Адам қарады: 164547 | Жарияланды: 2017-04-12 04:13:11

Қыздың баласындай...

        Таңғы сағат алтыда біз ауылдан шықтық .Аспанда бір шөкім

бұлт жоқ, шайдай ашық .Ерте шыққан себебіміз Текес өзенінен

өткен соң  Хан Тәңірін көру,көру деймін-ау көрсету.Жарықтық

Хан Тәңірін үнемі бұлт басып тұрады.Оны көрудің реті бүгін

келген сияқты.Текестен өте салып жол солға бұрылады. Біраз

жүрген соң Хан Тәңірі көріне бастайды.Тегістіктің тұсына

келгенде  Тянь-Шаньның атақты шыңы Хан Тәңірі керемет

көрініс береді. Біз осы жерге келген соң тоқтап, сыртқа шықтық .

   Бәріміз шыңға қарап тұрмыз. Мұндай табиғаттың сұлулығын

шебер суретші мен жазушы болмаса басқалар жеткізе алмауы

мүмкін.Бұрын талай көріп жүріп мән бермеппіз.Керемет.

Көрген сайын қарай бергің келеді.Көз ажыратсаң сол

кереметті  жоғалтып алатындай боласың.Ауылдан шыққалы

үнсіз келе жатқан Әлекең:

             -Вот это да, Настоящая красота , деді.

 -Мынандай сұлулықты тек қана көру керек , нағыз қыздың

баласындай. Бәке, -Сіз Хан Тәңірі жайлы Мұқағалидың

жазғанын білесіз бе?- деді де,

             Шыңның мен танымаймын аласасын,

             Төбе де аласамен таласасың.

             Тянь-Шаньның шашақтаулы найзасындай,

             Қайсың Хантәңірмен таласасың.       

            Егерде құдірет болса бөлшегіндей,

            (Алдында құдіреттің көр шегінбей.)

           Шаншылып әнеу тұрған Хан Тәңірі-

           Шапшыған Тянь-Шанның емшегіндей,- деп тақпақтай

жөнелді.-Қайран Мұқаңай,әр сөзіңді нақышына келтіріп, маржан-

дай тізе білгенсің.                                      

Артыңда елің айтып жүретін осындай мұра қал-

дырған сенде бақыттысың-ау деді.1931-жылы ең алғаш бұл шыңға

Погребецкий,Тюрин және Зауберфер шыққан,-деп темекісін тұтатты.

     Біз машинаға отырып жүріп кеттік. Машина жүйткіп келеді.

Бәріміз үнсізбіз. Жүргізушіміз Құрман сөздің адамы емес,

істің адамы.Өз жұмысына өте ұқыпты және жауапты.

Ал Әлекең болса әңгіменің шебері.Кез келген тақырыпта

емін-еркін сөйлей алады.Абайдан,Қадырдан,Мүқағалидан және

басқа ақындардан үзінді оқи береді.Тарих пен жағырапиядан

да көп біледі.Еске сақтау қабілеті де жақсы дамыған.

Әлекеңді сөйлету үшін сұрақ беру керек.Сөз арасында өзіңе

сұрақ қойып,жауабын күтпей өзі айта береді.

    Мен Әлекеңді көптен бері білемін.Қызмет бабымен танысқанбыз.

Әлекең бұрынғы ұшқыш.Қазір біздің обылысымыздағы бастықтың

орынбасары. Біздің жаққа жұмыс бабымен келіп,қайтып бара жатқан беті.Жол ұзақ..Әлекеңнің қазақтың салт дәстүрін жақсы

білетінін естігенмін.Сондықтан да қазақтың қыз баланы тәрбиелеу

дәстүрін сұрауды жөн көрдім.Өзі айтқан” қыздың баласындай”-

деген сөзін тілге тиек еттім де:

    -Әлеке, Сіз жаңа Хан-Тәңірін қыздың баласындай деп теңеу

айттыңыз.Қазақ  “қыздың баласы” деп –неге айтқан.

