Адам қарады: 115 | Жарияланды:

ТҰЗДЫКӨЛДІҢ ТАҢДАРЫ

  Мақпал мамырдың мамыражай күндері аяқталып, оқу ордасының жүрегінде жалындаған оты бар жастары кезекті практикалық шарасына аттануға асығып, зерттеу мен зерделеу жұмыстарына деген ынта мен жігердің ұшқыны мөлдір көздеріңде ұшып-қонып тұрды. Ұзақ күткен сапардың шамшырақтай шуақ төккен ақ таңында ақ жол тілегендей ғимарат алдында жүк салатын көлік пен автобустың гүбір – гүбір дауысы тұрған жұртты елең етті.

 

   Практикалық  шараны бастап баратын археолог Мәжиттің маңғаздана үн қатып:

-         Жиналдықпа, тарихшылар?,-дегеніне жанындағы шәкірттері дауылпаздың үніндей «иә» деп жауап қайтарды.

 Қазақтың кең даласында қанат қаққан қыран құстай, ыстық ұядан пана тапқандай, парасатталықпен үн – түнсіз көк аспан мен жыр жампоздарын дүниеге әкелген киелі Индер ауданының Теректі қыстағындағы құмды далаға көздері түсті.

    Археолог Мәжит автобустың жүргізушісі Бәкірге:

-         Тоқтат, тұрағымызды осы жерге белгілейік. Олжалы болатын шығармыз. Ғажап, ғажап... Қазақтың кең даласын-ай...

Археологияның айдынын бірге жүзген жастардың ендігі көздеген жері – тарихтың тұңғиығында сақталған жәдігерді тауып, қазақтың тарихнамасына үлес қосу еді. Бірін – бірі мүлдем танымаған киелі оқу ордасының жастары бір әулеттің тату-тәтті ұрпақтарындай ұлағаттылықтың үлгісін көрсетті.

Қолдарыңа қажетті құрал-жабдықтарды алып, құмды даланың қақ ортасында жатырған олжаны іздестіруге көшті. Екі күн өткен соң, кешқұрым уақытта елдің адамдары да хәл-ахуалды біліп, кезінде ата-бабаларынан сақталған аңыз-әңгімелерді қыстақ  тұрғыны Бектай келген кезінде қонақтарға жеткізді.

Кешкі уақытта қазақтың ата салтымен Бектай қара шаңырағында дәм ұсынып, үлкен қуанышқа бөледі. Таң атысмен алға қойған мақсатқа ұмтылған шәкірттердің шарапаты мен ұстаздың ақыл-ойының нәтижесінде айтылған жерлер түгелдей зерттелді. Кезекші болып «тұрақта» қалған  Әбенге : «таптық, таптық!»,-деген дауыстар құмды дауылдың ортасынан естілді. Әбен аң - таң күйінде бір орында отырып қалды. Жүгіріп ол да жетті.

Археолог Мәжитте қуаныштан бөркін аспанға лақтырып:

-         Апыр-ай, мынау оғыз тайпасының өкілдері ғой...

Әбен: Қай ғасырға жатады ұстаз?

Археолог: IX –X ғасырда өмір сүрген, балам, деді.

Бұқаралық ақпарат құралдарына үлкен қуанышты төбешіктің үстіне шығып, телефонындағы нөмірлерді теріп, археолог қуанышты хабарды жеткізді. Кейінірек, ақ Ниваның шаң көтеріп, кең даланың кеңістігінде өрнек салған кемпірқосақтай асықпай келе жатырғанын байқады. Газеттің бас редакторы Бегайдар Нұрмолдин екен.  Шәкірттердің тұрақтағы ақыл-кеңесінен соң, ішінен сөздік қоры бай студент Әбенге сөз сөйлеу ұсынылып, ағынан жарылып ақпаратын берді. Содан соң Бектай:

-         Бауырларым, ұлт тарихын тағыда жәдігерге толтырдыңдар-ау...

Естулерің бар шығар, біздің мекенде Тұздыкөл бар. Соған апарайын, емдік қасиеті бар жерге тұрақтарыңды ауыстырыңдар. Ойланыңдар!,-деді.

Бәрі де өз келісімін білдіріп, соған қарай қоныс аударды. Кетіп бара жатырған сәтте Теректі қыстағымен қимай-қимай қоштасты. Түнгі 10-ға қарай жетіп, тұрақтарынан жайлы орын тапты.

Таң атысымен «Алақай! Аппақ мақтадай неткен жер...!»,-деген дауыс естілді. Бәрі далаға қарай атып-шығып қараса тарихшы Айкүн екен. Айкүнге бәрі қарап, бір орында тапжылмастай тұрып қалды. Айкүн қолын Тұздыкөлге қарай бағыттаған сәтте, ғажап мекенге келгеніне  бәрі қуанды. Тұздыкөлдің шипагерлік қасиеті бар бұлақтан беті – қолын жуып, жан рахатын тапқандай күй кешті.

Төмен курста оқитын Ақкүннің сұлулығы Әбен үшін Тұздыкөлдің ханшайымын елестеткендей болды. Әбеннің жанындағы досы Абыл бәстесіп, Тұздыкөлдің жағалауына қыздар болып келген сәтінде біздер үнімізді шығармай отырамыз деп қалжыңдасудың айла түрін ойластырды. Балалық қой...

 Табыл жырының таңбасы қалған биіктіктен түсіп келе жатырғанын сезіп отырса да, көз бен кірпіктерін қақпастан тапжылмай отырды. Сұрақ қойған Айкүннің жауабына ешкім де жауап қайтармады. Өкпелеген күйі биіктіктің басындағы тұрағына кірді де, шықпай қойды.

 Түнгі мезгіл. Қалаға кетуге бір күн қалған еді. Далаға от жағылып, жастар жыры Шәмші, Әсет, Әбілахаттың әндерімен, Мұқағали, Жұмекендердің поэзиясымен ұласты. Әбен болса, Айкүннің осы бір кешке төбе көрсетпегеніне қамыққан күйі болсада, достарының көңілі үшін әндетіп қана отыра берді. Қалаға кететін мезгіл туып, заттарды жиыстырып «Паз» автобусына жайғасты. Жадыраған күйі әуелеген әнмен қалаға жол жүрді. Жол жөндеу жұмыстары Жарсуат ауылының маңайында жүргізіліп жатыр екен. Қолдарындағы сусынын алып, шөлдерін басқандай болды. Әбен автобустың артқы бөлігіне қараса, Ақкүннің мұңайған күйінде отырғанын байқады. Көңілін тапқандай болды, күлкінің кішкене болсын ұшқыны жүзінде көрінді. Тұздыкөлдің таңдары тарам-тарам жолдардың жүрегінде, сенім мен сезімнің тілегінде қалды. Жәдігерлердің молайғанына ел қуанды. Бәрі де Тұздыкөлдің таңдарына деген сағыныштарын төзімділіктің шыңына ту тіккендей ішінде сақтады...

Қазақ тілінде жазылған