты. Қаршыға самғау биікке көтеріліп, үйрек тобына шүйіле бергенде, аспаннан ысқырған дыбыс шықса керек. Аспандағы қаршығадан көзін айырмай тұрған Абат батыр садағын кезеніп тартып жіберген екен. Сорғалай ағып қаршығаға жанаса берген белгісіз құс қолбаң етіп, қаршыға екеуінің жерге қарай шаншыла құлағынын көрген шабармандар қия жартастың үстіне шауып шығып, қатар жатқан қаршыға мен белгісіз құсты ханға алып келіп көрсетіпті. -Абат батыр айтқаным айтқан мына кең байтақ өлке бүгінен бастап тек қазақтардікі. Бірақ сен маған мына құстың қандай құс екенін айт. Екінші мергендерім де ешкімнен кем емес, алайда олардың жебесі құсқа дарымады, мұның сыры неде деген екен. Абат батыр қорамсағынан жартылай дөңес иілген жебені көрсетіп, міне мындай оқпен атып түсірдім. Сұңқар өте жылдам құс, оны сауыт бұзар жебемен атып түсіру мүмкін емес. Мына қисық жебе жанына бір құлаштай жақындаған құстың топшысын ұрып сындырып жібереді депті. Абат батырдың тапқырлығына, мергендігіне риза болған хан Тосын өлкесін қазақтарға босатып беріп, елін ертіп көшіп кетіпті. Сол оқиғадан кейін бұл жартас Сұңқарқия деп аталып кеткен,-деген аңыз ел ішінде күні бүгінге дейін сақталып келеді.
Сөйткен Абат батырды Сырдарияның жағасында ат суарып тұрғанда жайын ұрып өлтіріпті, -деген әңгіме де бар ел ішінде, -деп аяқтады әңгімесін, ағай!
***
Абат батыр қалмақ басқыншыларынан босатқан Тосын өлкесінде көп жылдар тыныштық орнады. Халық малын өсіріп, мамыражай күй кешті. Сол мамыражай тыныштықты бұзған қара қытайдан онбай женілген құба қалмақтар жөнкіле көшіп, қалын қолмен тосын құмын басып алған еді. Мұндай тосын жағдайды күтпеген қазақ халқы алғашқыда абдыраб қалғанмен тез есін жинап, Қарабас батыр (әулие) маңына топ тасып, қаптаған қалмақ қосындарына көптеген жерден бірнеше мәрте соққы берген болатын. Есенсіз қан төгіліп, талай боздақтар шәйіт болып, талай жанұя шанырақ иелерінен айырылып, желек жамылған сұлулар қара жамылып, жесір қалды.
Қазақ, қалмақ қосындары шеп құрып соғысып, бірінің шебін бұза алмай тен түсіп жатты. Бір күнде жекпе-жекке шыққан екі жақтын алты батыры бірін-бірі алалмай мүрделері майдан даласында қалды.
Өзінің баһадүрлерімен кенесе отырып, Қарабас батыр қалмақ ханына елші жіберіп, майдан даласында көптеген жауынгерлер опат болды, батырлар жекпе-жегінде де женіске жете алмадық. Елді қырғынға ұшырата бергенше тайталасты шешудің басқа бір жолын іздейік. Сіздер қандай ұсыныс жасасаныздар біз соңы ешқандай дау-дамайсыз қабылдаймыз,- деп елшілер арқылы ұсыныс жасайды. Қалмақ ханы шешімді жауабын айтуы үшін бір жеті уақыт беруін сұрайды. Қосындар шептерінен кейін шегініп, ханның жауабын күтеді. Бір жеті өткен сон қыл жалаулы қалмақ қосындылары мен бөрілі байрақ көтерген қазақ қосындары қарама-қарсы келіп, шеп құрып, барабан соғылып, дабыл қағылып, дала дүбірлі дыбысқа толып кетті. Қалын қолдың алдына шыққан қалмақ ханы мен Қарабас батыр баһадүрлердің қоршауында жеке сөйлесіп, қалмақ ханының талабын халықты қан төгістен сақтау үшін қабылдауға мәжбүр болады.
Бірінші; қазақ, қалмақ сарбаздарынан іріктелген мергендер жамбы атудан сайысқа түссін.
Екінші; сексен шақырым қашықтықта таңдауы ең жүйрік деген тұлпарларын аламан бәйгеге қоссын.
Үшіші; балуан күресі.
Міне осы үш сайыста кім женіске жетсе, тосын өлкесі сонікі болсын.Біз женілетін болсақ ешқандай ұрыс- керіссіз үш күннің ішінде басқа жаққа қоныс аударамыз.Ал, қазақтар женілетін болса, үш күн ішінде тосын өлкесін қалмақтардың иелігіне қалдыратын болады,- деген талап қояды.Алғаш ұсыныс жасаған өзі болған сон, Қарабас батырға нартәуекел дегеннен басқа лаж қалған жоқ еді. Сайыстын бірінші күні іріктелген он мерген ат үстінде шауып келе жатып, тігілген он жамбының бесеуін қалмақтар, бесеуін қазақтар атып түсірді. Сайыстың бірінші күні бәсеке тен аяқталды.
Екінші күні екі жақтан тандалып алынған елу тұлпар сексен шақырым қашықтыққа аламан бәйгеге жіберілді. Атшабарлар мен аттардың амандығы үшін жауап беретін сарбаздар екі жақтан тен бөлініп, ат бәйгесі қатаң бақылауға алынды. Екі жақтың қалын қолы тыныстарын ішіне тартып, үнсіз аттардың келетін бағытына көз тігуде еді. Күн түс ауа бере үздік –создық созыла шапқан аттардың тұяғынан көтнрілген шан көзге шалынды. Әне міне дегенше басқалардан оқ бойы өтіп келе жатқан ақ бозаттың үстіндегі баланың Ақжол,Аманжол,- деп ұрандағаны құлаққа шалынды.Қазақ, қалмақтын қалын қосының жара шапқан Қарабас батырдың Ақтүйғыны көмбеден ағып өтіп кетіп еді. Қазақтар жағы дүр сілкініп, ақсарбас құдайларың айтса, қалмақ жағы пәс көңіл мен өздерінің кеінгі шебіне шегініп бара жатты.
Үшінші сайыс балуан күресін өткізуге даладағы жеке батырдай жан-жағына асқақ қарап тұрған жанғыс таудың басындағы тақталық тандалып алынды. Ертеніне дабыл қағылып, тау басына көтерілген қазақ, қалмақ қосындары сайыс өтетін тақталықта жағалай қоршап тұрды. Қалмақтар жағынан тау басына қарай екі донғалақты күйме сүйреткен түйені жетелеп, бір топ қалмақ сарбаздары келе жатты. Бұл тағы не жұмбақтары деп қазақтар аң-таң күй кешіп тұрғанда, анда-санда боздап қойған боз атанда тау басындағы тақталыққа сүйреткен жүгін жеткізген еді. Қазақтардың мысын бір басып алғысы келдіме қалмақтар күймені қоршаған жібек перделерді жұлып-жұлып тастағанда, күйменің жақтау ағаштарына шынжыр мен байланған мойны иығымен тұтасып кеткен, алып қара дәу ұшып-тұрып, менімен күресетін көрсет маған деп екі езуінен көбіп шашып жынжырларын салдыр- күлдір еткізіп, жұлқынып қалды.
-Қарабас батыр! Бол, балуаныңды шығар.Қабырғаларын санап берсін қара дәу. Әлде өзін шығамысын,- деп өз балуанын женіске жететіне сенімді қалмақ ханы пандана.
Қарабас батыр өзін қоршаған сарбаздары мен баһадүрлеріне үміттене қарады.Алдын ала дайындап жүрген жігіттерді қалмақ балуанының мысы басты ма, енселерін төмен салып, бастарын көтермей қалыпты.
Қарабас батыр;
-Бәрініңде шешелерін ұл таптым деп қалжа жеген шығар. Кәне қайсысын барсын ? мына қара дәудің белінен ұстайтын,- деп жан-жағына қарады. Қалын тобыр үнсіз қалды. Өкінішті-ақ, ел намысын қорғайтын ер –азамат шықпағаны. Жасым ұлғайып кетсе де, елім үшін жасаған соңғы қызметім болар, өзім шығамын қалмақ балуанына,- деп санқ еткен Қарабас батыр орынынан тұра берген де;
-Ата, батанызды берініз! Мен бармын қара дәумен күресетін ,-деп дуылғалы, бетіне бет перде ұстаған, жауырында, ортадан жоғары бойы бар, жас сарбаз шыға келді ортаға.Қалмақ ханы;
-Қарабас батыр балуанының күреспек ойы болса, бет пердесін шешіп тастасын,-деген қалмақ ханына;
-Ей, қалмақ! Менің бет пердемді балуанынын күші жетіп, жыққан уақытында ғана өз қолымен шешіп алатын болсын. Екі жақтанда сұрарым осы ,- деп санқ ете қалды жас батыр.Қарабас батыр алақаның жайып;
-Ата-баба аруағы қолдасын балам мерейін үстем болсын,- деп бетін сипап болғанша, шынжырлаулы тұрған қара дәуді босатып жіберген еді.Екі езуінен көбік шашқан балуан жас батырға долдана ұмтылды.Бет перделі қазақ балуаны денесінің қалмаққа қарағанда қораштығына қарамай, қарсы ұмтылып еді.Жас балуанды қапсыра ұстағсн қара дәу үйіріп-үйіріп, басынан асыра артқа қарай тастап жіберді. Қалмақтар жағы қуаныштан гу ете қалса, қазақтар қорқыныштан алақандарымен беттерін жаба қалып еді.Ауада айналған қазақ балуанының мысықша екі аяғымен тен түскенің көргенін қалын ел, жолына ақ сарбас,- деп шу ете қалды.Өзінің женісіне күмән келтірмеген қара дәу артына қарағанда бір қолымен бүйірін таянып, өзіне мысқылдай қарап тұрған жас балуанға долдана ұмтылды. Қалмақ балуанының әрбір қимылын жіті бақылаған қазақ балуаны әбжіл қимыл мен қара дәудің он қолынан сілке тартып қалды да, сәл толқыған қалмақты он тізесінен қағып жіберді. ӨЗ салмағын игере алмай қалған дәу бір тізерлеп шөге қалды. Абдырап қалған қалмақ есін тез жинап, қарсыласына арыстанша атылды. Долданған дәудің қимылын қапысыз андыған жас сарбас сол жағына жалт қимыл жасап, дәуді сол қолынан сілкіп жібергенде солға қарай толқыған қалмақты сол тізеден қағып қалды. Қос тізесін бүгіп қалған қалмақ орнынан атып тұрып, қарсыласына тап беріп, белінен қапсыра ұстап, басынан асыра көтеріп алып, үйіре жөнелді. Бар даусымен айқай салған Қарабас әулие;
-Балам! Сенің женісін, қазақ халқының женісі, елінің женісі,-деген батырдың сөзі жас батырдың құлағына жетті ме, ышқына қимылдаған балуан белінен қапсыра ұстаған қалмақтың он қолын шынтағынан қағып жіберіп, тау басынан төмен сырғып келе жатқандай, төмен сырғыды. Қара дәудің босап кеткен он қолын қос қолымен бұраған бойы, аяғы жерге тиісімен қалмақ балуаның басынан аса лақтырып жіберді. Елдің құлағына мұрт етіп сынған сүйектің дыбысы анық естілді. Ауыр ынырсып, шалқасынан түскен қара дәудің үстіне жас балуан атша мініп алған күйі жан-жағына қарады.Қимылдауға дәрмені болмай есінен танған қалмақтың баынан аттап, сілкіне тұрып кеткен жас сарбаздың дуылғасы мен бет пердесі ұшып кетті. Төбесіне түйген қос бұрымы тарқатылып кетіп, тобығын соққанда, жас ару көпшіліктен бетін қолымен көлегейлеп, тұрып қалған Қарсақ қызын қапысыз таныған Қарабас батыр;
-Ей, қызым-ай! Дұшпанда болса, ер-азмат еді. Басынан аттағанын бекер болды-ау! Біздің әулетіміздің барлық жақсы қасиеті қыздарымызға ауып кететін болды,-деген екен. Қос бұрымын түйіп, қалмақтың қара дәуімен белдесіп, женіске жеткен қазақтың Қарсақ қызы тосын өлкесін қалмақ басқыншыларынан екінші рет босатқан болатын. Дұшпанның көзі тиді ме? Сұғы тиді ме? Қарсақ қызда көп ұзамай кенеттен қайтыс болып, арқа төсіндегі жанғыз таудың басына жерленіпті.Сол уақыттан басталып жергілікті халық Қарса қыздың құрметіне тауды Қарсақ басы деп атап кетсе керек.
Тосын өлкесін Қалмақ басқыншаларынан үшінші рет босатқан Шақшақұлы Жәнібек батыр. Ол жайлы көптеген жазушылар тамаша хикаяттар жазды. Оны өзінде оқып, біліп жүрсін.Ұлтарақтай ғана тосын құмының осындай тамаша тарихы бар екенің кейінгі ұрпақ білуі керек. Осыны ұмытпағанымыз жөн,- деп әңгімесін аяқтады, ағай!
Демеухан Жанахметұлы 2017 жыл
Қаладан келген келіншек
Қалаға келгеніме онша көп бола қойған жоқ. Жолдың ауырлығынан жол соқты болып шаршап қалғанымды сезіп, қонақжайда демалып алмақ болып шештім. Душқа түсіп, денем сергігеннен кейін қонақүйдің астыңғы қабатындағы кофеден тамақтанып, демалуға дұрыс болар деген оймен жүз грамм коьякты көмейге тоғыттым да, бөлмеге келіп жатып қалдым. Туған өлкем болса да қалаға 10 жылдан кейін келіп тұрғаным еді. Поездан түсісімен қонақ үйге дейін жаяу жүріп, қаланың бүгінгі тіршілігіне көз жібердім. Бұдан 10 жыл бұрынғы жа қаланың тыныс тіршілігін іштей көз алдымнан өткізудемін. Жасанған арудай сән салтанатымен өзіне еріксіз тартатын көркем қаланың бұдан 10 жыл бұрынғы сән салтанатының ұштығыда қалмаған. Көшелерінде төрт дөңгелекті машина түгел, екі аяқты адамның жүруі де қиындап кеткен. Көше жолдарының көптен жөндеу көрмегені көзге бірден ұрып тұр. Қайран арқаның арудай сыланған сұлу қаласы қалайй азып-тозып кеткен деген ой құшағында жатып, ұйықтап кетіппін.
Тарс еткен дыбыстан оянып кеттім. Бұл не болды екен деп, терезеге көз салсам, жел соғар әйнек ашылып кетіп, бөлме ішіне арқаның таза ауасы бойымды сергітейін дегендей бет жүзімді аймалап, терең дем алғанымда жан шырайымды ашып жібергендей болды. Орнымнан еріксіз тұрып, терезеге көз салдым. Көшеде жаяу жүргінішілер байқалмайды. Тек анда-санда өткен жеңіл машинының жолдың ой шұқырынан қашқалақтап, тежегішін басқанда үйкелістен шыққан дыбыс миыңды шағып өткендей әсер қалдырып, еріксіз тыжырынасың. Қалада ескі таныс дос жарандардан кім бар, кім жоқ деген оймен осы қалада тұратын достарды еске ала бастадым. Қас қылғанда мекенжай жазылған қойын кітапшамды қалдырып кетіппін. Көңілге демеу болғаны етек жеңін жинап, шағымдалып қалған қаланы бір айналып өтсем ескі таныстардың біреуі болмаса, біреуі кездесіп қалады деген оймен жеңіл киініп көшеге шықтым.
Абай даңғылымен жоғары көтеріліп келе жатсам “Халық банк” деген жазуы бар ғимараттың тұсыны келіп, сәл кідірдім де, ақша ала кетейін деп ішке кірдім. Ұзынша коридормен банкоматка беттеп келе жатып, сол жақтағы есікке көз салсам тибет медицинасы деген жазуға көзім түсті. Арқаның бір түкпіріндегі шағын қалаға да жетіп үлгеріпті, қайран тибет медицинасы деген оймен банкоматқа келіп, шаруамды бітірдім де, шықпақшы болып, есікке беттедім. Тибет медицинасы деген жазудың тұсына келіп, осында кіре ктейінші деген оймен есігін қақтым.Іштен кіріңіз деген әйелдің сыпайы дауысы етілген соң, есікті ақырын ашып, ішке кірдім. Шағын бөлменің ішінде жағалай құрылған стелаж шкафтар дәрі құтыларына толы. Бөлменің бір бұрышында үстінде ақ халаты бар, орта жастағы бидайы өңді әйелге амандығын сұрап болған соң, бәйібшем пайдаланып жүрген, өзіме таныс дәрі дәрмекті сұрай бастадым. Үлкен аялы көзін кең ашып, маған тесіле қараған әйел каталогын қарап өтті де мен сұраған дәрінің келесі аптада келіп түсетінін айтып, тағы да аялы жанарын кең ашып маған тесіле қарап, сәл жымыйғандай болды.Япыр-ау мына кісіні қайдан көрдім деген оймен есікке беттей бергенімде:
- Шофер қайын інім танымай қалдың ба?- деген дыбысқа жалт қарасам,
әдемі әйел орнынан тұрып, күлімдей қарап тұр екен. Шофер қайын інім деп мені кім айтушы еді деген ой лезде жан дүниемді жаулап алып, бейтаныс әйелге тесіле қарап қалыппын. Өзіме-өзім тез келіп:
- Айып етпесеңіз сіз Гүлбақыт емессіз бе? Сансызбай ағаның зайыбы.
- Дәл солай Гүлбақытпын.
- Айып етпеңіз, мен сізді танымай қалдым, ағай қалай жүріп жатыр,
денсаулығы мықты ма ?
- Аған жаман емес. Алла берген денсаулығының арқасында әлі
машинадан үскен жоқ. Танымай қалғаның айып емес, арада қаншама жыл өтті. Сен де, біз де есейдік. Бірақ мен сені бірден таныдым.
- Сіз мені Шофер қайын інім демегенде танымай кетуімде ғажап емес
еді. Сансызбай ағаға сәлем айтыңыз. Қалада екі-үш күндей айналатын шәруам бар. Мүмкін кездесіп қалармын деп шығуға беттегімде:
- Тоқтай тұрыңыз, қалаға келіп, үйге соқпай кетудің жөні келмейді.
Біздің мекен-жайымыз мына қағазда жазылған,- деп қолыма кішкентай қағазды ұстата салды да:
- Сенің келгеніңді естісе, отағасының өзіде іздеп тауып алады.
Айтпақшы қайда тұрақтап едің. Қонақ үйдеме?- деп маған сұраулы жүзбен қарады.
- Иа, жеңгей! Қонақ үйдемін ағай әуре болмасын. Өзім сәлем беріп кіріп
шығамын. Ал әзірге сауболыңыз деп жеңгеймен қош айтыстым.
Бұдан көп жыл бұрын гүл бақыт жеңгейді қаладан келген келіншек деуші едік. Тек балалар ғана емес, бүкіл ел солай атайтын. Қаладан келген келіншек деген атау, жеңгемізідің барлық болмысына жарасымды болатын.
Көп жыл кейін
Қырдан ойға қарай созыла орналасқан қазақы ауылдың тыныс тіршілігі
қалыыптасқан арнамен жүріп жатқан. Мектептен келіп, кітап құралдарымды стол үстіне қойдым да маңдайы тершіп, қою шай бабымен ішіп отырған шешемнің қасына қисайа кетттім. Маған ойлы жанарын төңкере қараған шешем:
- Әкең екі күннен бері жоқ. Машинасы бұзылып қалмаса жарар еді,- деп
уайым айта отырып, таза шыны аяққа шай құйып ұсынды. Кеседегі шайды енді ала бергенімде, үйге көрші апай кіріп келіп,- Айтжан ау! Естіген жаңалығымды әдейі саған айта кетейін деп бұрылдым. Әлгі “Рапкоптың” бастығы Закарияның әскерден келген інісі ішкі жақтан келіншек алып келе жатқан көрінеді.Елдің бәрі құтты болсын айтып, шығып жатыр. Түстен кейін барып шығайық. Мен сені үйден күтемін- деп қайта шығып кетті. Апайдың келуі қандай жылдам болса, кетуі де сондай жылдам болды. Шешеме ойлана қарап; Ішкі жақ деген қай жақ деймін сұраулы жүзбен.
- Әй, балам ай! Қазақ айта береді ғой. Қалалы жерден әкеліп жатқан
шығар. Не қазақ емес, не орыс емес біреуді,- деп кесесін дастархан үстіне қойып, сырттағы дыбысқа құлақ түрген шешем;
- Көкеңде келіп қалды ғой деймін,- деп самаурынын көтеріп, сыртқа
шығып кетті.
Біздің қазақы ұғымызда ішкі жақта келін әкелу, шетелден адам әкелумен бірдей еді. Елдің бәрі келген келінге сынай да, қызықтай да қарайтын. Ішкі жақтан келген келіннің алғашқысы да, соңғысы да болмас. Ағаларымыз әскерден елге қайтарда жалғыз қайтпай, өздерімен бірге бүлдірішіндей қыздарды ертіп келуші еді. Елге келін болып түскендерің ішінен басқа ұлт өкілдері де жиі кездесетін. Бірақ елдің қазақы тіршілігіне көніге алмай ма, болмаса абысын-арзындарының еріндерін сылп еткізіп, айтатын мысқыл өсегіне шыдас бермей ме, көпшілігі кішкентайларын құндақтап алып, келген жақтарына кетіп қала жататын. Пысықайлары бос белбеу ағаларымызды соңдарынан ертіп, кете баратын.Келін келе жатыр екен, мекен тұрағы ұзағынан болсын дедім ішімнен.
Көп ұзамай ел күткен келінде келді ауылға. Іштен келген келінге ел болып қызықтай қарағанмен еліктің лағындай қара торы келіншектің жанарынан жан-жағына үрке қарап, тосырқағаны байқалып тұрушы еді.
Қалада өсіп орысша білім алған келін қазақ тілін таза білмейтін. Бірнәрсе сұрай қалсаң қолдарын ербеңдетіп, орысша бұлдырлап, өзіміздің басымызды қатырып жіберуші еді. Бізге еш нәрсе түсіндіре алмағанына намыстана ма, кейде наркез жанарынан моншақ моншақ жасты төгіп жіберетін. Біздің де балалық жүрегімізде аяушылық оянып, бос әзілмен жеңгейді қинамай жөнімізге кетуші едік.
Жеңгейдің әңгімесі
Жеңгейдің баппен құйған қою шайымен майлы қуырдақты коньяк пен тұздықтап ішкені сіңімді болғаны соншалық, Сансызай ағай екеуміздің мұрнымыз терлеп жан сарайымыз кеңей бастағаны болар, сонау ұмыт болған жылдарды еске алып, біраз серпініп қалдық.
Ағай әңгімесін сәл үзіп, демалған уақытында жеңгейге назар салсам екеуміздің әңгімеміздің елтей тыңдап, қара көздері жаудырып, өткен күндерді еске түсіргендей өзімен өзі ойға беріліп отыр екен.
Осы бір сәтты қапық жібермейын деп:
- Жеңгей сіздің ойлы жүзіңізден байқағаным елге алғаш келіп болып,
түскен кезіңізге қайта оралып отырған сияқытсыз. Сізді елге алғаш келген кезіңіз менің де көз алдымда. Қаладан келген, орысша тәрбие алған бүлдіршіндей жас қыздың біздің қазақи тіршілігіне қалай көндігіп кетті екен деген ой мені осы күнге дейін мазалайды.
- Иа қайын інім айтары жоқ менің өмірімдегі ең ауыр күндер еді,- деп
сәл ойланып қалған жеңгейдің жүзіне қарасам наркез жанары тұманданып қалған екен. Терең тыныстаған жеңгейдің жанарынан қос тамшы бидай үңіне жол салып, төмен сырғып бара жатты. Мен ағайға жалт қарадым. Абдырап қалған ағай:
- Гүлбақыт саған не болды,- деп асты-үстіне түсіп бәйек болып жатыр.
- Жай әншейін босқа әбіржемеңдер. Мен үшін сол бір қатал күндердің
қиындығын жеңіп осы шаңыраққа тұрақтап қалуыма себепші бірінші Алла, екінші Қази қайын інім болатын. Айналайын, мен дегенде жаны жоқ еді, әттең өмірі қысқа болды. Қайын інім есіме тіүссе көңілім босағаны,- деп жанарындағы жасты іркіп тыстады.
- Онысы рас. Қази мен үйленген жылы 14-15 жасар балаң жігіт еді,
жеңгесін қатты силады. Үйдені тыстағы шаруларды атқаруда жеңгесіне білекті сыбана жіберіп көмектесетін. Жасы үлкен апаларымен қытымыр жеңгеміздің қаһарынан қорғаштайтын да Қази болатын. Сағынған ғой жанашыр қайын інісін,- деп дастархан басында болған сәл қолайсыздықтың тігісін жатқызып жатыр ағамыз.
