Жеті қарақшы
Фэнтези. Комедия. Шым-шытырық оқиға
1
ИНТ. ЛАШЫҚ – КҮН
Төбенің екі-үш жерінен су тамшылауда. Ыңылдап әуендеткен БОЛАТБЕК(13) сүйек мүжіп отыр. Он жақ бұрышта садақ пен дорба жатыр. Жаңбырға жаурап сырттан кірген АЯУ(20), бірден бұрыштағы дорбаға барады.
АЯУ
Жинал, бізді тауып алды!
БОЛАТБЕК
Тағыма?
АЯУ
Мен оларды ерте кетем...
(дорбаны асыға
ақтарып)
Ал сен әлгі қыздар айтқан
жерге бет ал.
БОЛАТБЕК
Ол перілерді көзім енді
көрмесін дегенің қайда?
АЯУ
Ол кезде сені үш күн тыңбай
іздеймін деп ойлағаным жоқ.
Дорбаның ішінен І әрпі басылған асықты алған Аяу, інісіне лақтырып, есікке жүреді.
АЯУ(ЖАЛҒАСТЫРА)
Бұл жолы бағыттан таймай
баратын бол!
НАТ. ЛАШЫҚ – КҮН
Найзағай ойнап жаңбыр жауады. Екеуі сыртта байлаулы екі жылқыға барады. Жылқының бірі құла.
БОЛАТБЕК
Өсеуір сақаны бере салсақ
болмайма, құтылып отыратын?
АЯУ
Басыңмен жауап бересін!
Шылбырды ала берген Болатбектің алдынан жебе өтіп қазыққа қадалады. Ол үркіп қашқан аттың шылбырынан айырылып қалады. Аяу алыстан алты аттыны көріп, інісіне дауыстайды.
АЯУ
Қаш тез!
2
НАТ. ҚАМЫС – КЕШ
Қамысқа шапқан құла атқа жебелер ұшып бірі сауырына қадалады. Жебені суырып алған Аяу, қамысқа кіре қарсы атады. ЖАУЫЗДАРДЫҢ біреуі жығылады.
Аяу қамыстан шығады. Қуып жеткен бос жылқының қамшылар жақ бауырынан, ДӘУІТ(33) шығып қылыш сермейді. Аяу бұғып қалады. Мінер жақтан келген АХАТ(22), оны теуіп жығады.
Атып тұрған Аяу, аттан секіріп түскен Дәуіттің кеудесіне пышақ сұғып жығады. Тағы екеуінен сытылып қашқан Аяуды, білегіне үш бөлек шаш байлаған ТҰРСЫН(41) теуіп жығады.
ТҰРСЫН
Қырсықпай бере салғаның
дұрыс болар қарғыс атқыр
асықты.
Құла аттың қанжығасынан шешіп алған дорбаны Ахат ақтарады.
АЯУ
Қыздың қырсық қылығына
көнбесең, жігіт атың қайда?
АХАТ
Мында асық жоқ...
Ахатқа бұрылған Тұрсынның жауырына Аяу, пышақ қадап
Дәуіттің тірі қалғанына таңырқап тұрып қалады. Тұрсын оны тал түбіне қайта жығады.
ТҰРСЫН
Асықты жасырғанмен бұрымын
жасыра алмас. Ал асық
інісінде.
Аяу есін тез жиып сөйлейді.
АЯУ
Қарғыс алғанды ажал
алмайтыны өкініштақ, осы-ақ
жерде жайпап салатын...
Тұрсын сермеген қылыш, бұғып қашқан Аяудың ұзын бұрымын қиып өтеді. Ол Тұрсынды теуіп, үркіп шабқан құла атқа жармасып сүйретіле мінеді. Тұрсын өрулі шашты қолына алып Аяуға қарайды.
Аяудың бет жүзінен еті қашып ұсқыны кете бастайды.
НАТ. АУЫЛ – КҮН
Қырдың үстінен бетперде киген төрт салт атты құлайды.
3
Ауыл тұрғындары бөренені айналып жиналуда. Бөрененің қасында балта қайрап БАС КЕСЕР отыр. Жұлқынған Болатбекті бөренеге сүйреп келеді. Қолында қағазы бар жігіт еріп шығады.
БОЛАТБЕК
Жіберің дим! Мен емес деп
қанша айтуым керек. Не
қылған ұқпайтын ақымақсындар.
ЖІГІТ
Жиылған жұрт неге өлгеніңді
естіп кетсін десең, қарыстыр
жағынды.
Бөрененің алдына Болатбекті отырғызады. Жігіт оралған
қағазын ашып тамағын кернеп оқиды.
ЖІГІТ
Аса қадірлі ақсақалдар мен
Барыс көсем шешімі бойынша
нүкте. Көсем немересінің
асық жәнеде тағасын ұрламақ
болғаны үшін үтір, заңды...
БОЛАТБЕК
Жоқ, жалған! Өтірік жала
жаппаң олай...
(сыбырлап)
Асық алғаным рас. Бірақ..,
(дауыстап)
тағаны мойныма ілгендерің
әділетсіз, бұларың балалық!
КӨСЕМГЕ(54) қараған жігіт қағазды орап оған еңкиеді.
ЖІГІТ
Әділет керекпе? Жақсы...
(дауыстап)
Әділетті заңды бұзған,
балалық қылмысын мойындаған
үшін, жазасы жеңілдеп...
(сыбырлап)
Негізі басынды алмақ болдық.
(дауыстап)
Екі қолы шабылады.
Болатбектің қолдарын бөренеге созып қояды.
БОЛАТБЕК
Қолыма түсесін әлі!
Бас кесер балтасын көтергенде Болатбек көзін жұмады.
4
Кенет оған соққының дыбыстары естіледі. Ол көзін ашып жерде жатқан Бас кесерді көреді. Екі қылыштың бірін жігітке қаратқан МӘКЕҢ(20), Болатбекке көз қысады.
Атпен шауып кірген Аяу, жүгірген екі жігітті атып үшінші жебесін, басын ұстап тұрған Бас кесердің маңдайына апарады.
Ірі денелі ҚҰНДЫЗ(22) бен ІҢКӘР(23), жұртпен бірге тұрған Көсемнің нөкерлерін жығып, өзін кепілге алады.
Болатбек екі қолын жігітке көрсетеді.
БОЛАТБЕК
Қолыма түстіңбе!..
(Аяуға)
Мына үкімсымаққа айтшы
қолыма түскенді қалай
қинайтынымды.
Аяу інісіне атты көрсетіп ымдайды.
БОЛАТБЕК
Бұл басымды алмақ болған,
құрығанда.., бармағын кесіп
алайықта...
Мәкең жігіттің қағазын алып, Болатбектің басынан ұрып тағы ұруға дайын болады. Ол Мәкеңге ұнатпай қарап жүріп кетеді.
БОЛАТБЕК
Бала-ғой, дегені болсын
демейді-ау біреуіде.
Болатбек Көсемге жақындай кішкентай немересін қол былғап шақырады. Қолында шағын қалтасы бар бала оған беттейді.
Тізерлеп отқан Көсем, желкесінде тұрған Құндызға сөйлейді.
КӨСЕМ
Інішек әлі кеш емес.
Жасағым жиналмай қаруыңды
тастап берілгенің дұрыс еді.
БОЛАТБЕК
Оның бос әуре ақсақал, інің
оңай берілетін қыз емес...
Болатбек баланың қолынан қалтаны алады.
БОЛАТБЕК(жал)
Кешір балақай.
(қалтаны ақтара)
Мерген екеніңді білгенімде
сенімен ойнамас едім.
5
КӨСЕМ
Қыз! Қыз емесі қалай?
Ішінен уыстап асық алған Болатбек, арасынан таңбалы асықты бөлек алады.
БОЛАТБЕК
Не қыз емесі қалай? А ол
ұзақ әңгіме. Айтсам бәрі бір
сенбейсіз.
(асықтарды балаға
беріп)
Бар ойна...
КӨСЕМ
Ал сен айтып көр.
БОЛАТБЕК
Айтып нем бар, ет астырам
десең, өз көзіңмен көресін...
Іңкәр Көсемді ұрып талдырады.
НАТ. ТОҒАЙ - СУ ЖАҒАСЫ – ТАҢ
Су түбінен шыққан ҚҰДІРЕТ(24) жағаға шығып, арғы бетке қарап, шалқасынан құлайды. Арғы бетке қасқырлар келіп су жағалайды.
Тырсыл дыбысқа қорқа атып тұрған ол, қарсы шапқан үлкен қабанды көріп, су жағалап қашады.
Ақ-боз ат жетектеп, тұзақ құрып жүрген ҮЛПІЛДЕК(20), жақыннан елік көріп, садағын алып тал тасалай жақындайды. Жайылып жүрген елікке тамсанып тұрғанда, Құдіреттің даусы естіледі.
ҚҰДІРЕТ
(кадрдан тыс)
Ей Бауырым бері қара!..
Үлпілдек дауысқа бұрылған бойы, Құдірет талға мінеді.
ҚҰДІРЕТ
Қадалмай атсаңшы!
Үлпілдек қабанды атады. Жебе маңдайға қадалып, қабан сүйретіліп аяқ астына құлайды.
ҚҰДІРЕТ
Сәл кешіккенде бітіп едің...
Жармасқан бұтақ сынып, ол Үлпілдектің үстіне құлайды.
6
Қабаннан көз алмаған Құдірет, Үлпілдектің ернінен бетін алып, кеудесін көтеріп білегімен бетін сүртеді.
ҚҰДІРЕТ
Сүйюдің қажеті жоқ еді.
Сонда-да рахмет тосып
алғаныңа...
Үлпілдек ашуланып сынған бұтақты алады.
ҮЛПІЛДЕК
Бөтен тал құрып қалдыма?!
(басынан ұрып)
Маған ертіп келгенің не?
Қыз даусын естіген ол, оның кеудесіне қайта құлайды. Құдіретті ысырып, орнынан тұра түкіргіштеп ернін сүрткен ол, сынған садағына көзі түседі.
ҮЛПІЛДЕК
Мүмкін емес!..
Орнынан тұрып, садағын қолына алып ашумен сөйлейді.
ҮЛПІЛДЕК
Бұл әкемнің садағы болатын,
жексұрын!
(өкпелеп)
Ол кісіне не айтам енді...
(қайта ашуланып)
Жоқ жерден қайдан тап болдың
ақымақ неме!
Үлпілдектің көзі қабанмен ақ-боз аттың қанжығасындағы арқанға түсіп, ойға кетеді.
НАТ. ТОҒАЙ – БҰЛАҚ - ЛАШЫҚ – КҮН
ЕРІК(28) БАДЫРАҚ(20) ҚУАТ(36) және ДЕС(38) лашыққа жақын бұлаққа орналасады. Әріде ағаш қазыққа байлаулы қара-торы ат, қазықты кеміруде. Тұсында қылыш қадаулы.
ҚУАТ
Құдірет нағып жүр?
ЕРІК
Жолда бес-жекей тайпасы
бөгет болып, көмек ретінде
шақырып алғам оны...
Алыстан бұлбұл құстың даусы шығады. Атын аунатып тұрған Ерік, бұлбұл даусын салып ысқырады.
7
БАДЫРАҚ
Есекті айтсаң құлағы
көрінеді деген осы. Мүмкін
екі тыншыда келіп қалар...
Қуат торы атқа барады. Талды көленкелеп отыра кеткен Дес, қарылдап шыққан даусымен сөйлейді.
ДЕС
Ол екеуі ауылдың қымызын
ішіп, қыздарын көздерімен
сүзіп отпасын.
Оның қарылдаған даусынан жиіркенген Бадырақ, тамағының астын ұстайды. Ат жетектеген Құдірет, Деске сом ет ұстатып бұлаққа беттейді.
ҚҰДІРЕТ
Өз басым бұл өңірдің
жабайыларына жоламас ем.
(Бадыраққа)
Кездесе қалса қаш бірден.
Ерік ер-тоқымын күннің көзіне жаюда. Құдірет атын суға беттетіп жанбасынан қағып жібереді.
ЕРІК
Жабайың кім?
ҚҰДІРЕТ
Айласы асқан бір түлкі. Әккі
тазыға алдырмаған жайы бар.
БАДЫРАҚ
Әр тоғайдың түлкісін, әдісін
білген тазы алар деген бар.
ДЕС
Жабайыңның есімі барма екен?
Қуат атқа жақындай бергенде ат осқырып ұрынады.
ҚҰДІРЕТ(к тыс)
Қайталап сұрамадым, есімін
өзіде білмейтін шығар...
Қарақшылар Қуат пен торы атқа қарайды.
ҚУАТ
Тұр жануар, тұра ғой.
ҚҰДІРЕТ(ЖАЛ)
Бірақ ол қыздың айласы
ұнамай қалды.
8
Бадырақ шынжырмен бекітілген есікке беттейді.
БАДЫРАҚ
Ол қыз?
Қуат баяу қозғалып аттың танауынан сипалап, айналаға күдікпен қарайды.
ҚҰДІРЕТ
Иә қыз. Әуелі қасқырларға
тап болам. Олардан құтылып
қабаннан қашам. Жолдан
садағы бар аңшыны көріп,
соған бұрылмасым барма.
Қаруы бар деген үмітпен...
Шынжырды шешкен Бадырақ кері бұрылып.
БАДЫРАҚ
Тұра-тұр! Қыз қайда жанағы?
Есік ашылып, қолы байлаулы ақ көзді СОҚЫР(48) құм шашып Бадырақты жығып, қолындағы қанжармен ұрады. Бадырақ қорғанып үлгереді. Құдірет пен Ерік жүгіреді.
ЕРІК
Ей тарт қолыңды!
Тағы ұрмақшы болған Соқырды, Құдірет пен Ерік қатар тебеді. Құдірет қанжарды жерге түсірмей қағып алып, Соқырдың тамағына тақап ұстап алады. Құдірет Соқырдың көзіне жиіркеніп қарайды.
Оларға қараған Қуат, қадаулы қылышпен қазыққа сермеп, шылбырды қиып жібереді. Қара-торы жылқы шаба жөнеледі.
НАТ. ОРЫНҒҰЛ АУЫЛЫ – КҮН
Киіз үйдің есік алдына шыққан ОРЫНҒҰЛ(60), алыстан салт аттыны көріп арбаның қасына келеді. МҰСА(26) шауып келіп аттан түсіп амандасады.
МҰСА
Ассалаумағалейкум!
ОРЫНҒҰЛ
Иә көршілерің аманба екен?
МҰСА
Иә аман. Олардың көргені
Тұрсын екен. Жанына бір топ
адам ертіп, Өркеш-таудың
бүйратынан әрі беттеген
көрінеді.
9
Ұлы ҮРКЕР(37) мен келіні АЙКҮМІС(33) келеді. Келіні Мұсаға кеседен қымыз ұсынады.
МҰСА
Рахмет жеңше.
ОРЫНҒҰЛ
Ыыы! Не іздеді екен?!
Қымыз ішіп тұрған Мұса көз қиымен қарайды.
ҮРКЕР
Алаңдаудың жөні барма?
ОРЫНҒҰЛ
Өтіп кеткенше сақ болған жөн.
Оны Қалданмен бірігіп жүр
дегенді естіп едім...
Олардың сөзін тындап болған ЫРЫҚ(30), жоғары тұрған ыдыстан құрт алып жүріп кетеді.
НАТ. АУЫЛДЫҢ ШЕТІ – КҮН
Із қарап отқан ИСАТАЙҒА(18), атқа мінген ЖОЛДАС(18) сөйлейді.
ЖОЛДАС
Мен қойды суға құлатам, өзің
келерсің.
Жолдас жүріп кетеді. Үлпілдек келеді.
ҮЛПІЛДЕК
Тағы бөтен іздерме Исатай?
Исатай ақбоз аттың аяқ астын қолымен көрсетіп сөйлейді.
ИСАТАЙ
Жалғыз ізді басып кетпеші,
қарағаным жоқ әлі.
Үлпілдек аяқ астындағы қаптаған іздерге қарайды.
ҮЛПІЛДЕК
Кешегі іздер емес-пе?
ИСАТАЙ
Ол іздерге ұқсамайды, бірақ
бұларда бейтаныс.
ҮЛПІЛДЕК
Қай жағына бағыттаған екен?
10
ИСАТАЙ
Үстінен сақпан өтіп кетіпті.
Мына із алысқа апарытын
жүрісі тұғыр аттың ізі.
Ондай атты тек алысқа мінер
едім...
Исатай Үлпілдектің ауылға жүріп кеткенін көреді.
ИСАТАЙ
(Үлпілдекке еріп)
Ағама айтсам ол Үркерге
сілтейді. Ал оған айтсаң
қолы тимей қалады...
ҮЛПІЛДЕК
Менім ойымша ол дәрежесі жоқ
аңшылар. Соның бірі таң
атпай ажалдан қашам деп
тұзағыма түсіп қалды.
Исатай түсінбей қарайды.
ҮЛПІЛДЕК(ЖАЛ)
Өзі тілеп алған...
(жиіркеніп)
Бетінің дәмі әлі аузымда!
ИСАТАЙ
Бетін не?
ҮЛПІЛДЕК
Шоқанға құрған тұзағым
есіңдеме? Дәл солай жанағы
аңшыға құрып едім, бұл жолы
әдемі ұшты...
ИСАТАЙ
Одан кешіріммен құтылдың. Ал
аңшыдан қалай құтылмақсын
келе қалса?
