АЙТЫЛМАҒАН АЛАШ АҚИҚАТЫ
Деректі проза
АЛАШ АЗАМАТЫ
Әуел бастан қазақ еліне қатысты Ресей империясының саясаты айрықша зымиян қалыптасқаны белгілі. Отаршылдар бұл елдің халқы кө-бейсін көктесін, ілгері бассын дегенді әсте ойына алмаған.
Рахманқұл БЕРДІБАЙ
Автономия – дербестік, аз-мұз десек те ұлттық еркіндік. Ағарту-шылық жолының қазақы қисыны – Алаш автономиясы. Айлакер сәбет ағартушылығы Қоқан, Ташкент автономияларына кеңестік республи-ка статусын шүленге таратып жарылқап тастады. Апырақтап жүріп Түркістан атауының айдалада ұлып қалғанын аңғармадық. Ағарту-шылық та бұрған жағыңа жығыла кететін жылпосқа ұқсай ма. Алаш ағартушылығы ана тілінде жазып, ата дінінен ажырамайтын нағыз Далалық. Атымнан ауып түсе салғаным.
Адам Ата сафиуллаһ пен Һауа Ана санамызға Құран Кәрім сі-ңістірген жүһүттік желі, Бір Тәңірі мен Күнікей, Айман аналықтар, Нұһ нәбиуллаһ – Наурыз Ата Далалық білімнің даңғайыр көкірегі. Ағылшын кекірттігі ХVІ ғасырда өзін «Құдайдың белінен жараған ұлт-пыз» деп ұрандатқаннан нөң көргендей нәсілден қашып ұлтқа ұрын-шақтадық. Астамшылық өзін қызғыштай қорып шіркеу старостасы Чарлз Дарвин басқамызды маймыл атадан тарата салды Ақырында намысқа тырысқан алман оқымыстылары өзін арий, қалған жұрт то-темнен тараған пәкене тайпалар санап дүниені дүрліктірді. Аюқұшақ көршімізге бұл қатты ұнап қалса керек, норд, марксизм құшағына қо-йып кетті де даусы жеткен жерге дейін ақырып-шақырып атеизмге, интернационализмге шақыра бастады. Алланы танымайтындар өз құ-дайы тұрғанда басқаны не қылсын.
Аташыл қазекем маймыл, қасқырдан бас тартқанымен әр ру атауынан мынауский өзі би, өзі ұлысбегі, өзі батыр қолбасшы, өзі хан әруақты шал жасап адасса да адам адамнан ғана туатынын дәлелдеп бақты. Азамат екен, адам екен дейсің мұнысына сүйсінгенде. Алаш ағартушысы – көзі ашық, көкірегі даңғыл оқыған орта, Далада туып-өсіп қалаға үйреніскен. Айналайын ана тілім-ай оқығанын білдіріп қолына сәнге таяқ ұстағанды жалпақ тілінде «қаратаяқ» деп ерке-леткен, бейнелі сөзімен сойып қаптай салған.
Айтары жоқ он алтыншы жыл! Алаш ағартушылығы қаулап өсіп, жекеден жалпыға ұласқан керемет феномен, ұлттық ғұламамыз Ме-кемтас Мырзахметов тап осылай бағалап ой тұжырады. Ақ жолы – ата жолы. Алаш – оқыған қазақ оқымыстының жолы. «Ай қап» журналы, «Қазақ» кәзиті – Алаш реннансының тұсауын кескен ізашары. Ал-ғашқы көсемсөз жанры. Ауыз әдебиетіне, эпосқа, айтысқа, қиссагөй-лікке арқа сүйеген ұлттық мәдениет дүр сілкінді. Алаш ағартушы-лары көсемсөзді өз мінберіне айналдырды. Ақыл-ойлы оқығандары-мыз лап қойғаннан бет қаратпай Дала ақылын қаламен де, империя-мен де, Батыспен де теңестірді.
Атау семантикасында Алаш бөлшектенбейтін тұтас реликт. Алаш – отандасың (Міржақып). Алты Алаш қайдан түскен айдалада жатқан батпанқұйрық? Ақылым айран. Алтауды әліге ешкім бас-басына ұрып түгендеп бере алмаған. Алаш болудан зәрезап өзағам, түркімен, Руске сүйкенісе кететін татар ақылы күштегенге көнбейді-ақ. Ананың ағартушылығы, мынаның ағартушылығы дегенді неге айта береміз. Алаш – даралық, бұл жалтақтамайтын жеке пікірім.
Алаш автономиясын Орынбор, Омбы, Түркістан әскери жанда-рал-губернаторлыққа еліктеп бөлшектегеннен не ұттық? Ақылдан адастырған аразқойлық қой. Ажалына асыққан Шоқан, Абай һаким екеуі де астарлы қулық-сұмдықтың жемі. Алладан келетін һақ ажалға ешкім өкпелей алмайды. Алаш жолын шәһид жолына айналдырған жезтырнағын жеңіне жасырған саяси ептілік. Ажал Шоқанға, Абайға жасырын сығаласа, Әлихан, Ахмет, Міржақып пен олардың ізбасар-ларына мылтығын кезеп ашық сұқтанды.
Ақ гвардияшылардан қорыққан бәлшебек үкіметі өзі жоқ қылған Қоқандағы Түркістан автономиясының орнына сәбеттік Түркістан автономиясын жариялады. Алты жылдан асырмай (1918 жылдың сәуір-мамыры мен 1924 жылдың қарашасы аралығы) оны да бет-бетіне таратып жіберді. Адасқақта табанымыз тайғанақтай берді – орыс оқуы өтіп кеткен озық ауростандарт білімнің баянсыздығы күбірнелік облыс орталықтарын Орынбордан Оралға, Омбыдан Семейге, Ташкенттен Шымкентке «қоныс аудартты».
Адасқақта не жоғалттық – ұлтты, дінді һәм ана тілді. Ана тіліміз – Түркі бұл күнде жалғыз өзағамның әдеби тілі саналады. Аз-мұз айыр-масы қит етсе ортағасырлық гегемон араб тілін бетке ұстанып қызыл-бас парсыға тұра жүгіреді. Аңырып қала бересіз. Араб дегені парсы қорасынан шыққаны аздай, бір қызығы тәжік жүйрік көне парсы (пех-леви, дари) тілін де білмейді. Артық-кемі жоқ тап осылай. Анық түркі-затты халықтық тіл біздің қазақта екеніне меңзеген Әлиханның, (Мұсылман сиезі), ғылыми еңбегін «Жат тілдер» деп айқайлата атаған Нәзірдің дұрыстығына осылай көз жеткердік. Алаш ағартушылы-ғының мәртебесіне.
Алмағайыпта жеңіліп қала беріппіз.
Арамызға жік салған арамза ептілігін асырған миығынан күліп ғылыми әдістемесін сынадай сіңіре қақты. Ал түркі мұсылманшылы-ғында оқып-жазып келген татар, қазақ, қырғыз енді сауатын «өзбек-ше» ашқан боп шыға келмек. Айталық, жоғары діни оқу орында-рында оқыған Санжар, Нәзірді, мұсылман басылымдарын ұялмай-қызармай «өзбектілдіге» айналдырдық. Ақмолда ақынның да татарша, башқұртша, қазақша қатар сілтеп өлең жазған түгі де жоқ, ол бір-ақ тілде жазды, сауаты ортақ үшеуі тұщына оқып төбесіне көтерді.
Ақыл үйреткендер не дейді екен. Ақмола, Семей облыстарынан құралған Дала уәлаятының жандарал-губернаторы Шмидт 1909 жылы «орыс тілін білмейтін, хатын танымайтын қазақ болыс бола алмайды» деп ресми жарлық шығарып бір-ақ кесті. Алланы аузыңа алма, «Құ-дай патшаны сақта» деген өлеңді жерде қалдырмай жаттап ал да ау-зыңнан тастамай айтып жүр (бұл миссионер оқымысты, Ташкенттегі мұғалімдер семинариясының директоры Остроумовтың бір учителге үйреткен ақылы. Анық солай – бұл екі қайтара айтылмайтын бұйрық, екі мысалды да Міржақыптың «Тіл мәселесі» мақаласынан келтірдік.
Алланы да, ана тілін де, ата дәстүрін де – ешкімді де аямаймыз. Алла мен құдайдың айырмасына зініміз жетпей аузымыз қалып алған дегенді бетке ұстап аңырай соғамыз. Ағайынға «мен сауатты да сала-матты мұсылманмын» деп қоқыраятын немелер «Аллаһтың, Аллаһқа, Аллаһпен» деп ғұсманшылап тілді шұбарлай бастады. Айтары жоқ, кешегі орыс сөзін бұлжытпай айтамын деген тыраштық қой мұсыл-манға тонын ауыстырған. Айналып соққан білімпаздық, оған қараған-да Москваны «Мәскеу», газетаны «кәзит», кроватты «кереует», само-варды «самауыр», съезді «сиез» т.б. деген кекеш қыр баласы анық білімді,таза сауатты.
Всевышний – ұлы Жаратушыием
Великий поэт-писатель – ұлт жанашыры ақын-жазушы
Алаңғасар, ата-анасыз жетім өскен, орыстың арқасында білімге жеткен, ана тілін шала-шұрпы білетін қотыр тілмаш жаратушы Алла мен ақын-жазушының, әскеридің, шен-шекпендінің атақ-дәрежелік теңеу эпитетін қолдан жарастырып жіберді. Айы, әне, кімнің оңынан тумақ. Атеизм заманында мұны ойлауға, ақылмен саралауға шама-мызды келтірмеді. Айдау жолмен зырлай бердік.
Алаш ағартушылары да ауылдан шығып қалаға жетіп орысша оқыған. Артықшылығы, ауылда өскесін алғашқы сауатын молдадан ашқан. Ата-анаға, тілге, малға жарымаған тасжетім тілмаштардан тағы бір артықшылығы ата-анасы түгел: ішкені – артында, ішпегені – ал-дында. Ақылына, біліміне дәулеті сай. Ағартушылық тап күресін біл-мейді, оған бай да, кедей де ұлттың баласы, ұлт еркіндігі – білімін, игерген ғылымын, тіпті өз ғұмырын бұлдамаған ақкөз ерлік. Алаш баласы жеңілісінің өзін жеңіске ұластырған ерекше феномен.
Алаш әдістемесі – Қазақтану әліптемесі, шатқаяқ шамшыл шы-ғыстануға, отаршылдың ұр да жық тоқпағы – түркітануға ғылыми жа-уап. Ақыл, ой мен сана – ұлттың меншігі. Ақиқаты осы болғасын ұлтқа қызметке жегілмейінше ағартушылық әсте көркейе қоймас. Ана тілі – ұлттың басты мәдени-техникалық көрсеткіші. Археолог пен агроном, физик пен химик, механик пен мал дәрігері, сахна шебері мен саясат-танушы ана тілінде сөйлеп-жазбайынша бәрі де бөспе бекер.
Арианам Вайджа, арий, ариан, иран алыстан һәм тереңнен ой-ластырылған ғылыми тұзақ, өзге ағартушылықтардың әккі айласы, шоқындырудың ойы мен шұқыры көп даңғазасы. Арий да иранец те түптеп келгенде ғылыми мінездемесінде «вероотступник», филогенез-де өзен, теңіз жағалауындағы «субойлық». Арсақтан, арғыннан «арий» жасау – адасқақтың басы. «Ар» түбірі теонимдік көрсеткіш «ғар», де-мек жұрт, су жағалауындағы жерлер де жұртымыз һәм атақонысымыз – Субар. Ауропалық тілдерге теонимдік «ғ» литургы қолданылмай-тынжат литург, сондықтан ар формасына ауысуы қалыпты құбылыс. Арриан (герман) ашкөздігінің тарпа бас салатыны осы.
Алаш азаматы. Алаш оқымыстысы. Абыройлы лауазым,асқан атақ. Абыздарымызға лайығы да осы болар, әлдеқандай «ғалам азама-ты» (гражданин мира) даурықпасынан басы-бәсі биік. Артығын сұра-маймыз. Алланың – ұлының, барша ақыл иесінің сыйы өйткені.
І. Алаш көсемі Әлихан
Ә.Бөкейханов – тарихи мұсылман көсемі.
Исмаил Гаспринский
Алаш!
Алланың түзу назарындағы. Атақ-абыройдан құры қалмаған. Алаш жолы 1905 жылдан һәм бұған I орыс революциясының түк те қатысы жоқ. Автономия – дамудың даңғыл жолына балама ұлттық мәртебе; 1917 жылы ғана жарияланды деп пашпыртын кішірейтіп жаза бергенмен ешкімге жақсы көрінбейміз. Алаш жолы – ағартушы-лық. Ағартушылық ана тілінде сөйлеу, төл ақыл-ойыңды баулып тәр-биелеу. Анаған-мынаған біресе жуанжұдырық орыс жұмысшысына, тағы бір аунап жастүркіге, жасбұқарлыққа сүйрелеудің мүлде қажеті жоқ. Алаш ағартушылығы ешкімге еліктеп-солықтамаған тілдік мәде-ниет, ұлттық ұждан. Ақын-жазушыны жеп отырған наны, күнкөрісіне бола мөңірей беретін дәлдүріш санаудың өзі нағыз ақымақшылық. Ана тілінде тұтас ұлт ойланып сөйлеп-жазғанда ғана біржола тын-шығармыз.
Алаш қаратаяқтары түгелімен бұратанаға арналған орыс мекте-бінде оқыған. Айта кетерлік бір ерекшелігі бар екен бірақ. Алтыға жасы толғаннан ауыл молдасына барады – әуелі медіреседен соң ғана үшкөлге қабылданады. Ал тілмаш болатын жылпос бала приходская (шіркеу) школаның шоқындылары арасында өсетін. Айырма, әрине, жер мен көктей. Алдымен кімге тұшынарсың, соған ғана ұшынарсың.
Алаш оқығандарының ағасы – Әлихан кеудесі көмбе көреген көсем. Абыз. Артық-аспайсыз тарихи мәдени бағасы осы, өйткені төл ұғымдағы абыз – ұстаздардың (мұғалімдердің) пірі.
Ағыс өз жолындағыны алысқа әкетеді.
Алланың жолы – һақ жолы.
Алаштың жолы – ұлттық намыс һәм мәртебенің тура жолы. Арыны қалай. Аңсарым осылай аумақ. Ағартушылық та мұсылман-шылық һақынан сірә аунаған емес. Алаш танымын діндік, нәсілдік ор-тасынан бөлек қарастырудың өзі басы артық білгірлік. Аусарлықты қойсаңызшы отаршылдың етегіне тығылған. Алаш феномені дегеніміз не?
*айналасы қырық-елу жылда (1864-1905) Ресейдің екі-үш ғасырлық мәдени тәжірибесін төтен көктеп Ауропамен теңесу, ғылымының, саяси құйтырқысының бүге-шігесіне дейін қанығу.
* Алаш әдебиетінің атасы Абай һаким 1905 жылға жете алмай, сәл ал-дын дүние салды. Ақыл-ойымызды Шоқан, Абайдан артық ауростандарт-қа тәрбиеледі деп әлдекімді нұсқаған тағы да әбес.
* ал 16-жылғы қанды қырғынға ұласқан қарсылықты революция деп дабырайтуға өзім де қарсымын. Аусарлық (қанды қасап, төңкеріс) бізге қол емес.
Абайдың бұл араға қатысы қанша! Ахмет атамыз онда несіне «қазақтың бас ақыны» деп мақала жазды. Айтарым осы. Ақыл-ойы-мыз ұлттық болмайынша бәрі бекерлігіне сілтеген Әлихан үрдісіне қайта-қайта оралып соғармыз. Апырақтамасақ, әрине.
Алаш танымының түркішілікке ден қоймағы табиғи талпыныс. Алғаш бекзат Сабехеддин төңірегіне топтасқан жастүркілер жергілікті басқаруды өз қолына алуды көксеген. Ақ нәсілді билеуге тиісті дүние осылай дүрлікті. Айтулы мектептері:
* әзерилік
* мизанли (тарихшы, «Мизан» журналының редакторы Мурад бек төңірегі).
* бұқарлық
* қазанлы
Алаш айбозымдары – Әлихан, Ахмет, Міржақып олардан әсте қалыспаған. Ауроцентризмге қарсылық әр жерде әркім өз әлінше осы-лай бой танытты. Азғырушы ібіліске. Азбан отаршылық іліміне. Апай-төс метрополияның зәре-құты қалмады. Арий теориясын дереу күйіт-теген пангерманизм отқа май құя түскен. Алаңдауға негіз жетерлік. Ал орыс революциясы жау жағадан алғанда бөрі етектеннің кері отар-шылдықтың өз ішіндегі алауыздық. Ажырамас достардың арасына түсті. Ақшаға сатылған жалғансәйид Әнуар паша бұрынғы жан досы Ататүрікке атыла кетсе, қайдағы жастүркілік шарапаты?
Алаш көсемі не дейді: «Тарих – түзу жөнді үйретуші деп айтады. Тарих халықты түзу жөнге сілтеуші болса, оған дүние де түзушіліктің кітабы. Тіршіліктің жолбасшысы деуге болады. Келешек күннің қандай бол-мағын білуге анық құрал бола алады» («Қазақ» газеті №2 1913 ж. «Қазақ-тың тарихы» мақаласынан).
Ағартушылыққа қарсы амалдың ең сойқаны да ұлттық намыс болатын. Айталық жалғансәйид Әнуар пашаның тегі гагуаз. Аярлық Түркі арасына осылай ұйысты. «Қазақ ішінде әр үйдің отағасы, әр ауыл-дың ақсақалы тұрған бір шежіре, бұрынғы өткен-кеткеннен естігені мен білгені болса соның бәрін кейінгі жастарға айтып отырған. Бірақ ел ішінде жүрген шала молдалар, тарихтың не екенін білмейтін надан қожалар та-рих десе екі құлағы тік тұрады. «Тәңірі, тарих неге керек?! Ол не айтады дейсің? Әшейін ертегі, өтірік қой. Құдайдың бұйрығы емес, Мұхаммедтің сөзі емес, оны оқып білу не керек? – деп аңқау елге арамзалығын қылып жұрттың көңілін тарихтан суытты».
Арапшы кім? Азуы алты қарыс. Ақшасы бар, басқасы бар. Ақы-лы бар, ең бастысы. Адамның осал тұсын жазбай таниды. Атаққұмар, мәнсапқұмарды қармағына қалай да іліп шығады. Аярлық дінқарын-дасты майы қызған табада шоршытып шыжғыра салады. Арамзалық болатын панисламизм, пантюркизм. Арандап қалдық. Арасынан шы-найы дін ғұламасын табуың қиын. Айттық Әнуар паша жалғансәйид-ті. Атаулы ағым панисламизмнің негізін қалаған Мұхаммед Сәйид Жамал ад-Дин түрік сұлтанының кеңесшісі, уәзір. Ақылшы неме ка-толик папасының жансызы, әсілі поляк.
Ағылшын, неміс те жансызын жұмсауға ақшасын аямай Орта Азия түркілерін түрік сұлтанына ғана бағынуға үгіттеді. Алаш ағарту-шылығын дұрыс танып-түстейміз десек, үйренеріміз бастан асып жы-ғылды. Атышулы Исмаил Гаспринский қырым татарлары мырзасы-ның ұрпағы; 1893 жылы Бұқар, Самарқан, Ташкент шәрлерін аралап, елдің оқыған-тоқығандарымен кеңесіп, Бұқар әмірінің қабылдауында болды. Ай-шай жоқ өз ұстанымын тықпалаған. Атақты «Русское му-сульманство» еңбегі шағын болғанымен терең мазмұнды. Абайлайтын тұсы да жетерлік: «Орыс өктемдігі мұсылмандарды прогресс пен өрке-ниетке әсте жеткермейді, сондықтан Ыстамбол, Смирна, әл-Каһира, Да-машқ, Тунис т.б. сынды азиялық орталықтарға қарап бой түзеуміз керек» дейді.
Апырақтаған Бұқар бұл жолға ес-түссіз құлай кеткен. Азар-безер ала қаштық басымызды Бұқардан. Айталық. Игілік би, Қожа Ахмет Йассауи. Алашшылдардан Шоқан, Әлихан, Нәзір... Алауыздық па ол айтқан?
Арапшы ма біз айтқан? «Бұрынғы бабаларымыздың басынан кеш-кен жақсы-жаман қандай бір оқиға бар болса, оның бәрі де өткендегі бір істің нәтижесінен туған болады. Тарих оқысақ, оның сөзін оқысақ қандай істен нендей нәтиже туатынын анық білетін боламыз. Жақсы істен жақ-сылық, жаман істен жамандық тумақшы.
Бұрынғының «не ексең соны орасың» деген сөзінің терең мағынасы осы. «Құдай не жазса, соны көрерміз» деу соқырлықтың белгісі, тағдыр жазғаны болар деу – ақымақтың белгісі».
Ағартушылықты алға бастырған Әлихан қазаққа керегін ғана қағыстырып мәдени байытқан терең ойлы мемлекеттік қайраткер. Азаттық жолындағы күрес өз тынысын тым тереңнен алуға тиіс: саясатта, мәдениетте, тарихи танымда болмасын. Авторлық тұғыры бөлек Мұстафа Лүтфи Измайлов «Шура и Исламийа» негізіне жер-гілікті өзін басқару тетіктерін бір орталыққа бағындыруды таңдағанда оны Шәңгерей Бөкеев, Бақытжан Қаратаев қызу қолдаған.
Ақшора Жүсіп, қазанлы мектебінің басшысы, либералдар мен Думадағы мұсылман фракциясының арасын жарастыруға барын ая-мады. Аталмыш фракцияның бюро құрамына Сәлімгерей Жантөрин, Әлихан, Мұстафа Шоқай енген. Алаш көсемінен тапсырма алған Барлыбек Сырттанов «Қазақ елінің уставын» дайындады.
Автономия – Думадағы мұсылмандар фракцияның ынта-ыжда-ғатымен дүниеге келген, «мұхтарият» – мұның өтеміне жүре қой-майтын жасық термин. Айта кетерлігі жалғыз мұсылмандікі емес, Ре-сейдегі барша ұсақ ұлттардың көкейкесті арманы. Апанға құлатпа-йық. Арзанға айырбастап кетпелік. Ақыл жамаған Әлиханды тыңда-сақ: «Егер тарих оқысақ, пайдасы бар істің қандай екенін біліп, соны істемекшіміз. Зарарлы істен қашпақшымыз. Бұрынғының оңды ісінен үлгі алмақшымыз.
Осы күнгі істеп жүрген ісіміз,қылған жұмысымыз, мінез-құлқымыз, сөздің бәрі кейінгілерге тарих болып қалады. Кейінгілер ғибрат аларлық үлгі қалдырып алғыс алармыз ба? Жоқ, далаға лағып жөнсіз кетіп қарғыс-лағ-нет аламыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс».
Алаш мәделін, мәдениетін жерге ұрдық. Астамшылықпен атып-асты. Артынан қаралап жағы талмай сөз таратты. Ақыл-ой мұндай-мұндайға жасымаса керек. Ақшасы ақылынан айнытқан бүгініміз де. Айқайлауық мәдениет келді: Аллаһқа, Аллаһтан. Аластаған бүгінгінің неомладотурктері не тантып тұрғанын өзі де білмейді. Аллаға, Аллама мадақ, Алладан раһмат дегенге, жылқы етін жегенге ешкім мұсылман-шылықтан шығып кетпейді. Атау септігінде Аллаһ (әл-Илаһ) мақұл делік. Алайда қазақ тілінің үндестік заңында (сингармонизм) ешкім күнәһ, панаһ, дәргаһ т.б. деп сызыла бермейді; жасанды (протезе) «һ» сөз басында (һәзірет, һауас/әуес т.б.) һәм сөз аяғында өздігінен түсіп қалып сөз ортасында ғана (Иллаһим) сақталады. Ана тілімізді аямау, аяққа таптау; орыс тілінен енген терминдерде (фестиваль, пароль т.б.) де жалғау жалғанғанда жіңішке протезе түсіп қалады емес пе: Кре-млдің, фестивалде т.б. Араб-парсы, эллин, пехлевиден сіңіскен «ф» жіңішкелік айырымы да Түркі емлесіне сай п/б алмастығына жол береді.
Фараон – перғауын
Босфор – Боспор
Форси – парсы
Фатва – пәтуа, бәтуа
Шариф – шәріп т.б.
Аңғал ақылдым не дейді: Кремльге, фестивальға. Апырақтама орысша сауаттым, мынаған қара: Кремлевские, фестивалю т.б.
Алаштың тілі мен діні таза, жаны нәзік.
Алашын аямаған кім? Атасын арбаға таңып сабаған, әрине, атақ-ты Павлик Морозов. Анасының тәрбиесімен сіңіскен. Атасы қартайып мал таппаса, құрыса тамақ жібітер әкелмеген күні қуып шығады. Алаш оқығандарына да өтірік кешірім жариялап, сәбет үкіметін орна-туға көмегін ап, сығып-сығып болғасын әрнені бір сылтауратып ата салған жоқ па... Ағартушылық саяси технологиялық білімнен, эзоте-риядан (метафизика, мистика, окультизм) һәм экзотериядан (гео-саясат, мәдениет) мүлдем бөлек ішкі мазмұн, жан дүниесі.
Алғыр Әлекең айтқандай: «Тарих не айтады» десеңіз оның айтары мынау: Біздің бұрынғы бабаларымыздың кім екендігі, олардың дүниеде не істеп, не қойғандығы, қандай қуаты барлығы, ол қуатты не орынға жұм-сағандығы, істеген ісінің қайсысынан пайда, қайсысынан зарар көргенінде, бұрынғы бабаларымыздың досты, дұшпаны кім екендігі, не себептен бағы тайғандығы және соған ұқсас қатердің барлығынан тарих сөйлеп түсін-діріп тұрады».
Алаштың жолы ауыр қалыптасты. Айдалада ақ отау, аузы мұр-ны жоқ отау дерлік. Айна-қатасыз жұмбақ. Абдыраған ақылымыз әркімнің көңіліне бір қарапты. Айта алмаған. Арий – пангерманизм. Ас, алан – панславянизм; жапон танымы – паназиатизм, Латын Аме-рикасының танымы – нуэстоамериканизм т.с.с. Айналамыз толы «изм».
Алаш ағартушылығы – қазақи таным; ауростандарттық мәдени өлшемге бәсекелес ғаламдық сана; Шоқанның ғылымда, Абайдың поэзияда, Әлиханның қазақ мемлекеттігіне салған сара жолы. Арғы атасын, төл болмысын әлпештеген, дінін, нәсілін жатсынбаған бауыр-мал. Алты құрлыққа өз ақылы – қазақи танымымен қараған мәдени атрибут. Ана сүті таңлайына татыған тілде ғана сөйлейтін де жазатын һәм ойлап-толғайтын. «Алаш орда» автономиясын қазандыққа, түр-кістандыққа, батыс-шығысқа бөлшектеп арам тер болмайық. Арап-шыға, әне, сонда арбаламыз һәм жем боламыз.
Ағартушылықтың эзотериядан басы биіктігін бекер ежіктемедік. Алдымен ұлттық мәдениет, қалғаны, дінқарындас та, нәсілқарындас та өздігінен үйіріле кетеді. Алғыр ақыл-ой. Алдын дұрыс болжайтын, өткенін жеті өлшеп, бір пішетін. Алаштың Әлиханы жүріп өткен жол.
Алаш жолы – Ақ жолы анықтамасына тоқтала кетейік:
Ақ алаң (елең‑алаң) – сібірлеп атып келе жатқан таң.
Ақ – ағарған, мал сүті. Аздық етер.
Ақ – бар мен жоқ (бытие‑небытие), пайда болу мен жоқ болу (возникновение и исчезновение), өмір мен өлім (рождение и смерть).
Ақылы басқаның иті қара қасқа. Аталы сөз, қараңыз онда:
Аккад тілінде «ақ» – ад, сын ада (тозақы).
Ал Ұрым шіркеуінен үйреніп шоқынған елдің санасындағы «ақ» (белый) – небәрі әйел баласы (женщина),ұрғашы /ұрығ башы.
Аталық салтына берік Далада ұрығ башы (мұны кез келген ру танымы дәлелдемек). Ауылдағы шал‑шауқанның сөзге келмейтін ашуын неге түсінбейін. Алдындағы әлпештеп өсірген ұл‑қызын «қатынның баласы» деген не сұмдық! Ақымақ қызғаншақ ғана ма? Ата жолынан айнымаған адал ма? Ақшұнақ шал‑шауқаным‑ай... Абай-ламақ ләзім. Аузыңа түскенін, ойыңа келгенін айта беру жараспайды. Ата‑бабаң жолынан артық не бар деп ең. Ақыл‑ой азаттығын көксесең.
БҰЙҰҚ ТҮРКІСТАН
Түркістаншылдық ағым ғылыми әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында болмасын панисламизм мен пантюркизм ағымымен байланысты біржақты қарастырылып келді. Мұның басты себебі түркістаншылдық идеясының авторы һәм көсемі Мұстафа Шоқай
есімін ататпаған қараулықта.
Мақсат-мұраты – Түркістан өлкесін, Дала өлкесін, Бұқар мен Қиуаны, сондай-ақ Қашғарда дінге арқа сүйеген ду көтеріп дабыра тұтату. Ендігі мәселе, өздерін «түркі», ішінара «түркінің шығыс қанаты – өзбек» дегенді ұнататын бар. Орта Азияда ХХ ғасыр басында өз принципіне арқа сүйеген қилы қозғалыстар қаптап кетті. Мұнда Орта Азияның байлығына қызыққан сырт күштердің ықпалы зор. Пангер-манизм мен панславянизм тартысы ағылшын ықпалы мен өздері пан-тюркизм деуге ұйғарған жергілікті дербестіктікті тұншықтыруға ты-рысқан. Осылайша неміс және орыс ағартушылығы арасына жік түсті.
Мұның дәлелін салғаннан ағымның «Великий Туркестан», «Ве-ликий Туран» атауларынан-ақ аңғаруға болады. Мұның баршасы «Ве-ликая Булгария» сыңары. Атауды кім ойлап тапса ақыл-ойы соныкі! Қарапайым-ақ нәрсе. Алаш Ордашылдар, Түркістан автономияшы-лары, міне, осынау шіркеулік «величиеге» қарсы күресті. Ұлтын шір-кеудің шатақ ойы мен шатпақ терминдік ұғымдарынан арашалауға. Алаш ақылының Шығысқа бауырмалдығын осыдан аңғаруға тиісті ек. Алайда бізден бұрын қимылдап ақылға үстемдігін жүргізген мен тілге ерме ұшынбаның ұр да жықтығы жеңіп кетті. Түркістанда түркі-тектестер слаянтектестерден саны кем соқпағанына һәм жергілікті еке-ніне қарамастан жеңіліп тынды. Міне, сізге ақылдың баянсыз білімнен артықшылығы, қарапайым ұлтшылдықтың «возвышенное величие-ден» озықтығы!
Алаш Әлиханы, И. Гаспринский, М.Султангалиевтың ақылы мен көсемдігі Күнкөсем мен Мұртты жәкемнен әсте кем соқпайтын. Қара-пайым ұлтшылдардың бауырмалдығы да артық. Түптеп келгенде боль-шевиктерді жеңіске, үкімет билігіне, үстемдікке жеткерген жұмысшы-ны жұмылдырған қалың қатары мен саяси сауаттылығы.
Жалғыз қаріпке бола неге қырқыспасқа. Мағыналық қатпар қыр-тысқа толы болғасын. Ұлық – әскери лауазым емей немене. Еліңнің өзі Түркістан жандарал-губернаторлығы болғасын. Осының қай жері мұ-сылманшылық? Әскери атауды «величиеге» аударғанмен бәрібір дітіңе жете алмайсың. Басқа адасқаққа – дүбәраның саңына түсіп кетесің. Сонда кім сауатты – Алаш па, бәлшебек пе?
Большой Туркестан – Бәлшебек Түркістаны десек те бір сәрі. Бұ-рындары осындай жөндем сауаттылық болатын. Бүгінде бәрі «вели-кийге» күрт құмартып алған. Қыр танытар қара орыстықтың икем-сіздігі. «Туркестанец» терминіне де жеттік. Алашпен біте туысқан һәм бірге жоғалып кеткен; бүгінгі әсіребілгіштеріміз жаппай «өзбекке» жатқарған. Қоқан автономиясы қолды болғаны аздай Түркістан авто-номиясын да «мұхтарият» деп дәніге бастаған. «Туркестанец» атауына талдама-анықтаманы алғаш Әнел Нәзірқызынан 2002 жылдың қазан айында Мәскеуде есіттім.
Тың пікір дегеніміз не? «Менің ойымша», «мен айтсам», «мен біл-сем» деген өзімшіл әпербақандық бұған жата қоймаса керек. Өйткені өз басым ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында өмір сүріп, түркістандық-тардың бел ортасында қоян-қолтық араласып жүре алмаған. Сондық-тан өзімнен ілгеріге сүйеніп ой тарата аламын. Сүйенгеннің жөні деп те сүріне кетпеймін. Плагиаттан бой қашырту дегеніміз осы соңғысы,
біреудің сойылсоғарына айналмайын десең дұрысы.
Жәдит. Қорқытып-үркіткенді қоймақ ләзім. Бұл ХХ ғасыр ба-сындағы мұсылмандарды біріктіретін интеграциялық жоба. Оқу-ағар-тудағы жаңалық.Қызылбасқа жәреукеБұқар әмірлігінің, Қоқан хан-дығының һәм қожа-молдаларының, рисалаларының қолынан келмеген жергілікті білім-ғылым.
Түркіқарындастық. Жалаң діндарлықтан біртіндеп бас тарта бастаған жергілікті құбылыс. Сұлтан билігінен жалтарған жастүріктер, әмірден зәрезап жасбұқарлықтар. Сондай-ақ отаршылдық тәртіпке қарсы бас көтерген татарлар мен Алаш ағартушылығы. Бұлардың бә-рін бір жерге топтап басын былғау әсте надұрыс . Өйткені осының өзі бір оқпен қос қоян қаққан қызыл отаршылдыққа қолай әдістеме.
Алаш ағартушылығы. Қазақтың қамына бүгілгенде жәдитті де, түркіқарындастықты да тың өріске, жаңа биікке көтерген феномен. Ерекше сауатты этномәдениет. Мәселен, автономияшыл Нәзір Төре-ғұлұлы «шығыстану» деп ширатылмай-ақ Шығыс саясаты дейді. Ме-ніңше дұрыс, өйткені соғыстан, саясаттан қолы босамай жатқан елде қайдағы шығыстану ғылымы?
Орталықтың оқымыстылары не дейді екен, осыған құлақ ассақ. Мәселен С.Червонная пікірінше: «Үлкен Түркістан» ортаазиялық (түр-кістандық) ұлтшылдықтың саяси идеалы. Ресей империясының Түр-кістан мен Дала (Сібір, Омбы) өлкелерін және Бұқар мен Қиуа хан-дықтарын тұтас қамтуға тиіс болатын. Бұл елдердің элитасы өзін «түр-кі» дегенді өлердей ұнататын». Қызығы сол, Червонная өзбек және тә-жік ұлтшылдығының қалыптасуына тән беруші ғалым. Өзімнің қай ұлттың жоқшысы екенімді тәптіштеуім артық. Соның өзінде беделиесі ғалым С.Червонная 1917 жылы жалғыз «Түркістан» жобасы болғанын қазықтай қағып санаға сіңіріп отыр:
* «Үлкен Түркістан» жобасында ешбір этникалық және тілдік мінез-демеге жолықпайсыз. «Түркі» болу тек түркі тілінде сөйлеуді білдіре ме? Түркістанды айтпағанда Қаптауы, Қаратеңіз жағалауы, Еділбойлық диалектерді қайтпекпіз. Өз басым түркі тілдерін емес, «түркі диалек-терін» жақтаймын.
* 1917 жылы ешкімнің ойына «Өзбекстан», «Тәжікстан» жобасы кіріп те шықпаған. Бұл ой Бұқар хандығы құлаған 1920 жылдың қыркүйе-гінде туса керек. Ой тастаған жасбұқаршылдар көсемі Файзулла Ход-жаев, 1924 жылдың 7-қарашасынан кейін Түркістан совнаркомының төрағалығын Тұрар Рысқұловтан тартып алған ол 1925 жылы Өзбек ССР-ін жариялауға қол жеткеріп, билігін нығайтты. Қызығы сол, Тә-жікстан сол жылы Өзбекстанның құрамындағы автономиялық облыс, төрт жылдан соң жеке республикаға бөлініп шыққан.
Жалпы, ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы Орта Азиядағы ұлттар саясатының тарихы дербес ірі зерттеуді талап етеді. Өкінішке орай бұл мәселе истпарт әміршілдігінің ізімен жазылып келеді. 1917 жыл-дың ақпанында ақпатша билігі құласымен «Ұлық (бұйұқ) Түркістан» идеясы дүниеге келіп белсенділігі күрт артты. Көктемде «Шуро-и Исламийа» (Ислам кеңесі) партиясы алғаш рет бүкілтүркістандық мұсылман сиезін шақырып, онда уақытша үкіметтің Түркістан өлкелік мұсылман Кеңесін құрады. Орыстілді деректердегі үшбу муссовет төр-ағалығына Мұстафа Шоқай, хатшылығына башқұрт ұлтшылы Ахмет Зәки Уәлиди сайланады. Бұл екеуі де сол кезде социалистер болатын, өлкелік муссовет мүшелері Түрккомитеттің құрамына енді. Жастүркі-стандықтар «Түркістан – түркілер елі» деп желпіне жөнелді. Түркілер елі, әлбетте, жалғыз ұлттың тиемелі емес.
1917 жылдың жазында Муссоветтің ұлтшылдық саясатына мән бер-мейтін «Шуро-и Уломо» партиясы құрылды. Жаңа «Ғұламалар Кеңесі» партиясының көсемі де қазақ зийалы Сералы (Шер Али) Лапин тек Ислам құндылықтарын дәріптей бастады. Күзге қарай күш ала баста-ған бұл партия қыркүйек айында Ресей құрамында «Түркістан федера-циялық республикасын» құруды өлкелік мұсылмандар сиезінде тал-қыға сап мәселе көтеруді қажет деп тапты.
Қараша айының басында Түрккомитет биліктен шеттетіліп оның орнын Түркістан өлкесінің Совнаркомы басты. Сол айда Қоқан қала-сында төтенше шақырылған төртінші өлкелік мұсылман сиезінде Ресей құрамында «Түркістан автономиясы» құрылатынын жариялады. Үкі-мет басына эс-эр Мұхамеджан Тынышпаев келді, ол қоқандық емес, жетісулық қазақ. Кейіннен оны Мұстафа Шоқайдың өзі алмастырды. Мұстафа үкіметінің орынбасарлығына социал-демократ Шагиахметов, қаржы министріне жүһүт С. Герцфельд сайланды. Сондай-ақ үкімет құрамының үштен бірін орыстар құрады.
Бір ықшамдалып алайық. Туркестанец – түркістандық идеясы қа-лай қалыптасқанын, оған нелер итермелегенін анықтадық. Бұл оқиға-ларға Нәзірдің әл-әзірге қатысы жоқ. Ол Батыс майдандағы мұсылман жастарын елге қайтарған эшелонды бастап келгенде Самарқандағы бір досының үйінде жатып үгіт-насихат жұмысын жүргізуде. Бәлкім, Әли-ханның құпия тапсырмасымен. Қысқасы, Қоқандағы, Ташкенттегі оқи-ғалардың басы-қасынан табылмайды.
* Түркістан ұлтшылдығы бөлек, өзбек, татар, қазақ т.б. ұлтшылдығы бөлек. Ең алдымен пысықталуға тиістісі осы. Түркі ұлтшылдығынан көңілі қалған Мұстафа Шоқай Түркістан қаласында автономия құрмақ болғанымен аттылы казактар отряды оны күшпен таратып жіберді.
* сәбет идеологиясы бізден мұқият жасыратын бір нәрсе – түркі балаларының бір біріне білмегенін үйретпек болған бауырмалдығы. Червонная бола ма, Золотая яки Серебрянный бола ма мұндайды сізге өліп бара жатқанымен айтпай бүгіп қала бермек. Ұлттық ақылға, са-раптама-талдауға өзің жетпейінше бәрі де бекер. Ожау сабынан қа-рауылдау бейдауа дерт.
* 1918 жылдың сәуір аяғы-мамыр басында жарияланған «Түркістан сәбеттік автономиялық республикасы, күзде қабылданған конститу-циясы таптық көзқарасқа негізделіп ұлттық, діндік тортасынан айыр-ған жан-жақты сараптамадан өткен быламық автономия. Уақытша бет-перде екенін алты жылдан соң тарап кеткен болмысынан таный жа-тарсыз. Өліспей беріспеген қазақ автономияшылары – түркістандық-тар болмағанда бұл да бір елеусіз өте шығатын науқан.
***
ХХ ғасыр басында Түркістанда әр қилы қағидаға сүйенген қиқым
коалициялар қаптап кетті. Олар өзара бәсекелестікте тірі қалу үшін қырқысып, жоғалатын немесе бірін бірі жұта салатын. Түркі болу түр-кі тілінде сөйлегенді білдірмейді. 1917 жылы Өзбекстан, Тәжікстан жо-балары болмаған, олар 1920 жылы Ресей империясы құлап билікті бәлшебек қақшып кеткенде барып орныққан. Бұл Орта Азия ұлтта-рының пайда болу тарихы. 1917 жылы патша құласымен « Үлкен Түр-кістан» жобасын жүзеге асырмақ ұлтшылдар қызу қарекетке кірісті.
Қарашада билікке жеткен бәлшебек Түркістан комитетін билік-тен шеттетті. Сол жылдың қарашасында Қоқанда шұғыл шақыртқан
ІV мұсылман сиезі жәдитшілдердің, басқаларының қарсылығына қа-рамастан Түркістан автономиясын жариялап жіберді.
Түркістаншылдық осылай жүзеге асып өмірге келген, 1918 жыл-дың ақпанында құлатылды. 1920 жылы Түркі сәбеттік республикасын құрмақ Т. Рысқұлов жобасы да «Үлкен Түркістан» бағдарламасы са-налады. Өлкелік партия конференциясында ашық айтылған мынаған назар жығалық: «татар, қазақ, башқұрт, өзбекке т.б. бөлініп ұсақ рес-публикаларға айналғанша РСФСР құрамына енбейтін түркі халықта-рының барлығы да Түркі кеңестік республикасының төңірегіне бірік-сін». Бұл жобаның қай бір артық ерекшелігін сол заманның тарих-шылары да мойындаған. Алайда М.Фрунзе басқаратын Түркістан ко-миссиясы бұған үзілді-кесілді қарсы тұрып, түркістандықтарды ұлт-тық территорияларға бөлуді ұсынады. Орталық асықпаған сыңай та-нытқанымен жазда күнкөсемнің өзі Түркістанның этнографиялық картасын Узбекия, Киргизия (Казахия), Түркменияға бөлшектеген атақты резолюциясын жазады. Бірақ сақтық ойлап тоқтау салынды да, ТССР РСФСР құрамына жатқарған жаңа конституция қабылдады.
1920 жылдың қыркүйегінде Бұқар хандығы құлады. Бұқар рев-комы болып А. Мухитдинов, нәзірлер кеңесінің басшылығына Ф.Ход-жаев сайланды. Бұлар әр қилы солшыл жәдиттер болатын. Жастүрік-шілдер реформасына ден қойған оларға түріктер, татар-башқұрттар жабыла көмектесті. Алайда, Бұқар орталыққа айнала қоймады. Бұ-рын бәлшебектер өз жағына тартқан Әнуар паша, А. Уәлиди басма-шылар жағына шығып кетті. Осыған бола Уәлидиді бас-көзсіз жазғы-ра салу әбес. Ол құрған «Түркістан ұлттық одағы», немесе Түркістан ұлттық федерациясының бағдарламасында «Ұлттық тілдің, діннің, әдебиеттің, салт-дәстүрдің бірлігіне арқа сүйейді», «Түркістанның түр-кі емес халықтары да азаматтық құқыққа ие, олар түркілермен қатар Түркістан мәдениетіндегі түркі элементін күшейтуге ұмтылатын бо-лады» делінген. Мұның қай жері оғаш, несі әбес?
Әнуар паша кәделі әңгіменің өзегіне татымайтын авантюрист.
Басқасын айтпағанда оның ұлты гагауз, ендеше оның сәйид, яки ата-анасының түркістандық екені де ойдан шығарылған арзан әңгіме.
Бәлшебектер басмашылар қарсылығының идеологиясына жат-жұрттықтардың ықпалы күшейгенінен қатты қорықты. Өйткені сат-қындар қатары арта түскен. Бұқар республикасының ЦИК төрағасы У. Пулатходжаев, әскери министр А.Арифов, 1- Бұқар әрмиесінің коман-дирі М. Кулмухаммедов т.б. басмашылар жағына шығып кетті.
1923 жылдың жазында Мәскеуде бірнеше кеңес өтіп, онда сөз ұстаған Мұртты жәкем Т.Рысқұлов, С. Қожанов, Ф. Ходжаевты басма-шылар белсенділігіне дем берушілер деп айыптады. Бұқарда тазар-ту жүріп көрнекті жәдиттер оқу-ағарту министрі Ә. Фитрат, сыртқы істер министрі А. Пулатходжаев, финанс министрі С. Ходжаев т.б. қызметтен қуылады. Бұқарға осыдан соң тәжірибелі сәбет қызмет-керлері көктен жауды .
Осының салдарынан 1924 жылдың басында РКП (б) ОК Түркі-станды ұлттық-территориялық бөлшектеу мәселесін қайтадан көте-реді. Сол баяғы әләуләйлім – Түркістанға енді Бұқар мен Хорезмді қосақтады. Бұл әсте жаңалық емес, бұрыннан Украинада, ішінара Еділбойында, Қаптауында бәлшебектер жүзеге асырып үлгерген. Ор-та Азия -- бәлшебектер көптен күткен Шығысқа салынатын көпір. Сыртқы саясаттағы алтын жіп. Ең бастысы Англияға бәсекелес болу. Сәбеттік Ресейдің халықаралық кеңістіктегі көмекшісі ұлттық идео-логия – экспорттық тауар болатын.
Межелеу жобасындағы басты мәселе Кіші Түркістан атанған Өз-бекстан. Анығы мынау – Өзбекстан жер көлемі жағынан бұрынғы Түркістан республикасынан әлде қайда артық һәм бұл жәдитшілдер-мен астыртын мәміле болатын.
Өзбекстан жобасын құру – түркістандықтар (әсіресе қазақ зий- алдары) арасындағы түркіқарындастық идеясымен күрес тәсілі (Чер-вонная).
КИПС ҚҰПИЯСЫ
Ресей Ғылым академиясының 1917 жылдың 14-ақпанында өткен жалпы жиналысында «Комиссия по изучению племенного союза» (КИПС) ұйымы құрылады. Олар алғашқыда Литва, Польша, Галиция, Буковина елдерін, кейіннен өзімен шектес Кіші Азия, Әзербайжан, Күзей Парсы елдерін зерттеуге құмбыл кіріседі. Комиссия төрағасы С.Ф.Ольденбург, құрамына мүйізі қарағайдай алты академик А.А. Шахматов, М.А.Дьяконов, Н.Я. Марр, Е.Ф. Карский, В.В.Бартольдт, В.Н.Перетц енеді. Бұлардан тыс орыс антропологиясы қоғамынан Ф.К. Волков, С.И. Руденко, неофилологиялық қоғамнан А.Д. Руднев, Л.В. Щерба, этнография бөлімінен Д.А. Золотарев, Н.Г. Могилянский ша-қырылды. Сол жылдың 1-сәуірінде КИПС бүкіл Ресейді түгел қамтуға шешім шығарады. Комиссияның жаңа құрамы 18 оқымыстыдан сай-ланып, төрағалыққа Ольденбург, орынбасарлыққа Шахматов, жауап-ты хатшылыққа Руденко бекітіледі. Нақты жүктелген міндеттер мына-лар:
* этникалық карталар түзу, оларға түсініктеме жазу.
* Ресей халықтары туралы очерктер жазу.
Комиссия жұмысы жүйеге келісімен 1919 жылы оның ауропалық, қаптаулық, сібірлік, түркістандық бірнеше бөлімдері құрылып, ал 1925 жылы картографиялық бөлім ұйымдастырылды.Атағы жер жарған академик Бартольдт Түркістан (Орта Азия) бөлімін басқарады. Өз басым түркітануды отаршылдық ғылымы санайтыным құпия емес.
Сәбет үкіметінің бұратаналарға аталық қамқорлығы, көзімізді ашқан мәдени шарапаты осы. Бұлай жору әзірге емі табылмаған бала-лық ауруы. Бәлкім, шежірешілеріміз қуанып та қалар. Түркістан бөлі-мінің жұмысында белсенділік танытқан И.И.Зарубин, А.Б.Пиотров-ский, Ф.А. Фиельстрат. Осы бөлімнің қызметкерлері С.Д. Чуракова, К.В. Вяткина Торғай, Ақмола, Семей облыстары үйездерінде этника-лық карталар түзіп қайтады. Ал 1926 жылы бөлімнің ғылыми қызмет-кері А.Л. Троицкая арнайы іссапармен ел аралап әдеби дереккөздері бгойынша Түркістан өлкесінің картографиялық материалын зерттеген.
г КИПС жұмысы, қысқасы, ХХ ғасырдың 30-жылдарында сәбеттік этнографияны дамытуда аса елеулі рөл атқарыпты. Дәл осылай шыр-қау баға беріліп келген. Қазақты, түркіні рушыл көретіндердің мұнысы несі? Комиссия жұмысы тереңнен ойластырылып тұтас ілімге айнал-ған. Сәл-пәл түзету немесе сын айтқанға шатынай қарсы шығып тұтас руды «халық жауына» айналдыру түкке тұрмайтын. Мәздем қулыққа керегінің өзі осы.
Ұлттық сана – мәдени-тарихи қоғамдық фактор. Халық жадында терең із қалдыратын даму өткелдеріне кешегі сарынмен бұлай жеңіл-желпі қарауға болмайды. Қазақтанудағы кедергілер мыналар:
* сәбеттік таным мектебі қалыптастырған стереотип, штамптардан арылмау.
* өзінен бұрынғы деректерді ыңғайына бұрмалап өңдеген Қоқан рисалаларын, ауыз әдебиеті – риуаяттарын «мұсылман мәтініне» жат-қару. Бұлар Дала мәдениетін көз алдыңда тұншықтырған мәдени монстрлар.
* Иран, оған еліктеген мәдени түркі тілдерін «араб тіліне» жатқару, сондай-ақ «ираноязычные» теориясын өгізше сүйрелеу.
* қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен, татарға жіктелмеген мұсылман ті-лін, мектеп-медіреседегі түркілік сауат ашу тәртібін жалғыз «өзбек тілінің әдеби нұсқасы» қанжығасына байлап жіберу.
Мұның баршасы академик Бартольдттің басшылығымен жүзеге асқан орысқолды мұсылманшылық әуре-сарсаңы. Баянсыз білім-ғы-лымның темірноқтасы.
ІІ. Муссовет марғасқасы Мұстафа
Түркістанның дербес ел басқаратын мекемелері мен атқару орган-дары, яғни заң шығаратын парламенті мен іс жүргізетін үкіметі болуға тиіс.
Мұстафа ШОҚАЙ
Түркістандағы мұсылман белсенділігі атқарушы билікті қолына алып, арасына сығалатпай қойған ауропалықтарға қарсы күрес бары-сында қалыптасты. Ташкенттегі Уақытша үкімет комиссиясы өзінің то-ғыз мүшесінің төртеуін жергілікті ұлт өкілдерінен таңдаған. Торғайда-ғы Әлихан Бөкейханов, Жетісудағы Мұхамеджан Тынышпаев комитет-тің осындағы өкілі ретінде Орталыққа бара қоймады. Төрттікке ен-геннің бірі Садри Мақсуди бек мұсылман тағдырын кадет партиясы шешеді деп самарқау тартса, әпісер А.А.Дәулетшин жандарал Куро-паткинге жақын жүріп жоғары әскери лауазымдарда болған түсініксіз жан.
