Бақ құсы
Бүгін түнде мен бір ғажайып түс көрдім,
Яғни айтсам таң қалдырар бір іс көрдім.
Таңғажайып ақ кұс келіп қолыма,
Отыра кетті нұры төгіліп жолыма.
Құстың сөзі болды маған осындай,
- Жүрегің жүр кіммен балам қосылмай?
Неліктен түнде жасқа толы жанарың?
- Ақ кұсым-ау, қанша менің амалым?
Сүйген жанның жүрегіне жара салмайын,
Өзім жүрген сынмен бірге сыңдырып алмайын.
Тәңір берген өмірден мен шалынып қашпайын,
Өзімнен өзім сүйген жанды мен қорғаштайын.
Тыңдап болып ақ кұс тағы сөзге келді,
- Балам міне көріп тұрсын көк пен жерді.
Бұл ғаламда әр нәрсені Тәңір жаратқан,
Өз қалауымен тірі жанды күлдіріп жылатқан.
Ал сен болсан отырсың қазір шешім қабылдап,
Басқа жанның тағдырын шешіп жалпы қорғаштап.
Айтшы балам, бұл сені игілікке жеткізер ізің ба?
Немесе ұрпағыңа қалдырар ұлы ісің ба?
Не себептен сен өзіңнен өзін қашып,
Жүрсін талай көзжасың мен мұңды шашып.
Мұңға толы ойларынды осымен доғар,
Бағың алда, бақ сағаты келіп соғар.
Бақ кұсы болып келіп қондым мен алдыңа,
Тәңір сыйлаған бағыңды жайып өмір жолыңа.
Бүгін түнде мен бір ғажайып түс көрдім,
Яғни айтсам таң қалдырар бір іс көрдім.
Ана деген қасиетке толы сөзіңен,
Айналайын мөлдіреп тұрған көзіңен.
Тоғыз ай бойы пәк кұрсақпен көтерген,
Ақ сүтімен сәбиіңе нәр берген.
Аяғына жығылайын ананың,
Өмір беріп әлем сыйлаған дананың.
Жүрегімізге Иман нұрың толтырған,
Ақ пен қараның айырмашылығын салдырған.
Ана деген шаттыққа толы қазнамыз,
Ананың алдында тазарып ылғи қаламыз.
Балаға деген сүінспеншілігінде шегі жоқ,
Әр уақытта ана жүрек қуанып соқ.
Ана жүрегіне жақындап қадам бастың ба?
Жұмағы бар анаңның аяқ астыңда!