Адам қарады: 178 | Жарияланды:

ҚАЗАҚСТАН-ҒАЖАПСТАН

  

Бір ел бар білсеңіздер,

Қонақ боп келсеңіздер,

Мұндағы бейбіт өмір,

Көзбенен көрсеңіздер.

 

    Бұл елдің адамдары

     Достыққа адал бәрі,

    Сондықтан алға барар

    Сәтті боп қадамдары.

Ұлдары батыр туған,

Бойында ары тұнған,

Қыздары ақылды да

Сұлу боп жаратылған.

    Ол менің Қазақстаным,

    Бұл менің ғажапстаным!

Құс сайрап көктемінде,

Гүл жайнап бөктерінде,

Көк шалғын шөптері де

Бой созар көкте күнге.

     Жаз келсе жайнап тағы

      Егіні жайқалады,

      Түрленер табиғаты

      Әсемдік байқалады. 

Кені бар байлық тұнған

Көлі бар балық толған,

Несибе,ырыс молдан

Бұл елге бақыт қонған.

     Ол менің Қазақстаным,

    Бұл менің ғажапстаным!

Бұл жердің жанға жайлы

Желі де тоңдырмайды,

Күледі Күн мен Айы,

Гүлін де солдырмайды.

    Таулары асқақ тұрған

    Талайды тамсандырған,

    Баулары жасыл орман

    Бұлбұлға ән салдырған.

Айбарлы Алатауы,

Көп сырлы Қаратауы,

Көкше мен Алтайы да

Құзар шың дара тауы.

     Бұл менің ғажапстаным,

     Ол менің  Қазақстаным!

Даласы дәнге толы,

Қаласы сәнге толы,

Ұлықтап ұрпақтары,

Сүйеді мәңгі оны.

     Айбынды Астанасы –

     Жалынды жас қаласы,

     Алматы оның ағасы –

     Оңтүстік бас қаласы.

Көрікті қалалары

Сәулетті дара бәрі,

Әр күні жаңалығы

Әлемге таралады.

       Бұл менің Қазақстаным,

       Ол менің ғажапстаным!

Ауылы – алтын бесік,

Егіні жатқан өсіп,

Көргендер айтар кесіп:

«Жерұйық,жаннат» десіп.

      Кең  дала дақыл өнген,

      Төрт түлік малы өрген,

       Көкөніс,жемістермен

      Бау –бақша өрнектелген.

Жылғалар – жасыл жаға,

Шықсаңыз биік тауға,

Сап – салқын ,таза ауа,

Шипалы,дертке дауа.

       Бұл менің ғажапстаным,

       Ол менің Қазақстаным!

Ғажайып қорығында

Жануардың бәрі мұнда,

Сан түрлі құстары да

Көз тоймас қарағанда.

            Жайқалтып желі есті

            Гүлдерін хош иісті,

            Түрленер жердің үсті

             Кілемдей түрлі түсті.

   Бұлағы атқылайды,

   Көз тартып жыра,сайы,

   Қорығы айнымайды –

   Табиғат мұражайы.

             Бұл менің ғажапстаным,

              Ол менің Қазақстаным!

Жастары білімқұмар,

Атаның жолын қуар,

Отанын сүйіп олар

Қорғауға дайын тұрар.

            Халқы бар ақынжанды

            Ұнатар жыр – думанды,

            Қолға ап домбыраны

            Шырқайды мың бір әнді.

Әр күні мерекелі,

Өмірі берекелі,

Атайды бұл өлкені

«Ынтымақ,бірлік елі».

       Бұл менің Қазақстаным,

       Ол менің ғажапстаным!

Көк туы желбірейді,

Көгімдей мөлдірейді,

Қай кезде көрсем мейлі,

Жүрегім елжірейді.

    Еңбекпен көркемденген,

    Күн сайын өркендеген,

    Мақтанам әр күні мен

     Осындай өлкемменен!

Осындай жұмақ мекен

Әлемде бар ма екен?!

Атанған жер жаннаты –

Қазақстан оның аты.

               Бұл менің ғажапстаным,

              Ол менің Қазақстаным!

 

 

                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған