Адам қарады: 318 | Жарияланды: 2019-06-15 20:46:31

Үңгір

Əскербек жастайынан тұйық ,əр нəрсеге қызыққыш болып өсті.Қазір де сол мінезі өзгерген емес.Тау етегінен жылтыр тас,бұрын көрмеген өсімдік көре қалса,қолына алып ұзақ уақыт қызықтап тұрады.Сондықтан болар мұның досы жоқтың қасы.Дəлірек айтқанда біреу-ақ.Ол кішкентайларынан бірге өскен өзімен тетелес көрші үйдің Жанар атты қызы.Əскербек үшін мұның жан дүниесін түсінетін тек ғана сол секілді.Не нəрсе болса да осы бір қараторы қызбен бөлісіп,соның пікірін білгісі келеді де тұрады.Бірақ бүгін біраздан бері өзі ғана байқап жүрген үңгірге жалғыз аттанды.Үңгірді ешқандай хайуанның паналамайтына нық сенімді.Себебі айналасынан іздерді көрген емес.Аспан шəйдай ашық,,күн жарқырап тұрса да үңгірдің кіре берісіне келгенде ,əрі қарай жүруге жүрегі дауаламай қалды.Ойланып біршама уақыт тұрды да: Ооооууу-деп ішкеріге айқайлап жіберді.Ондағы ойы жаны бар біреу болса белгі берер дегені.Осында келерде ала салған ағаш бұтағын қысып ұстап,үңгірге енді.Алғашында дым көрінбестей қараңғы болғанымен,əрі қарай көзі үйренді ме қадамы жылдамырақ болды.Ең түбіне жеткенде ерекше бір үлкен тасқа тірелді.Бейне бір арғы жаққа өтпесін деп əдейі қойылған сықылды.Басқа таң қаларлықтай ештемені байқамады.Сосын отыруға ыңғайлы тасты байқап,дем алмақшы боп жайғасты.Қанша отырғаны белгісіз енді қайтайын деп тұрғаны сол-ақ еді,анадай жерде тастардың арасынан үш бұтақшасын шығарып, бір шөпшек қылтиып тұр.Мінезіне салып,əлгіні жерден жұлып алды. Біршама уақыт қарап,иіскелеп көріп, бір бұтақшасын сындыруы мұң еді жардағы тас айқара ашылды.Ар жағынан күннің жарығы көрінді.Сəл-ден соң,бір жас жігіт шығып:

-Бауырым,бері кел-деді қолын бұлғап. Əскербек алғашында абдырап қалса да,ішінен "біссімілəсін"айтып бейтаныс адамға беттеді. Қол алысып үнсіз амандасқаннан соң,жол бастаған жігіттің ізіне ере берді.Ар жаққа өткенде табиғаты керемет жерді көріп,аң-таң болды. Он шақты қадамдай жүргеннен соң,артына бұрылып қараса,тас ешкімнің көмегінсіз тарс жабылды.Сонда барып бейтаныс адам:

-Жігітім қайда тап болдым деп үрейленіп келе жатырған боларсың. Саспа қазір үйге барған соң,дəм-тұздан ала отырып,бəрін түсіндіріп берем-деді.

-Жақсы-деді Əскербек қорқынышын білдіргісі келмей. Келе жатып байқағаны тілмен айтып суреттеуге келмейтін мынадай табиғат аясында ойнап жүрген бес-алты баладан басқа ешкім көрінбей-ді.Ішінен :жұмақ деген осындай бола-тын шығар деп ойлап қояды. Біраз жүргеннен соң,жартасқа орнатылған бір қақпа алдына тірелді.Ішіне енгенде ,жұпар иіс мұрынын алып кетті.Тағы бір байқағаны шеткерірекке қойылған столдың үсті ішіп-жемге толып тұр.Көріп жүрген тағамдарына еш ұқсамайды.Үй иесі бұрышта ағып жатқан бұлаққа қолын шайып,бұған қарап тұр.Əскербек те соны қайталап,ұсынған орнына барып жайғасты.Қол жуып отырғанда таңқалғаны аққан судың қайда кетіп жатқаны белгісіз. Жайнаған столдағы тамақтың қайсысынан бастарын білмей Əскербек дал.Соны байқаған үй иесі: -Алдыңыздағы ас сізге таңсық шығар.Мен мысалға мынаны тəуір көрем-деп қуырылған баклажанға ұқсайтын тамақ салынған ыдыстан дəм татты. Əскербек те алдырып көріп, жылқының етінің дəміне ұқсатты. Бірнеше құмыраға құйылған сусынның бірінен ішіп еді,түрі ұқсамаса да кəдімгі сорпа.Таңқалып, əрі тамсанып отырғанын сезген жігіт:

--Сіз астан алдыра беріңіз.Мен өзімді таныстыра өтейін.Есімім Жəнібек. Əкемнің аты Бəйдібек.Атамның аты Əскербек. Өз есімін естігенде Əскербек елең ете қалды.Бірақ үндемеді.Жəнібек қонағының бетіне бір қарады да,əңгімесін жалғастырды.

-Атам келмес жаққа кеткелі біршама уақыт болды.Əкем мен анам көрші ауылға кеткен.Əйтпесе солар шығатын еді алдыңыздан.Сыртта ойнап жүрген балаларды көрген боларсыз соларға бас-көз бол деп тастап кетті.Сіздің мына көрініске таңданып отырғаныңызды білемін. Атамнан еститінмін бұрын қонақтарды мал сойып қарсы алатын болған деп.Олар да бір бірінің етін жеген екен.Қазір оларды тек көлік ретінде пайдаланамыз. Мысалы,мысықтар мекендейтін жер бар.Бір жерге барғың келсе солардың біреуін ұстап мініп,лезде барып келесің

. -Үлкендеріне мінетін шығарсыңдар. Бірақ олардың атын арыстан,гепард деп атайтын сияқты еді ғой-деді Əскербек.

--Ия,ия атам үлкенін,кішісін бөлек атайтын .Мен үшін бəрі мысық. -Сонда қалай бір-бірлерін жеп қоймай ма? Жəнібек жымиып:

--Оның қажеті жоқ.Өзің дəмін татқан тағамды олар да пайдалана алады. Онда адамдарға бағынып не керек дейсің ғой.Барлық нəрсенің сұрауы бар демекші,жаратқан иеміз адамзат секілді,айналасындағыларға тек жақсылық жасауға бейімдеп қойған. Керісінше жағдайда бумеранг сияқты істеген жамандықтары өздеріне қайта оралады.Сондықтан осындағы барлық тіршілік иесі игі іс атқаруға дайын тұрады.Соған орай жаратушы лайықты сыйлығын береді.Біріне ұзақ ғұмыр берсе,өзгелеріне көп ұрпақ сыйлайды.

-Мына жерге қашан көшіп келдіңдер? Мына тосын сұраққа жауап берерден бұрын Жəнібек сəл үнсіз- дік сақтады да:

-Қайда тап болғаныңызды сезген шығар деп ойлап едім.Ендеше тың- даңыз.Сіз енді болатын,яғни,бола- шақ өмірдесіз.Бағана тас есік ашылғанда,сіздің сұлбаңыз ғана көрінді. Басқа ештеме байқалмады маған. Себебі,бізге өткенге көз жүгіртуге болмайды.Сосын тағы айтарым сіз жұлған шөпшектің бір бұтағын сындырғанда келешектің есігі ашылды.Қайтқыңыз келсе,екіншісін сындырып маған берсеңіз болғаны.

-Үшіншісі ше?

-А-а оны маған тастап кетсеңізде болады.Мында қалып қоюға болады,бірақ шығып қайта оралуға болмайды.Ана өмірде өз күшін жояды.Сіз үшін.Олай дейтінім,егер соңғы бұтақшаны анда барғанда лақтырып жіберіп,ол бір лайықты адамның қолына түссе ғана үлкоен бақытқа кенеледі.Сыйлаймын немесе тығып біреуге айтамын деген ойлар мазаламай-ақ қойсын.Олай болған жағдайда қасиетін мүлдем жояды. Енді қайтқыңыз келсе,соңғы бұтақ- шаны алып кетем немесе тастап кетемін десеңіз өзіңіз білесіз.

