Адам қарады: 57 | Жарияланды: 2017-09-11 05:12:52
Күз мойынды домбыра
Күздің мойны домбырадай сарғылтым,
Домбыраның мойынын
сарғылт аққу жаңғыртып,
Күн астында сұңғағын соза берді- ай ақырын,
Күздің өзін қаңғыртып.
Созып едім мойнымды
жоғалттым да күзімді,
Күздің барлық саусағы пернеге кеп бұзылды,
Күллі сарғылт саусағын ойландырып келді де,
Күздің салпаң құлағы жапырақтан тігілді.
Көтердім де құлағын
қысқан сол бір күйінде,
Жапырағын сөгіп ап қалғанын- ай үйімде,
Құлағын сол іздеумен
күз келеді бүйірлеп,
Менің сонда ішегім
қуықтай бұл бөлмеде
Қыстығып қап түйілген,
Ішегімді домбыра ақыры алып иірген,
Домбыраның сағымы күзге қашты киім боп...
Әппақ қаңқам ештеңені күтпеген,
Ағардым ба, сарғайдым ба?
Қарашада бір жауабын күт менен!