- Кел інім аздап алып отырайық. Күнде кездесе бермейміз ғой деп маған
стаканын ұсына берген ағайға;
- Мағанда аздап құйшы. Көптен кездескеніміз ғой шофер қайын ініммен
деп рюмкасы ұсынған жеңгейге, елпендеген аға рюмкасына толтыра коньяк құйды.
- Ал кәне тоқтатпай алып қоялық,- деп аға қолындағы рюмкасн көмейге
тоғытып жіберді. Жеңге екеуміз де ағадан қалысқан жоқпыз. Коньяктың қышқыл дәмінен күшкінген жеңгей қою шайдан бір ұрттап алды да маған аясы кең жанарын төңкере қарап, ешкімге айта қоймайтын әңгімем еді. Ескі сылайсытығымыз үшін, сенің өтінішіңнен бас тарта алмадым. Торғайға келіп тұрақтап қалуымның бірінші себепшісі алдыңда отырған ағаң. Менің бойымды түзеп қалған кезім. Ағаң болса армия қатарынан оралған. Түр десең түр, бой десең бойы бар салмақты сылқым жігіт кездесе кеткені бағыма қарай. Ағаңа кездескенімен еш уақытта өкінген емеспін. Отасқанымызға 40 жылдың көлемі болып қалды. Ұлды ұяға, қызды қияға қондырып, Алла силаған немерелерімізді әлпештеп отырған жағдайымыз бар. Алғашқы танысқаннан ақ екеуміздің әңгімеміз, көңіліміз бір-бірімізге айрандай ұйыған болатын. Солай бола тұрса да елі жері туралы білгім келіп көп сұрағыштай беретінмін. Ағамның айтатыны сенің елінен айырмашылығы таза қазақ тілінде сөлейміз, ұлттық салт-дәстүр берік сақталған ел дегеннен басқа сөз шыға қоя қоймайтын. Ағамның қасында сылқым сері жолдасы болды. Керемет әнші, сөзге шешен отырған жері думан болушы еді, Өзбектің. Ұмытпасам тамыз айының бас кезі ғой деймін, Өзбек үшеуміз көк базарға бара қалғанбыз. Жұрт ығы-жығы болып жатқан дүңгіршеккке келсек, біздің қаламызға көп түсе бермейтін, аромат иісі соныдайдан көкірегіңді жаратын, Алматының апорты түсіп жатыр екен. Өзбектің пысықтығының осындайда пайдасы тиді. Сатушы өзбекті әкелеп-көкелеп жүріп бір себет алма алып шыққаны. Себетті төбесіне көтеріп тұрып, пай-пай! Алма болғаныңа, иісі қандай, түсі қандай, дәмі қандай екен деп бізді қызықтыра түседі. Қанша жегім келіп қолымды созсам да Өзбек жолатар емес. Қанша керемет болса да, біздің Торғайдың алмасына қайдан жетсін деп қояды. Мен Сансызбайға жалт қарап, сенің елінде осындай алма өсе ме?-дегенімде Сансызбай жауап беремін дегенше, оның алдын ораған Өзбек:
- Сен өзің ештеңе білмейді екенсің, сұлуым!Мектептегі географияны
нәшар оқыған екенсің. Біздің Торғайда алма түгіл жүзімнің бірнеше түрі өседі. Үйлердің аулаларында көздің жауын алып, мөлдіреп тұрған жүзімді көрсең пейіштің ішінде жүргендей боласың.
Па, шіркін!- деп кеудесін көтеріп қояды, Өзбек досыңыз.
- Өзбек, Торғайыңда алма, жүзім өсетін болса, осында әкеліп, базарға
шығармай не қылып жүрсің десем.
- Оның билігі бізге қайдан тисін. Тікелей ұшақпен Москваға,
Ленинградқа, шетелге жөнелтіп жатады. Үкіметтің, партияныың қатаң бақылауында,- деп күле қарайды. Сансызбайға қарасам, қып-қызыл болым жымия береді. Өзбектің сөзіне сенгенім соншалық, елді де, жерді де, ерді де дұрыс таңдаған екенмін деген ой менің жүрегіме мықтап орнықты. Ұзын сөздің қысқасы ағаң екеуміз қолыстасып, қасымызда Өзбек досымыз бар Ақшығанақ ауылынан бірақ шықтық.Сансызбайдың ағасы қызмет жасайтын елге беделді кісі екен. Сол кездің шама шарқынша ағайын туысын жинап той жасады. Тойдың ырду-дырдуымен ештеңе сезбеген екенмін. Бар қиындық енді басталды. Үйдің іші таза қазақ тілінде сөйлейді. Мен байғұс аузымды ашып, әркімнің аузына қараумен боламын. Жанұя мүшелерінің ішнде тек ағамыз бен Қази ғана маған жылы қабақ танытатын. Басқалары басқа бір әлемнен келген адамдай осқырына қарайды. Енем қатігездеу адам еді. Өзінің мені ұнатпайтынын ашықтан-ашық айтатын.
- Менің маңдайымның соры бес елі. Мынандай мылқау қара қатын
осы елден де табылатын еді ғой- деп оқты жанарымен атып отырғаны. Менің істеген оң ісімде теріс шығып жататын. Бой жеткен қайын сіңілім, шешесінің істеген ісін бұлжытпай қайталайтын. Ұрысуға дәрмен жоқ. Іш қазандай қайнадының кебі. Бар ашуымды екі көзіме аламын. Көзімнің жасын көл қылып, жылаумен боламын. Қайын ағаммен Сансызбай барда мұндай жағдай бола бермейді. Менің бақытыма қарай екеуі де жұмыс қа ерте кетіп, кеш келеді. Кейде жетілеп жүріп қалатындары бар. Барлық қысастық олар жоқта жасалады. Үйдегі жалғыз жанашырым Қази қайын інім ғана. Алғашқы сынақ сиыр сауыдан басталды. Ертесін, әй қара қатын! Жалжыйып жатуға келіппе едің. Тұр сиыр саууға деген енемнің дауысынан селк етіп оянып, апыл-құпыл киініп, сыртқа шықсам, қолында шелегі бар енем тұр екен есік алдында.
- Ең болмаса ішкең тамағыңды сиыр сауып ақтасаңшы, мылқау
қара,- деп сілкініп қолындағы шелекті ұстата салды. Енді не істеу керек? Шелекті алып, сиыр бауырына отырғаннан басқа лаж қалмады. Бұзаудың біреуін жіберіп, сиыр иеді ау деген кезді ноқтасынан тартсам, маған әл берер түрі жоқ торпақтың. Ол әрі тартады, мен бері тартамын, болмаған соң бұзауды қоя беріп, екі көзге ерік беріп, жерге отыра қалдым. Өксіп-өксіп жылап жібердім.
- Ойбуй! Айналайын! Сүтке тойған бұзау сен түгіл ер азаматқа да әл
беруі екі талай, оның мынадай әдісі бар. Шелегіңді алып, бермен жақында деген кісіге қарасам көрші әже екен.
- Міне, бұлай деп қолындағы таяғымен бұзаудың танауыннан қағып
жіберді. Бұзау оқыш шегініп, таяқтан жасқанып, тұрып қалды. Мен жасқана-жасқана сиырдың бауырына отырып, алғашқы сиырды сауып шықтым.
- Балам бұзауды таяқпен қағып үйретсең байлаудың керегі жоқ, осы есіңде болсын. Әй бәтшағар Зейнеп-ай! Ер жетіп отырған қыз баласының да басы осындай күн түспесіне көзі жетеме екен? Бәтшағар деп көрші кемпір үйіне қарай кетіп бара жатты. Үш сиырды әзер сауып үйге клесем, енем:
- Үш сиырдан шелекке толмайтын сүт алғанбысың, әлде ішіп қойыдң ба жылылай?- деп шытынамасы барма.
- Жоқ апа! Мен ішпегем, бары осы деп қолымды жайамын.
Осы жағдайды сезді білем, Қази қайын інім сиыр сауғанда, үнемі қасымнан табылатын. Үйдің іші-тысын тап тұйнақтай қылып қойсам да, әйтеуір бір сұлтау тауып көзі ұйқыға кеткенше мені бір сілкілеп алмаса, ішкен асы бойына тарамаушы еді. Оған қайын сіңілім мықты көмекші болатын. Мен жинап кеткен ошақтың маңы, үйден қайта шыққанымда, күлі көмеш болып, қалағы бір жерде, көсегі екінші жерде шашылып жататын. Сансызбай ға мұңымды шақсам:
- Шыдай тұр, ағай бізге енші беріп, бөлек шығарады,- деп дәмелендіріп
қояды. Үйге қонақ көп келетін. Қанша қонақ келседе ас дайындайтын келін байғұс. Қайын ағамыз беделді мекеменің басытығы болғандықтан, шошаладан бәрі табылатын. Кілті қайын енемде. Керек дүниенің, оның ішінде ас мәзірі, стелаждарда жәшік-жәшігімен тұрушы еді. Қонақ келгенде, немесе өзінің қолы босамай жатқан уақытында, кілт үйге мені жұмсайтын. Қасыма қайын сіңілімді ерітіп жіберетін.
- Кәмпит, байқа ана қара қатын қалтасына тәттілерді толтырып салып
алмасын, деген сөзі жүрегіме қанжардай қадалушы еді. Жас кезім емес па, қанша тәтті ге қызықсам да, артық бір конфет алып қалтама салмаппын. Шыдамның да шегі бар емес па? Ішкен-жеген тамағыма да шектеу қоя бастаған соң, менде ширыға бастадым. Отырсам тізеден, тұрсам тобықтан ұрғаннан жаман.
- Әй, қара қатын! Қаймақты сен жеп қойғанбысың? Сен келгеннен
бері басы артық дүние тұрмайтын болды ғой үйде деп өзінен-өзі сілкініп қашанғы шыдайын.
- Орысша-қазақша бұлдырлап, өзімнің кінәсіз екенімді дәлелдеп
жатырмын.
- Мына қатын маған сөз қайтаратын болыпты ғой, мә, саған!-
қолындағы ұршығын жіберіп қалғаны. Абырой болғанда отау үйдің есігін жауып үлгердім. Әбден ызаға булықаннан төтенше шешімге келген едім. Көзімнің жасын көлдете жүріп, киім-кешегімді жинап алып, көшеге шығып кеттім. Қақпадан шыға бергенімде қарсы жолыққан Қази қайын інім қайда барасың жеңіше деп қолымнан ұстай алды.
- Кетіп барам еліме. Ағаңа сәлем айт. Мен қажет болсам іздеп тауып алар,- деп бауырыма тартып бетінен сүйдім де кете бардым. Қази біресе оң жағымнан, біресе сол жағымнан шығып, өлердегі сөзін айтып жалынып келеді.
- Жеңеше бәрі жақсы болады,- деп көңіліді аулап қояды. Кантордың қасында аманқарағай автобазасының ауылға жүк әкелген машиналары тұр екен. Шофермен сөйлесіп едім ала кетпекші болды. Қази қасымда әлі жек-жапар болып, кетпеуімді өтініп, сумкамның біржақ баулығынан ұстап алған.
- Жеңеше ең болмаса көкеммен, әкем келген соң кетіңізші. Оларға мен не бетімді айтамын,- деп боз бала жігіт жылап жіберді. Қазиды өзіме тартып;
- Қой жылама деймін көзімнің жасын көл қылып, мен сені тастап қайда барамын дегенімде, Қази сумкамды көтеріп, үйге қара жетектей жөнелді. Отау үйге кіріп жатып қалдым. Оғаштау дыбыс шыққанға есікке жақындап, құлақ салсам, шешесімен сөзге келіп қалған Қази екен.
- Қаймақ па? Қаймақты жеген анау сенің қызың, өндіріп алсаң, содан өндіріп ал. Көке мен Әке келген соң жеңгеме жасаған қиястықтарының бәрін айтамын,- деп есікті тарс жауып сыртқа шығып кетті. Осы оқиға тағы екі рет қайталанды. Екеуінде де Қази қайын інімнің қамқорлығының арқасында елден кете алмадым. Әрі мынадай сары жалпақ шалды кімге қиып кетейін,- деп жеңгеміз сылқ-сылқ күліп алды.
Лезде мұң шалған қабағын түйіп алып; Қази қайын інім мен үшін өте қымбат адам еді. Маған жасаған жақсылығы көп болды. Орны жұмақта болғай деп ауыр күрсініп қойды.
Жастығымыз ба, әлде ештеңе білмегеніміз бе? Сол ауылдың бәрі туыстай көрінетін. Ағаңның үлкенін ата, қайын аға десек, кішілерді қайын іні деп кеттім. Сенің де шофер қайын іні атанғаның сол жылдары емес пе? Иненің көзінен өткендей әдемі жігіт едің, әкеңнің машинасымен үй-үйді аралап, су құйатынсың. Біз сияқты жас келіншектер судың жақсысын, тазасына құдықтың сууына қол жеткізу үшін, біріміз қайын іні, біріміз жиен, біріміз нағашы деп қалайда ілікті жағын іздейтінбіз. Өмірдің қалай өткенінде білмей қалады екенсің. Сен де шау тартып қалыпсың. Немерелерің де бар шығар?
- Құдай ға шүкір жеңгей! Құдай берген 2-3 немерем бар.
- Міне көрдің бе ағаң екеуміздің немереміз үйленгілі жүр. Бұда болса
жаратқанның жіберген сыйы , солай емес пе? Шал,- деп отағасына назарын аударып. Біздің тіліміз жорғаласын десең, анауыңнан құйып қоймайсың ба деп ағайға қарап наздана жымиды.
- Ой! Әңгіменің қызығымен өзіңе жаңа қосылғандай болып отырып,
ұмытып кетіппін ғой,- деп ағай коньяктың шынысна жармасты. Жеңге ге байланысты бір қызықты әңгіме есіме түсіп мырс етіп , күліп жібергенімді байқамай қалдым.
- Не болды қайным! Көңіліңе бірнәрсе ұнамай отыр ма?- деп маған
қараған жеңгейге:
- Жоқ жеңгей бәрі жақсы, сіздің басыңыздан өткен, өзім куә болған бір
оқиға есіме түсіп:
- Ол қандай оқиға болды екен,- деп ағай да, жеңгей де назарын маған
аударып.
- Ұмытпасам сіздің де айғыр сауған келіншек атанғаныңыз сол жыл емес
пе?- дегенімде ерлі-зайыпты екеуі шек шілесі қатқанша рахаттана күліп алғандары.
Жасы ұлғайғандықтан болар, әлде шаршайма, әкем құдықтан әкелген
суды үй-үйді құюды маған тапсыратын. Совхоз орталығында ауыз су болмағандықтан, он сегіз шақырым жердегі Түйменақтан тасып әкелетін. Күләй апайдың үйіне су құйып жатқанмын. Арқасында арқалаған баласы бар апай қақпадан сыртқа қарап тұр еді, кене:
- Ей мынау қайтеді, не істеп жүр дегенге бәрімізде жалт қарадық. Өзен
жағасында желілеп байланған бір үйір жылқының маңында, қарында ілген көк шелегі бар, бір қолында шыбық ақ боз жылқыны желіні айналдырып қуып жүрген ақ орамалды келіншекке көзіміз түсті. Күләй апайдың:
- Қап! Мына баланы айғыр теуіп жүрмесе жарар еді,- деп арқалаған
баласымен желбасына қарай беттеді. Жас келіннің іс-әркетіне қызықтаған бізде, апайға еріп келеміз. Қолындағы шыбығымен ақ бозға сес көрсетіп, әлі де желіне айналдырып қууын қояр емес. Ақ боз да өз кезегінде ашу шақырып, құлағын жымитып, теппекке ыңғайланып бөкшесін бұрып-бұрып қояды. Желбасына жақындаған Күләй апай:
- Жарқыным ау! Не істегелі жүрсің?- дегенде бізге жалт қараған
келіншек:
- Апа сауайын деп едім дегені.
- Ойбуй, айналайын! Айғырды сауа ма екен, теуіп жіберсе жазым
болмайсың ба?- деген апайды сөзін есітген келіннің түсі қып-қызыл болып, шелегін жерге қоя салып, жүресінен отыра кетіп, өксіп-өксіп жылап жібергені.
- Ай, Зейнеп ай! Жап-жас жылқы көрмеген баланы бие саууға жиберерме
екен, жазым болса не істейді екен деген Күләй апай келінді қолынан жетелеп үйне қарай кетіп бара жатты.
Алақандай ауылға болған оқиға лезде тарамай ма? Сол күнен бастап,
ауыл әзілкештері, жеңгемізді « Айғыр сауған келіншек» атап кетіп еді. Иығын сәл селкілдетіп барып, күлкісін тыйған жеңгей:
- Иа қайын інім! Мұндай оқиғаның болғаны рас. Енеміз мені ерітіп
барғаны болмаса, бие саудырмайтын. Сол күні неге екені белгісіз:
- Әй, қара қатын! Үйренетін кезің болды ғой. Басымның сақинасы ұстап
отырғаны. Бар биелерді сауып кел деп зірк еткені. Үйде қайын інім болмай қалды. Шелекті қарыныма ілдім желінің басына келдім. Қайсысынан бастасам екен деп тұрғанымда, әлгі ақ боз алдымды кес-кестей бергені. Е, мынаның сауынын келіп тұр екен ғой. Үлкеннен бастап саумақшы болып, ақ боздң құлындарға жақындатутың қамын жасап жүргенмін. Сендер келмегенде ашуланған айғыр кім білсін, жазымда қылған болар ма еді. Менің амандығымды тілейтін шынайы тілекшім мына сары шалдың тілегінің арқасында, айғырдан да аман қалдым ғой қайным ғой,- деп сылқ-сылқ күлді жеңгей. Осы оқиғадан кейін көрші әжей қатты айтып тастады білем енеме. Ол кісінің иі жұмсарып, жылылық таныта бастады. Ананы былай істе, мұнаны былай дегендей ақыл кеңесін беріп отыратын болдды. Қайын сіңілім де икемге келіп, ішкі-сыртқы шаруларға көмектесе бастады. Көрші үйге жас келіннің түсуі, менің тағдырыма тың өзгерістер әкеліп еді. Екеумізді бөліп тұрған саман кірпіштен қаланған дуал ғана. Ертелі-кеш далаға шыға қалсақ екеуміз бір-бірімізге қарай сағынысып көріскендей бауырлардай тұра жүгіретінбіз. Біріміз қазақша, екіншіміз орысша білмесек те шүйіркелесе кететінбіз. Мен орысша, ол қазақша сөйлеп, түсініскендей боламыз. Зауқайыр көрісе алмасақ, бір-бірімізді сағынып қалатынбыз. Көбіне самаурын қойғанда кездесеміз. Екеуміз дуалдың екі жағында тұрып әңгімелесеміз. Есік сықыр етіп ашылса, екеміз екі жаққа тұра жүгіруші едік. Әй, балалық ай!- Бізге кедеспеңдер, әңгемілеспеңдер деген ешкім болмаса да, біз солай істеуші едік. Мұңдасатын да, сырласатын да бір адамның болғаны дұрыс екен сырт жерде. Осындай бір ғұмыр кештім сіздің елде. Келесі жылы Сансызбай аудан орталығына жұмысқа ауысып, ағамыз кішілеу екі бөлмелі үй алып, еншімізді беріп бөлек шығарды. Содан бері ағаң екеуміз өз бетімізше өмір сүріп келеміз. Шал маған риза болса, мен оған ризамын. Маңдайынан шертіп, ренжіткен жері жоқ. Дүниеге ұл-қыз әкелдім, Аллаға шүкір, олардан немере сүйіп отырмыз. Аға мен жеңгені ағарулап бақыйлық дүниеге аттандырдық. Қазір бір әулеттің үлкені болып отырған жағдайымыз бар. Әулеттің бізден кішілері үлкеніміз, барымыз да , нарымыз да осы екеуі деп құрмет көрсетіп жатады. Қайын сіңілімды қолымнан ұзатып, қайын інілерімді қолымнан үйлендірдім. Олар да риза, біз де ризамыз. Ағаң екеуміз өскен ұрпақпен ілік-жекжаттың тілегін тілеп, отырған жағдайымыз бар,- деп әңгімесін аяқтады жеңгей.
Серінің үш әттегенайы
Қалалық ауруханада жатқаныма бірнеше күн болды. Палатада жалғыз өзім. Қасыңда тілдесетін ешкімнің болмағанынан қиыны жоқ екен. Жұбайым әкеп берген газет- журналдарды ақтарумен ерте күнді кеш етемін. Бұғанда шүкіршілік. Жүрегім ауырып түскендіктен дәрігерлер артық жүріске тиым салған ба, медбикелердің қатты бақылауындамын. Ішер асыңды да палатаға әкеп береді. Төртінші күн дегенде қасыма жетпісті алқымдап қалған жігіт ағасы келіп жайғасты. Көз жанарынан, бет-әлпетінен ешқандай кәріліктің ізі байқалмайды. Қызыл шырайлы, ат жақты жүзіне дөңгелете қойған сақал-мұрты өзіне тым жарасымды. Әсіресе, отты жанарымен тесіле қарағанда бүкіл тұла бойыңды электр тогы соғып өткендей әсер қалдырады. Сыртқы бейнесі, көз жанары қанша жылулыққа толы болғанымен, әңгімеге сараң азамат екен. Сұрасаң жауап береді. Бар ермегі қолындағы кітабына үңіліп, өзімен-өзі болып отыратын жағдайы бар. «Айлас қатын мұңдас», - дегендей аурухананың қасаң тірлігі бірте-бірте екеумізді жақындастыра бастады. Түс кезінде палатаға әдемі ақсары келіншек келіп, бізбен сыпайы амандасып, әкелген сәлем-саухатын үстел үстіне қойып жатып:
- Ата, кешегіден қалайсыз? Жүрегіңіз мазалауды қойды ма?- деп жанашырлықпен биязы сұраулармен екеуміздің де қал-жағдайымызды біліп болған соң:
- Сіздерге жас сорпа әкелдім, суымай тұрып ішіп алыңыздар,- деп алдымызға әкелген дәмін қоя бастады.
- Рахмет қалқам! Жаңа ғана тамақтанып алған едім, деп сыпайылық танытқаныма ақсақал ренжіңкіреп қарады.
- « Кемедегінің жаны бір», -деген қазақ атамыз. Олай болса бізге келген дәмде ортақ інішек. Дастархан басына кел. Бізге құрмет көрсетуші менің кіші келінім, осы қаладағы жоғарғы оқу орнында мұғалім болып жұмыс істейді. Мамандығы- математик,- деді ақсақал.
Көзім еріксіз көршімнің төсегінің үстінде жатқан кітапқа түсіп кетті. Жоғарғы математика анализдері деген кітап екен. Е, шалыңда математик болды шамасы, деп ойлап қоямын ішімнен. Тамақ ішіліп болған соң:
- Айналайын, мен үшін көп алаңдап, жұмысыңды қалдырып жүрме. Балалардың оқуына көңіл бөлгейсің. Ал мына кітапты балаларға оқыта бер, осыдан артық ғылымның керегі шамалы. Математика- ғылымның патшасы екенін өзіңде білесің ғой, - деді көршім. Келініне мейірлене қарап. Ыдыс аяғын жинап алған келіншек сыпайы қоштасып шығып кетті.
- Ал, інішек екеуміздің тағдырлас болғанымызға екі-үш күн болып қалды. Жөн сұраспаппыз. Қай туған боласың? Қай жерденсің? Қазақ сұраса келе қарын бөле шығады деуші еді. Мүмкін ілік-жекжат шығармыз, -деді ойлана қарап.
- Елімді сұрасаңыз Торғайлықпын, жерімді сұрасаңыз Тосын құмынан боламын, туысымды сұрасаңыз Шақшақ арғынмын, аты-жөнім: Үлкен ағаларым Димаш деп еркелетсе, жасы кіші інілерім дядя Дима деп құрметтейді. Әке-шешем азан шақыртып қойған есімім - Демеш. Толығырақ айтсақ, Демеш Жақашұлы боламын дедім арт жағын әзілге айналдырып.
- Мейлі Димаш болсаң да, Дима болсаң да, Демеш болсаң да екеуміз бір елдің тумасы болдық. Сен арғын болсаң, мен қабырға бойының қыпшағымын. Есімім Дану болады, - деді жанарынан күлкі ойнап.
Менің таңқалысымды байқап қалған отағасы:
- Әзілдеп тұрғаным жоқ, шыны солай. Мен туатын жылы біздің елде бір орыс ағайын болған екен. Екі сөзінің бірі да-ну болса керек. Баласы тұрмай жүрген ата-анам сол орысқа кіндігімді кестіріп, есімімді «Дану» қойыпты. Бұған мен кінәлі емес шығармын, - деді күлімдей қарап.
- Біздің қазақ өте ырымшыл халық қой. Қазақи салт-дәстүрдің құрбаны болған екенсіз, Дәке.
- Мен оған өкінбеймін, ата-анам азан шақырып қойған осы есіммен де көштен қалып көрген жоқ. Елдің алдында болмасам да, көптің ортасында өз несібемді тауып жеп жүрген жағдайым бар. Әзірге сенің есімің Дану екен, Дану болсаң былай тұр, деп ешкім айтып көрген емес, - деп қағытып өтті Дәкең.
