Адам қарады: 164 | Жарияланды:

МЕН, ЕКІНШІ!

Адам баласы күн сайын миының көпшілік мөлшерін қиялдаудан алыстатып, кейбір керек емес дүниелерге жұмсайды. Сол арқылы ғажайыпқа деген сенімін жоғалтқанын да білмей қалады.

Егінші ауданында бес ауыл бар, бұлардың барлығы жер шаруашылығымен айналысады. Бұл елді мекен мақта терім жағынан өзге аудандармен салыстырғанда, қала бойынша бірінші орындарда жыл сайын көзге ілігеді. Әсіресе бес ауылдың ішіндегі – Екінші. Бұл терең еңбек. Оның бәрі егіншілер мен халықтың мақтанышы болған ауыл әкімі, әрі бринадирі – Ермек Қырықбаевтың еңбек, әлде рекорд сүйгіштігінде. Әңгіменің дәнегі де осы кісі.

 

Ермек табиғаты күз бен қыстан тұратын, жасы не бәрі отыз екідегі, алпыстағы ақсақалдардай көрген-білгені көп, кәрі бойдақ, жалғыздық сүйгіш ауыл қаһарманы. Жұмыс үшін, лауазым сатылары үшін үйленуге де уақыт тапайды деуге келмейді, оның басқа себебі бар. Бірақ, ойын сауықтан еңбектену үшін бас тартқаны анық.

Жұмыс уақыты тоғызда бастау алса, бұл жиырма бес минут алдын сонда болады. Өзінен кейін келгендерге ала көзбен, атып жеп алардай қарайды. Жұмыс уақытына жиырма төрт минут бар болса да. Жұмыстың соңғы секундтарын қызметтегілер санап отырса, бұл үшін мұң сағаттары басталатын. Себебі жалғыз қалуда емес, мәселе норма жағынан үздіктер көрсеткішіне ілікпей қалам ба деген қорқынышта.

Әкесінің бар, үйінде де жалғыз емес, бір ағасы, бір қарындасы және де өзінен жеті жас кіші інісі бар. Ермек жалғыз өмір сүруді салт деп біледі. Ағасының үйінде кішкентайлар, қарындасының үйі қолайсыздау, ал інісі жаңа отбасы.

Себеп ыңғайсыздықты сезінуде емес, жалғыз болу – мақсат боп келе жатқан арманы. Оны әр қырынан түсіндіріп айтуға болады. Мысалға: жұмыс деген кісі; өз уағында жатып, өз уағында туру керек; мақсаттарға қол жеткізу үшін жалғыздық керек... керектің төңірегі. Тағы... тағы... тағы да әр түрлі айта беруге болады, бірақ ең негізгісі болмаған соң айналшықтап не керек?!

Осыдан дәл жиырма–он бес жыл бұрын Ермек дәл осындай қатал, рекордшы болам деп шешкен бала емес еді. Керек болса, миына да қонбайтын мұндай өмір. Қарапайым балалар сияқты мектепке барды, кәдімгідей оң қолымен қасық ұстап тамақтанды. Ермектің бұл өмірге деген қастығы да сол жылдары ақырын, өзіне де білінбей білте шам алауындай әлсіздікпен жанып пайда бола бастады. Күндер, айлар, жылдар өткен сайын сол кішкентай нүктедей алау, алапат жалынға айнала бастады. Жатса да, тұрса да ойлайтыны сол болды. Шайтанның арбауыңа ілігіп, қайта бой жаза алмай қалды. Үйіне келген заматтан ойы пластинкаға жазылған ән сияқты, бір дауыс басында қайта-қайта айнала береді.

- Жексен – ағам, бір нәрсе болса ол үйдің үлкені, ағаңа сөз қайтарма. Сиырдың ішін кептіріп қойса да, кешіріледі. Наурыз – қарындасым, он екі де осыған ұқсас, болды ма ол жалғыз қыз, қарындасың ғой. Сабақтан кешігіп келсе де кешіріледі. Мүслім – кенже інім, оған ғой мүлде дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды, «мырзам» деп сөз бастау ғана жетпей тұр. Көшеге шығып алып, үлкенді кішіні боқтайды, сонда да кешіріледі. Ал, мен ше... екінші! Өз ойымды толық айта алмаймын, айтқан жағдайда да ешкім аяғына дейін тыңдамайды. «Қой болды! Ол үлкені, жалғыз қыз, кенжетай ғой! Сен бар малды салқын жерге арқандап кел!» - деген сөздер. Сол, сол екен бұл тезірек мектеп бітіруді, одан соң қалаға кетіп сабақ алып, жалғыз өмір сүруді қалады. Бауырларын көрерге көзі, атарға оғы болмайды деген жағдайға жетті.

            Бірде осы пластинкасын шешесіне қойып бергенде, ренжіп «әке-шешеңді, өзі әке-шеше болғанда түсінесің» - деген, содан бері үйленуге қорқады. Өз басындағы жағдай ертең балаларының басына да келе ме деп қорқады. Бірақ өзгелермен салыстырғанда ең рахат өмір осынікі, «Балаларымның тамағы, киім, бала бақша; әйеліме шуба; пәтер ақы бәріне айлықты жеткізу» - деген ойлардан бойын аулақ ұстайды. Әр күні ондарға қарай үйіңе келеді. Жарты сағатын киім ауыстырғанға, жуынуға, тамақтануға кетіреді. Он бес минут жаналық көреді. Тағы он бес минут өз-өзіңе әкімдік есеп. Бір сағат кітап оқиды. Дәл он екіде сағат әуені қосылғанда, шырақ сөндіріп, кітаптің тоқтаған бетіне бір парақ қойып белгі қойяды. Төсегін жөндеп, Жалғыз болу арманы пайда болған күннен бергі ниетін айтып ерінін жыбырлатып, қалың ұйқы арасынан өзіне тиеслі болған ұйқы арғымағын сайлап, алты сағаттық ұйқы сапарына жол алады. Таңғы машық, жуынып, тамак жасап, киініп жиырма бес минутсыз тоғызда жұмыс есігінен кіреді.

            Бұл жолы да, дәл сол картина қайталанды. Бірақ есіктен кіре бергенде, күзетші өзгеше ықласпен күтіп алды. Каридор бойлап келе жатып, өз бөлмесіне жетті. Есікке кілт салт байқаусызда, есіктегі тақтайшаға көзі түсті. Қараса мұның аты емес, өзінен бұрын осы креслода отырған кісінің аты тұр. Мұрат Қалиолла ауылға бөлінген ақшаның басым бөлігін өз қалтасыңа басып жұмыстан кеткен адам. Маңдайыннан суық тер бұрқ ете қалды, қолы дірілдей бастады. Кілтті зорға бұрап ашты. Бөлме іші дәл кешегідей деп айту қиындау, аздап қана өзегеріс бар. Өз-өзін жұбатпақ мақсатта сөмкесін орындық үстіне қоя салып, каридорға шықты. Онда жан баласының қарасы көрінбейді. Есіктегі тақтайшаға тағы да қарап қояды, сол бойы үлкен әріптермен Мұрат Қалиолла деп быттыйып тұр. Көз алдыңа тұра соның бейнесін әкеп салады, бойы тайпақ, қарны қабақтай, беті табақтай, оқымысты кісілерше көзілдірігі бар, таз басын жылтыратып жүреді. Өмірде «мінгені есек, айдағаны өсек, тұла бойы есеп» дейтін жандардан еді.

            Ермек әлі де түсіне алмай дал болуда «Бәлкім әзіл болар. Бірақ, әзіл күні өтіп кетті ғой. Жұмыс басталуына он минут қана қалды, мына халық қайда жүр? Бәлкім пешенеме жазылғаны осы болды ма?» өзін қоярға жер таппай бір минутта кішкентай жерді жүз айналған болар, одан көп болмаса. Әзіл ме, пешенеге жазылғаны ма – соны біле алмай, дел-сал, өз-өзін іштей тітіп жеп жатыр. Біреу жарымнан сұрайын десе, ешкімнің қарасы да көрінбейді. Өзіннен де бес минут бұрын келетін, хатшы қыздың өзі жоқ. Қол сағатына қайта-қайта қарайлап қояды. Сағат бес минутсыз болды – сол баяғыдай ешкім жоқ. Ауданға барып, бәрін сол ерден әкімі Нұрпей Смаиловтан сұрамақ болды, бірақ оған бата алмайды, жүрегі артқа тартады.