Танымал Зәкид Уәли Тоғанның пікірінше, жандарал Дәулетшин федерация идеясы мен автономияның өміршеңдігіне бола ұлтжанды-лық танытқан сыңайдағы жай өлермен ғана. Тағы бір қызық мінездеме берген М.Шоқайдың айтуынша: «Ешкімге зияны да тимейтін, пайдасы да болмашы, бірақ жөні түзу кісі. Саясатқа қызықпайтын, онымен айна-лыспайтын».
Түрккомиссия жергілікті басқару құрылымын жасақтауға, 16-жыл зардабынан шойырылған экономиканы жолға салып, соғыс шы-ғынын толтыруға, елді жұмылдыруға міндет алған еді. Түркістандағы уақытша үкіметтің басқару органдарын жедел құруға асыққандар 1917 жылдың 9-11 сәуірі аралығында сиез өткерді.Тынышпаев алғашқы үш күннің мәжілісін өткерсе, қалғанын Түрккомитет төрағасы Н.Н Щепкин өз мойнына алды. Тіпті асыра сілтеген социалист Некора: «Революцияны орыс солдаттары мен жұмысшылары жасады. Сондықтан елдегі барлық билік біздің қолымызда, жергілікті халық не берсек те соны қанағат тұтуға тиіс» – деп көсіле салды. Тепсінген немеге Махмуд Беһбуди, Ахмет Зәки Уәлиди, Ислам Шагиахмедов тәуір тойтарыс берді.
Түрккомитеттен, әрине,өлкелік жұмысшы және солдат депутат-тарының кеңесі қалыса қоймады. Тіке тіреске амалсыз киліккен мұ-сылмандар 16-21 сәуір аралығында Түркістан мұсылмандарының сиезін шақырды. Түрккомитет төрағасы Н.Н.Щепкин: «Жергілікті жер-де демократиялық негіздегі өзін-өзі басқаруға еркіндік беріп, ұлттық мәсе-лелерді оңтайлы шешуге» уағда береді. Түркістан өлкесі мұсылман-дарының кеңесіне төраға сайланған Мұстафа Шоқай қат-қабат қыруар шаруаның астында қалды.
Түгендеп көрдік айналасын: «Шуро и Исламийа» дегеніміздің өзі де осы «Мұсылман кеңесінің» қарабайыр аудармасы. Түркістан көп ұзамай бұрқ ете қалды. Тәуелді болғысы келмеген Шепкинге жұмыс-шы солдат депутаттары кеңесінің өктем жұмыс тәсілдері ұнамай қал-ған. Табиғатынан өзі сабырлы кісі. Титтей де ұлттық мүддеге ықыласы жоқтығына қарамастан Щепкин Шоқайға сүйеніп жұмысшы дикта-тына қарсы тұрмақ болды. Түркістан мұсылмандарының қауқарсыз комитетке сүйеніш болғысы келмеген. Тайталаста арасы суып бара жатқан жұмысшы солдат кеңесімен тіресу тым қауіпті. Тең емес еді екі жақтың күші. Тәуекелге бару – өзіңді артық бағалау. Талап-тілегіңе құлақ аспайтын. Тұрпайы қара күшіне сенетін.
Ташкент жұмысшы депутаттары сәуір айының соңына қарай Щепкинге сенімсіздік білдірді, өлкелік кеңес те 6-мамыр күні сенім-сіздік білдірген қарар қабылдады. Түрккомитетті айыптаған ауыр сындар үдей түскендіктен кадет Щепкин кінәз Львовқа «комитет керексіз, оның мұсылман мүшелері мүлдем зиянды» деп хат жазады, отставка сұрап жеделхат жолдайды.
Түркістандағы Муссовет жетекшісі Мұстафа Шоқай Уақытша үкіметтің жаңа құрамынан қауіптенген. Түрккомитет төрағасын жиі алмастырғанмен Уақытша үкімет істі дөңгелете алмады. Тоболин мен Колесов қазан айында бар билікті қолына алысымен өздеріне сеніп келген қарт Наливкинді қуғынға түсірді. Тасырлыққа шыдамаған Түрккомитеттің соңғы төрағасын әйелінің моласы жанында атылып өлген жерінен тауып алған.
Түркістан мұсылмандарының I съезіне қайта оралайық. Төралқа-сы – Мүнәуар қары, С.Лапин, М.Шоқай, Т.Нарбутабеков. «Туркес-танские ведомости» кәзитінде З.У.Тоған дайындаған сиез бағдарлама-сы жарияланды. Тоғанның «Мемлекеттік басқару мен оны ұйымдас-тыру туралы» баяндамасы оқылды. Түрккомитет мүшелері М.Беһбу-ди, М.Тынышпаев баяндамадағы федерация идеясын қорғады, бұған С.Максуди қарсы шықты. «Туркестанский голос» кәзитінің редакторы эс-эр В.Чайкин ұлттық мәдени автономия берілуін жақтап, еркіндік алуымен құттықтады. (Наджот, 23-сәуір 1907ж)
Туасы сиезге тіркелген 150 делегаттың бәрі бірдей ынтымақ та-нытпаған. Тоғанның айтуынша Мүнәуар қары, Убайдулла Ходжаев сынды көрнекті жәдиттер федерацияға сенімсіздікпен қарап, мұны орындалмас арманға жатқарды. Түркістан мұсылмандарының Орта-лық кеңесі осы сиезде құрылып төрағалыққа М.Шоқай, хатшысына Тоған, мүшелікке Мүнәуар қары, Обидхан Махмұд, Махмұдқожа Беһбуди, Абдулла Қожа т.б. сайланады. Тұрғындардың мүддесін қор-ғау, алдағы сайлауларға дайындықты басқару сынды міндеттер қойыл-ды. Тоған жеке тақырыпқа лайықты тұрпатты тұлға: үшбу оқиғалар-дың куәгері һәм теориялық негізін қалаған қарекетшіл автономия-шыл. Тиянақты ең бастысы, оған-бұған бұра тартпайды: «Ғалиасқар Сыртланов, Сәлімгерей Жантөрин 1905-1907 жылдары шығыс түркі ха-лықтарының территориялық автономиялық құқы үшін күресті. Олар-дың көмегімен Ғабдрашид қазы Ибрагимов «Автономия» еңбегін басып шы-ғарды. Мен онда көтерілген идеяларды толығымен қуаттаймын» деп ағы-нан жарылады.
Түркі халықтарынан бөлек поляк, фин, армян, белорус, еврей, латыш, литван, эстон, украин қайраткерлері атсалысқан осынау ағар-тушылық идеясын бас салып 1905 жылғы I орыс революциясына же-тектестіре салуға болмайды. Туралық керек, жуанжұдырық жұмыс-шыға сенің тегің, ұлтың сірә керек емес. Таптық көзқарас қана оның бетке ұстары. Теңдікті талап еткен «Автономистер одағы» 1905 жыл-дың қарашасында ұлты поляк лингвист ғалым, профессор И.А.Бодуэн де Куртэннің есімімен тығыз байланыста.
Тынышпаев одақтың бастамасымен 19-қарашада Петербургта өт-кен автономияшылар сиезінде қазақ атынан жалғыз өзі қатысып сөз сөйлейді. Тілін, салт-дәстүрін, діни сенімін тағылықпен жазалап қу-ғындау арқылы ұлт тәуелсіздігін жойып бүкіл өлкені орыстандыру, екіншіден түрлі ереже, нұсқау, шара арқылы қазақты құқықсыз, заң-нан тысқары тобырға айналдыруды көздеген, үшіншіден ата-бабасы-ның қаны сіңген, сүйегі жатқан мекенінен нәрсіз шөлдалаға ығысты-рып, өлім халіне жеткеруді көздеген халыққа ендігі уақытта автоно-миялық болса да еркіндік берілуін талап етеді.
Түгендейтін несі қалды. Тіреле беретініміз – Ғ. Сыртланов (Сырт-танов), А.Жантөрин, М. Тынышпаев, М. Шоқай, С. Қожанұлы т.б. түр-кібауырластықта қарекеттенген.
Түркістан көп ұлтты болғанымен жалқы діні мұсылман. Түркі-татар сол заманның жік түсірген жексұрын тілдік теориясы, әлбетте, сырттан егілген. Тілін, ұлтын сылтауратып діни бірегейлігін талқан-даудың зымиян амалы. Тереңнен ойласқан. Түпкілікті жеңіске жет-керген.
***
Теміржол ежелгі Йасы қаласын басып өткенімен; мұны тораптар тоғысатын күретамыр болды яки шәрдің шаруасын шалқытты деу әсі-ре мақтан. Түбірлеп көрелік, отаршыл күбірне орталығына Ташкентті таңдады. Түбегейлі ойы Шығысқа ілгерілей беру болғандықтан, оның дұрыс жасалған таңдауына ләм-мим дей алмаймыз. Түркістан, Шым-кент пен Сайрам, Сарыағаш қалаларын өзбектендіру мен Йасы қала-сының атауын Түркістанға алмастыру 1864-1876 жылдардан кейінгі отаршылдық ойынның омыртқа еті. Түпкі мақсаты – Қазақ Ордасы-ның кіндік қаласын шетке қақпайлау, өткенін ұмыттыру. Тоқпақ осы-лай киіз қазықты да сіңіре қақты. Таптаурынға түсіп кеткен тоңмойын өзімізге не дей аламыз.
Теміржол бекетінің отаршылдық әкелген үлгіде бой көтерген ғи-мараттары – бекет, локомотив депосы, саябақ, аурухана, су айдайтын мұнара, демалыс үйі, ішінара қызыл кірпіштен өрілген тұрғын жай-лар оқшау жайғасқан кірменің өз адамдарына арналған болатын. Тіз-гінді осымен тарта тұралық. Тұрағұл Құнанбайұлы, Бақтыгерей Құл-манұлы, Міржақып Дулатұлы сынды алашшыл серкелер 1918 жылдын 5-қаңтарында Түркістан қаласына сау ете қалды («Қазақ» газеті, №255, 1918). Туасы бұл басқосу Орынборда өткен І қазақ құрылтайынан кейінгі, демек екіншісі болатын. Тым тарылтып қойдық өрісін – өйт-кені ресми құжатнамада бұл басқосуды «Сырдария облысы қазақта-рының сиезі» деп қанатын қырқа салады.
Түркістан қаласында қаңтардың 5-7 жұлдызы аралығында өткен ІІ қазақ құрылтайында өз алдына автономия жариялауға қаулы қа-былданғанын, Алаш Орда мен Түркістанды біріктіруге табиғи қарекет жасалғанын қадай ескермек ләзім.
Түркістан кеңестік автономиясы бұл тұста әліге құрылмаған. Тіпті Қоқан автономиясы да осы 1918 жылдың 23-ақпанына дейін аман-сау тұрғанын ескерсек, кейбір жергілікті автордың неге өрекпи-тінін түсінуіміз қиын. Түркістан кеңестік автономиясы көзбояушылық – ақтар басып салған Орынбор мен Жетісудағы жергілікті халықтың ауып кетуінен қауіп ойлап амалсыз барған құйтырқы қадамы. Техасты (1864 жылы жауланған жаңа жер – Түркістан өлкесі) қызыл биліктің уысында ұстап қалудың қамы ғана.
Түркістан қаласындағы ІІ құрылтай басталысымен, сол 5-қаң-тарда қылышын қайраған, пулеметін сүйреткен аттылы казак әтриеді лап қойысты. Ту-талақай құрылтайдың құтын қашырғасын, өйттік-бүйттік деп қиял қаужаған қызыл тілден қай пайда? Тарихшылары-мыздың «Сырдария облысы қазақтарының сиезі» деп тартына сөй-леуге мәжбүрлігінің себебі де осында.
Түркістан қаласындағы автономия жарияламақ құрылтай күш-пен, қантөгіспен таратылды. Тоқпақтаған билік бұған әсте жол бере алмайтын. Тұншықтыра салды бесігінде бейкүнә бөбекті, осыдан соң іле-шала құрылған Қызыл Армия Қоқанға аттанып автономияны жер бетінен сүре салды.
Түркістан қазақтарының Қоқан автономиясынан бөлінуге ынта танытуының себебі ондағы жергілікті ахуалдың ушығып тіл табысу қиындағанынан.
***
Қазақтар Қоқан хандығындағы халықтың басым көпшілігін құрайды. Олар Шығанақ көлі мен Ташкент аралығындағы таулы аймақта өмір сүреді. Көпшілігі аса бақуат Түркістанда т.б. жерлерде үйлері бар,бірақ өз-дері онда тұрмайды.
Арманий Вамбери
Ары қарай сүзіп көрелік осы мәтінді: «Бет пішіні, құлқы, тілі мен әдет‑ғұрып тұрғысынан өзінің көне нұсқасын өзгеден гөрі көбірек сақтап қалған» (А.Вамбери. Путешествие по Средней Азий. 1865, стр. 189). Айтары жоқ, Ферғананы көне өзбек жері санайтындарға не жо-рық? Айдалаға – Қоқанға барып автономия жариялаған Алаш бала-сы да бірдеңені сірә білсе керек. Арғы тегі мыңқыпшақ Шаһруһ би бола тұрып, өзін хан жариялағанға мәз болып атасын сатқан Олим ханға мен не дейін. «Алтын бесік» – Әмір Темірден тараған әулет те өзағама жағына қоймайтын барлас. «Айдаладағы ақ отау. Аузы‑мұрны жоқ отау» жұмбағының жұмыртқадан да басқа жорамалы жетерлік.
Атасын сату Далалыққа өлімнен ауыр. Алабажақ саманид, та-һирид, хуразмшаһ, бұқарлық маңғыт, қоқандық мыңқыпшақ хан-дарына, шайбанидке бұл ауыр қылмысқа жата қоймаса керек. Алаш автономиясын көлденеңнен иелене кетпек мухторрам дін ғұлама-ларына да ар‑ұят жетпейтін болар.
***
Түркістандағы ұлт‑азаттық туын көтерген адамға өзбек, қазақ, түр-кіменге бөлінудің өзі Түркістан түркілерін бөлшектеп, өлімге бастайтын жол екенін жақсы білемін.
Мұстафа ШОҚАЙ
Автономия – ұлт бостандығының ақ жолы.
Азаттықты аңсаулы елдің аты мен заты – Алаш. Айтқызбай түсіну қымбатқа түсіп отыр. Ақыл‑ой – Алланың сыйы. Ақылымыздан күштеп айырды. Алмағайыпта әркім билеген, заманына күйлеген пен-денің осалдығы бетіне шіркеу. Ащырақ, әрине. Алайда, айыбын көтере алғанның алды ашық, жүзі жарқын. Атау, әлбетте, ұлттық мәніс‑ма-ғыналы миық.
Атымыз – Түркі, затымыз Алаш.
Алабажақ Түркістан, Татарстан атауларына алдымен қарсылық танытқан Нәзір. Автономия мен Шығыс саясаты, тіл мен емле, афанди, дашнақ, басмашы, партияқұмар пысықайлар. Асырып айта алған қай-сың бар тап осыны? Ақылы Нәзірге жетпейтін нәсіресін танымайды. Ақиқатты алты қырлау. Айсберг сынды (Э.Хэмингуейдің көркем об-разы). Алып мұздың су бетіндегісі ғана көзге көрінеді. Ал қалғаны су астында, мұны танымаққа зерделі ақыл-ой керек. Айсберг – космопо-лит, Алаш – ұлттық таным екенін тағы ұмытпаңыз. Ана тілімізді алға сүйреген қайран Алаш оқығандары!
Алаш баласына неге мақтаулы медіресе мен Мекалайдың таң-даулы орыс мектептерінде оқымасқа, неге коммунист, большевик қа-тарында жүрмеске? Ақиқаттан – өмір шындығынан осылай аттап‑ бұт-таймыз. Айтыңызшы өзіңіз, сол заманда билікке бәлшебектен басқа араласа алатын ба еді? Амалсыз киліккен Тұрар, Нәзір т.б. Түркістан қайраткерлерін кеңестік автономия саясаткерлеріне жатқарып, Әли-ханның Алаш партиясынан бөлектеуге зәру кім еді? «Атеист» Шоқан мен «орысшыл» Абай, коммунист Рысқұлов пен Төреғұлұлы – кел-меске кеткен, күні өткен қоғамдық бояманың ескірген стереотиптері.
Алаш кім еді? Аюдың тырнағына іліккен ұлттың демі. Ажалға бас тіккен. Ақырғы, ақтық дем бе? Алда‑жалда анық осылай ойласаңыз онда ақылдан азғаныңыз. Ардагерлеріміз ақиретке аяқ қойды. Астыр-тын көзін жойды, ашық атып‑асты. Алайда, Тәуелсіздік тұсындағы ақыл‑ойымыз бұған бой бере қоймаса керек. Алаш асылдары Орта-лықтың озбыр саясатына дейін де талаймен алысты. Аса күрделі тағдыр иесі Исмаил Гаспарлыны, түркі‑татар тілдік классификация-сын яки дін ғазауатына бас қойған басмашыны асыра мақтауға немесе жапыра даттауға желпінбеңіз.
Ағартушылық – азаттық жолындағы күрестің ең басты мәдени көрсеткіші, көпке сөзіңді өткеру. Айтылмаған ақиқат. «Аузым батыр» жалаңтөстіктен, құры мақтаншылықтан Аллам сақтасын. Ауыз баққан мүләйімдік мінезіме үйлеспейді. Аңғал елге даңғайыр дипломат Нәзірден басқа нұсқалы жол керек те емес. Айтпайды – айтқанынан қайтпайды. Алаш қайраткерлері қатарында Нәзір есімінің аталмауы осынау промаңғытайшыл нәзіртанушылардың басты міні. Ағалыққа жарамаған Нұрмахан Назаровтың «Қазақтан шыққан Ленин еді» тақпа-ғына жиі шүйлігемін. Ақындығына таласпадық. Адасқақ жолға салып жіберетін айтар ойын ғана шенедік.
Алғыс айтуға үйрене қоймаппыз. Алаш азаматтарына, әлбетте. Аллаға. Ақыл‑ойға. Алалау кәдімгі мәдени көлгірлік. Алаш Орданы яғни төл автономиямызды Орынбор, Сібір, Түркістан жағрапиялары-на мүшелеп‑жіліктеген қасапшылықты бізге осы кім үйретті? Ақыл-дан кенде емес қазекемнің тамаша бір мақалы: «Алашағым кетсе де, айташағым кетпесін» болар. Атақтан, айтқыштықтан дәметіп отырған жоқпын. Ал, ендеше, кірісейін:
* сәбет үкіметі – орыс жұмысшыларының 1905 жылдың қанды жек-сенбісінен басталған жанкешті ереуілдерінің маңдай терін өтеген мәуелі жеңісі. Өзім де бұған килікпеймін, сірә таласпаймын. Біреудің ақылына, маңдай теріне ортақтасып жын ұрып па. Алайда, өзінікін өзгеге тықпа-лаған өзімбілермендіктен ол да тыйылсын.
* Өзбекстан үкіметі – Бұқар әмірінің туған бөлесі, бірақ оған жұлды-зы қарсы жасбұқаршыл Файзулла Ходжаев өресінің өтемі. 1920 жылдың қыркүйегінен 1924 жылдың қарашасына дейінгі Бұқар Халық Республика-сы, әлбетте, просәбеттік. Түркістан Совнаркомының орнына Өзбекстан үкіметін әкелген Мұртты жәкемнің «халықтар әкесі» атану жолындағы алғашқы жеңісі.
Алаш үкіметі мен басмашы мыңқыпшақтық Ферғана бұл екеуі-нен күйрей жеңілді. Алаш бауырмалдығы қандай, қызылбасқа құлай кететін шайқылар мен қызыл шәпкілі кеңестік кәмисарлар үкіметінің қожабауырымдығы қандай! Аттап‑бұттаймыз. Айта алмаймыз.Аты-шулы Көк Түркі қағанаты, оның ізбасары Шыңғыс қаған құрған мем-лекеттік өз тәртібіне көндіріп алым‑салық төлеткенімен ешкімнің дініне де, тіліне де көлденеңнен килікпеген. Алаш қайраткерлері де Қоқанды бауырына тартқанда ешкімді татарға, өзбекке, қазаққа, түркі-менге алалай қоймаған. Алас ұрып өз бетінше Қоқанда, Түркістанда «мухторёт» жариялап жүрген кейінгі білгіштер.
Ал ТурЦИК үкіметі жанынан киротдел (қазақ), узотдел, турк-менотдел ашып берген Нәзір Төреғұлұлы Орталықтың ұлттық сая-сатына жергілікті ахуалды ескеріп түзету енгізбек қарекетке барған. Автономияның қас жауы Мұртты жәкеме бұл қайдан ұнасын, әрине, Нәзірді өзіне бақталас санап жек көріп кетті. Ақ Орданы жерге атып ұрып, промәскеулік Алтын Орданың сап‑сары сағым елесін өкпеміз өшкенше қуып кеттік. Алайда бұл бөлек әңгіме.
Алаш Орданы үш автономияға қасқалауға оралайын. Ақ пат-шаға адалдық көсегемді көгертпеді:
Орынбор жандарал‑губернаторлығының орнына
Сібір (Омбы) жандарал‑губернаторлығының орнына
Түркістан жандарал‑губернаторлығының орнына жеке-жеке авто-номия арнау дегеніңіз не масқара?!
* араб әліпбиіне негізделген Түркі тілінің (мұсылман сауаты) орнына алтай,қыпшақ‑оғыз,түркі‑татар тілдік классификациясы қаулап өсті. Жаңа көзқарастағы ауроцентрист академик В.В.Радлов, неге екенін қай-дам, тілдегі жағрапиялық әдістемеге жан‑тәнімен беріліп кетіпті. Несімен теберік. Түсінсем бұйырмасын: Радлов өз ана тілінде – немісше жазады, оны өз оқымыстысына жатқарған орыс жабыла аударып оқиды, танымын Түркіге тықпалайды. Осы дұрыстық па?
* Шоқындыру саясатына әркім өз білгенінше қарсы күресті. Әккілік, міне осыны, араздыққа һәм алауыздыққа айналдырып бәрімізді мойын-тұрыққа мыжа салды. Панисламизм деді, пантюркизм деді.
Алаш баласының мұсылманшылық сауаты дегеніміз не?
Ақырында түбі бір осыған тірелеріміз анық. Айқайдан құлақ тұ-нады. Ауылдағы «қара суды теріс ағызған» молдадан «оқығандар» мен орысша оқығанның айтысына да жеттік. Арада Һаким Абай, мактаб‑ мадраса дорулфонында оқыған Санжар мен Нәзірдің білігі далада қалды. Арқадағы татармолда (ноғай) мен Сыр бойындағы қожа‑ мол-даның басы тағы піспейді. Айналып өте алмайтын шығыстық лаби-ринт. Азарын тартып жүрміз. Анау да ақылды, мынау да ақылды – өйткені қазекеме мәтіби. Араб әліпбиімен ауызданған мұсылман баласы ұлттыққа ұшынбауға, бірін екіншісі мұқатып астамшылыққа ұрынбауға тиіс еді. Алақайлаған ұлтшылдықтың астарында отаршыл-дық жымысқы геосаясат жатқанын аңғара бермейміз. Ақылымызды айнытып теріс жолға тәрбиелегендер әуал жазуымызға жармасты. Араб әліпбиіне маңлай тері сіңбегеніне қарамастан ескі сауатымызды «көне өзбек әдеби тіліне» жығып берді. Ауызекісі қайда кетер дейсің...
Ағам бар өзім тәуір көретін. Ақжелең. Асыр‑тұсыр бір мінезін айтайын. Атамай‑ақ қояйын ныспысын. Айналасына мені былай та-ныстырады: «Сахабат деген сұрапылың осы. Өзі білімді – орысша, қазақша, өзбекше жаза береді!». Ал керек болса. Анам жазған өзінің бар білгенін үйретіп мұсылман сауатына баулыған. Айт‑айтпа мұсылман кім, өз-ағаң кім? Аттылы мен оған ілесем деп таңы айырылған жаяу.
Араб шапқыншылығы Түркі арасына келді ме? Ақжал академик Бартольдт айтты, қалғаны оны пір тұтып қайталады екен деп әр нәрсе-ге далақтай береміз. Алда‑жалда қызыл сәлделінің бәрін арабқа, сәй-идке, аббасидке жатқарсаңыз, онда Мәруге жетіп жығылған шапқын-шылыққа ұшыраймыз. Алайда, араб дүниесі басына қызыл сәлде ора-маған. Айрықша түсі – жасыл сәлде! Араб әліпбиінен (отаршылға түсініксіз, сондықтан қауіпті) айырып бір, бар жақсыны (мұсылман-шылықты) өзбек әдеби тілінің басына үйіп‑төгіп екі мәдени күштеуге (культрагерлік) ұшыраған соң бас‑басымызға жаңа әліпби, жаңа әдеби тіл қалыптастыруымызға тура келді. Алғашқы қазақ, өзбек, тәжік әліп-пелерін, масқара болғанда, Нәзір жалғыз өзі мықшыңдап жазып берді.
Ана тілім «өзбек», туған жерім «Қоқан» деп көрсететін Нәзір ақы-мақ па, алаңғасар ма? Айналып келгенде мұсылман сауаты мен тілін «өзбек» (мұсылманның бәрі өзбек) санап ожау сабынан қарауыл қа-райтын сауатпаз орысқолдық кінәлі бұған.
***
Соның бәрі болмайтын іс. Бәрі дағдарыс, мұның бәрі тәтті қиял. Түркістан автономиясы бұл күнде Қоқан автономиясы болып кеткен.
