Адам қарады: 186 | Жарияланды: 2019-09-15 06:44:54

Кім зерек (топтама)

Қанша қозы

Біздің үйде ошақты,

Биыл туған қойлар бар.

Ақылды болсаң моншақты,

Қозыны тапшы ойлап ал?

 

Он саулықтың жетеуі,

Егіз туды қасқадан.

Ал тұсақтың екеуі,

Жалқы туды басқадан.

 

Қысыр қалды қарашы,

Сынық мүйіз қар қой.

Қозыны ені санашы,

Силықты сосын ала ғой?!

 

Неше алма

Қыдырып бүгін базарға,

Бір топ бала барғанбыз.

Сақтап отыр назарға,

Алмадан он бес алғанбыз.

 

Алайық қане бөлісіп,

Тобымызда бар бес бала.

Шешейік тез  келісіп,

Тиеді кімге неше алма?

 

Қанша мысық

Отыр еді ақ мысық,

Жетіп келді анасы.

Қарап қалды сақсынып,

Ағашта тұрған аласы.

Анадайда асырсап,

Тағыда жүр қарасы.

Барлығы мысық баласы.

Тарғылдың жоқ таласы,

Ол да келді қарашы.

Қас пенен көз арасы,

Мысықтар қанша санашы?!

 

Неше торғай

Ағаша болған сегіз торғай,

Қосылды оған семіз торғай.

Есепте қане балақай?

Ұшып кетті егіз торғай.

Ағашта қалған торғайды,

Ұшыруға енді болмайды.

Жетсе сенің ақылың,

Санап көрші ақырын?!

 

Неше есім аталды

Құраса өлең Қанатым,

Мұқағали ақын сияқты.

Сурет салса Жанатым,

Қастев  атам  сияқты.

Домбыра тартса Манатым,

Дина апам сияқты.

Ән шырқаса Маратым,

Мейрамбек әнші сияқты.

Өнерлі,сазгер Саматым,

Бір туар Шәмші сияқты.

Кім боласың жарығым?

Есепте енді барлығын,

Неше есім аталды?

 

Мал саны қанша

Маяда тұр көп ұсақ,

Тумаған жалғыз көк тұсақ.

Қозыдан бар жетеуі,

Лақардан жүр екеуі.

Егіз биыл жоқ еді,

Қарыны төлдің тоқ еді.

Саулықты қосып қалдырмай,

Санайық бәрін жаңылмай.

Қошқар да жоқ текеде,

Қосылмас  олар жекеде.

Шешіңдер қане тезірек,

Болады екен кім зерек?

Мал саны қанша?

Қазақ тілінде жазылған