            «Күзетшінің жылы қабақ танытқаны, жұмыскерлердің осы уақытқа дейін жоқтығы тегін емес. Кетіппін... не де болса, күзетшіден сұрайстырып білейін» - деп, бөлмесіне кіріп, столын сипап, бір-екі рет алақанымен соқылап қояды, креслосымен сипалап қоштасып, сөмкесін алып бөлмесін қимай енді шығып бара жатқанда, қарсы алдыннан Мурат шыға келді. Қолын созып амандық сұрасып жатыр, Ермектің көңіл күйі жоқ.

            - Нұрпей Смаилов! Күттіріп қойған болсам кешіресіз, алдын ала ескертіп қойсаңыз болады ғой. Өзім салтанатты түрде күтіп алатын едім ғой. Күттіріп деппін ғой, міне сағат дәл тоғыз мен кешікпедім. Сізде менің бөлмемнің кілтті бар екенін білмеппін.

            Ермек «Нұрпей» дегенге жан-жанына қараса ешкім жоқ, өзіне сөйлеп тұрғанын түсініп.

-          Кешіресіз! Бүгін әзіл күні емес сияқты! Біріншіден: Нұрпей Смаилов

ауданда, екіншіден: менің атым Ермек Қырықбаев, үшіншіден: мына жазу ненің құрметіңе жазылғанын түсіндірсеңіз – деп, есіктегі тақтайшаны саусағымен нұсқап, соқылап қояды. Мұрат та сәл тоқтап, таңырқап тұрып.

-          Әзіл күні өтіп кеткенін мен анық білем, бірақ сіздің өзіңіз білмейтін

көрінесіз ғой Нұрпей Смаилов. Ермек? Ермек деген есімді өмірімде естімеппін. А, бірақ... бірақ... түсінгендей болдым! Нұрпей Смаилов, жұмыс уақытта азрақ ішу керек те...

            - Ей, сен не оттап тұрсын – деп, жағасыңа жармаса кетті. – Жексенді танисын ба мектеп мұғалімі. Мүслімді ше?

            - Иә, иә танимын! Бірақ, ондай майда кісілерді қайтесіз? Одан да менің бөлмеме кірелік, кешегінің жалғасын ешкімге білдірмей дегендей – деп, бетіне ыржиып қарап тұрды.  Мұратты қаны басыңа шапты. Мұраттың қалқан құлағының астыңа қолы барып, тигенде ғана барып білді. Оған дейін, өзін басқара алмай қалды.

            - Сен иттің жұмыстан неге қуылғаныңды білем. Бірақ, неге қайта келгеніңді түсіне алмай отырмын – деді де, артына бұрылмай жүріп кетті. Артынан Мұрат жеңіліп қалған иттерше шәңкілдеп

            - Аудан әкімімін деп, қолыңа ие бола алмай қалғансын ба? Әлі көреміз, шапалақ кімге тиетінін - деп, құлағын ұстап қалды.

            Ермек машинасына отырып, аудан орталығыңа тартты. Келе жатып, Нұрпей Смаилов бар жағдайды түсіндіру үшін амалдар іздеп, алдын ала дайындық жасап келеді.

-          Дөрекілік деп қабылдап қалмаңыз, бірақ Мұрат Қалиолланы қайта

жұмысқа алғаныңыз қалай? Бір-ақ түнде бәрін өзгертіп жіберетін, шешімнің себебін түсіндіріп берсеңіз.

Жо-жоқ болмайды... – деп, ашуға бұлығып рөлді алақанымен қойып-қойып жіберді. Оған машина да ашуыңа жауап ретінде «Бип-бип» деп қояды.

-          Нұрпей Смаилов, бар мән жайды орынымен түсіндіргенде, бәрін де

түсінетін ем ғой. Сыртымнан шеше салғандарыңызға аздап өкпелеген түрім бар. Сәл ескертсеңіздер де басқа гәп еді-қолайсыз халде қалып қалдым.

Машина аудан әкімшілігінің қақпасынан дөңгелектері алға тартпай зорға кіріп келді. Ғимарат есігінің алдында сағатыңа қарағыштап, Нұрпейдің орынбасары қызметіндегі Темір тұр. Қолында қалың папкасы бар. Ермектің көз алдына, өз бөлмесіндегі Мұрат пен Темірдің суреттін көргені көз алдыңа елестеп өтті. Бұл кісі негізінде Мұраттың туыс ағасы болып келеді. Оған орынын қайта алып берген де, осы кісі болу әбден мүмкін. Өйткені, «Тәңірі, өз бұзауымды сақта, көршінің өгізі садаға» дейтін, кісілердің көшбасшысы. Ермекті ұната бермейді, мүмкіндігі барынша Нұрпейге жақындатпауға әрекет қылады.

- Не де болса, тәуекел. Айрылмаған тек бостандығым қалды –  деп, батылдығын бойыңа жыйнап, машинасын Темірдің мұрынының астына апарып тоқтатты. Есікті сыртынан Темір ашты, жүрегі артқа тартып, маңдайы тағы да суық терге толды. Қолын созды, амандасып бола салысымен жұмысқа көшті.

- Екінші ауылды тексеру керек екен, бізге ишара бермедіңіз бе Нұрпей. Мына жүрісіңізбен бізді еркелетіп жібересіз ғой. Дардай басыңызбен шаң-тозаң ортасыңа барғаныңызға мен өзімді кешіре алмаймын.

- Қалай атадың? – деді, Ермек. Әлі де өзінің әр түнде тілеп жататын орындалмас арманы іске асқаннын түсінбеген халде. Ал, Темір досын атағандай атын атап қойғанына ыңғайсыздық сезініп.

- Кешіріңіз, Нұрпей Смаилов демекші едім. Сіздің хатшыңыз Дария біраз ауырып қалыпты.

- Адаспасам ол сенің жұбайың емес пе?

            Темір одан әрі ыңғайсыздана барады. Нұрпейдің басым болып тұрғаны, көңіліне батпай.

-          Иә, сол үшін де мен бүгін екі адам үшін жұмысқа шығып тұрмын.

Рұқсатыңыз бен – деп, айты. Тістеніп тұрғаны бейнесінен көрініп тұр. Ермек өзінің Нұрпей екеніне енді сене бастады. Таң атысымен екі бауырдың қанын шетінен ішкені жанына ләззәт сыйлай бастады. Адам бірәншә тілінің ұшымен дәмін тартып көреді, ұнаса жұта салады дегендей.

-          Жарайды. Бүгін орынбасардан қарағанда, хатшылық қызметін маған

көбірек пайдасын тигізеді. Ал, хатшы... бүгінгі жоспарлармен таныстырып өтсең, мен жоқ кезде түскен қоңыраулардан хабардар етсең деп едім.

-          Бүгінгі жоспардың бәрін маған қалдырыңыз. Шешеңіздің арты

қайырлы болсын -  деп, актерлік шеберлілікпен мұңды үнмен айтты. Қояр емес – Шешеңізден айрылып қалдық. Ол кісі сізді ұзақ күтті. Бірақ, жұмыстың орыныны бөлек қой. Бірақ, қайтсе де ана деген ана. Жалғыз басымен сізге әкенің де, шешенің де орынын басты. Сол кісіге лайықты ұл болыңыз, Борышыңызды өтеңіз. Мынау дем алыс туралы бұйрық, мына жерге қолыңызды қойып жіберсеңіз... Ойбааай-ау, апам-ай, апам-ай – деп, екі қолымен бетін басып, болар болмас көз жас төгіп жатқан сыңай таныттады. Ермекке саусақтарының арасынан сығалап қарап қояды. Қазіргі Нұрпейдің өңі бойы бұзыла қоймаған, Темір егіліп жатқаннан, қайта бойын тік ұстап өз қалпыңа келді.

-          Алладан бұйрық келген екен, пенделері көненді. Онда, бүгінше ғана

менің жоқтығымды білдірмей тұр. Ертен таң ертен осында болам -  деп, машинасыңа шұғыл түрде отырып жүріп кетті. Бір минутқа да жетпей қайта оралып – Үйдің мекенін айтып жібермейсін бе?

- Орталық мешітте болады ғой деймін адаспасам.

- Рахмет – деп, жүріп кетті. Қарасы көзден таса бола бастаған кезде ғана барып

            - О, бейшара! Асықпасаң, өз атыңды да ұмытатын жағдайға әкелем. Орыныңа өзім аудан әкімі болам Нұрпей! – дегені сол еді, Мұраттан қоңырау келіп жетті.

                                                                       ***

            Бұрынғы Ермектің інісі Мүслім байдың баласындай ерке, өзінің жеке бизнесі болса, қазіргі Мүслім сүйекшілікпен жан бағып жүр. Жас болса да, жаңа тұрмыс дегендей, екі қолға бір күрек ұстауға мәжбүр. Ағасы да, әпкесі де оқыған болса да бұл еркелікпен дұрыс оқыған да жоқ. Бала бақшаға да бермеді, мектепті де тоғызыншы сыныптан соң әрі қарай оқыған жоқ. Сөйтіп жүріп әйтеуір ана тірліктен басынан бір, мына тірліктен шұқып жүріп үйленіп алды. Жалғыз басым түгілі бір үлкен отбасыны асырай аламын деген ойы, екеу болғаннан бері жай құрғақ сөз екеніне көзі жетті. Туыстары бір көмектесті, екі көмектесті, бірақ үшінші ретке келгенде «өзін үшін өл жетім» деп, тағдырдың құрсауына қалдырды.

            Таң атар атпас «жұмыс» деген қоңырау келді. Жұбайы киеуінің жұмыс киімдерін дорбаға салып, қолына ұстатып жатып

-          Кім үшін екен?

-          Анығын білмедім, әкімнің шешесі-дейді.

-          Топрағы торқа болсын-деп, бетін сипады. Мүслім жарының басынан мейірлене сипады да, жұмысыңа жөнелді.

 

Мешітте дүйім жұрт жиналысыпты, бәрі келіп көңіл білдіріп жатыр. Қалың халық ішінен танитын жандары саусақпен санарлықтай. Бақилық кісінің басында зар жылап жатқан кісілер жоқ, елдің бәрін зорлықпен жинағандай, барлығы да жұмыссыз қалмау үшін келген сыңды. «Жоқтау» айтқан жан көрмеген кезде өз шешесінің өлімі көз алдына елестеп, Наурыздың зары, жиналған жұрттың «жан апа!» деген дауыстары құлағыңа естілгендей болды. Табытты көтергенде үш ұл үш жағында, қалған жұрт көтермесе де қолдарының ұшын тигізіп ақтық сапарға шығарып салған көз алдынан киноның пленкасы секілді жүріп өтті. Мына жағдайда табытты көтеруге кім келетінін білмей ыңғайсызданды. Жасы үлкен ақ киімді бір апа келіп құлағыңа сыбырлап кетті

-          Сүйекшілерге хабар бердіріп қойдым, ақшаң жете ме? – деген сөзі тәнін тірідей отқа қақтағанмен барабар болып сезілді.

Халық шын ба, өтрік пе жылап жол ашты. Ермек табытты көтеруге барып, қалған басынан ұстайтын адамдарды күтіп тұрды. Ешкім өз еріктерімен келер емес, қолын жұдырыққа түйе бастағанда барып, жас жігіттер жағынан үш адам шығып шын көңілмен көмектесуге ниет білдіргендей сыңай танытты. Каралы керуен жолға шықты.

Бақилықтың тәнін ана жер құрсауыңа табыстап, сүйекшілердің ақысын төлеуге келді. Үш жігітті шақыртып, ақшаларын санап беріп жатқанда

- Аға, қазір төртіншіміз келеді

- Мынау оның үлесі, табыстай саласындар ма?

- Тұра тұрсаңыз... Әне өзі де келе жатыр.

Мүслім келіп бейтаныс адамына қол созғандай амандық сұрасты. Ермек шыдай алмай.

-          Мені танымай тұрсын ба? Былай жүр – деп, өзімен бірге ертіп жүріп кетті.