НАТ. ТОҒАЙ – КҮН
Соқыр талға қонақтаған қарғаның көзін пайдаланып жігіттерді бақылап отыр. Дес ағашқа түйреген етті отқа қақтап отыр. Қуат торсықтан су ішіп талда қонақтаған қарғаны көреді. Суын ішіп болып Соқырға су ішкізеді.
ҚУАТ
Кім екеніңді айтпай отқаның
осыны қалап отқан шығарсын.
Ерніне тиген торсықты Соқыр сезбейді.
11
Қарға Қуатқа көз тастағанда, Соқыр су іше бастайды. Қуат күдіктене қарғаға көз тастайды.
Құдірет отын сындырып отқа тастайды. Жеңіне шоқ ұшқан Дес қолын қаққылайды.
ҚҰДІРЕТ
Білсем оның қамауда отқаны
біреуге жақсы.
ЕРІК
Немесе керек болған...
БАДЫРАҚ
Қалай қамаса-да соқырға
қанжар тастап кеткен,
екі-есті біреу...
Құдірет сабына жіп оралған қанжарды белінен алып, Дестің қасына отырады. Дес қанжарды қолына алып сабынан әріптің шетін көріп жіпті шеше бастайды.
ДЕС
Көз тартатын қанжар екен.
ЕРІК
(қанжарға қарап)
Қанжарға емес найзаның
басына ұқсайды екен.
Құдірет қанжарды қайта алып жазуды дауыстап оқиды.
ҚҰДІРЕТ
Мәңгі!..
Көкектің дауысын естіген Ерік қақталған етті иіскеп.
ЕРІК
Иіс сезгішін-ай екеуінің.
НАТ. ҚОРА – КҮН
Исатай атын байлап Үркерге жүреді. Алдын кесіп тай қуған балалар шауып өтеді. Қолында жүгені бар ЖАҚОН(14), тай қуалаған балаларға айқайлап жүгіруде.
ЖАҚОН
Шығындырмай алдын ора дим.
Жақон Исатайдың атын көріп, оған бұрылып сөйлейді.
ЖАҚОН
Ағатай! Атыңа мініп асауды
ұстап алайын.
12
Ол мән бермей өтіп кетіп, Үркерге келеді.
ИСАТАЙ
Үркер, қырдың басын тағы
бөтен тұйяқ басқан...
Ер-тоқымын ала жүрген Үркер, Үлпілдекке беттейді.
ҮРКЕР
Жоқ іздеген көршілер шығар.
ИСАТАЙ
Олай болса ауылға неге
соқпайды?..
ҮРКЕР
Соқпаса жоғын тапқан...
Исатайдың атына мінген Жақон шауып өтеді. Үлпілдек Исатайға арқанды ұстатып Үркерге жақындайды.
ҮЛПІЛДЕК
Бүгін мен бейтаныс аңшыны
көргем. Ал Исатай бөтен
іздерге тап болғаны екінші
күн. Бақылап қайтсақ артық
болмас сірә. Үркер! Мүмкін
сыртта қастық ойлаған біреу
бар шығар.
Үркер ерден көне үзенкіні алып жаңа үзенкіге ауыстыруда.
ҮРКЕР
Сырттан қастық ойласа ол
Қалдан. Оның өзі осыдан жеті
күндік қашықтықта, бізден
аулақ жерге бет алған...
Үлпілдек далаға қарап ойға кетеді.
ИСАТАЙ
Оны кім айтты?
ҮРКЕР
Мұса. Әрине оған сенім жоқ,
бірақ олда көрші ауылдан
естігені.
(Үлпілдекке)
Бәйтаныс аңшы дедіңбе?
ҮЛПІЛДЕК
(жүріп кетеді)
Бұны әкеме айтпасақ болмас.
13
ИНТ. КИІЗ ҮЙ – КҮН
Шымылдықпен бөліп қойған бөлмеде Айкүміс, аңыз айтып отқан қызы, ӘЛИЯНЫҢ(6) шашын өріп отыр. Сол арада Үлпілдек Орынғұлға сөйлеп кіреді. Айкүміс тұрып ыдыстағы қымызды сапыра бастайды.
ҮЛПІЛДЕК
Біз ойлағаннан жаман болып
Қалданның өзі болмасын арам
ойын артып келе жатқан. Оның
жауыз істері рас болса, ол
келмесін әке. Исатайға
ауылдың тай тұпыр тұйяғына
дейін мәлім екенің өзіңіз
жақсы білесіз...
Орынғұл дастарханды айналып төрге отырады. Әлия атасының жайғасқанын аңдып алдына отырады.
ӘЛИЯ
Қарақшылар туралы айтып
тұрсызба әпкетай?
ҮЛПІЛДЕК
Өтінем Әлия қабат болма.
Орынғұл келіні әкелген қымыздан ішеді. Үлпілдек ожау алып қымыздан ұрттайды.
ОРЫНҒҰЛ
Исатай күдіктенсе азаматтар
бар бақылап қайтатын...
ҮЛПІЛДЕК
Әке жігіттермен менде...
ОРЫНҒҰЛ
Ал сен ауылдан ұзамайтын бол!
Айкүміс Үлпілдекке басын шайқады. Ол шығып кетеді.
ОРЫНҒҰЛ
Бұлар өскен сайын бағынбай
барама, кайтеді?!
НАТ. ТОҒАЙ - ЛАШЫҚ – КҮН
Қалғаны шеңбер етіп, ет жеп отырады.
ЫРЫҚ
Ауылдан тек санаулы мықтылар
шығады.
(әрі қарай)
14
ЫРЫҚ(ЖАЛ)
Соның ішінен Үркер мен
Шоқаннан сескену керек.
Қалғандары әшиін.
Құдірет Бадырақтың артында ұзыннан түсіп, қанжармен алма кесіп жеп жатыр.
ҚҰДІРЕТ
Бір жерге кеткенің күтсек
қалай?
Шайнаңдаған ЖІГЕР(23) жұтынып сөйлейді.
ЖІГЕР
Бұл аймақтың мықтыларын
сынамасақ қызығы қайда?
(Қуатқа)
Өзің айтқан екі арғымақта
осында. Бірақ мені
қызықтырған Айқабағын,
Орынғұлдың қызы мінеді екен.
Жұрттың айтуынша екі
жүйріктің ең жүйрігі сол,
ал ерке қызы сұлу көрінеді.
(Ырыққа құтты
көрсетіп)
Саған құрт берген солма?
Соқырдың артын тасалап көк-тазы ұрланып жақындағанда, Соқыр иттің құлағымен олардың әңгімесін естей бастайды.
ЫРЫҚ
Ақ боз атқа жету қиындау.
Қыз еркекшора болғанымен
әкесі түнде шығармайды екен.
ҚҰДІРЕТ
Еркекшора?
ЕРІК
Сырға салып кеткен қызыңды
уақыты келгенде бермей
қалсаң, менде шығармас едім.
Құдірет Соқырдың артынан тазыны байқап қалады.
ЫРЫҚ
Бүгін Орынғұл күндегіден сақ
болады. Жеті күндік жерде,
Қалдан жасағымен сол
түстікке бет алған деген
хабар келді. Түнде күзет
күшейтілуіде мүмкін.
15
Қоршаған талдарға жиналған қарғаларды Қуат байқауда.
ҚУАТ
Тұрсын екеуі бірігіп
іздегені бар деп естіп едім.
ЖІГЕР
(атқа жүріп)
Сондықтан бүгінді ертенге
қалдырмай қозғалуға керек.
СОҚЫР
Қалдан соқпай өтпейді...
Бәрі Соқырға жалт бұрылады. Бадырақ бірден садағын жебелеп көрінбей кеткен тазыны іздейді.
ҚУАТ
Ол неге соғу керек?
СОҚЫР
(Қуатқа қарап)
Есімін атасаң болды, үрейлі
естіледі е!..
БАДЫРАҚ
Әрине үрейлі, жоқ жерден
дыбыстағасын.
ЖІГЕР
Қай жері үрейлі?!
СОҚЫР
(Жігерге қарап)
Ол сені өзіне қалай баурап
алғанын білмей қаласын.
Семсері қаныңды төккенде
етің іріп, оның жауызды
құлына айналасын...
Ерік Бадырақты иығынан ұстай сұрайды.
ЕРІК
Не іздедің?
Қорқып кеткен Бадырақ жебені жіберіп қояды. Жебе талға қадалады. Тазы ырылдап Бадырақтың алдынан шығады.
СОҚЫР
Оның шайтан қорқар күні,
жеті күнге созылатыны
өкініштақ. Ал жетеуіңді шегі
жоқ азап, қайыры жоқ қарғыс
күтіп тұр...
16
Тал басындағы қарғалар қаптап төбелерінен айнала ұшады.
Қарақшылар аттарына мініп қашады. Ерік ер-тоқымын тастап атқа жайдақ мінеді.
НАТ. ҚОРА – КЕШ
Күннің көзі батуда. Атқа мінген жылқышылар жүруге дайын тұр. Оларға Исатай келеді.
ИСАТАЙ
Қайда жиналдыңдар?
Енді жауап бергісі келген САЙРАНДЫ(24), ШОҚАН(28) бөліп жібереді.
ШОҚАН
Өзің қалай ойлайсын?
(жылқышыларға)
Болсаңдар жүре берің.
ИСАТАЙ
Үркердің құлағына менім
күдігім барғаныма?
ШОҚАН
Бұл Үлпілдектің өтініші.
Шоқан жүріп кеткенде, ат жетектеген Үлпілдек келеді.
ҮЛПІЛДЕК
Қарап қайтатын болдыңба?
ИСАТАЙ
Иә.
ҮЛПІЛДЕК
Күдігін рас болса қиғаштан
бері шығып от жақ. кәріталдан
саған көз салып қоямын.
Исатай оған таңырқайды.
ҮЛПІЛДЕК
(үзенкіге аяғын
салып)
Жайға қалма...
Оны Исатай тоқтатып бата бастаған күнге мензейді. Күнге бір қарап, тізгінді Исатайға береді.
НАТ. ТОҒАЙ – ТҮН
Қарқынды шауып келе жатқан Исатайды, қарсы ұшқан сойыл құлатады. Тасадан Жігер шығып оған беттейді.
17
ЖІГЕР
Қайда асықтың бауырым?
Исатай оған қылыш сермейді. Жігер қылышты қағып жібереді. Екеуі алыса кетеді.
Жерден сойыл көтерген Ырық, екеуіне қарап Исатайдың атынан шылбыр ағытып алады.
Жігер жамбасына салып лақтырғанда, Исатай жерде жатқан қылышты ала беріп тұрады. Ырық оны ұрып есеңгіретіп, қолындағы шылбырды Жігерге лақтырады.
ЫРЫҚ
Шайнап бергенді жұта алма!
ЖІГЕР
Шайнауың шала болса қайдан
жұтасын.
Жігер Исатайды талға итереді. Исатай Ырықты танып.
ИСАТАЙ
Жігер?
ЖІГЕР
Иә Жігер деген мен...
Жігер ала көзбен Ырыққа қарайды. Ырық Исатайдан сұрайды.
ЫРЫҚ
Не адасып жүрсін?
ЖІГЕР
Шайтан алсын сені...
(Исатайды талға
байлай бастап)
Өзіңді Ерік немесе Қайрат
деп таныстыруға аузың
бармадыма?
ИСАТАЙ
Сендер екен-ғой осы аймақты
кезіп жүрген...
ЖІГЕР
Көрмей тұрмысын арамыздан
сенім жолын таппай
тұрғанымызды...
ИСАТАЙ
Мен күткенмен Қалдан
күтпейді бізді...
18
ЖІГЕР
Қалдан?
ИСАТАЙ
Иә Қалдан! Таныс болсан
кеткен жөн бұл жерден.
ЖІГЕР
Қаз байлап болайын сені.
(байлап болып)
Қалданнан шошитындай қай
жері қорқынышты соны айтшы?
Исатай түсінбейді. Жігер иығынан қағып.
ЖІГЕР
Келесі жолы айтарсын.
(атқа жүріп)
Көрісіп жатсан сәлем айт
оған.
ИСАТАЙ
Жігіттер тоқтай тұрың...
(кідіріп)
Ағам өте дәулетті адам
қалағандарыңды аласындар.
ЖІГЕР
Қойшы! Жылқы сұрасам береме?
ИСАТАЙ
Мені босатсаң ғана.
ЖІГЕР
Естідіңбе! Қылқараны сұрапта
алуға болады екен.
ИСАТАЙ
Неге бірден Қылқара?
ЫРЫҚ
Інісін босаттың ал, оны кім
байлапты?
Жігер Исатайдың атынан ер-тоқымын сыпырып алады.
ЖІГЕР
Ол жағын ойламаппын!
ИСАТАЙ
Шұғыл хабар жетпесе...
ЖІГЕР
Жә-жарар!
19
ЖІГЕР(ЖАЛ)
(ерді атқа
өңгеріп)
Жолдан біреу кез болса
хабарынды айтармыз...
ИСАТАЙ
Өтінем, мені мында тастамаң.
Жігер!..
НАТ. ҚҰМТӨБЕ – ТҮН
Алыстан көкектің дауысы шыққанда, басын көтерген Ерік көкектің даусын салады. Жиналып тұрған қарақшыларға Ырық пен Жігер келеді. Жігер ер-тоқымды үзеңкіден ұстап жерге қойяды.
ЖІГЕР
Бүгін айдың жүзі бізге
күлімдеп тұр жігіттер...
Ерік ер‑тоқымды қолына алып сұрайды.
ЕРІК
Мынау маған-ба?
ЖІГЕР
Жоқ күрең атыңа...
ЫРЫҚ
Соқырдың сөзі бекер емес
екен. Қалдан ауылға соқпақшы.
ЖІГЕР
Ең қызығы бүгін соқпақшы.
БАДЫРАҚ
Олар жеті күндік жерде
дегені қайда?
ҚҰДІРЕТ
Хабаршысы сатындыққа душар
болған дең...
ЖІГЕР
Менім-де ойым сондай!
Атын ерттеуге кіріскен Ерік жігіттерге бұрылады.
ЕРІК
Қазір ойымызды оюлайтын
уақыт емес. Соқырдың
сандырағынан кейін бұл
жерден қорқайын дедім...
20
БАДЫРАҚ
Нағашымдікі жөн. Есін барда
еліңді тап деген бар...
ҚУАТ
Қалдан ауылға келсе, мына
ала сапыранда біздің келіп
кеткенімізді ешкім сезбей
қалатын сәт бұл...
ЖІГЕР
Сол-ғой менімде айтпағым.
(қолын аспанға
шошайтып)
Бізге ай оңынан туды деп.
ҚУАТ
Қарғыс алған жерден келмеске
кетуді ойласаңдар, бұл
ауылдан құр кетпеу керек...
НАТ. ТОҒАЙДЫҢ ШЕТІ – ТҮН
Отты қоршаған жылқышылар қалжындап көңілді отыр.
ЖЫЛҚЫШЫ
Оны қой, сенің Көкжалың неге
Көрікті десе шаппай қалады?
ЖЫЛҚЫШЫ 2
Оның ауқаты атында емес,
өзінде. Өйткені шылп еткізіп
сүйіп алуға ол қыздың бет
ажары тым қара...
ШОҚАН
Жоқ тым қараға көз қарасым
жаман емес. Ал Көріктіні көз
алдымда өскесін қарындас
ретінде көрем. Әттен осы
отырған боқ мұрындардың
біреуіде лайықты емес.
Жылқышылар күледі. Енді сөз қозғасы келген Сайранды, Үлпілдек бөледі.
ҮЛПІЛДЕК
Жеңше ретінде бізге кімді
көрсетпексін?
ҮРКЕР
Саған неше айтуым керек,
бұнда түнделетіп жүрме деп!
21
ҮЛПІЛДЕК
(далаға қарап)
Міне қайтам, Исатай қиғаштан
өтсін.
ҮРКЕР
Ол қиғашта нағып жүр?
Шоқан дүрсілді естіп орнынан тұрып далаға құлақ түреді.
ШОҚАН
Үлпілдек! Саған еріп ауылдан
біреу шықтыма?
Үлпілдек пен Үркер Шоқанға жүріп тысқа қарайды.
ҮЛПІЛДЕК
Қылқараның үйірі қайда?
ШОҚАН
Кәріталдың тұсында.
ҮРКЕР
Бұл жылқыны маған қалдыр.
(атына жүріп)
Сен жігіттеріңді ертіп
көктің үйіріне бар!
Үлпілдек атына қарғып мініп шабады. Бәрі аттарына мінеді.
НАТ. КӘРІТАЛ – ТҮН
Жүз шақты жылқы дүрсіл салып шапқылайды. Қарақшылар жылқыларды қуып келеді.
ҚУАТ
Дес алдың қайыр! Ерік олжаны
жіберме...
(Құдіретке)
Қуғыншылары көрінсе сенікі.
Алдын бастап шабқан Үлпілдекті, үш қарақшы алыстан көріп тоқтайды.
ҚҰДІРЕТ
Жігердің айы оңынан туғаны
рас-ау осы.
ҚУАТ
Қарсы алың!
Құдірет пен Бадырақ сойыл ұстап қарсы шабады. Үлпілдек екеуінің ортасынан өте, Құдірет сілтеген сойылдан қашып Бадырақты теуіп өтеді.
