Адам қарады: 507428 | Жарияланды: 2017-05-20 03:57:14

Тамыры терең алты алаш

Қазақ хандығының  550 жылдығына, Қазақ  елінің  Тәуелсіздік  күніне, Алашорданың жүз жылдығына, алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың  150 жылдығына арнап  жазылды

 

Жоқ нәрседен пайда  болмас,

Бар  нәрсе  ғайып  болмас.

Тамыры  терең алты алаш,

Келеді әлі адамзатпен қарбалас...

 

Бір мың да төрт жүз алпыс бес,

Керей-Жәнібек  билік басына  келген кез.

Жаңа ағым,бетбұрысты қолға алып,

Жан дүниесін, «Ақ ордаға» бұрды  тез.

 

Туған жұртың,ойласаң  күні ертең,

Жоғалып кету,қаупі тұр,мұны білсең?

 Ағайынды бауырлар,көп ойланып,

Қазақ  халқын біріктірді,ақылға сап,тарқалды мұң ...

 

Тыныштық жоқ. Ойланумен күндіз-түн,

Ойламасты,  жеке бөліп,өз  күнін.

Ұлы  даланы қолға алып, қалайда,

Қалыптасу,жария қылу,жаъанға!

 

Тыныштықты аңсаған хан Керей де,

Өтті өмірден,уақыты оның жетті де.

Ақ киізге көтеріп,Жәнібекті  хан сайлады,

Өз жемісін,өзі еккен тез  берді де.

 

Тиімді  пайдаланып аз уақытты,

Халық аз-кем болса да тыныс тапты.

Еділ мен Жайық  жағасын  егеленіп,

Ұлы  Дала қазағын қолға алыпты.

 

Жәнібек хан мақсат ұстап шындықты,

Тәртіп  сақтап, парасатты шын ұқты.

Негізін қалап сол кезде-ақ әділдікті,

Дағдыланды,шешу  үшін маңызды мәселені.

 

Ресеймен де тату тұрды досындай,

Араласты  патшасымен Мәскеудің,баяғыдай.

Әкелген Ұлы Далаға жаңалығы,

Қазақтарды  одан әрі біріктірді.

 

Жәнібек кеткеннен соң бұл фәниден,

Бұрындық  келді үлкен ұлы хан Керейдің.

Бұрындық  қара күштің иесі еді,

Жауынгерлік  рухтан ләззәт алған.

 

Ұзақ жыл ел басқарды Бұрындық хан,

Болды ма, қатыгездік бұдан асқан!

Төзгеніне халықтың осы ханды,

Сонша уақыт шыдамына таңдай қаққан!...

 

Ел басына ақылды хан Қасым келді,

Игі істері алға қарай жүре берді.

Әр шешімін,әр  қадамын санап  басып,

Ұлы Далаға жүре берді  хан билігі.

 

Сонан кейін қазаққа болды талай ханың,

Кездейсоқ Қожа Махмұт, хан Бұйдашың.

Екі жыл ғана басқарып,билік құрған,

Тарихта қалдырып өз атын  Тоғымханың.

 

Қалмаққа қарсы Сан-Тас мекенінде,

Қазақ,қырғыз бірікті  «Ыстық» көлде.

Сол шайқаста Тоғымхан,тоғыз ұлы,

Ерлікпен қаза тапты қазақтың сарбаздары.

 

Ұлы Дала билеушісі Хақназар хан,

Әділдікті орнатып ен даладан.

Орыспен де достасып,орнатпақшы,

Ақылды,айласымен табиғаттан.

Пайданы өз халқына шешу үшін,

Барды небір айла-мақсатқа  жетпек үшін.

Жерлерін қолдан кеткен,қайтарып ап,

Оятып қазақтардың ол рухын.

 

Хақназарды өлтірген Баба сұлтан,

-Құтылдым,-деп ойлады ол,қас жауынан.

Кегін алып Шығай хан Баба ханнан,

Тақтан түсті,асып барып сексен жастан.

 

Шығай ханның баласы Тәуекел хан,

Әкесінің  орнына таққа отырған.

Жұрт ерекше құрметтеп Тәуекелді,

Төбесіне көтеріп,ел таңқалған!...

 

«Қасымханның  қасқа жолы,

Есімханның  ескі жолы».

Таққа келді әділдікті ту қылған,

Ер Есімхан Шығайхан ұлы.

 

Өзгеріс енгізіліп  Ата заңға,

-Тиімді  болсын,-деді бар қазаққа.

Бекітіліп нақты заң сол күйінде,

Міндеттеді Ата заңды әр адамға.

 

Қолбасшыға лайықты Жәңгір ханың,

Көңілінен шықты  ол бар халықтың.

Ерекше қасиетті,Жәңгір ханға,

Мұқым қазақ даласы болды риза!

 

Ұлы тұлға,ұлы далаға керек болды,

Мұндай тұлға ,келіп еді,елу жылда.

Данышпан Есімханның немересі,

Бұйырды ұлы дала, Тәукеханға.

