№8-ші палата
8-ші палата,онда шал тұратын еді... Тамырына салынган дәріні жұлатын еді... Қашанда ол ащулы мейірбикеге, Сырын ашып жалғыз санын ұратын еді... Кеудесінде ордендар жарқыраган, Соғыста бұл шал капитан болған... Болғанда ротасынан түгі қалмай... Жалғыз аяқты шал аман қалған, Әр қашан соғыс жайлы айтатын еді... Есіне алып шалдын жасы келді... Жас едімғой ол кезде алып жығар, Айтайын соғыс жайлы,келші бері... Болды ротам,жанға толы,200 адам... Алғы шепке,сол ротаммен бастым қадам... Деді де Шал сөзін бастап кетті, 8-ші рота кеңестер батыры деді... Палатаны 8-ші жай таңдамапты, Сол санды ұран етіп өзіне алыпты, Сегіздей семіз болған ротасында, 200-ден жалғыз аякты капитан қалыпты... Қалың орман арасында келеді рота, Артымызда қалды қаншама жота, 8-ші рота командирі өзім едім... Құдай-ау сол орманға неге келдім?! Арамызда жасы да бар кәрісі де, Қаруы бар,бар еді жағыз танкісі де, Биіктеу жота маңына келіп едік, Жотаның артындағы орманды көрдік. Сезіндім жотаның ыстық көрінгенін... Кім білген ротамнын сонда көмілерін?! Шешімді қателесіп шығарсамда, Соғыста ешқашанда жеңілмеп едім... Сүрінбейтін тұяқ,жаңылмайтын жақ болмайды екен... Орманды жаудың куші мекендеген, Ротамның нүктесіне айналатын, Сол бұйрықты қалайша бердім екен?! Орынбасарым картасын ашып жіберді, Олардын ойына бір жаман ой келді... Орманды айналып өту орнана, Қақ ортадан кесіп тез жеткісі келді. Әрейіне соңғы шешім менің қолымда, Ротам менің жүр емеспе 2-айдай жолда, Алдыңғы шепке асығып тұрған жауынгерлер, Арманы бар едігой майданға тез жетер... Ойланатын уакытым жоқ болдыма? Шайқасып жеңілмегем,көңілім тоқ болдыма? Бұйрық бердім командирлік дауыспенен, Орманның ортасынан өтеміз деген. Келеміз жүріп,шулап,ойнап,күліп, Пулеметтың кенеттен даусы шықты, Орманда тұр екен бізді күтіп, Қара жау,қара күші мықты... Неміс солдаты болған ұқыпты оте, Менің жеңілмес есімім келген ғой жете... Талай неміс менімен соғысқанды... Бұйрығы жеңілместі олар жойғанды, Болды майор Швальц солардың қатарында, Армандайтын мені жеңуді жатарында... Жеңілместі жеңсе Швольц мырза, Сүйіктісіне оралатын күн атарында. Махаббат адамды не істетпейді?! Ғашақ жанның көзі еш көрмейді... Әттең-ай сол Швольц мырза, Меніңде сүйгенім барын білмейді... Майор Вольт Швольц мырза, Соғысып көрген менімен алдында... Сол кісімен қанды шайқастарда, Жеңілмес есімі маған қалғанда... Жеңілістен дұрыстап қателерін, Болатын шешімі анық,жоспары таза, Ойланыпты үтірмен нүктелерін, Жеңілмес табады деп бүгін қаза. Енді орманнан өту болды арман, Биік жота жалғыз қорған болған. Шегінуден басқа қалмады амалым, Құдайым-ау мен неге сақ болмадым? Жотаның жағасында қалдық жата, Қалың жау келеді қаруын ата, Жалғыз танкамызды жарды олар, Соңғы қалқан бұл жота болар. Орынбасарымнан ротаның санын, Анықтауды бұйырдым барін, Кетті тұрып,рота санап, Қыйсада сол ротамен қыршын жанын. 50-салдат,21-граната калдау деймін, Анығын капитан мырза мен білмеймін, Деді де жатты қасыма келіп, Неге ғана журдім орманмен оған сеніп? Барлаушылар кетпек барлауға бәрін, Барлап келмек,күш қуатын,жаудын әлін. Амалсыздан жібердімғой аманат етіп, Оралама,оралмайма ол жағы бір беймәлім... 500-дей салдат,7-танк санып келді, Тунделетіп ротамыз уақыттан жеңді, 5-бірдей танкті жарып барлаушылар, Ротаның ку сыртынан енді. Кеудеден жан шыққанша бердік тойтарыс, 9 күнге созылған бұл шайқалыс. Қаншама бауырларым оққа ұшты, Ротамның барі сонда жерді құшты... 10-шы күні 3-іміз жаттық жерде, Бітті барі шайқас та,оқ дәрі де, Қалың түтін арасынан еш нәрсе көрінбейді, Аш қасқырлар қазір келіп бізді жейді. Жау жақындауға қорқып қалған, Біздің қолдан қаншасы қаза болған. Кенеттен жаудың басын көріп қалдым, Қашыңдар деп бұйрыкпен айқай салдым. Орнынанда олар тұрып улгермеді, Айтылмаған ажал ерте келді. Әттең-ай қолымда күректе жоқ, Күшім бар айтпесе жаратын жерді... Ұстап мені әкелді жота жағасына, Озімнің 8-ші рота маңына, Отырғызды тіреп мені өз танкіме Міне Швольц көрінді қан көзіме. Қос батыр тұрдық ұзақ қарап, Қаза болған салдаттырмен бірге жылап, Не айтсада мен оны түсінбедім, Естімейді еш нарсені қанды құлақ. Қаруын көздеп маған күледі тек, Ей,қан ішер,мен сені көремін жек. Жерде жатқан гранатаға көзім түсті, Швольц-жан мен өзіңнен аламын кек. Қолымда граната,оқ кеді оң жагымнан, Граната шықты менің сол қолымнан, Аяғыммен тептім мен гранатты , Солайша мен жоғалттым сорлы аяқты... Көзімді аштым мен содан палатада, 200-ден жалғыз қалғаным ба? Сенгім келмейді ротамның жақтығына Ротамның өмірі кетті соғыс жолында, Айтылған сөз,болған оқыйға,ауыр жағдай, Ак ардагер мұнда тап болған қалай? Өзегін Кеңес батырдың окініш қыйнаған, Ардагерлер осындай көппе деп қыйналам... Ей агайын,жеңімпаздың ұрпағысың, Бейбітшілік бар ,сен соны ұғамысың: Ардагерді аяққа таптап жатқан елім, Алғы шепте болды емес пе қорғанышың?!