Ретсіздеу әзіліме өзімде ыңғайсызданып, әзіл ғой ағасы кешірім өтінемін,- деп жуып шайған боламын. Аурухананың сұрықсыз күндері өтіп жатты. Дәкеңде мен ойлаған- дай тұйық азамат емес, арғы-бергі тарихтан хабары мол кісі екен. Көне тарихты асты-үстіне шығарып, кезек әңгімелейміз. Одан қалды үкіметтің ішкі-сыртқы саясатыда біздің назарымыздан тыс қалмайды. Осындай күндердің бірінде әңгіме арнасын басқа жаққа бұрғым келіп:
- Дәке, - дедім көршімнің назарын өзіме аударып:
- Жетпіс жаста біраз уақыт, жиырма бес жаста атқа мінсеңізде қырық бес жыл елге қызмет жасапсыз. Сол уақыт ішінде жастықпен болмаса мастықпен « Әттеген-ай !»- деген кезіңіз болды ма? – дедім жүзіне барлай қарап. Көршім әңгімесін кілт үзіп, үнсіз ойланып қалды.
- Сен өзің журналшылар сияқты күтпеген жерден сұрақ қояды екенсің. Дегенмен өте орынды сұрақ қойдың бауырым! Өмір болған соң, оның әттегенайы болмаушыма еді. Осы өмірімнің ішінде үш әттеген-ай өтті басымнан. Бірақ сол әттегенайлардың бәрі жұмысқа, қызметке байланысты емес. Жас уақытымда өзімнің жеке басымда болған әттегенайлар еді. Тыңдағың келсе айтайын,- деді көршім менің жүзіме ойлана қарап.
- Сөйлетін тіл болса, тыңдайтын құлақ бізден табылады, Дәке! «Жақсыны көрмек үшін»- демейме атам қазақ.
- Құлағым сенде,-дедім назарымды өзіне аударып:
Көршім терезеге үнсіз ойлана қарап, сәл отырды да әңгімесін бастап кетті.
- Менің балалық шағым соғыстан кейінгі қытымыр жылдарға тұп-тура келді. Әке соғыстан қайтпаған, жесір әйелдің әлпештеген жалғыз ұлы едім. Қатыгез өмір біреудің жалғызысың ба, жалбызысың ба маңдайыңнан сыйпай қоймайды.
« Көппен көрген ұлы той»,-демекші менің замандастарымның басындағы ауыр тірлік мені де айналып өткен жоқ. Шешем затында пысық, өжет әйел еді. Ертелі-кеш колхоз жұмысында жүріп, еңбек етіп, мені ештеңеден кем қылған жоқ. Үлде мен бүлдеге орамаса да таза киініп жүруіме кітап-құралымның толық болуына қатты көңіл бөлетін. Жесір әйелдің жанұясында өсіп, ер жетіп мектепке бардым.
Қазіргі балалар да не арман бар! Олар үшін жоқ дүние жоқ. Үйде отырып ғаламтор арқылы бүкіл әлеммен тілдеседі. Біз білмегенді біліп, көрмегенді көріп отырады. Кейде балаларға ренжігенде: « Сендерде бар мүмкіндік жас уақытымда менде болғанда, кейбір дүниелерді қайта жасауға құдіретім жетер еді»- деймін ашуланып.
Сәл ойланып алған көршім әңгімесін әрі қарай жалғастырды:
- Иә, мен онымен бастауыш сыныптан бастап бір партада отырдым. Біздің ауылда төрт сыныптық бастауыш мектеп болатын. Мектебімізде барлығы он бес оқушы, оларға дәріс беретін Мұрат ағайымыз еді. Мұғалім өте еңбекқор азамат еді. Сол еңбекқорлығының арқасында өз бойындағы білімді, тамаша қасиеттерді біздің бойымызға дарыта білді. Ағай екі сөзінің бірінде жақсы азамат боламын десеңдер жақсы оқыңдар, ғылымның биігі математика екенін ұмытпаңдар,- деп үнемі қайталаумен болатын. Балалық шағымызда, балғын жүрегімізге ғылым сәулесін түсіріп, білімнің отын жаққан Мұрат ағамызды мен төртінші сынып бітірген жылы соғыс салған ауыр жарақат бақилық сапарға алып жүре берді. Шешем: «Ағаңа барып сәлем беріп шық»- деген соң, ағайдың үйіне келсем, ағай жүдеп қалған екен. Мейірімді жанарымен маған тесіле қарап, жанына шақырды. Қасына жайғасқан менің басымнан сипап:
- Дану! Шешең де, мен де сенен үлкен үміт күтеміз. Жақсы оқы, оқыған азамат арманына қол жеткізе алады. Анаңның еңбегін ақтайтын бол,- деді көзі жасаурап:
Ұстаздың айтқан сөзі балалық көңілімді бір көтеріп тастаса, көзі шүңірейіп, қу сүйек болып қалған ағайды көргенде жан дүнием езіліп, жүрегімді жалын шарпып өткендей күй кештім. Ағай бақилық болған жылы біз төртінші сыныпты бітіріп, аудан орталығындағы орта мектепке барып оқитын болдық. Тамыз айының соңғы жетісінде шешем ферма меңгерушісінен рұқсат алып, екі өгіз жеккен арбамен мені және ауылдың екі- үш баласы бар аудан орталығындағы мектеп- интернатқа орналастырмақшы болып жолға шықты. Жүргелі жатқанымызда ауылда айқай келін атанған ( Есімі Сақыш) қызын жетектеп әкеліп:
- Ене, - деді менің шешеме.
- Мына қыздыда интернатқа орналастыр, екеуі бірге оқиды ғой, бір партада отыратын болсын. Бір-біріне қамқор болады, бір ауылдың балалары. Әлгі қайының малдан босамайды. Сол малдың соңында өлетін шығар. Жалғыз қызына қамқор болуды да білмейді. Өйтіп еркек болғаныңа, - деді айқайлай сөйлеп.
- Сап-сап келін! « Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық»,- деген бұрынғылар. Сенің айқай келін атанып жүргенің сол азаматыңның арқасы екенін ұмытпағайсың, құдайыңа тәубеде келін,- деді шешем .
- Алтын енем-ай! Қайтейін, ашуланған соң айтамынғой. Қызыңды мектепке апарып, орналастырып кел десем, қолы бір босамайды.
- Айналайын, келін! Ауылдың екі-үш баласы үшін, күллі ауыл көшіп бармаймыз ғой. Осы балаларды апарып орыналастыруды мен өз мойныма алғанмын. Тікелей жауапкершілік менде, қызыңды маған тапсыр да, өзің шаруаңа жүре бер,- деген соң айқай келін қызын көтеріп менің қасыма отырғызып жатып, қайным мына қызға қамқор болып, - деп қызының бетінен құшырлана сүйіп, жол болсын айтып, үйіне қарай кете берді.
Арбаға жеккен қос өгізді жолға салған шешем, шыбыртқымен жануарлардың жонынан тартып-тартып жіберді де, өзіде арбаның алдыңғы жағына жайғасып отырып алды. Өгіздің мимырт жүрісімен ымырт жабыла аудан орталығына да жеттік-ау! Анам қалашықтың шет жағындағы жатаған үйге келіп тоқтап:
- Жақан, бармысың!- деп айқай салды. Айқайды естіген болар іштен қырықтар шамасындағы қапсағай денелі жігіт ағасы шыға келіп, анаммен шұрқыраса амандасып жатыр. Қысқа амандықтан кейін анам:
- Жақан, мына балалар біздің елдікі, интернатқа орыналастырайын деп келдім. Бүгінше осында боламыз. Баларды түсіріп, орналастыр үйіңе,- деп бұйыра сөйледі. Жақанда аңқылдаған азамат екен:
- Айтқаныңыз болады апа. Мен тұрғанда ештеңеден қам жемеңіз. Үй кең, бәріңе де орын табылады,- деп жатыр қауқылдап.
Жақанның үйі шынында да кең екен. Ортасын қазаңдық пен бөлген қоржын үй, үйдің бір бөлмесіне жағалай көрпе төсетіп, осы бөлмеде демала беріңіздер. Мен қазір... Сөзінің артын жұта шығып кетті Жақан. Әне-міне дегенше біздің елде бола бермейтін сары самаурын келді екі иығынан демалып. Орта бойлы қара торы келіншек ортаға дастарқан жайып, көмпейіп піскен бауырсақтарды молынан тастап, тәттілерден де құр емес, біз көрмеген бай дастархан жасап шайға шақырды бәрімізді. Сыпайылық үшін болар анам:
- Келін-ау, мұнша неге әуре болдыңдар, балалар бір түнеп шықса болды. Таңертең интернатына орыналастырамын ғой .
- Апай, арнайы қонақ болмасаңыздар да, құдайы қонақсыздар. Әр қонақтың өз несібесі бар емеспе, « қонақ келсе, құт келеді» ,- деп отырушы еді марқұм енем. Келіншек анама мөлдірей қарап, бақилық болған енесін есіне алып өтті.
- Жарықтық, топырағы торқа болғыр, жақсы адам еді. Үйінен қонақ кетпейтін, бар байлығы дастарханының үстінде болатын. Жүдә, қонақжай кісі еді,- деп анамда Жақанның бақилық болған шешесін есіне алып, көз жасын бір сығып алды.
- Келін балалырың қайда? Жақан қайда кетіп қалды?- деді анам сұраулы жүзбен.
- Апа, баларды жақын маңдағы нағашылары алып кетіп еді. Оқуда болып қалды, ертеңдері келіп қалатын шығар. Жақан бір шаруамен шығып кеткен, қазір келіп қалар дегенше болған жоқ, бір шара етті көтеріп, үй иесіде кіріп келіп,- бәйібше, бәрін тазалап, бұзып әкелдім, тез қазанға сал, балардың қарыны ашқан шығар,- деп жомарттық танытып жатыр. Мұндай жағдайды күтпесе керек апам:
- Сонша несіне әуре болдың Жақан, дегенше сөзді бөлген үй иесі:
- Апа қонақасыны сізге бермегенде кімге беремін. Ерте туған ақ лақ еді, бөтегесі бұлтиып семіргеніне қызығып, кімге бұйырар екен деп жүруші едім. Жаратқан ием сізге бұйыртыпты, біздің есігімізді ашпағаныңызға да бір талай уақыт болған екен. Бәрінің сәті түсіп, алла тағала сізге бүгін біздің үйден дәм татуды пешенеңізге жазған сияқты. Оның үстіне мына келген жеткіншектер осы қызметімді қартайғанда өзіме қайтармайма, күні ертең-ақ деп рахаттана күліп алды.
- Қызметің алладан қайтсын, Жақан жан,- деп шешемде ризашылығын білдіріп жатты. Таңғысын апам бізді ертерек тұрғызып, Жуынып шайынғаннан кейін Жақан ағайдың дастарханынан таңғы оразамызды ашқызып, үшеумізді соңынан ертіп, аудандық оқу бөлімінің бастығының алдында отырды. Апамнан мән жайға қаныққан басшы мектеп директорына беріңіз деп тілдей қағаз жазып ұстата салды. Оқу бөлімінің қағазымен келген бізде мектеп директоры жылдам қабылдап, үшеумізде мектеп интернатының оқушысы болып шыға келдік. Айқай жеңгейдің айтқан сөзін екі етпей апам Бану екеумізді бір сыныпқа бір партаға отырғызып кетті. Кетерінде апам көзіне жас алып, бәріміздің бетімізден сүйіп, қоштасып тұрып:
- Тентек болмай жақсы оқыңдар бір-біріңе қамқор болып жүріңдер,- деп шығып жүре берді. Мектептегі өмір сеніңде басыңнан өтті. Сондықтан әңгімемді қысқарта баяндайын. Бану екеуміз бір мектепте, бір сыныпта, бір партада қатар отырып, білім алып жаттық. Жылдар жылыстай өтіп, оныншы сыныпқа қалай жеткенімізді де білмей қалыппыз. Бой да, ой да өсіп, өмірге деген көз қарасымыз қалыптасып қалған кез. Санаулы айларда мектеп бітіреміз, білімізді қайда жалғастырамыз деген ой, әр жеткіншекті мазалап, арманына қанат бітіретін шақ, нақ осы кезең.
Мені арман Алматыға жетеледі. Бану екеуміз оңаша әңгімелесіп отырған күндердің бірінде:
- Бану, сен біліміңді қайда жалғасытырмақшысың,- дедім ойымда ештеңе жоқ.
Маған жалт қараған Банудың қарақат жанарына ұялаған жас, қыздың еркіне көнбей еріксіз етегіне тамып кетті .
– Қап! – дедім ішімнен нем бар еді, оның қайда баратынында. Бұл күндер Бану үшін өте ауыр күндер болатын. Банудың көкесі екі ай бұрын кенеттен қайтыс болып, арманшыл қыздың қанатын қайырғандай болып еді, қатал тағдыр. Сәл үнсіздіктен кейін:
- Мен ешқайда бара алмаймын. Зарлап отырған анамды кімге қалдырамын. Бір жыл қасында болайын. Содан арғысын өмір көрсете жатар. Ал, саған сәттілік тілеймін,- деп назарын төмен салды. Қыздың қасына келіп, нәзік саусақтарын ұстап, кешір мені Бану! Мен де сұрамасты сұрап, ренжітіп алдым –ау сені, деймін дегбірім қашып. Емтиханды екеумізде жақсы тапсырып, орта білім туралы құжаттарымызды алып, ауылға келдік. Менің жол жүруіме әлі бірталай күн бар. Кешкісін Бану екеуміз көл жағасына келіп, табиғатты тамашалаймыз. Самал желмен бірін-бірі қуып, жағаға соққан майда толқындар, көлдіайырла ұшқан үйрек-қаз, сұңқылдаған аққу үні көңілімізді ерекше бір сезімге бөлейтін. Мектептегі кезіміз, балалық шағымыздың кейбір кезеңдерін есімізге түсіріп сырласатынбыз. Осындай күндердің бірінде самал жел желпіген Банудың бұйра бұрымы бетімді қыдықтап, қыз жақтан ескен жұпар иіс бойымды балқытып жібергендей күй кештім. Бойымдағы ду еткен сезімнің әсерімен батылдана түскен мен Бануды иығынан ұстап өзіме қарай икемдедім. Алғашқыда сәл бұлқынғандай болғанмен, қызда менің ыңғайыма көніп, иығыма басын салды. Банудың жүзіне қарасам, мөлдір жанары тұмандана қалыпты. Құшырлана құшағыма тартып, маңдайынан иіскедім. Енді бұлар не істейді екен дегендей табиғатта тыншый қалған.
- Данаш үйге қайталық, апамыз іздеп қалар, - деді Бану ақырын ғана. Қызды қолтығынан демеп, тұрғызып алып, ауылға қарай келе жатқан мен манағы бір бұла сезімнің әсерінен айыға алмай меңзең күйде едім. Мен жол жүріп кеткенше көл жағасында кездесіп сырласумен болдық. Бір-бірімзге қимастықпен қарап, шашымыздан сипап, маңдайымыздан иіскеуден әрі аспаппыз. Бұл балалықпа, әлде адалдықпа оны өзің пайымдай жатарсың. Мына шал қолында тұрған алманың дәмін татпаған нағыз ездің өзі екен десеңде өзің білесін,- деді Дәкең маған ойлана қарап.
- Жоға, Дәке! Мен мұныңызды досқа деген адалдық деп бағалар едім. Шыным сол. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де...
Сәл үнсіздіктен кейін әңгімесін Дәкең қайта жалғасытырды.
Иә, менің онымен соңғы кездесуім еді. Жол жүруден бір күн бұрын күндегі әдетімізше көлге қарай келе жаттық. Көл жақтан ескен самал желмен, бұрқырай жеткен жұпар иісі танауыңызды қыдықтап , көкірек сарайымызда ашқандай әсер қалдырады. Самал желмен бірін-бірі қуған майда толқындар жағаны жұмсақ ұрып, көпіршіп қайта қайтып жатыр. Көңіліңді бір селт еткізейін дегендей анда-санда шолп етіп балық ойнап, шорағайдан қашқан майда шабақтар екпінімен жағаға шығып қалып, дәрменсіз күйде әлсіз тыпырлайды. Әлжуаз тіршілік иелеріне екеумізде көмекке ұмтылып, жиектегі шабақтарды қайтадан мекеніне жібердік. Қолымыз бен қолымыз, жанарамыз бен жанарымыз түйісіп қалған бір сәтте: « Мен ертең кетемін»,-дедім. Ол маған бота көздерін кең ашып , жәудірей қарады да:
- Иә, білемін. Жолың болсын! Үлкен қалаға барған соң бізді ұмытып кетіп жүр ме? Хабарласып тұр,- деді де аялы көздерін сығырайтып, алыс көк жиекке тесіле қарады. Банудың үнсіздігін бұзғым келмей, менде көк жиекке көз жіберіп тұрып қалдым. Кештетіп үйге келе жаттық.
- Данаш,- деді еркелей Бану. – Ертең сені шығарып салуға бара алмаймын, өкпелеме. Саған сәт сапар болсын. Арманыңа жет, өзің туған жатаған үйлі ауылды, аққу-қазы қиқулаған айдын көлді есіңнен шығармағайсың. Хат жазып, хабарласып тұр,- деді қиылып. Солай деді де жанаса беріп, менің қалтама бір нәрсе салып жібергендей болды. Сәл абдырап қалған мен, үнсіз орнымда тұрып қалыппын. Үйге келіп не салып жібергенін білмек болып, қалтама қолымды салдым. Алып қарасам шетін түрлі-түсті жіппен жиектеген ортасында«Дану» деп кестелеп тіккен жазуы бар ақ орамал екен. Орамалды алып иіскедімде төс қалтама салып қойдым. Түні бойы дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Банудың айтқан сөздері жадыма оралады да, мұңды бота көздері көзіме елестей береді. Неге ұмытайын, ұмытпаймын деймін ұйқылы ояу. Осы сөздерді қайталап жатып ұйықтап кетіппін. Таңғысын апамның тұр-тұрымен шаққа оянып, шайға отыра бергенімізде, машина келіп тоқтай қалды үйдің алдына. Ол кезде машинада сирек, бұл кім екен дегенімізше болған жоқ:
- Ассалаумағалейкум!- деп Жақан ағай кіріп келді.
- Апа, облыс орталығына бара жатырмын. Өткенде сіз айтып кеткен соң Дануды ала кетейін деп әдейі соғып тұрмын. Тез жиналып машинаға отырсын, жол алыс дегендей бөгелмей жүруміз керек,- деді асықтырып. Менде қай бір жиналатын зат болушы еді. Кітаптарыммен таза киімімді салған, ортасын кендір жіппен байлаған чемоданымды алып, машинаның қорабына отырып алдым. Маңайға ауыл адамдары да жиналып қалыпты.
- Құлыным, жолың болсын, ойлаған мақсатыңа жет, кел маңдайыңнан иіскейін деген соң машинаның қорабынан төмен еңкейдім.
Апам маңдайымнан сүйіп, жанарына келген жасты маған көрсеткісі келмегендей сығып тастап, арқамнан қағып-қағып қойды. Қораптан төмен еңкейіп жатып, жиналған ауыл адамдарының арасынан Бануды іздеймін. Ол көрінбеді.
- Ал, апа жақсы ұлды өзім поездға мінгізіп жіберемін. Уайымдамаңыз!- деп Жақан ағай кабинаға отырған соң, машина бір түшкіріп алып, орнынан қозғала берді. Машина күре жолға шыға бергенде артыма қарасам, ауыл адамдары мені көзімен ұзатып, әлі далада тұр екен. Еріксіз Банудың үйіне көзім түсіп кетті. Иә, сол деймін ішімнен. Қуыршақтай сұлу мүсін алыстан көз тартып, қолындағы қызыл орамалын бұлғап тұр екен. – Сау бол Бану, амандық болса әлі кез... өз ойымның арт жағын жұтып қойғандай болдым. Он бір-он екі сағат жүріп, « Аман» бекетіне келіп жеттік. Жағалай ағаш егіп тастаған, еңселі көп қақпалы үйдің алдына келіп, тоқтай қалған машинадан түсіп, Жақан ағай үйге кіріп кетті. Көп ұзамай үйден жүгіріп шыққан кекілді сары бала- сіздерге үйге кірсін,- деп жатыр деген соң, жүргізуші екеуміз үйге кірдік. Ұзын бойлы, қияқ мұртты, жасы отыздар шамасындағы үй иесі- төрге шығып жайғасыңдар жол алыс дегендей қысылмай демалыңдар,- деп жік-жапар болып, қонақжайлылық танытуда. Шөл басып, дәм ішіп болған соң, Жақан ағай:
- Дәурен, мына жас бала Алматыға оқу іздеп бара жатқан біздің елдің жеткіншегі. Мүмкін болса, Алматыға билет алып отырғызып жіберейік,- деді өтінішпен.
- Кәне, маған төл құжатыңды бер де үйде демала бер, өткінші поездардың біріне билет болып қалар,- деді. Ішкі қалтама қолымды салып төлқұжатым мен апам берген азғантай қаражатымды алып шығып, аға қанша берейін дегенімше, Жақан ағай ақшаңды қалтаңа салып қой, Нағашыңның үйіне бара жатқан жоқсың. Қаражаттың керегі әлі алда, бала. Сенің бір жолғы жолыңды мен көтерейін,- деп бір көк қағазды Дәуреннің қолына ұстата салды. Жақан аға мені кешкі поездға отырғызып, жол болсын айтып қала берді.
- Мен өмірде жолы болғыш адамдардың қатарына жатамын,- деді күлімдеп.
- Аға қай жағынан жолыңыз болғыш, деймін қағытып. Менің әзілімді түсінген кейіп танытып:
- Барлық жағынан да жолым болмады деп айта алмаймын. Ал, өмірдегі кейбір сәтсіздіктер ол менің пешенеме жазылған дүние.
- Қалай ағасы армандаған Алматыға да жететін кезіміз болып қалды-ау,- деп үнсіз әңгіменің негізгі желісіне түсуін өтінген сыңай таныттым.
Екі күн дегенде армандаған Алматыға да келіп жеттім. Жаман чемоданымды сүйреп, бірінші Алматы вокзалында біраз жүрдім. Қайда барарымды білмеймін. Біреуден сұрайын десем, қанша дегенмен ауыл баласымын ғой жасқана беремін. Қарында аша бастады. Вокзалдың бір бұрышындағы асханада тамақтанып отырғанымда, қасыма қызыл шырайлы, шоқша сақал қойған, орта жастағы кісі келіп жайғасты. Тамақтана отырып, маған сынай көз тастаған қария, қайдан келген баласын, шамасы оқу іздеп келгендердің бірісің ғой. Түріңе қарасам, алыстан келген жігітке ұқсайсың, жөніңді айта отыр демесі барма. Поездан түскелі ешкіммен сөйлеспей тығылып отырғанмен ағытыла жөнелдім. Қайдан келгенімді, Жесір кемпірдің жалғыз ұлы екеніме дейін қалдырмай айтып бердім. Қарт жүзіме күлімсірей қарап.- Тым алыстан келген екенсің, балақай! Танитында ешкімің жоқ. Дегенмен жүрек жұтқан жігіт екенсің,- деп арқамнан қағып қойып.- Інішек,- деді бейтаныс.
- Қазір мен сен іздеген оқу орнына қарай барамын, менімен бірге жүр. Оқу орнына жақын маңдағы аялдамадан түсіп қаласың. Әрі қарай өзіңде тауып аласың. Сонымен бейтаныс қартқа еріп, автобусқа отырып жүріп кеттік. Біршама уақыт өткеннен кейін қария осы аялдамадан түсте, тіке жүріп барып, оңға бұрылсаң алдыңда бес қабатты көк үй кездеседі. Сенің іздеген оқу орының сол көк үйде орналасқан,- деді де қош айтысты. Қарттың сілтеуімен ауыл шаруашылық инистиутынан бірақ шықтым. Чемоданымды астыма қойып, есік алдына көлеңкеге отыра кеттім. Енді не істеймін, қайда-кімге барамын деген ой мазалай бергені сол еді.
- Інім оқуға келіппе едің? Қайдан келдің?- деді есіктен шыға берген ұзын бойлы, көз әйнекті қара торы кісі.
- Иә, аға оқуға келіп едім. Алыстан Торғайдан келдім дедім күмілжіп.
- Торғайдан деймісің? Баратын жерің бар ма?- деді маған көз әйнегінің үстінен сүзіле қарап.
- Жоқ, дедім дауысымды қаттырақ шығарып.
- Ер соңымнан,- деді маған бұйыра сөйлеп, Мені ертіп ішке кірді де есік алдында отырған мұсқал әйелге маған Сәлімді шақырып жіберіңіз, апай деп өтінді. Орнынан ауыр қозғалып, екінші қабатқа көтерілген әйел қасына талдырмаштау келген жас жігітті ертіп келді.- Сәлім,- деді келген жігітке менің белгісіз қамқоршым.
- Мына бала сонау Торғайдан оқу іздеп талаптанып келген екен. Баратын жері жоқ. Сенің ендігі жұмысың осы жігітті жатаханаға орыналастырып, құжаттарын тапсыртып, қамқорлық жаса,- деді де жүре берді. Сәлімнің көмегімен құжаттарымды механика бөліміне тапсырып, жатаханаға орыналасып, күпті көңілім орнына түскендей болды. Бір бөлмеде сегіз бала жатамыз. Менің қасымдағы жігіт Жаркенттен екен. Тым үйірсек, кәзірде қалай баурап алғанын білмеймін тез-ақ үйренісіп тіл-табысып кеттік. Апама амандығымды білдіріп хат жазып жібердім. Емтихан тапсыратын күндерде келіп жетті. Бірге жатқан сегіз баланың тек үшеуі ғана сынақтардан ойдағыдай өтіп, студент атандық. Сейіт екеумізде қол созған арманның алғашқы табалдырығынан аттап, бақытқа бөленген жеткіншектердің ішінде едік. Сейіт деп отырғаным менің қасымдағы Жаркенттік - жігіт. Көңіл өсіп айдардан жел есіп, қиялға қанат біткендей күй кештік. Біз өте бақытты едік. Апама қуанышымды жеткізу үшін тағы бір хат жолдадым. Бануға да хат жазбақшы болып, оқталдымда кейінірек жазармын деген оймен көшеге шығып кеттім. Үлкен қаланың қым-қуыт тіршілігі мені еріксіз елітіп, өз құшағыма сүңгітіп жеберді. Сейіт екеуміз комендантты жағалап жүріп, ретін тауып, бір бөлмеге орналастық. Студенттерді күзгі жиын-терін жұмыстарына жақын маңдағы шарушалықтарға жіберетін. Біздің группамыз іргелі шаруашылықтардың біріне картоп жинауға жіберді. Сейіт екеуміздің бағымызға қарай сол шарушалықта Сейіттің апасы ( әкесінің қарындасы) тұрады екен. Жағдайымыз жаман болған жоқ. Сейіттің апайының үйінде жатамыз. Тамақ тоқ, көйлек көк дегендей жолымыз бола кетті. Апамды қанша сағынсам да, сағынышымды сабырлыққа жеңдіріп, бес жыл ішінде ауылға екі-ақ рет келдім. Үлкен қала, жақсы киіну керек, түрлі мәдени орталықтарға бару, қалтаның молдығын талап етеді. Сабақтан бос уақытта екі-үш студент жиналып вагон түсіреміз, түрлі жұмыстарға жалданамыз. Қалай болғанда да көштен қалмау әрекетін жасайтынбыз. Каникул кезінде жақын маңдағы шарушылықтарға барып, қосымша жұмыс жасаушы едік. Біздің ақшалы жұмыс табуымызға Сейіттің апа-жездесі көп көмек жасады. Басқа студенттердей жоқ-жарау жүрмей, қарнымыз тоқ, киім кешегіміздің дұрыс болуына осы жағдайлар көп көмектесті. Астананың тыныс тіршілігі маған Бануды ұмыттырып жіберген еді. Елге соңғы келгенімде Банудың тұрмысқа шығып кеткенін естіп, іштей оның бақытты болуын тіледім. Бұл менің Бануға деген шынай көңілім еді.
Студенттік өмірде зымырай өтіп, инженер-механик деген үздік дипломды қалтаға салып шыға келдім. Дос жарандарым осында қал, ауылда не бітерісің дегендіріне көнбей, туған жерге , апама деген сағынышымды арқалап, қызыл дипломды маман болып оралдым. Апамның қуанышында шек жоқ. Ағайындарын шақырып, қойын сойып, құдайысын беріп, шамасына қарай той жасады.
- Апа-ау, апа! Мен мұның адам болатынын білгенмін. Оқуын бітірді, амандық болса бір жерге дөкей бастық болады. Ендігі кезек, бос жүргізбей үйлендіру керек ұлды. « Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» ,- деген бар емеспе. Ұлыңның келсімін алып бер, қазір барып таңдаған қызына құда түсемін деп, күпінді қызып алған Жақан ағай.
- Данашымның өзі біледі ғой. Үкі таққан біреуі бар шығар. Қазіргі жастар құда түскенге көнеме, бір жыл мұрсат бере тұр. Болмай бара жатса, көре жатармыз, Жақан,- деді менің үй болғанымды, тезірек келін түсіргенімді қалаған анам, сөздің арт жағын жұмсартып.
Ол кезде жоғарғы білімді мамандардың аз кезі ғой. Жастығыма қарамастан аудан басшылары мені үлкен бір шаруашылыққа аға-инженерлікке тағайындады.Шешемді сол елге көшіріп алып, білекті сыбанып, жұмысқа кірісіп кеттім. Жұмыс істегеніме де алты жылдың көлемі болып қалған тұғын. Шараушылықтың жиын теріні, қырқымыз сияқты науқандық жұмыстары аяқталған соң, мамандар жан-жаққа іс-сапарға шығып, алдағы жылдың қамын ойлай бастайтынбыз. Осындай бір іс-сапармен обылыс орталығына келген болатынмын. Мініп келген жүк көлігіме казсельхоз техникадан түрлі жарақтар тиеп, ауылға жөнелттімде, өзім такси ұстап қаладағы жалғыз қонақ үйге келіп түстім. Қонақ үйдің іші ығы-жығы адам. Орын жоқ деген қағазшаны іліп қойған қызмет көрсету бөліміне. Үмітсіз шайтан дегендей, сұлуша әдемі келіншекке алыстан келіп едім қарындас, маған бір орынға көмектезіңізші дедім қиылып.
- Москвадан келмеген шығарсыз, жазуды көрмей тұрсыз ба?- деп бақшаң ете қалды.
- Енді қайда барсам екен деп бұрылып жүре бергенімде:
- Сіз маған келіңізші,- дегені жаңағы ақшаңдап тұрған сұлу келіншек.
- Маған айтасыз ба?- дедім сенер сенбесімді білмей.
- Иә, сізге, сіз маған төлқұжатыңызды беріңіз де күте тұрыңыз деген соң, толқұжатымның ішіне бір қызыл шұнақты салып, қолына ұстата салдым. Мен қандаймын дегендей бойын кербез ұстаған келіншек өкшесін тықылдатып, бөксесін бүлкілдетіп, жақын маңдағы еркек атаулының назарын өзіне аударып, есеп бөлімі деген есікке кіріп кетті. Көп ұзамай есеп бөлімінен қайта шыққан сұлу маған келіп,- сізге 212- бөлме бұйырды,- деп бөлменің кілтімен төлқұжатымды қолыма ұстата салды. Барып орыналаса беріңіз,- деді манағыдай емес сыпайы ғана. Бөлмеге келіп, жуынып шайынып, буфеттен тамақтанып алдымда сыртқа беттегенімде манағы сұлу келіншек:
- Ағай, кілтті тастап кетіңіз, сіздің затыңызға ешкімде тимейді,- деді күлімсіреп. Жымыя күлген сұлу келіншекке кілтті ұстата салдым да далаға шықтым. Қаланың көрікті жерлерін аралап, кафеге кіріп, бірер сапты аяқ сырамен шөл басып, қонақ үйге қарай беттедім. Күн кешкіріп қалған болатын. Манағы сұлу келіншектен кілтті сұрасам:
- Сіздің бөлмеңізде адам бар,- деп келте жауап берді көз жанарын төңкере. Біздің елдің азаматтарының бірі болса жақсы болар еді, деймін ішімнен. Бөлмеге кірсем, столдың үстін жайнатып жасап қойған. Маған арқасын беріп, терезеге қарап, бір әйел тұр екен. Қалт тұра қалып, әйелдің өң бойын тінте қарадым. Япырау, мынау сұлу мүсінді қайдан деп ойлап үлгіргенімше:
- Қолға түстің бе? Қашақ! Енді менен оңай құтылмайсың,- деді келіншек маған жалт қарап. Абдыраған үнмен:
- Сен шыныменен Банумысың! –деймін сасқалақтап.
- Иә, мен Банумын! Сен ұмытқан Банумын! Үш жыл сені зарыға күткен Банумын!- деді жанары жалт етіп.
- Аман-есенсің бе?- дедім өзіме-өзім келіп.
- Аллаға шүкір, пешенеме жазылған несібемді теріп жеп жүріп жатқан жағдайым бар. Сен жолда қалдырғанмен, көштен қалғаным жоқ. Біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей өмір сүріп жатырмын.
- Апаң аман-есен бе? Денсаулығы қалай дедім сұраулы жүзбен.
- Баяғы айқай келін жоқ, айқайын қойған, үлкейіп қалсада өмірдегі жалғыз тілекшім апам ғана. Құдайға шүкір аман-есен. Жарар, өткен күндер енді қайтіп келмес, осылай кездескеніме де қуаныштымын. Мына стол саған арнап жасалған қонағасы. Столға кел, дәм ішейік, қалған әңгімені стол басында отырып жалғастырамыз,- деді ұзын кірпіктерін қағып-қағып жіберіп:
Кастюмымды, галстугымды шешіп, жуынып шайынып стол басына жайғастым. Бануда менің жаныма келіп отырып алдымдағы тарелкаға тамақтың әр түрінен молынан салып, дәм алыңыз деп қонақжайлылық таныта бастады. Мұндайда дәм өтеме, көкөніс салатынан ауызға аздап салып жатып көзімнің қиығымен Бануға қарап қоямын. Олда маған үнсіз көз жіберіп отыр екен. Менің бойымдағы құбылысты байқап қалды ғой деймін сәл жымиып:
- Мыналардың қайсысынан бастаймыз,- деді көзімен стол үстіндегі ішімдіктерді нұсқап:
- Ішпеуші едім, Бану дедім ақырын ғана.
- Мен де ішпеуші едім. Ал, бүгін екеумізде ішеміз, аш деп шампанскийдің шынысын қолыма ұстата салды. Шегінер жер қалмады, шарапты ашып, үлкен стакандарға толтыра құйдым да, үнсіз Бануға қарадым. Бану қолына шарап толған фужерді алып, сәл ойланып:
- Мен осы күнді ұзақ күттім. Сені бір күні кездестіретініме сеніммен қарадым. Сенің бақытты болуыңды тіледім. Жүрегімнің түкпірінде жатқан барлық шындық осы,- деді көзі жасаурап.
- Ал, мына шарапты екеуміздің кездесуіміз үшін алып қоялық деп, фужердегі шарапты дәмін алып, сораптай ішіп, тауысып қойды да, маған тесіле қарап, Неге ішпей отырсың? «У» қосылған емес, ішіп қой, деген соң, менде стакандағы шарапты дәмін алып, тұшына жұттым.
- Сен, мені айыпқа бұйырма-Данаш. Сені көрген соң, ұмыт бола бастаған балдырған кездерім есіме түсіп, көңілім босағандай. Мен ешнәрсеніде ұмытқан жоқпын,- деп жаудырап қарап, стол үстіндегі конякты алып, кішкене стакандарға толтыра құйды.
- Кәне, Данаш,- деді маған көз жанарын аударып:
- Алыста қалған сол бір балауса шақтарымыз үшін алып қоя йықшы,- деп рюмкасын маған ұсынды.
Мен де рюмкамды қолыма алып: - Иә, сол балалық шағымыз үшін ішейк, деп Банумен стакан түйістірідім де қағып салдым.
Шараптың қызуымен, екеумізде шешіліп сөйлей бастадық.
- Мен, сені үнемі жадымда сақтадым, есімнен шығарған жоқпын. Сен мен туралы есіңе алып, ойланып көрдің бе?- деді Бану.
Өтірік айта алмадым:
- Шыным сол. Мен сен туралы ойланбаппын. Кешір мені Бану, дедім дәрменсіз үнмен.
- Данаш, сен менен кешірім сұрама, уәде берген жоқсың маған,- деп, Банудың өзі қолтықтан демегендей болды.
- Мен, сен туралы бәрін білемін. Сенің бір жақсы досың бар екен. Қысқаша өмір жолыңды сол кісі айтып берді. Ұмытпасам, аудандық ауылшараушылық басқармасының бас маманы болуы керек. Қаладағы жалғыз қонақ үй болғандықтан, бізге ісі түсетіндер көп. Өткен жылы семинарға жас мамандарды әкеліп, орын таба алмай тұрғанда көмектесіп едім. Елдің азаматы болған соң, ептеп әңгімеге тартып, сен туралы азын-аулақ ақпарат алған болатынмын. Сенің елде екеніңді естіп, қашан кездесер екенбіз деп жүргенімде, сәті бүгін түсті. Ал, менің өткен өмірім жайлы білгің келсе, айтайын,-деп, жанып тұрған шамға тесіле қарап алды да, әңгімесін бастап кетті:
- Сонымен, арманшыл жүрегіңе қиялың қанат бітіріп, сен Алматыға аттанып кеттің. Көкем қайтыс болғаннан кейін, оқуға барамын деген арманымның бос қиял екенін сезе бастадым. Бірақ, сені жоғалтамын деген ой менің үш ұйқтасам түсіме кірмепті. Дану, менің болашағым, оны күтуім керек деген ой, жүрегімнің түкпіріне берік орнап қалып еді. Сен кеткен соң да көл жағасына барып, жалғыз отыратынмын. Бірін-бірі қуып жағаға соққан майда толқындар, шолп етіп ойнаған балық, көлді айнала ұшқан үйрек қаздар, бәрі-бәрі сенімен өткен күндерді есіме салатын. Күндер ұзай берді, сенен хат-хабар болмады. Кейде, Данудың апасының амандығын біліп келіңіз деп, апамды жұмсаймын. Апам, асықпай шайын ішіп, өткен-кеткен әңгімелерін айтып, қайтып келетін. Бірақ, сен туралы хабар әкеле қоймайтын. Тамыздың аяғына қарай болар, сіздің үйге барып келген апам, Дану оқуға түсіпті, енеме хат келген екен,- деп қуанышты хабар айтып келді. Жүрегім дүрс-дүрс соғып, екі бетім қуаныштан болар бал-бұл жанып, дуылдап кетті. Жүзімдегі құбылысты білдірмейін деп үйге кіріп кеттім. Мен қандай бақыттымын, деп қайталай беремін ішімнен. Кейде пошта таситын шалдың үйінің алдынан әдейі өтемін. Балам, саған хат бар, деп айтып қалама деген оймен жаутаңдап қарап қоямын. Сен хабарсыз ұзай бердің. Мекен-жайыңды алып хат жазуға қыздық намысым жібермеді. « Жақсыдан шарапат» демейме халық. Қыркүйектің басында болар, ауданнан келген өкіл шақыртып жатыр деген соң, кеңсеге келсем, өзін аудандық мәдениет бөлімінің бастығымын деп тыныстырған, биязы мұртты азамат. Біздің фермадан аудандық кітапхананың бөлімшесі ашылатынын, кітапхана меңгерушілігіне ферма басшысы мені ұсынып отырғанын айтты.
- Ағай, менің қолымнан келерме екен дегенімше қолыма бір парақ қағаз бен қалам ұстатып, арызыңды жаз, ертеңнен бастап келген кітаптарды қабылдап аласыз. Қорқатын ештеңе жоқ. Мектепті жақсы бітіріпсің, өзіңдей қыздар барлық жерде жұмыс істеп жатыр, деп нүктені бірақ қойды.
- Сізге көмекке аудандық мәдениет бөлімінен тәжірбиелі бір қызыметкерді жіберемін,- деді де арызымды жаздырып алып кете барды. Баяғы өзіміз оқитын бастауыш сыныптың бір жағы бос екен. Соның іші-сыртын сылап, қалыпқа келтіріп, кітап қабылдауға дайындап қойдым. Келесі жетінің сәрсенбісінде құрал жабдықтармен кітаптар тиеген жүк көлігі есіктің алдына келіп тоқтай қалды. Машинаның кабинасынан шашы келтелеу қиылған, көгілдір көзді, сары қыз түсе қалып, Мырзатаева Бану сіз боламысыз,- деді амандықтан кейін.
- Иә, мен боламын.
- Сіз болсаңыз, мен аудандақ мәдениет бөлімінің қызметкері Светланамын. Мені сізге екі-үш күнге көмекке жіберді,- деді күлімдей қарап:
- Жақсы, қош келіпсіз, төрлетіңіз,- деп жатырмын қонақжайлық танытып.
- Кейін төрлете жатармыз, тездетіп машинаны босатумыз керек. Мекемедегі жалғыз машина. Биыл ашылған мәдениет ошақтары көп. Соның бәріне біз қызмет көрсетеміз. Ауыл жастарын шақыр, тездетіп жүкті түсіріп алайық,- деп пысықсиды Светлана. Мектептің ересектеу балаларын ертіп, Айгүл мұғалима келе қалды көмекке. Ауылда жүрген ересек жігіттердің көмегімен келген жүктерді түсіріп, стелаждарын құрып кітаптарын қалпына келтіріп алдық кешке дейін. Білекті сыбанып халыққа мәдени қызмет көрсететін шағын кітапхананың меңгерушісі болып шыға келдім. Светлана екі-үш күн болып, кітапхана ісін қалай жүргізу керек екенін үйретіп, түсінектер беріп, ауданға қайтіп кетті.
Бірқалыпты ауылдың қоңыр тіршілігі өтіп жатты. Жұмысқа көңілім бөлініп, елмен араласып, менің өмірімде бір арнаға түскендей болды. Алғашқыда ауыл тұрғындары жиі келгенімен, кейін келушілер сирей бастады. Тек, ересектеу мектеп оқушылары мұғалімнің айтуымен болар, ана кітап барма, мына кітап барма,- деп жиі келетін. Бөлімше меңгерушісінің машинасымен шопандарды аралап, кітап таратамын, айына бір рет ауданның мәдениет бөліміне барып, істеген жұмыс жөнінде есеп беремін. Өмірім осылай өтіп жатты. Көкем қайтқаннан кейін жүнжій кеткен апам көңілденіп, мені Бануым асырайды деп, еңсесін көтеріп, өмірге басқаша қарай бастады. Сен кеткелі үшінші көктем сияқты. Май айының іші болатын. Көлдің жағасына келіп, екеуміз отыратын жар кемешке отырып, көл бетіне көз жіберемін. Сол баяғы көрініс. Тек сен жоқсың қасымда. Самал жел мен сыбдыр ете қалған құрақтарға елегзи қараймын. Кейде құрақтың арасынан бармысың, Бануым,- деп сен шыға келетіндей үмітпен көз тігемін. Аққу үні құлағыма шалынған соң, көкке көз жіберсем, көлді айналып жалғыз аққу ұшып келеді екен. Сыңарынан айырылғанба деп аянышпен көз салдым. Сен де жалғыз екенсің, саған серік болайын дегендей аққу мен отырған жағалауға маған өте жақын келіп, айдынға қонды да, әдемі сұлу қанаттарын жинап алып, мойынын толғап- толғап қойып аянышты дыбыс шығарды. Денем түршігіп кетті. Жалғыздық еткен жаман еді деген ой мазалап, аққу жаққа үнсіз қарай бердім. Сен ауылға бір келіп кеткеніңде, келер деп кітапханада отырып көп күттім. Келдің де кеттің. Банудың өмірде бар-жоғы сен үшін бәрібір сияқты. Көңлімнің қатты қалғаны соншалық бірақ күнде басқа Бану болып шыға келдім. Кітапхананы іштен жауып алып, көз жасымды көл қылып, саған деген ашуымды өксіппен басқандай болып, орнымнан тұрып кеттім. « Ойнасқа сенемін деп байсыз қалдым»,- деген екен ертеде бір қатын. Қой, құр елеске елегізіп, жастық шағымды босқа өткізбейін, деп өзім жайлы ойлана бастадым. Тамыз айының ішінде аудандық мәдениет бөлімінің бастығы қасында облыстық мәдениет бөлімінің өкілі бар, менің жұмысымды көруге келе қалды.
- Алдыңызда тұрған бойжеткен ауданымыздың үздік кітапханашыларының бірі- Бану деген қарындасымыз, деп таныстырып жатыр. Ақырын көз салып қарасам, келген өкіл бізден бес-алты жастай ғана үлкен азамат сияқты. Кияқ мұртты, ат жақты, қара торы өңді, сұлуша жігіт-өзін Мұрат деп таныстырды. Мұрат ананы-мынаны сылтауратып жиі соғатын болды. Жігіттің менде көңілі бар екенін сезсемде, ешқандай көңіл білдіре қойған жоқпын. Желтоқсан айының ішінде Мұрат тағы келді. Осы келген сапарында кітапхананың ішінде отырып, өзі жайлы көп әңгімеледі. Маған деген сезімінде кешірім сұрай отырып сыпайы жеткізді. Кетерінде ойланып жауабыңды берерсің, кездескенше сау тұрыңыз деп шығып кетті. Мұрат кеткен соң көп ойландым. Жаңғыз шешемді өз жағдайымды ойлай отырып, бір шешімге келгендей болдым. Мұрат көп ұзамай қайта келді. Өз жағдайымды Мұратқа әңгімелей отырып жеткіздім. Жалғыз шешемді тастап ешқайда кете алмайтынымды, шешемнің жағдайына қарап, оқуға да бара алмағанымды толығынан баян еттім.
Мені тыңдап болған Мұрат:
- Сен туралы бәрін білемін. Келіссең болды. Апаңды да көшіріп аламыз. Үш бөлмелі пәтерім бар, төртеумізге молынан жетеді. Екі кемпір апалы-сіңілідей болып кетеді әлі. Бәрі екеумізге байланысты,- деді өз ойын қорытып.
- Олай болса, ұстадым етегіңнен, орға жықпассың, суыққа тондырмассың. Тағдырымды сеніп тапсырдым сенің қолыңа дедім толқып.
Көп ұзамай екеуміз бас қосып, үй болдық. Мұрат өз уәдесінде тұрып, апамды бірге көшіріп алды. Балалық шағым, балауса кезімнің куәсі болған, жатаған үйлі шағын ауылмен, қимай қоштасып, қалалық болып шыға келдім. Кетіп бара жатып, көлге көз салдым, жазы кетіп, қиқулы қазы кеткен айдын көл, қалың қар жамылып, мұз болып қатып мелшиіп қала берді артымда. Қош бол туған ауыл, айдын көл, қош бол, Данаш!- дедім ішімнен толқып. Мұраттың көршілері бір ғанибет адамдар екен мені тез орталарына алып, үйіріп алып кетті. Көршілер болып жиі бас қосатынбыз. Осындай бір бас қосқанда Күлшара апай:
- Мұрат, келінді неге оқытып алмайсың? Мына заманда диплом артық болмайды,- дегені сұраулы жүзбен.
- Биыл кеш қалып қойдық. Амандық болса келініңізді оқыту келесі жылдың үлесінде,- деп Мұрат менің иығымнан қысып қойды.
- Келесі жылға қарайтын несі бар. Бізде қосымша қабылдау жүріп жатыр, ертең келінді құжаттарымен маған алып кел,- деді апай бұйыра сөйлеп.
Ертеңіне құжаттарымды алып Мұрат екеуміз апайдың кабинетінде отырдық. Апамыз ауылшаруашылық техникумының оқу ісінің меңгерушісі екен. Құжаттарымды алып, мені ертіп жүріп, екі-үш кабинетке кіргізіп шығарды да, қолыма ауыл шаруашылық техникумының есеп бөліміне оқуға қабылданды деген қағазды ұстатып жатып, не істеп, не қоятыныңды қосымша хабарлаймын. Мұратқа қарап:
- Інім, келін енді менің толық қарамағымда болады, оқу бітіргенше, келісесің бе?- деді жымиып.
- Құзырыңызға құлдық, апажан,- деді Мұрат елпілдеп рахметін айтып жатыр.
Күлшара апай әлі күнге дейін туған сіңілісіндей қамқорлық жасап келеді. Апайдың көмегімен техникумның кітапханасына жұмысқа орналасып алдым. Бір жылдан соң апай:
- Сен енді өз мамаңдығың бойынша жұмыс істеуің керек,- деп бас есепшімен келісіп,оқу орынының есеп бөліміне жұмысқа ауыстырды.
Мұраттың өмірі қысқа болды. Біз отау тіккенен кейін бір жыл өткен соң Мұраттың анасы қайтыс болды. Анасының қайтыс болғаны Мұратқа қатты батты. Үш жылдан кейін Мұраттың өзіде жүрек талмасынан кенеттен бақыйлық болып жүре берді. Мұратпен отасқан азғантай жылдар менің өмірімнің ең бақытты кезеңдері еді. Амал не, жақсы азаматтың артында тұяқта қалмады. Көз жасымды көл қылып, жылап-еңіреп мен қалдым артында. Марқұм өлетінін білгендей өз атындағы үйді, жеке машинасын менің атыма жаздырып, заңдастырып кетіпті. Дағарадай үш бөлмелі пәтерде апам екеуміз қалдықта қойдық. Машинаны мен не істейін, мінетін артта қалған баласы жоқ. Сатып жібердім де, сол қаражатқа жылына дейін басына ескеркіш орнаттым. Менің қолымнан келгені сол болды.
Марқұмның иманы жолдас болсын. Отасқан азғантай уақыт ішінде, бетіме қарап, бір ауыз сөз айтып көрмепті. –Бануым, Бануым-деп еркелетумен өтті өмірден. Тағдырдың жазуы болар, маңдайыма симай кете барды.
Жақсы көршілер, Мұраттың силасқан жора-жолдастырының демеуімен көштен қалмай өмір сүріп жатқан жағдайым бар. Менің мына іс-әрекетіме қарап, бұзылған әйел екен деп ойлауыңда мүмкін. Бұл жағдайды әдейі ұйымдастырдым. Сенен балауса кезде кеткен өшімді алғым келді, иттігіңді бетіңе басқым келді,- деді көзі жасаурап.
Дәл баяғыдай менің иығыма басын салып, сұлық отырып қалды.
- Жо, жоқ мен олай ойламаймын, Бану, дедім міңгірлеп.
- Өтірік айтпа, мұндай жағдайда еркектердің бәрі солай ойлайды. Нансаң, Мұрат өмірден өткеннен бері, көз салғандар да, көңіл білдіргендер де болды. Бірақ мен қолымдағы апамның жағдайын ойладым. Жасы келгенде біреуге тәуелді болмасын, менен басқа кімі бар, енді қалған өмірімді анама арнайын деген ой менің басқаша іс-әрекетке баруыма тосқауыл болды. Солай Данаш! – деп еркелей наздана қарады. Сәл бұрылғанда сол баяғы бұйра кекілі тамағымды қыдықтап, бұдан көп жыл бұрын көл жағасындағы жұпар иіс мені еріксіз билеп бара жатыр еді. Бануды өзіме қарай икемдеп, маңдайынан иіскедім. Ол менің құшағымда сұлық жата берді. Не істесең де, еркің білсің дегендей сыңай бар жүзінде. Көп жылдан кейінгі сағыныш па, әлде кенеттен оянған от сезім бе, бір дүлей күш екеумізді де төсекке итермеледі. Мен үнсіз Бануды аймалай бердім. Бану болса, көз жасына ие бола алмай, жанарын кең ашып, кейде бота көздерін тарс жұмып алып, оңбағансың Данаш! Оңбағансың,- деді кішкене жұдырықтарымен кеудеме әлсіз соққылап. Ыстық құшағымызды жазбай, аймаласқан күйі ұйықтап кетіппіз. Оянсам, сағат он болып қалған екен. Стол үстіне жеңіл тамақпен бір шәйнек шай әкеліп қойып кетіпті. Бану шығар алдырған деп ойлап үлгергенімше, өзі де кіріп келді. Беті сәл ісінген, нәркес жанарын мұң шалған, есейген Бану тұр қарсы алдымда.
- Қалай, демалдың? Еліңе қашан қайтатын едің?- деді ақырын ғана.
- Әлі екі-үш күн боламын, жұмыстарым біткен жоқ. Елден машина келуі керек дедім.
- Осында бола бересің бе? Әлде баратын жерің бар ма?- деп маған барлай қарады.
- Осында бола беремін. Кеше сен сый-сиапат көрсеттің, менің де дастарханымнан дәм тат, кешке бірге болайық, дедім батылданып.
- Әй, Данашай! Осы сөзді сәл өзгеріспен мәңгі бірге болайық, деп осыдан он бес жыл бұрын айтқаныңда, мен қандай бақытты болар едім, деп жанарындағы жасты көрсеткісі келмей шығып кетті.
- Әттегенай! Дедім ішімнен, орындыққа отыра кетіп.
Біздің қарым-қатынасымыз жалғаса берді. Бану да жақсы көрген көңілмен қарсы алып, қимастықпен шығарып салатын.
Кезекті бір іс-сапарымда, қонақ үй қызметкері қолыма бөлменің кілті мен сыртына менің аты-жөнім жазылған конвертті ұстата салды.
Япырау, мынау Банудың жазуы ғой. Не болды екен деген оймен бөлмеге келіп жайғасқан соң, конвертті аштым. Банудың маған арнаған хаты екен. Ашып оқый бастадым:
Данаш!-деп бастапты хатты Бану.
Осыдан он жыл бұрын сен мені тастап кетсең, енді мен сені тастап кетіп барамын. Осылай істеуге мәжбүр болдым. Біздің ыстық қатынасымыз жалғаса берсе, түбі жақсылыққа апармайтынын сездім. Сенің жанұяңның бүтіндігін ойладым. Өз бақытым үшін балаларың мен қарт анаңның көз жасына қалғым келмеді.
Сен білмейтін шығарсын, менің әкем де, шешем де балалар үйінен болатын. Жақыным бар деп айта бермеуші еді екеуі де. Осыдан бір жыл бұрын апамның туған інісі бізді іздеп тауып, келіп қонақ болып кеткен. Ол-кісі маған нағашы болады ғой. Кетерінде апама, маған қолқа салып:
- Апа, сендерден басқа жақыным жоқ. Жас болса ұлғайып келеді. Келіссеңдер көшіріп алып кетейін. Қалған тіршілікте бірге болайық,- деген соң апамның көңілін қимай, келсім берген едім. Осы шаруаны жылдамдатуыма сен себепші болдың. Нағашымның балалары келіп, көшіріп алып барады. Көшкен жағымды бірге жұмыстас болған қыздарға да айтқаным жоқ, саған да айтпаймын. Сенің бақытты өмір сүргеніңді, жанұяңның бүтіндігін тілеймін!
Қош-сау бол! Сені сүйген Бануың,- деп қолын қойыпты.
Хатты оқып меңзең болып отырып:
- Әттеген-ай! Әттеген-ай!, Әттеген-ай! Бану неге бұлай істедің?- деп қайталай бердім ішімнен.
Әңгімесін аяқтаған көршімнің бет-әлпетіне көз салсам, тұнық жанарын мұң шалып, Бануын іздегендей, терезеден алыс көкжиекке қадалып қалған екен. Дәкеңнің Бануын еске алып тұрған осы бір сәтін бұзғым келмей менде үнсіз отыра бердім.
Терезеге көзім түсіп кетіп еді. Салқын тартқан күздің күні көкжиекке еңкейіп барады екен. Әп сәтте суық сұр бұлттар күннің көзін жаба қойды да, солтүстіктен салқын жел соғып, алғашқыда сіркірей жауған күздің жылауық жауыны, жел көтерілген сайын үдей түсіп, терезені ұрғылай бастады. Денем түршіккендей болған соң тұрдым да, әлі үнсіз жатқан Дәкеңнің үстіне көрпесін қымтай жаптым. Қимыладған да, үндеген де жоқ...
Көрпемді орана жамылып қисая кеттім төсекке.
Таңертең тұрып терезеге көз салсам кеше тұлдана қалған долы табиғат түк болмағандай тынши қалыпты. Күн шайдай ашық. Кешегі жауған жаңбырдан болар ауадан сызды дым сезіледі. Төсек орнымды қалыпқа келтіріп жатып, Дәкеңе көз салсам әлі кешегі тылсым ойдың жетегінен арыла алмай, өзімен-өзі отырғаннын байқадым.
Тыныштығын бұзбайын деп, газет журналдарды ақтарып өзіммен-өзім бола бердім. Аурухананың күнделікті тіршілігі дәрі ішу, укол қабылдау. Біреуге ашулы ма есіктен шатынай кірген медбике аға түсіріңіз дегеніне түсінбегендей.
- Нені?- дедім жай ғана
- Шалбарыңызды,- деді шатынап
Саған керегі менің бөксем болса, ала ғой дегендей тіземе дейін түскен шалбарымды көтермей, бөксемді ыңғайлап тұра қалдым. Менің әдейі істеп тұрғанымды сезген медбике қолындағы инесін бөксеме шалп ұрып жібергені. Ине сүйегіме тигендей болған соң, кіржің ете қалдым. Бетімдегі құбылысты байқап қалған көршім мырс етіп күліп жіберді.
- «Басқа пәле тілден» деген Байқамасаң біреудің ашуының құрбаны болып кетесің,- деді жадырай күліп.
Әне-міне дегенше түсте болып қалды. Медбикелермен әзілдей сөйлескен әйелдің дыбысына елең ете қалған Дәкең, - келін келе жатыр, қарсы алмайсың ба?- деді сөзінің аяғын әзілге айналдырып. Айтып ауыз жиғанша:
- Қалайсыздар,- деп жұбайым да кіріп келді.
- Кәне, қолдарыңызды жуып, ыстықтай дәм ішіңіздер,- деп қолындағы шағын табақ етті стол үстіне қойып, бетіне жапқан қақпағын алғанда палата ішіне жылқы етінің иісі жайылып, аранымызды ашып жібергендей болды.
- Дәке, дастарханға жақындаңыз дегенімше.
- Шақырмасаңда барамын. Келін үйден шыққанда жылқы сорпасының исі мұрнымды қыдықтаған болатын. Жарықтық жылқы етіне не жетсін,- деп стол басына келіп жайғасты.
Жылқының семіз етін сүйсіне жеп отырған бізге сорпа құйып жатып:
- Апайдың үйі кеше соғым сойған. Кешкісін ағайындар сонда болдық. Ауыз тисін деп саған беріп жіберген дәмі. Соғымдары семіз болды,- деді де, біз қашан соямыз соғымды дегендей сураулы жүзбен маған қарады.
- Асықпа бәйібше, аптаның соңына қарай шығарып қалар ауруханадан. Бұйыртқаны болады. Соғымда сойылады. Дәкең екеуміз барып, жүз граммен қанды қуырдағын житін боламыз,- дедім күліп.
- Бұйыртса де баурым,- деп ризашылықпен қарап қойды.
Семіз етті тойа жеген бізді қою қара шай мен сусындатқан жұбайым еміміздің шипалы болуын тілеп қош айтысып шығып кетті.
-Дем алғанымыз дұрыс болар, Дәке-деп көршіме қарасам төсегіне қисайған екен.
- Жақсы түс көріңіз,- дедім де ұйқыға бас қойдым.
Аурухананың адамды мезі ететін тірлігі аяқталғаннан кейін, жаңа әкеліп берген газеттерді оқымақ болып, парақтай бастадым.
- Газеттіріңнің артығы болса маған да берернсің,- деген көршімнің жүзіне қарасам, түскі демалыстан кейін ауыр ой құшағынан босанып, екі көзі күлімдеп, жүзі нұралнып отыр екен.
- Мә, алыңыз, деп орталық баслымдардан бірнеше газеттерді алып тастай салдым. Екеумізде газет оқумен өзді-өзіміз болып отыра бердік. Мұндай отырыстың өзі де адамды тез жалықтырып жібереді екен. Ақырын жөтіркеніп, көршімнің аужайын байқайын деп үнсіз жүзіне көз жібердім. Әңгімені қалай бастарымды білмей ананы-мынаны түріткілеп қипақтай бердім. Менің осы жағдайымды байқаған ол:
- Қыздың алдында қысылған бозбаладай неге қипақтай бересің,- деп мырс етті.
Біреуге риза болғанда барлық дауысыммен сақылдап күлетін әдетім бар еді. Дәкеңнің « қыздың алдында қысылған бозбаладай» -деген теңеуіне риза болғаннан палатаны көшіріп сақылдап күле бастадым және ұзақ күлдім. Оқыс шыққан дыбысқа алаңдаушылық білдірген медбикелер жүгіріп келіп, аға сізге не болған дегендеріне, басымды шайқап қойып күле бердім. Ешкімге зияны жоқ күлкі екенін сезген медбикелер жөніне кетті. Бірте-бірте күлкімді баяулатып, иғымды селкілдетіп барып тоқтадымда көршіме назар салдым. Ұялы жанарларымен таңырқай қарап отыр екен.
- Бауырым, мынандайда мінезің бар екен ғой. Сенің мына күлкіңе шыдас беріп жүрген келін әулие екен,- деп басын шайқады, таңқалған пішінмен. Бұл менің біреуді сөйлету үшін жасайтын айла-тәсілдерімнің бірі еді.
- Мен сізді күлкімен таңқалдырдым, сіз мені немен таңқылдырар екенсіз,- деп көршімді еріксіз әңгімеге тарттым.
- Біздің қоғамда мынандай қағида қалыптасқан. « Дәрігерді адам жанынан арашаласа, мұғалімді адам жанының инженері»- деп жатады. Ал, сонда құрылысшы, аграном, инженер- кім? Өзің ойлашы оларда ғұмыр бойы адаммен жұмыс істейді. Мысалы: мен, қарапайым инженер өзімнің еңбек жолымда қаншама адаммен тағдырлас, сырлас, жұмыстас болдым. Халық көпшілік болған соң, оның ішінде жақсы-жаманы, оқығаны-тоқығаны, ғұламалары болуы заңды құбылыс. Стол басында отырып қызымет жасау бізді сан қилы тағдырлы адамдармен кездесуге мәжбүр етеді, олардың мінез құлқы да сан алуан. Әркімнің мінез құлқына қарай іс-әрекетке көшіп, тіл табысуға, қолынан келсе көмек жасауға талпыныс жасайсың. Кейбіреу ішімдегімді тап дегендей тымырайып отырып алады. Мұндай жағдайда алдымда отырған кісінің жанарына үңіле қарап, ішкі сырын көзінен оқуға талпынасың. Бұл әрекетің кейде сәтті, кейде сәтсіз шығып жатады. Ұзақ жылдар бойы адамдармен жұмыс істегендіктен олардың мінез құлқы, көз қарасын зерттей отырып, азаматтың ішкі ойын сезіну мен үшін онша қиын нәрсе емес. Кешеден бері айнала қипақтап, сұрай алмай жүргенің Бануды іздедім бе, жоқ па оның тағдыры не болды деген ойлар мазалады сені. Мен сенің ішкі дүниеңдегі ойды сезсемде өзіме өзім келіп алғанша үндемейін деп шештім.
- Сіз менің ойымды дәл таптыңыз,- дедім шындықты мойындап.
- Олай болса тыңда: Бану кеткен соң жұртта қалғандай беймаза тіршілік кештім. Мінез құлқым өзгеріп, ішімдікке боялдырған уақытымда болды. Жақсы дос қашанда дұрыс бағыт-бағдар беріп, қолтығыңнан демейді. Бір-бірімізден сыр жасырмай өте жақсы араласып кеткен кісім аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полковник Әбішов Сұлтанбек деген азамат еді. Август айының орта шенінде Сұлтанбектің кабинетіне келіп кірдім.
- Ау, Дәке, көптен көрінбей кетіп едің, қай құдай айдап келді сені. Шаруаңды айта отыр деп жік-жапар болып жатыр.
- Неге сонша жүдеп кеткенсің? Үй ішің амандықта ма?- деді тұла бойыма көз жүгірте қарап.
- Аман- есенбіз, дедім көңілсіз кейіп танытып.
Сұлтанбек телефонмен үйіне қоңырау шалып, жұбайына қасымда Дану бар, түсте үйде боламыз. Лапшаң қоюырақ болсын,- деді де маған назар аударып.
- Бүгін жақсылап дем алайық, сенде шаршап жүрген сияқтысын. Менің келісімімді күтпей:
- Кәне мырза сөйлей бер, қандай шаруамен келдің, қолдан келген көмегімді аямаймын,- деп менен жауап күткендей тесіле қарады. Ешкімге сырымды аша алмай, ішқұса болып жүрген байғас басым, сонау балалық шақтан бастап, Бану екеуміздің жағдайымызды толық баяндап бердім. Ол сөзімді бөлмей үнсіз тыңдады. Тоқ етерін айтқанда маған Бануды іздеп тауып бер деп отырсың ғой. Солай ма?
- Иә, Иә!- дедім шыдамсызданып.
- Жарар, біздің құрығымыз ұзындау. Жан-жаққа қоңырау шалып, іздейміз табамыз,- деп менің беймаза көңіл күйіме сенім ұялатқандай болды. Жансаяның дайындаған дәмін, бір шишаны бөле отырып ішіп, жақсы көңілмен елге аттанып кетіп отырдым. Кетерімде Сұлтанбек:
- Шөлмекпен шаруа бітпейді. Жұмысыңа, жанұяңа көңіл аудар. Хабар өзімнен болады,- деп Сұлтанбек қала берді. Сұлтекеңе құдайдай сеніп мен кете бердім.
Жұмыс уақытының бір мазаң кезеңі еді. Шаруашылықтың тынымсыз тірлігі, жетіспейтін бөлшектер іздеп іс- сапарға шығу, менің көңілімдегі ойды біршама сейліткендей болды. Қайда жүрсем де Сұлтанбекке қоңырау шалып, одан жақсы хабар күтетінмін. Менің көңілім үшін айтады ғой деймін Сұлтанбек бірде Семейге, бірде Қызылордаға қоңырау шалғанын, ішкі істер басқармасы тарапынан іздестіру жүріп жатқанын айтып, жақсы хабар болып жатса, тез жеткізетініне сендіреді мені. Шарушылық басшысы Ақөзек бойындағы бригада жұмысының жүрмей жатқанын, жұмыстары бір арнаға түсіп кеткенше сонда болуымды өтінген соң, үйге келіп, жеңіл киімдерімді жол қапшыққа салып алдым да машинаға отырып жүріп кеттім. Рөлде өзім, елден ұзаған сайын көзіме ұйқы тығылып, мазамды ала бастады. Тынығып алайын деп, күре жолдан едәуір ұзап барып тоқтап, машинаның көлеңкесіне көрпешені төсеп жіберіп, жата кеттім. Ұяқтап кетіппін. Түс көріп жатыр екенмін. Түсімде қызылд-жасылды киінген қыздар би билеп, ән салып жүр екен. Ортасында баяғы Бану, менің Бануым!
- Бану, Бану!- дедім бар дауысыммен айқалап. Маған жалт қараған Бану:
- Аман-есен барсың ба? Данаш! Менде бәрі жақсы, мені іздеп әуре болма? Сенің амандығыңа сенің жанұяңның бүтіндігіне тілекші болып қала беретін Бануыңмын,- деп менен алыстай берді. Мойнына байлаған қызыл орамалын шешіп алып, бұлғап-бұлғап қойды. Кенет көтерілген құйын Банудың қолындағы орамалды жұлып ала жөнелді. Жалт етіп аспанға қарғанымша, орамалда көзге көрінбей ғайып болды. Банудың бейнесіде сағыммен араласып жоғалып барады екен. Ұйқыдан оянып меңзең болып отырып, көрген түсім Банудың маған айтпақ болған ойы деп қабылдадым. Ойланып отырып мынандай шешімге келдім. Қой, Бануды алаңдатпайын. Мүмкін өзіне лайық жақсы азамат кездесіп, жаңа өмір бастаған шығар, деген ойға бекінген мен, менде сенің бақытты болғаныңды тілеймін,- деп машинама мініп жүріп кеттім.
Арада бірталай жылдар өтті. Аудандық ауылшаруашылық басқармасында істеп жүрген кезім. Кезекті бір жиналыстан тарай бергенімізде, басқарма бастығы.
– Сіз кідіре тұрыңыз,- деді көз әйнегінің астынан сүзіле қарап.
Бастық: - Маған жақындап отырыңыз,- деп алдындағы орындықты нұсқады.
Не болып қалды деген оймен, бастықтың қарсы алдындағы орындыққа жайғастым. Бастығым папкасының ішінен бір парақ қағаз алып, алдыма тастай салды. Қағазға көз жүгіртсем маған бағытталған телеграмма екен. Тәтем қатты науқас. Мүмкіндігіңіз болса келіп кеткеніңізді қалайды,- деп жазыпты. Астына Байжан деп қол қойыпты. Бану деген ой басыма теуіп, түсім өзгеріп кетті ғой деймін.
- Алматыда жақындарың бар ма еді,- деп сұрады бастығым.
- Бірінші сыныптан бастап, бір партада отырған құрбым еді,- дедім ақырын ғана.
- Олай болса, сенің міндетті түрде барып келуің керек. Дану 10 күнге Алматыға іс-сапарға барасың,- деді де бұйрығын жазып қолыма ұстата салды.
Не болды екен деген ой мазалаған мен, ұшаққа отырып, Алматыға тартып отырдым. Әуежайдан такси алып, көрсетілген мекен-жай бойынша жан-жағы биік дуалмен қоршалған еңселі биік үйдің қасына келіп түстім. Қоңырау нүктесін басып, іштен кім шығар екен деп тұрғаным да, бұйра бас, ұзын бойлы, аққұба жігіт есік ашты. Сыпайы амандасып
- Дану, боларсыз,- деді сұраулы жүзбен.
- Иә, Данумын.
- Үйге кіріңіз, тәтем сізді күтіп жатқанға ұқсайды,- деген сөзді естігенде не болғанын білмей, ішкі жан сарайымды жалын шарпып өткендей, сезіммен үйге кірдім. Кең төрт бөлмелі үй екен. Оң жақтағы бөлмені нұқсаған соң, жасқана басып ішке кірдім. Терезе алдына жақынырақ қойылған тақта үстінде қу сүйегі қалған, тірі аруақтай болып Бану жатыр екен. Тақта қасындағы орындыққа жайғасып, әлсіз қолын алақанымның аясына алып, Бану, Данашың келді, көзіңді ащы дегенімде , ол бойына бар қуатын жинап, бота көздерін кең ашып, менің жүзіме тесіле қарады. Әп сәтте жүдеу жүзі нұрланып, ризамын, Данаш ризамын деп қайталады әлсіз үнмен. Сонау алыста қалған балалық шағы есіне түсіргендей, жүзіме қадала қараған жанарынан екі тамшы үзіліп, төмен сырғып бара жатыр екен.
- Қой жылама Бану. Мен сенің қасыңда болу үшін әдейі келдім. Әлі-ақ сауығып кетесін деймін өзімді-өзім алдап. Менің сөзіме ризашылық білдіргендей, әлсіз саусақтарымен қолымды ақырын қысып қояды. Сәл әл жинап алып:
- Данаш,- деді әлсіз үнмен. Оң қолымен жастығының астынан қызыл орамалды суырып алып менің қолыма ұстата салды. Банудың іс-әрекетінен оның менімен қоштасып жатқанын сездім. Ет жүрегім елжіреп, жан дүнием езіліп отыра бердім Банудың қасында. Түнгі сағат он екі кезінде, барлық туысқандарымен үнсіз қоштасқан Бану, соңғы демі үзіліп бара жатып, менің саусақтарымды әлсіз қысып, қоштасқандай болып бақыйлық сапарға аттанып кете берді. Бануды арулап анасының қасына жерледік. Өлетінін білгендей үш жыл бұрын қайтыс болған анасының үйін кеңейтіп салдырған екен.
Менің сұраулы жүзіме Байжан:
- Тәтеміз тек анасы үшін өмір сүрген адам. Біздің айтқанымызға болмай, анасының үйінде кеңейтіп салдырды. Қасына өзім жатамын деп ойлады ма екен марқұм,-деп менің сұраулы жүзіме жауап бергендей. Анасының басына қойған ескерткішке өмірдегі жалғыз тілекшім, тірегім, анама Банудан ескерткіш деп жаздырыпты.
Екінші адамға қойылатын ескерткіштің орынын қалдырып кеткен екен . – Бануды бақыйлық өмірге шығарып салған соң барлық ағайындары соңғы шілдеханасында жиналды.
- Бауырлар,- дедім мен отырған жамағаттың назарын өзіме аударып. Кейбіреулеріңіздің көңілдеріңізде мына азамат кім? Бануға қандай жақындыға бар деген сауалдар мазалауы мүмкін. Мен сонау Торғай өңірінен келіп отырмын. Бану мен екеуміз балауса балдырған кезімізден бастап, жатаған үйлі қазақы ауылда өстік. Мектепке де бірге бардық. Оныншы сыныпты бітіргенше бір партада отырдық. Марқұм Бану мектепте өте жақсы оқып еді. Бірақ жалғыз қалған анасын тастап, жасында армандаған Алматыға келіп білімін жалғастыра алмады. Тағдырдың жазуы шығар анасына да, өзіне де жаратқан ием бір уыс топырақты арманы болған Алматыдан бұйыртыпты. Топырағы торқа болсын. Мен, сіздердің қайғыларыңызға ортақтасуға келген Банудың сыныптас досымын. Сіздерден рұқсат болса, Банудың жанашырлары жоқ дегенім емес. Менің жаны жайсан құрбым тілекшім, ақ қанатты періштем Бануыма жасаған қызметім болсын. Өз қолыммен басына ескерткіш қоюға рұқсат етіңіздер,- дедім толқып. Үйдің ішін тылсым тыныштық билеп алды. Әлден уақытта: -Банудың нағашысы жөтіркеніп алып сөйлеп кетті.
- Бауырым, сөзіңді тыңдап отырып Бану екеуіңнің шынайы сыйластықтарыңның куәсі болғандаймын. Сіздің жүзіңізден, сөзіңізден досқа деген адал көңілді аңғару қиын емес. Шын көңіліңмен ниет еткен екенсің, бізденрұқсат дегенде, не айтар екен деп отырған мен, уһ- деп терең күрсінгенімді аңғармай қалдым. Ертеңіне жақын маңда ескерткіш соғатын ұйғыр ағайындар бар екен. Байжан екеуміз барып тиісті еңбек ақысын беріп, ескерткіш жасаттық. Екі күнде ескерткіш таста дайын болды. Базардан қой алдырып, сойдырып, көрші-көлем мен Банудың жақындарын жинап ескерткіш қойылып болған соң, құран бағыштаттым. Ескерткіш тасқа өмірін сағынышпен өткізген Бануға сыныптас досы Данаштан ескерткіш деп жаздырдым. Байжанның өтінішімен Алматыда тағы бір күн аялдап, сүйікті Бануыммен мәңгіге қоштасып елге оралдым. Үйге кіре бергенде алдымнан жүгіріп шыққан қызымның мойынына Банудың қызыл орамалын байлап, үнсіз бауырыма бастым,- деп әңгімесін аяқтады көршім.