-Ия,қайта оралғым келіп тұрғаным рас.Ал бұтақшаны тастап кетем,əрине.Өйткені ана өмірге апарып, желге ұшырып жіберіп,адамдарға айтсам,қаншамасы оны іздеймін деп босқа уақытын өткізер еді.Тапса жақсы.Тек мені бір сұрақ мазалайды Сіздердің мұнда қалай тап болғандарың.

-Үй ішіндегілерді сағынғаныңды сеземін.Сұрағыңа қысқаша жауап беріп көрейін. Атамның жанұялы болғанына шамалы уақыт болғанда,төрт-бес құрдастары болып,келіншектерін ерітіп,табиғатқа саяхатқа шығыпты. Балық аулап,енді тамақтанайын дегендерінде,жаңбыр жауа бастаған екен.Қолдарындағы заттарын құшақтай жақын маңындағы үңгірге келіп тығылыпты.Сол мезетте алай-дүлей басталып,паналаған үңгірлерінің кіре берісін тас басып тастапты. Үңгірде қанша мезгіл болғандары белгісіз,арып-ашып əрең дегенде тысқа шықса айнала адам танымастай қатты өзгерген.Жан-жақ жым-жырт.Тұрған ауылдарына барса,ауылдың орны түгіл ізі де жоқ. Аласұрып төңіректің бəрін шарлап шықса да бірен-саран жануардан басқа тіршілік иелерін кездестірмепті.Азықтары таусылып,бір орманға кірсе,талдардың басында бұрын көрмеген жемістер тұр.Қарындары əбден ашығасын қауіпсіз болса да, жемістерді жесе,дəмдері де əртүрлі. Ащысы керек пе тəттісі керек пе.Сол кездері əжемнің аяғы ауыр екен.Көп ұзамай əкем дүниеге келіпті.Құрдастары дүниеге əкелген қыздардың біреуімен бірнеше жылдардан соң бас қосқан əкем мені дүниеге əкеліпті. -Айтпақшы əжеңнің аты Жанар емес пе?

-Ия. -Ойланбастан жауап бердің ғой.Сұрағым таң қалдырмады ма? Ендеше мен сенің атаң боламын. Бұған да онша таңырқамаған кейіппен Жəнібек:

-А-а ,атыңызды естігенде елең ете қалып едіңіз.-деді жəй ғана. -Көкейімді нешетүрлі сұрақ мазалайды.Десе де үйге деген сағыныш сезімі басым.Мені кері жіберуге көмектесе аласың ба? -Əлгінде айттым емес пе.Бір бұтақ- шаны сындырып маған берсеңіз болғаны деп. Сөйтіп екеуі қайтар есік,яғни,жарға жабысқан дəу тастың алдына келді. Бұтақшаны сындырмастан бұрын:

-Айып етпе соңғы сауалыма жауап бересің бе?-деді Əскербек немересінің бетіне қарап.

-Əрине,əрине.

-Келмес сапарға кетті деп жатырсың Бірақ ешқандай бейітті көре алмадым.

-Адамзат болсын,жануар болсын бізде келмес сапарға кететінін өзі сезеді.Сол кезде біз тұрған жерден алыста бір тау бар .Дəмі таусылған- дар сонда аттанады. Сосын бір -біріне қарап біраз тұрған соң,Əскербек бұтақшаны сындырып кеп қалып еді тас есік айқара ашылды.Бұтақшаны ұсына тұрып Жəнібекті құшағына алды да:

-Əке-шешеңе,менің балам мен келініме сəлем айт-деп құлағына сыбырлап ішке кірді.Артынан гүрс етіп тас есік те жабылды. Бергі бетке шыққан соң,"түсім бе өңім бе" деп аң -таң.Біреуге айтсаң сенбесі анық.Жəнібек те сондай күйде шығар."Əйтсе де келешек дəл сондай болса шүкір,шүкір -деп үңгірден шығатын жаққа беттеді

Қазақ тілінде жазылған