Әлекең маған қарады да:-Қызда бала болмайды ғой,қыздың

баласы қуыршақ емеспе.Оны басқаша ойлауға болмайды.

Қәзір ғой қыздар оң босағада отырып босанып алатыны.

Бұрын босанбақ түгіл мұндай пәле санада да жоқ болатын.

Оның негізгі себебі ата бабамыз қыз баланың тәрбиесіне

ерекше мән берген «Қыздың жолы жіңішке»- деп оларды

ренжітпеген . Бой жетіп ұзатылғанша қыздың тәрбиесіне

анасы тікелей жауапты болған. Қыз бала жеті жасқа толғанда

белін белбеумен буып қойған.Сондықтанда қазақ қыздарының

белдері жіңішке,бұраң бел болады.Тамақты да бей берекет

ішкізбеген. Бас бармақты жоғары көтерген кезде білектің

тұсында кішкентай шұңқыр пайда болады.Салыстырмалы түрде

«Қыз.бала осындай ғана тамақ ішеді»-деп айтып отырған.

Ал он екіге толғанда қызға оң босағадан орын беріп, төсек-орнын

көлегейлеп, шымылдықпен бөліп берген.Бұл дәстүр ел ішінде

 «қызды оң жаққа шығару» деп аталған. Шымылдықтың ішіндегі

қыздың бұл үйін -  « қосаға» ал осы қосағаны бүркемелеп тұрған

перде «көсеге»  делінген.Тұрмысқа шыққан қыз жасауымен бірге

көсегесін де ала кеткен.Қазақта «көсегең көгерсін» деген тілек

осы дәстүрге байланысты қалыптасқан.

     Жалпы бабаларымыз қызды аларда міндетті айттырған.Таныс

адамдар тумай жатып іштегі баланы сондай-ақ бесіктегі кезінде де

атастыра берген. «Бесік құда», «Қарын құда» деген сөздер содан қалған. Қыз баланың ұзатылуына алты-жеті ай қалғанда ата-анасы

үйінің  жанынан жеке үй тігіп,қызын сол үйге бір жеңгесімен бөлек шығарған .Жеңгесі қайынсіңілісіне үй ұстаудың қыры мен сырын

толық үйреткен. Болашақтағы ата-енесі мен қайын ағаларына,           басқа туыстарына сәлем жасау, қайындары мен қайын сіңілілеріне

ат қою,алғаш келін болып түскенде өзін қалай ұстау,балалы болғанда оны орау, бесікке бөлеу сияқты өмір әліппесін оқытқан.

    Бойжеткен ерте тұрып, кеш жатып, өз алдына қазан- ошақ

ұстап қонақ  қабылдау, қонақтарға берілетін сыбағаның қалай

берілетінін үйренген.Бұл үйді – «доғалаң» деп атаған.Осы доғалаңда жеңгесі келешекте келін болып түсетін қайынсіңілісіне

келін болып түскен соң жалаң бас жүрмеу,қазан-аяқты

сыңғырлатпау,дауыс көтеріп сөйлемеу,үлкендердің әңгімесіне

араласпау,шай құйғанда бір тізерлеп қырын отыру және

ерлердің жолын кесіп өтпеу сияқты дәстүрлерді үйретіп,

ізеттілікке баулыған.

      Кешегі қыз, қәзіргі бойжеткен,алдағы уақытта үй ұстайтын келін,одан әрі ана және әже ізгі  тәрбиені осылайша  от басынан алған.

Жалпы қыздың инабатты және тәрбиелі болуы жас кезінен алған

үлгі өнегесімен тегіне байланысты екенін бабаларымыз бұрыннан

білген.  Тегіне қарап қызын ал,

              Соғыуына қарап қару ас.

              Көріп алған көріктіден,  

              Көрмей алған текті артық.

              Аяғына қарап асын іш,

              Шешесін көріп қызын ал-деп, тегін  айтылмаған.  

Данышпан Абай : Жасаулы деп ,малды деп байдан алма,

                               Кедей қызы арзан деп құмарланба.

