Адам қарады: 392 | Жарияланды: 2019-09-13 05:06:48

Ара

Баяғы заманда бір хандықта зұлым хан өмір сүріпті. Үш жүз сұлу қызы бір жалғыз ұлы бар екен. Жалғыз ұлы болғандықтан хан оны əлпештейді . Ол ешқашан баласына тəртіпті бала бол деп айтпайды. Ханың əдемі жайқалып тұрған бағы бар. Түрлі-түрлі жеміс-жидектер, əдемі гүлдер өседі. Сарайдың жаныда сарқырап фантан атқылап тұрады. Құстар келіп жеміс- жидектен жеп, фантанан су ішіп, əн салады. Сотқар ханың ұлына құстардың əн салғаны ұнмайтын. Сарай сақшыларына сарай манына құс ұшып келмейтіндей күзетсін деп бұйрық береді. Хан сарайдың сақшылары күн-түн демей баққа құстар ұшып келмесін деп күзетеді. Бір күні ханың ұлы бақтың ішіне демалып жатайын деп келеді. Қызметші нөкерлері төсек салып береді. Енді тəті ұйықыға кеткенде аралардың ызындаған даусы естіледі. Əдемі гүлдердің үстінде ызындап аралар жүреді. Араның ызындаған дауыснан ханың ұлы ойанып кетеді.

