Адам қарады: 14540 | Жарияланды: 2017-04-14 03:28:38

Мұқағалиға

Мұқағали  ақ  иық  ақын  еді,

Жан-дүниесі жақсыға  жақын  еді.

Тасқа  таңба  басқандай әрбір  сөзі,

Орны  бөлек, ерекше  қабілеті.

 

Фаризаның  өнерін  бағалаған,

Атақ  пенен байлыққа  қарамаған.

Поэзия  төрінен  орын  алған,

Өлең  сөздің,  патшасы -ол дараланған.

 

Мұқағали  ақынның  мұз  балағы,

Тірісінде  ақынды кім  қалады?...

Бөктердегі  бүр  жарған жауқазындай,

Өлеңдері  ән  болып шырқалады.

 

Қыз - көктемі  болғанда  сырласындай,

Ақ  қайыңды санады  мұңдасындай.

Қу  тіршілік  көтертпей  бір  еңсесін,

Нөсер  төгіп  тұрды ғой, көз  жасындай.

 

Әттең,әттең дүниеден кетті  өтіп,

Кеткен  жоқ, мұратына  ол да  жетіп.

Өлгеннен  соң, ақиық  аты  шықты,

Тауба  дейміз,  оғанда  шүкір  етіп.

 

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған