Үзілген үміт
- Балам, қалайсың? Жағдайың жақсы ма?
- Жақсы, ия! Қалаға үйрендім жатсына.
- Мазам жоқ , сен жаққа ұйқым да қашты ма?!
Сыз өтіп кетпесін, көрпеше төсеп жат астыңа.
Құшағын ашпаған талайға.
Дегенмен қала ғой,абайла.
Алдайтын алаяқ көп-дейді,
Өзіңе бекем бол,жарай ма?!
-Балам – ау, звондап тұрғаным.
Сені іздеп зарығып жүр жаным.
Сағындым, өзіңе барайын.
Таусылмай талайым,құшаққа
алайын.
-Анашым, өтінем.
Өткенде бір келіп кетіп – ең.
Күні ертең хабарын айтамын.
Ал кеттім. Қонаққа кешігем...
Хабар күтумен анасы жүдепті.
Көз ілмей қаншама жабырқау түн өтті.
Өлім айтпайды қай сәтте келерін.
Ажал да күшейтті күзетті.
Сым тетік қосады күнде де, түнде де.
Ұз-а-а-ақ қоңырау дегендей іздеме.
Баласын күтуден шаршаған, аңсаған,
Ондай күн бермесін сізге де, бізге де!
Ауырған анаға әр сағат қымбатты.
Сымтетік қосылып,қам көңіл тіл қатты:
-Балам, айтарым соңғы рет,
Өмір сүруге бар жоғы он шақты күн қапты...
- Туу! Тынымсыз болдыңыз неге сіз?
Түнге қарамай звондай бересіз.
Дәрігер "Құдай" ма? Ештеңе білмейді.
Дәрі де табылар... Барармын... Көресіз.
Не деуге болады шірікке жетесіз.
Іш ұлып бүлікке өтесіз.
Телефон дың... етті. Үзілді.
Оныншы күн өтті, бүгінгі...