– Бұл не басыздық. Енді жетпегені менің бақшамда араның ызыны – деп айқайлайды. Сақышы сарбаздарына араларды құртсын деп бұйрық береді. Сарбаздар араларды ұстап алмақшы болады. Бірақ аралар ұстатпай сарбаздардың өздерін шағып алады. Ханың ұлы көріпкелдерден, бақсы-балгерлерден, қарақшылар, ұрылардан басқа мемлекет хандардан араны құртатын дəрі - дəрмек сұрастырып іздейді. Бақсы балгерлер, көріпкелдер, қарақшылар басқа мемлекттің хандары, адамдары араларды өлтіруге болмайды дейді. Өлтірсек өзімізде өлеміз. Аралар жеміс-жидек , бау бақшада өсетін гүлдеген гүлдерді тозандырады. Сонын арқасында гүлдер гүдеп, жеміс-жидек өседі деген сөзге қарамайды ханың ерке ұлы. Өзің өр көкректігі мен табиғатқа деген аяушылығы жоқ мейрімсіздігінен халқына үндеу жариялайды. – Кім де кім менің бақшамдағы араларды құртса өмір бақи жететіндей қап-қап алтын беремін – дейді жарлық айтып халыққа. Ешқандай адам келіспейді. Тек бір қанғып жүрген кішентай бойлы қыли көзді шыбын шіркей, құрт құмырсқа, бақа шаян ауызына түскенді бəрін жей беретін бірақ өзі ешқашан семірмейтін сиқыршы келіседі. Сиқыршы өзінің қолдан жасаған сапасыз дүниелерін сатып күн көреді. Оған ханың ұлының жарлығы ұнады. Сиқыршы араларды жеккөреді. Аралар сияқты бір орында отырмай жұмыс істей береді шаршамайды. Бұрын өзі де ара болған . Аралар патшалығында өмір сүрген. Ата-ана бауырлар, достарынын тілің алмаған соң оны аралар патшалығының сиқыршы қариясы адамға айналдырып жіберген. Ханың сарайын бағында сиқыршы ара қария да тұрады. Соны сиқыршы адам біледі. Сондықтан оған алтын деген қызықсыз еді. Алтын керек болса өзі жасап та алады. Ханың ұлынын алдына келеді. Ханзада араларды көзін құртатын адам келмейді деп ойлаған. Ханын ұлы сиқыршы сұрықсыз адамды ешқашан елінен көрмегентін. Таңданысын жасырмайды . Қасына нөкерлер мен ханзада сиқыршыны хан сарай баққа əкеледі. Бақтың ішінде аралар ызындап қаптап жүреді. Сиқыршы көп араларды көреді. Аралардың тілінде сөйлей бастайды. Ханзада сиқыршының араларша ызындап сөйлегенге таңғалады. Аралардың бəрі сиқыршының сөзінен жан-жаққа қаша бастайды. Бір ара ғана қашпай тұрып қалады. Сол уақытта аспан қара бұлтанып найзағай ойнап күн күркіреп кетеді. Ханзада нөкер сақшылары мен қорқа бастайды. Сиқыршы аса таяғын қария араға сермейді. Қария арада аса тағяғы бар екен. Екеуі бір – бірне аса таяқтарын сермеп тұрады. Жалындағандай от екеуінен бірден тұтанады. Жарқ-жұрқ еткен дауыстан ханзада үйрейі ұшады. Қорыққанан екі көзін жұмып құлағын жауып алады. Қанша уақыт өткені белгісіз. Ханзада көзін ашып қарайды. Қараса жан – жағына ешқандай ызындаған дыбыс жоқ. Қасындағы , нөкер сақшылары сиқыршы адам да ара да көрінбейді. Тек өзінің даусынан өзі шошып кетеді. Ханзада адамға емес араға айналып кетіпті. Мұндай сұмдықты үш ұйықтаса түсіне кірмейтін шығар. Не істерін білмей қалады. Сарай маныдағы фантандағы көлішіке келіп өзінің түрін көрмекші болады. Ұшып фантанға келді. Судың мөлдірлігінен ханзаданын ара бейнесі анық көрінді. Өз ара бейнесін көріп өзің араларға жасаған қиянатына өкінді. Енді не істеймін адам бейнесіне қалай келемін деген ой келді. Ызындап хан сарайына кірді. Хан уəзірлерімен кеңес құрып отырған. Ханзада ызындап төрде отырған ханын құлағына бірдене айтпақшы болды. Хан аранын тілін қайдан білсін. Уəзірлеріне ұшып жүрген ара ұлын қуып жіберсін деп бұйрық береді. Жан-жақтан қаумалап уəзірлер ханзада араны хан сарайдан қуып жібереді. Хан сарайдан қуылған ханзада ара қайда барарын білмей дал болды. Бұрын хан сарайында бағбаншы болып жұмыс істеген қыз есіне түсті. Ханзада ол қызды ұнатпайтын. Қыз бақта жүргенде гүлдермен шыбын-шіркей, ара, құстармен өзінен -өзі сөйлесіп жүретін. Бір жағынан ханзаданын ойынша бақта сұлу қыз жұмыс істеу керек деп ойлайтын. Ол қыз сұлу болмаса да сүйкімді қылықты еді. Қайда тұратынын білмейтін. Адам қалпына келтіретін сол ғана деп бағбаншы қызды іздеуге тырысады. Ханзада хан сарайдың маныдағы елді мекендерді іздестіреді бірақ тапайды. Қарны ашып тамақ жегісі келеді. Бір гүлге келіп тозанын жей бастайды. Өте дəмсіз екен. Аш болғандықтан қомағайланып жейді. Қасына бірнеше ара балалар жетіп келеді.

– Бұрын сені бұл жерден көрген жоқпыз – деп бір топ ара балалар ызылдап шулайды.

– Иə, мен бұл жердің арасы емеспін. Мен адаммын ел басқаратын ханзадамын – дейді ханзада. Аралар бірнен соң бірі жапырлап күле бастайды. Ішіндегі ересектеу ара сұрай бастайды:

– Онда сенің жүретін аяғын , қолын қайда? Судың бетіне барып түрінді қарадың ба? Осыншама мақтанудың керегі не, ешқандай ханзада емесін. Біз сияқты арасын – деп мазақтап күледі. Ханзада мұндай мазақ қылған қорлыққа шыдай алмай бет ауған жаққа ұша жөнелді. Қаты шаршайды қанаттары талады. Əлсіреп кетеді. Бұтанын арасына келіп жылынбақшы болады. Осы кезде бұтаға өрмек салып жатқан кəрі өрмекшінің торына түсіп қалады. Қап -қара өрмекші екен көздері сондай сұсты. Ханзада өрмекшіден дір-діретіп қорқа бастайды. Өрмекші өте ақылды екен ханзада араны тіміскілеп иіскей бастайды:

– Ым, қорқып тұрсынба? Мен сені сезіп тұрмын ара емес адам екеніңді. Сен біреуге қиянат жасадың ба? Осыншама араға айналатындай. Кімге жаманшылық жасадың. – дегенде ханзада жылап жіберді.