Дәкеңнің жүзіне қарасам, Бануын есіне алып, алыста қалған балалық шағына қайта оралғандай болып отырғанын байқадым да, тыныштығын бұзғаным жоқ.
II
- Мырза,- деді ол маған.
- «Айтылған сөз, атылған оқпен тең»,- деп бекер айтпаған дана халқымыз. Өз басымдағы әттегенайлар жөнінде бастаған екенмін, аяқтамасам саған берешек адамдай болып қаламын. Сондықтан әттегенайлар жөнінде сізге толық баяндауға шешім қабылдадым.
- Олай болса, Алматыға қайта ораламыз ғой, ағасы.
- Дәл солай, Алатау баурайына қайта оралып, студенттік өмірдің қызық-шыжықтарын еске ала отырып, өзімнің екінші әттегенайға қалай ұрынғаным жөнінде әңгімелекпін. Сейіт менің жан досым. Бес жыл бір бөлмеде жатып, қолдағы барымен бөліскен, абзал-азамат. Ол да, мен де музыканы жақсы көретінбіз. Сол кездегі әуен аспаптарының кереметі қос тілді гармон, мондолина, домбыра болатын. Осы аталған аспаптарда екеумізде жақсы ойнаушы едік. Керемет болмағанымен қоңыр дауыспен әнде салатынбыз.
- Ой, Дәке серіліктен де құралақан емес екенсіз, дедім көршімді қағытып.
Оның маған қараған уытты жанарынан мысқылдап отырсың-ау бала деген ойды аңғардым да:
- Жігітке жеті өнерде көптік етпейді,- демейме қазақ.
Өнерлінің тасы өрге домаламайма ағасы. Менің айтқан әзілдерімді көңіліңізге алып қалмаңыз. Сөз арасында сізді қолдау үшін айтып жатқаным ғой.- деп жуып шайған боламын.
- Ондай ой менде бола бермейді. Сейіт екеуміз көркемөнерпаздар үйірмесінің белді мүшесіміз. Одан қалды, студенттер арасындағы түрлі отырыстардың бізсіз өтетіні өте сирек болатын.Сол азғантай өнердің арқасында бедел де жаман болмады. Алмалы ауылында Сейіттің апа-жездесі тұратын. Екеуміз бір демалыста сол ауылға тартып отырдық. Апа-жездесі бір ғанибет жандар. Қашан барсақ та, үйрек-қазын сойып, жік-жапар болып жатқандары. Кешкі асқа енді отыра бергенімізде.
- Кештеріңіз жарық болсын,- деп сыңғырлай күлген екі бойжеткен кіріп келді.
Орнынан ұшып тұрған Сейіт:
- Ау, Алмагүл қайдан жүрсің, көрмегелі көп болды ғой,- деп Алмагүл есімді қызды құшақтап, бетінен сүйіп жатыр. Апай да қыздарды бұрыннан таныйды ғой деймін, емен-жарқын амандасып, төрлетіңдер, қазір шайды кең жерге жасап жіберемін деп қыздарға құрмет көрсетуде. Амандықтан соң Сейіт қыздарға мені таныстыра өтті. Алмагүл қасындағы құрбысын таныстырып жатыр. Есімі Сәния. КазПИ-дің студенттері. Бізден бір курс төмен оқиды екен. Аңтарылып тұрған маған бұрылған Сейіт:
- Дану, Алмагүл менің туған бөлем. Көрмегенімізге бір жылдай болып қалды. Өте бауырмалмыз ғой шамасы,- деп лекітіп күліп алды.
- Қайдам, екеуіңнің сүйістерің, бөлелердің сүйісінен ыстықтау көрінеді. Бір құдай білсін,- дедім әзілдеп.
Алмагүл қызарақтап:
- Апай, айтыңызшы мына жігітке, Сейіт екеуміз бөле емеспіз бе,- деп шыж-быж бола қалды.
- Екеуінің туған бөле екені рас, інім,- деді апай маған қарап.
Біздің жарасымды әзілімзге , жымия күліп, Сания тұр бір шетте. Менің өзіне ұзағырақ қарап қалғанымды сездіме, аққұба өңіне лып етіп қан ойнап, назарын төмен сала қойды. Сүйкімді қыз екен деп ойладым ішімнен. Қыздарда көп отырмай үй иелеріненрұқсат сұрап кетпекші болған соң, шығарып салмаққа бізде сыртқа шықтық. Бикештерді ұзартып салып, айырлар жерде, Алмагүл бізге қонаққа келіңіздер,- деп Сейітке мекен-жайын беріп жатып, сыңғыр етіп бір күліп алды да, бізбен қош айтсып, келген үйлеріне қарай жүре берді. Санияда сау болыңыздар дегендей ақырын басын изеді. Қонақ десе ұшып түратын Секең қашан қыздарға барғанша асық. Оларға не алып барамыз деп біраз бас қатырып жүрді де жексенбі күні ақшаң барма деген соң, қалтамдағы қалған бес сомды алып бере салдым.
- О, О,- деді риза болған Сейіт. Біз өте бай тұрады екенбіз.
Бақандай он бес сом, не алам десем де жетеді,- деп сумкасын алып шығып кетті. Жексенбі күні түске қарай сумкамызды сүйретіп, қос тілді гармоныз бен мондолинамызды арқалап қыздардың үйіне келіп кірдік. Есікті ашқан Алмагүл, келгенімзге қуанышты екенін жасыра алмай, сіздерді келе ме, келмей ме депкүпті көңіл болып отырғанымызда бар. Келгендіріңізге қуаныштымыз, төрлетіңіздер,- деп жатыр елпілдеп. Біздің дыбысымызды құлақтары шалды ма, түкпі бөлмеден екі қыз шыға келді. Біреуі бізге таныс- Сания. Қыздар шайларын жылдам демдеп стол басына шақырды. Сейітте жомарттық көрсетіп, бикештерге әкелген базарлығын шығарып, стол үстіне қоя бастады.Әшейінде анаған-мынаған керек болады деп ақша шығармайтын досым, қыздарға дегенде қолы ашылып кетіпті. Түрлі тәттілер, торт, бір шыны шампан шарабы столдың сәнін келтіріп жіберді. Буы бұрқыраған палаумен Санияның сызыла отырып құйған шайын ішіп, терлеп-тепшіген Сейіт:
- Ал, мынаны не істейміз,- деп шарапты қолына алып, қыздарға қарады. Ибалылық сақтадыма қыздар бір-біріне қарап үндеген жоқ.
- Не істегені несі ашасыңда бокалдарға құясың. Арғы жағын өзіміз білеміз деп Секеңді қолтығынан демеп жібердім. Осыдан кейін-ақ Сейіт еркінсіп, Алмагүлге бокал алдырып, шарапты ашып толтыра құйды да Секең: - Бикештер,- деп қыздарды өзіне қаратып алып:
- Мен, алғашқы тосты Торғай тумасы, Дануға берем демесі барма. Сәл абдырап қалған мен, өзімді тез жинап алып: -Кәне қыздар! Шарапты көтермес бұрын танысып алайық. Алмагүл мен Санияны бұрыннан білеміз. Ал сіздің есіміңіз кім қарындас,- деп Санияның қасындағы қызға қарадым. Сәл жымың ете түсіп:
- Есімім Қарлығаш КазПИ-дің студентімін. Қызылораданмын, туысым Кіші жүз, Әлім, Қарасақал боламын,- деді қараторы жүзіне қан ойнап.
- Кіші жүз болсаң, бөтен болмадың, маған нағашы қарындас боласыз. Есімім-Дану. Қарақыпышақ қобландының нәсілімін деп өзімді бір көтеріп тастадым. Осы шаңырақтың бүгінгі қызметші пендесі Сейіт-сері Ұлы жүз Дулат тайпасынан шыққан азамат, Жаркенттен. Танысып болсақ, таныстығымыз ұзағынан болсын деп бокалдағы шарапты ішіп қоялық деп, стаканды қыздарға ұсындым.
- Кәне, қыздар алып қоялық,- деп Сейітте мені қолдай жөнелді. Бокалдарын кербез көтерген қыздар шараптарын сызыла ұрттап, ауыз тигендері болмаса, тауысып ішкен жоқ. Санияның сүт қатқан қою шайы, кермек шарап, бізді жақындастыра түсті. Алғашқыдай қысылыс жоқ, сыпайы әзілмен әңгімге боялдыра бастаған отырыста, Қарлығаштың:
- Ау, жігіттер! Мына аспаптарды бізге көрсетуге алып келдіңдерме?- деген әзілі еріксіз басқа арнаға бұрып жіберді.
- Айып етпеңіздер бикештер, бізден бір қателік болды,- деп Сейіт гармоншасын иығына іліп, түймелерін нақышына келтіре басып, құлашын кере тартып, тамаша бір әуенді бастап жіберді. Менде мондолинамен қосыла кеттім. Қыздар бізге көздерінің қиығымен сынай қарап отыр екен. Соны сезгендей Сейіт :
Ауылың сенің іргелі,
Шай көйлегің бүрмелі,
Айтарыңды айтып қал.
Отырмын ғой жүргелі,- деп шырқай жөнелді.
Сейіт екеуміз қосылып бірнеше ән орындадық та,- қонақ кәдемізге риза болыңыздар. Ауылдың алты ауызын сіздерден күтеміз деп қыздарға қарадық. Орнынан баяу қозғалған Қарлығаш келесі бөлмеден домбыра алып шығып, құлақ күйін баппен келтіріп алды да, Сыр сүлейлерінің термелерін төгіп-төгіп жіберді. Қыздың өнеріне риза болған екеумізге Ой, пәлі!- деп алақан соғудан басқа ештеңе қалған жоқ еді. Орындықтан сыпайы тұрған Қарлығаш домбырасын Санияға ұсынып, ендігі кезек сенікі дегенді көзімен ұқтырғандай. Сәл тартыншақтанған Сания, домбыраның құлақ күйін келтірді де Құрманғазының « Адайын» күмбірлете жіберді. Күй аяқталысымен осыған риза болыңыздар деген сыңайда жанарынан танытқан Сания, бізге қарап сыпайы жымыйды.
- Жігіттер менің де өнерімді тамашалаңыздар,- деп сыңғыр етіп күліп жіберді Алмагүл. Сейітке қарап:
- Кәне, тарт « Бір баланы»- деп бұйыра сөйледі. Жазған құлда жазу барма демекші, Сейіт екеуміз гармошка мондолинаға қосып «Бір баланы» ойнай бастадық. Музыка әуеніне құлақ түріп тұрған Алмагүл шырқай жөнелді. Әуезді ән Аламгүлдің ашық дауысымен көкке қалықтап жүрек қылын тербеді. Ән де аяқталды. Бәріміз Алмагүлді қошеметтеп қол соғып жатырмыз.
Қыздармен тамаша бір отырыс жасап, көріскенше қош айтысып жатаханаға келдік. Сейіт маған бірдеңе айтқысы келгендей қипақтай береді.
- Секе, саған не болды қипақтап, айтсаңшы айтпағыңды.
- Дәке сенімен келіспей, бір іс жасап қойдым,- деп күмілжиді.
- Сонымен менің сері досым қыздарды қонаққа шақырып келді ме?
- Солай ма?
- Дәл солай, Дәке! Саған ескертпестен Алмагүлдің құлағына қалай сыбырлап қойғанымды білмей қалдым. Ренжімеші, бір нәрсесі болады,- деді ақырын ғана.
- Олар қашан келмекші?
- Алдыңғы жексенбіге шақырғанмын,- деп қарап тұр, сабаз.
- Жарар, артқа қайтар жол жоқ, шамамызша дайындалайық, ұялып қалмаумыз керек Секе! Қыз деген кінамшыл халық қой, қай жағымыздан шығып қалары белгісіз. Барлық жауапкершілік өзіңде, мен көмектесуге әзірмін,- деп көпті көңілін орынықтырғандай болдым. Жексенбі жақындаған сайын, Сейіт серіден маза кете бастады. Жалтақ-жалтақ маған қарап қояды. Мен ештеңе сезбегенсіп үндемеймін.
Сәрсенбі күні Секең ерте тұрып кетіп қалыпты. Қайда кеткенінде ешкімге айтпаған. Сабақ аяқталуға жақын қалғанда келіп тұр сабаз. Керемет бір істі тындырғандай танауы делдиіп кеткен. Ымдап мені оңаша шақырып алып:
- Кешкісін жұмысқа барамыз. Вагон түсіруге, тағы екі жігіт керек,- деді де шығып жүре берді. Жұмыс киімдерімізді сумкаға салып алып, төрт жігіт кешкісін теміржол вокзалына келіп, жұмыс берушіден ақшасына келісіп, іске кірісіп кеттік. Түннің бір уақытында вагонды жүктен тазартып, келіскен сумманы алып, жатаханаға қайыттық. Секеңнің қалтасына жиырма сом ақша түсіп, ажары кіріп өлең айтып қояды. Белім ауырып, денем құрысып тұрған мен, Сейітке:
- Секе, бүйткен серілігің құрысын, қайдағы бір қыздарды қонақ етеміз, деп шала бүлінгеніміз не сонша...
Маған күлімдей қараған Сейіт:
- Аңқау досым-ай! Бәрі бір сенің қамың үшін емес пе? Санияның саған деген көз қарасын байқамайсың ба? Әдемі, ибалы, тәрбиелі-қыз. Одан қалай бас тартуға болады. Қолымнан келсе, екеуіңді бір арнаға тоғыстырып жіберсем деген ойым бар,- деп маған қарап жымың етті.
- Сен де айтасың-ау! Бір көргенде, ғашық болып, қалатын біз баяғының Ләйлі мен Мәжүні дейсің бе? Саған солай көрінген шығар әлде.....
- Барлық ауыртпалықты маған қарай аудара бермей, қыздар келгенде елпілдеп тұратын бол. Сәния туралы айтқаным шындық екенін қалайда мойындатамын саған,- деп күшіне мініп алды, Сейіт-досым.
- Жарар-жарар, ентігіңді бас, ертең сабақ, жатып дем алайық, деп төсекке қисая кеттім. Шаршағандықтан болар лезде ұйқтап кетіппін. Түс көріп жатырмын. Түсімде Сәния екеуміз тау бөктерінде жағалай қыдырып келе жатыр екенбіз. Айнала қызылды-жасылды гүлдерге толы. Қыз қолтығынан босанып шығып, сан алуан гүлдерден таңдап теріп алып, менің іс-әрекетіме жымия қарап тұрған Санияға ұсындым. Сания маған үнсіз рахметін айтқандай райымен қарап жымия түсті. Қыз жымиған сайын екі беті шұқырайып, әдемі қызды тіптен әрлендіріп жібереді екен. Сәния шынында әдемі қыз екен деген оймен оянып кеттім. Менің ойымды сезіп қалдыма деп Сейітке көзімді салып едім . Сабаз алаңсыз ұйқтап жатыр екен. Уәделі күнде Алмагүл мен Сәния келді. Қарлығаштың бір шарулары шығып қалып, келе алмағанына кешірім өтініп, дұғай-дұғай сәлем айтыпты. Столды жасап жатып, Секең шай қойып қой,- деп бұйрып қояды. Қыздардың көзінше беделін түсірмейін деп, не айтса да елпілдеп, орындаудан басқа лаж қалмады. Қыздарда қарап тұрмай, стол жасауға көмектесіп жатыр. Сыңғыр еткен әдемі күлкісімен біздің көңілімізді аударған Алмагүл:
- Жігіттер айып етпеңдер, сіздерге сый-сыйапат болсын,- деп сумкасынан піскен үйрек етін шығарып, стол үсітне қойды.
- « Өле жегенше, бөле же»- демейме қазақ. Мына үйректі Сәнияның мамасы беріп жіберген екен. Бұйырған дәмді сіздермен бөлісейік, деп ала келген едік,- деп сыңғыр етіп тағы бір күліп алды. Секеңнің көзі жайнап, қыздарға қайта-қайта рахметін айтуда. Стол үстіне қарасам, біздің түсімізге кіре бермейтін бай дастархан жасалыпты. Ортада майы жылтырап мені же деп түрған семіз үйрек еті, Алматының дәмді шұжығы, түрлі тәттілер не керек Сейіт мырза бар өнерін салғаны байқалады. Орнымнан тұрып, шай құюға ыңғайлана бергенімде, менен бұрын шайнекті алған Сәния сыпайы жымиып: - Рұқсат болса, мен құйып берейін,- деп әркімнің алдында тұрған кеселерге шай құя бастады.
- Қыздар қысылмай дәм алып отырыңыздар, бар құрмет сіздер үшін,- деді де Секең үйрек етін алдына алып бұтарлап:
- Үйректің оң жақ саны- Сәнияға, сол жақ саны- Алмагүлге, бөксе бөлігі маған, ал саған сері досым кеуде бөлігі, төсі бұйырыпты. Шамасы сен Сәнияның еліне күйеу бала болатын шығарсын,- деп екі иығын селкілдете күлді.
Сәнияға қарасам екі беті қып-қызыл болып, Алмагүлден көмек күткендей жаутаңдай қалыпты.
- Сейіт, қойсаңшы бекерге сөйлемей, бізге тамақ ішкізбедің ғой,- деген Алмагүлге:
- Бөлежан, алдыңызға ас қойдық екі қолды бос қойдық емес пе, тәбетіңіз шапқанша алып жей беріңіздер. Менікі жай әзіл ғой. « Бұралқы сөз күлуге жақсы»- деген бұрыңғылар,- деп лекітіп күліп алды. Секең әзілдей жүріп, ретін тауып, бір шыны қызыл шарапты стол үстіне қоя салды. Бір-біріне жалт қараған қыздар, жарыса біз ішпейміз, ашпаңыздар дегеніне болмай, Сейіт шарапты ашып, стакандарға бөліп құйды да, Алмагүлге қарап:
- Біз де ішпеуші едік, сіздердің құрметтеріңіз үшін алынған шарап болған соң, ауыз тигендеріңізді жөн көрдік. Жұмсақ шарап, Алматының ал-қызыл шарабы, бар болғаны 12° градус қана күші бар. Әдейі сіздер үшін таңдап алынған,- деп шараптың мақтауын келістіріп, бикештерге жік-жапар болып меймандастық көрсеткен Сейіт сөзін басқа арнаға бұрып:
- Алмагүл, Сәния « Қазақта бір күн дәмдеске, қырық күн сәлем», деген тамаша сөз бар. Өткен аптада сіздерде қонақта болып, құрметтеріңізге тәнті болдық. Сол отырс бүгін жалғасын тауып, таныстығымыз тереңдей түсуде, бұған мен және менің сүйкімді досым Дану да бек қатты қуаныштымыз. Ал, меймандар таныстығымыздың жалғаса беруі үшін, бәріңе денсаулық тілей отырып, стакандағы шарапты ішіп қойғым келіп отыр. Дәл осындай көңілмен сіздерде мені қолдайды ғой деген сенімдемін,- деді де стаканын қыздарға ұсынды.
Қыздар қысыла-қысыла стакандағы шарапты қолдарына алып, ұсынып тұрған Сейітке түйістірді де маған қарады. Мен де стаканымды қолыма алып кәне, менің досым, Сейіт серінің тамаша сөзі үшін алайық,- деп қыздарға өтінішпен қарадым. Қыздар шарапты ұрыттап, дәмін алғаны болмаса тауысып ішкен жоқ. Шарап ішілмегенмен тілектер айтылып, тостар көтерілді. Сейіт:
- Дәке, меймандардың құрметіне, әрі ауылдың алты ауызы болсын, әу-деп жібермейсің бе!-деп маған қарады.
Ілулі тұрған домбыраны алып, құлақ күйін келтіріп,
Ақ көйлек, қызыл бешпент әдемі қыз,- деп шырқай жөнелдім.
- Ой, пәлі! Міне жігіт,- деп маған құрмет көрсетіп жатыр, Секең. Әнді үнсіз тыңдаған қыздар маған ризашылқтарын білдіріп, алақандарын шапалақтап қойды. Іле Сейіт гармошкасын кере тартып,
-Танго әні көкке шалқып,
Толықсыйды түнде ай туа,
Қос құлашын кере тартып,
Безілдетті-ау сырнайшы да- деп әдемі әуезді құйқылжыта жөнелді. Әнді аяқтасымен Сейіт гармошкасын қоя салып, бұл кімнің әні екенін білесіңдер ме? Сөзі кімдікі?- деген сұраулы кейіппен қыздарға қарады. Қыздардың жауабын күтпестен. –Қазақ әдебиетінің классигі ақын Сырбай Мәуленов ағамыздікі. Торғайлық-ақын. Мына қасымызда отырған Данудың туған ағасы,- деп қойып қалғаны:
Абдырап қалған мен:- Ағам емес, жерлесім, деп түзейту енгізіп жатырмын Секеңнің сөзіне. Қыздарда өз кезектерінде қосылып ән салып, күй шертіп, өнерлерін көрсетті.
- Жігіттер күн кешіріп бара жатыр. Құрметтеріңе ризамыз. Рұқсат болса, біз қозғалайық,- деп орнынан тұрды Алмагүл. Қыздарды шығарып салмаққа киініп бізде сыртқа беттедік,- деп үнсіз қалған көршім, терең ой құшағына сүңгіп кеткен екен. Сәлден кейін көршімнің жеңіл қорылмен ұйқы әлеміне саяхаттап бара жатқанын сездім. Демалғанда дұрыс шығар деген оймен төсегіме қисайдым. Оянсам күн кешіріп қалған екен. Менен ертерек тұрған Дәкең жуынып-шайынып алғанға ұйқсайды. Жүзі жарқын, қимылы ширақ көрінді маған.
- Бала, келіннің келетін уақыты болып қалды. Отчетқа дайындал, шатыссаң пәлеге қаласың,- деп уытты әзілмен шарпып өтті.
- Біздікі үйренген қоқай ғой, өзіңіздің жеңгеңіз іздемген соң, қызғаныштан айтасыз, сірә, деп дүрсе қоя бердім.
- Мұндай да, қазақ басыңа берсін демейме, кемпір келмейіндеп жатқан жоқ. Астанада тұратын қызымыздың балаларына қамқор боламын деп кетіп еді. Менің ауруханаға түскенімді айтпаңдар деп, қатты тапсырғанмын балаларға. Ауруханада екенімді естісе, қанат байлап ұшпай ма? Ол-байғұс,- деп көтеріліп қойды. Біздің әңгімемізге құлақ түріп келе жатқан жұбайым:
- Тіліңмен түрткілеп, үлкен кісіге дамыл бермегенің не?- деп қабағын шытып ренжіш білдіргені.
- Жаным-ау! Үлкендігінде айып жоқ, жездем болған соң, қалай әзілдесемде орынды емеспе?- дедім күліп.
- Жездесі қалай?- деп таңдана қарады, Дәкең.
- Сіздің үйдегі апай арғынның қызы емес пе?
- Расында, арғынның қызы.
- Олай болса, құлақтан жұлқылауға да қақым бар екенін мойындаңыз, дедім.
- Нағыз жеті қудың бірі екенсің,- деп күліп жіберді, Дәкең.
Кешкі дәрігерлік бақылау өткеннен кейін, үйден келген дәмді құтты орнына қондырған бізбен емімізге шипа тілеп, ыдыс аяғын жинап алып, жұбайым үйге кетті. Жаңа келген газеттерді жылдамдата аударып болған мен:
«Ақ көйлек, қызыл бешпент әдемі қыз»- деп ақырын әндете бастадым, ән әуеніне құлағын түрген көршім, басын көтеріп алып:
- Біз былай келісейік, балдыз. Сәния екеуміздің достығымыз үш жылға созылды. Осы жылдар ішіндегі қарым-қатынасымызды жіпке тізіп айта беру қызықты бола қоймас. Сондықтан, түйінді жерлерін қысқарта отырып баяндайын деп маған тесіле қарады.
- Бопты, ағасы. Солай-ақ болсын,- дедім мен.
- Сәния екеуміздің таныстығымыз тереңдей берді. Шынында Сәния ақылына көркі сай қазақтың тамаша аруларының бірі еді. Екеуміз бір жылдай жұбымызды жазбай жүріп, бір-бірімізді толық білгендей болдық. Оңаша қалған сәтті пайдаланып, өзімнің оған деген шынайы сезімді ақтара салдым. Менің иығыма салып отырған басын кенет көтеріп алып, сен өзіңе сенімдісің бе,- деп маған жанары жәудірей.Сәнияның жанарынан толқыған көңілінің тербелісін оқығандай болдым.
- Иә, мен өзіме сенімдімін,- дедім қызды ақырын кеудеме қысып. Қыз денесінің әлсіз дірілі, жүрек соғысын сезінген мен Сәнияның жүзіне көз салдым. Қыздың нәркес жанарынан мөп-мөлдір екі тамшы төмен сырғып бара жатыр екен. Сәл абдырап қалған басым:
- Сәніш, Сәніш неге жылайсың, дей беріппін.