22
НАТ. АУЫЛ ІШІ – ТҮН
Дүркіреп ауылға жауыздар кіріп, тұрғындарын қыра бастайды. Оларға ауылдың жігіттері қару ұстап қарсы шығады. ҚАЛДАН(39) алдынан шыққан жігіттердің біріне қылыш сермеп, екіншісін атпен тапап өтеді.
ҚАЛДАН
Бой жеткен қыздарына
қолдарының ұшыда тимесін!
Үйден шыққан Орынғұл бір жауызды аттан құлатып, артынан шыққан Жақонға дауыстайды.
ОРЫНҒҰЛ
Әлияны алып тоғайға қашың!
Жақон жүгіріп кетеді.
Шауып келген Қалданды, Жолдас атымен қоса құлатады. Аунап тұрған ол қолына семсер алып, қарсы шыққан Жолдас пен бір жігітті өлтіріп Орынғұлға жүреді.
Жауыздарға әл бермеген Орынғұлға жебе тиеді. Ол жебені ала бергенде, Қалдан ұрып құлатып киіз үйге беттейді.
НАТ. КӘРІТАЛДЫҢ ТҰСЫ – ТҮН
Үйірін қайырып шапқан көк айғыр Қылқараға, Ерік бұғалық салмақшы. Үлпілдек Ерікті қуса, оны Бадырақ қуады.
Құдірет, теріс жақтан келген Сайранды жағадан тартып құлатады. Шоқан сойыл сілтейді. Ол сойылды сойылмен қағады.
ҚҰДІРЕТ
Мә тобылғы! Қайдан алдың?
ШОҚАН
Бұндайды ұстауға сен әлі
баласын...
ҚҰДІРЕТ
Балаға жұмсаған сойылды
Қалданға жұмсасаң нетті.
Үлпілдек сойыл жібереді. Жауырына сойыл тиген ол, Қылқараға салған бұғалықтан айырылып қалады. Бадырақ, Айқабақтың тартпасын босатады. Үлпілдек іліп кеткен бұғалығын, Бадырақтың мойнына салып кетеді.
БАДЫРАҚ
Олай болмайды-ғой...
Бадырақты Қылқара сүйреп кетеді.
23
Қуат аттың басынан жүгенді алып, жылқылардың үстімен секіре, Қылқараға беттейді. Бадырақ аяғымен жер тіреп арқанды тартады. Ерік еңкиіп қолын созуда.
ЕРІК
Жібер арқанды ақымақ!
Қуат, Қылқараға отырып, арқанды босатып жібереді.
Бір домалап тұрған Бадырақ, Еріктің қолын ұстап атқа қарғып міне, қамшылар жақтақтан қуған Үлпілдекті теуіп, ер-тоқымы босаған Үлпілдекпен бірге құлайды. Атып тұрған Үлпілдек Бадырақты ұрып, ер‑тоқымның үстіне құлатады.
Оны Құдірет тартып кетеді. Үлпілдек оны өзіне тартады. Екеуі сәл жүріп домалап құлайды. Бір-біріне қарап жатқан екеуі бір-бірін танып қалады.
ҚҰДІРЕТ
Сені түн сәулесіне шықпайды
дегені қайда?
ҮЛПІЛДЕК
Ал сен аңшымын дегенсің!..
Құдіреттің қолына ілінген асықты көрген Үлпілдек, оны ұрып жығып, қолына енді жармаса бергенде, Бадырақ оны тартпамен ұрады. Үлпілдектің ұзын шашы көрініп Құдіреттің үстіне құлайды.
БАДЫРАҚ
Мынау еркекшора қыз емес-пе?
ҚҰДІРЕТ
Бізді ұрып жыққан қыз бала
деп Жігерге айтушы болма.
Құдірет қолына ілінген асықты сілкіп тұрады. Асық жусанның басына ілінеді. Кенет аяқ астынан жел ұрғандай болып, адамның тізесіне дейін жерден тұман құсап шаң көтеріледі.
НАТ. АУЫЛ – ТҮН
Жауыздар өрт жамылған ауылдың ортасына қыз келіншектерді жинауда. Ішінде Айкүміс пен КӨРІКТІ(18) бар. Беліне үш сақа байлаған Қалдан Көріктінің басын сипап өтеді.
Қолы байлаулы Орынғұлды ІРІҚАРА(37) ұруда.
ОРЫНҒҰЛ
Қолыңды былғап қайтесін...
Ол қолын көтере бергенде, тұман болып жердің шаңы көтеріледі.
24
Тізеден көтерілген шаңды көрген Қалдан, езу тартып Орынғұлға жүреді.
ҚАЛДАН
Қызың шамасы тығылудан
жалыққан сықылды. Бір ұқпай
тұрғаным, бұл мені шақырған
қылығыма әлде жолы кесіліп
кедергіге тап болдыма?
ІРІҚАРА
Оған кім кедергі?..
Исатайды иығына салып алған, САҚАЛДЫ(36), Орынғұлдың қасына қойып тізе бөктіреді. Еріп Тұрсында келеді.
САҚАЛДЫ
Орынғұлдың інісімін дейді.
Тоғайға жылқы ұрламақшы
қарақшылар байлап кеткен
екен.
Орынғұл түсінбей Исатайға қарайды.
ИСАТАЙ
Жаяулатып келген қонағын
байлап кетті.
ҚАЛДАН
(Іріқараға)
Ал сен кім кедергі дейсін.
ТҰРСЫН
Маған салсаң бұл күшіктің
сөзіне сенбеймін.
Исатайдың көзі Қалданның беліндегі асықтарға түседі.
ҚАЛДАН
(Тұрсынға)
Қашқан жағдайда неге тастап
қашады дегін келеме?
ИСАТАЙ
Аға бұларға Үлпілдек емес
асық керек, солайма?
ОРЫНҒҰЛ
Не бүлдіргелі тұрсын?
Исатай тұрып алға жүргенде, Сақалды ұстап қалады.
ИСАТАЙ
Қалдан!
25
ҚАЛДАН
Көтек! Иә айтып көр.
ИСАТАЙ
Ауылға аяушылық білдірсең,
керегіңді өзім әкеліп берем.
ОРЫНҒҰЛ
Орныңды біл иттің баласы,
тіліңді суырып алармын...
ИСАТАЙ
Ел жұртты қырып тастағанын
қалайсыз-ба аға!
ҚАЛДАН
Інің маған ұнайын деді.
(Исатайды былай
шығарып)
Қалай еді? А қырып жойып
жүруді мен онша ұнатпаймын.
Бірақ онсыз таң атқанша...
Жо-жоқ олай емес. Мен сөзіме
қамалдай берікпін. Егер
қолыма сақаның түсуіне ат
салсаң... Тоқта сенің әкеліп
берем дегеннің асық-па?
Исатай басын изегенде, Қалдан оның иығынан қағады.
ҚАЛДАН
Міне ғажап! Ауылың ажалдан
құтылады дей бер.
НАТ. АҚЖАР - ӨТКІЛ – КҮН
Ырық құлаған талдың үстінде жатыр. Жейде киген Жігер оны түртіп өткілдің арғы бетінен су ішкен торы төбел атты көрсетеді.
ЖІГЕР
Менім Тайпағым келді әне.
ЫРЫҚ
Ай сенбеймін.
ЖІГЕР
Қасқа атың бірінше рет қара
бет қылған екен, сенде бір
рет болса-да мойындасаңшы.
ЫРЫҚ
Боқ-мұрынның жетегімен
келгенін мойындай аламын.
26
Жігер торы төбелдің қанжығасынан дорбаны шешкен Жақонды көреді.
ЖІГЕР
Қарғыс атқыр!
Тасадан жағаға жүгіріп шығып дауыстайды.
ЖІГЕР
Ау балақай! Тиме ол менім
Тайпағым... Ау мындамын...
Жақон Жігерді көріп алға жүргенде, дорба жерге түседі.
ЖІГЕР(ЖАЛ)
Ұстап тұрған торы менікі әрі
жүр одан...
ЖАҚОН
Сенікі болса нағып жүр бергі
бетте?
Жігер абдырап қалады. Жақон қолын сілтеп дорбаны ақтарады.
ЖІГЕР
Не дейді анау?
ЫРЫҚ
Жақонның сұрағы жөн.
ЖІГЕР
Ау Жақон кетпе қаз барам...
Жейдесін қайта шешкен Жігер суға түсіп арғы беттке жүзеді.
Дорбаның ішінен жент алып аузына салған Жақон, дорбаны тастап торы төбел атты жетектеп жүреді.
ЖАҚОН
Шыға бер Әлия!
Тасадан шығып қасына келген Әлияға құрт береді. Екі ат жетектеген бес қарақшы шауып келеді. Жақон Әлияны артына тығып пышақ алып шығады. Ерік Әлияға еңкиіп.
ЕРІК
Құдай‑ау ботақанды қараң!
Аттан түскен Құдірет қылыш алып, Жақонды қорқытады.
ҚҰДІРЕТ
Еу тайлақ буырдаққа кеткің
келмесе таста қаруыңды.
27
Ерік Құдіреттің қылышын түсіріп Жақонға жақындайды.
ЕРІК
Қане айта ғой қайдан жүрсін,
атың кім?
Ат құйрыққа байланған Айқабақты таныған Әлия алға шығады.
ӘЛИЯ
Ай...
ЖАҚОН
(оның аузын басып)
Айтсам ала кетесізбе?
Судан шыққан Жігер дорбасын ала жүре сөйлейді.
ЖІГЕР
Барар жері, басар тауы
таусылған соң басы ауған
жерде жүрген бұл нақұрыстың
есімі Жақон.
Әлияның қолындағы құртты тартып алып, таңырқап қараған Жақонға жақындай торының шылбырын алады.
ЖІГЕР
Олай қарама кім екеніңді
мандайынан оқып алғам арғы
бетте тұрып.
Құдірет ат құйрыққа байлаған Айқабақтың ноқтасын тексеруде. Оған Жігер жақындап сыбырлайды.
ЖІГЕР
Екеуінің қайсысы?
ҚҰДІРЕТ
Сынап көрмей айта алмаймын.
ЖІГЕР
(дауыстап)
Қуат олжамыз қолдан кетпей
тұрғанда сынап көрмедік-пе?
ҚУАТ
Тыңбай жүріп отсақ, жолымыз
жарты күнге қысқармақ.
Кідірмей ертерек қозғалайық.
ҚҰДІРЕТ
Тайлақ пен ботаны ерте
кету керек болады.
(әрі қарай)
28
ҚҰДІРЕТ(ЖАЛ)
Ала кетесізбе деп айтуына
қарағанда, ол атасының
байлығын танып тұр.
Бәрі Жақонға қарайды.
ЖАҚОН
Сезіп тұрмын кім екендеріңді.
Бірақ уайымдамаң ауылға
кейін қайтпаймыз.
НАТ. ТОҒАЙ – КҮН
Үлпілдек қашып келеді. Алыстан Сайран мен Жылқышыны көріп, енді дауыстайын дегенде, Аяу жығып аузын басады. Мәкең қолын қайырып байлайды.
МӘКЕҢ
Неге бірден байламадық?
АЯУ
Бұл қыздың жындылығын кім
білген.
Қолын байлап болып аяғына байлауға көшеді. Үлпілдек қолын босата, Мәкеңді жығып, жіппен Аяуды қылғындырады. Оның омырауынан асықты көріп жұлып алады.
ҮЛПІЛДЕК
Мынау қайдан жүр сенде?
НАТ. ОРЫНҒҰЛ АУЫЛЫ – КҮН
Жартылай өртеніп құлаған киіз үйдің ішінде, Қалдан кітап қағаздарға қарап тұр. Сыртта сегіз адамның мәйітіне, Орынғұл қарап отыр. Желкесінде Сақалды тұр.
ОРЫНҒҰЛ
Менім қарасымнан бұлар о
дүниеден қайтып келмейді.
ҚАЛДАН
Көлеңкеде жатып алып қымыз
сіміргеніңше, назарың күнге
күйіп дала кезген қаңғыларда
болу керек еді.
Кенет мәйітің бірі Жолдас, атып тұрады. Орынғұл шошып шегінеді.
ҚАЛДАН
Оо, тұрды-ау біреуі!
29
Қалдан қынабынан семсер суырып Орынғұлдың тамағына апарады.
ҚАЛДАН
Міне қасапшы болудың себебі
байеке. Бұл семсердің шынайы
жүзі... Бөтенге ғажап енді!
Ал мен үшін қайыры жоқ қайғы.
Күніге бір пендені шейт
қылмасам ішім пысады.
(оны жіберіп)
Бұл дерттен арылу жолын сен
жақсы білесін...
Мұса Көріктіні шаштан сүйреп әрідегі үйге түйіп кіргізеді.
ҚАЛДАН
Ау! Ол не бүлдіріп қойды?
МҰСА
Қашып кетпек жерінен ұстап
алдым.
Сырттан атылы жауыз Қалданға келеді.
ЖАУЫЗ
Мырза ізге түстік.
ҚАЛДАН
Жігіттер жиналсын.
(Мұсаға)
Жанағы қызды ала жүрің.
(Орынғұлға)
Жақсы ал байеке, біз жүрдік.
Айтқандай ұлыңа ескертіп қой
егер ізге түспек болса,
інің өледі.
Қалдан жауыздарымен жүріп кеткенде, жылқышылар келеді.
НАТ. ТОҒАЙ – КҮН
І әрпі бар асықты Үлпілдек қолына ұстап отыр. Болатбек тігулі асықтарды атып тигізе алмай ашуда. Мәкең бір неше асыққа тигізеді.
ҮЛПІЛДЕК
Әкем, анамнаң қалған мұра
дейтін. Бірақ тағы төртеуі
барын айтпаған.
(қыздарға қарап)
Егер оның тылсым күші жана
айтқандай осал болмаса, мына
сақадан қандай пайда оған?
30
МӘКЕҢ
Бұғанда айтып беру керек!
Іңкәр ер қанатына қайыс өткізіп отыр. Шынтақтап жатқан Құндыз қазы-қарта жеуде.
ІҢКӘР
Мен естіген әңгімеде асықтар
ақсүйектердің араларындағы
ұрыс-керістен пайда болған.
Қақтығыс неден болғаны
белгісіз, бірақ зардап
шегуші бүлікшілерге қарсы
қойған қаһары осы бес асық
дейді.
БОЛАТБЕК
Алысқа бармай-ақ Қалданды
қарғыс ұрған, оның емі мына
бес асықта десеңші.
ІҢКӘР
Иә, солай десе-де болады.
Іңкәр дыбыс естіген болып жүріп кетеді.
ҚҰНДЫЗ
Біздің бойымыздағы дерттің
емі-де осы асықта...
Мәкең оның басына асық жіберіп қалып, Үлпілдекке сөйлейді.
МӘКЕҢ
Негізі тосын естіген адам,
шошып таңырқау керек еді.
Әлде сен бізден ерекшеленуге
тырысып отырсынба?
АЯУ
Иә айтса-айтқандай! Мен өз
басым бұған бірден сенгенім
жоқ.
Үлпілдек сәл абдырап асықты Аяуға лақтырады.
ҮЛПІЛДЕК
Мында і әрпі басылған...
Айтқым келгені Қалдан сақаны
емес мында басылған таңбаны
іздеген шығар?!
ҚҰНДЫЗ
Әрпі деген не?
31
ҮЛПІЛДЕК
Қандай таңба басылғаны
беймәлім демеңдерші тек.
Аяу шашылған асықтардың арасынан тағаны көреді.
АЯУ
Сен құсап ақсүйек әулетінің
салтанатты жерінде өскеніміз
жоқ...
ІҢКӘР(к тыс)
Қыздар!
Төрт қыз жауыздары мен жол жүрген Қалданды бақылауда.
МӘКЕҢ
Ол Тәңірбайға қандай
шаруамен барады екен?
ҮЛПІЛДЕК
Қарақшыларды жіберген сол,
оны анық айта алам. Тек еріп
бармасақ жол бағыты белгісіз
маған.
АЯУ
Оқымысты ақсүйек қызы, өзіне
жақын ауылды білмейме?
ҮЛПІЛДЕК
Мен өскен салтанатты жер,
сен ойлағандай кең емес.
ІҢКӘР
Еріп барғанның пайдасы жоқ,
жобасын білсең болды.
Қыздар мен Болатбек аттарына мініп жүріп кетеді.
НАТ. ТӘҢІРБАЙ АУЫЛЫ – ТАҢ
Қалын орман қоршаған ауылға тоғыз атты құлайды. Ерік табиғатқа қарайды. Құрт тістеген Жігер оның дәмін ұнатады.
ЖІГЕР
Жаман емес!
ЕРІК
Иә, нағыз жылқы ұстайтын
аймақ.
Ырық құртқа ойлана қараған Жігерге сөйлейді.
32
ЫРЫҚ
Оның есімі Көрікті.
Алыстан кісінеп шапқан қасқа ат ауылға кіреді.
БАДЫРАҚ
Ырық! Анау сенің қасқаң
емеспе?
ЖІГЕР
Иесін тастап қашқан жылқы,
жылқыма? Арам қатқыр!
БАДЫРАҚ
Ат айналып қазығын табады
деген Жігер.
Ауылдың шетінде киіз үй көтеруде. ЕСЕН(30) ілулі қойдың терісін алуда. Ол қарақшыларды көріп, қасындағы жас балаға қол шайдырып пышағын береді.
ЕСЕН
Жіліктеп таста.
Майлық алып жеті қарақшының алдынан шығады.
ЕСЕН
Оо, Қош келдің бауырым!
Артыңа балапан ерткен
үйректей шұбыртып жүрсін-ғой.
Қарақшылар аттарынан түседі. Ырық жүріп кетеді.
ҚУАТ
Адасып жүрген жерінен кезік
болып..,
(Жақонға көз қысып)
жетімсіретпей осында ерте
келгенді жөн көрдік.
ЕСЕН
Бұның дұрыс. Қабағынан қар
тыңбайтын әкем сені көріп
бір қуанып қалатын
болды-ау...
Ырық қасқа атты ауылдың сытына апарып арқандайды.
Ауыл ортасында салынып бітпеген мұнараның айналасы құрылыс жүруде.
ЖІГЕР
Мен көргем мынадай мұнараны.
33
Екі мұнараның ортасында арко орналасқан. Есен балаға ысқырып, қол бұлғап шақырып, үйден шыққан қарындасына дауыстайды.
ЕСЕН
Шолпан қонақтарды қарсы ал!
Бала Қылқара мен Айқабақты алып кетеді.
ЕСЕН
Маған атастырған қызы бұл
жылқылардан әсем емес шығар?
ҚУАТ
Қызына жолығатын мүмкіндік
болған жоқ. Бірақ жолыққан
адамның айтуынша қыз сұлу
көрінеді. Енді рұқсат болса,
барып әкеңді қуантайын.
ЕСЕН
Әкем өз орнында.
ШОЛПАН(21) жігіттерге қарсы тұрған үйді көрсетеді. Қуат пен Дес ақ үйге жүреді. Есеннің қасына РАХЫМ келеді.
ЕСЕН
Көзден таса қылма!
НАТ. КҮРКЕ - АРКО – КҮН
Құдірет қанжығадағы дорбасын ашып бес алмаға қарап, екеуін алып аркоға беттейді. Алма жеп арконың бір шетіне сүйене кеткен Құдірет қазыққа байлаулы Қылқара мен Айқабаққа қарайды. Есен келеді.
ЕСЕН
Шынымды айтсам екеуіне
бірден қол жеткіземіз деп
ойламадым.
(қолын беріп)
Мен Есен болам.
ҚҰДІРЕТ
Бұл сөзіңнең, екі шалдың
одағына түкіргенім бар
дегенді естіп тұрмын.
ЕСЕН
Әкем айтты екен деп неге мен
танымайтын қызға назар
аударуым керек?
34
ҚҰДІРЕТ
Сенің орныңда болсам қазір
жылқының тұрысына емес, жас
келіннің жүзіне тамсанар
едім. Қыз әдемі сөз жоқ, бір
кемшілігін көңілге алмасаң.
Құдірет жүріп кетеді. Есен оның беліндегі қанжарға назар аударады.
ЖІГЕР(к тыс)
Бауырсақ өте дәмді болды...
Аркоға қарсы орналасқан үйден Жігер мен Бадырақ шығады.
БАДЫРАҚ
Келесі жолы әңгімені мен
бастаймын жарайма?!
ЖІГЕР
Не ұнамай қалдыма?
БАДЫРАҚ
Әңгіме деген оқиғасы қызықты
болу керек емеспе. Сенің қай
жерде, қалай, кімнің зәресін
ұшырғанын кімге қызықты...
ЕСЕН
Сусын ұсынып ас берген
аруларды қорқыту ұйят
емес-пе жігіттер!
БАДЫРАҚ
Соны айтам.
Жігер екеуіне қол сілтеп, Құдіретке беттейді.
ЕСЕН
Құпия болмаса серігінде,
(Құдіретті мензеп)
жүрген қанжар қайдан екенін
айта аласынба?
БАДЫРАҚ
Дым режімеңіз, ештеңе айта
алмаймын.
Бадырақ жүріп кетеді. Есен күмәнді қарайды.
ЕСЕН
Інішек алысқа ұзамаң. Мында
адасып кету оңай.
35
Аркодан өткен Бадырақ Жігер мен Құдіретке барады.
ЖІГЕР
Олай болмайды. Сен екеуінің
біреуі маған дегенсің...
Құдірет Жігерді түртіп жібереді. Жігер артына қарайды. Бадырақ заңбіректерді көрсете сұрайды.
БАДЫРАҚ
Анау не осы қатар-қатар
тұрған?
ЖІГЕР
О деп аспанға қарап тұрғанды
айтасынба? Жүр көрсетейін...
НАТ. АҚ ҮЙ – КҮН
Үлкен ақ киіз үйден Қуат пен ТӘҢІРБАЙ(62) шығады.
ТӘҢІРБАЙ
Орынғұлдың ауылы жау жаладан
былай тынышпа екен?
ҚУАТ
Бізді есепке алмаса шулаған
малы мен, ыстық күннен басқа
мазасын алған ешкім жоқ.
Екеуі аркоға жүреді. Дес пен қаруланған жігіттер еруде.
ТӘҢІРБАЙ
Қуат, ырайыңнан қайтып өткен
ренішке кешіріммен қарап
қасыма қайта келерсін...
Жылқы десең жылқы, жайлаудан
жер. Соның бәрі меннен-ақ
болсын. Қарғыстың астында
қалған ауылыңды қайтпексің.
Дес жігіттердің біріне аяғынан басына дейін қарайды.
Аркоға сүйеніп тұрған Ырық, Ерікті көріп артына қарайды.
ЕРІК
Уайымдама, олар ұйқыда.
Екі атқа қарап Тәңірбай мен Қуат аркодан өтіп тоқтайды.
ТӘҢІРБАЙ
Екеуінің қайсысы жүйрік ал?
36
ҚУАТ
Екеуіде осал емес, ақ-боз ат
шыға салма. Ал көк қыза
жүйрік, ұзаққа баратын
пішімі бар.
Талдың басына жиналған қарғаларға қарайлап Құдірет келеді.
ҚУАТ(ЖАЛ)
Тәңір мырза, жылқылар сізде.
Енді менім қалауымды қолыма
берер деген үміттенім.
ҚҰДІРЕТ
Иә беретінің болса берші,
кететін уақыт болды.
ЕСЕН(к тыс)
Қайда асықтыңдар...
Есен Жақонды әкеліп Қуатқа итере сөйлейді.
ЕСЕН
Жолдан жолыққан жетімегін
кімнің немересі екенің
айтпай қалай кетпексің?
ҚҰДІРЕТ
Мен анау жерге бара тұрам...
ЕСЕН
Қозғалма!
(жігіттерге)
Қарап тұрмай ұстаң оны!
Құдірет біреуінен қылыш алып қашады. Есен айқайлайды.
ЕСЕН
Ұстаң, маған керек ол!
НАТ. АУЫЛ ШЕТІ – КҮН
Зеңбіректің оқ дәрісін қолына ұстаған Бадырақ, Құдіретті қуған жасақты көреді.
БАДЫРАҚ
Нағып жүр мыналар!
Жігер басын көтереді.
ЖІГЕР
Кім нағып жүр?
Жігердің құлағынан, жебе жалап өтеді.
37
Құлағын ұстап, қанды көрген ол, қашады.
БАДЫРАҚ
Ей тоқта! Қайда кеттің?
Құдірет байлаулы аттың басынан жүген сыпырып кетеді.
Қылышты жерге шаншып, бақайынан арқандаулы қасқа аттың басына жүген салған Құдірет, керілген арқанды күрмеуден босата алмай, қазыққа байлаулы жағын өзіне тартады.
ҚҰДІРЕТ
Қасақана!
Қанжармен кесіп жіберген ол, келіп қалған қуғыншыға қанжар лақтырап, атқа мініп шаба жөнеледі.
Есен қанжардан өлген жігіттің қасына тоқтайды. Өліктің көзі ағарып, түсі бозарып барады.
НАТ. ТОҒАЙ - ЖЫРА – КҮН
Алдың бастап қашқан Жігер алдынан жыра шығып тұра қалады. Артына алаңдаған Бадырақ оны түйіп, екеуі ағысқа құлайды.
ИНТ/НАТ. КИІЗ ҮЙ – КЕШ
Есен Жақонды ортаға алып отыр. Үстөл үстіндегі найза, айбалта, шоқпар, семсер, садақ және бес асықты суреттеген қағазға қараған Тәңірбай, қанжарды жарыққа апарып оның сабын бөлек ағытып алып, Жақонға көрсетеді.
ТӘҢІРБАЙ
Мынау саған таныспа?
ЖАҚОН
Жоқ.
Сыртта Рахымның жетегінде кеткен Жақонға сәл қараған Шолпан есікке беттей, іштегілерді тындай тұрып қалады.
ТӘҢІРБАЙ(к тыс)
Ертенге қамданың. Қасыңа екі
адам алып, екі баланы қалаға
жеткізіп құлдыққа беріп
жібер.
Есік алдында тындап тұрған Шолпан жүріп кетеді.
НАТ. ТОҒАЙ – ТҮН
Ортада от жануда. Болатбек дорбасын жастанып ұйықтап жатыр. Үлпілдек ойда отыр.
38
ҮЛПІЛДЕК
(Аяуға қарап)
Бойымыздағы дертің емі деп
нені айтқысы келді Құндыз?
(кідіріп)
Аяулым!
АЯУ
Тыныш, інім ұйықтап жатқан
жоқпа!
Үлпілдек тұрып көлге жүреді.
АЯУ
Ей қайда кеттің?
Садағын тастаған ол, аяғымен отқа ағашты қағып жүреді.
АЯУ
Тоқтай тұр Үлпілдек, саған
болмайды онда.
ҮЛПІЛДЕК
Оңаша қалғың келмеп-пе еді.
АЯУ
Тындасаңшы әуелі айтайында.
ҮЛПІЛДЕК
Тындап көрейін ал. Мені тек
ақымақ көріп алдаушы болма.
Бар білгеніңді жасырмай
айтатын бол!
АЯУ
Айнып қалдым, тура барсаң
қыздардың үстіне дәл түсесін.
(кері бұрылады)
Шынайы тұлғасын көріп мәңгі
сақау болып қалмайсың-ау...
Дыбыс естіген Үлпілдек Аяудың аузын басып ұстап қалады.
Болатбек жастанған дорбаны алған Құдірет, ақтарып болып, Болатбекті оятады.
ҚҰДІРЕТ
Ау інішек алма жоқпа сенде?
Аяу Құдіретке жұдырық алып дауыстап жүгіреді.
АЯУ
Жолама оған!
39
Ол соққыдан қашып, дорбамен Аяуды ұрып жығады. Үлпілдек оттан ағаш алып ұмтылады. Құдірет оны-да жыға бірге құлайды. Атып тұрған екеуі бірін‑бірі танып қалады.
ҚҰДІРЕТ
Сен қайдан жүрсін?
ҮЛПІЛДЕК
(теуіп құлатып)
Сені іздеп жүрмін-да!
Аяу екеуі Құдіретті алма кезек ұрып есеңгіретіп қояды.
ҮЛПІЛДЕК
Танысып қой, бұл Құдірет.
Біз іздеген ұры осы болатын.
ҚҰДІРЕТ
Тоғайдағы қыздардың бәрі
осындай жабайыма?
АЯУ
Аз болса келеді қазір.
Шашы төгіліп, өңінде ұсқыны жоқ Мәкең, от сәулесі түскен сайын адам қалпына келе бастайды. Үлпілдек Құдіретті талға ұрып, тамағына пышақ апарады
ҮЛПІЛДЕК
Сақа қайда жексұрын неме?
ҚҰДІРЕТ
Естен кетпейтін адам сен
шығарсын бұл жалғанда.
Көлеңкеге түскен Мәке, адам қорқатын кейіпте келеді.
МӘКЕ
Мынауың кім?
Оны көрген Үлпілдек шыңғырып жібереді.
ИНТ. ТЕМІР ТОР – TYH
Екі бөлек орналасқан тордың бірінде төрт қарақшы жатыр. Екінші торда Әлия ұйқыда, Жақон бетін тізесіне басып отыр. Ерік екі балаға жақын жерде, бұлбұл даусын салуда. Сырттан Шолпан кіріп, екі бала отқан тордың есігін ашады.
ШОЛПАН
Әлия, Жақсылық тез шығын!
ЕРІК
Оларды қайда апарақсыз?
40
ШОЛПАН
Сіздерден әрі.
Шолпан Әлияны ұстай бергенде, Жоқан қолын қағып жібереді.
ШОЛПАН
Қорықпа мен сендерді
жай ғана босатуға келгем.
(қолынан ұстап)
Жақсылық, қазір кетпесен
ертен қаланың лас жеріне құл
болмақсындар. Қарындасыңа
оны қаламайтын шығарсын.
ЕРІК
Жақон менімше Шолпан жақсы
жағын айтып тұр.
ШОЛПАН
Сөзіме сен Жақсылық, қас
қылар ойым жоқ сендерге.
Жақон сәл ойлана қарындасын оятады. Үшеуі торда шығады.
ҚУАТ
Оларды жалғыз жіберсен
қаңғып қалары анық.
ШОЛПАН
(кідіріп)
Қайда апарайын?
НАТ. ТОҒАЙ - СУ ЖАҒАСЫ – ТҮН
Қыздар теріс қарап отқан Құдіретті ортаға алып келеді. Үлпілдек өз-өзіне сөйлеп келеді.
ҮЛПІЛДЕК
Оянып кетіп жаман түс болса
екен, тірі өліктерді ұмытып
кететін. Бұлармен ел кездім
десем кім сенеді маған...
АЯУ
Бізбе тірі өлік?
ҮЛПІЛДЕК
Енді кім?! Сен сықылды періні
басқа жерден көргенім жоқ.
АЯУ
Енді өлікке теңесең қолаң
шашыңды өзім кесіп алам.
41
ҮЛПІЛДЕК
Енді маған қол жұмсаушы
болма!
АЯУ
Ал сен қашуды ойлама.
ҮЛПІЛДЕК
Тоқетерін о бастан айтқанда
ешкім қашпайды.
ҚҰДІРЕТ
Құдай-ау қайда тап болдым!
ҮЛПІЛДЕК
Сен асықты қалдырған жерінде
тұрсын деп тіле.
ҚҰДІРЕТ
Тастап шығуға болмадыма?
АЯУ
Ондайды сенде тастамас едің.
Мәкең су жағасына тоқтап, Құдіретке бұрылады.
МӘКЕҢ
Осы жерме жігітім?
НАТ. АУЫЛ ІШІ - МҰНАРА – ТҮН
Қалдан жауыздарымен ұрланып мұнараның тұсына келеді. Тамағын кернеген дыбысқа, жауыздар жалт бұрылады.
СОҚЫР
Шыдамы құрғыр сұрағым
келгені не тіміскілеп жүрсін
Қалдан?
Тасадан Соқыр көрінеді.
ҚАЛДАН
Тарғын! Әлі тірісіңбе атана
нәғілет. Мырзалар, менім
ескі досым Тарғын. Бұдан
қорқуға болады енді.
Еркін тұра бастаған жауыздар, қайта қылыштарын көтеріп қатайып тұрып алады. Соқыр күліп Исатайға жүреді.
СОҚЫР
Меннен емес, артыңнан
қуған қыздардан қорыққаның
жөн.
42
Қалдан басын көтере далаға қарайды. Исатай Еріктің атына ерттеулі ер-тоқымын көреді.
СОҚЫР(ЖАЛ)
Бірақ бес қыз деген не ол.
(Қалданға жүре)
Асаудай тулап ұстатпайтын
Тұрсын мергенді бағындырған
адамға.
ҚАЛДАН
Оның садағын жасырып қойғам.
Бірақ сен сұрама, бәрі-бір
айтпаймын саған.
СОҚЫР
Маған оның садағы емес..,
Соқыр бір жауызға қанжар тығып, оның қылышын алады.
СОҚЫР(ЖАЛ)
Сенің ажалың керек!
Өңі қашып жерге құлаған жауызға бәрі таңдана қарайды.
ҚАЛДАН
Ұйықтап жатқан жұрттан ұйят
емес-пе?
Зеңбіректің дауысы шығып, екеуінің алдын оқ дәрісі түсіп жарылады.
Зеңбіректерді үсті-үстінен ата бастаған Бадырақ, мәз. Жігер зеңбіретерді оқтап жүреді.
БАДЫРАҚ
Айдаһар от шашама десем,
алысқа түкіретін бәле ғой.
Ауылдың жітіттері үйлерінен қаруланып шығып, жауыздармен шайқаса бастайды. Төрт қыз бен Құдірет тасаға тоқтайды.
АЯУ
Асыққа апар тез!
ҚҰДІРЕТ
Мұнараның тұсында күрке бар.
Күркеде менім атым байлаулы,
қара ала аяқ ат...
ҮЛПІЛДЕК
Сөзді қойып атыңа апар!
43
Қастарына оқ түсіп, бесеуін бес жаққа лақтырады.
Үлпілдек басын шайқап тұрып, Құдіретті қуады.
Құдірет байлаулы қолын босатып алады. Байлауда отқан Шолпан мен екі балаға ырылдаған көк тазыны көріп, күркеге жүреді.
ӘЛИЯ
Құдірет тастама бізді!
Бағытын қимаған Құдірет, тазыны теуіп қуып жібереді.
Қалданға қылыш сермеген Соқыр, кеудесінен соққы алғандай болып құлайды. Қалдан түсінбей сәл қарап сөйлейді.
ҚАЛДАН
Былай істейік Тарғын. Сен
найзаны маған бер, ал мен
сені жазып жіберем...
