Адам қарады: 159 | Жарияланды:

МЕН АҚЫЛДЫ БАЛАМЫН

Ақыл сөзді тыңдаймын,

Нақыл сөзді жинаймын.

Нақыл-ақыл әліппесі,

Досыма да сыйлаймын.

 

***

Ақылды кісі азбайды,

Білім қуған тозбайды.

Ақылсыз  болсаң бәрінен,

Өміріңде де сол қайғы.

***

Асылды ардақтап,

Жақсыны пір тұтам.

Зұлымдық, қулықтың,

Құйрығы бір тұтам.

***

Жаман сөзді айтпаймын,

Жақсы сөзді жаттаймын.

Қарқылдап қатты күлмеймін,

Тәртіпсіз болып жүрмеймін.

***

Істемеймін шалалық,

Ұғамын сөзді даналық.

***

Еңбексіз бос отыру,

Жараспайды бізге енді.

Білім алып еңбекпен,

Жарысатын кез келді.

***

Біз ақылды ұланбыз,

Өнер жолын қуғанбыз.

Бәсекеден қалыспай,

Сайысатын кез келді.

***

Бейбітшілік-тірегім,

Бейбіт өмір сүремін.

Тату болып досыммен,

Бақытты өмір сүремін.

***

                                                  Еңбексүйгіш баламын,

Жігіттікке жарадым.

Еңбек етіп ертемен,

Болашаққа қараймын.

***

Жалқау болып тұрмаймын,

Ата-анамды сыйлаймын.

Жамандыққа қимаймын...

***

Байлықты іздеме,

Білім мен өнерді ізде де.

Өнерге талаптан,

Биікке самға, ұш, қанаттан.

***

Мен тәртіпті баламын,

Айтқан тілді аламын.

Дүкенге де барамын,

Сиырға шөп саламын.

Жалықпайтын ешқашан,

Еңбекқор бала боламын...

***

Сабаққа ерте барамын,

Дайын қағаз,қаламым.

Ата-анамды қуантып,

Бестік баға аламын.

***

Құлшынған еңбекте,

Тәтті нанның дәмі бар.

Адалдық пен бірлікте,

Татулықтың сәні бар.

Білім мен өнерде,

Өмірдің мәні бар.

Дананың сөзінде,

Асылдың бәрі бар.

 

Денем шымыр,

Ойым ұшқыр баламын.

Қиялым қанат,

Бауырыма ақыл айтқан данамын.

 

Қазақ тілінде жазылған