-          Аты жөніңізді толық білмеймін, естуімше аудан әкімі екенсіз...

-          А, иә? – айтарға сөз таппай, өзінің Нұрпейдің рөліне түсіп қалғанын есіңе алып, Ермектің рөлін кім ойнап жүргенін білу мақсатпен, - Ермек қайда?

-          Кім?

-          Ермек дим, ағаң?

-          Кешіресіз, менің ондай ағам жоқ.

-          Үйй... сеннен жеті жас үлкен ағаңды айтам. Жексен, Ермек ағаларың, одан соң Наурыз атты әпкең бар емес пе?

-          Түсіндім, әпкемнің алдыңда ұл болған, бірақ ол кісі дүние есігін ашпай жатып шетінеп кеткен. Жексен ағамдарды қайдан танисыз?

-          Аа.. иә... мектепте кластас болғанбыз... – деп, ыңғайсызданып қалды. – қазір өзі не істеп жүр өзі?

-          Мектепте жұмыс істеп жүр еді, қазір үйде...

-          Қалай үйде, мектеп жауылып қалды ма?

-          Жоқ... Ауыл әкімімен келіспеушіліктер болған сыңайлы...

-          Онда, бір қолым тигенде соғармын үйіңе, - деп,  бұрылып кетіп бара жатты. Мүслім мұның отбасысы жайлы мәліметтен білетініне таңырқап орнында тұр. Ермек біраздан соң артыңа бұрылып келіп,

-          Ұмытып барады екем, мынау сенің еңбекақың... ал, мынау тойыңа сыйлық – деп, тағы бір бума ақшаны ұстатып кетті.

-          Аға мұныңыз көп емес пе?

Ермек артыңа қарамаған халде

- Жеті жас үлкен ағаң тіріліп келді деп ойла, інім! – деді жүріп бара жатып.

Тоқтап Мүслімді бауырыңа басқысы келді, бірақ көз жасын көрсетуге ұялды. Қалтасынан көзілдірігін шығарып машинасына отырды. Машинасын от алдырып, өз үйіңе қарай тарты. Кетіп бара жатып:

«Жалғыз болу арманың еді, ал оған да жеттің! Тіпті әке-шешең де жоқ! Аға-бауырың да, әпке-қарындасың да жоқ. Басыңа қиын күн келсе, өзің ғана тырмасып шықсаң да шығасын, шықпасаң да шығасын. Ағайын жоқ, қол ұшын созатын. Жақсы емес пе, өзің үшін өзің! Бірақ сөйтіп жүріп өліп кетсең ше? Жақсы емес пе, өзің үшін өзің! Артыңнан құран бағыштайтын адам да жоқ. Осы күнге дейін екінші сортпын деп, дараланып жүрсем де бегене емес едім. Інісі болып тұрып зияным тигізбей, бөтен болсам да зияным тиді»

Ермек өзінің үйінің көшесіне келіп қалғанын енді ғана байқады. Сол көше, сол қақпа, сол үйлер, сол үйінің нөмері, бірақ дәл Ермектің үйінің орнына басқа бір үй, қақпа және басқа шарбақ бой көтеріп тұр. Машинасынан түсіп жан-жағына көз тастады. Өзіңе қатысы жоқ нәрсенің бәрі өзгеріссіз қатып тұр, бірақ бұған қарасты заттардың бәрін бір секундта тарихтан өшіріліп тастағандай болды. Енді Ермек жоқ, тек қана Нұрпей бар. Бұрынғыдай бір ауылдың қожалығымен ғана бас қатырса, енді бір ауданның тағдыры қаласа да, қаламаса да мұның қолында.