Жіптен босаған Жақон жүгіріп кетеді. Шолпан аяқ қолын босата Құдіретке сөйлейді.
ШОЛПАН
Әлия мен Жақсылықты әкемнің
жазасынан алып қашпақ
болғам...
ҚҰДІРЕТ
Қашудан айнып қалмасаң бұл
жолы дұрыстап қашың.
Шолпан Әлияны алып жүгіріп кететі. Артынан Үлпілдек келеді.
ҮЛПІЛДЕК
Атың қайда?
ҚҰДІРЕТ
Дым ренжіме асықты мен
лақтырып тастағам...
Исатай Үлпілдекті өзіне қаратып сұрайды.
ИСАТАЙ
Сен қашан келіп қалдың?
ҮЛПІЛДЕК
Жақсы келдің, былай шықсан
қазықта біздің аттар
байлаулы тұр...
Құдірет қашып кетеді. Исатай қонышына қолын тығады.
44
ИСАТАЙ
Қалданға сенің асығын керек.
Ол сенде деп ойлап осында
іздеп келді...
Үлпілдек Құдіретті іздеп кетеді. Исатай асықты ала алмай әлек.
ИСАТАЙ(ЖАЛ)
Ал асық менде.
(асықты шығарып)
Оған сенің бұрымында керек...
Исатай Үлпілдекті таба алмай қалады.
Күркеге келген Құдірет атын іздейді. Шайқасып жүрген Соқырдың қолынан қанжарды жұлып алады-да өзін құлатып, Қалданнан сұрайды.
ҚҰДІРЕТ
Қара ала аяқ ат көрмедіңбе?
ҚАЛДАН
Жоқ көрмедім...
Үлпілдекті көреген Құдірет, қанжарды Қалданға ұстатып тасаға тығылады.
ҮЛПІЛДЕК
Көріп қалдым, тығылмай шық!
Құдірет оған қолына түскен арқанды лақтырып, қашады.
ҮЛПІЛДЕК
Тоқта! Қайда қаштың?
Қуат пен Дес қырғын-шайқасқа қарап тұр. Үстін қақылаған Ырық пен Ерік тордан шығады.
ҚУАТ
Сендер аттарды алып шығың.
Мен Тәңірбайға кіріп шығам.
Қуат жүгіріп кетеді. Ырық аяқ астынан ұзын таяқ ала жүреді.
Жігерді жыққан Мәкең, Бадыраққа бұрыла бергенде, қолына шоқ ұстаған ол, зеңбірекпен атады. Мәкең қалқанның шетін теуіп, қолына алып үлгереді. Оқ қалқанға тиіп, оны ұшырып кетеді. Жігер қылыш алып орнынан тұрады.
ЖІГЕР
Таста, төртеуін түгендеп
келейік.
45
Исатаймен алысқан жауызды ұшып келген Мәкең түйіп, қалқаны жоғары ұшып кетеді. Ұшып келген қалқан, Болатбекті аттан жығады. Ол серке жүн дорбадан төгілген асықтарды көріп, екі көзі жайнап кетеді.
Аркоға жүгірген Рахымға, Қалдан байқамай семсерін тығып алады.
Дорбаны Қылқараның қанжығасына байлап, шылбырын ұстай берген Болатбекті, Мұса шалып құлатады.
МҰСА
Бұл сенің атың емес...
Ерік шылбырды тартып алады.
ЕРІК
Иә, бұл менім атым.
Ерікті Үлпілдек таяқпен ұрады.
Айқабақтың тартпасын тартқан Исатайды біреуі көтеріп жерге ұрады. Қолындағы асық ұшып, Үлпілдектің таяғына тиіп аспандата ұшады.
Ахат Құдіретті теуіп екі доғалақты арбаның дертесіне жығады. Ахатты Бадырақ садақпен бастан ұрып түсіреді.
БАДЫРАҚ
Намыс жібермей қайтып
келдіңбе?
ҚҰДІРЕТ
Өткір пышақ ұйялғаннан өтеді
демеп-пе едің...
Оның қолына асық түскенде, ол аспанға қарайды.
ИНТ. МҰНАРАНЫҢ БАСЫ – ТҮН
Іріқарадан қашқан Жігер, мұнараның басына шығып тоқтайды. Іріқара оған қылыш сермеп, тастарды ұстап тұрған жіпті қиып жібереді. Жігер бұғып төмен түсе қашады.
Тастар арбаның үстіне түседі. Дертеге аяғы ілінген Құдірет, аспандата ұшып кетеді.
Үлпілдек жетектеп шыққан Қылқараның үстіне Құдірет түседі. Ол ығайланып отыра, асықты Үлпілдекке лақтырады.
ҚҰДІРЕТ
Енді меннен сұраушы болма.
Құдірет шабады. Үлпілдек қазықтағы Айқабаққа бет алады.
46
Айқабақ қазықты айналып ұстатпауда. Айналып келген жылқы Мұсаның алдына тұра қалып қарғиды. Сол сәт оған Үлпілдек секіре мініп, Мұсаға арқан лақтырады. Арқан оның мойнын орай, түйіні Еріктің тұмсығына тиіп, ол құлайды.
Соқыр Қалданның қолынан қанжарды қағып жібереді. Жерге түскен қанжарды Тұрсын өкшесімен басады.
ҚАЛДАН
Мына түрмен, таң атқанша
жүреміз бір бірімізді ала
алмай. Басқа күні келсеңші.
Ортаны жарып қара торы ат пен тазы Соқырға беттейді.
СОҚЫР
Бұрынғыдан шаршаған екенсің.
ҚАЛДАН
Ажалдан қашу оңай дейсінбе!
Қалдан асыққа жармаса берген тазыны тебеді. Атқа қарып мінгісі келген Соқыр, соққы алған болып қанжар ұстаған Тұрсынға құлайды. Қанжар кеудесіне кіріп Соқыр өледі. Жылқы мен тазы жерге сылқ ете құлайды.
НАТ. ҚЫРДЫҢ ЕТЕГІ - ТАҢ
Үлпілдек Құдіретті қуады. Артынан қуып қыр басына шыққан Үркер садағынмен жобалатып атады. Жебе Құдіреттің жауырына тиеді. Сол сәт күннің көзі көрініп Құдірет пен Үлпілдек құйынға айналып кетеді.
Жылқышылар, бірін-бірі қуалаған екі құйынды көреді.
ИНТ. КИІЗ ҮЙ – ТАҢ
Қуат үйді аралап тіміскілейді. Бір шетте өңі кеткен Тәңірбайдің мәйіті жатыр. Сырттан кірген Есен әкесін көріп, Қуатқа ұмтылады.
ҚУАТ
Мен кіргенде солай жатқан.
ЕСЕН
Иманыңды айта бер сілімтік!
Қуат шаңырақтан салбырап түскен жіпті оның мойнынан өткізіп асып қояды.
ҚУАТ
Тәңірбайға таға келу керек,
одан хабарың барма?
47
Аяғы жерге тиер тимес ілулі тұрған Есен әкесіне қарайды.
ҚУАТ
Ол қолыма түспей мен
оның өмірін алмас едім.
ЕСЕН
Шаруам жоқ!
Қуат жіпті жіберген бойы Есен жерге құлап жөтелді.
ҚУАТ
Қыңыр болма Есен. Жалғыз
қарындасыңды осы өмірде
көрем десең...
Қуат соққыдан құлайды. Тәңірбайға жиеркеніп қараған Қалдан сөйлейді.
ҚАЛДАН
Қырсық адаммен келісімге
келмек болған сен ақымақ.
Сырттан айқай-шу шығады. Қалдан бес қару суреттеген қағазды қолына алып қарап, сәл тұрады.
ҚАЛДАН
Бұрын ажырамас бауыр болып
бәріміз жиналып жауға қарсы
тұрдық. Енді міне күнәға
белшеңнен батып бір
бірімізді өлтіруге дейін
бармыз. Мен тек бойымдағы
лағынеттен құтылсамба дегем.
ЕСЕН
Сені жолындағын ымырасыз
жойып келеді дейтін.
ҚАЛДАН
Жоқ-а. Маған күніге бір
пенденің жаны жарап жатыр.
Екеуі сыртқа шығып, қырылып жатқан жұртты көрген Есеннің көңілі түседі. Қалдан ыңғайсыздық танытады.
НАТ. СУ ЖАҒАСЫ – ТОҒАЙ – КҮН
Жалаң аяқ жүрген Жігер, аузына шөберек тығылған Исатайды талға байлап болады. Бадырақ беті қолын шайып келеді.
ЖІГЕР
Қалданды ала келмей құттай
далада кідіруге болмадыма?
48
Бадырақ ыңылдап тұрған Исатайдың қасына жақындайды.
БАДЫРАҚ
Мынау бірдене дегісі келіп
тұрған сияқты-ғой.
Бадырақ аузынан шөберкті алған бойы, ол түкіріп сөйлейді.
ИСАТАЙ
Қалдан Үлпілдекті көрген
емес. Ал Жігер Қалданның
қолынан өлгісі келмесе, тура
соған апаратын сол.
БАДЫРАҚ
Жігер қасында тұрған жоқ-па.
ЖІГЕР
Ырықты айтады. Ол көргенмен
жолды кім көрсетпек?
Жігер мен Бадырақ бір біріне қарайды.
БАДЫРАҚ
Ерік!
ИСАТАЙ
Қазір қозғалсақ оларға біз
бірінші жетеміз.
ЖІГЕР
Қалай?
ИСАТАЙ
Іздеріне түсіп.
Дес торсықтан су ішіп болып сөйлейді.
ДЕС
Бұл жолы Әлия мен Жақонды
көрем десе бұның амалы жоқ.
ЖІГЕР
Олар қайда айтпақшы?
ДЕС
Ерік қауіпсіз жерге жіберген
болатын. Сенің Тайпағынды
шамасы солар мініп кеткен.
ЖІГЕР
Менім Тайпағыма неге құмар
болды екен сол бала.
49
НАТ. ТӘҢІРБАЙ АУЫЛЫ – КҮН
Жауыздар тұтқындарды бір жерге жинауда. Жерде жатқан Рахым шошып оянады.
Тұтқында тұрған Қуат пен Ырықтың қасына, Ерік пен Мәкеңді алып келеді. Түйірлеп бидай жеген Қалдан қадаулы қылышты алып, үш қарақшыға жақындап сөйлейді.
ҚАЛДАН
Тәк жігіттер! Мен сендерге
қатты ренжіп қалдым. Әсіресе
үшеуіңе. Сендердің
әрекеттеріңнен іздегенім
екінші рет қолымнан сытылып
кетті. Бұл жағдай енді
қайталанбау үшін бастарынды
шабуға тура келіп тұр.
ЕСЕН
Қазір өлтірмексіңбе?
ҚАЛДАН
Иә! Бұларға сот отырысын
жүргізетін уақыт жоқ менде.
ЕРІК
Қисынын тауып келісуге
болмайма?
ҚАЛДАН
Көзімді ойып жолымды кескен
адаммен келісу! Жоқ болмайды.
Жауыздар шулап жібереді.
ЕСЕН
Ал егер үшеуінің біреуі
Орынғұлдың қызын көрген
болса.
ҚАЛДАН
Онда сол біреуі тірі қалады.
ЕРІК
Ол қызды үшеуіде көрген
болса егер...
ҚАЛДАН
Тіпте жақсы!
(Сақалдыға)
Бірінші мынаның басын ал!
Қасы жоқ жауыз Ерікті алға алып шығады.
50
Ырық біреуінен қылышын алып, енді қылыш көтере берген Сақалдыға тығып алады. Ырықты екі жауыз ұстап алады. Мәкең Ырықтың түтіндеген алақанын көреді.
ҚУАТ
Бұның басы түссе, қалған екі
бас пайдаға аспай қалама деп
қорқам Қалдан.
ҚАЛДАН
Шабатын бас қалмайын деп
тұрма?!
ЕРІК
(Мәкеңді көрсете)
Міне тұрған жоқ-па.
Семсерін суырып Сақалдыға берген Қалдан, қызға жақындайды.
ҚАЛДАН
Алдыма келген нәзік жанды
арулардың басын ала берсем
құрметім қайда оларға деген.
Қалдан оның басынан орамалын шешіп алғанда, оның көленке алған жағы өзгеріп кетеді. Сырын білмейтіндер жиіркеніп кейін шегінеді.
ҚАЛДАН
Бірақ бұл қызды нәзік жанды
деп айта алмайсын.
(жауыздарға)
Қамап тастаң!
Мәкеңді екі жауыз алып кетеді.
ҚАЛДАН
(Қуатқа жақындай)
Мынаның басы пайдаға асады
дедіңбе? Нақтырақ айтасаң
сол жағын.
НАТ. САРҚЫРАМА – КҮН
Жауырына жебе қадалған Құдірет, жыраның астына тоқтап жебені алмақшы. Қамшылар жақтан Үлпілдек үстіне секіре оны жерге жығады. Жебе кеудесінен шығып, қанаты сынып түседі.
Бір аунап тұрған Үлпілдек, сарқыраманы қарап тұрып қалады.
Жерде жатқан жебенің қанатын таныған ол тысқа көз тастайды. Құдіретте тысқа қарайды. Үлпілдек Қылқараға жүреді.
ҮЛПІЛДЕК
Олар осында ертен жетеді.
51
ҚҰДІРЕТ
Мынадай тұлпарды саған беріп
қойған тәңір қайда қарап жүр.
ҮЛПІЛДЕК
Қызғаныштан айтып баратын
болдың-ау.
(қанжығадағы ақ
дорбаны шешіп)
Ажалың жақын бола тұра, мына
тұрған ауылға бармай мында
келгеніңе таңым бар.
ҚҰДІРЕТ
Керемет көріністі келіп тұрып
қалай қиясын.
Құдірет кеудесіндегі жебені суырып алғанда жарақаты жылдам жазыла бастайды. Үлпілдек дорбаның ішінен шағын қалтаны алып, Құдіретке жүреді.
ҮЛПІЛДЕК
Сөз жоқ әдемі жер. Туған
жеріңбе?
Үлпілдек асыққа толы дорбаны тасқа қойып, қалтаның ішінен
асықты алады.
ҚҰДІРЕТ
Құпияның бары осыда де...
ҮЛПІЛДЕК
Қояғой! Осыған бола келген
жоқ-па едің?
ҚҰДІРЕТ
Шынымды айтсам көздегеніміз
көк ат пен ақбоз ат. Ал
асығың жоспарда болған емес.
Орынғұл қызын Тәңірбайдың
ұлына атастырып, уақыты
келгенде сөзінен тайған
деп естігенім рас-па екен?
Әрі жүріп айналасын қараған Үлпілдек қасына келеді.
ҮЛПІЛДЕК
Естігенің хақ. Бірақ себебін
білмей ұрлықтарың иттік.
ҚҰДІРЕТ
Ол алысып ант берген ит, ол
Орынғұл.
(әрі қарай)
52
ҚҰДІРЕТ(ЖАЛ)
Ал бізді жіберген кемсу,
қорлық, алдамшы сезінген
Тәңірбайдікі жай барымталық.
ҮЛПІЛДЕК
Барымтаға сұқандатып иттерін
жібермей, өзі келіп қуыну
қажет. Айтпақшы неге қашып
жүрсін сен одан?
ҚҰДІРЕТ
Кеш батпай тұрып, жылқыларың
мен сырға толы асықтарыңды
алып қайтқаның жөн.
(орнынан тұра)
Жалғыз адамға бұл аймақ
қауіпті...
Ол аяғына тұра алмай құлайды.
Асықты тасқа қойған Үлпілдек, Құдіретті демеп қайта отырғызады.
ҮЛПІЛДЕК
Сені мына түріңмен тастап
кеткен ұят болар.
(ағысқа жүріп)
Кереметі тасыған ауылыңа
жеткізіп тастайын.
Құдірет оның рахымшылдығына тәнті болып қарап қалады.
Орамалды суға бүктірген Үлпілдек, әлсіреп артында тұрған Құдіреттен шошып кетеді.
ҚҰДІРЕТ
Нағыз жұмақты көрсетуге
рұқсат ет.
Үлпілдекті суға итеріп, өзі бірге түседі.
ИНТ. САРҚЫРАМАНЫҢ АСТЫ – КҮН
Төбесі таспен қоршалған судың астынан сүңгіп шыққан Үлпілдек, жүзумен төбеден аққан суды кесіп шығып, жағаға еңбектеген Құдіретке беттейді.
ҮЛПІЛДЕК
Ақымақ неме! Бұныңды қалай
түсінем...
Көз алдынан екі үлкен көбелекті ұшып өтеді. Әдемі орналасқан табиғатқа таңғырқап қарап жағаға шығады.
53
Әріде үлкен алма талы көрінеді.
ҮЛПІЛДЕК
Жаман емес, тамаша жер екен.
Өте әдемі деседе болады...
Қозғалмай қырынан жатқан Құдіретке қарайды.
ҮЛПІЛДЕК
Құдірет!
(қасына барып)
Тірісіңба?
(түртіп)
Ей тұрсаңшы...
Омырауынан ашып жараның ізінде таба алмай, кейін шегінеді.
Құдірет ыңылдап талды көрсетеді.
ҮЛПІЛДЕК
Иә қасыңдамын айта бер.
(қолына қарап)
Ау! Не ол? Анықтап айтшы.
(алма талға көзі
түсіп)
Талда не бар? Алма! Алма-ма
керегі? Қазір әкеліп берем.