– Мен бір ханын жалғыз ұлы едім. Бағымдағы ұшып жүрген құстарды, араларды қызғанатынмын. Құстардың үнін, аранын ызын ұнатпайтынмын. Жаман бала болдым. Елдің бəрі айтқан араларға тиіспе деп. Мен халықтың тілін алған жоқпын. Сиқыршы сығырайған көзді менің бақтағы араларды құртамын дегентін. Сиқылы таяғымен бір кəрі арамен шайқасты. Сосын екеуі де жоқ болып кетті. Ал мен араға айналдым. Енді сіздің жемтік асыныз боламын – деп күрсінді.

– Сол сиқыршымен шайқасқан кəрі ара менмін. Аса таяқтын сиқырлығымен кəрі арадан, кəрі өрмекшіге айналдым. Сығрайған көзді сиқыршы ол енді жоқ. Біреуге ор қазба өзін түсесін дегендей өз аса таяғынан қаза тапты. Сен болсан өзінің қомағай тойымсыздығы мен өзімшілдігінен араға айналдын. Сондықтан сені бір жолға кешіремін. Енді көзіме түссен жеп қоямын. Сені адам қалпына келтіретін бағында жұмыс істеген бағбаншы қыз ғана көмектесе алады. Мен саған көмектесе алмаймын. Сиқырлы аса таяғым сынып қалған. Кəзір ақ көгершін досым келеді. Бағбаншы қыздың қайда екенің сол біледі – деді . Бір шамалы уақыт өткенде ақ көгершін келді. Ханзада аранын қанаттары ұшуға келмегендіктен ақ көгершінің үстіне отырды. Бір аптадай аспанда қалықтап ұшты. Осыншама алыс жерде бағбаншы қыз тұрама деп ойлады. Ақ көгершін бір жерге келіп тоқтады. Қыста қыстайтын қыстау үйлер қаптап тұр. Əрбір үйдің жанында бау-бақша өсіп тұр. Сарқырап бұлақ ағып жатыр . Сонын қасында шамалы бау бақшасы бар қария қызымен тұрады екен. Үйдің маныда бағбаншы қыз гүл суарып гүлдермен сөйлесіп жүр. Ханзада ара бағбаншы қыздың қасына бара алмай қойды. Өйткені өзінің бағбаншы қызды жұмыстан шығарып жібергені есіне түсті. « Өткен іс өті кеті мүмкін мені кешіріп қалар» – деп ызылдап қасына барды.

– Салеметсінбе, бағбаншы қыз. Кешірші мені жұмыстан шығарып жібергеніме! – деді . Бағбаншы қыз жəндіктердің тілін білетін. Алдында ызындап сөйлеп тұрған ханзада екенің білгенде таңғалды.

– Кешірдім. Өз қателігінді түсінсен болды. Ешқашан астамшы болма. Бəрі өзімдікі дегенін дұрыс емес. Сен енді бір жыл осы ара қалпында қаласын. Сенің емшілік қасиетін бар. Жаралы жануар, құстар, шыбын шіркей емдесен ғана қайтадан адам қалпына келесін. Əйтпесе осы қалпында қаласын. Өздері сені іздеп келеді. Сол уақытта емдейсін. Ешқайда кетіп қалма. Емделушілерді сабырмен күт.