Кенеттен күліп жіберген, Сәния өзіне-өзі келіп: - Қуаныш жасы болар, Данаш,- деп менің құшағыма кіре түсті. Қызды құшағыма қыса түсіп, шашынан иіскеп, үнсіз аймайлай бердім. Сәниямен өткізген күндер менің жігіттік шағымның тамаша кезеңі еді. Екеуміздің ара қатынасымыздың тым жақындағанын сезген Сейіт мәз.
- Әй, маубас! Сенсең де, сенбесең де өзің біл, менің бойымда көрікпелдік қасиет бар. Алғашқы күні-ақ Сәния екеуіңнің тағдырларыңның тоғысатныны сезгенмін,- деп кеудесін соғып қояды. Сәния екеуміздің жарасымды көңілімізді жақындастыра түскен күндер сырғып өтіп жатты. Жаңа жыл қарсаңында күтпеген жерден Сәния мен Алмагүл келе қалды.
- Жігіттер ешнәрсеге әуре болмаңдар. Сәнияның бір шаруасы шығып қалып, келіп қалғанымыз,- деп орындыққа отырып жатып.
Сәнияға қарасам екі беті қып-қызыл болып төмен қарап тұр екен.
- Не болды, Сәния айтсаңшы,- деп жік-жапар болып жатырмын.
- Кеше апам келіп кетті. Қайдан кімнен естігенін білмеймін, екеуміз жайлы бәрін біліп отыр. Әкемде хабардар екенін ескерте отырып, жаңа жылда біздің келуімізді өтінді. Алмагүл куә, Данаш ренжімеші маған,- деп төмен қарады.
Мұндайда Сейіт сабаз қарап тұрама:
- Е, оған несіне ренжиді екен. « Игіліктің ерте кеші жоқ»- деген емеспе. Қайта ертерек қайын жұртпен танысып қойған жөн,- деп мен үшін жауап беріп үлгерді. – Сәніш, дедім ақырын:
- Үлкен кісілер солай шешкен екен, солай-ақ болсын. Бәріміз сіздікіне барып, бірге қарсы аламыз жаңа жылды, келістікпе,- дедім Сәнияға қарап.
Қуанынштан жүзіне нұр ойнап шыға келген, Сәния мені құшақтай алып, бетімнен сүйіп жатыр.
- Бүгінгі жастарда ұят болсайшы. Үлкен аға, апа тұрғанына қарамай сүйісе береді бұлар,- деп қағытып қояды Сейіт.
- Далбаңбай бөлем-ай! Біреудің сүйіскенін әңгімелегенше, өзіңе тең, жақсы бір қыздың білегінен ұстайтын кезің жеткен жоқпа,- деп сыңғыр ете қалды Алмагүл. Бұған тоқтай қоятын Сейітпе:
- Алла дегенге жеткізсе, осы барғанда Сәния елінен таңдап жүріп бір сұлуына үкі тағамын, көрде тұр. Айтқанымды орындамасам мені бөле демей-ақ қой,- деп Алмагүлге ежірейе қарады. Күпті көңіл болып келген Сәнияның жүзі қуаныштан бал-бұл жанып қыздар үйіне қайтты.
« Батырға да жан керек» деген емес пе, жаңа жыл жақындаған сайын менен маза кете бастады. Менің жағдайымды сезседе ештеңе аңғармаған кейіп танытып, мұртын сипап қойып, Сейіт мырза жүр өз бетімен. Не істеу керек деген сұраумен басым қатып, өзіммен өзім болып жатқан мені Сейіттің: - Осылай жата бересің бе? Тіршілік жасамаймыз ба? Жұмыс киімдеріңді ал, вагон түсірмесек ата-енеңе қалай барамыз,- деп қарқылдап күліп қояды, сабаз. Жексенбі күні алты жігіт бір вагон цемент түсіріп, еңбек ақымызды алып, жатаханаға қайыттық. - Саспа, досым бақандай отыз сом қалтада, бұған қосымша степендиямыз бар, не алсақта жетеді,- деп мұртын сипайды Сейіт-сері.
- Секе, осы ауылдың жігітсің, елдің әдет-ғұрпын білесің, барлық жауапкершілік өзіңде,- дедім досыма сынай қарап.
- Сен көп абдырай бер ме? Қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын түгендейтін, біз құда болып бара жатқан жоқпыз. Біздікі тек танысу ғана. Сәнияның ата-анасына жаңа жыл мерекесіне сый-сыйапат жасасақ болды. Дегенмен осы шаруаны Алмагүлмен келісіп алғанымыз дұрыс шығар. Бой жеткен қыз бізден көрі әр нәрсенің жөнін біледі ғой,- деп менің келісімімді күткендей маған қарады.
- Тізгін сізде, сіз қалай бұрсаңыз, мен солай жүремін, Секе,- дедім досыма.
Күткен күнде келіп жетті. Отыз бірінші желтоқсан күні автобусқа отырған біздер, әне-міне дегенше «Теректі» ауылына келіп жеттік. Автобус Сәнияның үйінің жанынан өтеді екен. Тұсынан түсіп қалып, қайда барсақта тастамайтын гармошка мен мондолинді қолымызға ұстап, сумкамызды көтеріп үйге беттедік.
Үй жанына келе бергенімізде сыртқа үш әйел шығып, ішінде Сәнияның шешесі бар. Сәния мен Алмагүлдің бетінен сүйіп, сағынышын басқан соң, мына жігіттер кімдер дегендей бізге қарады. Алмагүл жылдамдатып: - Бізбен бірге оқитын жігіттер ғой апай. Елдері жырақтау болған соң, жаңа жылда бізбен бірге болыңдар деп ерітіп келдік.
Сәнияның шешесі іші біліп тұрса да ештеңе білмегенсіп, дұрыс болған, жатырқамай төрлетіңдер,- деп қақпаның есігін ашып жатыр. Әйелдердің ішіндегі жастауы, жағдайларың белгілі болды дегендей, жымысқы езу тартып, бізге ұрлана көз тастап қояды. Жеңіл шайдан кейін Алмагүл.
- Мен үйге барып келемін,- деп орнынан тұрды.
- Менің де апама сәлем беріп келгенім дұрыс шығар,- деп Сейіт маған қарады.
- Бірге барып келейік Секе-дедім үйде жалғыз қалғым келмей.Теректі ауылы атына заты сай, қалың теректі орманның ортасындағы алаңқайға салынған сияқты. Шоқ-шоқ қайың кейбір жерінде шашырай өскен қарағай, қалың теректің ортасынан онша көріне бермейді. Ауылдың келесі шетіне шыға бере , еңсесі биік ағаштан қиып салынған үлкен үйдің ауласына келіп кіргенімізде, алдымыздан шыға келген бала, тәтем келді, тәтем келді,деп Алмагүлдің мойнына асыла кетті. Сырттағы дауысқа алаңдаған, үйдегі үлкендер де бой көрсетіп қалды. Қара торы орта жастағы әйел:- Сен, Сейітпісің, бауырым-ау қайдан жүрсің, кел бері,деп Сейітті бауырына тартып, бетінен сүйіп, апамның ерке тайлағы ғой, төрлетіңдер,- деп жік-жапар болып жатыр. Мына жігітті танымадық қой, қай туған боласың бауырым,- деп маған назар аударып, ат жақты, қыр мұрынды, ақ құба келген үй иесі. Айтпаса да Алмагүлдің әкесі екенін аңғарғандайсың.
- Аға, Торғайлықпын руым- қыпшық, есімім Дану, Сейіттің досымын, бірге оқимыз,- дедім жылдамдатып біреу қуып келе жатқандай.
- А, а, арғынмын де.
- Арғын емес, қыпшақпын,- дедім нығыздап.
- Қыпышақ болсаң, боларсың, ол жақтан келген ағайындардың бәрін арғын дейміз. Оған сен өкпелеме, бізде солай қалыптасқан,- деді маған назарын тіктеп.
Алмагүлдің үйінде көп аялдамай Санияның үйіне қайтып келдік. Әкесі де келген екен. Берген сәлемізді ықыласпен алып, қысылмай дем ала береңіздер,- деп сыртқа шығып кетті.
Кешкісін стол басына бізден басқа Сәнияның екі сыныптас құрбысы, нағашы ағасы, жеңгесі, ата-анасы бәріміз бас қостық. Үй иелері керемет бай дастархан жасап тастапты. Құстың еті, жылқының қазы-қартасы, түрлі шұжықтар көздің жауын алып, араныңды ашып жібереді екен. Қалай да біздің қолымызға көп түсе бермейтін тағамдар. Сағат он екіні соққанда үй иесі ақ сақал бокалдағы шарапты көтеріп, жаңа жылдың тілегін айтып бәріміздің алып қоюымызды өтінді. Қысыла-қысыла шараптан ауыз тиіп, жеңіл басытқы жасап болған соң, Сәнияның әкесі: - Ал, жігіттер! « Жүздің жүзін білгенше, бірдің атын біл»,- деген бар халықта. Қай туған боласыңдар, қай аймақтық азаматтарысыңдар, жақынырақ танысқанымыз дұрыс болар. Мен Бақыт Нұржанұлы боламын. Осы жердегі іргелі шаруашылықтың басшысымын . Ұлы жүз үйсінмін. Жанымдағы отырған Сәнияның шешесі-Айнаш. Орта жүз, арғынның қызы. Сәния біздің жалғыз қызымыз. Барымыз да, нарымыз да сол дегендей бізге назар салды. – Аға, мен Жаркенттенмін. Дулат руынан шыққан Сейіт деген ініңізбін. Алмагүлдің туған бөлесі болам,- деп өзін таныстырып өтті. Мен де өз кезегімде: Торғай бойының қыпшағы екенімді, есімім Дану, майдангер жесірінің әлпештеген жалғыз ұлы екенімді айтып төмен қарадым. Бізді тыңдап болған Бақыт ақсақал Сейітке қарап, дулат болсаң бөтен болмадың. Мен Дулатқа жиен болып келемін. Маған назарын аударып, інім сен тым алыстан екенсің. Бәріміз бір қазақтың баласымыз. Жатырқайтыны жоқ. Торғай елі аты бүкіл совет еліне мәлім іргелі ел ғой. Таныстығымыз ұзағынан болсын,- деп бокалын көтерді. Жастар ұялмаңдар. Ішіп жеп отырыңыздар,- деді де шарап толы бокалды төңкеріп тастап, ертең тереңірек танысармыз, сауық-сайран салып отыра беріңіздер, мен дем алайын,- деп келесі бөлмеге кіріп кетті.
Бақыт ақсақал кетісімен тізгінді өз қолына алған Сейіт, Сәнияның әке-шешесіне әкелген жаңа жылдық тартуларымызды табыстап, жақсы бір тост көтертіп қойды. Мұндай жағдайды күтпесе керек, Айнаш апа рахметін айтып, ет жүрегі елжіреп, тост көтертіп тауысып алып қоюымызды өтініп, ақыры орынан тұрып бокалдыға шарапты тауысып ішті де билікті Сәния мен Алмагүлге тапсырып, дем алуға кетті. Би билеп, ән салып таң ата бізде дем алуға жаттық. Сейіт екеуміз түпкі бөлмеге қойындасып жата кеттік. Сейіт мені түртіп:
- Күйеу, атаң дөкей бастық, Сәния оның жалғыз қызы. Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс. Енді сенің ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда. Сенің тағдырың түбегейлі шешілді. Алматыдан ешқайда бармайсың. Жұмыс та, пәтер де атаңның мойнында,- деп тырқ тырқ күледі сабаз.
- Не боларын өмір көрсете жатар,- деп дау айтамын оған ұйқылы ояу.
Таңғысын тұрып, жуынып- шайынып ертеңгі асқа отырдық. Шай құйып отқан Айнаш апай көзінің астымен маған сынай қарап қояды. Шайды аяқтай бергенімізде Алмагүлдің үйінен дәмге шақырған хабар жетті. Жарасымды әзілмен бір-бірімізді қолтықтап, Алмагүлдің үйіне келіп кірдік. Бізді бай жасалған дастархан күтіп тұр екен. Жайғасып отыра бергеніміз де, келесі бөлмеден орталарыңыз толсын,- деп бір бойжеткен шыға келіп, Алмагүлді құшақтап көрісіп жатыр.
- Әтіргүл қашан келдің, аман-есенсіңдер ме?
- Кеше кешкісін. Мен келсем қонаққа кетіп қалыпсың. Сені мазалағым келмей, шаршап келіп, нағашымның қасында жатып дем алдым. Оқасы жоқ, бүгін бірге боламыз,- деді жайдарлы күліп.
- Әтіргүл десе, Әтіргүл екенсің,- дедім ішімнен.
Бойы ортадан сәл жоғарылау, талдырмаш денелі, дөңгелек жүзді, ақ құба өңіне қыр мұрынын жарасымын тауып орнатқандай келісті. Жазық-маңдай, жәудіреген тана көздері нұр шашып, маңайындағыларға ерекше мейірім шуағын төге қарайды. Жалғыз бұрым қылып өрген қолың шашы қыздың сәнді қозғалысымен тізесіне майда соғып қояды. Келісті туған азаматша екен,- деген ой құшағымда тұрып, Сейіт серіге көз салдым. Секеңде көзін сығырайтып, қызға қадала қарап қалыпты. Ақырын ғана Сәнияның құлағына Сейіт серінің жүрегі тұтқындалды дедім. Сәния жымың етіп Сейітке қарады.
- Меймандар алдарыңда тұрған Әтіргүл, Жамбыл қаласынан нағашысына сәлем беруге келіпті. Менің папамның қарындасының ерке қызы. Жамбыл педогогикалық иниститутының филология факультетінің бірінші курс студенті,- деп сәл кідіріс жасап, бізді таныстыра бастады. Әтіргүлге ілтипат білдіріп, орнымыздан тұрып, есімімізді, қайда оқитынымызды айтып жатырмыз. Кезек Сейітке келгенде, әшейінде ауыздыға сөз бермейтін сабаз, монтасып сызыла қалыпты. Ақырын ғана Сейіт боламын дегені. Әтіргүл әзілге ұста, ақжарқын қыз екен. Бізбен сыпайы әзілдесіп, сыңғыр еткен күлкісімен, біздің серінің назарын өзіне аудара түскендей.
- Орталарыңдағы момындарыңыз Сейіт ағай ғой деймін. Тойған қозыдай отырысы өзіне тым жарасымды,- деп сыңғырлап күлді Әтіргүл.
- Әп, бәрекелді, қыздың өзі тисе бастады, жақсылық болғай,- деп қоямын ішімнен. Қыздың орында әзіліне риза болдыма Сейіттің көзі күлімдеп, артында тұрған гармонды алып, құлаштай кере тартып, түймелерін бабына келтіре басып, Шәмшінің «Қайықты» әнін нақышына келтіре ойнап, шырқай жөнелді.
-Болсақтағы жаңа таныс,
Жүзсек те алғаш қайықта.
Ұшқыр қиял кетті алыс,
Бұйырмашы айыпқа, - деп көзі жәудірей қыз жаққа тесіле қарап қалыпты. Қызда өзіне қадалған жігіт жанарының уытына шыдай алмай, жүзі бал-бұл жанып төмен қарады. – О, пәлі! Сейіт-сері, бас қамшыны,- деп досымды демеп қойдым. Секеңде гармонды құлаштай тартып:
Ескегіңді берші маған,
Мен есеймін, сен еспе.
Сылдыраған су күлкісі,
Сенің күлкің емеспе ,- деп жанарының нұрын төге Әтіргүлге қиыла қарайды. Ән аяқталды. Отырғандар қол шапалақтап, қошемет көрсетіп жатып, егіз болсын,-деп өтініш айтуда.
– Замандастар,- дедім мен.
- Сейітті сәл демалдырайық. Досымның орнына Жамбылдан келген қарындасқа арнап бір ән орындап берейін,- деп гармонды қолыма алып, құдаша әнін шырқай жөнелдім. Алғашқыда маған Сәния қосылса, кейін отырған меймандардың бәрі қосылып, үйді бір желпілтіп тастадық. Би билеп, ән салып Алмагүлдің үйінде жақсы отырыс жасап, үйге қайтпақшы болып жинала бастадық. Сейттің бізге бірдеңе айтқысы келетінін білдім де:
- Не болды Сейіт. Апаңның үйінде қалғың келіп тұрма дедім.
- Қонбай кетсем апам ренжитін шығар,- деп қипақтап қояды, Секең.
Мен Сәнияға қарадым.
–Сейіт, бәрің бізді үйге дейін апарып салыңдар да, қайтып келіп апаңның үйіне қон жарайма,- деді Сәния. Біздерді әкеліп салып, Сейіттер қайтып кеткен соң, үйге кіргенімізде Сәнияның папасы мен мамасы стол жасап күтіп отыр екен.
- Кел, келіңдер отырыңдар. Шай ішейік. Әлгі Жаркенттік жігіт қайда,- деді сұраулы жүзбен.
- Алмагүлдің үйінде, апасы қонып кет,- деп жібермей қалды,- деп жауап берді Сәния. Мұндайда шай барама. Екеумізде бір шыны аяқ шай ішіп кесемізді төңкеріп болған сыңай таныттық. Әңгімені Сәнияның әкесі бастады.
- Ал, балалар! «Келінім саған айтам, қызым сен тыңда»-деген екен бұрыңғылар. Менің айтпағым екеуіңе ортақ әңгіме. Қай ата-ана болмасын кіндігінен тараған ұрпақтың бақытты болғанын қалайды, бақытты болғанын көрсем екен деп армандайды. Бізде сондай ата-ананың біріміз. Жаратқан ием бізге алты ұрпақ көруге жазған екен. Сол алтаудан қалғаны жалғыз Сәния. Тағдырдың жазуы солай болған соң, көнбеске пенденің амалы бар ма? Сендер туралы хабар естігеннен бері бізде тыныштық болмады. Балаларды көріп, жүзбе-жүз отырып сөйлессек деген ой жүрегімізді мазалады. Сол күннің сәті бүгін түсіп отыр. Әңгіменің ашығын айтайын Дану қалқам. Сәния біздің жалғызымыз болғандықтан, оны өзіміздің маңымызда болғанын, Алматыдан алыстамағанын қалаймыз. Әрине, бұл біздің ойымыз.
Сендер бізбен санасар деген үміттеміз,- деп сөзін аяқтады.
Ендігі кезек менікі дегендей, Сәнияның анасы жөткірініп алып:
- Балалар сендер қандай шешім қабылдасаңдар да біз соған келісеміз. Тек Сәниям бақытты болса болғаны. Дану айналайын әлпештеген анаңның жалғызы екенсің, тағдырларың жөнінде салмақтырақ ойланғандарың жөн. Уәделерің берік болса болды, біз тілекші адамдармыз,- деді көзіне жас алып.
Сәния екеуміз бір-бірімізге қарадық. Қалайда менің тұшымды жауап айтуым керек екенін түсіндім.
- Аға, апа Сәния екеуміздің танысқанымызға бір талай уақыт болды. Бір-бірімізді сынап та, мінеп те болған сяқтымыз. Амандық болса, енді екі жылда оқуымды бітіремін. Сәнияны тағы бір жыл күтуіме тура келеді. Алла дегенге жеткізсе, сіздердің ақ баталарыңызды содан кейін алсақ деген ойымыз бар,- деп Сәнияға қарадым. Ол төмен қарап отыр екен. Менің қолымды ақырын қысып қойды. Оның мені құптағанын түсіндім.
- Жақсы балалар. Тек сөздеріңде тұрыңдар, балалық жасап жүрмеңдер,- деп сұқ саусағын шошайтты Бақыт ақсақал.
- Қайдан білейін, елің тым алыста екен. Бір аллаға тапсырдым екеуіңді. Дану, қалқасы бетің ашылды. Сәния мен бірге келіп кетіп тұр. Бұл да сенің өз үйің өлең, төсегің. Қазақтың сөзінен үрікпеңдер, ел не демейді. Уәделеріңе берік болсаңдар болды,- деп көз жасын тағы бір сығып алды.
Түпкі бөлмеге төсек салып қойған екен, шешініп соған құлай кеттім. Түрлі ойлар мазалап, ұйықтай алмай, таңға жақын ғана көзім ілініп кетті. Түс көріп жатыр екенмін. Баяғы өзіміздің жатаған үйлі шағын ауыл. Айналасын балғын құрақ көмкерген айдын көл. Қос ескекті бос тастап, айдынның ортасына қарай қайықпен жүзіп барамын. Жағалауға көз салып едім. Таяққа сүйенген ақ жаулықты анам қол былғап:
- « Данужан мені ұмытып кетпе, тезірек қайт»,- деп айқайлайды артымнан.
- Анашым, тез қайтамын,- деп оянып кеттім.
Таңғысын беті-ауызым ісініп шаршап тұрдым. Менен ертерек тұрған Сәния ас үйден шығып келе жатыр екен. Жүзі солғын, екі көзі қызарып кетіпті. Оның да жайсыз ұйқтағаны байқалып тұр. Үнсіз отырып шай ішілді. Кетпекші болып жинала бастадық. Гармошкасын арқалап, Сейіт-сері де келді. Жүзі жарқын маған қарап, көзін қысып қояды. Кеңесе келе түстен кейінгі автобуспен жүрмекші болдық. Жол жүретін уақытта болып қалды.
- Ал, айнайлайындар! Жолдарың болсын, сағындырмай келіп тұрыңдар,- деп Бақыт-ақсақал сөзін аяқтай бергенде, сырттан екі сумка көтеріп Айнаш апай кіріп келді:
- Үлкендеу сумка Сәния сенікі, кішілеуі балам саған, қысқы соғым еті, қалаға барған соң жора-жолдастарың болады дегендей, ұялып қалмасын деп салып жатырмын,- деді маған қарап.
- Ой, апа, Сәнияға берсеңіз жарайды. Маған ештеңенің керегі жоқ дегенімше Бақытақсақал:
- Бос сөзді қой, бергенін ала бер, біз үшін екеуің бірдейсіңдер,- деді дауысын сәл көтеріп. Амал жоқ сумкамызды көтеріп аялдамаға келсек Алмагүл мен Әтіргүл күтіп тұр екен. Өткінші автобусқа мініп, Алматыға бет алдық. Студенттік өмірдің қалған уақытында Сәния екеуміздің жұбымыз жазылған жоқ. Кемінде айына бір рет Теректі ауылына барып қайтамыз. Ауылдың той-томалағына жиі араласатын болдық. Не керек Бақыт ақсақалдың бір баласы болып кеттім. Қазақ болған соң әңгіме айтылмай тұрмайды. Кейбіреу елдің күйеуі деп құрмет көрсетіп жатса, кей керауыздар күшік күйеу деп намысқа тиеді. Ондай әзілдің арты шеке қызбайға апарып соғатын уақыттарыда болатын. Мұндай келеңсіз жағдайлардан Сейіт-сері су тигізбей алып шығатын. Сәниямен үш жыл бірге жүріп бірге тұрғанда оған қиянатқа барғаным жоқ. Жігіттік жасамайын дегенім жоқ, Сәнияның бір ауыз сөзі, менің жүрегімде ойнаған асау сезімді тұзақтаған еді.
- Данаш,- деді маған Сәния жаудырай қарап:
- Сенің көңіліңде дүдамал болмасын, мен сендікпін. Тек, қашан қалындық көйлегін киіп, желек жамылып, ата-аналарымыздың ақ батасын алғанша, сен мені қинамайсың. Оң аяғыммен табалдырығыңды аттап, келін атанған күні менің бар байлығым сенікі. Оған дейін мені ренжітпе, мені шын сүйсең солай істейсің,- деп алды артымды орап тастаған еді.
Сәніштің осы сөзі жүрегімде нық орнығып, бірге жатып, бірге тұрып жүрсекте оны аймалаудан әрі бара алмадым.
Хош, сонымен күндер өте берді. Менің оқу бітірер күнім жақындаған сайын Сәнияның ата-анасынан тыншу кете бастады. Олардың әңгімелерінен ұққаным менің Алматыда қалуыма барлық жағдай жасалып жатқанын байқадым. Сәнияның да оған қуанышты екені жанарынан білінеді. Көп ойланып, барлық жағдайды айтып анама хат жаздым. Анамнан көптен күткен хатта келіп жетті. Саябақтың ішіне барып, хатты ашып оқи бастадым. Хат бұрыңғыдай емес, өте салқын басталыпты. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні анам менің мұнда қалуыма келіскісі жоқ. Өзінің де туған топырағын тастап ешқайда бармайтынын, баса айта келіп, қалсаң қал, қайын жұртына күшік күйеу болған торғайлық жалғыз сен емес шығарсың. Мен аштан өле қоймаспын, өлсем қоятын ағайын бар ғой»,- деп қатқыл сөздермен аяқтапты хатын анашым. Хатты Сәнияға көрсеткен жоқпын. Екі-үш күн өзіммен-өзім болып жүріп, ойланып-толғанып бір шешімге келгендей болған соң анама хат жаздым:
«Аяулы анашым, балаңыздан қате кетсе кешірім өтінемін. Мені сіз қалай әлпештеп өсірсеңіз, сіздің қалған ғұмырыңызға қамқорлық жасау перзентіңіз менің міндетім. Ештеңе ойлап алаңдамаңыз. Оқу бітісімен елге ораламын»,-балаңыз Дану деп қол қойдым.
Анамыз екеуміздің арамыздағы хат туралы Сәнияға бірнеше рет айтпақ болып оқталсамда неге екенін білмеймін, айта алмадым. Сейітте бұл жағдайдан хабарсыз еді. Сәнияның үйіне бір келгенімізде, Бақытақсақал біздің тағдырымыз жайлы әңгіме қозғап, таныстары арқылы жұмыс іздеп жатқанын, пәтер мәселесінің шешілетінін айтып, мені қуантқандай болғанымен менің жан дүнием қуана қойған жоқ еді. Көңіл үшін бас изеп, рахмет айтқан болдым. Барлық емтиханды өте жақсы тапсырып, Сейіт екеумізде қызыл дипломды қалтаға салдық. Сол кезде оқу бітірген мамандарды сұраныс жасаған жерлерге жолдамамен жіберетін. Сейіт Жамбыл облысына жолдама алып, аз күнге еліне барып келмекке Жаркентке жүріп кетті. Әтіргүлге менен сәлем айт деп мен қала бердім. Сәния Алматыда жоқ болатын. Биологиялық экспедициямен Көкшетауға он күнге жүріп кеткен.Не істесем екен деген қалың ой құшағынан босана алмай жүрген менің есіме анамның хатта жазған сөздері түсіп, күрт шешім қабылдадым. Сәнияға аман болсам қайтып оралатынымды айтып, хат жазып қалдырып, қан жылаған жүрегімді өкініш өксігімен тұншықтырып, ел қайдасың деп тартып отырдым. Анама қауышып сағынышты басқан соң, басымнан өткен жағдайды барынша түсінікті етіп баяндадым.
- Балам,- деді анашым:
- Сен бір атадан жалғызсың, алдыңда да, артыңда да ешкімің жоқ, менің арқа сүйерімде жалғыз сенсің. Жасым жеткен шағымда Алматыға сүйремей-ақ қой. Атамекенді тастап ешқайда бара алмаймын. Бүлініп қалған ештеңе болмаса, несіне алаңдайсын, сондай бір шөп желке табылар осы жақтан. Алда-жылда өз дегенім болады десең, чемоданың әне тұр, алда жүре бер, баратын жағыңа. Өлсем ел бар ғой, далаға тастамас,- деп нүктені бір-ақ қойды.
Іштей тынып, өзімді-өзім тұншықтырғаннан басқа ештеңе қалмады. Аудан басшыларының шешімімен шаруашылығы дамыған үлкен совхозға аға-инженер болып тағайындалып, анаммен бірге қоныс аударып, көшіп кеттім. Қалайда менің аяғымды байлауды мақсат етті ғой деймін, бір жылға жетер жетпесте, үйленуге мәжбүр болдым. Барған елімізде жолдамамен келіп, жұмыс жасап жүрген Қостанайлық қызды көргеннен ұнатқан анам, қалған өмірімде бақытты күн кешсін десең, Жәмиланы босағама әкеп түсір. Менен туғаның рас болса, мен риза болсын десең,- деп табандап отырып алды. Жәмила жергілікті ауруханада дәрігер болып жұмыс істейтін. «Тоқпағы дұрыс болса, киіз қазық жерге кіреді»,- деген емеспе. Шешемнің тоқпағына шыдай алмай, Жәмилаға көңіл білдірдім. Қыз келісімін берді, анамның тілегі орындалды. Жәмила екеуміз тез-ақ жарасып кеттік. Отбасы болған соң үйге келіп кетушілер дос жарандар көбейеді. Жұмыс, жанұяның түрлі проблемалары маған Сәнияны ұмыттырғандай еді. Бір жылдан соң алғашқы тұңғышымыз дүниеге келді. Туған сәби маған жаңа бір әлемнің есігін ашқандай болды. Бөбек иісі , іңгәлаған дауысы Жәмила екеумізді бұрынғыдан да жақындата түсті. Анамның қуанышында шек жоқ. Барлық жан дүниесімен немерісіне беріле құлады. Үш жылдай уақыттың қалай өткенін де білінбеді. Күндегі әдетімше жұмыстан келе жатып, почтаға соқтым. Өзіме тиесілі газеттерді алып, айнала бергенімде сізге телеграмма бар деп почташы қыз қолыма ұстата салды. Көз жүгіртіп едім, Жұма күні ұшамын күтіп ал С.Б деген әріп қана бар аяғында. С.Б. Сәния Бақытқызы менің амандығымды білмекке келе жатыр. Не істемек керек? Қалай қарсы аламын деген ой бүкіл болмысымды жаулап алды. Тезірек аудан орталығына жетіп, сол жерден күтіп алмаққа бекіндім. Жолдастарымның бірінің үйінен құрмет көрсетермін деген оймен аудан орталығына кештерте жүріп кеттім. Жақсы сырлас достарымның бірі Әлжанның үйне ат басын тіреп, әңгімелесіп отырып мән жайды толық түсіндірдім. Сәнияны қарсы алуға Әлжан екеуміз баратын болдық. Әлекең үйінде құрдасқа түске дастархан дайындауды өтініп, Әлекең екеуміз ұшақ келетін уақытта Әуежайға келіп күтудеміз. Уақытында ұшақта келіп қонды. Ұшақтан түскен жолаушылардың соңынан үстіне көгілдір көйлек киген, қолында сумкасы мен суқағар плащы бар Сәния түсіп келеді. Әлеңе ымдай қойып, өзімде онымен бірге Сәнияға қарсы жүрдім. Ол мені таныдығой деймін секейіп тұрып қалды. Енді кідіруге болмайтынын түсініп, жылдамдата басып Сәнияның қасына келдім. Ауызымнан Сәніш аман есен келдің бе?-деген сөз қалай шыққаның білмей аңғармай қалдым.
-Мені курорттан қарсы алғандай болып тұрсың ғой тегі, амандықтамыз құдайға шүкір деді қатқылдау дауыспен. Әлжанда Сәнияға жік-жапар болып, Машинасының есігін ашып, далада тұрғандарың жарамас, қалған әңгімені үйге барып сөйлесейік деп бізді машинаға отырғызып, үйдің алдына әкеліп бір-ақ тоқтады. Үйден шыққан Күнікей Сәниямен сыпайы амандасып, қолынан ұстап үйге кіріп кетті.
Әрі қарай не істеу керек дегендей мен Әлекеңе қарадым.
- Дану, болар іс боды, артқа шегінер жол жоқ, барлық шындықты ағыңнан жарылып айтқайсың. Оның да іштегі шегі тарқасын, сенің де бетің ашылады. Енді шегінеудің реті жоқ,- деген Әлжанның сөзі қуат бердіме үйге кіріп, дастархан басына жайғастым. Менің іс-әрекетімді, қимыл қозғалысымды көзімен бағып отырған сұңғылы қыз бойымда көп өзгеріс бар сияқты, жүрегім жарылып кетсе де бүкпесіз ашық әңгіме болсын,- деп Сәнияның өзіне жөн сілтегендей болдым. Жасаулы тұрған дәмге ешкімде қол салған жоқ. Екеуі оңаша әңгімелессін дедіме, Әлжан мен Күнікей сыртқа шығып кетті.
- Дәм алсаңшы, Сәния, жолдан келдің ғой- деп өзімше ілтипат жасаған боламын.
- Сен неге міңгірлеп отырсың, мен мұнда тамақ ішу үшін келгенім жоқ. Сені бір көріп ашуымды басайын, иттігіңді бетіңе басайын деп келдім. Сөйле, сері жігіт, менсіз не бітіріп, не қойдың,- деп кірпігін қағып жібергенде көзінен булығып шыққан ыстық жас, қыз жанарынан төмен сырғып, әдемі ақша бетіне із тастап, жерге тамып жатты.
- Жылама, Сәния мен тағдырымнан бұлтара алмадым. Жүрегім сен деп тұрса да, анамның сөзі мен үшін құрылған қақпан еді,- деп болған жағдайды баяндай келіп, Сәниядан кешірім өтіндім. Аға мен ападан азаматтық басымды иіп кешірім өтінемін,- деп үнсіз тоқтап қалдым. Жанарын жас жуған, ол маған қарап:
- Данаш, маған бәрінен қатты бататыны оң жақта отырып, жесір атанғаным.Бақыттың алмаған ала шұнағы тастап кеткен қызы, деп кім көрінгеннің қолын шошайтқаны. Папам мен мамамның менің өмірімді өксіткен осы жағдайлар. Оның бер жағында айтылған сырлар, жүректегі арман, бір-бірімізге деген уәдеміз қайда? Қыз басыммен мен сені үш жыл күттім. Үмітпен күттім. Дану қайтып келеді, мені алып кетеді деп ата-анамның айтқан уәждеріне құлақ аспадым. Ақымақ болғанымды кеш түсіндім. Мені саған жолықтырған күнге қарғыс айттым. Ұрлық істеген адамша қашып кеткенің батты маған. Алматыда қала алмаймын десең, ешкім байлап ұстамас еді ғой. Анаңның жазған хатын маған неге көрсетпедің.Анаңды тастап менімен бірге бол дерме едім, жоқ. Ата-анамда олай демес еді. Сенімен қол ұстасып, келмеспе едім осы елге. Ақ босағаңды аттап, анаңа келін бола алмайтын ба едім. Кәне, маған жауап берші, Дану!
Көзімнің астымен қыздың жүзіне қарап едім, қан жоқ, сөл жоқ сұрланып алған екен.
- Мен кінәлымын, кешірім өтінемін,- дедім бар күш жігерімді жинап.
- Әрине, сен кінәлісің. Кешірім етіңдер дейсің. Біздің кешіріміміз, менің тапталған ар намысым, үш жыл бойы егілген жан дүнием, көзімнен аққан жастың өтеуі бола алама. Айтшы кәне, жауап берші, Дану!- деп қадала түсті. Тағдырымның бұлай болғанына сенен басқа ешкім кінәлі емес. Сенің өзімшілдігің, өзгені сыйлай білмеуің, шешімсіздігіңнің арқасында арманымыз күл болып, менің тағдырым талқандалды. Мұны қалай қалпына келтіреміз,-деп қасыма келіп иығыма басын салып егіліп жылап жіберді. Мен де айтар жауап жоқ еді. Басым салбырап, төмен қарап, үнсіз отыра бердім.
- Жарар! Данаш- деді қатқыл дауыспен.
- Сені көрдім, айтарымды айттым, маған жасаған көмегің болсын, ұшаққа отырғызып жіберіңдер,- деді өтінішпен. Екеуміздің әңгімеміздің аяқталуын күтіп тұрған Әлжан мен Күнекей ішке кіріп, дәмге отырыңдар,- деп жік-жапар болғанына қарамай сыртқа беттеді. Әлжан екеуміз бірге шығып, жеңіл көлікпен әуежайға келдік. Әлжан бар беделін салып, соңғы ұшаққа бір билетті әзер тапты.Ұшаққа жақындай берген Сәния артына жалт бұрылғанда оның отты жанары, әулетті бір күшпен өзіне тартақандай, еркімнен тыс қызды қабыстыра құшақтай алдым. Басын кеудеме қойған Сәнияның жанарынан аққан ыстық жас кеудемді жуып кетті. Жан дүнием езіліп, өзіме-өзім келе алмай тұрғанымда Сәния құшағымнан босанып шығып, ұшаққа отыруға беттеді. Траппен көтеріле бере артына қараған Сәнияның жүзі қуқыл тартып, сұрлана қалған екен.
Әттеген-ай!- дедім іштегі өкінішті ауыр күрсініспен сыртқа шығарып. Ұшақ көзден ғайып болғанша қалқыйып тұрып қалыппын. Кенет көтерілген құйын құм боранды аспандата көтерді де әп сәтте тынши қалып, күннің бетін көлегейлеген шөкімдей бұлт төгіп-төгіп жіберді. Салқын жауыннан есімді тез жинап алып, айналама қарасам Әлжан мені күтіп тұр екен. Тосынан жауған жауынды ұшақ ішінде жылап бара жатқан Сәнияның көз жасындай сезіндім. Машинаға міне беріп, ауыр күрсініп:
«Әттеген-ай!»,-дедім. Әлжан маған таңдана көз тастады.
Арада бір талай жылдар өтіп, самайға ақ кіріп, шашымыз шулан тартып қалған кез. Күтпеген жерден Сейіт-серіден 50 жылдық мерей тойына шақырған хат алдым. Менің сері досым өткен жылдар ішінде ғылым саласында тамаша жетістіктерге жетіп, техника ғылымдарының докторы, Әтіргүл филология ғылымдарының кандидаты деген атақ алған. Екеуіде ғылым академиясының қызметкерлері еді. Сейіт тойға шақырған соң Жәмила екеуміз тез жиналып, қасымызға кенже қызымызды ертіп, Алматы қайдасың деп жүріп кеттік. Әуежайдан бізді қарсы алған Сейіт жанұямызбен саяжайға әкеліп түсірді. Осында дем алатынымызды кешкі қонағасы саяжайда берілетінін, Әтіргүлдің де келіп қалатынын айтып, тоңазытқыштың ішіндегі бар несібе сіздер үшін алынған. Жәмила біз келгенше билік өзіңде, шөл басып, тамақтана беріңдер. Мен әлі келетін қонақтарды күтіп алуым керек. Екі сағат шамасында қайтып ораламын. Ренжімеңдер,- деп шығып кетті. Жуынып шайынып бола бергенімізде қасына екі құрбысын еріткен Әтіргүлде келе қалды. Қызыммен Жәмиланың бетінен сүйіп, амандасып болғаннан кейін, гармоншы жігіт бері кел,- деп мені өзінің құшағына алып қысып-қысып қойды.
Әйелдер жылдамдатып стол жасап, бізді дастархан басына шақырды. Жеңіл шай ішіп отырып Әтіргүл:
-Данаш сен бүгін ескі таныстарыңмен кездесуің мүмкін. Көкшетаудан Алмагүлде келіп қалуы керек,- деп маған күлімсірей қарады.
Сәніш те болатын шығар тойда, олар маған қалай қарар екен,- деген дүдәмал ой құшағында отырып қалдым. Көп ұзамай Сейітте келді.Машинадан түсіп жатқан қонақтардың ішінен Алмагүлді байқадым. Алмагүл маған салқындау амандасты. Сөздің ретінде жолдасына мына мырза Торғай елінен келген Дану сері құдай қосқан қосағым Көкшенің көк мойыны Мұрат деп жолдасында таныстырып өтті. Ұрымтал сәтті пайдаланып, менде жанұямды меймандарға таныстырдым. Стол басына отырып жатып, Алмагүл:
- Қызым, есімің кім болады,- деп қайталап сұрады.
- Тәте, есімім Сәния, папам еркелетіп Сәніш деп атайды,- деп жауап берді қызым.
Алмагүл маған жалт қарап:
- Сәния, Сәніш,- деп қайталап ризашылық білдіргендей сыпайы жымиды. Ертеңіне той дастарханына мейрамханаға жиналдық. Әр елден шақырылған қонақтар өте көп еді. Столға жайғаса бергенімізде жұрттың назары есік жаққа ауды. Сырттан қасында ұзын бойлы, қою қара мұртты, жасы алпыстарды алқымдап қалған сымбатты азаматты қолтықтап, Сәния кіріп келе жатыр екен. Олар төрге қарай озып жайғасқан соң, асабада той тізгінін қолға алып, қуақы әзілдермен жамағатты бір қунатып алды да, алғашқы тост Сейіт ағамаздың қызметтес сыйлас ағасы академик Қайрат Ахметұлы мен жұбайы биология ғылымдарының кандинаты Сәния Бақыт қызына және Сейіт ағамыздың адал досы Торғайлық жол құрылыс мекемесінің басшысы Дану мырза мен жұбайы аудандық аурухананың бас дәрігері Жәмила ханымға беріледі деп біздерді асаба алаңына шақырды. Залды тыныштық әлемі билеп алды. Жәмила екеуміз асабаға қарай беттегеніміз де, Сәния мен жолдасы да ортаға қарай баяу қозғалып келеді екен. Бір-бірімізбен бас изеп сыпайы амандасып, міндеттерімізді атқарып болған соң, орнымызға барып отырдық. Алғашқы үзілісте басқа жұрттан оқшалау тұрған Сәния мен Қайрат мырзаның қасына Жәмиланы, қызымды ертіп келіп:
- Қайрат мырза айып етпеңіздер, сіздермен өз жанұямды таныстырмақпын дедім.
- Ешқандай айыбы жоқ, елден келген оның ішінде Торғайдан келген азаматтар мен танысып әңгімелесу бір ғанибет емеспе,-деді академик қолын ұсынып.
- Есімім Дану. Жұбайым Жәмила, кенже қызым Сәния,- дегенімде Сәнияның жанары жарқ етіп, ризашылықпен қарағанын байқадым.
- Ол да, Сәния,- деді сыпайы ғана.
Әйелдер тез шүйіркелесіп кетті. Академик менен елдің жағдайын сұрап, ананы-мынаны айтып әңгімелесе бастадық.
- Тоқтай тұр,- деді Қайрат көзі күліп маған назар сала қарап.
- Сіз Сейіттің досы. Алмагүл мен Сәниямен бірге болатын Данумысыз,- деп өң бойыма көз жүгіртіп өтті.
- Иә, нақ сол Дану боламын ағасы,- дедім күмілжіп.
- Сәния маған бәрін айтқан, екеуміздің арамызда ешқандай жасырын сыр жоқ, бауырым! Мен сізбен танысқаныма қуаныштымын,- деп арқамнан қағып қойды. Тойдан кейін Қайрат пен Сәния біздерді қонаққа шақырды. Алмагүл, Сейіт, Сәния және мен өткен күндердің жақсы жақтарын еске алып, бір жасап қалдық. Сәниядан апа мен ағаның жерленген жерін біліп, зираттарының басына барып, дұға жасап топырақ салдым. Басымды иіп, аруақтарынан кешірім өтіндім. Әтіргүлге еріп Жәмила мен қызым дүкен аралап кеткенде Сейіт екеуміз Банудың басына барып дұға жасадық. Ескерткіштегі сөзге көзі түскен Сейіт сұраулы кейіппен маған қарады. Сейітке Бану жайлы толық әңгімелеп бердім. Бану жайлы баянды үнсіз тыңдаған Сейіт:
- Мұны тағдырдың жазуы демеске болмас,- деп басын шайқады. Бір-бірімізбен жиі хабарласып тұрамыз. Жанұяммен Сәнияның алпыс жылдық мерей тойында болып қайттық. Кенже қызымды ұзатқанда Сейіт пен Сәнияға арнайы шақырту жібердім. Екеуіде тойға келіп, құдалыққа барып, киттерін киіп риза болып кетті. Алмагүл жолдасының денсаулығына байланысты бізбен араласа алмады.
Өзімнің кінәмнан жоғалтып алған Сәнішіммен есейгенде достық көңілмен қайта табыстым. Иә, мұны тағдыр демеске болама,- деп маған қарады көршім. Дәкеңе көз салсам, тағдырына риза болғандай, жүзі нұрланып жанары күлімдеп отыр екен.
Әттеген-ай 3.
Бұл менің алғашқы да соңғы серілігім болды.
Жем-шөп дайындайтын бригадалардың арасы тым қашық болатын.Кейде аралап үлгере алмай, өзен жағалай отырған шопандардың біріне түней салып, жұмысты ертеңіне қайта жалғастыратынбыз.
Ақөзектегі бригадаға барып кештетіп қайтып келе жатқанмын. Күн кешкіріп кеткен соң, жолдағы қойшылардың біріне қонып, ертеңіне келесі бригадаға бармақ болдым. Күре жолдан екі шақырымдай тұратын Қозеке ағаның үйінде талай болғанмын. Ақжарқын,күлсе көмекейі көрініп тұратын ақкөңіл жан.Қонаққа берер дәмі мен қымызы қандай? Үйінде сегізінші сыныптан кейін оқымай отырып қалған бойжеткен қызы бар. Неге оқымай қалғаны белгісіз. Жалғыз үй қойшы ауылда зерігеме әлде жасы жеткен соң басқа бір өмір көргісі келеме, келген жастау қонақ болса, көзін сүзіп,қалайда көңілін аударуға тырысатын.
Машинаны үйдің сыртына қоя салып,мал отарлап жатқан үй иесіне сәлем бердім. Қозеке аға емен-жарқын амандасып, есен-саулық сұрасып,қауқылдасып жатыр.
- Үйге бара бер. Мен қазір барамын,-деген соң үйге беттедім. Үйге келе бергенімде маған қарсы шыққан бойжеткен көзін төңкере қарап, иығын сүйкей өтіп, мен мынандаймын дегендей құлын мүшесін көрсете ошақ басына қарай жүре берді.
-Қап, мынау қайтеді ей!-деп сәл кідірдім де ішке кірдім. Ұжымшарға келгеннен бері жасының үлкендігіне қарамай менімен жақын араласып кеткен кісінің бірі-Қозеке аға болатын. Қойшы ауылдағы жарық көзінің түрі білтелі ондық шам еді. Кешкі дәм ішіліп, жатар уақытта болды. Салқындап келуге далаға шығып, түнгі таза ауада он бес , жиырма минуттай тыныстап, үйге келсем маған төсекті төрге нақ ортаға салған екен. Менің оң жағымда шымылдырық ішінде ұйқысырап жатқан қыз. Сол жағымда масахана ішінде ерлі–зайыптылар. Менде шешініп төсекке жайғастым. Қозекеңнің бәйбішесі тұрып, шамды сәл басып, босағадағы шкаф үстіне апарып қойды да, масахана ішіне кіріп, жастыққа басы тиісімен қор ете қалды.
Шымылдық ішіндегі қыздың айнала дөңбекшіп, ұйықтай алмай жатқанын аңғардым. Кенет, бір жаман ой сап ете қалды. Нар тәуекел осыған барып көрсем қайтеді. Өзі тіленіп жүр емеспе,-деп ойладым. Үй иелері толық ұйқыға кетті-ау деген уақытта, ақырын тұрып, шамды басыңқырап қойып,төсекке келіп қисайдым. Дәл осы сәтті күткендей қызда шымылдығын желпіп қалды. Бұдан әрі тұрыс болмады, бір жамбастай жылжып, шымылдық ішіне кірдім. Қыз мені күтіп жатқандай сәл жылжып, жамылған көрпесінің шетін ашық қалдырды да, ұйқысыраған кейіп танытып, ақырын ыңырсыды. Демімді ішіме тартып, сәл тыныстадым да қолыммен қыздың піскен алмадай анарынан сипалай бастадым. Қарсылық болған жоқ. Батылдана түскен мен демін терең алып, тынысын ішіне тарта қалған қыздың тамағынан иіскеп, ернінен құшырлана сүйгенімде қыз оң қолын кенет көтеріп алды. Іш киімінің сыртынан қыздың күнтимесінен сипағанымда денесінің болмашы дірілдегенін байқадым. Еркіндеу қимылдап, сұлық жатқан бойжеткенді шешіндіре бастадым. Екі санының арасын ашпақ болып тіземді ыңғайлай бергенімде, қыз аяқтарын сәл жинақтап екі санының арасын аша түсті. Аталық мүшем атылғалы тұрған оқ жыландай қақиып алған, ақырын еңкейіп, сауыт бұзар сұр жебені енді тартпақ болып, қыздың күнтимесіне жақындата түстім.
Кенет, тоқ ұрғандай селк ете қалдым. Сен не істеп жатырсың деген ой бүкіл болмысымды жаулап алып еді.
Ау, мырза! Сен бір келесің, екі келесің. Дәмін татқаннан кейін келісің жалғаса береді. Оң жақта пісіп отырған қыздың аяғы ауырлайды. Сонда не болмақ? Сый–сияпатпен құрметтейтін жұмыс ұжымыңа,жанұяңа, ақ адал дәмін алдыңа тосатын Қозыке ағаға не демекпін. Бар жиған бедел бір ақ күнде күл болып көкке ұшып, қарабет екен деп бүкіл ел қолын шошайтпайма деген ой мысымды басып,қыздың үстінен ақырын түсіп, бір жамбастай жылжып, орныма келіп жаттым. Шымылдық жаққа ақырын көз салсам қыз оң қолын көтерген күйі қимылсыз жатыр екен.
Таң атқанша ұйықтай алмай айнала дөңбекшумен болдым. Үй иелерінен ерте тұрып, машинаға міндім де аксилаторды қаттырақ басып, рулді нығарлай ұстап, бригадаға қарай зымырай жөнелдім. Содан кейін Қозекеңнің ауылына соққаным жоқ. Соғуға бетім бармады.
Екі ай шамасында Қозыкенің қызы көрші ауданға ерге шығып кетіпті деп естідім.
-Қап,шірене тартылған сауыт бұзар жебені тартып -ақ жібермеген екенмін.
«Әттеген-ай»!,-дедім ішімнен.
Жасым жетпісті алқымдап қалды. Сол қызды бір көрсем бетпе-бет отырып мен туралы не ойлағанын сұрасам ол не деп жауап берер екен,-деп ойлаймын кейде...
***