Атып тұрып алма талына жүгіреді.
Талға келіп бір алманы үзіп, тағы екеуін жерден алып кейін жүгіреді.
Құдіреттің қасына алманы орамалға орап, тастың үстіне қойып, үстінен екінші таспен ұрып езеді. Орамалдың сыртынан сорпасын ағыза оның аузына апарып, орамалды сығып құйяды.
ҮЛПІЛДЕК
Мүмкін тұрып кетерсін.
Жүзін күн батысқа қаратқан Үлпілдек отыра қалып, үзіп алған алмасын тістеп жей бастайды.
НАТ. ДАЛА - ТҮН
Қалдан жауыздары жүріп келеді. Қуат пен Ерікті екі шетіне алып Қалдан сөйлеп келеді.
ҚАЛДАН
Содан Айболат... Жанағы
үзенкілес серігім. Аяқ
астынан пайда болған қара
көлеңкені нөкерлері болып
соңынан түсетін көрінеді.
54
ҚАЛДАН(ЖАЛ)
Қызыға қуған шығар, сол күні
оған мән бергенім жоқ еді.
Ұзамай қара көлеңкелер
көбейе бір қараға айнала
жоғалып кетеді екен...
САҚАЛДЫ
Келдік мырза!
Бәрі тоқтап аттарынан түседі. Қалдан айнала қарайды.
ҚАЛДАН
Мә, тез келдік-қой!
(аттан түседі)
Қай жеріне келіп едім?
ЕРІК
Жоғалып кеткен жеріне.
ҚАЛДАН
А иә! Кейін бөтен жерде ол
әңгіме қайта қозғалып, мән
бермеген жерін білгенімде
түсіндім...
Қалдан аспанға бір қарап мазасыздана аттың танауын сипады.
ЕРІК
Ол көлеңкені неге қуған екен?
ҚАЛДАН
Қайғыдан құтылу үшін.
(Қуатқа)
Ол алғанды сен қайтармақсын,
солайма?
Қуат оған қарайды. Қалдан кеудесін ұстай ауырсына бастайды.
ҚАЛДАН
Олай қарама, көрегнім
болмаса таға менде емес...
(кідіріп)
Тек қайдан көргенімді еске
түсіре алмай.., қасқа болып
келем. Ей жарар!
Қалдан семсерін суырып Еріктің кеудесіне тығып өлтіріп терен тыныс алып, Қуатқа семсерін ұсынады.
ҚАЛДАН
Маған асықтарды әкеліп
берсен, менде тағаны есіме
түсіріп көрем.
55
НАТ. САРҚЫРАМА – ТАҢ
Үркер тас үстіндегі асықты қолына алып айнала қарайды. Аяқ астында шағын қалтаның аузынан таға көрінеді. Үркер ақ дорбаға асықты салып қанжығасына байлайды. Шоқан жағадан орамал алып, Үркерге көрсетеді.
ШОҚАН
Үркер!
Үркер қолына орамал ұстап ағысқа қарайды.
ШОҚАН
Іздері осы жерден біткен.
Олардың артынан бетперде киген үш қыз келеді.
АЯУ
Неткен керемет жер.
Жылқышылар бұрылғанда, Аяу садақ көтереді.
АЯУ
Тырп-етпең!
Үркер қыздарға жүреді.
ҮРКЕР
Армысындар бауырлар! Мен
қарындасымды іздеп жүргем.
Оның ізі осында алып келді.
АЯУ
Жағы талмайтын Үлпілдекпе?
Ол қыз бізге-де керек еді.
ШОҚАН
Ол қызда не өшің бар олай
дейтіндей?
АЯУ
Жақсы. Өтініш дорбаны бере
аласызба? Бізге өте қажет
еді.
Қыздардың артынан Болатбек дауыстайды.
БОЛАТБЕК
Өтінген несі. Бетке тіреп
дорбаны әкел, бермесең
тартып алам демейсінбе!
АЯУ
Мен саған не айттым...
56
Жолдас Аяуға сойыл жіберіп қарсы жүгіреді. Сойылды қағып алған Іңкәрді, Жолдас аттан жығады.
ҮРКЕР
(атқа жүгіре)
Айғырды алып кет Шоқан!
Пышақтың сабымен Жолдасты ұрмақшы болған Іңкәр, пышақты айналдыра иығына тығады. Жолдас қадаулы пышақты сезбей таңырқап отыра қалады. Қанжығадағы дорбаны Құндыз алып Болатбекке лақтырады. Ол дорбаны тақымына қысып қашады.
НАТ. САРҚЫРАМАНЫҢ АСТЫ – ТАҢ
Құдірет көзін ашып аспанға қарайды. Орнынан тұрып айнала қарап алма талға көз тастайды.
Сырт киімі бұтаққа ілулі. Үлпілдек іш киіммен ұзын шашын жайып, ашықтыққа қарап алма жеп тұрады. Киімі ілінген тұстан Құдірет келіп талға сүйенеді.
ҚҰДІРЕТ
Табиғаты назым жерге көзің
әлі тоймай тұрма?
ҮЛПІЛДЕК
Айтпа...
Сасып қалған Үлпілдек, қалын шашымен омырауын жабады.
ҮЛПІЛДЕК
Әрі қара ий!
Құдірет бұрылады. Үлпілдек жақын келіп киімін алады.
ҮЛПІЛДЕК
Сені тұрмайтын шығар деп ем.
ҚҰДІРЕТ
(басын бұрып)
Ойың жүзеге аспай қалдыма?
ҮЛПІЛДЕК
(алма лақтырып)
Алдыңа қара!
(тал тасалап)
Мына талдың жемісін айтам,
дәмділігі соншалықыты жей
бергін келеді. Бұның қасиеті
саған ғана дарығанба, әлде
кез келгенге емі барма?
Құдірет тістелген алманы алып, Үлпілдек жаққа қарайды.
57
ҮЛПІЛДЕК(ЖАЛ)
Олай болса бөтен естімесін
бұл жерді. Дорбамды толтырып
ала кетсем, рұқсатпа?
ҚҰДІРЕТ
Рұқсат, бірақ басқаға әсер
етпейді.
ҮЛПІЛДЕК
Қарсы болсан алмаймын.
Сендегі жебенің орнын көріп
қыздарға жәрдемі тиер деген
ой-ғой менікі.
ҚҰДІРЕТ
Маған десе қапшықтап жесін,
бәрі-бір ем болмайды.
ҮЛПІЛДЕК
(шашын жинай шығып)
Меннен басқа адам бұл
жемісті жеп көрдіме өзі?
Құдірет талдың түбін тебеді. Алмалар төгіледі. Үлпілдек қашады.
ҮЛПІЛДЕК
Иә иә алмаймын керек емес.
(жүріп кетеді)
Құтылмақ болсан шығатын
жерді көрсет маған.
ҚҰДІРЕТ
Шығуын шығасын-ау, құтылуым
қиындау болайын деп тұр.
НАТ. АУЫЛ - КӨКПАР АЛАҢЫ – КҮН
Көкпар алаңы өзен жағасына орналасқан. Жиырма шақты салт атты тең бөлініп көкпар тартуда. Бетінде шырамы бар ӘЖІБАЙ(48), биікте отқан баладан сұрайды.
ӘЖІБАЙ
Қошақан сенбісін?
Алыстағы салт аттыларға қараған бала Әжібайға сөйлейді.
БАЛА
Әке, ауылға аттылар келе
жатыр.
Әжібай мойнын созып далаға қарайды.
58
НАТ. АУЫЛДЫҢ СЫРТЫ - КҮН
Қолына таға ұстаған Жолдас, ауылды бақылауда. жетегінде Айқабақ. Тырсылды естіген ол, артқа бұрылып, Жігер мен Исатайды көреді.
НАТ. САРҚЫРАМА – КҮН
Дес пен Бадырақ жағадағы аттардың іздеріне қарауда.
БАДЫРАҚ
Арғымақтың ізін қырғын
есектің тұқайынан ажыратып
көр ал!
Төрт жігіт ерткен Тұрсынды келеді.
ИНТ. ҮҢГІР – КҮН
Сырттан судың ағысы естіледі. Үңгірдің аузы тастармен бітеулі. Құдірет тастарды алуда. Алмаға толы екі дорбаның қасында Құдіретке тесіле қарап, Үлпілдек отыр.
ҚҰДІРЕТ
Мықтап қарадың-ғой.
ҮЛПІЛДЕК
Сыртқа шыққанда істейтін
әрекетіңді түсінгім келіп
отыр.
ҚҰДІРЕТ
Не түсінбейтіні бар. Жаяу
қалмау үшін сені ағысқа
лақтырып, аттарыңды алып
кетуге тырысам.
Үлпілдек жымияды. Құдірет оның омырауынан асықты көреді.
ҚҰДІРЕТ
Орынғұл қызынын некесін
кейінге қалдырғаны асықтын
әсеріме?
ҮЛПІЛДЕК
Көз ашқалы бұл сырды
жасырумен жасырынып келем.
Егер Тәңірбайдың ауылына
келін бола қалсам, құпия
сақтамай еркін жүруді
қалағам. Сіңілімнің жетіге
толуын күтіп, ұзатуды
кейінге қалдыруға өтінген
мен едім.
59
ҚҰДІРЕТ
Ал саған күйеу қандай? Ол
кім? Оның не ойлағаны бар
деген ой келмедіме?
ҮЛПІЛДЕК
Ата-ананың сөзінен аттап
қайда барасын.
ҚҰДІРЕТ
Әлияның жасы келіп қалды де!
ҮЛПІЛДЕК
Иә бүйырса күз айы...
Үңгірдің аузы құлап, адам шығатындай боп ашылады.
ҮЛПІЛДЕК
Тұра-тұр, Әлия дедіңбе?
ҚҰДІРЕТ
Сеннен көрі ол ибалы болып
өсетін сияқты. Оның бой
жеткен жасын күтуге болар
еді, бірақ оған біраз уақыт
керек.
(сыртқа шыға)
Жақон екеуі бізге еріп
келген болатын...
НАТ. ҮҢГІРДІҢ АУЗЫ - ЖЫРА – КҮН
Үңгірден шыққан бойына үстінен су ағып тұрады. Үлпілдек Құдіреттің артынан шыға сұрайды.
ҮЛПІЛДЕК
Саған қалай еріп келеді?
ҚҰДІРЕТ
Кәдімгідей...
ҮЛПІЛДЕК
Қазір қайда олар?
Үлпілдек оның жағадан ала бергенде, ол жарға жабысқан арқанмен қолын бір орап шетін қолына ұстатып, төмен итеріп жібереді.
ҚҰДІРЕТ
Қазір айта алмаймын.
НАТ. САРҚЫРАМА – КҮН
Дес пен Бадырақ байлаулы тұр.
60
Сынған жебені ұстаған Тұрсын сарқырамаға күдікті қарайды.
ТҰРСЫН
Қызда шаруамыз жоқ дең.
БАДЫРАҚ
Иә ағасы, нан ұрсын! Қызда
дым шаруамыз жоқ, қалаған
жаққа алып кете бер...
Жоғарыдан Үлпілдек Тұрсынның алдына құлайды. Оны көрген ол екеуінен сұрайды.
ТҰРСЫН
Мынау солма?
Екеуі бастарын изеді. Үлпілдек атып тұрып суға секіреді. Соңынан Тұрсын секіріп, Үлпілдекті су бетіне алып шығады. Жағада тұрған Дәуіт оны су жағасына алып шығады.
ҮЛПІЛДЕК
(ұрынып)
Тарт қолыңды!
Дәуіт шашынан тартып қолын қайырады.
ДӘУІТ
Тентек болма, тентек қыз.
Судан шыққан Тұрсын, суға көз жүгіртеді.
ТҰРСЫН
Қайда бармақ болдың?
Күдіктене артқа бұрылған Тұрсын, ұшқан сойылдан қашып үлгереді. Сойыл Дәуітке тиіп Үлпілдектің қолына түседі.
Ол сойылмен Тұрсынды ұрып оның беліндегі қанжарды алып, алақанына тығады. Тұрсын алақанына қадалған қанжарды суырып алады.
ТҰРСЫН
Бұл қанжармен ойнама.
Атпен келген Исатай Тұрсынға секіреді. Қанжар ессіз жатқан Дәуіттің қолына түседі.
Тасадан Жігер шығып Деске пышақ беріп екінші жауызбен алысады. Бадырақ атқа қарай қашқан Ахатты қуады.
Есін жинаған Дәуіт қолындағы қанжарды Исатайға лақтырады.
Қанжар төбеден түскен дорбаға қадалады. Құдірет түсіп Дәуітті екінші дорбамен ұрғанда, ол қайта талып құлайды.
61
Бадырақ атқа мінген Ахаттан қашады. Жауыздың үстіне отырып ұрғылаған Жігер, аунап кетеді. Ахат жауызды атпен тапап өтеді.
Тұрсын Десті құлатып, Үлпілдектің омырауынан асықты жұлып алып, аттың үстіне өңгереді. Сол сәт Ахат қылыштың сабымен оны ұрып талдырады. Жауыздар қызды алып қашып кетеді.
ИНТ. АТ ҚОРА – КЕШ
Шаштары жалбыраған үш қыз, аяғынан асулы тұр. Жылқышылар оларға қарсы байлаулы. Ессіз Шоқан есін жия бастайды.
АЯУ
О тұрдығо! Қазір қара Іңкәр,
мені көріп қайта ұйықтап
қалады.
Аяу қозғалмай қалады. Көзін ашқан Шоқан алдынан Аяудың қорқынышты ұсқынын көріп шошиды.
ШОҚАН
Аа, бісміллә! Мынау не?
(Үркерді көріп)
Үркер! Не болды?
ҮРКЕР
Біз тұтқындамыз...
ШОҚАН
Неге?
ҮРКЕР
Шоқан сабыр сақта, алдындағы
қыз негізі тірі жан...
ШОҚАН
Мынаума? Иә тірі жан сықылды.
Қақ алдыма байлап қойған
несі...
Аяу шыдай алмай күледі. Ол бақырып жібереді.
ШОҚАН
Ааа! Құдай жар бола көр!
Кетей, кет құры!..
Аяу тілін шығарып қорқытады. Шоқан қашқысы келеді.
Іңкәр мен Үркер күледі. Аяу бақырып қорқытады.
АЯУ
Бастапқыда осылай зәресін
ұшыру керек еді.
62
Қораның есігін ашылып, нөкерлері мен Әжібай кіреді. Біреуінің қолында ақ дорба.
ШОҚАН
Оо жақсы келдіңдер! Жігіттер
мына періні менім алдымнан
жоқ қылсандар риза болам.
Қолына алау ұстаған БЕКЗАТ(25) Шоқанға жүреді.
ШОҚАН
Ой рахмет бауырым! Негізі
байлаудың қажеті жоқ еді...
Бакзат оны ұрып талдырады. От сәулесі түсіп ажары қалпына келген Аяу, дорбаны көріп Әжібайға сөйлейді.
АЯУ
Ей есек! Менім інім қайда?
Әжібай Бекзаттын қолынан алауды алып жақындатады.
ӘЖІБАЙ
Сендей ғажапты, жер бетіне
тайрандатып қойған тәңір
мықты ғой шіркін!
АЯУ
Егер ініме бірдене болсын
меннен...
ӘЖІБАЙ
Тәк! Сенен бетері қорқытқысы
келген мені. Бұл өмірде
жалғыз сен деймісің
ібілістің қаһарына ұрынған.
(нөкерлеріне)
Қарайгөр өзін! Мені
қорқытпақшы.
(Іңкәрға жүреді)
Сендерге не болғаны, бұл
кімнің ісі, бұған қалай
жеткендеріңді білмейді
деймісіңдер. Иә қыздар.
Бұның артында Қалданның
азғындығы тұрғаны маған
беймәлім.
Алауды Іңкәрдің бетіне тақайды.
ҚҰНДЫЗ
Сонда ол асықтармен не
істемек?
63
ӘЖІБАЙ
Ол айтпадыма? Онысы болмаған
екен.
Алауды нөкеріне беріп асықты қалтасынан алып шығады.
ӘЖІБАЙ
Бұл асық оның тығырықтан
шығар жолы...
ӘМІР(к тыс)
Әке!..
Ішке егіздің сыңары ӘМІР(15) жүгіріп кіреді.
ӘМІР
Әке! Мында тағы бір топ
аттылар...
Қыздарды көріп үнсіз қалады.
ӘЖІБАЙ
Ау тағы не? Айтсаңшы!
ӘМІР
Аттылар келе жатыр мында.
Мынау кімдер?
ӘЖІБАЙ
(Аяуды көрсетіп)
Ішінде мынау құсаған
қызалақтар жоқ-па?
ӘМІР
Байқамадым.
ӘЖІБАЙ
(Бекзатқа)
Құдайы қонақпыз деседе
тұтқынға алың!
НАТ. САРҚЫРАМА – КЕШ
Ессіз Дәуіт талда байлаулы. Маңдайында пышақ кірген орны бар. Денесіне пышақтар мен жебелер қадаулы. Оған қарсы тұрған Бадырақ, Исатайға садағын алады.
БАДЫРАҚ
Нашар! Өте нашар!
Бадырақ атады. Дәуіт ыңырсып оянғанда, екеуі шошып кетеді.
БАДЫРАҚ
Мынауың әлі тіріма?
64
Кеудесіне қараған Дәуіт, ренішін білдіреді.