«Ақ жол» № 2, 10. ХІІ. 1920
Ақыл‑ойдың ең нәзік нәзілі оның ұлттық төл болмысында. Апы-рақтағаннан бөтеннің жан дүниесіне бойлай алмайтынымыздың себебі осы. Автономиялық дербестік ХХ ғасырдың ақыл‑ойы, мұны ілгері сүйреп әкете алмаймыз. Айналып келгенде «ұлттық қадыр‑қасиет» деп қана ұғылатын үшбу интерминді қалай қыл арқанмен тұзаққа ша-лып, аттың сауырына іле салмақсың. Алтын қазығымыз – 1916 жылдың ұлт‑азаттық көтерілісі. Ауыртпалық қазақтың иығына түсті, басына қылыш пен қамшысын қоса үйірді. Анау үй депті, мынау бүй депті. Ауыз баққанды қашан қоямыз? Ағылшын геосаясаты дүниені қарпып қалудан Ресеймен жорықсыз бәсекеге түскен азулы жыртқыш. Алайда, ол да өз бақталасын әшкерелей отырып қазекемнің жанын айнытпай түсінеді деу бекершілік. Ахуалымыз тым мүшкілге айналды. Атты ка-зак Жетісуды бауырына басқаннан жер иесі – қазақты Қытайға күш-теп қоныс аударта бастады. Алтайда осынау зорлық бұрынырақ орны-ғып қойған. Ақ патшаның әскеріне бала алуға жарлық шығарғаны – бертінгі себеп. Ақталуға таптырмайтын‑ақ амал. Аңғал, әлбетте, аста-рын аңғармай да қалады. Алаш қаратаяғының жанын түсінбеу, міне, осынау кілтипаннан басталады екен. Аузымыздағыны жырып әкетпек. Ақылымызды аздыра қоймақ. Асудың арғы бетіндегі Ферғана жазығы кіндігі бір Жетісудағы қанды оқиғалардан қалай шет қалмақ?
Алаш ақыл-ойы жағрапияға, тілге, дінге, яғни ұлтқа бөлектенуді мүлдем ойына алмаған. Ақымақтық болар еді Алаш азаматтарына жуанжұдырық жұмысшының таптық күрес жолындағы көзілдірігін кигізіп бай‑манаптарға, дін иелеріне қарсы айдап салу. Азаматтық со-ғысқа мүлдем ұқсамайтын басмашылық күрес отаршылдық ала келген жаңа билікке қарсылық болатын. Атақты Баймырза Һайт та білгішсіне береді, өйткені басмашылық 1916 жыл оқиғаларынан қырық жыл ал-дын қалыптасып, бағытын айқындап үлгерген.
Араб тілінен еніп түркілікке айналған «мухтор, мухторром» сөзі автономия баламасына мүлдем жарамайды. Ақ патшаның күбірне мен үйездерді басқарған оқалы сары жағалдарына «ағзамием» деп жалпақтап үйренгендер Қорасанға құлай еліктегіш уәли (уәлаят бас-шысы) жуанға «мухторрамием» десе деген‑ақ шығар. Аттылы кісіні. Алдауға түспеңіз, Дала баласын жер соқтыруға шебер отырықшы бауырыңыз айлаға ертерек жетілген. Аңғал дегенге тым жайыла бер-мейік.
Автономия – өзін өзі билей алатын қасиетті ұғым. Ақ патшаның отарлау, елді шоқындыру саясатынан шынымен құтылдық па деп қал-ған Алаш қаратаяқтары Уақытша үкіметтің ағыл‑тегіл уағдаларын өз қолайына жарастыруға жанын салып бақты. Алдына қойған мақсаты қандай, ендеше:
*Орынбор, Батыс Сібір, Ташкент күбірнелеріне, жандарал‑ губерна-торлықтарына, олардан тыс Алтай облысына, Самарқан мен Бұқарға, Қиуаға шашырап кеткен қазақтардың басын қосу.
* Ата дініне қайтару.
* Алла тағала несібесін шашқан қазақтың жер‑су байлығын, жер астындағы кенін өзіне қайтару.
Автономияға дініне бола жанталасқан басмашының, оқу-білімді қолына алып қана «ағаруды» көздеген Исмаил бей Гаспринский, жас-бұқаршылдар өрекпуінің қандай қатысы бар? Алда‑жалда өз басыңды өзің алып жүре алмасаң, елің мен жеріңе билігің жүрмесе қайдағы дін, қайдағы тіл мен оқу‑ағарту? Алып соққандай көрінерміз жамбасқа үйіріп. Алашқа қаны тартпағанның қары сынсын дегендей бір. Авто-номияға дін де, оқу‑ білім де керектігін өзім бір кісідей жақсы түсіне-мін. Алайда, жалғыз дін, жалғыз оқу‑білім ұлттық‑мемлекеттікке жеткермейтінін жете аңғаратын кезіміз жетті.
Алаш көсемі Әлихан, Ахмет, Міржақып, Әлекең баулыған шә-кірт Мұстафа мен Нәзір де жәдит жолының дұрыстығынан қашпай, бұрыстығын аямай сынаған. Ал осының да арасына Арқа жәдитшіл-дері мен Түркістан жәдиті деп сына қаға саламыз ба? Алаш жолын-дағы Әлихан ұлық ұстаз, ал Нәзір үлгілі шәкірт, өле‑өлгенше Минск, Орынбор, Мәскеуде сыйластығы үзілмеген бір ғанибет. Айтыспаған, бет жыртыспаған, бірі екіншісін сүйеп қамқорға жараған. Алғаш Әлекең Минскіде, Торғай қаласында Нәзірге пана болса, Қазақстанға басы сыймаған Әлекеңді Мәскеуге шақырып, өзі басқаратын Күн-шығыс халықтарының баспасынан қызмет тауып берген, Мұртты жәкем ақырып Әлекеңнің басын сұрағанда көнбей қойған Нәзір еді. Анау Маркс пен Энгельстің достығынан асып түспесе кем соқпайтын үлгі‑өнегені неге өз жолымен‑жорасымен бағаламаймыз?
Алаш партиясына (кадет, эс-эр, бәлшебек жай бүркеме) өз мақ-сатына жету үшін Орынборда, Омбыда, Түркістанда халықтың қолда-уы мен қолқанат азаматтардың жанкешті ақыл‑ойы керек. Автономия сонда ғана аяғынан тік тұрып кетер еді. Арқа, Сібір, Сыр бойы жәй жағрапиялық жаңылтпаш, ең қиыны – бірлігімізге отаршылдың қарсы қоятын әлеуметтік әдістемесі. Алаш көсемінің тапсырмасын мінсіз ат-қарған муссовет жетекшісі Мұстафа мен Мұхаммеджанды, кеңестік автономия орталығы Ташкентті тік көтерген Нәзір, Санжар, Сұлтан-бекті Әлекеңнен қалай бөлектейміз. Ақылға сыймайтын тағы бір нәрсе – Тұрар Түркістан автономиясының өлкелік Мусбюросын басқарып, Түркістан Компартиясы құрылғанда ТурЦИКтен шеттетілді. Айыбы қайсы, ананы-мынаған шағыстырған Орталықтың озбыр саясатына майыспаған ұлт қайраткері Тұрар Рысқұлұлының?
Ауызбірлік біз ойлағаннан һәм жорамалдағаннан әлдеқайда жо-ғары һәм сапалы. Алаш азаматын ол кадет бола ма, эс-эр бола ма, бәл-шебек бола ма ұлт қайраткері деп танығанда ғана дұрыс танымға жете аламыз. Алаш – бейкүнә ұлттық отаншылдық, қай жерде яки қай пар-тияда болмасын қазаққа қызмет ете білу, ал кадет, эс-эр, бәлшебек күшпен ендірілген һәм өз ішінде алауыз мәскеулік стандарттар.
Автономия Қоқанда жарияланғанда жергілікті дін иелері билікті неге Сыр бойынан келген депутат Мұстафа мен Жетісудан келген де-путат Мұхаммеджанға беріп қойған? Ал Қоқан автономиясын құр-дымға құлатқан соң 1918 жылдың 22-наурызында жарияланған РСФСР ұлттық істер жөніндегі халық комиссариатының «Татар, башқұрт ке-ңестік республикалары туралы Ережеге» неге үшбу Еділбойындағы ав-тономияны басқарған Мирсаид Султангалиевтің өзі қарсы болды? Ақырында еділбойлық татар мен башқұрт, шуаш пен удмурт т.б. бет‑бетіне тарап, ал осынау үлгіні (автономиялық құрылымның кеңес-тік моделі) алған Түркістан автономиясы бес республикаға безіп кетті. Алып‑қосары жоқ, анығы осылай мұның. Алаш автономиясын үш жағрапияға жіліктеп бас‑басына атан атаған кейінгі алаштанушы-лардың өз тәсілі. Айыбымызды мойынға алып ертерек түзейік.
Атышулы бәлшебектер партиясы Түркістанда не бітірді екен? Ақиқаты айтылуға тиіс – Орталық жергілікті үкіметті өз уысына түсіру үшін төтенше комиссарлар институтын ендіріп ішкі өмірімізге ара-ласты. Араласқаны емей немене, бұрын Петроград әскери ревкомы-ның Орынбор күбірнесі мен Торғай даласындағы төтенше өкілетті ко-миссары В.В.Куйбышев пен Орынборды ақтар қоршауынан азат етуге басшылық жасаған П.А.Кобозев Түркістанға тең һақылы төтенше ко-миссар болып тағайындалды. Ал ұлт істері жөніндегі халық комис-сары Мұртты жәкем Түркістан бәлшебектерінің көшбасшысы, өзін «Түркістандағы Ленинмін» деп әспеттеген әпербақан И. О. Тоболинмен тілипон арқылы сөйлесіп, мұсылман кеңестерін құруды күшейтуге ке-ңес берді. Ақылын ауырлап қалған «Түркістандық Ленин» қатты өкпе-леді. Асықпаған арбамен қоян алады демекші Орталық дегеніне жетті – Тоболин мен Колесовті ығыстырған соң Түркістан кеңестік автоно-миясы жарияланды.
Алдауға қалай түстік. «Автономия буржуазиялық па, пролетар-лық па?» деген мәселені көтеріп 1918 жылдың 20-сәуірінде басталған Түркістан Кеңестерінің V сиезі дегеніне жетіп 30-сәуір күні өткен ке-зекті мәжілісінде «Түркістан кеңестік автономиялық республикасы туралы Ережені» бекітті. Айға қолымызды жеткерген жоқ. Алғыс ар-науға асықпаңыз. Айтулы Күн көсемге, Мұртты жәкеме, Куйбышев пен Кобозевке. Алдандық өйткені. Аунап кеттік ұлттық танымнан таптық таптаурынға.
Ал бір жақсылығы – бұрын бірыңғай аурокоммунистер басқа-рып келген Түркістан үкіметіне жергілікті ұлт (мұсылман) өкілдерін аз‑мұз қамтый бастады, қатарына тартты. Алғаш Тұрар Рысқұлұлы дереу танылды, бас билік бұйырмағанымен өлкелік Мұсылман бюро-сын (Мусбюро) басқарып, ұлттық танымның негізін қалады. Ара сал-мақты теңестіруден ештеңені аянбады. Асау болатын жаны, намысына найза бойлатпайтын. Алаш оқығандарының үкімет қызметіне ілігуіне кеуделеп жол салған Тұрардың орны, әлбетте, бөлек. «Алаш азаматы-мын!» деп айқай сала алмауына себеп жетерлік:
* Акмал Икрамов та Тұрармен қатар қызметке іліккен. Өзбекпін деп өзеурей қоймаған, қазекеме тең қараған.
* Кеңестік автономия ұлт мәселесін тануға ықылассыз, қай нәрсеге де таптық, интернационалдық тар тұрғыдан ғана қарайды.
Автономияны басқаруға 1920 жылдың шілдесінде шақырылған Нәзір Төреғұлұлын Орталықтың төтенше комиссар В.В.Куйбышев «тынық пікірлі марксист» етіп тәрбиелеуге барын салғанымен, амалы қаншалықты іске асты? Астам Орталықтың ұлттық дербестікке жалған саяси сипаттама (квазополитический) бергісі келген аярлығы мүлтіксіз жүзеге асты ( 97-бет). Анық айтылған орын-ды сөз.
Айна‑қатасыз қызылсөз қуалаған желік қана. Астары – ақпатша-ның отарлық саясаты есеңгіретіп кеткен өлкенің ұлттық өресінің қай-та өрлеуіне мейлінше кедергі жасап бағу. Амалсыз билікке араласқан Нәзір Төреғұлұлы мұсылманды мыжыған мойынтұрықтан ажыратуға барын салып бақты. Алдындағы Тұрар һақында да осыны айта ала-мыз. Арасына көлденеңнен килігу ендігіде ұят‑ақ. Алаш ақиқаты – синкретті таным, өйткені дінді, тілді, жағрапияны жіктемейтін ұлттық ұждан. Алаш оқығаны шығарған кәзит‑жорналды, жазған кітабын яки оқулығын, кез келген мұсылман баласы жатсынбай оқиды, бірыңғай-лық дегеніміздің өзі де осы. Алаш партиясы – бүкілресейлік (демек отандық) мұсылманшылықтың бас көтерері. Ақпан революциясынан соң іле‑шала, 14-наурызда, құрылған «Шуро‑и Исламийа» көптің, яғни мұсылманның малы. Алаламайтын біреуді қазақсың, біреуді татарсың яки біреуді кедейсің, біреуді бай‑бағылансың яки діндар тақуасың деп. Айт‑айтпа мұсылман қоғамы, мұсылман қозғалысы, мұсылман кеңесі дегеннен не өзгереді. Атау көрсеткіші айналып келгенде жалғыз «мұ-сылман» атрибутына тіреле береді.
Ал «Шуро‑и Улема» маусым айында бөлек шығып жалғыз Шари-ғатты мойындайтын оңшыл (ағартушылықты жақтайтын, қару ұста-майтын) қанаттың саяси күшіне айналды. Аудара салсаң яки мұсыл-ман сауатын қазекемнен тартып алса болғаны, «мұсылман еңбекші-лерінің одағын» Иттифох десең болғаны. Азаттықты діннен жоғары қойған Алаш партиясы шынымен динайаттан шеткері ме? Алара бе-реміз бе, Еділбойлық автономия Қазан қаласында өткен бүкілресейлік мұсылмандар сиезінде жарияланып, оның «Милли Идаре» (ұлттық мекеме) төрағалығына кадет мүшесі Садри Максуди сайланған. Айыр-масын аңғарсаңыз – мұсылмандық мекеме демейді, ұлттық мекеме дейді. Айналадағы мұсылман бауырларымыздан ынтымақ таппаға-сын ұлттық Алаш партиясын жариялаған ІІ жалпықазақ сиезінің шешімін неге құптамасқа!
Алыс шалғайларымызға қауіп осылай төнді. Асыға қоймайтын сабырлы Алаш баласына ақыл үйретуге құмарлықтан тыйылу жөн шығар. Ахмет Салиховтың, «Милли Шуро» (Ұлттық Кеңес) төрағасы, «таптық күрестің саяси алауыздық туғызып, ұлт азаттығы жолындағы күресті әлсірететінін» дөп шенегені мейлінше дұрыс баға. Алаш қара-таяқтары дінқарындастықтан, түркіқарындастықтан күдерін үзгеннен соң өз ұлттығын ғана күйіттемесіне қандай шарасы қалмақ?
Асықпауының осынау астарына назар аудармаппыз. Аяр отар-шылдық ештеңеден тартынбады – діндік, тілдік, ұлттық алауыздық-тарды қапы жібермей көзден тізіп әрбірін мәдени өңдеп, міндетті түр-де құбыжыққа, надандыққа айналдырды. Азияға «мәдениет әкелген миссияның» шынайы болмысы осы ғана.
Алаш партиясы 1917 жылдың маусымынан 1918 жылдың сәуіріне дейін Ташкентте «Бірлік туы» кәзитін шығарып тұрса, осы басылымға Мұстафа, Қ. Болғанбаев, Сұлтанбек басшылық жасаса мұның қай жері «Қоқан мұхтарийатының органы?» Алаштың қаншама мерзімді басы-лымы «контра» деп танылғандықтан белден сызылды. «Автономия туралы» Халел Досмұхаммедовтың ІІ қазақ сиезінде жасаған баянда-масына назар жығыңыз; дұрысы осының негізінде қабылданған қаулы-ның 2-бабында «Қазақ автономиясы «Алаш» деп аталсын» деп атап көрсетілген («Сарыарқа» кәзитінің 1918 жылдың 25-қаңтарындағы 29‑нөмірі).
Араға көп уақыт салмай (ІІ қазақ сиезі 1917 жылдың 5-13 желтоқ-саны аралығында өткен) 1918 жылдың қақаған қаңтарында Түркістан қаласында өткен тағы бір құрылтайда Алаш Орда мен Түркістан қа-зақтары бірігуге алғаш талпынады (Б.Һаит. Түркістан Ресей мен Қытай аралығында // Қазақ тарихы, 1996, № 3. 18-23 беттер). Ауыз суымыз құ-рыған дінқарындастық, нәсілқарындастық далада ұлып қалғасын дереу жасалынған шешімтал қадам еді. Атты казактар пулеметтен оқ жауды-рып күшпен таратқан бұл құрылтай әліге өз бағасын алған жоқ. Ал-дын ала бұл шешімге Түркістан автономиясы, үкімет басшысы М.Шо-қай оң баға беріп, мәмілелі қаулы қабылдағанына қарамастан («Бірлік туы» кәзитінің 1917 жылдың 14-желтоқсандағы 17-нөмірі). Алаш пар-тиясының шашырап кеткен қазақтың басын бір жерге топтауды ғана көздегеніне, міне, нақты мысал.
Адайды Закаспий облысының тырнағынан ажыратып КирЦИК үкіметіне қосып кеткен Нәзірдің ерен ерлігі бәрінен асып түсті. «Ақта-ғаны» осы Нәзірдің марксист Куйбышевтің сенімін! Ал осыдан кейін Орталық Нәзірді орынтағынан неге жұлып алмады? Асықпауының себебі – Нәзір Орталықтың Бұқар мен Қиуаға қарсы қимылына әлі де керек бағалы қайраткер. Артық демі қалғанша Алаш жолында күрес-кен Нәзірді бәлшебек партиясы да уысына түсіре алмады, З.У.Тоған-ның «Нәзір, Санжар бәлшебек жағына шығып кетті» деген пікірі жәй пендешілік. Адамның бірін бірі жете түсінуі бір ақирет, әркім өзінше топшылайды. Алда‑жалда Мұстафаға, Тоғанға еріп Нәзір, Санжар, Тұрар, Сұлтанбек т.б. түгелімен шет елге ауып кетсе не істер едік. Асау мінезді, өткір тілімен Сталинді де састырған Сұлтанбектен басқасын Әлекеңді, Нәзірді, Тұрарды Мәскеу мырзақамағында шідерлеп ұстаған жоқ па еді. Алашқа әлде Мәскеу өз қаласы ма?
Алаш айқайшысы болмаса Қоқан автономиясының басшысы Мұстафа онда неменеге: «Алаш баласының басы қосылатын кезі осы, бүгін. Айырылсақ мұнан соң жұрттың басын қосуымызқиын. Алаш ұранына шаппайтын қазақ баласы болмас. Сырдария қазағы кешік-тірмей Алаш туының астына жиналар деген үміттеміз», – деп үндеу арнап отыр. Аңдысқан жаудың кесірінен Түркістан қаласына 1918 жылдың 6-9 қаңтарында келе алмаған Мұстафа марғасқаға «Түркістан қайраткері» сірә лайық атақ па! Алаштың басын қоспай отырған ескі әкімшілік әдістемесіне сүйенген Мәскеудің миығы. Ал осыны түсіне алмай жүрген өзімізге не жорық?
Азаттық жолындағы күресті таптық тәжіке мен ұлттық ұр да жықтық өз жамбасына үйіріп әкетті. Алаш (ұлт) қайраткерлерін ке-ңестік үлгіге тартып, өз жағына тартуға қарекеттенген бәлшебек бағ-дарламасы түпкілікті жеңіске жеткені шындық. Абыройлы жігіттерді кадеттік‑эсэрлік Уақытша үкімет те, атаман Дутов та, адмирал Колчак та өз қатарына шақырған, көнбесе күш танытқан. Анығына бара берсек, Қоқанда автономия жариялауға ең алдымен Ташкент ғұлама-шылдарының өзі бастап қарсы болған.
Алаш көсемі Әлиханның Түркістандағы дін мәтағасиптарына тұқырта баға бергеніне бола Арқа мен Сыр бойында жеке‑жеке авто-номия жариялауға желіге бермейік. Алаш танымы бәлшебектік әдіс-теме қазық қағып кеткен мұндай шолжаңдықты ендігіде әсте көтере алмайды. Аса шұқшимаңыз Әлекеңнің Алаш басын діни мәтағасип-тен арашалаған аталы сөзіне. Алдындағы Шоқанды қайталап отыр һәм бұл екеуінің көрегендігіне бүгінгі діни даңғазамыз сан қайтара көз жеткеріп отыр.
Түркістан автономиясы
Социал-демократиялық партия Ауропада туған партия.Сол себептен оның програмы да Ауропа тіршілігіне үйлесімді жарасты жара-тылған. Ауропа буржуазиясы мен пролетариатын біздегі мыңжылқылы бай мен жалғыз тұяғы жоқ кедейге ұқсатуға болмайды.
Сұлтанбек Қожанұлы
«Бірлік туы», 28-ақпан 1918 ж.
Таптық көзқарасқа әліге тәуезе етіп келеміз. Турасын айтып ту-ғанға жақпаған. Тақыр кедей, бардам байдың тегі, ұлты бір ғой бәрі-бір. Түзеле қоймаппыз бірақ. Тәуелсіздікке де жетіппіз. Түркістан ав-тономиясы (дербес үкімет) Қоқанда ма, Тәшкенде ме? Тақырып жабық құпия ұсталатын. Тірнек татымағаны сондықтан. Түркістан автоно-миясы бұл күнде бес бұрышқа безілдей тарап кеткен.
Туралық қайда? Тепсінетін несі бар: академик К.Нұрпейіс Түркістан дербес үкіметі мен Алаш қозғалысын тығыз бірлікте дұрыс қарастыра-ды. Түркістанды Алаш қозғалысының түстік (оңтүстік) қанатына жатқарады (Алаш һәм Алашорда. А., Ататек. 1995, 147-бет).
Тарихқа көзқарасы жаңашыл профессор М.Қойгелді де «отар-шылдық зорлыққа қарсы ұлттық қозғалыс 1917 жылдың ортасына қарай Алаш партиясының, соңына қарай Түркістан (Қоқан) дербестігінің, осы-ның ізінше Алашорда (Орынбор) үкіметінің құрылуымен нақты нәтижеге жеткен, ескі билікке мұрагер сәбеттік көзқарасқа балама саяси құрылым» деп бірегейлікке шақырады (Бөкейханов шығармаларына жазған ал-ғысөзінен. А., Қазақстан. 1994. 67-бет).
Түзік те, туралық та осы.
Танымды тұсайтын ұлттық іштарлық. Түркі тұтастығына жете алмайтын сыңайда-мыз. Түркістан қазекем, атекем, өзағам, түркімен, тәжікке ортақ екенін тарса ұмытқаннан ортағасырларға өңкеңдеп қойып кетпек. Тыраштықта жан салмаймыз. Тұран турамышта, Сақ сандырақта, Көк Түркі тұлдырда.
Таяу өтмүштің өзін ұқсатпадық. Таяу – Түркістан жандарал-гу-бернаторлығының орнына келген Түркістан дербес үкіметі. Тарихи отанымыздағы үшбу дербестік әсте жалаң жәдитшілдік, жастүркілік, жасбұқарлық жемісіне жата қоймайтын құбылыс. Тым өжетпіз; өжет өрекпісе өзін орға жығады. Түркібауырластық, дінқарындастық жәй бетперде, сылдыр сөз, сылаң сағым. Тіптен күлкілі, айталық ойдан құ-расқан «мухторёт» неотерминінің өзі не тұрады? Түркі тілдерінде емге ұшыраспайтын «автономия» терминінің үшбу баламасын қабылдай қоймадық. Түркі арасына VІІІ ғасырдан сіңіскен араб-парсыда да жоқ; оларда небәрі:
Халифат – халиф иелігі
Уәлаят – уәли иелігі
Тыраштықтың, міне, үлгісі.
Туркестан – отаршылдық термині; туған жылы – ХІХ ғасырдың 60-жылдары; маскүнем мұжықтың, қыли казактың, әскери саржағал-дың аузындағы – «Русский Техас». Түркістан атауының әсілі пехлеви-парсылық Турк-и стон, мұны сөзбе сөз мағынасы – бодан (стан) түркі-лер. «Түркілер елі» деу (Баймырза Һайт) жәй көзбояушылық, әсіре сауатпаздық, алдамшы жылтырақ, баянсыз білім.
Түркістан өлкесі (генерал-губернатор құзырындағы әскери-саяси құрылым) Сырдария, Жетісу, Ферғана, Самарқан, Закаспий облыста-ры. Ташкентке 1917 жылдың 31-наурызында А.Ф. Керенскийден бата алған генерал-майор П.А.Коровиченко келісімен ақпатша жандаралы А.П.Куропаткин амалсыз орнын босатты. Титул шіркін де құбыла са-лады, жандарал-губернатордың орнын басқан П.А. Коровиченко Түр-кістанның бас комиссары атанған. Тарих сахнасында енді ұлтшылдар, әскерилер, дін ғұламалары, саудагер-капиталистер өріп кетті.
Тәуекелшіл Алаш мұнша қым-қуытқа, әлбетте, селсоқ қарай ал-майтын. Түркістандағы Уақытша үкімет комитеті елді басқару үшін 1917 жылдың 7-сәуірінде құрған Түркістан комитетіне кадет партия-сынан Щепкин, меньшевик Елпатьевский, алашшыл Әлихан Бөкей-ханов басқа да саяси күштер өкілдерімен бірге енді. Тоғыз адамнан тұратын комитет құрамында Әлекеңнен басқа түркі халықтарынан Садри Масудов, Мұхамеджан Тынышпаев, генерал-майор Әбдел Дав-летшин бар болатын.
