Адам қарады: 720 | Жарияланды: 2018-03-16 03:21:15

Менің елімнің болашағы менің қолымда!

Қазағымның болашағы мына менің қолымда,

Елім үшін еңбек етемін әрқашанда жолында,

Көк аспанның төрінде желбіресің байрағың,

Алашымның жастары биікке самға жалында.

 

Қажымаймын, талмаймын,

Жігерімді шыңдаймын,

Төріне шыңның шығармын

О, Тәңірім нұрыңды төк сұраймын!

 

Бүгінгі ұрпақ-ертеңгінің жақұты,

Сенемін мен, сыйлаймын елге шаттықты.

Мойымаймын, қиындық шықса алдымнан,

Бағындырар белесім еліміздің бақыты.

 

Өсіп келеді арманы асқақ қазағым,

Болашаққа құстай қанат қағамын,

Бағындырған белесін, даңқын жырлап

Қалам алып, ақ қағазға жазамын.

 

Елімнің ертеңі үшін күресемін,

Ұлан-байтақ жеріммен үндесемін,

Қазағымның есімін бұл әлемге

Перзенттік махаббатпен паш етемін.

 

Жұдырықтай жүрегім "елім" деп менің соғады,

Әрбір қазақ баласы биікке қанат қағады,

Жас буынның еңбегімен еселенсе абыройың

Қошеметпен, құрметпен әлем қолын соғады.

 

Қазақ тілінде жазылған