                               Ары бар,ақылы бар,ұяты бар,

                               Ата-ананың қызынан қапы қалма-деген жоқ па.

Бұл шумақтар көп жайды баяндап тұр. Ал қыздардың келбеті мен

сұлулығы тіптен қасы мен шашына дейін жырламаған ақын жоқ..

Тағыда Абайға жүгінейік:

              Бұраң бел, бойы сұлу,кішкене аяқ,

              Болады осындай қыз некен саяқ..

              Піскен алма секілді тәтті қызды

              Боламын да тұрамын көргендей-ақ .десе

Мағжан:-Төгілген шашы,

                Қиылған қасы.   Керілген маңдай да.

                Тістері меруерт,     

                 Бейне қар-мамық ет.   Кез келсең мұндайға.                                               

           Жалындап күйіп,

           Бір ғана сүйіп.

                       Өлсеңде болмай ма -деп жырлаған..

   .Ал Қайсын Кулиев болса:

             Қою шашты қоя бердің еркіне,

             Шарап болдың,шипа болдың дертіме.

             Ішпей жемей мас болдым мен көркіңе,

             Қою шашты қоя бердің еркіне -деген.

  Қыздар туралы ақындар атам заманнан бері жырлап

келеді ,жырлай береді де. Бұл таусылмайтын тақырып.

        Әлекең біраз үнсіздіктен кейін темекісін қайта тұтата

бастады. Біз Шарын өзеніне де келіп қалғанбыз. Жергілікті

халық осы жерді  Көртоғай  деп атайды.Не себепті олай

атағанын білмеймін .Менің білетінім ұзындығы 30 шақырымдай

болатын жартасты табиғи өңір.Шарын өзенінің ортаңғы ағысын       Көртоғай ал төменгі ағысын Сартоғай дейді.

      Арнайы машина тоқтайтын тепсеңге тоқтадық .Астымызда

Шарын өзені ағып жатыр.Жағасы өзіміз көріп жүрген жаржаға.

-Бәке, мұндай коньон дүние жүзінде екеу ғана.Біреуі Американың

Колорада штатында, екіншісі осы.Бұл коньондар полеоген дәуірінен бері белгілі.Екі жердеде шаған (ясин) тоғайы бар-деді

Әлекең, жағаға қарап тұрып.Құрман ауылдан алып шыққан тағамдарды даярлап,машинаның үстіне қойып, бізді дәмге

шақырды. Тамақ жеп болған соң біз жолға шықтық. .          

      Машинамыз жүйткіп келеді. Жүргізушіміз тәжірибелі

болғандықтан біз алаңсыз отырмыз.Әңгіменің қызығымен жарты

жолға да жетіп қалдық .Біздің ауылдан  қалаға дейін 4-5 сағаттық жол.Алдымызда  Көкпектің жазығы.Осы жазықтың оңтүстік

батысында кезінде Райымбек бабамыз қалмақтарды қырған

Ойран төбе ,ал таудың ішінде бабаның атындағы бастау бар.    

Ары  бері жүрген жолаушылар сонда тоқтап,су ішеді.Жердің астынан шығып жатқан бұлақтың суы мөлдір әрі жұмсақ..Ішкен сайын ішкің келе береді.

 Бұл бұлақтың аңыздағы тарихын Әлекең-де біледі екен.

 -Бұл аңыздың шындыққа жанасатын жағдайы бар.Жалпы бабамыз

батыр ғана емес ақылды болған.Іле тасып жатқанда атының екі

жағына екі бау қамыс байлап өтіп кеткен ғой.Ал мұнда сиырды

пайдаланған.Шөлдеген ірі қара малы міндетті түрде суы жақын

жерді тарпыйды.Сол жерден су шыққан.Бабамыз осы әдісті

пайдаланып,сарбаздарын шөлден аман алып қалған-  деді Әлекең.

     Біз бастауға бұрылып, машинадан түстік.Бастау басындағы

адамдар бұлақтан су ішіп,қайсы біреулері ыдыстарына су құйып

алып жатыр.Бұлақ басынан киіз үй тігіп алып сусынның түр-  түрін                                          

және қымыз сатушылар да бар. Біз бұлақтан су ішіп, киіз үйге

кірдік.Киіз үйдің ішін  мұнтаздайғып жинап қойған.Жинақы.

Біз қымызға тапсырыс беріп төрге шықтық.Жайғасып болған

кезде Әлекең –“ Қымызды кім ішпейді, қызға сөзді кім айтпайды”

-деген мақал бар.Әңгімеміз қыз жайлы болып келе жатыр еді.

енді міне қымыздан да ауыз тиетін болдық -деді.Біз қымыз іштік,

бұл жердің қымызы ауылдағы жайлаудың қымызындай емес.

Қымыз деп  Шәлкөденің және Сырттың қымызын айт.Шіркін

балдай ғой-балдай.Қымыз іше алмайтын біз бір отырғанда бес-

алты кесесін ішіп қоятынбыз. Қымыз демекші бір достың айтқаны есімде.Қымыз туралы сөз болғанда бір ұйғыр айтыпты дейді:-“  “Қазақтың қымызын талай ішкенбіз тасқа шағып”- депті . Сөйтсе ол байқұс қымызды білмей құрты қымыз деп айтып жүріпті , -деп,күлдіретін. Рахмет айтып, жолға шықтық..Әлекеңнен енді қыздың жасауы мен

қалың малы туралы сұрауды жөн көріп :

-Қазақта “қалыңсыз қыз болсада кәдесіз қыз болмайды”-деген

мақал бар.Қәзір үйленгенде қалыңмал орнына әркім шамасына қарай ақша апарады.Бұл дәстүр бұрын қалай болған,сол туралы

айтып беріңізші -дедім.

Әлекең “ Қазақстан” деп аталатын темекісінің бір талын уқалай

бастады да :

-Дұрыс айтасың,ата -бабаларымыз қалыңмалға үлкен мән берген.

Қазақ  дүниеге сәби келгенде ұл ма, немесе қыз ба?- деп сұрамай

дүниеге қойшы не болмаса жылқышы келді -деп, шүйінші сұраған.

Қойшы дегені ұл бала,ал жылқышы дегені қыз бала.Себебі

қыз туса қалыңмал  алған ғой.Қалыңмал нарқы жылқы болған.

Қалыңмалдың саны бір жиымырмадан  бес жиырмаға дейін барған.

Ал сүт ақысы мен той малы қалыңмалға қосылмаған.Сүт ақысы

деген қалыңдықтың анасына және қыз әкесінің ата күшіне төлене-

тін ақы. Оның саны 1 ден 7 ге дейін түйе немесе жылқы болған.

Қыз ұзату тойына сойысқа апарылатын мал,жыртыс пен қалыңдық

жасауының шығыны -той малы деп аталған.Саны 20 дан 70  бас

жылқыға дейін жеткен.Жағдайы келмейтіндер үшін (кедейлер мен

орташалар) саны оншақты қарадан аспаған “ Дөңгелек қалың” деген болған.Мүлде жағдайы жоқтар әр салттың жолын жасаған.  “Орамал тон болмайды,жол болады”-  деген мақал осыдан қалған.

Манағы өзің айтып отырған  “Кәдесіз қыз болмайды”- деген сөзді қазекең осы мағанада айтқан.Ал әйелі өліп, күйеуге тимей отырған

балдызын алғанда 37 ірі қараға дейін төленетін қалың малдың түрін

“Олқы қалың”-  деп атаған.” Ілу”- деп аталатын қалыңмал қызын жақсы тәрбиелегені үшін ұрын барғанда берілетін немесе аталатын кәде.

Егер “ілуге” көп қаражат жұмсалса,тиісінше қалыңмал саны азайтылған.

Қалыңмалға беретін жылқының реті болмаған жағдайда ұсақ малмен ауыстырып,оны “балама” қалың деген.Оның мөлшері он бас ұсақ мал.                                              

 Ол бір бас жылқыға немесе бір бас ірі қараға тең болып белгіленген.  Енді мына қызықты қараңыз. Қазіргі зоотехникалық мал рационын жасағанда да осы бірлік алынады. Бұл жай ғана теңеу емес,ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Демек ғылым да  ата-бабамыздың тәжірибесіне сүйеніп отырған-деп,Әлекең

 келесі темекісін тұтатты.Әңгіменің осы тұсына келгенде біз

Есік өзеніне де жақындап қалған едік. Бұл өзеннің жағасында теңіз деңгейінен 935 метр биіктікте орналасқан Есік қаласы орналасқан.1963 жылы шілде айында таудағы Есік көлі бөгетін бұзып, сел тасқыны болғанын жергілікті халық әлі ұмыта қойған жоқ. Әңгіменің желісін бұзбай Әлекеңнен енді қыздың жасауы және оның жайы туралы сұрадым.

-Қыздың жасауын жасау ата -ананың міндеті болған деп, сөзін одан әрі жалғады.Жасаудың басы ақ отау.Бұл жерде мынаны ұмытпау керек.

Әсілі ақ отаудың шаңырағын,керегесін және жабын киізін күйеу жігіт әкеледі.Басқасын айталық туырлық,,түндік,екі үзік ,басқұрлар тағы басқа қажетті заттарды қалыңдық жағы  даярлаған.      

Енді осы үйге қажетті үй мүліктері жайлы айтайын. Көрпе-төсектің құрамына кіретін төсеніш көрпе,құрақ көрпе,жамылатын көрпелер мен жастықтар,текемет,сырмақ,алаша,кілем,түс киіз. Ал ағаш төсек, сандық,жағлан және жүкаяқ- жихаздар құрамында болған.                     

Ыдыс аяқ құрамындағы қазан- ошақ,құман,торсық,мес, саба, ожау, шөміш,шара, тегене, саптыаяқ,, кебеже, келі- келсап, күбі, асадал, шыны- шәйнек, қасық,, тостаған  толық жабдықталған.Ал ыдыс-аяқ құрамына пышақты қоспаған.

Қажетті құрал жабдықтар балта,шот,ара,егеу,балға,ине,тебен, біз, қысқаш,үскі,талыс- жасаудың бір бөлігіне жатқан.Ал қыздың киімдерін   камзол, бешпент, шапан, тон, ішік, етік, көйлек- көншектерінің әр қайсысын тоғыздан жасаған. Шамасы келгендер күйеу балаға арнап ер тұрман,садақ, қалқан, сауыт, ат көрпе, қамшы жасақтаған.Қыз келін болып түскен кезде ақ отауды күйеуінің әкесінің үйінің оң жағына тіккізген.Міне, естіп отырсың қыз баланың жеті жасынан бастап, күйеуге тигенге дейінгі тәрбиесі, оның жасауы мен қалыңмалы жөнінде біраз әңгіме қозғадық .

Осындай тәрбие алған қыз баланың жаман қалыңдық болмайтыны айтпаса да түсінікті.Өзін тәрбиелеген жеңгесі сияқты өзі де кейін қайын сіңілісін тәрбиелейді.Қыз бала жеңгесіне өте жақын болады.

Жеңгесімен сырласып,іштегі бар сырын айтып отырған.Ал жеңгесі болса қайын сіңілісінің сырын ашпай, құпиясын сақтай білген.Рас, кейбір жеңгелер болған  қайын сіңілісімен сиыспай ,оны көре алмай      жамандық  ойлайтын.Жас қыз  жеңгесін үнемі тыңдап ,силаған.  

Ол сиды жеңгелері керісінше пайдаланған кездері болған.”Қызды жеңге бұзады, сауданы теңге бұзады”- деген мақал  тегін айтылмаған-деп, Әлекең әңгімесін аяқтады.

Бұл кезде бізде қалаға келіп кірген едік.

 

                 

 

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған