Адам қарады: 360 | Жарияланды: 2017-03-02 07:38:45
Сүймеймін енді...
Өзімде...
Сірә, аздай мұң!
Сіздегі Күйді қозғаймын.
... Жанымды қояр жер таппай,
Жынданып кете жаздаймын...
... Мен енді өлең жазбаймын...
Жүрекпен емес... Көзбенен
Сүйіпсіз мені...
(Сезбеп ем...)
Сезімнің бәрін өлтіріп,
Мен енді мүлде өзгерем!
... Ешкім де емеспін Сізге мен...
Араша түсіп арым шын,
Азаптап кеткен бағымсың...
... Мендегі сезім үкі боп,
Жүрекке Сіздің тағылсын...
... Басқа қыз сізді сағынсын!
Күз келсе жаным үздігер...
Емдейді әлі-ақ Күз!
Білем...
Жаралы жаным бар еді,
Дауа болмады Сіздік ем...
...Сүймеймін енді Сізді мен!