ДӘУІТ
Мыналарың не жігіттер, орны
қалып қояды ғой...
Жігер жақындап денесінен пышақ суырып алып маңдайындағы пышақтың орнын шұқылап қызықтайды.
ЖІГЕР
Басы әлсіз дегенің қайда?
Пышақты көрген Дәуіт, одан бетер ренжіп сөйлейді.
ДӘУІТ
Жоқ бұларың қорлық жігіттер.
Сендерге айттым ғой рәсім
өтпей бұларың бекер деп.
ҚҰДІРЕТ
Оны түсіндік.
(жақын келіп)
Асықтарды жинап алды ал.
Қыздардың бұрымы неме керек?
ДӘУІТ
Білмедім, есімде жоқ.
ЖІГЕР
Басын шауып алсақ, тірі
қалар-ма екен?
ДӘУІТ
А иә есіме түсті. Семсердің
жүзіне түскендер, рәсім
өткен соң тірі қалу үшін бес
қыздың шашы қолымызда
байлаулы болу керек.
Жігер жіңішкелетіп өрген төрт бөлек шашты алып шығады.
ЖІГЕР
Міндетті түрде осылай өрулі
болу керек пе?
ДӘУІТ
Бауырым өтінем, жоғалтып
алмашы! Өзі жалғыз қалды...
Жолдас Исатайға келіп пышақтың ұшын тығып алады.
ИСАТАЙ
Ай!
65
ЖОЛДАС
Сен қалай аман қалдың?
Исатай үстіне қарап ойға кетеді.
ҚҰДІРЕТ
Ажалы жоқ адам бес асыққа
жүгінудің қажеті не?
ДӘУІТ
Өзің ойлашы, күніге бір
адамның жанымен жүре берсең.
Артыңнан қуған аруақтардан
қашанғы қашып жүрмексің.
ЖОЛДАС
Рәсім өткен соң қыздарға не
болмақ?
ДӘУІТ
Бес асыққа түскен таңбалар
біріксе, олар өлік деп
естідім...
Исатай атып маңдайына тигізеді.
НАТ. АТ ҚОРА – ТҮН
Әріде бөшкі тиелген арба тұр. Ат қораның айналасына нөкерлер жанар май құйюда. Әжібай Бекзатқа жақындайды.
ӘЖІБАЙ
Тыншыларың келдіме Бекзат?
БЕКЗАТ
Жоқ мырза!
Бекзат Әжібайға Құдіретті көрсетеді.
ҚҰДІРЕТ
Мынау не жиылыс мырзалар?
Қолына қамшы алған Әжібай оған жақындап. қамшы жұмсайды.
ҚҰДІРЕТ
Армысын байеке...
(қамшыдан қашып)
Ий! Жындыма мына кісі?
ӘЖІБАЙ
Біреудің қызын біреуге апарып
берген жынды сен...
66
ҚҰДІРЕТ
Әлі ұмытпағансыңба?
Әжібай қамшы көтеріп қуады. Құдірет арбаны айналып қашады.
ӘЖІБАЙ
Қалай ұмытасын есек, ол
атастылған қыз болатын!
ҚҰДІРЕТ
Мен қайдан білгем оны.
ӘЖІБАЙ
Үр итше! Қасында жүріп..,
(арбаны айнала)
қалай білмей қаласын сен.
Тұр бір орында!
ҚҰДІРЕТ
Қолындағынды тастап неге
келгенімді сұрасаңшы...
ӘЖІБАЙ
Неге келгеніңе түкіргенім
бар.
Ат қораның тұсында байлаулы Үлпілдекке барған Құдірет, оның бет жүзіне қарап өтеді. Әжібай қолына түскенді жібереді.
ӘЖІБАЙ
Тығылмай шық бермен!
ҚҰДІРЕТ
Жезде! Мен Қалдан осында
келетінін естіп келгем.
Тасташы қолындағынды!
ӘЖІБАЙ
(Деске)
Не естіп келгем дейді?
ҚҰДІРЕТ
Қалдан келетін көрінеді.
Соған мына жігіттерді жинап,
қол көмекке келгем дим.
ҚАЛДАН
Тек соған болама?
ҚҰДІРЕТ
Өткенді қоя-тұрып Қалданды
тоқтатуды ойластырайықшы...
67
ӘЖІБАЙ
Оны тоқтататын міне, мынау.
(асықты көрсетіп)
Асықтарды қолына ұстата
қойсам болады.
НАТ. ҚЫРДЫҢ ҮСТІ - ТҮН
Тасалап жатқан Құдірет жақын келген аттыларды бақылауда. Қасында Исатай мен Жолдас бар.
ҚҰДІРЕТ
Осыдан болың!
Ол жүріп кеткенде, екеуінің қасына Әжібай келеді.
ӘЖІБАЙ
Анау қайда кетті?
Ойға кеткен екеуі Әжібайға қарайды.
НАТ. ӨЗЕК БОЙЫ - ТҮН
Жағалап үш қарақшы келеді. Кенет биіктен Жігер мен Бекзат секіріп, Қуат пен Ырықты аттан жығады. Нөкрелер қоршайды. Бадырақ садақ ұстап келеді.
БАДЫРАҚ
Сенбе Қуат?
ИНТ. ЖЕР АСТЫ АБАҚТЫ – ТҮН
Тұрсын мен жауыздар қолдарын жіптен босатуда. Жоғарыдан қақтығысқан дыбысты естіп жоғары қарайды. Тордың ашылған есігінен Сақалды көрініп арқан жібереді.
САҚАЛДЫ
Шығың бол!
ИНТ. АТ ҚОРА – ТҮН
Болатбек Аяуға жүгіреді. Артынан екі нөкер қуады.
НӨКЕР
Онда кіруге болмайды...
Болатбек Аяудың қолын босатып артына тығылады. Жүгіріп келген нөкердің қылышын суырып алған Аяу, оған сөйлейді.
АЯУ
Жақсы келдің!
Оны өлтіріп, аяғын босатқанда үш қыз жерге құлайды. Болатбек екінші нөкерге күштік көрсетеді.
68
БОЛАТБЕК
Ау мықты, өзің қалдың. Енді
не істей аласын ал?!
Ол кейін сыртқа жүгіреді. Аяу Болатбектің басынан ұрады.
АЯУ
Әскер жинап келсе қайтесін?
ШОҚАН
Әскер жинап келгені жақсы
еді...
Бәрі есікке бұрылып, алау ұстаған нөкерді көреді.
НӨКЕР
Мықты болсан шығып көр ал!
Нөкердің арқасына жебе қадалып құлайды. Алау майға түсіп, қораны бірден өрт жамылады.
НАТ. АТ ҚОРА - ТҮН
Қолына садақ ұстаған Исатай өрт жамылған ат қораға қарап абдырап қалады. Екеуіне нөкрелер жүгіреді. Исатай арбаны айналып дертені қолтықтап қораға итереді. Жолдас нөкрелерге қарсы шығады.
НАТ. САЙ – ТҮН
Жігер Еріктің атына келіп ер-тоқымға үңіліп қарайды.
ЖІГЕР
Жұрттың ер-тоқымына дейін
иесін тауып алады. Біздікі
құдай біледі кімнің құйрығын
жылтып жүргенін.
БАДЫРАҚ
Жүгірген жетпейді, бұйырған
кетпейді деген бар Жігер.
ҚҰДІРЕТ
(Қуатқа)
Біз негізі қонақ күтуде едік.
ҚУАТ
Қонағың бізді жіберген.
ЕРІК
Анау не жарық Құдірет?
ҚҰДІРЕТ
Қарғыс атқыр, Исатай!
69
Құдірет ауылға жүгіреді.
НАТ. АТ ҚОРА – ТҮН
Үлпілдектің аты қозғалыста. Ол қолын босатқан бойда, Тұрсын оны жағадан алады.
ТҰРСЫН
Әжібай қайда?
ҮЛПІЛДЕК
Айтпаймын!
ТҰРСЫН
Құттай қалған өміріңді босқа
өткізбей қызығын көріп қал!
Қылыш суырып алған Тұрсынға, найзамен нөкерлер жүгіреді.
Тұрсын екеуімен алысады. Үлпілдек кеудесін көтерген бойда, найзаның сабы атқа тиіп үркіп шабады. Үлпілдек жерге құлап аяғы үзенкіде қалып сүйретіліп кетеді.
Исатай мен Жолдасты нөкерлер қоршайды. Атқораның ішінен от жалынды бөліп, үш қыз шығып нөкерлерді жыға бастайды. Екеуі арбаны итере атқораның ішіне жартылай кіргізіп, Исатай арбаға мінеді.
ИСАТАЙ
Үркер мында!
Іштен Үркер мен Болатбек шығады. Артынан Шоқан ереді.
Қабаттасып шыққан жылқышы мен Сайран, арбаның үстіндегі бөшкіні қағып жібереді. Бөшкілер отқа түседі.
Сырттағылар жүгіріп келенде, жарылыс пайда болып Жігердің көз алдынан өткен арбаның бөлшегі, артындағы Бадырақтың басына тиеді.
ЖІГЕР
Бұйырған деп осыны айтады.
Артынан Әжібай жүгіріп, Құдіреттің қасындағы нөкерлерге айқайлайды.
ӘЖІБАЙ
Бекзат асық Құдіретте ұста
оны!
Бекзат Құдіретке барады. Құдіреттің белінен қанжарды алып, екеуінде ұрып жыққан Қуат, Құдіретке сөйлейді.
ҚУАТ
Ойыңда не барын білмедім.
(әрі қарай)
70
ҚУАТ(ЖАЛ)
Бірақ менім ойым басқа.
Ауылға беттеп семсерді Жігерге лақтыра береді.
ҚУАТ
Мені мақсатқа жеткізетін сол
асықтар. Мүмкіндікті жіберме!
ЖІГЕР
Жақсы! Не істеу керек сонда?
Болатбек Қылқараны жетектеп былай шығады. Оны итеріп жіберген Исатай шылбырды алады. Оған Аяу жүреді.
АЯУ
Ей неге итересін оны?
Атқа сүйретіле келген Үлпілдек, Аяуды шалып құлатады. Исатай атқа қарғып мініп соңынан түседі.
Нөкерлермен алысқан Жігерден Құдірет семсерді тартып алады.
ҚҰДІРЕТ
Бұл қылышты адам баласына...
Оны сүйретіле келген Үлпілдек аяғынан ұстап бірге ала кетеді. Семсер түсіп қалады.
ЖІГЕР
Сөздеріңді ақтап кетсеңдерші
жұмбақтамай!
Сүретіліп келген Құдірет қазықты ұстап қалғанда, Үлпілдектің аяғындағы жіп сыпырылып етігін алып кетеді. Құдірет жер сипалап семсерді іздейді.
ҚҰДІРЕТ
Міндетті түрде маған жабысу
керек-пе еді!
Үлпілдек етігі жоқ аяғын ұстайды.
ҮЛПІЛДЕК
Енді кімге жабысуым керек
бейтаныс ауылда!
Құдірет жүреді.
ҮЛПІЛДЕК
Қайда кеттің?
Үлпілдек соңынан түседі.
71
ҚҰДІРЕТ
Қалданнын әлсіз жерін, Қуат
өзімен алып келіпті.
ҮЛПІЛДЕК
Содан?
ҚҰДІРЕТ
Егер семсерді тығып тастасақ,
ажалы бүгін боламаса ертен
келеді.
Ат-арбаға мінген Болатбек, қоршаудан шыға алмай, шапқылап жүр. Арбаның үстінде Аяу мен Құндыз, жармасқан нөкерлерді құлатуда.
Семсерді Тұрсыннан тартып алған Құдірет, ышқырына қыстырып кездейсоқ жауыздан қылыш алып, Шоқан мен Үркерке ызамен
барады.
Сақалды Үлпілдекті лақтырғанда, ол арбаға құлап Аяуды итеріп жібереді. Аяу жерге құлап тұрып Тұрсынды көреді.
Шоқан мен алысқан Құдірет, семсерді түсіріп алады. Оны Жігер алып Құдіретке лақтырады. Ол жақын келген Үркердің кеудесіне байқамай тығып алады.
Қасынан өткен Үлпілдек, Құдіреттің қолынан құлаған ағасын көріп таңырқап қалады.
НАТ. ТОҒАЙ - ТҮН
Жолдас жетіп қалған Тұрсынға, атын шорт бұрғанда екі жылқы қақтығысып құлайды. Құлап тұрған Тұрсын Жолдасқа қылыш түйреді. Ол кейін шегініп қылышқа қарайды.
Кенет Тұрсынның көзін жебе тесіп шығады. Ол жебені суырып алып, артына қарап, шауып өткен Аяуды көреді. Көзі қалыпқа келе бастаған Тұрсын, Жолдасты жығып жүріп кетеді.
Жыраны жағалап шабқан Исатайдың алдынан Мәкең шығады. Қылқара үркіп кетеді. Исатай құлайды. Шауып келіп аттан түскен Аяу, Мәкеңді көреді.
АЯУ
Қайдан жүрсін?
МӘКЕҢ
Кетті әне...
Исатайдың көз алдынан жебе өтіп талға қадалғанда ол тоқайды. Аяу Мәкеңге сөйлеп, Исатайға жүреді.
72
АЯУ
Жолда Тұрсынды бастан атқам,
сенесіңбе құлаған жоқ.
(Исатайды жағадан
алып)
Асықтар менде демеші...
Исатай басын изеді.
МӘКЕҢ
Шіркін алдынан біліп шыққам
екен.
АЯУ
Шықпау керек еді ақымақ қыз.
Тұрсын Мәкеңді жығып, Аяу сілтеген садақты тартып алып, мойнына өткізе көтеріп талға іледі. Ұмтылған Мәкеңнің кеудесінен қылыш өткізіп, талға қадап қояды. Қаша жөнелген Исатайға, қадаулы жебені лақтырып құлатады.
ТҰРСЫН
Бұл қыздарды өлім алмайды.
Ал мен Қалдан емеспін
баламен ойнайтын...
ЖОЛДАС
Ей өлімтік!
(екі сақаны
көрсетіп)
Асық ойнамақ болсаң маған
кел.
Тұрсын оған жүреді. Ол екі асықты Исатайға лақтырады. Тұрсын біреуін қағып алады. Екінші асықты қағып алмақшы Исатайды, Аяу итеріп қағып алады.
АЯУ
Менім сақам екен...
Тұрсын Жолдасты көтеріп, Мәкеңге қарсы қаратып, бұтаққа шаншып қойып, Аяуға жүреді. Аяу асықты омырауына салып жіберіп қолына ағаш алады.
ТҰРСЫН
Бұл жолы жасыра алмайсын.
Аяу мен Исатай Тұрсынға жүгіреді. Шаншулы тұрған Мәкең мен Жолдас Бадырақты көреді. Бадырақ Қылқараны жетегіне алып кетеді.
Қыздар мен Болатбек мінген арба жыраға жақын келіп аударылады. Аударыла келген арба қақ бөлінген арбаның жартысы, Аяуға беттейді.
73
Тұрсын Аяуға секіріп жата қалғанда, арбаның бөлігі үстінен өтіп жырадан түмен түседі.
Жауыздың бірі есіз жатқан Үлпілдектің тынысын тындайды.
АХАТ(к тыс)
Тіріма?
ЖАУЫЗ
Тынысы бар.
ТҰРСЫН
Бері алып кел!
Оны аяғыннан ұстап сүйрейді. Үлпілдек есін жиып аяғын сілкіп тартып, өзіне құлаған жауызды тебеді. Атып тұрған Үлпілдекті, Аяу ұстап қалады.
АЯУ
Қоя тұршы ей!
Ол Исатайдың иығынан Ахаттың қылышын көреді. Қасында Сақалды Болатбекті ұстап тұр.
ТҰРСЫН
Лағынет соққан қырсық
мінездерің әсер етті маған.
Тұрсын қанжарды Үлпілдектің алдына тастайды.
ТҰРСЫН(ЖАЛ)
Алдындағы арулардың
бұрымдарын өзім қиып алғам.
Бұл жолы таңдауды қолыңа
берем. Оған көнбесең мына
сілімтік сеннен бұрын өледі.
Тұрсын қылыш алып Исатайдың иығына қояды. Ызаға булыққан Үлпілдек қанжарды қолына алады.
ҮЛПІЛДЕК
Бұл дүние сен үшін тозаққа
айналады. Өйткені соңғы демім
қалғанша назарым сенде
болады.
Ол бұрымын қиған бойда, жүзіне күнің көзі түседі.
НАТ. ЖЫРА - КҮН
Күннің көзіне бет-жүзін берген Үлпілдек теріс қарап отыр. Болатбек асық атуда. Аяу отыр. Мәкеңнің қолында таға.
74
МӘКЕҢ
Ол шашын өзі қиып берді.
Мүмкін содан шығар?
АЯУ
Бұл қыздың бет-жүзін сақтап
қалғаны бізден ерекше, дара
жан демекпісің?
Іңкәр мен төрт қарақшы келеді. Құдірет Айқабақтан түсіп.
ҚҰДІРЕТ
Оның ерекшелігі мына алманың
қасиеті.
Құдірет Аяуға алма лақтырып жырадан төмен қарап, жоғары өрмелеген Құндызды көреді. Үлпілдек Құдіретке келіп қылыш сілтейді. Ол қашады.
ҮЛПІЛДЕК
Қарғыс алсын қан ішер!
Ажалдан бекер алып қалғам
сені...