Түркістан мұсылман елі болғандықтан дін қайраткерлерінің мұн-дағы белсенділігін неге өз жөнімен бағамдамасқа; «Шуро-и Исламийа» ғұламалары 1917 жылдың сәуір, қыркүйек айларында екі рет сиез өт-керіп бастама көтерді. Тысқары жатқан Торғай мен Орал қазақтары да бұл құрылтайлардан қалмаса, қазан айында Сырдария облысы мұсыл-мандарының құрылтайы өткен.Түркістан автономиясы 1917 жылдың 27-қарашасында Қоқан қаласында өткен өлкелік мұсылман сиезінде қабылданды. Тәптіштейік осыны:
* Құрылтай бір халықтың ғана арасында өтпеген, бәрі де атсалысқан.
* Үкімет басына келген өзағам да, дін қайраткерлері де емес. Алаш қайраткерлері.
* Автономия Қоқан қаласында жарияланды деп мұнша бірбеткей өрек-пуге жол болсын. Мәселені мұсылман халқының талқысына салғаннан һәм ақпатша мен эс-эр-бәлшебектің ордасы – Ташкенттен жырақтау өткіз-геннен басқа ілік көре қоймадық.
* Автономия үкіметінің хатында: «Ресейден дербес мұсылмандық мемлекет әр түрлі саяси және дін өкілдерін біріктіретіні» айтылады (ГАРФ, ф. 1318, оп. 1, д. 88, л. 22).
* Автономия мұсылмандікі. Небәрі осы. Құбылтатын несі бар мұ-ның. Қазекемнің, өзағамның яки дін қайраткерлерінің деп тұрған жоқ қой. Алаш та мұсылман баласы, төңірегіне туысын топтаған. Жетісуды, Сыр-дарияны таңдамай Қоқанға ту тіккені де содан. Тосын ба? Тұқырта алма-дық, ұлт бостандығының тіреуі – дін.
Таптаурыннан тартыналық. Таным көркейтпекке, әлбетте. Тап-тық көзқарастың ұлттық ерекшелікті жоямын деп өрекпуі қып-қызыл қателік. Төсін сабалаған бәлшебекке дамудың әлеуметтік (социалистік) жолы қашан да мемлекеттік жолын ұлттың өзі таңдауына әсте жол бере қоймайтын. Текірек дегеніне тез жетті: 1918 жылдың ақпанында автономияны күшпен таратып жібереді.
Түркістандағы сәбеттік автономия 1918 жылдың 20-сәуірінде өт-кен Советтердің V өлкелік сиезінде жарияланды. Төраға Мәскеуден арнайы жіберілген бәлшебек П.А.Кобозев, оның өзі ТурЦИК төраға-лығына, ал үкімет төрағалығына (СИК) бәлшебек Ф.И.Колесов сай-ланды.
ТурЦИК үкіметі құрамынан (12 адам) бірде бір жергілікті ұлт өкілін көре алмағанға таңырқаулымыз. Тіпті Черняев үйезінен, Пе-ровск үйезінен сайланған сырдариялық екеудің қатарынан да, жел-тоқсан ортасында құрылған Сырдария облыстық халық комиссарлары Кеңесінің құрамынан да.
Түркістан сәбеттік автономиясының Конституциясы 1918 жыл-дың 15-қазанында қабылданды. 1920 жылы қабылданған жаңа Консти-туцияда бірқатар қателіктер жөнделіп жер-суды, пайдалы қазбаларды иеленуге, салық белгілеуге, заңнамалық жауапкершілікке, әкімшілік-территориялық бөліністерді анықтауға республикалық үкіметтің һақы анықталды. ТурЦИК төрағасы Нәзір Төреғұлұлының 4 томдық еңбек-терін құрастырғанда бұл тарихи құжаттарды шама-шарқымызша жа-риялаған да ек.
Түркістандағы Сырдария облысы, әлбетте, өз бастауын 1867 жыл-дан алады. Түркістан автономиясына да 1918 жылдан осы атаумен ен-ген. Ташкент ақпатша заманында, автономия жылдарында өлкелік үкі-меттің кіндік қаласынан саналды. Территориясы – Арал теңізінің күн-гей жағалауынан Қытайдың шегіне дейін кең көсіліп жатыр; бүгінгі Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары. Ташкент, Шым-кент, Перовск (сол жылдардағы тұрғын санымен реттелген) ірі қала-лары бар.
Түпкі себебіне оралсақ, Орталық сәбеттік автономияны амалсыз-дан жариялаған. Түлкібұлаң, уақытша шегініс; Сібірдегі, Жетісудағы ақтар күш алғанда жергілікті халықтар теріс айналып кетпеуіне бола осыған барды. Түркі халықтарын есіркеген, дербестік тарту еткен түгі де жоқ.
ТурЦИК құжаттары арасындағы бір ерекшесі – қазақтардың та-рихи бірігуіне негіз қалаған № 341 декреті болатын (1920 жылдың 16-қазанында төраға Нәзір Төреғұлұлы қол қойған). Тұрғындардың та-лап-тілегімен Закаспий облысының Маңғышлақ үйезі мен Қызылсу (Красноводск) үйезінің № 4, № 5 болыстары Қазақ республикасына берілді.
Түркістан автономиясы.
Талас-тартысқа нүкте қоюға да ерте. Тым құйқылжытуға да бол-мас. Талас идеялық айтысқа ойыспақ. Тас-талқан ашуға да бой берме-лік. Түркістан – көрінеу кенже мәдени ұғым, өгейдің өресі. Түйткіл осыны тарқату шеберлігінде. Түркістанға араб та, моңғол да шапқын-шылық жасамаған. Талқаны таусыншақ академик Бартольдт өзіне ақ-патша төлеген алтын ақша (червонец) мен сыйлаған атақты ақтауға бола көрінеу қата мәдени пікір қалыптастыруға терін төкті, жанын төседі. Түркітанудың атасы Түркі жанын ұқпады. Теперішін ел-жұрт тартты. Түркітаным-түрпітаным батпағында әліге тырбаңдап тайға-нақтап келеміз..
Түркістан автономиясы Алаш ағартушылығының даңғыл көкіре-гі. Тоқпақ аямай төпеледі: дашнақты, ақ казакты айдап салды Қоқан автономиясын құлатпаққа, жергілікті мыңқыпшақтың қарсылығы бас-машылыққа жатқарылды. Таным іріткісі жастүрікшіл, жасбұқарлық жәдит ағымымен іштей аңдысқан алысқа аунап кетті.
Түркістанды «ағарта» алдық па? Ташкентке, Мәскеуге өзі Жетісу-да шіреніп жатқан Дмитрий Фурмановтың тіліграмына сенсек: «Прос-вещение мусульман стоит впереди всех вопросов, кроме вопросов экономи-ческого благополучия». Тым бөспе шіркіндер өздерін Алаш оқығандары-нан ақылды санаған көрінеді.
Түркістан автономиясының 1920 жылдың 17-қарашасындағы дек-ретіне сәйкес елдің жасы 8 бен 50 аралығындағы тұрғындарының бәрін өз қалауымен ана тілінде яки орыс тілінде сауатын ашуға міндеттеді. Түгел бас қойдық, 1921 жылдың ортасында Түркістандағы мыңнан ас-там саужой (ликбез) мектептерінде 50 мың адам оқыса, оның 70 пайы-зы жергілікті халық өкілдері. Ташкенттегі қазақ интернатында 628, Шымкентте (Черняев) – 283, Арыста 65 бала тәрбиеленді (ЦГА РУз. Ф. р – 34, оп. 1, д. 173, л. 139).
Түркістан автономиясы Алаш оқығандары мен қалғанының (оры-сы, ауропалығы, дін ғұламалары) тікетіресіне дем берген ерекше фено-мен. Тамашасы сол, Алаш оқыған-дары екі-үш тілде (ана тілі, орысша-сы, мұсылманшасы) қатар сөйлеп һәм жаза алғанына қарамастан же-ңіліп тынды. Тәуір емес еді төрешісі сол заманның. Төре-шенеуніктері.
Түркістан жігіттерінің жолы болмапты. Тұрсынбек Кәкішев аға-мыз да осыны айтқан ілгеріде. Тап-тұйнақ пысық, білімді, өткір болға-нына қарамастан. Тартып алды ғой бәрін: республикасын, лауазымын, тілін, елі мен жерін, абыройы мен беделін. Түйенің үлкені көпірде таяқ жейді. Түркістан Совнаркомы (осындағы ең соңғы қызметі) Тұрардан бастап.
Түркістан автономиясын Қоқан мен Ташкентке бөлшектеу, мық-тағанда бірін алашшыл, екіншісін бәлшебек етіп көрсетуге құлшыну. Түркі дербестігін бұлай ақтау-жақтау ендігіде жарамас. Тым қазымыр-мыз.
Түркістан автономиясының алғашқы атқару комитетінің құра-мына алты қазақ кірсе, басқаларына да алты орын берілді: Шоқай жа-бық дауыс берудің нәтижесінде төраға, орынбасарлығына Дидых, Ко-лендзян, ал хатшылығына Қожанов сайланған; үкімет мүшелері қазақ-тан Шоқай, Көтібаров, Рысқұлов, Жанұзақов, Османов, Құлтасов (Кен-гаш (Кеңес) кәзиті, 17-маусым 1917 ж.). Тоған редакторлық жасаған «Кенгаш» кәзиті бұрын «Наджот» (Теңдік) нәмімен жарық көретін. Та-мыз айының басында жарияланған «Автономия жобасына» М.Шоқай, Молда Камал Қазы, А.Рахманбердиев, М.Кушбегиев, Мүнәуар қары, М.Беһбуди сынды заңгерлер мен саяси қайраткерлер қатысты. Тағы бір қызығы, М. Шоқайдың қалалық, үйездік, облыстық мұсылман ке-ңестерін Өлкелік кеңеске біріктірмек идеясына наразы «Шуро-и Ис-ламийа» ғұламалары маусым айында жеке бөлініп кеткен, бұл аздай өз ішінде қырқысқан.
Тіксінбеңіз, ендеше, қайдағы мухторёт?
Термин болмасын, басқа қасқаны болмасын тіспен сүйреп санаға сіңістіргенді қоялық.
Мұхтарият па, автономия ма?
Қоқан автономиясының үкіметін орнатуда қазақ зиялылары бел-сенді рөл атқарды.
Григорий Сафаров
Мухторёт. Мухтарйат. Мұқтарият. Мұсылман терминдерін әр қилы ыңғайда жазу кең етек алған; қазекем, өзағам, орекем жорықсыз бәсекеге түскен. Мұсылман алауыздығына жорта дем үрлегендер жеңістен жеңіске жетіп келеді. Мәмілеге әсте жолатар емес. Меселің қайтқасын қолыңды сермеп кетіп те қаласың. Мезі болғасын, әрине. Мәселен «Қоқан қырғынына» қалам сілтеген Алексеенков, Шамагдиев, Төреғұлұлы т.б. өз еңбектерінде «автономия» терминін қолданғаны-мен С.С. Ағзамқожаев 2000 жылы жариялаған еңбегінде – «Туркистон мухторияти: миллий-демократик давлатчилик қурилиши тажриба-си» қос бірдей өзімбілермендікке барған.
* Қоқан атауы Түркістанға алмасқан.
* автономияны «мұхтарият» деп еркін аударып алған
Мәселен өз басым «класс» ауротерминін «сынып» (синф) деп сартекі аударып алғанды сірә жаратпаймын; айт-айтпа бұл аялдама, балмұздақ, ұшақ, мәтін т.б. сынды сәтті тәжірибеге жата қоймаған олақ. Мұндайға жиі шүйлігемін. «Мұсылманшылық мәтіндемесі» де-ген желеумен насабнамалар ұлыс-мемлекеттерді қаптатып жіберді, өтмүшіміз өсек-өтірікке әбден малынып опа-далап сүрткен кәрі қыз-дай жасанып алды. Мала салған.
Мысал жетерлік көзінен тізе берсек. Мәселен, би, төбе би баба-ларымыздан бек, датқа, болысты әздек санайтын жаман үрдіс жер-көкті жалап барады. Мәдени тоқпақ, міне, қандай. Мәнсап қуғанға Қоқан заманында датқа, отаршыл келгенде болыс, старшын жоғары саналғаны ып-ырас. Мұның екпе мәдениет екеніне бас қатырмайды. Мырзабай бидің қазақы лауазымын өз басым датқа, болысқа әсте айырбастамаймын.
Мұхариятқа ауысалық: Қоқанның қарақан басымен Түркістан түгелдене алмайды. Мұның себебі сол, Қоқан Ферғана облысының ор-талығы, қай облыстың тұтас өлкеге (жандарал-губернаторлық па, кеңестік республика ма) жаға болғанын көріп едіңіз? Мұсылманның діні бір десек те мінезі мен тілі бөлек, көресіні мінезден көріп келеміз. Мемлекетшілдіктің мүддесін дінмен, шариғатпен бірге қарастырған ғұламаларға Алаш оқығаны еліктеп-солықтай қоймады. Муфтилік ашумен, мемлекеттен дінді бөлектеумен шектелген ғұламаларға Алаш қайраткерлері ұнай қоймаса керек. Маусым айында (1917 ж.) «Шуро-и Исламийадан» бөлінген «Шуро-и Улема» басшылығын да қазақ оқығаны Сералы (Шер Али) Лапин өз қолына алды. Міне қызық, осы Сералы уақытша үкіметтің Түркістан комитеті жанынан «Мах-кама-и Шариат» нәмімен өкілдер мәжілісі – Сенат құруды ұсынған; осының өзі Шуро-и Исламийа жәдитшілеріне жақпай қалған. Мұс-тафа Шоқай болса: «Бұл мұсылмандық көзқарас тұрғысынан өте мықты ұсыныс болғанымен жас баланың «Аспандағы Айды әпер!» деген далбасасына ұқсайды. Мұндай мұсылманшылық идеяны жүзеге асырмаққа Түркістан ең алдымен Ресейге бағыныштылығынан біржола құтылуы керек» деп кесімді пікірін білдірді.
Мұхтариятты құрған «Шуро-и Исламийа» деп жүрген жәдит жоқшылары бұған не дер екен?. Мұхамеджан Тынышпаев та Уақытша үкіметтің комитетіне Әлиханмен бірге сайланған, 10-сәуір 1917 жылы ағасына жазған хатында: «Мұстафа Орынбор қазақтарының ұстанатын жолы мен біздің көзқарасымыз туралы айтып берді. Мен сіз бен біздің көз-қарасымыздың бірдей шыққанына аса қуандым» (ҚР. ОММ, қ – 17, тізбе – 1, п. 22, 27) дейді.
Міне осылай, Алаш ақыл-ойын Қоқанға, Ташкентке, Орынборға шашып шүлен таратудан тыйылып, етек-басымызды жинақы ұстаға-нымыз өзімізге пайдалы. Майысқақ терминнен (мұқтарият) құтылу керек ең алдымен. Мұнымен мұсылманшылықтан шыға қоймаспыз, Бұқар мен Қоқанның ырқына жығылсаңыз діннен баяғыда шығып кет-кенбіз. Масқара болғанда мұсылмандық мәделіміздің өзі өгей өре – отаршылдықтың араласуымен қалыптасқан.
Мұсылманшылықтан да жоғары ұлттық ұждан бар, Алаш оқы-ғандарының ұстанымы осы. Мұстафадан дін ғұламалары әсте ақылды емес, Алаштың да, исі мұсылманның да көсемі Әлиханға жету қайдан! Маңғаз мырзалар, Алашты дұрыс түсініңіздер: ұлт болмайынша дін де, ғылым да, білім де бәрі-баршасы бекершілік. Милләтке жетсек қана дін де, тіл де, діл де орын-орынымен сыйыса кетпек.
Мұхтарам, мағрифатшыл, мухторётшыл ака-укаларым мұны әліге ұға алмай өкпелесіп келесіздер. «Миллий Идарені» еске түсіріңіз, Қазан қаласында Алашорда автономиясынан алдын өткен мұсыл-мандар сиезінде Еділ-Орал мәдени-ұлттық автономиясы жарияланып, төрағалығына кадет Садри Максуди сайланды. Мәдени-ұлттық авто-номия басқа, дербес автономия басқа. Мұны бір тертеге жеге алмай-сыз.
Мен болсам өйтер едім-бүйтер едімнің аяғы біреудің еңбегін ұялмай иемденіп кетуге соқтырды. Мәселен, Қоқан автономиясын. Мұны не дейміз? Мәселенің мән-жайына бармай «Түркістан мұхтар-ияты» деп айқайлатып жазғандарға не десек екен? Мертігіп қалармыз: Ташкенттен басқа қалада «Түркістан» нәмімен автономия жариялау, оны «мұхтарият» деп боямалау бейәдеп сауатпаздық.
Мұсылманшылық сауатымыз неге құлдырап кетті, Нәзір Төре-ғұлұлы танымал Исмаил Гаспринскиймен неге тіресті? Мәселенің күр-меуі қиын. Мұсылман діндар ма, жәй білімдар сауатты ма, елсүйер ұлтжанды ма? Мыш-мыш. Мысқал қалқып бетінен ал да шаша бер. Мәтағасип (фанат) жетерлік: футболда, эстрадада, дінде, ғылымда, ұлттық саясатта.
Міне қызық! Метрополияның мінезін айтам. Менмен ағылшын «Құдайдың ұлты – инглиш» деп дүниені бас-басына тотем үлескен ұлт пен ұлысқа ұшындырып жіберді. Мүлдем бөлектенді, жергілікті халықты резервацияға қуып тығып, олардың жұмыс күшін, сауда-сат-тығын ғана күштеп-күйттеді. Масаң жуанжұдырық Ресей өзінің аяғы жеткен жердің бәрін де «орыс жері, халқы да орыс» деп басқа міне-зімен танылды. Мүлдем бөлек һәм мекер.
«Мұқтарияттың» кәзиті (Бірлік туы) неге Ташкенттен шығып тұрды, оған неге қазақтар (М.Шоқай, Қ.Болғанбаев, С.Қожанұлы) ре-дакторлық етеді? Мәселен сол М. Шоқай «Кәзит Алаш ұлттық пар-тиясының органы» екенін жазады. Мықтап ескеретініміз, Қоқан авто-номиясы Түркістан мен Қазақстанға шашырап кеткен қазақтардың басын қоспақ Алаш қайраткерлерінің батыл қарекеті екенінде. Мәс-кеуге де, жүре пайда болған Өзбекстанға да жақпайтыны осы. «Мұқта-рият» терминін өзағам осылайша таяқпен Көктен қағып ала қойған.
Мұсылман кеңесі – Муссовет – Шуро-и Исламийа. Мухторёт – автономия. Міне, аңқау қазекемнің қармақты қауып, оңай жерден жем болатыны. Майшелпек қой, сөйте тұрып Шығысты білемін, өзағам деп өзеуреп шыға келерін қайтерсің... Мұсылман ынтымақтастығы ұлт мәселесіне келгенде тұмсығы тасқа тиіп, быт-шыт қирамақшы.
***
Бұл жергілікті халықтардың сәбет режиміне мойынұсынбаған тұңғыш қарсылығы.
Александр ПАРК
Түркістан автономиясы қалай Қоқан мұқтариятына» айналды? Прихват шеберлері пысықайлық қалысар емес. Мұны бізден де бұрын жаны ыршып айтқандар баршылық. Басы-қасында болған, автономия шығарған кәзиттің жауапты хатшысы мәшһүр Сұлтанбек Қожанов. Түркістан сәбеттік автономиясының көсемі, Қоқандағы тарихи автоно-мияның басы-қасында болмағанымен түркістаншылдыққа жан тартып тарихын жете білетін Нәзір Төреғұлұлы. Бір дерт бар өзіміз айыға қоймаған. Оның аты бұрынғы мұсылман сауатының бүгінде өзбек бас-пасөзінің жеміне айналғанында. Редакторы – Тоған, жаухатшысы – Қожанов «Наджот» кәзитінің қай жері өзбектікі? Бұған баспахана те-рімшілерінің түгел татар қыз-жігіттері екенін қосыңыз. Абдулла Қадыри «Жұлқынбайға» ұқсап жұлқына беремін десеңіз өзіңіз білерсіз. Нәзір де Түркістанда мұсылманша қыруар кәзит-жорнал шығарды. Қатарында орыс тіліндегі әскери, партиялық жорналдар да баршы-лық. «Ақ жолға» дейін тап осылай боп келген. «Ақ жол» да Нәзір басқарған ТурЦИКтің төл басылымы. Баста Орынбордан қашып келген Міржақып басқарады деп ұйғарған. Алайда коммунист қырағылар Дулатовтың басына дау үйіретін болғасын оның шәкірті Сұлтанбек Қожанов редактор орнына қол қойып отырған. Міржақыптың өзі «Мадиярға» айналды. Сұлтекең «Тоқпақ».
Қоқан – Түркістан өлкесіндегі Ташкенттен кейінгі ең ірі қала. Мұндағы мақта плантацияларына Ресей қаржысы науадай құйыла бас-тағаннан Самарқан, Бұқарды артта қалдырып халқының саны күрт өсе бастады. Әлбетте, жалғыз жергілікті мыңқыпшақ, найман, құрама, құ-лансәйидтің есебінен емес, казак, мұжық һәм Ферғанаға күштеп қоныс аударған татар саудагерлері мен қашқын каторжниктердің есебінен. Дашнақ әрменесі, Бұқар, Самарқаннан алдыртқан жүһүті тағы бар.
Ташкентте бәлшебектер қысымына ұшыраған ұлтшылдарға бас-қа жол қалмаған еді. Небәрі осы. Басты мәселе – Түркістан атауының елдік һәм діндік бауырластық нұсқасында. Алайда жайшылықта бәрі дін мұсылман жеме-жемге келгенде әркім өз көйлегін киіп шыға кел-мек. Міне, бейсауаттың масқара мысалы. Түркістан автономиясы Қо-қанда жарияланды екен деп мухторёт бола салмайды. Өзағама бұйыра қоймайтын Түркібауырластық. Жалаң жазғыра беру де жарамас, сәбет идеологиясы өзағамды осыған қасақана итермелейді. Осылайша ұлттық алауыздықты шебер пайдаланғанда діндік бірлігімізді де ой-рандап кете бермек. Басты фальсификатор көзбояушы соның өзі.
Түркістан ұлттық автномиясы бірнеше ай ғана шолақ өмір сүр-генімен оның образы мен идеясы Орталық Азия тарихында өз орнын ойып алды. Қоқан автономиясын жолай иемденіп оны кейінгі «про-сәбеттік» Түркістан автономиясынан бөлектеп әкету тарихи сауатты-лыққа әсте жеткермейтін әбестік.
ІІІ. МУСБЮРО ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ
Жәмиғаттың қызу ықыласына бөленген Тұрар 1916 жыл оқиға-ларына белсене араласып, келер жылы Меркедегі қазақ жастарының революциялық одағын құрады. Елдің бәрі оны Түркістандағы аса бе-делді, ықпалды басшы санайды. Ақылын, табанды мінезін бағалайды. Партияның ХVІ сиезінде сөйлеген сөзінде Ресей шаруасы мен Түркі-стан диқанының жағдайын қолдан теңестірудің әпербақандық екен-дігін ашық жайып салады. Оның пікірінше:
* Түркістанда патша отаршылдығының ізі әлі де сайрап жатыр. Мұны-мен санаспау сірә мүмкін емес.
* Мусбюрода болмасын, ТурЦИК, Турсовнаркомда болмасын Түркістан территориясының тұтастығын ұдайы сөз етуден шаршамаған. Бұл мәсе-лені жиі көтерген.
* Түркітілдестер -- бірегей халық. Оны бөлшектеуге өзгелер құмар.
Тұрар бәрін де дұрыс істеді. Жалғыз айыбы – бәлшебек партия-сының сара жолымен басы сыйыспады. Оның адалдығы мен қағидасы талайдың жамбасын шоршытты, ашу-ызасын тудырды. Оның тиянақ-ты жұмыс істеуіне мүмкіндік бермей бір орыннан екіншісіне лақтыра беретін. Түркістанның байлығын уысынан шығарып алудан қорқатын. Мәскеуге Тұрар қауіпті бәсекелес. Нысанаға сондықтан іліккен.
Тұрар бір де бір партияға етене бола қоймаған, 16-жыл оқиғала-рынан кейін халық арасынан шыққан ұлттық көсем. Оның дәділ де һа-қиқи бағасы осы. Түркістандағы тарихи орны. Тұрарға Фрунзенің. Нәзірге Куйбышевтің берген бағалары күні өткен сәбеттік стереотип. Мақтан тұтарлық түгі де қалмаған. Коммунистік партияға Тұрар да, Нәзір де басқа жолы қалмағандықтан амалсыз кірген. Өйткені қыз-метке ілікпейді.
Тұрар Ташкенттен келген бәлшебектермен 1917-жылдың қыркүй гінде Меркеде танысады. Келер жылдың сәуірінде Әулие Ата кеңесі төрағасының орынбасары. Сол 1918 жылдың қазанында Тұрар Тур-ЦИК құрамына еніп, денсаулық сақтау комиссарлығына тағайындала-ды һәм аштықпен күрес комиссиясын басқару жүктеледі.
Мұнан соң Түркістан өлкелік мұсылман бюросының жетекшісі.
Мусбюро жетекшісі Тұрардың ВКП (б) Муском жетекшісі Мирсаид
Султангалиевті танымауы мүмкін бе? Мәселені, міне, осы тұрғыдан қарастыру керек. Мұртты жәкем – Сталин айтты, яки сес көрсетті деп айналып өте беру жарамас.
Мәскеу Мирсаид, Нәзір, Тұрар үшеуінің басын бір жерге қосудан қарадай қорыққанын осы күні жасырмай өзі жазып жүр. Неліктен?
СССР-дің күні бітеріне имандай сеніп сәуе айтқан Мирсаид сол за-манның өзінде Батыста, бүгінде ТМД-да пайғамбар деп дәріптелуде.
Бұл өзгеге жарасқанымен Мұхаммедтен соң пайғамбар жоқ санайтын
өзімізге жараса ма?