Машинасына отырды. Ауылдан ақырын үдеумен шығып келеді. Үдеуі жаяу жүргіншіден де төмен. Дөңгелек домалатып жүрген балалар машинасынан озып кетіп, артыңа бұрылып кекетіп ары қарай қашып кетіп қалады. Бұл кім? Осы ауылдың үштен бір бөлігіне аудан әкімі, тағы бір бөлігіне машина мен есектің айырмашылығыңа білмейтін, немесе байлығын мақтанбақшы болған шіреніп қалған біреу, ал қалған бөлігі үшін мұның бар жоғы қызықтырмайды. Егер, осы жерде Нұрпей болып емес, өз келбетімен келсе, тұрғындардың жанарына мөлтілдетіп үміт сәулесін толтырып беретін еді. Бәрі мұны бірден тани кеткен болар еді. Мектеп көшесіне қалай жеткенін де аңғармай қалды.  Мектептің қасынан өтіп бара жатып, тоқтатып, Жексенмен хал сұраспақ болып еді, есіңе бірден Ермек еместігі, оған қоса Жексен мұның кесірінен жұмыстан қуылғандығы түсті. Ермек өз-өзінен ашуға булыға бастады. Себеп тек өзін ғана емес, бұрыңғы Нұрпейді де тарих бетінен сызып тастағаны. Гармония бұзылғандығы, енді қайтсе де бәрін баяғы қалпына келтіре алмайтындығын түсінді. Бәрін қайта сол қалпына келтіру үшін, бәрін қайта бастау керек екендігін ұғынды. Бірақ мүмкіндік жоқ, адам өмірге бір-ақ рет келеді.

Ашумен машинаның үдеуін арттыра берді, арттыра берді. Темір тұлпардың екпіні барған сайын үдеп барады. Мұны сезер ол жоқ, көзін жұмып алып, өзін көк аспанда қанат жазып ұщып бара жатқан құстай сезінуде. Кенет алдынан шалт етіп бір нәрсе өтті де, жолын кесіп өтті. Қанат жайған құсымыз, алып ұшаққа барып жабысып қалды. Жолда бір адамды  соғып, одан әрі қарай өзі электр бағанасына барып соғылып еді.

Денесін қозғалтуға шамасы жоқ. Бар күшін жинап көзін ашады. Қарсы алды бұлдырап, бейнелер шайылып, түсініксіз көріністер көрінді де, қарауытып, иненің жасуындай ғана жарық қалды да, көпке созылмай ол да жоқ болды. Әрі қарай не болғанынан хабары жоқ. Есім емхана палатасында жиып алды. Екі адамға арналған шағын бөлме. Қасындағы төсекте қол-аяғы гипсталған, басы дәкемен танылған Нұрпей жатыр. Ермек оны көріп қуанды, оның орнын ғана тартып алса да, оны тарих бетінен өшіп кетпегеніне куанды. Сөйлейін десе сөйлей алмады, қозғалғысы келіп еді, ол да қолынан келмеді. Әлі таусылып, талықсып кетті.

Бұл жолы көзін өз үйінде ашты. Төрт мүшесі аман сау. Бір жаман сағат тілшесі жиырма бес минутсыз тоғызды нұсқап тұр екен. Апыл-ғұпыл үстіңе киімін іліп, есіктен, одан соң қақпадан атып шықты. Мұны байқап қалған көршісі.

-          Ей, Ермек қайда асықтың?

-          Сәлем, Жандос! Жұмысқа – деп, жүгіріп бара жатып айқайлады. Кенет орнында тоқтай қалып, - Неге жұмыста емесін?

-          Бүгін жексенбі емес пе? Жұмыс деп аурып қалғансын ба?

Жандос Ермекті өз атымен шақырғаны, енді ғана барып жеткендей.

-          Мені қалай атадың Жандос?

Жандос тегін қосып айтпағанына сәл ыңғайсызданып...

-          Ермек, бүгін демалыс қой. Атыңды атауыма болатын шығар.

-          Әрине, болады! Әрине! Қаласаң жұмыста да жай ғана «Ермек» де, біз сыныптас емеспіз бе?!

Жандос Ермектің мұндай көңіл күйін мектептен бері көрмеген еді. Таңырқап ыржиып қоштап тұрудан басқаны білмеді.

-           Уақыт жоғалтпай мен кеттім. Демалыс күнімнің әр секундды туыстарымның арасында өткізгенге не жетсін?! Мен кеттім. Кездескеше.

Жандос Ермектің соңынан қолын бұлғап қала берді. Ермек көше бойлап жас баладай, секіріп бара жатты...

 

Қазақ тілінде жазылған