ҚҰДІРЕТ
Ау! Бұл қай сасқаның?
Үлпілдек әлсіреп құлайды. Құдірет қыздардан сұрай оған жақындайды.
ҚҰДІРЕТ
Мынаған не көрінді?
ҮЛПІЛДЕК
Жақындама маған...
(қылыш сілтей)
Сені өлтірмей қоймаймын.
(көңілі босап)
Естеймісің, істеген ісің
жауапсыз қалмайды жексұрын!
Ерік оны тал түбіне отырғызады.
ҮЛПІЛДЕК(ЖАЛ)
Тірі қалдырмаймын, айтқаным
айтқан. Ағамның кегін алмай
тыным таппаймын.
Үлпілдектің бет жүзі бірде ұсқыны кетіп, бірде қалыпқа келіп құбылып тұрады. Оны байқаған Ерік, алмаға қараған Аяуға барады. Аяу алманы Құдіретке көрсетеді.
АЯУ
Қандай қасиеті бар мынаның?
75
Ерік оның қолынан алып, Үлпілдекке қайта барып қолына ұстатады.
ЕРІК
Әлденіп ал.
Мәкең Құндызды шығарып алады. Құдірет Жігерге барып қолын созады. Жігер қалтасынан өрулі қыл шашты алып береді.
ЖІГЕР
Бұл-да тығырықтан шығу
әрекетің деп білем.
Ол Исатайға барып қыл шашты ұсынады. Оны түсінген Исатай Құдіретке суық жүзбен қарайды.
ҚҰДІРЕТ
Иә, менім дәтім барған.
(қолына ұстатып)
Қолыма бөтен қару алмағаныма
рахмет айтсын. Бар енді,
Орда қаласына келсін.
Исатайға Қылқараға мініп кетеді. Қылқараға көз алмаған Құдіретке, Іңкәр келіп сұрайды.
ІҢКӘР
Не ойлағаның бар?
ҚҰДІРЕТ
Қиылған бұрымдарың өмірдің
гүлі деген сыбыс бар.
(аттарға жіреді)
Сол гүлдің қыр сыры маған
қызық боп тұр.
Қыздар оған қарайды. Құдірет Айқабаққа бір қарап өтеді.
ҚҰДІРЕТ
(атқа мініп)
Ермек таба алмай ерігіп
жүргендер болса, қосылсын.
Төрт қыз, Болатбек пен үш қарақшы жүріп кетеді.
Ерік аттардың ер-тоқымын дұрыстауда. Алма жеген Үлпілдек қалыпқа келген қолына қарап, Ерікке жүре сөйлейді.
ҮЛПІЛДЕК
Қыздар білсе қуаныштары
шексіз болатын шығар.
ЕРІК
Олардың білмегені жөн.
76
Үлпілдек оған түсінбей қарайды.
ЕРІК
Оны жолда әңгіме қылсам
қалай?
НАТ. ОРДА ҚАЛАСЫНА ЖАҚЫН ЖЕР – КЕШ
Төрт қарақшы, Болатбек және бес қыз, шапқылап келіп, қамалы әдемі көрінген қаланы алыстан көріп тоқтайды.
ЕРІК
Тәңірдің қаһарына ұшыраған
әсем қала осы!
БАДЫРАҚ
Сыртына қарап айта алмайсын.
ҚҰДІРЕТ
Қамалдың шырайлы ырқына
көңбең. Сырты қыздар құсаған
алдамшы бұл жер.
Мәкеңнің қасына келген Жігер тақала сұрайды.
ЖІГЕР
Сонымен қарындас, құда
түсуге қашан барайын?
Соңғы келген Аяу тоқтамай алға жүреді.
АЯУ
Тамсанып тұра бересіндерме?
Бәрі қалаға бет алады.
ИНТ. ҒИМАРАТ – КЕШ
Төрт биік мұнара қоршаған екі қабатты көне ғимаратқа үш қарақшы кіреді. Төрде отқан Қалдан орнынан тұрады.
ҚАЛДАН
Бәре-келді! Сәл кешіккенде
мені уайымға салар едің.
Тастың үстінде бес асықтың шұңғыл орны бар.
ҚУАТ
Барған жер қонақ жайлы
болған жоқ.
(семсерді алып)
Аздап тер төгуге тура келді.
Қалдан өзіне жүрген Қуатты тоқтатады.
77
Жауыздың бірі Қуатқа барып семсерді алып, қолын жаяды. Қуат қолына бір қарап.
ҚУАТ
Өтінішіңді Тұрсын жеткізеді.
Жауыз Қалданға барып семсерді береді.
ҚАЛДАН
Мен оған емес саған өтінгем.
Бұған менім көңілім толмайды
Қуат.
Жауыздарымен ішке Тұрсын кіреді.
ТҰРСЫН
Көңілің түспесін Қалдан.
(Қуатқа)
Саған кеңес берейін. Олжаны
жоғары қойған адамға еш
уақытта сенім артпа.
НАТ. ҒИМАРАТ - ТҮН
Сырттан бақылаған Жолдастың шекесінен ұрған Құдірет, қасына жата қалып ғимаратқа қарайды.
ҚҰДІРЕТ
Бізді неге шақырмайсын?
Келісі жағына Бадырақ пен төрт қыз құлай кетеді.
ЖОЛДАС
Келетіндеріңді білгем.
(артына қарап)
Исатай келмедіме?
БАДЫРАҚ
Ол ағасын көмуге кеткен.
Жолдастың түрі бұзылып кетеді.
ҚҰДІРЕТ
Осы қараған жетер. Мен сұлу
қызды алып он қанаттан
барам. Қалғаның ұнатқан
жерге орналасың...
АЯУ
Сұлуың қай қыз?
ҚҰДІРЕТ
Мәкең...
78
Мақтанышпен қыздарға жымиған Мәкеңнің қасына, қолында гүлі бар Жігер құлай кетеді.
ЖІГЕР
Екеуміз сезім жолына түсіп
махаббат әлемін бірге құрсақ
қалай?!
Мәкең тұрып жүріп кеткен Құдіретке ереді.
ИНТ. ҒИМАРАТ – ТҮН
Жауыздар алау жағып, ішке жарық беруде. Сақалды жауыздарға Үлпілдектің бұрымын бөлшектеп таратуда. Биікке орналасқан бес асықтың орнын сипаған Қалдан, жауыздарға сөйлейді.
ҚАЛДАН
Ал мырзалар! Осы қиын
кезеңде маған сеніп, менімен
бірге өмірдің ащысы мен
тұщысын бөлісіп келген
сендерге дән ризамын...
Аяу мен Жігер кіре берістен өтуде. Жігер ішке кіреді. Аяу оның қолынан ұстап қалады.
АЯУ
Ерте әлі, қайт кейін!
Қолын тартып алған Жігер, Аяудың ұстаған жерін үстіне сүртіп ішке кіреді. Жауыздар Қалданның әр сөзін шулаумен құптап тұрады.
ҚАЛДАН(ЖАЛ)
Осы уақытқа дейін қаһарлы
сынақтың суығына тонып
ыстығына күйіп келдік... Бұл
күнге жету үшін қанша тер,
қанша қан төктік...
(асықтарын шығара)
Міне жігіттер әйтік-бүйтік
әйтеуір бұл күнге-де жеттік.
Шулаған жауыздар тынышталады.
ҚАЛДАН
Айта берсен шабыттандыратын
оқиға көп. Созбай бастайын.
Қалдан асықтарды тастың шұңғылына салып шығып, үңіле әріптерді сыбырлай оқи бастайды.
ҚАЛДАН
Әң.., әң, г, ім...
79
ҚАЛДАН(ЖАЛ)
Осылай болу керек-пе?!
ЖАУЫЗ
Осылай не болу керек-пе?
ЖАУЫЗ 2
Былай болу керек. Асыққа
басылған әріптер Қалданның
кеудесіне қону керек. Айтуы
бойынша!
АХАТ
Сыбырламай қаттырақ дауыстап
оқу керек шығар?
Жауыздардың арасымен Жігер төрге жақындайды.
ЖІГЕР
Келіспей тұрма?
ҚАЛДАН
Сәл шыдаң. Әң, әң.., гім!
Әңгім?! Әңгім деген не?
(бұрылып)
Оқыған кім бар? Әңгім
дегенді қалай түсінемін?
Жауыздар ойға кетеді.
ЖАУЫЗ
Әңгім, әңгім, әңгіме!
ЖАУЫЗ 2
Ақымақ, ол алты әріп, ал
бізде бес асық.
ЖІГЕР
Сонда тағы бір асық жетпей
тұрма!
Жауыз2 басын қасып ойға кетеді.
ЖІГЕР
Орындарын ауыстырса қайтеді?!
ҚАЛДАН
Мынау ақыл.
Ол асықтарды ауыстырады. Тұрсын Жігерді танып сұрайды.
ТҰРСЫН
Сен қайдан жүрсін?
80
ЖІГЕР
Мен негізі арам ойларыңа
кедергі боламба дегем.
Онымен істерің оңға баспай
тұрған сияқты.
ТҰРСЫН
Қыздар осында.
ҚҰДІРЕТ
Иә, бесеуіде осында.
Бәрі бастарын оңға бұрып, Құдірет пен Мәкеңді көреді.
ҚҰДІРЕТ
Бұл бір. Екіншісі әне тұр.
Бәрі кіре беріске бастарын бұрып, садағын мінзеп тұрған Аяуды көреді.
ҚАЛДАН
Маған жібермең оларды!
Ұмтыла берген жауыздарды Құдірет тоқтатады.
ҚҰДІРЕТ
Бір сәт жігіттер! Құттай
кідіре тұрың. Ат терлетіп
келген себебім бір сұрағым
бар. Соның жауабы көңілден
шықса мен кедергі болмай..,
анау бұрышқа барып тамашалап
тұрам.
АХАТ
Ол қандай сұрақ?
ҚҰДІРЕТ
(Қалданға жүріп)
Сұрақ мынадай. Неге ажалы
жоқ Қалдан... Жақсы естіледі
екен! Семсердің күш-қуатынан
бас тартпақ? Егер онсыз ол
қарапайым адам қалпына
түсетін болса.
Бадырақ екінші қабатқа шығып, байлаулы үш қарақшыға барады.
ҚАЛДАН
Екеуміз бұрын көріспедікпе?
ҚҰДІРЕТ
Жоқ іздеп сеннен сұраған
шығармын.
81
ҚАЛДАН
Есімде жоқ.
(жауыздарға)
Ат терлетіп келген екен,
жауабын берейік ендеше. Өлер
алдында көңілі толып кетсін.
Жігер күледі. Оған қосылып бәрі күледі. Қалдан оған бұрылып сөйлейді. Асықтарға үңіле қараған Құдірет басын көтереді.
ҚАЛДАН
Бұл рәсім жай ғана маңдайға
жазған қасіреттен құтылу
емес. Бұның мәні менім
бойыма...
(ойға кетіп)
Менім бойыма?!
ЕРІК
Мәңгі ғұмыр кешу үшін
күш береді!
Ерік өзіне бұрылған жауыздардан қорқып кетеді.
ҚАЛДАН
(Ерікке)
Солай деугеде болады. Иә
мәңгі! Сап басым-ай.
Асықтарды ауыстырмақ болған Қалдан бір асықтың жоғын байқап, кейін шегіне жүрген Құдіретке қарайды.
ҚҰДІРЕТ
Жауабы көңілден шықпай қалды.
Бадырақ керіліп тұрған арқанды балтамен шабады. Алты шеттен алты үлкен мүсін түсіп алты бағананы соғады. Аяқ асты дірілдеп төбеден сынған жар тастар түсіп, жауыздардың он шақтысы астында қалады. Бәрі аяқ астына қарап қалады.
ҚАЛДАН
Анау асықты алып кетті!
Жүгірген жауыздарға Үлпілдек пен Құндыз қарсы шықса, Ерік қашады. Іңкәр мен Жолдас кіріп шабуылдайды. Үш қарақшы екінші қабаттан секіреді.
Екінші қабатта Ахатпен алыса қашқан Құдірет, сүрініп құлайды. Қолындағы асық ұшып кетеді. Бадыраққа қылыш алып бақыра жүгірген жауыздың аузына асық түсіп, көмекейіне тұрып қалады. Бадырақ оны қос аяқпен тебеді.
82
Қалдан асықтарды қайта-қайта ауыстыруда. Оны Үлпілдек итеріп асыққа қол соза бергенде, Қалдан оны түйіп жығады.
ҚАЛДАН
Атар таңды көру үшін, айдың
жүзін қанға бояу маған оңай
емес. Қалған өмірімді тыныш
өткізуге сен кедергі бола
алмайсын. Сондықтан өтінем
кедергі болма...
Төмен құлаған жауыздың аяғы арқанға ілініп, ауызнан асық шығып Қалданның шекесіне тиіп жерге түседі. Асықты орнына қойған ол, семсермен алақанын кесіп асықтарға қан төгеді. Оның қолын қағып жіберген Қуат алдына тұрып алады.
ҚУАТ
Дегеніңе жетем десең тағаны
қайда екенін айтасын.
Ұмтылған Үлпілдекті Қуат итеріп жібергенде, ол семсерді тартып алып үлгергенде, Қалдан одан қорқып Қуатқа сөйлейді.
ҚАЛДАН
Бәрі болған соң білетін
адамға сені өзім апарып
көздестірем. Ол үшін мен
тірі болуым керек.
Ішке жүгіріп кірген Болатбек жар жағалап кетеді. Арттан жылқышылар жүгіріп кіреді. Тастың астында қалып, қолы көрінген жауыздың қолынан қыл шашты шешіп алған Ерік, сыртқа шығып кетпекші болады.
Сақалды мен Бадырақ екінші қабаттан төмен құлап, бұрышта тұрған Болатбектің алдына түседі.
Кенет еден сілкіне, төрдегі биік тас жермен жексен болады. Бәрі тұрып қалып аяқ астына қарайды. Қалдан бойынан тылсым күш сезгендей, омырауын ашып кеудесіне қарайды.
Діріл қаққан асықтардың әріптері біртіндеп жойылып оның кеудесіне жазыла бастайды.
ҚАЛДАН
(жауыздарға қарап)
Не қарап қалдыңдар?
Шаруаларыңа кірісің!
Болатбек қалтасынан асық алып, төрге жүреді.
Екі қызбен алысқан Тұрсынды, Ырық бағанаға ұрып Мәкеңнің қылышын алып сермейді. Ол тамағына жақын келген қылышты ұстап қалады. Қасына Аяу келеді.
83
АЯУ
Қырсық қыздың қыдығына тимеу
керек.
Ырықтың қолындағы қызыра қызған қылышты Аяу тебеді.
Қылыш Тұрсынның тамағына күйдіре кіреді. Тұрсын өледі.
Ахаттың соққысынан құлаған Құдірет, сырттан Қылқараны байқап қалады. Ахатты Жігер тартып құлатады. Құдірет Жігерге Қылқараны көрсетеді.
ҚҰДІРЕТ
Қылқараны алып Айқабаққа
бар!
Қолына арқан алған Құдірет, Ахаттан қашады.
Асықтарға жақындаған Болатбек асықпен атады. Оның асығы әріптері жойылып үлгермеген екі асыққа кезегімен тиеді.
БОЛАТБЕК
Тиді тиді! Көрдіңдерме...
Үркер семсерді Үлпілдектен тартып алады.
ҮРКЕР
Кет бұл жерден!
Үркер Қалданға ұмтылтылады. Қалдан оны жығып, асықтарды орнына қоймақшы. Қуат Үркердің қолындағы семсерді теуіп жібереді. Семсерді қағып алған Үлпілдек, Қалданға сермейді. Ол семсердің жүзін қысып ұстап қалады.
ҚАЛДАН
Нәзік жандының қолынан
өлсем атым өшсін.
Төбеден Құдірет құлап Үлпілдектің шынтағын қағып жібереді. Үш әріп жазылған Қалданның кеудесіне семсер кіріп ол жерге құлайды. Үлпілдек семсерге қарап абдырап қалады.
Бадыраққа жете алмай Рахым және екі-үш жауыз құлайды. Тірі қалған жауыздар қаруларын тастап беріледі.
Үркер айналасына қарап Үлпілдекті таппай қаладын.
НАТ. ЖЫЛҚЫ БАЙЛАНҒАН ЖЕР – ТАҢ
Екі атты жетегіне алған Жігерге Құдірет жүгіріп келеді. Айқабақтың шылбырын алып. Жігерге асықтың бірін лақтырады.
ЖІГЕР
Шөлдедім-бе, ауылдың шұбатын
ішкім келіп кетті.
84
ҚҰДІРЕТ
(атқа мініп)
Ауылды қой, қазір маған қуып
жетуді ойла.
Жоғарыдан секірген Үлпілдек Құдіретті жыға Айқабаққа мінеді.
ҮЛПІЛДЕК
Қайда жиналдыңдар жігіттер?
ҚҰДІРЕТ
(күн шығысқа қарап)
Жігер, шұбат қай ауылдан?
ЖІГЕР
Өзім туып өскен ауылдан...
ҮЛПІЛДЕК
(шығысқа қарап)
Жоқ тоқта...
Күннің көзі көрінгенде Жігер мен Үлпілдек құйын болып кетеді. Атқа мінген Құдірет артына бұрылып, алыстан садақпен көздеген Үркерді көреді. Атпайтын білген ол, жүріп кетеді. Үркер садағын түсіреді.
СОҢЫ