Өз қулығын жасырғанда «ойбай, несін айтасың Мирсаид Тұрарды
құрдымға құлатайын деп жүр екен» яки «Тұрар мен Нәзір бақталас
екен» дегендей өсек таратады. Мұндай қармақты жиі қабамыз.
Жеке тұлға біреудің жетегіне жүреді дегенге кімді сендіре алар-мыз. Онда несіне тұлға, қалай көсем?
Тұрарды, Нәзірді т.б. Мирсаидтың деңгейінде дәріптеп Батысқа т.б. таныта алмаған өз осалдығымыз. «Біздің ауылдың адамы» қағида-тынан арылып,мұны қашан мойындаймыз? Мұртты жәкеме Мирсаид кім, Тұрар кім, басқасы кім? Бәрі бірдей халық жауы. Бары-жоғы осы.
Баяғы сәбет заманындағыдай тақырыпты бас-көзсіз саясиланды-рудан тартыну керек-ақ. Ұлттық танымға көшу – заман талабы.
1918-1920 жылдары бәлшебектер Түркістанда жергілікті тұрғын-дарды өз жағына тартып сәбет үкіметін нығайта түсті. Бұған қалай қол жеткерді деген орынды сауал туады. Бір қызығы, бөтен емес, бөгде емес бәлшебектік саяси ислам ағымының арқасында. Ұлттық-комму-низм (ұлттық-большевизм) көсемдерінің бірі – Мирсаид Султан-галиев 1918-1919 жылдары кіші коллегия мүшесі, РСФСР ұлттық ха-лық комиссариатының журналында (Жизнь национальностей) редак-тор болатын. 1920-1921 жылдары ол РКП (б) ОК жанындағы Шығыс халықтары коммунистік ұйымының Орталық бюросын басқарды. Жеке мұсылман сәбеттік республикасын құру, мұсылман Қызыл Ар-миясын жасақтау, мұсылман Компартиясын құру Мирсаидтың бастамасы.
Компартия қатарына өлке мұсылмандарын тарту мақсатында
Түркістанда дербес ТКП Мусбюросы құрылды. 1919 жылдың көкте-
мінде оның басшылығына осыған дейін басмашылықпен күрес жөнін-
дегі ЧК жетекшісі, ТурЦИК төрағасының орынбасары лауазымында өзін танытқан Тұрар Рысқұлов сайланды. 1920 жылдың қаңтарында ТКП Мусбюросы атынан Түркі федерациясын құру бастамасын кө-теріп конституцияны өзгертуді талап етеді.
1920 жылдың 17-20 қаңтарында өткен ТКП, Мусбюро, Турк-комиссияның бірлескен мәжілісінде Тұрар сәбеттік жаңа Түркістанды
қалай құру туралы тезистерін ортаға салды. Осылайша өлкені басқа-рудағы отаршылдық элементтерден құтылуға болады деп санады.
Пантюркизмге, пантуркестанизмге жатқарылып келген Тұрар
бастамасында не айтпақ болды. «Түркі халықтары арасындағы талас-тартысты жою үшін оларды бір тудың астына біріктіру керек». «Түр-кістан түркіге жатпайтын тәжік те, кірме саналатын орыс, еврей, әр-менеге де өз елі саналады». РКП (б) VІІІ сиезінің ұлттық партия ұйым-дарын біріктіру туралы шешімін мысалға тартып өлкелік партия ұй-ымдарын бірегей Түркі компартиясына, Түркістан сәбеттік автоно-миясын РСФСР құрамындағы «Түркі сәбеттік республикасы» деп жа-риялауға ұсыныс жасады. Жаңа республикаға кез келген түркілік ел қосыла алады. Сонда-ақ республикалық мұсылман армиясын қалып-тастыру міндеті жүктеледі
Түркістандағы саяси институттарды түркілендіру идеясын Турк-комиссия (Элиава, Куйбышев) мұсылмандардың бетін осылай өзімізге қаратамыз деген оймен бастапқыда қолдады. Сондықтан Тұрарды 1920 жылдың қаңтарында ТурЦИК төрағалығына сайлады. ТКП V конфе-ренциясы (18-қаңтар) мен мұсылман коммунистерінің өлкелік ІІІ кон-ференциясы (ақпан басындағы) Тұрарды қызу қолдады.
Міне, осы арада 1920 жылғы Түркі федерациясы мен 1924-1925 жылдардағы Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік межелеудің айырма-сын анық аңғаруға болады. Мұсылмандар конференциясы «комму-нистік үгіт жолымен түркі халықтарының татар, башқұрт,қырғыз, өз-
бек т.б. сынды ұсақ жеке республикаларға бөлінуіне тыйым салу ке-рек» деген міндет қояды.
Түркістанның негізгі саяси институттары мақұлдағаннан кейін мұсылман коммунистері РКП (б) ОК-не өз ұсынысын жолдады. Алай-да Рудзутак пен Фрунзе бұған қарсы тұрып, антисоветтік құбылысқа жатқарды. Келесі күні, 1923 жылдың 23-ақпаны, Фрунзе Түркістанға жетіп кеп Рысқұловтың автономистік жоспарына қарсылық білдірді. Осының салдарынан Турккомиссия өз пікірін дереу өзгертіп жалт бе-реді. 1-3 наурыз күндері өткен біріккен мәжілістерде Рысқұлов қатаң сынға ұшырады. Нәтижесінде 8-наурыз күні Мәскеу Рысқұловтың ре-формасына қатаң тыйым салған шешім шығарды.
Бұған наразы Түркі делегациясы мамыр айында Мәскеуге кел-гені, оның немен аяқталғаны оқырман ға белгілі. Арнайы комиссия (РСФСР сыртқы істер наркомы Г. Чичерин, оның орынбасары Н. Крес-тинский, сондай-ақ Ш. Элиава) құрылды. Комиссия ұсынысын РКП (б) ОК 22 маусым күні, күнкөсемнің ескертпелерінен соң 29-маусымда қайта қарады.
Түркі халқы саны жағынан РСФСР-дағы 2-халық һәм діні бөлек мұсылман. Тап осыдан жаны шошайған күнкөсем алғаш рет Түркістан автономиясын Узбекия, Киргизия (Казахия), Түркменияға бөлу тура-лы ой тастады.Тағы да шіркеулік троица.
«Жеңілген» Тұрарды 1920 жылдың шілдесінде Мәскеуге шақы-рып алды. Мәселе неде? Султангалиев, Уәлиди, Рысқұлов, Төреғұлұлы болмасын мұсылман әрмиесін құруға бірдей мүдделік танытқан. Бұл әлдекімнің жеке брэндіне жатпайтын мемлекеттіктің басты шарты, зәру атрибуты. Сондықтан біреуді біреуге қол қусырған шәкірт көрсе-туге құмбылдық біліктікке жатпайды. Әрмие құру мемлекет қайрат-керіне тән сауаттылық.
Султангалиев, Уәлиди түркіге ортақ мақтаныш. Мәселе де осын-да. Олар түркі бірлігі жолында күресті. Маңлайынан тамған тамшы теріне, көзден тамған тамшы жасына, ақырында тамшы қанына тұн-шықты. Мұсылман шәһидтері. Алайда ұлттық таным тұрғанда, Әли-хан, Мұстафа, Тұрар, Нәзірдей ұлт ұларлары тұрғанда басқаны пір тұта алмаймыз. Бұл ұр да жық ұлтшылдыққа ұқсамайтын мүлдем бөлек мәдени атрибут. Қай-қайсысы болмасын шама-шарқынша отар-шылдыққа, дінге қырын бәлшебекке қарсы күресті. Бір мезгілде. Білімі сапалы, сұранысқа сай. Арасынан біреуін «пайғамбарлыққа» сүйреу қып-қызыл орысқолды әуейілік. Айталық Исмаил Гаспарлы исі мұ-сылманның көсемі деп таныған Бөкейхановты кім пайғамбар деп тани-ды? Бұлай деуге қазақты көтермелеуге бейықырар орыстың қызғаны-шы жібермейді. Ал әдепті далалық «Алаштың Әлиханы» демек. Міне, сізге ұлттық супостат.
Орынбордан Ташкентке көктемде қайтқан Нәзір ала жаздай қолы алдына сыймай бос жүреді. Өйткені эс-эр партиясының мүшесі Нәзір-ді ташкенттік аурокоммунист шоңқаралар жақтырмайды. Жалғыз шырылдаған Тұрар Қоқанда ерікті мұсылман жасақшылары құрыл- ғанда оларды басқаруға Нәзірді алуға үкіметті әзер көндірді. Кейіннен Қоқандағы аударма коллегиясына, басылымға Нәзірді редактор қой- ған да Тұрар. Кәзит өйткені Мусбюроның төл басылымы. Осы ма оның Нәзірге бақастығы. Мұның бәрі (бақастық) аурокоммунистер таратқан өсек-ғайбат.
ТурЦИК төрағасы ТӨРЕҒҰЛҰЛЫ
Нәзірдің сәбеттік Түркістандағы қызметі Қоқан басмашыларына қарсы күрескен ерікті мұсылман жасағын басқарудан басталып, Бұқар басмашыларын талқандаумен аяқталды. Түркістан компартиясын, ТурЦИК-ті басқарған «тынық пікірлі марксист» неден сүрінді екен.
Нәзірдің басты қателігі Маңғышлақты, Адай үйезін патшалық За-каспий облысының тырнағынан ажыратып, КазАССР-ның құрамына қосып жіберді.
Верныйға Алматы, Пржевальскіге Қарақол атауларын қайтарды.
Әулие Атада өткен «Қосшы» құрылтайында қазақ жастарынан армия құру мәселесін көтерді.
Түркістандағы сәбеттік автономияны мұсылман автономиясына айналдырып сенбі мен жексенбідегі демалыс күндерін бейсенбі мен жұмаға ауыстырады.
Құрбан айтты халықтық мейрам күні деп жариялады.
Ислам дінін пән ретінде мектептің орта басқышында математи-ка, физика, химиямен т.б. қатар оқытуға шақырды.
Бұқардағы басмашылар күресі, әсіресе Әнуар пашаның жеңілеті-ні белгілі болғасын Мәскеу Нәзірдің партиялық миссиясына нүкте қоюға ұйғарды. Оның тынық пікірлі марксист болмайтынына да, пар-тияның нұсқауымен жүрмейтініне де көзі жетті. Сондықтан Нәзірді партия конференциясына деп алдап шақырған Мәскеу оны енді қай- тып Түркістанға да, Қазақстанға да аяқ бастырмады. Бұл үйқамақтың мәдени тәсілі.
Осылайша жасбұқаршыл – революцияға құмбыл, партияға адал Файзулла Ходжаевқа жол ашылды. Бұқардағы шетелдік интервенция-ны басмашылық деуге бола қоймас. Әнуар паша неміс ақшасына тә-уелді міскін. Хорезм түркімендеріне ағылшын барлауының ықпалы ықпалы жүріп-тұрған. Оларды шақырған да байбаламшыл Бұқар әмі-рінің өзі.
Жәдитшілердің өзі де қарадай түркістандық және бұқарлық екі дайға жарылды. Тыраштықтың таптырмас бір үлгісі – бәлшебекке жалтақтық барлығын 1905 жылмен сабақтастыра бермек. Бұл жыл соншалықты несімен қымбат? Осының алдында жапоннан жеңіліп қалғанына намыстанған орыс жұмысшылары патшаның осалдығына наразылығын ашық білдіре бастады. Осының жарқын мысалы аты-шулы Лена қырғыны. Небәрі осы.
Империяның шалғайы – Түркістанға, Бұқарға, Хорезмге мұның қатысы қанша? Намысы бөлек. Бұл үшеуі де сол замандағы әкімшілік атаулар. Сондықтан бүгінгідей Өзбекстан, Түркіменстан т.б. деп өрек-пи алмаймыз. Ендеше, жәдит желікпесіне тереңдеп баралық. Мұның қазақ ақыл-ойына қатысы қанша? Мәселе тап осы сауалмен шектелуге тиіс. Алайда тапырақтағаннан ондыққа дәл дарыта алмай бұтақты жапырып ата береміз. Қоқан басмашылығының, Бұқар жасбұқаршы-ларының Алаш ақыл-ойына қатысы да, пайдасы да жоқ. Сондықтан өзеуреп білгішсіне бермейік. Қоқан басмашылығы Дукчи ишанның тұсында діни реңк алғаннан бастап бұрынғы жергілікті мыңқыпшақ, найман, құлансәйидтің Қоқан ханына, таутәжіктеріне қарсы күресі айдалада қалды.
Бұқар жасбұқаршылдары Өзбекстанды құрып дегеніне жеткен, сүйеуі мықты сүйек жұтқан мырза-фактор. Екеуі де бәлшебек тарапы-нан пантюркизм деп қараланған Алаш ағартушылығына қарсы қойыл-ған отаршылдық әдістеме. Патша заманындағы Түркістан, Бұқар, Хо-резм әкімшілік-территориялық атаулары сәбеттік танымдағы Орта Азия саяси атауына топтасып сахнаға көтерілді. Не үшін? Осылайша бәлшебек өзі үшін жексұрын Түркістан атауын жойды. Алаштың сағын сындырып, құрдымның құдығына құлатты. Түркістанның дүние мойындаған ұлт көсемі Мұстафа Шоқайды, оның құрып кеткен Түркі-стан автономиясын сәбет билігі тұсында реформалауға тырысқан Нәзір Төреғұлұлын, Түркі федерациясының авторы Тұрар Рысқұлов-ты халық жауы деп жариялап, елге жеккөрінішті көрсетуге тырысып бақты. Мұстафа да, Нәзір де Алаш Әлиханының төл шәкірттері бола-тын. Демек, түркістандық Алаш ағартушылығының жүзеге асқан көрі-нісі. Жеңіліп қалса да жеңіске жеткен түркі факторы.
Жәдит – жаңашылдық, заманауи ағым. Анығы осы.Ең бастысы, ешкімге жәреукесі жоқ дәстүріне берік жергілікті. Сондықтан Алаш баласына жасбұқаршыл да, жастүрік те емес Алаш жаңашылдығы қымбат. Мәселен Орта Азия және Қазақстан деген геосаяси атаулар-дың өзі айырманы айқайлап тұр емес пе ...
Мәселен, ең көрнекті жасбұқаршыл Ф. Ходжаевтың өзі Түркі-стандағы мәдени-ағарту қозғалысы мен кіші әкімшілік реформаларды талап еткен жәдит ағымы 1917 жылғы ақпан революциясынан кейін Түркістан автономиясына айналғанын мойындап отыр ( ;77). Бәлше-бектің жан сала қорғауымен бөлек жолға түскен Бұқар Өзбекстанға айналды. Басқаша болуы әсте мүмкін де емес. Өйткені Түркістан мен Бұқардағы ұлттық-азаттық қозғалыстың саяси және шаруашылық тетіктері әр қилы болатын ( ;77). Аталық Түркістан түгелімен бодан, ал Бұқар жартылай бодан. Мұның дабыра тұтатын түгі де жоқ, алайда біреулер осының өзіне әлдеқандай. Себебі, мінез-құлқына әсері бар. Енді мынаған назар жығалық:
Алаш 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінде танылды.
Түркістан автономиясы – 1917 жыл.
Бұқар Халықтық-Демократиялық Республикасы – 1920 жылдың 2-қыркүйегі.
Түркіқарындастық, дінқарындастық болмады емес болған, алай-да ептілер оның өңін айналдырып түркілерді өзара жанжалдастыруға пайдаланып кетті.
Ф.Ходжаев болмасын, басқасы болмасын жәдитшілдер арасында Махмуд қожа Беһбудиге жан баласын теңгермей аса білімдар, қоғам-шыл саяси қайраткер деп төбеге көтереді. Жарқырауық эпитеттерден әсте аянбайды. Бұқар жәдитшілдері, Ф. Ходжаевтың бағасына бақсақ: « негізінен Бұқар әмірінің деспотизмі мен қопал саясатына қарсылық-тан басқа түк бітірмеген некен-саяқ оқығандар (Ә. Фитрат, С. Айни т.б.). Олар түрік және парсы ықпалымен қалыптасқан». Ешкімді қару-лы көтеріліске шақырмаған Бұқар жәдитшілері негізінен медіресе түлектері, ұсақ дүкеншілер, шенеуніктер секілді ұсақ буржуазия өкіл-дері. Бірен-саран ірі көпестер (Мансуров, Якубов) ақшалай көмек бер-гені болмаса тікелей араласпаған. С. Айни – диқан баласы, Фитрат – ұсақ саудагердің ұлы,Усман Ходжаев – молда әулетінен. Жәдитші-лердің басты мақсаты – діни фанатизммен күресу. Көздегені де – ұлт-тың буржуазиялық өркендеуі. Сондықтан олар революцияға дейін оқу-ағартудағы реформалармен шектелді. Бұқарды революцияға тартқан жасбұқаршыл Ф. Ходжаев, бәлшебектер. Басты жауы – әмір мен қадим молдалары.
Көрнекті жәдит Әбдіуақит Бұрханов пен Низамутдин 1907 жылы Бұқарда жәдит мектебін ашып, оқу жылы аяқталған соң алынатын сынаққа олардың ата-анасын, дін иелерін, шәрдің беделді кісілерін түгел шақырады. Алайда мұның ақыры жанжалға ұласады.Оған жаңа мектепте оқытылатын пәндер себепші болады. Бастапқыда Икрам дамулла мен бір қатар белгілі азаматтар жәдит мектебін қолдап елге, халыққа пайдалы жақтарын сөз етеді. Оған Әбдіразақ молда бастаған екінші топ қарсы болады. Қадимшылардың пікірінше:
* Жәдит мектебі мұсылманшылыққа жат. Партада отырады, бір мезгілде әрі оқып, әрі жазады. Бұл дегеніміз орысқа, ауропалыққа еліктеу.
* Ислам қағидаларына сай емес. Дін сабақтары өтілгенімен мейлін-ше бұрмаланған, математика, географиямен қатар мұсылман көзқара-сына қайшы жаратылыстану пәні өтіледі.
Жәдит пен қадим тайталасы осыла жүз жарды. Әмірге арқа сү-йеген қадимшылдар жеңіске жетіп жәдит мектебін жаптырады. Ата-аналарынан баласын жәдит мектебіне бермеу туралы қолхат жазды-рып алады.Икрам дамулла да, Бұқардағы атаулы 12 дін ғұламасының бірі, қуғынға түседі. Осыдан соң жәдитшілер қарап қалмай жәдитке бүйрек бұратын дарынды жастарды Ресейге (Орынбор, Қазан), Түр-киеге (Стамбұл), Мысырға (әл-Каһира), Сирияға (Дамашқ) жіберіп оқытып өз кадрларын дайындай бастады. Дауасыз бөспеліктің бірі, жәдит тарихын білмегендіктен, осымен санаспай мақтағысы келген молдасын ХХ ғасыр басынан ілгеріде өмір сүргеніне қарамастан шет елдерде оқыта салады. Рұқсат жоғына, шекараның ашық-жабығына қарамайды. Баяғыда сондай болған деген шерімбет шамамен соқтыра береді.
Жәдитшілер баспа өнімдері арқылы өз идеяларын насихаттауды осы мезгілде қолға алады. 1909-1915 жылдары Бұқар әмірін аяусыз сы-наған кітаптар көптеп жарық көрді. Бұқарда, Керкіде, Шахрисябта белсенділік танытты.
Фитрат ақынның елге кеңінен танылуы да осы тұс.
1912 жылдан бастап «Тұран», «Бұқар-и шәріп» кәзиттері шыға бастады.
Бұқар әмірі 1913 жылы, 1914 жылдың басында жәдит мектепте-рін жаппай жаба бастағанда Фитрат, Ата Ходжаев т.б. Бұқардан қашу-ға мәжбүрленді.
Жәдитшілерге 1914-1915 жылдар тым ауыр тиді. Өйткені шет ел-дерде оқып елге қайтқан жастар өздерін тәрбиелеген аға буынмен
тайталасып жүз шайысып қалған. Олар бұрынғыдай оқу-ағартумен шектелмей саяси талаптар қоя бастады. Жасбұқаршылдар атауы осы-лай қалыптасты. Ақырында Бұқар жәдитшілдері өз арасында Ә. Бұр-ханов бастаған оң қанатқа және Ә.Фитрат бастаған сол қанатқа ажы-рап кетті. Фитрат бастапқыда Қоқанды сағалап,сәбет үкіметі күш алып біржола нығайғанда Қашғарға, Үндістанға кетіп қалады.
1918 жылы Мәскеуде жасбұқаршылдар комитеті құрылды. Осы-дан соң бәлшебек билігінің көмегіне сүйенген ағымының тасы өрге домалаған. Комитетті Файзулла Ходжаев басқарып, оны ТурЦИК бе-кіткен соң, РСФСР ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты мақұл-дады. Осылайша ғаламдық революция жолымен Бұқарды, Ауғанды, Үндістанды өзіне қаратпақ бағдарлама құрылды.
1918 жылдың 16-қарашасында Мәскеуде жасбұқаршылдардың ТурЦИК саяси өкілдерімен бірлескен мәжілісі өтіп, Ф. Ходжаев да- йындаған Нұсқаулық жобасы бекітіледі. 1918-1920 жылдары Мәс-кеумен. ТурЦИК коммунистерімен етене араласқан Ф.Ходжаев мей-лінше революцияшыл боп алды. Орталыққа керегі де дәл осындай жергілікті кадр. Мәжіліс бекіткен жаңа құрамға Ф. Ходжаев, Ә.Мухид-тинов, С.Юсупов және Троцкий кіреді.
3-тамызда ТуркБюро мәжілісінде Бұқар революциясы туралы мәселе талқыланды да Ф.Ходжаевты БКП ОК-нің құрамына қосымша ендіреді.
25-тамызда Турккомиссияның ТуркБюромен бірлескен мәжі-лісінде БКП ОК-нің төрағасы Н. Хусаинов пен Ф.Ходжаев Бұқарда революцияны жүзеге асыру үшін халықты дайындаудың барысы жа- йында жарыса хабарлама жасайды. Сол күні Бұқар революциясына басшылық жасайтын партия орталығына В.Куйбышев, Н.Төреғұл-ұлы,Ф. Ходжаев т.б. сайланады.
28-тамызда Ф.Ходжаев Каганға (Жаңа Бұқар) келді.
2-қыркүйекте Түркістан майданы әскерінің қолдауымен халық көтерілісі Бұқар әмірін тақтан тайдырды.Осы күннен бастап Файзулла Ходжаев Бұқар халықтық республикасының революциялық-демо-кратиялық үкіметін басқарады.
6-қазанда өткен І сиезде Бұқар Халықтық Совет Республикасы жарияланды. Түркістан майданы 2 армиясын Шығыс Бұқарды азат етуге жұмсайды.
Революцияға дейін Бұқар шет елдерге 35-40 миллион сомның шикізатын экспортқа шығаратын. Ең зәруі мақта мен қаракөл. Рево-люция алдында бұл көрсеткіш 1-2 миллион сомға құлдырап кетті. Бұ-қар республикасындағы халықтың басым бөлігі – өзбек, содан соң тәжік, түркімен, қазақ. Территориясы – 350 мың верст, тұрғын саны – 5,5 – 6 миллион. Пайызға шаққанда 60-65 % өзбек, 15% тәжік, 8% қазақ, 10% ауропалықтар мен басқалары.
1924 жылдың 2-ақпанында Орта Азияны ұлттық-мемлекеттерге межелеу ісі аяқталғаннан кейін Өзбек ССР-нің уақытша жұмысшы-шаруа ревкомы құрылды. Өзбек ССР-нің совнаркомы төрағалығына тағайындалған Ф. Ходжаев бұл лауазымынан өзі ұсталған 1937 жыл-дың 17-маусымына дейін ажыраған жоқ.
СССР құрамында Украинадан кейінгі белді республикаға айнал-ған Өзбекстан экспортқа шығатын мақтаның 90% пайызын иеленді.
Жол қатынастары жолға қойылған сәбеттік республиканың бірі де Өзбекстан болатын.
Бәлшебекке Бұқардың мақтасы мен қаракөл елтірісінен де баға-лы геосаяси құндылықтарға тоқтала кетейік.
Қытай қақпасы – Қоқан мен Шығыс қақпасы – Бұқар ұзақмер-зімді «Христианский Восток» бағдарламасын жүзеге асыруға аса қолайлы табиғи нүктелер болатын.
1916 жылы Қоқан тырп ете алмағанымен, Бұқар жартылай тәуел-сіз болатын. Қақпа – шартты геосаяси термин, сондықтан аяқ астынан ұста жинап қақпа-дарбаза қалқайтуға құлшына бермеңіз.
Атеизм – Батыста туғанымен моноұлтты Ауропаға мұның керегі болмады. Айтылған жерінде қала берді. Алайда көпұлтты, көпдінді Мәскеуге керек болды. Атеизм – христиан емес ұлттарды шоқынды-руға табыла кеткен әдістеме.
Ғаламда жұмысшы табының революциясын алаулатпақ бәлше-бекке Бұқар мен Хорезмнің қолға қарауы айтарлықтай жеңіс болатын.
Қашғар, Ауған, Таяу Шығысқа қол созудың тамаша мүмкіндігі.
Сәбет қамқорлығымен Ғайсаның қойнындағыдай (как у Христа за пазухой) өмір сүрген Өзбекстан басқаға үлгі боларлықтай ұлттық мұсылман мемлекетіне айналды ма? Бұл күрмеуі қиын сауал.
Пантюркизмді жермен жексен еткен, сол заманда күйіп тұрған ағылшын интервенциясының, пангерманизмнің сағын сындырған жұ-мысшы табының жуанжұдырығы талан-таражға салып кеткен Түркіс-тан ұлтшылдығы бас көтере алмады.
