Қарлығаш
Отыр ем кітап оқып жалғыз үйде
құлағым елең етті таныс үнге
есіктен қос қарлығаш ұшып келді
алаңсыз мен отырған ауызғы үйге
Қараймын екеуіне жәймен барлап
екеуі бөлме ішін жүрді шарлап
бір кезде терезеге келіп қонды
байқаймын біздің үйге ұя салмақ
Көктемнің жаймашуақ бір күнінде
осылай ұя салды біздің үйге
адамдар мейірімін сезер бәлкім
сескеніп қорықпайды бізден мүлде
қарлығаш көп ұзамай ұя басты
бұл салған ұясы еді ең алғашқы
сары ауыз балапандар біздің үйде
бастады тіршілігін ең алғашқы
Жем тасумен өткізіп ала таңды
қос қарлығаш жеткізді балапанды
қанаттанып ұяда төрт балапан
ұшуға да бір күні жарап қалды
Қыс ертерек келетін біздің жақта
тамыз бітіп қыркүйек туар шақта
Қарлығаштар қатайып қанат қағып
тобымен ұшып кетті жылы жаққа
көктемде қайта ұяға оралатын
қимастай қарлығашпен болдық жақын
араға алты ай салып көріскенде
мәз болып отбасымыз қуанатын
Зымырап жылдар өтті күндер өтті
талай көктем өтті де күзде жетті
бірақ та қарлығаштар сол кеткеннен
оралып ұясына келмей кетті.
кеткен соң жылдар өтіп өмір озып
ұясы қарлығаштың кеткен тозып
көктемде күн жылына қарлығаштар
оралар деп әлі күн жүрмін тосып.