 

Ұлы дала тәртібін ұштастырып,

Ата заңға жаңа сипат қарастырып.

Қазақ  халқын сыртқы жаудан қорғаймын деп,

Сыйластықты күшейтті,бір-бірімен жарастырып.

 

Күтіп тұрды қазақ халқын небір ғасыр,

Келешекте талай тарих келе жатыр.

Ұлы дала болашаққа қол созып,

Келе жатты небір жұмбақ,қилы тағдыр.

 

Соның бірі  атақты  Бөленті  мен  Аңырақай,

Аса маңызды болды енді тарихқа бай.

Ерекше  көзге түсіп Әбілмансұр,

Жоңғарларды қуып тықты, көңілі жай.

 

Тыныштық  бермеген соң жан-жақтары,

Ресеймен қосылып, Одақтасты.

Қайта шауып жоңғарлар қазақтарға,

Сескеніп Ресейден артқа қашты.

 

Бір мың да жеті жүз жетпіс те бір,

Абылайды хан сайлаған жыл ғой сол бір.

«Сабалақ» аты өзгеріп осы жылы,

Келді енді билікке Әбілмансұр.

 

«Аңырақай»  даласында  Әбілмансұр,

-Шық,-деді-жекпе-жекке, Шарыш  батыр!.

Түйреп алып  найзасымен қарсыласын,

Енді  атанды Әбілмансұр, Абылай батыр.

 

Жайылып атағы оның  бар қазаққа,

Таныды көрші жатқан орыстарда.

Кемеңгерлік, батылдық пен ақылдылық,

Абылайдың бір өзінен табылды да.

 

Үш жүздің басын қосып «Алты алашқа»,

Тербелді бір бесікте Ұлы дала.

Саясаты кемеңгерлік, ақылымен,

Достасты,жоспар құрып көршілермен.

 

Енді келді қазаққа Уәлихан,

Мінезі оның жұмсақ, әуел бастан.

Отыз жылдай ел билеп,соңғы жағы,

Абырой мен болды алыс адамдықтан.

 

Ұлы дала соңғы ханы Кенесары,

Анықталды жүрегінің түгі бары.

Өзіне тапсырылған міндетті алып,

Көтеріліп,ақ  киізге хан  сайланды.

 

Соңына түсіп алып хан Кененің,

Патша үкіметі аңдып жүрді жүрген жерін.

Пайдаланып  айналасының  сатқындығын,

Ұстап алып, басын алды хан Кененің...

 

Хандық билік,түбегейлі жойылуы,

Қазақтардың  салт-дәстүрі жоғалуы.

Дер кезінде оянып қалмаса егер,

Жоғалып кетуі қазақтың қаупі болды.

 

Көп іздеді қазақ халқы  басқа жолды,

Алашорда- қазақ ұлтының асқақ рухы.

Қазақтың қайсарлы да қасиетті өз ұлдары,

Елі үшін,жері үшін жанын салды.

 

Оны да көп көрді ме,бұл Құдайым!

Ұлдарын «Алашорда» салды уайым.

Жеткізбей жетегіне  өз ойларын,

Қырып  салды шетінен,бұл қандайын?...

 

Келді өмірге жаңа билік-большевиктер,

Ұла далаға толып кетті келімсектер.

Өз еліне,өз жеріне өгейленіп,

Шеттетілді туған жерден қайраткерлер.

 

 

 

Алашорда көсемі- Әлихан Бөкейханов,

Ел-жұрты анық басып, оны танып.

Шыңғысхан ұрпағының бұтағы еді,

Үлкен білім алған еді, нәсіп қылып.

 

Мұстафа,Ахмет,Тұрар Рысқұлов,

Сұлтанбек,Міржақып,Ораз,Мағжан Жұмабаев.

Сәкен, Ілияс,Бейімбетте араласты,

Бәрі де қазақ үшін ат салысты.

 

Аяғына тұралмады « Алашорда»,

Кеңес үкіметі жойып тынды барлығын да.

Әйтсе де үй ішінен үй тігіп жаңа үкімет,

«Қазақ елі» қала берді Ресейдің құрамында.

 

Басшы болып қазаққа поляк келді,

Жаңалығын ол да өзімен ала келді.

Ленинмен Сталиннің нұсқауымен,

Кремльдің айтқанымен жүре берді.

 

Ұлты поляк Станислав Пестковский,

Көрінді ол бұл қазаққа көрген түстей.

Алланың жазғанына көніп қазақ,

-Елімізге тыныштық берсін!- деді құдай.

 

Міндетін толық атқарып, төрағалық,

Дайындап қазақ маман, дара халық.

Сыйласып қазақтармен баяғыша,

Батыс майданға алып кетті,үлкен бастық.

 

Қазаққа бастық болып қазақ келді,

-Тірлігі оның,- Кеңес үкіметі,- шатақ,- деді.

Жан-тәнімен берілсе де жаңа үкіметке,

Кеңес үкіметі,Меңдешовті атып жүберді.

 

Дөрекі мінез,арам пиғыл,қаскүнем бе?,

Тісін қайрап Голошекин басшы келді.

Ұлы далада «кіші қазан» құрамын деп,

Қазақ аулында төңкеріс орын алған еді...

 

Пікірі  оның  қазақтарға болды өзгеше,

Қырып салады оған көңлін бермесе.

Жауыздықтан аянып қалмай,ол енді,

Жеке-жеке қуғындауды жөн  көрді.

 

Бірінші боп қазақтарға келді Мырза,

Қазақ елі ісіне оның болды риза.

Мирзоянды  бүкіл халық  қазағындай,

-Мырзабала,Мырзажан,- деп ән салғандай.

 

Көп жақсылық істеп кетті Мырзажаның,

Қазақ десе еш жаны да қалмады оның.

Игі істері  қанша  жақсы болса да,

Құрбаны  боп кете барды, сұм ажалдың!...

 

Басшы болып жоғарыдан Скворцов келді,

Қазаққа мұндай басшы керек те еді.

Іскерлігі,білгірлігі  тез оянып,

Қазақ  халқын алға қарай сүйрей берді.

 

Ұлттық  маман дайындау өз алдына,

Ауылшаруашылық дәл сол кезде дамыдыда.

Басшылық қылып,қиыншылық кезеңдерде,

Ұлы  істі,алға  тартып үлкен істі бастады да.

 

Ол  кеткен соң, сол орынға Борков келіп,

Сайланды Қазақстанға хатшы болып.

Көрсете алмай ол өзін бұл жұмыста,

Кездейсоқ болғаны оның  тұр  көрініп.

 

Жұмабай  Шаяхметов өз қазағым,

Бір  жұрнағы «Алашорда»  құрамының.

Жетелеп қазақ елін, қазақ жерін,

Бар күшін сап, алға сүйреп өз қазағын.

Пантелеймон Пономоренко,Иван Яков,

Николай Беляев,Исмаил Юсупов.

Кремльдің  нұсқауымен билеп төстеп,

Ауысып  жатты  бірі келіп,бірі кетіп.

 

Леонид  Брежнев те таңба салып,

Келді ол уақытша басшы болып.

Орталыққа кеткеннен соң, көтеріліп,

Жүрді алыстан қамқоршы боп,көзін салып.

 

Бәрінен де жанашыр, Дінмұхаммеді,

Барын салып өз еліне жәрдем берді.

Орталықтың  қазақ жерін бөлісуге,

Тәшеновпен екеуі  төтеп берді.

 

Хрущев алаңғасар,ойсыз басшы,

Кең байтақ қазақ жерін таратпақшы.

Не деген мырза адам ол қазаққа?!,

Жерін бөліп сұрамастан,жан-жағына.

 

Алып тастап Қонаевты өз орнынан,

Юсуповты  сол  орынға қоя салды.

Тәшеновте таяқ жеп жоғарыдан,

Оны да жұмысынан ала салды.

 

Юсупов бас болған соң өз білгенін,

Оңтүстікті  өзбектерге  бере салды.

Сол уақытта Хрущевте тақтан тайып,

Орнына Брежневте келе қалды.

 

Брежнев бұрыннан да дос қазаққа,

Қонаевты әкеп қойды өз орнына.

Қайтарып  өзбектерден қазақ жерін,

Қазақтардан алғыс алды,болды риза.

 

Жаңару мен қайта құру онжылдығы,

Көптеген игілікті,ізгілікті шараларды.

Жалтақтамай жоғарыға, өз бетімен,

Аямады өз отаны,атамекен,қазағына.

 

Бір мың да тоғыз жүз сексен алты,

Қазақтарды бір күмән ой баурап алды.

Қонаевты  зейнеттікке шығарып сап,

Колбинді қаңғырып келген, қоя салды...

 

Наразылық, бұл шешімге  қарсы болды,

Алаңға сол уақытта жастар толды.

Әділ шешім күтіп еді, «Қазақ елі»,

Талабы  бұл қазақтың, болды қолды.

 

Желтоқсан  аязында  жастар жағы,

Шомылып,қатты аязда, су бұрқады.

Аямай  шаштан сүйреп қыздарды да,

Малға теңеп,тепкілеумен,қыз сорлады...

 

Колбинде  қазақтарды  алдай  берді,

-Қазақ тілін бір жылда-ақ білем,- деді.

Ұлы дала мемлекетіне  басшы болу,

Тұлғаға  Колбин сияқты,оңай ма  еді?

 

Қазаққа  болды патша Назарбаев,

Дәл қазір басшы боп тұр өзі лайық.

Тығырықтан алып шығып биіктерге,

Қазақ елін сүйрелейді  «Мәңгі елге».

 

Әлі де талай биік алар қазақ,

Өз орнын, Ұлы дала жазбай табад.

Ата-Баба салып берген жолдарымен,

Ұлдары  оның  «Мәңгі елге» алып барад...

 

Қазақ тілінде жазылған