Аңдар арасындағы аңыз әңгіме
Аң патшасы Арыстан,
Болыпты еттен қалысқан.
Суық хабар лезде,
Таралып кетті,әпсәтте!!!
Көз ілеспес екпінмен,
Хабардар болды,бәрі де.
Жаңа заңның шыққанын,
Есітті жасы,кәрі де.
-О,заман да,бұ заман,
Аң патшасы Арыстан,
Өз еркімен бас тартты,
-деген хабардан,бәрі аң-таң!!!...
-Патшаның бұл қай сасқаны?,
Елемей ме басқаны?!
Ойласа қайтеді,жан-жағын?,
Келешек,келер ұрпағын?!.
Барлық аңдар жиналып,
Бәрі баруға қиналып.
Жіберіпті үш мықты,
Келісе келе,ойланып...
Жөн білетін Жолбарысты,
Қол бастаған ,азулы Қасқырды.
Алты айлық сырқатыңды анықтайтын,
Тамыр ұстай алатын,қу Түлкіні.
-Бұл қалай болды,Асеке?,
-Ет жемей енді жүреміз бе?.
-Болады қандай күніміз?,
-Мұны тақсыр,сіз сезесіз бе?.
-Онсыз да тақсыр,жыл сайын,
-Түрлі-түрлі заң шығып,
-Өйтсең бүйтеді,бүйткенде өйтеді,
-дегеннің астына алып кетеді.
Мысалыға;-
-Қасқырға қойдың еті зиян екен,
-Көп жесе денесі де қызады екен.
-деп күллі қасқырды содан,
Ажыратты қой етінен.
-Көктегі қырандарға аспанда қалқу,
-Жердегі жемтіктерін алаңсыз аулау.
-қан қысымына зиян,-деген желеумен,
Темірдей жарлық шықты,өте қатаң!!!
Содан кейін қыран біткен қалықтамай-ақ,
Жер бауырлап,құрт-құмырсқа,шаян терген.
Сардаланың аң біткені естімеген,
-үйренсін,қалтырауын тілін!,- деген.
-Енді мынаусын неге жорысақ болады ?,
-Ақыры не болады? Ойламайды мұны…
-Айналаны жым-жылас қып,
-мал біткеннен тазалап біттік?!
-Даланың аңын Тайганың аюына,
-Сібірдің шұбар Сілеусініне,
-қызығын солар көрсін,- деп,
-тасуымызды кім,қалай түсінбек?!.
Деген күдікті ойлар үшеуін де,
Мазалап, тыныштық бермеуде.
Бір-біріне ашық айтуға тайсалып,
Келді бәрі Арыстан тағына таянып...
Кіріп келсе патша отыр өз тағында,
Жаюлы жатыр дастархан толы тағам да.
Шынында да дастарханда бір ет жоқ,
Кілең жатқан шөп-шалам болды алдында.
Жолбарыс тұрды біразырақ, аңырқап,
Көз тастады дастарханға жабырқап.
Қасқыр көріп тыржыйды, тітіркене,
Түлкі көріп қақалды,жиіркене.
Сөз бастады Жолбарыс сәл жасқанып,
-еттен неге жерідіңіз,Асеке?,-деп.
-Денсаулықтың бір жері сыр берді ме?,
-Олай болса айтыңыз, табамыз,дәріні де!!!.
-Үндістаннан тәуіп Үкі алдырып,
-Жапониядан Жапалақ бақсы жеткізейік.
-Сіз дегенде аянамыз біз нені?!
-Қолдан келген көмекті біз аямайық!!
Аузы-басын жапырақпен,бетін сипап,
Асекең үшеуін бастан-аяқ шықты сынап.
-Ормандастарым,келер пайда- деді сосын,
-Шөп-шаламнан денсаулыққа көп,- деді тосын…
-Жүріппіз ғой біз білмей ,
-деп айтты ол іркілмей.
-Қанша қорек десеңші ,қанша пайда?
-Қуаты өз алдына, қоссаң шәйға.
-Жеткізіңдер осыны барлық аңға,
-бағынатын болсын бәрі жаңа заңға!!!
Ала-сала тапсырманы үшеуі де,
Жүріп кетті дәріптеуге бәрі асыға...
Шығуын шықты жаңа заң,
Орындалса бұл қатаң!
-Есебін тауып жейміз,- деп,
Түлкіге келді ой жаман...