Нәзірдің Түркістандағы қызметі осынау оқиғалардың басы-қа-сынан тікелей өрілді. Төреғұлұлы турасында аз жазып жүргенім жоқ. Сондықтан бұл жолы бір ғана кезеңімен шектелуді жөн санадым. Өкі-нішке орай Нәзірдің Бұқар, Хорезм республикаларына арнайы тоқ-талып жазған еңбектері (брошюралар) қолыма түспеді. Аты аталғаны-мен заты ұшыраспады. Шамасы, мәшһүр Бирунидің кебін құшса ке-рек. Осыған дейін ұзақ күттім. Архивтанушыларға қанша қолқа сал-дым. Бәрібір ақталмады. Амалым таусылғасын Бұқар революциясына қалам тартқан өзге авторларға түртініп таратуыма тура келді. Әсіресе Ф. Ходжаевқа. Айып-шамға жыға көрмеңіз.
Нәзір қашан Һижазға елші болып кеткенше иінінен әскери гим-настеркасын, аяғынан етігін тастамаған. Тіпті үш жасар қызы Әнелмен бірге түскен суретінде де әскери киімшең.
Енді кәдімгі Сәбит Мұқановтың Қазақстанға Нәзірдің еңбегі сің-беген деген бесті бағасына, немесе Нәзір Қоқанда туып-өскен өзбек, Өзбекстан қайраткері деген білгіштерге ауысалық.
Сәбеңдікі жәй байбалам, Нәзірдің сынына ұшыраған Сәкенді қорғаған жалпақшешейлік.
Түркістан автономиясының қайраткерлері Мұстафа,Нәзір, Тұрар ешқашан өзбек ұлтының мүддесіне, тіпті бәлшебек идеясына қызмет етпеген. Түркістан автономиясы да, Түркістан сәбеттік автономиясы да, Түркістан федерациясы да түркістаншылдардың ұлттық ұмтылы-сы. Сондықтан да РКП(б) оларды жөргегінде тұншықтырып тастады. Өйткені түркістаншыл ешқашан идеяға қызмет ете алмайтын ұлтшыл.
Нәзір сәбет үкіметі орнағаннан кейінгі қызметін Орынборда жүріп кеңестік қазақ баспасөзінің қарлығашы «Қазақ мұңы» кәзитін шығарудан бастаған жоқ па? Кәне, ендеше, Қазақстанға еңбегі сіңбе-гені. Ташкент пен Қоқандағы мұсылман сауатында басылған кәзиттер-дің барлығын, Алаш азаматтары шығармай кім шығарып еді.
Ең бастысы Түркістан автономиясына Шығыс Қазақстанның шалғай аудандары, Жетісу, Сырдария түгелімен қарағанын Сәбең қа-лай жадынан сүрте салған. Өзінің жады болса бір сәрі, түгел қазақты осы өтірікке иландырмақ. Бұл үшеуінің және басқаларының жанта-ласқан еңбегі болмағанда күніміз не болар, оңтүстік кімге айналар еді? Алаш зийалдары тайлы-таяғымен Ташкентке неге жиналды? Ташкент болмағанымен Сырдария, Жетісуды кім сақтап қалды, Қазақ ССР-ына кім қосып кетті? Алашшыл емей, түркістаншыл емей бәлшебек деп пе едің...
v. Сұлтаны көп Шығыстың Сұлтанбегі
Алаш ардагері, көрнекті мемлекет қайраткері – Сұлтанбек Қожанұлы (1894-1937) сәбет үкіметінің Орта Азияны тарихи межелеу мәселесіне батыл араласып ұлт қамына жүгірген ерен тұлға. Сол тұс-тағы қалыптасқан ахуалда ұлт қайраткерлерінің жеңіске жетуі, сөзінің өтуі әрине құрғақ қиял. Алайда, ұлттық ұжданымыз тарихи сабақ ала-тын тұстары жетерлік. Бүгініміз қалай да кешегінің баласы, ертеңгінің атасы емес пе. Осынау аталы сөзге ден қойдық.
ТурЦИК қаулысымен құрылған қазақ бөліміне (киротдел) басшылықты Нәзір Төреғұлұлы өз мойнына алып, бөлім мүшелеріне Санжар Асфендиаров пен Сұлтанбек Қожанұлы бекітілді. Түркістан қайраткерлері арасында бұл жұмысты ақырына дейін жеткерген ба-рынша күресіп Орталықтың озбыр саясатына қарсылық танытқан Сұлтанбек Қожанұлы. Сұлтанбек уәжге іркілмейтін тапқырлығымен, ойып түсер отты сөзімен көзінің тірісінде аты аңызға айналған бірегей тұлға. Ол сауалнамадағы «Сіздің қарым-қабілетіңіз қай іске бейім?» де-ген сұраққа: «Қазаққа әйтеуір бір пайдасы тиетін кез келген жұмыстан тартынбаймын» деп өткір жауап қайтарған.
Түркістан автономиясының қазақтары осындағы қазақ ауданда-рын Қазақ республикасына қосу жөніндегі талабын сол 1921 жылы күн тәртібіне ендіре бастады. Қазақ автономиялық сәбет социалистік рес-публикасының басшылары бұл талапты РКП (б)-ның 1922 жылы өткен ХІ съезінде ғана батыл көтерді. ТурЦИК пен Турккомпартияның жа-уапты қызметкерлері қатысуымен 1924 жылдың 16-наурызында өткен мәжілісте ұлттық-территориялық межелеудің тәртібі мен қағидалары талқыланғанда кереғар пікірлер көп айтылған.
Территориялық межелеуді жақтағандар арасында Асфендиаров, Жүргенов, Аралбаев, Айтақов болса, ортақ экономикалық база жасал-майынша бұл әңгімені қозғауды ерте санап қарсы тұрғандар Қожан-ұлы, Паскуцкий, Цехер. Территориялық комиссияның 1924 жылдың 21-тамызындағы хаттамасын басшылыққа алған Д. Манжараның ұсы-нысымен РКП (б) Орта Азия бюросы «Өзбек КСР-нің Қырғыз респуб-ликасымен шекарасын бекіту туралы» қаулысы 1924 жылдың 7-қыр-күйегінде қабылданды (қырғызды «қазақ» деп оқыңыз).
Түркістанды жіліктеуге жеңін түрінгендер бәлшебектік дақпырт алау-жалау ұрандатқан «әр ұлттың бостандығын» бетке тұтты. Тым өзеурегендер де баршылық. Түптей келгенде кәмөнестер ұсынған алғашқы жоба мынау еді:
* Өзбек, Түркімен одақтас республикалары құрылады.
* автономиялық Тәжік облысы Өзбекстан құрамына кіреді.
* Қазақ аудандары Қазақ республикасына қосылады.
Территориялық межелеу мәселесі Орта Азия бюросының 1924 жылдың 3-тамызындағы мәжілісінде қаралып, онда И.Зелинский ба-яндама жасап, алғашқы жобаны талқылаған. Төреші – РКП (б) ОК Саяси бюросының қаулысы, әлбетте, қарауылын қалт бақты:
* жаңа бюджет жылына дейін межелеуді аяқтау.
* үстіміздегі жыл қыркүйегінің ортасына дейін жаңа әкімшілік-тер-риториялық бірлестіктерді «кеңес тәртібіне сәйкес» Бүкілодақтық орта-лық атқару комитетінде тіркеуге алу.
Территориялық межелеу жөніндегі комиссияға басшылық жасау мен көмек көрсе-туге бола республика мен облыстардың уақытша бю-росы 15-шілдеде құрылып, даулы территорияларды анықтайтын белді мамандарды іске тартуға міндеттеді. Тереңнен ойластырылған бұл да бір кезекті айла-шарғы. Тым бертінде белгілі болғанындай Күнкөсе-міміз көзі тірісінде 1923 жылы Кремлге ақжал академик В.Бартольдт-ты арнайы алдыртып үшбу мәселені жата ақылдасқанда қызыл қалам-мен картаға болашақ республикалардың шекарасы тартылған. Таш-кенттегі «тарихи миссиясын» мінсіз өтеген ресми бас тарихшы Ленин-градқа оралып, қалған өмірін ың-шыңсыз осында өткергені мәлім.
Түркістанда мәтібилікті көксеп кеңес билігіне көсіле жығылған көршіміздің көңіл-күйіне де назар жығалық. Турамышқа көптеу құ-мартқан, көксегеніне жеткен де солар емес пе! Ендеше жағын қалай сауғанына зер салайық:
«Құрылтайдың (1924 жылдың 18-20-қыркүйегінде өткен Кеңес-тердің жалпыбұқаралық С-Б.С.) Орта Азияны дербес ұлттық респуб-ликаларға межелеу мәселесінің саяси, мәдени әрі шаруашылық мәні айтарлықтай. Үшбу мәселенің маңызын екшемекке Орта Азия халық-тарының тарихымен ең құрығанда қысқаша танысып, қазіргі қалып-тасқан ахуалды қарастыру қажет.
Ең алдымен бүгінге қалыптасқан Орта Азия республикаларының (Түркістан, Бұқар, Қиуа) саяси шекарасының жасандылығына назар аударғымыз келеді. Бұл шекараның осындағы халықтарды бөлшектей беретіні әділетсіз-ақ. Мұның түпкі себебін өзара жауласқан феодал-дардың (әмірлер мен хандар) дау-дамайынан, жер мен суға таласынан, өз мүддесін қызғыштай қорығанынан іздестіру қажет. Мұның барша-сын Орта Азия халықтарының арасында қолдан тұтатқан жаулықтың салдары деп қарастырамыз. Бұл шекаралар көшпелілер мен отырық-шы халықтардың үзбей қақтығысуының салдарынан орныққан.
Бұқар мен Қиуа халықтарының азаттыққа Түркістаннан кештеу қолы жетті. Орта Азия халықтары осы жылдарда талай жетістікке же-тіп өзінің кеңестік мемлекеттігін қалыптады, ұлта айналды. Алайда,қа-зіргі жағдайымыздың басты кемшілігі жоғарыда тізіп өткен тарихи оқиғалардың нәтижесінде қалыптасқан әкімшілік және саяси шекара-лар қазіргі күндері ұлы өзгерістердің дамуына зор кедергі болуда. Біз-ге Орта Азия халықтарының әрбіріне тән ұлттық, жағрапиялық, ша-руашылық және тұрмыстық ерекшелігіне сәйкес ұлттық республика-лар құру ауадай қажет.
Бізге өре қарсы тұратындар табылар, алайда олардың бізге дос ниетте еместігін жақсы білеміз. Мәселен, пантүркішілдер мен пан-исламшылар. Біз халықтарды біріктіруде шаруашылық сұранысын, тілін, тұрмыс ерекшелігін басшылыққа алуды талап етеміз, ал тайпа-лық тегіне қарай іріктеудің орынсыздығын барынша ескертеміз. Егер діні мен тайпалық тегінің бірлігін күйіттейтін болсақ онда түркі тай-паларының арасындағы ең елеулі биліктілер Темір мен Баязит нені бө-лісе алмады. Екеуі де түркі бола тұрып өзара жауласқаны бұлтартпай-тын факт.
Түркі тайпаларының өзара қатынасын мейілінше салқын қарас-тырғанның өзінде түрлі тайпалардың өзара бірлігін таба алмай дал бола береміз. Қысқасы тайпалық тегі ұлттық бірліктің көрсеткішіне жатпайды. Тайпа ұлттың тұғыры емес. Бір халықтың тайпалары әр түрлі жағрапиялық және шаруашылық ендігінде тұрып жатса міндет-ті түрде әр түрлі тұрмыс жағдайына еріксіз бейімделеді, мұның ақыры сол өзі тұрған жердің мінез-құлқына, әсіресе, күнкөріс тәсіліне көшуге соқтырады.
Бүгінгі Бұқардың құрамынан түркімен мен тәжіктің еншісін алып, Бұқар өзбектерінің Ферғана, Ташкент, Самарқан өзбектеріне қосылуын бірден-бір дұрыс һәм ұлық іс деп бағалаймыз. Орта Азия-дағы ұлт мәселесінің толығынан шешілуі кезегін күтіп жатып қалға-нын жасырмаймыз. Октябрь революциясынан кейін ұлттық межелеу мәселесі бірден шешілмегендіктен жер мен суға таласа кететін ұлттық қақтығыстар әліге жалғасып келеді. Талай қанды қақтығыстардың нә-тижесінде Ауғанстанға көшіп кеткен кейбір тайпаларымыз баршы-лық.
Осы мәселе бойынша ойын ортаға салған партия мен кәсіподақ ұйымдары, сондай-ақ партияда жоқ көпшілік Орта Азия халықтары-ның Өзбек және Түркімен республикаларына, Тәжік және Қарақырғыз автономиялы облыстарына бөлінгенін жөн санайды.
Бұқарда негізінен тұрғылықты ұлт саны төртеу: өзбек, тәжік, түр-кімен және қарақырғыз. Қалғанының үлес салмағы тым мардымсыз. Егер ұлттық межелеу мәселесін оң бағытта жедел шешетін болсақ елі-міздің шаруашылығын өркендетуге соғұрлым тезірек жетер едік».
Бұл – Өзбекстан үкіметінің билігіне жеткен Ф. Ходжаев теориясы. Дау-дамай кіндік қала – Ташкент төңірегінде өрбіді. Мұның бірнеше елеулі себептері баршылық. Сондықтан РКП (б) Ортаазбюросының мүшесі С.Қожанұлының ерекше пікірімен санаспайынша болмайды: «Ташкент қаласын әрбір ұлттық-мемлекеттік құрылымға құры итере салмастан алдын мыналарға: төңірегінде жергілікті халықтар өте тығыз орналасқандықтан бүкіл облыстың экономикалық, демографиялық, әсіресе тұрғындарының этнографиялық құрамына зер салайық.
Қаладағы өзбектер жергілікті басқа ұлттардан салыстырмалы түрде саны басым делін-генімен жалпы тұрғындардың арасында басымдыққа ие бола алмайды. Ташкент европалықтар тығыз қоныс-танған көпұлтты қала. Осынау аса маңызды экономикалық, саяси-әкімшілік, мәдени орта-лықта ауыл шаруашылығында еңбектенетін қазақтар да сан жағынан еш-кімге дес бермейді.
Тарихи көзқарас тұрғысынан Ташкент көшпелі қазақ жеріндегі өзбек-сарт колониясы. Өйткені дала тұрғындарының есебінен күн көретін сау-дагер-сарттар бұл қалаға тым құштар болатын. Оңтүстіктің экономи-касын ұйымдастыруда Ташкент Самарқан және Ферғана облыстары се-кілді белсенділік таныта алмаған. Ол солтүстіктегі қазақ даласының мил-лиондаған тұрғындарының бірден бір сауда орталығы. Сондықтан Түркі-стан сәбеттік социалистік республикасының қазақ ауданына жатқарыл-ғаны дұрыс шешім.
Ташкент – Түркістанның қазақ тұрғындарына бірден бір мәдени ор-талық, өйткені, қазақ халқының мәдени қажеттерін өтейтін санаулы, аса бай емес мекемелер түгелге жуық осында орналасқан. Көпшілікке белгілі осынау мәселеге бір-жақты көзқарас сәбет үкіметінің ұлттық мәселені шешудегі қағидаларына қарсы келетіндіктен өз басымды ерекше жеке пікі-рімді ұстануға мәжбүр етпек. Тым болмағанда Федерация орталығы сана-тындағы еркін қала деп танылып, онда Қазақ кеңестік социалистік респуб-ликасының Орталық атқару комитеті орнығуға тиіс деп есептеймін» (Мәскеу. 1924 жылдың 29- мамыры).
Ендігі мәселе жаңа астана таңдауға ойыспақ.
«Соңғы кезде алған хабарларға қарағанда айтыс үдегенге ұқсай-ды. Бұрын аты аталып, қаулы болған Шымкент еді. Қайта сөз болған-да жанның барлығына ұнағаны – «Ташкент темір жолының бойындағы – Ақмешіт қаласында болсын» деген ұсыныс еді. Енді әр қаланың аты бір айтылып, мәселенің шешімі ұзаққа кететін болыпты» («Ақ жол», 1924 жыл, 23-желтоқсан, №517).
«1921 жылдан бастап Қазақстан бас үкіметі мемлекетке үлгі бо-ларлық қала іздеумен әуре» ( «Ақ жол», 1925 жыл, 28-қаңтар, №530).
«Ақмешіттің ауданы, айнала-төңірегі қазағы көп жер (75-90 па-йыз), екіншіден Ташкент теміржолының бойында, Сырдария өзенінің жағасында» («Лениншіл жас») журналы, 1925, №1-2).
***
Төгілген жорға тіл қандай...
Түркістан қайраткері кім? Табанды бәлшебек ғана ма. Түбірімен қата ұғымға неге бардық? Таптана бермей сол қайраткердің өзіне сөз берелік, есті жұрт не айтпағымды аңлай жатар өзі-ақ.
Тоқпағы мықты киіз қазық жерге сіңер.
Түркістан өлкесінің билігін бәлшебектер партиясы зорлық-пен қолына алып өз һүкіметін жүргізді, өз айтқанын қылдырды. Кезінде ірілі-ұсақты мұсылман ұйымдары: «Біз мұндай зорлықпен күш қылып бостандыққа қарсы іс қылғандарды танымаймыз. Айтқанын тыңдап, ай-дағанына жүрмейміз» деп көріп еді. Мұны елең қылған бәлшебектер жоқ. Мұнан іс шығара алмайтынын 25-қарашада жалпы Түркістан мұсыл-мандары «бәлшебекке бой ұсынбаймыз» деп Қоқан шәһарында өткерген сиезінде автономия ығлан еткен еді (Түркістанда орыс сиездері. «Бірлік туы» № 21 29-қаңтар 1918 жыл).
Түркістандық кім? Тағы алдымнан шыға берді-ау: мұсылман ба, большевик пе. Тура жауабына Сұлтекеңді алға тарттым.
Тегін үй, тегін тамақ беріп елдің көңілін аулаған бәлшебек талайдың санасында қалып қойып жеңіске жеткерді. Түркістан мұсылманы осылай жерге қарады, басбұзар басмашы атанып Ферғананың тауында көрден көрге тығылды».
Түркістанның мұсылманы кім дегенде кібіртіктей береміз. Тура жауап айтылмайды. Таласа кетеміз, бүгінгі жағрапияны алға тарта-мыз. Түркістан автономиясына бәлшебек не дейді екен. Тағы да Сұл-текеңе жығылдық: «Автономияны Түркістан байлары һәм молдалары ғана істеп отыр. Кедейлердің қатысы жоқ – олар біздің жақта. Соның үшін бұл автономияны біз танымаймыз» (сол кәзит, сол нөмір, сол мақала).
Тақыр кедейміз деп салғаннан мақтана кетпепті. Тақырлап көре-лік: кедей де, бай да, саудагер де, тақуасы да, оқығаны да ұлттың бала-сы; діні бір мұсылман. Татый ма екен ойлануға осы арасы...
Тағы да сиез, 25-желтоқсанда Қоқан шәріне жиналған жұмыс-шысы бар, диқаны бар (мұсылман емей енді кімдер) автономияны жақтап, бәлшебекке қарсы қаулы қабылдады.
Тоңмойын да өз айтқанынан қайтпай: «Бұл байлардан қорыққан жалтақ кедейдің ісі. Шын кедей мұндай сөзді айтпайды. Мұның үстіне Түркістан өлкесіндегі қазақ-қырғыз автономиясы туралы бір де сөз ай-тылмаған. Сондықтан бүтін Түркістан елі атынан ығлан етілген деуге болмайды. Байлардың қулығы екені осыдан білініп тұр» деп бетбақтыр-майды.
Түркістан шәріне жиналған Сырдария облысының қазақтары 1918 жылдың 6-қаңтарында тағы сиез өткерді. Тағы да бәлшебекке қар-сы автономияны жақтаған қаулы қабылданады. Тығырықтан шықпақ-қа алас ұрған бәлшебек жағы да қалыспай: «Шын кедейдің қаулысы деп қолға ұстайтын түгі де жоқ. Сондықтан өзіміз кедейлердің басын қос-қан «Мұсылман советін» ашамыз. Солар автономия керек деп жатса шын қаулы солардікі болады. Соларға ғана береміз» деп жалтарып шықты.
Түркістан мұсылмандарын айтқанына көндіре алмаған бәлшебек енді өз қандастарының бетін беріге қаратуға бола 15-қаңтарда жалпы крестиан сиезін шақырды. Ташкент шәрінде, әрине. Тыңдаусыз қалған сөз жетім: қазақ жағының уәкілдері осы сиезді: «Біздің жерімізде отыр-сыздар. Оны ескі һүкімет зорлықпен тартып әперген, енді өзімізге қайта-рыңдар дей де қоймадық. Бірақ, қалған жерімізді де сіздерге беріп ортаға сала алмаймыз. Біздің сөзіміз сөз болатын болса бұған әрине қарсымыз, сарт ке-дейлері де бұған көнбейді. Сіздер шіркеу жерлерін «социализация» қылды деп мешіт-медіресе жерлерін тартып алуға көнбейміз. Бұл шариғатқа қайшы» дегенімен құлағына ешкім ілмеді.
Түркістан крестьяндары «буржуй» атанып бәлшебектің қаһарына ілігуден иманы ұшып қорыққандықтан не айтылса да жылтыңдап қосыла кетті.
Тұзаққа мұсылманды түсіре алмаған бәлшебек «көптің көңіліндегі үкімет» құрудың амалын осылай тапқан көрінеді, өз дегеніне көнбегенді өліммен қорқытып әуелі қандастарын, діндестерін топтап алған. Текірек 23-қаңтарға дейін созылып: «Автономия жоғалуға тиіс. Мұсылмандар өз-дерін басқара алатын шекке жеткен жоқ. Олардың басын өзіміз қосып, Со-вет ашып, солар керек десе ғана автономия береміз» деп қаулы қабылдағанда он миллионнан астам Түркістан мұсылмандарының құқығын аяққа тап-тады.
Түркістанның қамын жеген баласы – мұсылман қайдасың, мынау жүре түзеліп кетер деп ардақтаған автономиямыз еді, оған да қарсы қол көтерейін деп тұр».
Түркістан қайраткері осылай деп шырылдапты.
Түркістандағы Түркістан ауданының ахуалы қалай екен: «қазақ-тарының жайы күн санап төмендей келіп, осы уақытта тым жаман боп тұр. Жұрт қарап болуға айналды. Көшелерде шұбырып жүрген аш қазақ. Екінің бірінің аштықтан көзі іскен, беті іскен. Ана жерде де, мына жерде де аштан өліп жатқан адам. Өлікті жинап алуға да осы кезде шама келмей бара жатыр. Ақыры не болары белгісіз. Бұл бетпен бара берсе Түркістанда қазақтан тұқым, ұрпақ қалуына көз жетпейді. Бұған дейін азық комите-тінің бастығы қазақ еді. Бұл күндері орыс болды. Бұрын комитет ағзала-рының арасында қазақтан да, сарттан да бар еді. Бұл уақытта комитет-те тегіс орыс болып, азық ісі түгел қолына өтіп тұр.
Астық істерінен қазақ шеткері қалып тұр. Аштықтан айрықша қы-рылып жатқан – қазақ. Базарда жалғыз пұт астық жоқ. Далада бірін бірі талағандар әлі жеткенінен тартып алып жеп жатыр. Көрінеу көзге бірінің малын бірі қуып әкетіп жатса керек» («Бірлік туы», № 28 9-сәуір 1918 жыл).
Ташкент – тоқ қала! Тақылдаған афоризм еді заманында. Таңла-йы тақылдаған ақын мен жазушы, әншінің көмейіне көрік қосқан. Та-машасы сол, бұл да кезекті көзбояушылық. Тоқшылық – миф. Түркі-станнан, Шәуілдірден, Қазығұрттан шәрге ауған халық; аш-жалаңашы, оқу іздеген талаптысы бар пашпыртында әуелі сәбет, бүгінде өзағам. Тоңқалаң асыра береді ғой аңғал елді.
Түркістанда табандап істеген қайраткердің екеу болса сыңары, қазекем арасындағы дарабозы. Талай ойланып көрдім Мәскеудің мыр-зақамағына неге ілінбегенінің төңірегінде. Тілі өткір бетің бар, жүзің бар демейтін жәукімжайпар екен мінезі. Турасын айтқанда мәмілеге көнбейтін саяқ саңлақ. Тік мінезінен Мұртты жәкем де қаймыққан, өзіне жақындатпауға тырысып алыстан арбасқан.
«Тамағының қу тесігіне тығын қоя алмай, аштан ұлып көштен қал-ған қазақ жалшыларының» жан дүниесін Сұлтанбек Қожанұлынан асып түсінгенді көре алмадық.
«Кедей дұшпандарының басы езілмек түгілі мұрты да мұқалған жоқ, әлі де болса кедейді құл қылып қолға түсірудің айла-шарғысын туралап жа-тыр. Алған алты қадам жеріне мәз болып шаруам дөңгеленді дегендей сү-йекке алданған иттей болу кедейдің мақсаты емес. Намысы бар кедейге ла-йық жұмыс емес» (Кедей еркі. № 7 1-сәуір 1921 жыл).
Түркістанның кедейін осыдан соң амалсыз үшке қасқаладым:
- 1. Мұсылман жағындағы (діні бірдің ділі бір)
- 2. Бәлшебек жағындағы (күні үшін келіскен)
- 3. Алаш жағындағы (ұлтының ұжданы)
Түркістан қайраткері кім дегенге жауап та табылғандай: әлбетте автономияшыл, әлбетте мұсылман, әлбетте Алашын ардақтаған. Түр-кістанда не көп үкімет көп, сағыздай созылған сиездер көп, қазекемнің етегін тартқылаған ұлттық ұр да жық көп. Тікетіреске дендеп көрелік: коммунистер мен кеңестер. Таң қалмаңыз, бастапқыда бұл екеуінің ба-сы пісе қоймаған; сондықтан бірі өткерген сиездің ізінше екіншісі жа-рыса шапқан. Түркістандағы опыр-топыр жиналысқа мән берген Сұл-текеңнің «Сиездер тақырыпты» мақаласы да қызғылықты (Ақ жол. № 84 9-тамыз 1921 жыл). «Тоқпақ» лақабымен жазылған. «Тоқпағы» Сұл-текеңнің мәжнүн кәмөнесті мінездеген мысқылы болса керек; Нәзір ғой мұсылман кезбесі – «Дәруіш».