– Қалай емші болу керек ? Үйретсен емдеймін – дейді . Ханзада ара бағбаншынын үйінде тұра бастайды. Əртүрлі гүлдердің тозанын жеп күн көреді. Екі -үш апта өтеді. Ханзада ойлайды: « Осы бағбаншы қызға босқа келдім -ау» – деп. Сабыр сақтамай кеткісі келеді. Екі ойлы ойға келеді.

– « Ақыры келдім ғой сонына дейін тосайын. Əйтеуір бір емделуіші келер» – деп күтеді. Сабыр сақтап күткенін арқасында ақ қанатты тұлпар көздерін аша алмай келеді. Екі көзі шел басқандай ағарып кеткен. Ханзада ара көптен күткен емделуші келгеніне қуанды. Қалай емдеймін, қалай жазылтамын деп тұрғанда қасына бағбаншы қыз жетіп келді.

– Иə, раһман мейрімді құдай ақ қанатты тұлпардың ақ шел басқан көзі жазылып кетсін деп суф- суф де – дейді бағбаншы қыз. Ақ қанатты тұлпардың көзіне ханзада ара тақалып бағбаншы қыздың айтқан сөзін қайталайды. Тұлпардың ағарған шелдері тез ақ кетіп қалады.

– Мен үйірдегі жылқылардан əдемімін деп мақтанатынмын. Қасымдағы жылқылардың қанаты жоқ менікі сияқты. Мақтаншақ болғанан жазаланған болармын. Сондықтан көзіме ақ шел түсті. Ақ шелді алып бердін. Ешқашан енді мақтанбаймын. Достарыма раһымды мейрімді өзімнің түрімен салыстырмаймаймын. Армандаған арманына жет, адам бол – деп ақ қанаты тұлпар көзі көріп асапанға қалықтап ұшып кетеді. Тағы біраз уақыт өтеді. Ешкім келмейді. Ханзада бағбаншы қыздың қылықтарына қарап тамсанып жүреді. Бағбаншы қыз өзінің қасына өзінен кішкентай көрші үйлердің балаларын жинап алып бақшаны қалай күту керек соны үйретіп жүреді. Əр жеміс жидекті күту əртүрлі. Ханзада араға балалармен ойнаған қызықты болып көрінді. Хан сарайында жүргенде ешкімен ойнамайтын. Ол жерде ойнайтын достары жоқтын. Бұл бағбаншы қыздың үйінде жүріп уақытын қалай өткенін білмей де қалды. Үш ай өткенде шегіртке келеді. Шегіртке шиқылдаған даусы шықпай қалған. Шегірткенің даусын қалай шығарам не айтамын дейді. Бағбаншы қыз қасына келіп:

– Иə, əділ құдіретті шегірткенің шиқылдаған үнін шығаршы суф- суф де – дейді. Қыздың айтқанын ханзада ара шегіртке тілін ашып айтып қайталайды. Осы сөзді жеті күн шегірткенін тілін ашып қайталап жүреді. Жеті күнен кейін барып шегірткенін үні қайтадан бұрынғы шиқылдаған даусы орына келеді.

– Мен шегірке тіл жағыма сүйеніп қалғанмын. Əділетсіз болатынмын қасымдағы əлсіз, жуас шегіріткелерді жұмысқа салып қоятынмын. Жұмысымды істемесе айқайлап ұрып, ұрсатынмын. Енді ешкімге ұрыспаймын. Енді мен əділ боламын. Əлсіз , жуас шегірткелерге тиіспеймін. Армандаған арманына жет. Адам бол – деп шиқылдап шегіртке секіріп-секіріп өз жөніне кете барады Күн артына күн өтіп жатады. Бұрынғыдай емес ханзада ара өмірге деген басқаша қарай бастайды. Осыншама сұлу табиғаты жаратқан тəңірге таң қалады. Жеті ай өткенде қаранғы түнде қайыршыма белгісіз адам екі аяғымен кезек-кезек ақсандап келеді. Қарны да ашқанда болар. Тым арықтап кеткен. Үстіне ескі құсқы киім киіп алған. Мұдай күйге қалай түсті екен деп жаны ашып кетеді. Бірақ қалай көмектесерін білмеді. Ызылдап- ызылдап жанынан кетпейді. Қайыршы бағбаншы қыздың үйін қағады. Бағбаншы қыз есікті ашып қайыршыны кіргізеді оны мен бірге ара ханзада кіреді. Қайыршының аяғындағы жара біртүрлі екен. Не сынғанға, сүйелге ұқсамайды. Бағбаншы қыз араға ханзадаға қарап:

– Иə, ғафуыр кешірімді ием мына адамнын аяқтары жазылып кетсінші суф-суф де – дейді. Қайыршы адамнын екі аяғынын үстінде ызылдап ханзада ара жүреді. Он үш күн қайталап бағбаншы қыздың сөзің қайтайлайды. Күнде-күнде айтқан сайын біртіндеп екі аяғындағы жара жазылады.

– Мен бір елдің ханы едім. Тоймсыз болдым. Басқа мемлекеттердің мал мүліктерін тонадым. Алтын жақұттарды сарайма жинай бердім. Халқымды ойлған жоқпын. Аштанда қырылып қалғандары қалды. Ешқашан да ауырып көрген жоқ едім. Аяғыма жара шықты. Бармаған жерім қалмады. Ең мықты деген емшілерге қарандым. Екі аяғым жазылмады. Осы өмірде қандай қателік жасағанымды түсіндім. Бізді жаратқан иеден кешірім сұраймын. Халықтан алған мал мүлік пен алтындарды қайтарып беремін . Армадаған арманына жет адам бол – деп қайыршы хан еліне кетеді. Ханзадаға ара болып жүрген ұнап қалды. Үйткені бағбаншынын үйінде жүру қызықты. Көптеген жан-жануар, бақта ұшып жүрген құстар, шыбын-шіркей құрт-құмырысқа өзі сияқты аралар мен достасып алды. Дəмсіз болып көрінген гүл тозаны күнен -күнге тəті тағамына ішетін шырын суына айналды. Өзінің қайтадан ханзада бала қалпына келу керек деген сөзді ойына да алмады. Уақыт зымырап бағбаншы қыздың үйінде бір жылға уақыт тұрғанын есіне түсті. Осылай ара болып қалатын шығармын деп бағбаншы қыздың қасына отырғанда аспанан құлдилап қыран құс ұшып түсті. Он жақ қанаты сынған . Қанаты жерге тиіп келеді. Осыншама жағдайға қалай түсті екен деп аяушылық білдіріп ханзада ара сынған қанатын үстіне ызылдайды.

– Иə, шүкір жаратушы қыран құстын он жақ қанатын жазып берші суф-суф де – дейді . Осы сөзді ханзада ара қыран құстын он жақ қанатынын үстінде тұрып қайталайды. Бір күн айтпайды жиырма төрт күн осы сөзді қайталап айтады. Ханзада ара қыран құстын қанаты үстіне тұрып айтқан сайын жай – жаймен жазылып келе жатқанын өзі де аңғарады.

– Мен қыран құс ата-ана бауырларым, достарымды тындамайтынмын. Өз ойымен жүре беретінмін. Өз еркім өзімде ешкіммен ақылдаспайтынмын. Сондай өр көкрек шүкіршіл емес қыран құс болдым. Қанатым сынғанда түсіндім. Ата -ана бауырларым, достарымнын қадірін. Армандаған арамына жет, адам бол – деп қыран құстын қанаты жазылып алғыс айтады. Осы сөзді айтып аспанға ұшып кетеді. Солай айтқан сол еді ханзада бала өз қалпына келді. Ханзада өз еліне қайтуға шешім қабылдады. Бағбаншы қызды қайтадан хан сарайынын бағбаншылық жұмысқа алды. Ханзада мен бағбаншы қыз өсіп сосын үйленіп отбасы болып отау құрды. Ханзада өзінің бала кездегі қателіктерінен сабақ алып мейрімді, əділ, кешірімді , шүкіршіл ел басқаратын ханға айналды.

Қазақ тілінде жазылған