Адам қарады: 1021 | Жарияланды: 2018-04-14 18:10:06

Қазақ тілім

Ана тілмен мәнді өмір сүргеніміз,

Адам болып жер басып жүргеніміз.

Туған тілді қалдырып қараңғыға,

Кімге қажет жүз тілді білгеніміз?!

Төнсе егер қасірет тілімізге,

Зар боламыз бүгінгі күнімізге

Ажырата ала-алмай қалғанымыз.

Өліміз бе , жоқ әлде тіріміз бе?

Басымыздан бағымыз көшпес үшін,

Қазақ деген атымыз өшпес ушін,

Тілімізді бәрінен биік қойсақ,

Ұлылығы ұлтымның өшпесі шын!

Жырға арқау тілімді етем бүгін

Туған тілдің тілеймін бекемдігін,

Ұмытпайық ағайын, үлкен-кіші,

Тіл өмірдің шырағы екендігін!

Қыз сезімі тым бекерге бола ма?

Көріп қалдым мен өзіңді бақтарда

Сол бақтарда жиі болам ақ таңда

Сүйіп қалғам мен өзіңді ақпанда

Ғаламда бұл махаббатқа шек бар ма?

Отырмын мен ойлап сені тағы да,

Еске аламын сол күндерді сағына

Күте берем мен өзіңді сарғая,

Мүмкін тағдыр жолықтырды бағыма.

Қара өлеңім.....

Кеудемдегі мұңға толған сырлардан,

Жанталасам шыға алмай мың шырмаудан

Сол бір сәтте жалғыз досым өлеңім,

Жалықпайтын, шаршамайтын тыңдаудан

Жырлай берем, үздіксіз жырлай берем,

Мұңмен бірге бөліскен ыңғай дер ем.

Өңім кетіп, бозарып жатсам-дағы,

Жан жолдасым өлеңді жұрдай көрем.

Сәуле тарап сол нұрдан жүрегіме

Айналады жанымның бір еміне.

Мұңдас, сырлас, өлеңім, өзіңменен

Жетермін деп сенемін тілегіме!

Қазақ тілінде жазылған