Адам қарады: 116 | Жарияланды:

ҰЯДАҒЫ БАЛАПАНДАР...

Олар күтті. Асыға күтті. Күн сайын ауыл көшесіне шығып, әкелері өздеріне ең жақын адамды ертіп келе жатқан сәтін. Шешелерінің кұшағына кіріп тағы да омырауын мейірлене иіскеуді сағынды.

Ол кезде Анар қыз небәрі он жаста, соңынан ерген екі інісі – Жеңіс алтыда, Біләл үшке де толмаған. Соңғы күндері кенжені арқалап, үлкенін қасыңа ертіп ауылдың бас жағындағы аялдамаға күн сайын келіп отырады. Сырттан қараған көзге таза жетім балаларды елестетін еді. Бірақ, олар жетім бола қойған жоқ. Қас қарайғанда ең соңғы автобуспен әкелері – Мағжан келеді, келе сала балаларына мейірлене қарап әр біреуінің маңдайынан иіскеп Біләлді арқалап үйіне қайтатын. Бұл бейшара күнәсіз үш сәбидің шешелері әлі де бұл жаһандық, бұл үшеуінен де баз кешіп кетпеген. Тағдырдың жазмышымен кенжесін әлі сүттен шығармай жатып қатты сырқатқа дұшар болып, аурухана табалдырығынан атап күріп, сол жерде жіпсіз байланып қалуға мәжбүр болды.

 

Мұқтаждық, сорлы басына бүргедей жабысты. Таң атысымен тамақ жасап, жұмысқа, одан соң ауруханаға жарының қалін білуге барады. Үйіне келеді, тамақ жасайды, балаларының кірлерін жуады, қолы босаған сәтте үйдің бітпей қалған бөліктеріне сылақ жұмыстарын жүргізеді. Қаласа да, қаламаса да сол, одан сұрап отырған ешкім жоқ, жазмыш солай. Шаршап-талып балаларын құшағына алып жастыққа басы тие сала көзі ұйқыда. Күн бойы мейір күткен балалары әкесімен бірге ойнау ойлары болады, амал қанша. Анар мен Жеңіс әкелерінің бірде құлағынан тартса, бірде үстіне шығып алып мұртымен ойнап жатып ұйқы әлеміне енеді. Біләл ғана бірден әкесімен  ұйқы құшағына бас ұратын. Сөйтіп, құрғақ жатып, киімін дымқылдатып тұратын кездер екі күннің бірінде қайталанып жүрді. Ара-арасында Анар мен Жеңіс ойнап жатып байқаусызда Біләлдің үстіне жығылып кететін. Ол ұйқылы ояу байбалам салғанда, жартылай салынып біткен үйдің, қалған бөлігінен шыққан дауыс бүкіл ауылды аяққа тұрғызатын. Бірақ Мағжанның шаршағаны сонша құлақ түбінен атом бомбасы жарылса да ояна қоймайтын. Кенжені жұбатушы әпкесі ғана. Қолынан келгенше шешесінің даусыңа келтіріп, әлди айтып жатып Жеңісті де, өзін  де ұйқы қармағыңа оңай ілетін.

            Бұл үш жартылай қорғансыз жанды әкелері жоқта кім қамқорлығыңа алады?! Тікелей айтқанда, ағайын жегжаттан ешкім де жоқ. Бәрі де екі-үш күн жолдық мекенде орналасқан. Үш сәбидің қамқоршылары осы ауылдың тұрғындары.

Балапандар әкесін бүгін көп күтті. Соңғы автобустың өзі көз алдырынан тоқтамай өтіп кеткені қай заман еді. Ымырт жамылып. тақ төріне ай шыға бастады, балалардың іштері шорылдап тамақ сұрап жатты. Аядама орындығында Жеңіс пен Біләл отыр. Анар аспан төріндегі мүсіркеуші ай сәулесінің жарығымен әкесі келетін ізге қайта-қайта толас білмей қараумен әрі бері жүр. Он адымдай жер аттап, жолға қарайды. Солай істесе әкелері біраз болса да жақын көрінетіндей. Одан соң артқа қайтып келеді, Біләл аштыққа шыдай алмай дауысын ішіне жұтып өксіп-өксіп жылап отыр. Оны көрген Жеңіс те намысқа тырысса, ызадан жылайды. Анар ғана қорлығын жеңіп, көз жасқа ерік бермей жүр.

Үйлеріңе қайтып барып әкелерінің қазан толтырып жасап кеткен тамағын бірден құйып ішейін десе, оны түске қарай қарауыз келіп қазанымен төңкеріп төгіп кеткен.

Анар тағы да он адым аттап Мағжан келетін тұсқа көз тастады. Біраз ғана жарық көрінеді, созылып жатқан жол алыстаған сайын түбі терең қараңғылыққа еніп жоқ болады. Тағы да он адымдай тастайды тас қараңғылық жолдың басын жұтып қойған. Ең болмағанда екі көзді автокөліктің жанары жанып алыстан болса да көрінбейді.

Анар артыңа бұрылып қараса балпаңдаған Біләлді ертіп Жеңіс келе жатыр. Олар үшін Анар құдды әкесі сыңды беймәлім қараңғылыққа батып кетердей. Үйдің тұңғышы екендігі жайлы, және соған алғаш рет өкініп, тұрған жерінде отыра жылады. Жанарынан шығып анасы сияқты жылы жастар бетін сипалап өттіп жатты. Жеңістің дауысы есітіле бастады.

-          Әпке, алыстан машина келе жатыр.

Егілген басын бірден көтере қалып жолға қарады. Шынымен де Жеңістің айтқан сөзі рас, аспан қара матасын қақ жарып екі көзінен от жанып алыстан бір машина көрінеді. Неге екені белгісіз, Анар осы машина ішінде әкесінің келе жатқанына сөзсіз сенді, Біләлді арқалап, Жеңісті ертіп автокөлікке қарай жүгіре бастады.

- Жылама бөпем, анау келе жатқан машина ішінде әкеміз келе жатыр- деп жұбатып қояды. Бес жастағы бала өзін ересектерге тән ұстайды. Машина бұларға қарай жақындаған сайын, жүректтері аттай тулап, үміт оттары жалынға айнала бастады. Әкесіне жетеріне аз ғана қалғанда, автокөлік өзге жолға түсіп бұрылып кетті.

            Жолдың жан жаны ағаш, қараңғылық барған сайын жер әлемге патшалық етуге асығып қанатын жаюда. Анар кілт тоқтап не жыларын, не қуануын білмей тұрған жерінде тас мүсіндей қатты да қалды.  Көз алдында Жеңісті мойнына отырғызып алған Мағжан, Біләлді көтеріп алған Жәміш, екеуінің ортасында өзі мәз мейрам хайуанаттар әлемін кезіп жүргені елестейді. Баршасының көңілдері шат. Осы күндер бұлар үшін арман болды. Қиялының түбін Жеңіс қайшымен қиып жіберді.

-          Әпке, машина келе жатыр...

-          Келсе, келе берсін...

Анардың бойында дәл манағыдай құштарлық, ынтызарлық жоқ. Біләлді арқалаған бойда өздерінің іздеріңе түсіп қайтып барады. Женіс екі жолдың қақ ортасында тұрғандай біресе әпкесіңе қараса, біресе жарығын төгіп келе жатқан көлікке қарап үмітін үзбеді. Көш қайда ауса, бұл да соңдарынан еріп баруыңа тұра келді. Арт жағыңа қайта-қайта бұрылып қарағыштап қояды, ішінде «тек бұрылып кетпе, сен біздің әкемізді әкелуіңе тиіссін» деп қояды. Екі-үш адым тастап елеңдеумен болады. Тілегі періштелерге жнтті, машина бурылып кеткен жоқ. Қуанған дауысымен

- Әпке, қара машина келеді. Бурылып кеткен жоқ. Әкеміз келе жатыр – деп, жан дауысын салып айқайлап қуаныштан жүрегі жарылардай. Анардың қулағыңа Жеңістің сөздері кірді ме, жоқ әлде ауада қалықтап қалып қойды ма белгісіз. Жауап қатқан жоқ. Жеңіс орнында тоқтап қалған. Көзін сәт сайын жақындап келе жатқан машинадан алмайды. Анарға қараса, бұрылмайды да, тоқтамайды да алған бетінен таймай кетіп барады.

- Әпке, тоқтасаңшы... сен әкемізді жақсы көрмейсін бе? Өзің жақсы көрмесең де, Біләлді қалдыр... оның қарыны аш қой – айқайлап, жыламсырап айтты. Анардың жасы бетінен сырғыды, сонда да тоқтамады. Жеңістің сөзіңе Біләл де жыламай қалмады, бірақ бұл жолы үлкен адамдарша өкіріп жылады.

Сол дегені болмай әлгі үміт отын екі көзіңе сидырып келе жатқан машина бұлардың қасынан зуылдап өте шықты. Жеңіс те енді дауысын шығарып қорлықтан жылай бастады. Машина біраз жерге барып, тоқтады. Айқайлап жылап жатқан Жеңіс те, Біләл де үндерін ішіңе жұтып қойды. Қуаныштары қайғыларын жеңіп кетсе де, ара-арасында өксіп қояды. Машина есігі ашылып, ішінен бір кісі түсті. Бет-бейнесі қараңғылықтан көрінбейді, бойына қараса әкесіңе ұқсамайды. Әлгі кісі жақындап келе жатыр, балалар тұрған жерінде тоқтап қалысты. Жақындаған сайын әйел кісінің сағымдаған бейнесі байқалады, балалардың назары келе жатқан кісіде, кім ол? не мақсатпен келе жатыр? ол әкесі емес қой. Бейтаныс жанның сұлбасы анықтала бастады, ол өздерінің туған әжелері - Сара. Жеңіс пен Біләл қуана түсті. Бейтаныс қараңғылық құшағынан таныс адамның жанарын көргенде қуанбай бола ма?! Анар ғана қуанған да жоқ, жылаған да жоқ. Әжесін көргенде еш қандай өзгеріс болмағандай тұра берді. Осы жақын күнге дейін әжесінің қойынында ұйықтап, «Әжемнің қызымын» деп жүрген Анар бүгін мүлде бейтаныс жанды қарсы алып тұрғандай сыңай танытуда. Өйткені осы қиын күн басталғалы бір аптадан асты, екі-үш күндік жолдан енді өтіп келе жатқанына зығырданы қайнайды.

- Айналайын, құлындарым... Мұңда не істеп жүрсіндер?

                                               ***

Әжесі баяғыша, тіпті баяғыдан артық немерелерінің қамқорық жасап шыр көбелек айналып, асты-үстіңе түсіп жүр. Алдарыңа тамақ әкеліп, Біләлді қолыңа ала бергені сол еді. Анар әжесінің қасыңа барып, кенже інісін көтеріп қасыңа отырғызды. Өз тамағының жартысын Жеңістің ыдысына құйып, жартысы Біләлдің ыдысына құйып, өзі тамақтандыра бастады.

- Әже, мен үлкенмін ғой. Мен аштыққа шыдаймын, інілерім әлі кішкентай ғой. Осылар тойсын, бұлардан қалғаны да маған болады.

Әжесінің жанарыңа жас толды. Кеше ғана еркеленіп, мұрнының астымен сөйлейтін бала, бүгін өзің үлкендерше ұстап тұр.  Анарға тамақ салып келуге кетті.

            Келген соң ыдысын немересінің алдыңа қойып. Сөз бастады.

            - Мағжан бүгін түн жарымда келіп жатса оның өзі бір бақыт, келмесе ертен келеді. Бүгін Жәмиләға аяқ астынан операция жасайтын болып, үйге соғып кетуге мүмкіндігі болмай қалды.

            Сөзін аяқтап, немерелерінің маңдайларынан иіскеді. Анардың да әжесіне деген көңілі қайта жыли түсті. Төртеуі бірге ойнады. Балалары не нәрсе бүлдірсе де Сара ұрыспады, керісінше «әкелерің келгенше ізін білдіртпей қоялық» деп, солардың жақ болды. Соңғы өткен он күнге таяу уақыт тамұқ болса, бүгін тозақтың өзіне күн шықандай жарым жартылай біткен мейір мен шынай көңілдене күлген күлкіге толды. Біраз ойнаған соң, шаршап талысып немерелерін құшағыңа басып ұйқыға кетті.

            Аспан тағынан түн кұлап, күн шыға бастады. Әділеттілік сәулелері жер бетін жарытып, кіші өлім құшағынан оята бастады. Мағжанның иығынан тау құлап, қуана келді. Қараса апасы мен балалары тәтті түстің құшағынан шықылары келмейтін іспетті. Төсек орынын дайындап, қастарыңа жата қалды.

            Енді қызара бастаған шайға тағы да сәме салып қызартқандай, күн аспан төрінің қақ ортасында тұр. Бір отбасы болып баршасы дастархан басында отыр. Үш сәби әкелерінің ауыз ашуын күтіп, бір кеседегі қызыл шайға, бір әкесі таманға қарап қояды. Әжесі тамақ құйып келіп, жайғасып отырды. Мағжан сөз бастады.

-          Жаратушының көмегімен, бәрі де сәтті өтті. Бұйыртса тез күндерде палатаға ауыстыратын шығар.

Баршасының көңілдері жайланып, шай үстінде әңгіме жүре бастады. Дастархан жиналып Мағжан ауруханаға, қалғандары күйбең тіршілік қамыңа кірісіп кетті.

Қазақ тілінде жазылған