Сағыныш
Фатима əлсін -əлі терезеге қарап қояды. Өйткені, бүгін ауылдан атасы мен əжесі келмек. Кеше кешке əкесі солай деген. Фатима бес жасқа дейін атасы мен əкесінің қолында өсті. Қалаға келгелі оншақты ғана күн болды. Қалада оқуы керек екен. Əкесі мен шешесінің айтуына қарағанда, қалада оқыған жақсы. Ал арасында ауылға апарып, атасы мен əжесін көрсетіп тұрады. Фатима алғашқы күндері атасы мен əжесін қатты сағынды. Ойлаған сайын жылағысы келді. Бірақ, бұны əкесі мен шешесіне сездірмеді. Содан кеше əкесі "Атаң мен əжең келе жатыр " дегенде қатты қуанды. Фатима таңертең ерте оянған. Содан бері терезенің маңында.
– Əжең көріне ме? -деді анасы бір кезде.
– Анашым, алыста бір кісілер келе жатыр. ... солар менің атам мен əжем шығар, -деді Фатима орнынан тұруға ыңғайланып.
-Келгенде, есікті өзім ашам. – Жақсы. Содан көп өткен жоқ, есіктің қоңырауы соғылды. Табалдырыққа тақап барған Фатима :
– Бұл кім? деді неше күннен бері көргенін істеп.
– Құлыным, біз ғой! - деді есік сыртынан атасы мен əжесі жарыса.
– Ата, əже. .. қазір ашам, – деді Фатима есіктің ілгегіне жармасып. Өзі жылағалы жүр. Осы кезде ілгек сырт ете қалды. Кішкентай қыз іле көмекке əкесі келгенін білді. Есіктен еніп келе жатқан əжесін көргенде қуанғанын атама! – Əжетайым! – деді əкесінің мойнына асылып.
– Алтыным сол! деді артынша кірген атасы да еңкейіп.
– Фатима, атаң мен əжеңді төргі үйге баста, – деді анасы амандасып болғасын. Фатима екі қолынмен атасы мен əжесінің қолдарынан ұстап, ішке қарай жетектеді. Төрдегі диванға əкеп отырғызды. Ал өзі орталырынан орын алды.
– Фатима əкесі! Сырттағы сөмкені əкелші. Сарқыт берейін. Кеше Жұмакүл көршінің ұлы үйленген. Сол тойдан тойбастар алғанмын. Ауылдың дəмі ғой, ауыз тиіңдер. Фатиманың назары енді сыртқа ауды. Əкесі сөмкені əжесінің алдына əкеп қойды. Заттар таратыла бастады. Соңында :
– Ішіндегі ең жақсысын Фатимаға берейін, – деп əжесі бұрылып.
– Мə, құлыным. Саған алма. Қолына үлкен қызыл алма ұстаған Фатима:
– Алақай, алақай, менде алма бар! – деп мəз бола айқайлады.
– Фатима, сен білесің бе? Атаң екеуіміз осы қалада тұратын туыстарымыздың тойына келдік– деді əжесі сәлден соң.
– Əже, мен де барайыншы!
– Жоқ, болмайды, құлыным! Оқушы тойға барса, болмайды. Əкең мен шешеннің қасында қал. Тойдан саған көп тəтті əкеп берем. Фатима тойға бармайтын болғанына режігенмен, бүгін атасы мен əжесін көргенін ойлап, басылады берді.