«Мен болсам мұндай болмас еді, жан баласының көңіліне тимей, бар-лығының дітін тауып, жақсылықтың бәрі-баршасын жарыққа сүйрер едім» дегенде басқаны боқтап, өзін мақтап базарға басын салып жүргендер жоқ емес, барға ұқсайды».
Тоқпақтың тілі мірдей: қай ұлт, қай партия, хандар заманы ма, кеңестер заманы ма әсте қарамастан ұшқары пікір айтып, бізге де ке-зек тие ме деп сары ала тұздық жасағандарды өлтіре сынай келіпті. Түркістанда барлығы бар: саяси көрбалалық, қулық-сұмдық, қияңқы-лық. Тарихты айтқанымен жүргізіп, тіршілікті ойыншыққа айналды-ратын қалып ертелі-кеш болған да емес, болмайды да. Тауып айтыл-ған, Сұлтекеңнің осы ойлы сөзіне неге тоқтамаймыз?
Тарпаң дегенге еліре беретін сыңайымыз бар: «Дүниедегі теңсіз-діктің тамырына балта шауып, бел байлап іске кіріскен, кедейлерге жол-басшы коммунист жолдастар өткенін жоқтаушылармен ісі болмай өз мақсатын көздеген жолынан жазбай, өзіне керек жағын ғана ескеріп келеді».
Түркістандағы сиездердің нені шешпегі ләзім.
Тобықтай түйіні мынау Сұлтекеңнің қып-қысқа мақаласының: «ілгергі сиездердің қаулысын орнында қалдыруға тиісті мәселелері – жер‑су, ұлт һәм кәсіпшілер союзына отбасы өнершілерін (кустарлар) қосу мәселе-лері. Колонизаторлардың да, амалшылардың да есебін тауып астына су жі-беріп өзімізге аударып аламыз деп тырысатыны да осылар.
Көңілшектік те, ауылжақтық та, өзімшілдік те – кедей түспейтін жолдар. Мұндай бықсықты елең қылмайтын адам намысы бар».
Түркістанның бас ауруы, әлбетте, қазақ бірлігі: КирЦИК-ке Тур-ЦИКті қосу мәселесі. Тым шаршаудың бірі осы: «Күншығысымыз Қы-таймен шектес Семей күбірнесі, күнбатысы Еділ бойындағы Бөкей күбір-несі, ішінде қазақ атаулыдан нышан жоқ Орынбор қаласы мен Орынбор кү-бірнесін алып тастасақ халқының көбі – қазақ».
Тағы не дер екен Сұлтекең, ентелей берелік: «орысы – құрық ти-меген асау, омыраулаған отаршыл. Үкімет иелері – сұрыпталмаған сары ала тұздық» (Ақжол. № 150 12-наурыз 1922 жыл).
«Тоқпақ» теңлік беретін емес, әлбетте, бірігуге мүлде қарсы емес. Тілінің тікенін кімге қадапты: «Бір қазақтан шоқынып поп болған азамат бұрынғы өзі поп болған қаласында үкімет бастығы боп көп тұрып, күтпе-ген жерден қазақшыл болып кеткен соң жақында ғана һүкіметтіктен бо-санды».
«Тәуір жігіттер» кімдер: ақпатшаға тыңшы, цензура т.б. болған-дар. Тақтан таймауға бола кәмөнес қатарына өтіп кеткен. Түгел жал-майды айналасын: бетіне қарсы келгенді, шеттеп жүргенді, жек көрге-нін айдатып жібереді. Тәлпіштің түрі көп. Теория шіркіннің де, со-лардың бірі мынау деп: «Еріншек қазақ жерді қор қылады, еңбекшіл орыс үлгі танытып байлыққа қарық қылады һәм коммунизмге жеткереді». Те-ріс ағым мен түсінік неге қаптамақ; Сұлтекеңнің ойынша, әлгі айтыл-ған сабаздардың ықыласы арқасында коммунизм жолының халық ал-дындағы қадыры кемімек. Тон пішкен кім, әрине, халқы аузына қара-ған билік иелері.
Тура ниетіміз болса, үлгілі республика бола алсақ Түркістан қазағы былай тұрсын Қытайдағы қазақ‑қырғыз шұбырып келіп қосылуға құмар болса керек дейді Сұлтекең.
Түркістанның қазақ‑қырғызы, әрине, Жетісу облысы. Таң қал-дырған пікірінің біреуі мынау Сұлтекеңнің: «1916 жылғы қарсылыққа ұласқан қанды уақиғалар – мақтаншақ батырлық емес, қанына қарайған халықтың көрінеу отқа ұрынған ашынған далбасасы» (Ақжол. № 161 12-сәуір 1922 жыл).
Тауып айтқанға не делік. Түркістан қайраткерлерін де түгел атқа мінгізген жәдит‑мәдит, эс-эр Молдавский, бәлшебек Бабушкин емес, 1916 жылғы қанды қырғын, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов. Туралығын бізден де бұрын профессор М.Мырзахметов айтып қойған «Қазақ ин-теллигенті Н. Төреқұлов» мақаласында. Теріп келеміз содан бері мыса-лын, байыта берерміз. Таптық – жаттық; ұлттық десеңіз ғана сөзіңізге құлақ асуға бармын, қалғаны бос білгіштік. Таланған мал өңешінен өт-іп кетті. Таласқанмен қорама қайта қоймас. Таланған жаным ше? Тыр-тығын қалай жазам. Тіріге парыз шәһид Алаш ардагерлерінің руһын тербетіп жазылармыз. Талан‑тараждың көкесі Жетісу, Ферғана, Закас-пий, Төрткүлдегі ақпатша ағзамнан мұра жерлерге жүргізген жер‑су реформасында.
Түркістан қайраткерлерінің маңлай терін көркейткен де осы жол-дағы жанқиярлық күрес. Террордың мылтық ұңғысына тірегені де осы. Танымды, сәбет тұсында қалыптасып оқу өтіп кеткен, тұралатқан да. Тұран, Сақ, Көк Түркі, Түркеш, Отырар өркениеті, әлбетте, еріккен ба-ланың ермегі емес. Таңдалған, сұрыпталған оқымыстының еншісіндегі пұшайман еңбек, өксіген өтмүш. Тілдерді білу, тарихты, дінді тану си-яқты қосымша ауыр еңбегі шаш‑етектен.
Турк‑и стон, Туркестан, Түркістан – Йасы емес бұл бертінгі. Түр-кістан қайраткері кім? Тұтас жеріне, дініне, тіліне бола тайталасқа ба-сын тіккен автономияшыл. Ташкентке ағылып келген Шығыс, Батыс Қазақстан алашордашылары да қып‑қызыл ақымақ емес шығар. Таш-кентке Орынбордан қашқандағы жан далбасасы ма яки Семейге жеткізетін жолы алып келген амалсыздық па Міржақып Дулатов та соққан. Тап басуың қиын. ТурЦИК төрағасы Төреғұлұлы мұнда қалу Міржақыпқа қауіпті, қолға түсуі мүмкін болғандықтан өзі билет әпе-ріп, түнделетіп пойызға мінгізіп жібереді. Тімсініп ізіне түскен жауын ізінен адастырып, аман құтылады.
«Түркістандағы Қоқан автономиясы кімдікі?» дегенге ойыстық. Түркі балалары, дін мұсылман Шоқай, Тынышпаев, Қожанұлы (жа-уапты хатшы – кәзит редакторы) құрған автономияны.
***
Қожанов болмасын, өзге Алаш қайраткерлері болмасын өсиет қалдырайын деп қалам ұштап әуреге түспеген, әлбетте. Қай қоғамда да сол тарихи оқиғалардың қызу ортасында, оның дамуына тікелей ықпалы жүрген қайраткердің көзқарасы мен жеке ой-пікірі жоғары бағаланбақ. Қарадай нақыл соққаннан қымбат сол дәйек-деректі ой-ларды зерттеп-оқып үйренбек парыз, сауапты да сауатты құлшынысқа жатқарылса керек. Қырық бес пен отыз үш жас аралығында қыршы-нынан қиылып қария жасына жетпеген қазақ зийалдарын қай қыры-нан қарастырмаңыз ғақыл-ғибратқа толы ғұмырнамалық. Қара терге түсіп дәлелдеудің де керегі шамалы. Қолдан қиындатып қойдық ғой бәрін де. «Қазақ мал баққаннан басқаға жарамсыз, дайын асқа тік қасық, қабілеттен жұрдай халық» стереотипіне тақ тұрғалы. Қара-байырлыққа!
Қожанов айтпақшы «қара басыңның қамы жұртқа азық болмай-ды». Қатардан қалмау керек, олай болса «заманды жөнімен жақсылап түсінбек ләзім. Жұртқа керекті істерін жарыққа шығаруды көздемек керек». Қарын тойдырмақ аз, өмір сүріп тіршілік кешпекке тез арада төселіп-бейімделуге шорқақ заманда не істемек жөн? Қожанов ұлт-жандылығы – «ходжановщина», міне, осының жауабын іздеумен өне-геге жеткен мағыналы ғұмыр. Қарапайым мұғалім – Намангандағы ауыл мектебінің оқытушысы, бар білімі Ташкент семинариясының қа-бырғасымен шектеулі. Қазақ баласына бұдан зорын көксеудің өзі қол жеткермейтін қиял. Қарадай алыса алмайсың. Қырық сылтау. Құрулы қақпан. Қазулы ор құлата салатын. Қадимның азу тісі кетілген. Қара-дай көрінгенге ілесіп жамандай салғанымыз емес, әлбетте, заманға сай сұраныстағы тіршілікке қолай білім үйрете алмағандықтан. Қожанов-ша қайырмаласақ: «Шыркөбелек тіршілік иірімінің ұсақ-түйегімен әуре-леніп тарихтың даңғыл жолын көре алмағандар жұрт пайдасын өз басының пайдасынан ажырата алмаған көрбалалар».
Қадимның кінәсі қайсы – заманында қадыры биік болғанымен бүгінде күні өткен кешегі кеңестік білім сынды жүзі төменшік мұң-лықтың? Қайталана беретін дәуір дерті. Қазақтың басын қадим да, жә-дит те, сәбеттік те, тіпті бүгінгі жиһандану үрдісі де көркейте алмай-ды. Қашан шынайы, ешбір қоспасыз қазақы тәрбие болады, сонда ғана анық көркейеміз. Қожанов осыны көтеріп отыр. Қалғандары да, Абай мен Алаш Әлиханынан бастап. Қазақ мынау ғаламзаттың тәнінен үзіп тастай алмайтын бір түйір санасы, ендеше оның мұсылман, Батыс, Русь тілдерін үйреніп дүниемен үйлесуге һақын шектей алмайсыз. Қазақ, айталық,мұсылман дінін өз еркімен қабылдады, ешкімнің күштеуінсіз, қолдан құрастырған араб шапқыншылығынсыз.
Қазақ білім-ғылымды да ешкімнің күштеуінсіз өз қалауымен, өз құнт-құштарымен үйренбегі ләзім дейді Алаш автономияшылары. Қожановты тәрбиелегеннің де, оның өзінің де бар айтары осы. Қайы-рымның көкесі ешқандай қызылбасшыл яки сәбетшіл қожабауырым-дық емес, осы ұлттық ұжданда. Қожанов басынан аяғына дейін авто-номияшыл, түркістаншыл тарихи тұлға. Қоқан автономиясы үкіметі-нің жауапты хатшысын, Тур-ЦИК төрағасының орынбасарын енді қа-лай қасқаламақ ек.
Қожанов, Шоқай, Рысқұлов, Төреғұлұлының түркістаншылды-ғы, әлбетте, Алаш автономиясының қаны да, жаны да бірге суарылған ажырамас тән. Қалбақтамай бермеңіз кірменің салған кірнесіне. Қазақтың байтақ даласын отаршыл билік Кіші жүз, Орта Жүз, Қоқан хандықтарына таратты, іле-шала ұзақмерзімді саясаты мүлтіксіз жүзе-ге асқаннан Орынбор, Омбы, Түркістан жандаралдық-губернияларына жіліктей салды. Қайдағы қазақ хандығы, хан билесе болды хандық бо-ла сала ма екен. Қуыршақ хандықтың қайсысы әдібұлаққа жетті? Қа-сымноғайдан Қоқан хандығына дейінгінің бәрі көзбояма қолжаулық. Қаптап кеткен. Қапыда кеткен. Қаптауындағы қырықпышақ хандық-тардың іркес-тіркесін Түркістанға көшіріп әкелгенімен аса қараса қой-мапты. Қазақ арасына күштеп қолдан еккенімен. Қабырғалы әр руы-мыз бас-басына хандық сұрап шалқайса не боларын көзге елестетіңіз...
Қыр баласында отаршыл келгенге дейін жеке хандық та, Алаша деген хан да болмаған. Қиялдан құрақ құрай бермеңіз, Алаш атауы-ның мағыналық нұсқасы «отандас» (соотечественник) екенін Міржа-қып шегелей айтыпты. Қай пірге сенеміз сонда, менің пірім – Алаш. Қалай сенбеске, ендеше, Алаш Әлиханының қандыкөйлек досы Мір-жақып айтқанға?! Қуыршақ хандық біреудің көлеңкесіне айналып қолжаулық болған дүбәра ұлттарға керек болғанымен қыр баласына қолай емес
Қазақ хандары Орданы билеген жауынгер тұлғалар, ал елдің тұр-мысы мен ақыл-ойына қашан да Дала билері бас-көз болған. Қайрат-кер Қожанов сөзге тосылмайтын шешен, турашыл ұлтшыл, міне, осы-нау дәстүрде тәрбие алып замананың зәйілімен ұштастырған. Қашан да қазақтың жан дүниесіне алаң.
ХАТИМАТ
Адамның көзін құртқанмен, оны бәрібір жеңе алмайсың.
Эрнест Хемигнгуэй
Алаш – асылдары. Арзан атаққа майырылмаған.
Аймүйіз Шоқан шығыстанудың далалық шонжарына айналды. Аз ғұмыр кешкеніне қарамастан. Ажалына ерте асықтырған отар-шылдың іштарлығына қыңбапты. Асаудың нақа өзі. Ағызып өте шық-ты. Ағартушылық – ұлтты көркейтудің тура жолы. Азбайтын ақыл-ой. Адастырмайтын Құс саңы. Алдындағы Фараби данамыз ғаламның сәни ұстазы. Асқарға қатар асыла беріпті. Айырмасы заманының зәйі-лінде, бірі ұзақ жасап ғылымның көп саласын көркейткен, екіншісі асқан зеректікпен қысқа ғұмырының алдын ораған.
Алыптың көшіне Абай қосылды. Арада көп уақыт өте қойма-ғанына қарамастан Шоқан мен Абай орыс ғылымын, поэзиясын өкше-лей қуып алдына түсіп озып кеткен. Абыройымды Алланың асырғаны қандай! Азабы да мол екен. Аяқтан шалатын аярлық қат-қабат өре тұрады. Алайда нұсқа жол қалды. Алаштың Әлиханы! Атақ деп әне осыны айт... Ат үркітетін сәциалистік еңбек ері яки Күнкөсем атында-ғы сыйлық емес. Ахаң, Жахаң Әлиханмен қатар шауып қалыспапты. Абайдай бас ақынымыздың шын бағасына алғаш жеткен қайран Ахаң!
Ахмет – Пайғамбарымыз с.ғ.с. мүбәрак есімінің қысқарған нұсқа-сы, өзін дін мұсылман баласы мүлдем жатырқамайды. Атын ақтаған Ахаң! Ау, сонда... Мұхаммед-Қанапия, Ибраһим, Әлихан, Ахмет бәрі-баршасы ақтаған екен-ау һақ исми-шариф уәзипасын. Алаштың бала-сын діннен бейхабар деп жүрген қай найсап өзі?! Айтқаныма көндірем деп жүрген әпербақан болғаны ғой шамасы сол.
Алаш жолы ақ (һақ) жол! Ағараңдаған елестің емескісі емес. Алаш діліне, дініне, тіліне берік – өркениетпен өре теңестірген өлмес ұлтжандылықтың ұжданы. Айналасынан сүйеу таппай амалсыз орыс тілінде жазып кеткен. Омбы кадет корпусына келгенде бір ауыз орыс-ша білмегенімен ауыл молдасынан мұсылманша сауатын түгел үйре-ніп келген Дала феномені болатын. Аз уақытта білмейтінін үйреніп сілкініп шыға келді. Айтылмайтыны осынау нәзіл. Ақымақтар Шоқан-нан атеист жасауға асығып-үсігіп деміне пісіп шыға келеді. Айба-рақтың бетке тұтатыны Шоқанның Бұқар фанатизмін өлтіре сына-ғаны. Алда-жалда дүмше мәтағасипті (фанат) сынаған діннен шығып кете берсе неміз қалар екен? Ақылы асқан, діни сауат-білімі жеткен ғана сынап-түзей алады. Ақымақ күйе жағады, байбалам салады, ақылы Шоқанға жетпеген алаңғасарға ұқсап. Ахаң да Бәдірниса жеңгеміздің атын да, затын да қабызына кіргізіп ғази сауабын алған. Айтары жоқ ерлік. Алаш баласына әдебиет теориясын жазып бергені өз алдына. Алланың һақ жолы тура өлімге бас тіккенді қаламайды. Айнала жұрттың бәрі онда оңай жерден делибаш, жанкешті бола кет-пей ме. Атаққұмарлық – пенденің бір осал мінезі. Анық шәһид өлімге бас тікпейді. Амалы қалмағанда, тығырықтан шығар жолы табылма-ғанда барып... Ажалға кірпік қақпай тура қарамақ.
Алаш жолы, өкінішке орай шәһид жолы санатында қалыптасты. Астыртын жымысқымен Шоқан, Абайдың көзін жойып дәнікті. Алаш-тың Әлиханы, Ахаңы, Жахаңы, Мағжаны, Санжары, Нәзірі, Тұрары, Сұлтанбегі һәм басқаларына жасырмай мылтығын көтерді. Азғынның мінезі солай, бастапқыда жасырынып жымын білдірмеуге тырысады, жүре күшейіп ашық қарекетке ауысады.
Ақыры немен аяқталды Кеңес көкебауырымның. Айтпасам да жақсы білесіздер, өгей әке өз ұлынан бетер адал еңбегін сіңірген Д.А.Қонаевқа, А.Асқаровқа қатыгездікпен қол көтерді. Айыпты одан-бұдан қолдан құрап, жамап-жасқап арқалатты. Айна-қатесіз қайта-ланды Шоқан, Абайды алып ұрып жыққан арамзалық. Айтары жоқ астамшылық...
Алаш жолы – ұлттық қарым-қабілеттің ғылымдағы, әдебиеттегі, мемлекеттік жолындағы даңғыл көкірегі. Алаш феодалдық, сәциалис-тік, кәмөнестік қоғамның қолшоқпары емес. Ар-ұяттың айнымас ұжданы! Адамгершіл ұлттықтың өз ділі, діні, ең бастысы ана тілі болады екен. Алты тіл білсең де, оның екі-үшеуін жетік меңгерсең де Ана тілінде көсіліп бой жаза алмағанның, ойын жеткермегеннің күні қараң.
Ана тіліне адалдық, өз ұлтына ғана ұрыншақ, иманын қастерлеу, міне, Алаш жолы. Алаш баласының білімі афрауразиаттан, космопо-литтен биік болмаса әсте осал емес. Алаш қаратаяқтарын бас-көзсіз жамандап келгеннің абыройы айрандай төгілді. Қаратаяқ – ХХ ғасыр-дың 20-30 жылдарындағы төл терминіміз, оқыған-тоқыған интеллигент деген айшықты сөз. Сауатты ұлтшыл аталарымызды жер жастандыр-ғанның ұлтты жерлегенін түсіне қоймаған аңғал елміз. Әсіресақтарәліге бір шұқып айналасына екі қарап қорқақтап келеді. Ақиқаттың айтылмауына осы себеп. Әдебиеттегі арыстарымызды тану бір ізге түсіп қалғанымен мемлекет қайраткерлерін танытуда батылдыққа жете қоймадық. Мәмбет Қойгелді, Тұрсын Жұртбай т.б. сынды батыл-дарға құлақ аспаймыз. Ескі инерциядан – аға халыққа жарамсақтанған оңғақ білімділіктен, жалпылдақтықтан, стереотиптерден арыла қойған жоқпыз.
Ақты, ақ жолын жақсы көреміз деп қызара бөрткеннің өзі ақ пен һақ арасын ажырата алмай шала молдалар қатарын көбейте түсті. Ақ жолы – ата-бабаның ақ жолы екенінен бейхабарлар. Һақ жолы – тари-қаттар, Бұқар мен Қоқан хандықтары. «Һ» протезесі сөз басында түсіп қалатындықтан анау да, мынау да, қала берді орыс «беляктары» да аққа айналды. Талдап түсініктеме бергенді жолықтырмадық.
Түркістан автономиясы түркіқарындастық-дінқарындастық па, түркістаншылдық па? Тұқырта-тұқырта жеңіске жеткен большевизм-нің мазағы дерлік.Түркістанда қызылдар ойлап тапқан пантюркизм де, панисламизм де болмаған.Тіпті жалғансәйид Әнуар паша келмей-інше панисламизмді Бұқар басмашылары да ойға алмаған. Қоқан бас-машылары мен Бұқар басмашылары, Бұқар жәдиттері мен Түркістан жәдиттері екі бөлек дүние. Асан мен Үсен (Һасан мен Һүсеин) сынды. Екеуі де сәбет үкіметіне қарсы күресті демесеңіз көздегені екі түрлі мақсат. Бай баласы Бұқар тойып секірген, Әнуар пашаның тасасындағы пангерманизм айтағына ерген. Қоқанның мыңқыпшағы, найманы, құлансәйидтері жергілікті дін жолындағы ғазауатшыл кедей баласы. Бұлар баста Қоқан ханына, оның арқа сүйері бадаһшан ләшкеріне қарсы көтерілген жергілікті элемент. Хандық құлап отаршыл жеткен-нен кейін Дукчи ишанның бас болуымен мыңқыпшағы мен қаратәжігі мәмілеге келген діни ғазауатына айналды. Сәбет үкіметі орныққанда жаңа тәртіпке қарсы жаппай наразылыққа ұласты. Қытайдан қаты-наған керуен жолындағы хан жасағын тонап өшіккен мыңқыпшақтың бейберекет қарекетшілдігі. Жерге тыға жамандайтын, асыра мақтай-тын түгі де жоқ. Алаш зийалдары жергілікті жағдайға бізден жетік болғандықтан Қоқанда Түркістан автономиясын жариялады. Екінші басты себеп – отаршылдар губерниясының астанасы Ташкентте орыс коммунистері мықтап орныққандықтан мұнда автономия жариялауға мүмкіндік жоқ еді.
Хазретәлі Тұрсын осыған сірә мән берместен өзағасы Агзамход-жаевтың «Туркистон мухторёти» терминін құлағымызға іле салмақ. Салдар-зардабы болмаса ештеңе демей-ақ қояр ем. Осылай даврога тушип өзбектенеміз. Қиянаты неде мұндай атүстілік, жасанды саяси терминнің:
* автономияны жариялаған Алаш. Алаштың бас иесі Әлиханның тапсырмасын мүлтіксіз орындаған түркістаншыл Мұстафа Шоқай.
* Сібірдегі итжеккенге кесілген басмашы құрбашыларын Қоқан мен Ферғана, Әндіжан қалалық милицияларына бастық қойған да Мұс-тафа Шоқай. Өзағамдар бұл тұста Серәлі Лапиннің «Шуро-и уламо» ұйымын жаппай жағалап кеткен болатын.
* Мұстафа Шоқай Қоқан автономиясын құрардан алдын «Шуро-и Исламийа» яғни Муссоветтің көсемі.
* Мұсылман терминологиясында «мұхтарият» әкімшілік-террито-риялық атауы аты-затымен ұшыраспайды. Демек сәбетски арабизм.
* Мұсылман кеңестерін құруға өзағамнан гөрі бәлшебек құштар.
Тәуір ниеттіге тарынбас ем, бәлкім қолдап-қоштап қосыла шабар ем. Жайдақ жортаққа қосыла алмаймын. Жарайды, «кісі ақылы шо-қырақ» демекші «мұқтарият» оқырақ. Бәлкім, өзағамның қатардан қал-ғысы келмеген көрсеқызарлығы. Бәлкім, Қоқандағы автономия орнына «мухторият» жариялатқан, қас дұшпаны Мұстафаның орнына басма-шыларды сүйреген «оғосиниң» ақылы болар. Қай-қайсысы болмасын еліктеуге татымайды.
Міржақып жазған «Оян, қазақ!» деп жалғыз Торғайға жар салма-ған шығар.
ӘДЕБИЕТ:
1.Абашин С. – Зарождение и современное состояние среднеазиат-ских национализмов (мат. интернета. Татарский сайт)
2.Арапов А. – Крах проекта Тюркской советской республики.
(мат. интернета. Татарский сайт)
3.Валиди А. – неопублик. рукопись «Революция в сердце Азии».
4.А.Вамбери. – Путешествие по Средней Азий. СПб,1865
5.Battal Taimas. – Kazanly Turkler. Ankara. 1965
6.Гаспарлы И. – Русское мусульманство. Oxford. Society for Central Asian Studies 1985
7.Кощанов С. – Большевики в Туркестане. Доктрина и реальность (автореф. дис. докт. ист. наук) – М., 1995
8.Нұрпейіс К. – Алаш һәм Алашорда. А., Ататек. 1995
9.Сафаров Г. – Колониальная революция/Опыт Туркестана. 1921
10.Тоган З.В. – Воспоминания. Уфа, 1989
11.Тұрсын Х. – Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы және Түркістан мұх-тарияты. А,. Нұрлы әлем, 2006
12.Червонная С – Пантюркизм и панисламизм в российской истории.
(мат. интернета. Татарский сайт)
13.Ходжаев Ф. – К истории революции в Бухаре, 1926
14.Ходжаев Ф. – К истории революции в Бухаре и национального размежевания Ср. Азии, 1982
15.ЦГА ОР СССР – отчёты Полномочного представительства ЦИК и СНК Туркестан. АССР при правительстве СССР (ф.1334)