Адам қарады: 82038 | Жарияланды: 2017-05-30 02:35:10

Әріп әлемі

Тіл сындыру

А

Алты алаштың атпал азаматы

Ассалаумағалейкум, арыстандай айбатты, абадандай[1] ардақты, айдауылдай айбарлы, алдаспандай айбынды, алты алаштың атпал азаматы – Айтмахан Абдраманұлы Ахметжан!

Асқар Алатау аумағындағы Алматыдан арқар ауған арқадағы Астанаға ауысыпсыз. Алматыда айбалта асынып, айдарлы адам атанғаныңызбен, ажуашыл айлакер адамдар айдаһардай аранын ашып, адымыңызды аштырмады. Адал ағартушы, асыл адамзатты адуынды адамдар азғырып, азаптағаны айқын. Ал арайлы Астанада атақ-абыройыңыз артатыны анық. Алайда айдың аманында ағайынды адастырып, артынып-тартынып, абылып-сабылып арқаға ауғаныңызға ауылдың ақсақалдары, аймақтың абыздары, ардақты ажалары , айтулы азаматтары, ата-аналар, ажарлы абысын-ажындар айтарлықтай абыржулы. Ағымдағы азын-аулақ ақпаратты айбақ-сайбақ, ағал-сағал, айғыз-айғыз автографпен айшықтағанымды айыптамаңыз. Аманатты авиабайланыс арқылы аттандырамын. Алда-жалда аманатты алмасаңыз, айтарсыз.

Айтпақшы, абжыландай адыраңбай адамдардан азаттық алғаныңыз айрықша абырой. Асылында, арандатушылардан аулақтағаныңыз абзал. Айыпкер-арызқойлар анықталып, айтыс-тартыс аяқталады. Айтақшыл арам адамдар айдаланы айкезбедей айналып, абыройдан, абиырдан айрылады. Айтса айтқандай, азғындарды аластағаныңызға ақсарбас атаңыз.

Аспандағы айдай асыл азамат Айтмахан Абдраманұлы!

Адал, ақылгөй, азулы ақсүйек адамсыз. Аса Асанқайғыланбаңыз. Ауыл-аймақтың арыстай, алпамсадай арлы азаматтары аламандап, Алматыға алдыратыны Аллаға аян. Абыройыңыз асқақтап, аспандасын! Айтқаным айдай анықталсын! Аумин!

 

Ә

Әлеуметтің әлеуетін әуелет

– Әй, Әмина!

– Әу, Әлима әже.

– Әудемде әбдестені[2] әкелші.

– Әзиз әжеме әбдестені әкелуге әлекедей[3] әзірмін.

– Әуеле, әкем! Әрдайым әжеңді әспеттейсің. Әрқашан әулетің әлейленсін! Әлләу Әкбар!

– Әмин, әже!

– Әзірет әулетіңді әлемге әйгілесін!

– Әмин, Әлима әже!

– Әкебас, әбдіредегі әмиянымды әперші.

– Әзір, әже.

– Әп-сәтте әкелдің, әкежан. Әрі әдемі, әрі әсем, әрі әселдей Әминама әйбат әшекей, Әйгерімдікіндей әліппе, әтір, әткеншек, әңгелек әперемін.

– Әуреленбеңіз, әже.

– Әрине, әуреленбеймін. Әжең әлі әлеуетті, әлді, әнжемді. Әнеугүні Әсия әумесер әрең-әрең, әнтек-тәнтектеп[4], әкімді әрекелеуге[5] әрекеттенді. Әсия – әлимсақтан әуейі, әдепсіз, әңгүдік.

– Әсия – әпербақан әже.

– Әлбетте. Әркез әркімге әңкілдеп, әңгіреді , әкіреңдейді.

– Әшіркүл әжеймен әмпей-жәмпей.

– Әзелден[6] әкей-үкей әм әріптес, әзәзіл әрі әздек. Әй-буу, әрнені әңгімелегенім әбестік.

– Әй, Әмина, әнебіреу, ә-ә-әлгі...

– Әсте, Әмір әкем...

– Әй, Әмірмісің?

– Әбдібектің Әмірімін, әже.

– Әссалам...

– Әлейкүмсалам.

– Әл-қуаттысыңдар...

– Әл-ауқаттымыз. Әйтеуір әлейім-тәлейім, әлім-берім[7], әлек-шәлек, әбігер әлем.

– Әлі әділқазымысың, әлде әккі әкімбісің?

– Әлхамдиллә, әділ әкіммін, әділеттімін.

– Әйдай, әйткенмен әкеңдей әйдіксің. Әсте-әсте әлемге әйгіленесің. Әруақытта әлеуеметтің әлеуетін әуелетіп, әркез әлсіздерді, әлжуаздарды әспетте, әдепті әз әйелдерді әлпеште. Әсіресе әулие-әнбиелерді әлемге әйгіле.

– Әумин, әже. Әманда Әкбардың әмірімен әлденіп, әдеміленіп, әрленіңіз.

– Әмин, Әмір, әкем!

 

Б

Би-батырлар баяны

Бөгенбай, Болатбек, Болысхан, Бегімтай, Біләл, Батыржан, Бекназар – бәрі Бөкейхан Байтұрсынұлының бауырлары. Бұлардың бабалары – Бекарыс Бақкелдіұлы. Бұның бабасы баяғыда бай, бек, би, батыр, болыс болыпты. Бас-аяғы балғадай бұл батырлар – бас-басына бастық, байбатша болған бағландар. Бекзадалардың бет-бейнесін баяндап берейін.

Бөгенбай – бүгінде белгілі бір басылымның бастығы. Бұрын бірнеше баспаларды басқарған. Баспасөз беттерінде бірнеше батыл бастамалары басылды. Байсалды бәйбішесі Баршагүлден бес баласы бар. Бақыты баянды болсын, бұдан бөлек, бес баланы басыбайлы бауырына басты. Боздақтарының бәрі білімді, бәденді[8]. Бір баласы – бәдізші[9]. Бейбарысы бәйгені бермейді. Босағасына бекеуіл[10].

Болатбек – беделді бір биржаның басшысы. Бағамды, байыпты, бақуатты. Байғұс Бәтима бәйбішесі бедеу, бірақ балажанды болатын. Бақсы-балгерлерге барып, бір бала босанып, бақытқа бөленді. Бұйырса, барынша балалы болуға бел буды. Бүлдіршіні «Балапан» балабақшасына барады. Басқа-басқа, бұл бәйбішенің бітім-болмысы бөлек. Басжақсының[11] барлығы – Бәтима бәйбішенікі. Басына бақ байлансын!

Болысхан – бажыханада бақандай бажгер[12]. Балқадиша бәйбішесі байының бабын біледі. Балдырғандары – бойдақ, бойжеткендері – болымды, биязы. Бай-манап бабалары бата берген. Балағат, бақастық, бақталастық, басбұзарлықтан бейхабар.

Бегімтай – банкнот басатын баспахананың бастығы. Бес баласының бес баспанасы бар. Бау-бақшасы, бильярдныйы, бассейіні бөлек. Басында бағы бар Балжан, баспанасында байы болмағанда, бәйбішелерге барымен базарлатып бастаңғы береді. Базбіреулердей бақшаңдап, бақырып, бақылдап, байбаламдап, бажылдап, базданбайды. Бәрін боямасыз байымдап, бағамдайды.

Біләл – Батағаның[13] басшысы. Бақ-берекелі, бейнетқор, баталы бала. Бекіре баптайтын бекінісі бабында. Бет-беделі, бет-бедері бекем болсын! Балымша бәйбішесінің бірнеше бөбектері бар. Балдыз-бажалары баршылық.

Батыржан – білімді, білікті банкир. Бет-бейнесі белсенділігінен беп-белгілі. Бар болғыр, барша бауырларына, бағусыз-қағусыз балдырғандарға барқадырынша байлығымен бөлісіп, бас-көз болды. Балақайларға базарлыққа байрақ, байдарка, банан, балмұздақ, батсайы[14], батпырауық, байпақ, барабан, бауырсақ берді. Бәрекелді! Бірнеше бапандай[15] балғындары бар. Банкісі банкрот болмасын!

Бекназар – бетегеден биік, бесаспап базарком. Болмыс-бітімінде бекзадалық бар. Балауса бәйбішесінен бекбикелік[16] білінеді.

Боларда-болмай барлық балаларына «Болашақ» бағдарламасы бойынша Британияда білім бергізді. Бойжеткендерінің бірі – биші, бірі – балерина. Балиғаттағы бикештері бейуақта бөтен босағаға бармайды. Бақ-берекесі берік болсын!

Бөкейхан Байтұрсынұлы бауырларының босағасына бақыт бұйырсын!

 

Ғ

Ғұмыры ғибратты ғұлама ғалымдар

Ғабит Ғайсаұлы Ғафур, Ғаббас Ғабиденұлы Ғұбайдолла, Ғазиз Ғайыпзадаұлы Ғалиакбар, Ғани Ғафуұлы Ғұмар – ғасырлас ғалымдар.

Ғабит Ғайсаұлы Ғафур – ғұлама ғалым. Ғұмыры ғибратты ғалымның ғылыми-көпшілік, ғылыми-техникалық, ғылыми-фантастикалары ғаламат. Ғарыш, ғарышайлақ, ғарышжай, ғарышкер, ғарыштық, ғарышкерлік ғылымдары, ғарышнамалары ғажап.

Ғаббас Ғабиденұлы Ғұбайдолланың ғаламдық, ғайыптық ғазалдары ғажайып. Ғаббастың Ғайып ерен[17], ғайыбана[18], ғайыптық ғазалдары ғаламға ғарыштады. Ғылымды[19] ғалым.

Ғазиз Ғайыпзадаұлы Ғалиакбардың ғазауат[20], ғарасаттық[21], ғұрыптық ғақлиялары[22] ғанибет. Ғылыми ғимарат, ғибратхана[23], ғибадатханаларды ғибадаттау – ғұрпы.

Ғани Ғафуұлы Ғұмардың ғибадаттық, ғұламалық, ғұрыпшылдық ғылыми-зерттеулері ғылымпаздарға ғибрат.

Ғұмыры ғибратты ғасырлас ғұлама ғалымдардың ғазал, ғақлиялары ғылымға, ғаламға ғинаят[24]. Ғалам ғалымдары ғажаптанды[25].

 

Д

Дәрісі – дәру, дәрмегі – дауа

Дайрабай Досмырзаұлы, Дүйсенқұл Даниялұлы, Дархан Дәулетиярұлы, Дастан Досанұлы, Дәрмен Дәулеткерейұлы, Дамир Дінмұхаммедұлы, Дәуітбек Дулатұлы, Дүрәлі Дулығаұлы – дәуірлік дос-жарандар.

Дайрабай Досмырзаұлы – дана да дара депутат. Денелі, дидарлы. Даңқты, дақпыртты, дәулеттілермен дос. Дүлей, дүмбілез, даукес, дарақы, делқұлылармен дүрдараз. Депутаттардың дарабозы.

Дәуіріміздегі девальвация[26] дүйім депутатты дүрліктірді. Демократия дегенмен, депутаттардың дау-дамайға дәті дауаламайды.

Дағдарыс дамыған дөй державаларды да діңкелетті. Дуалы диктаторлар да дегдар, деркүмәнді.

Дүйсенқұл Даниялұлы – Делиде дипломат. Дүниетанымы дамыған, дипломатиялық дәреже-деңгейі дардай. Дау-жанжалды дауылдатпай, достықты дамытуға дәйекті, дәрменді.

Дархан Дәулетиярұлы – дырдай дәрігер, дерматология доценті, докторлық диссертациясы дайын. Дерттің диагнозын дақпа-дақ, дәлме-дәл долбарлайды. Дәріханада дәрмене[27], долана, дерменеден дәрі-дәрмек дайындайды. Дәйім, дәрісі – дәру, дәрмегі – дауа. Диеталық дәмханадан дәмденеді.

Дастан Досанұлы – депоның дардай директоры. Дағдарысқа дейін Дастанның да, депоның да даңқы дүрілдеді, дүркіреді. Депо директорына дұшпандары діңгірлеп, дікеңдеді. Дүлейлер ділмарланды. Дүмшелер дікілдеді, дікектеді. Дару-дарымшылар[28] дуалады. Дайынсыздар дандайсыды. Долылар долданды. Дарылдақтар дарылдады. Дарақылар даурықты, доңайбаттанды. Дөрекілер дөкірленді. Дос-дұшпан дүрлігісті. Даугерлер де, даукестер де дерек-дәлелсіз даурығып, далақтағандары даусыз.

Дастан дабдырады[29], дамылсыз дайрақтады[30], дедектеді. Денсаулығы дімкәстанды. Дәуде[31], датқаларға дәлелді дәйектемелер дайындап, діттегенін дөптеді, дәлелдеді. Даруғашы[32] да, Датқалар да Дастанды демеді. Депо директорының дәурені демде дәуірледі. Дені дереу диланды.

Дәрмен Дәулеткерейұлы – даңқты да дарынды дирижер. Даңғыр-дүңгір, даң-дұң, дағыра, дудыға[33], дутар, духовой, джаз, даңғыраға даңғайыр[34]. Дубайдағы дирижерлер додасының дүлдүлі. Дамаск, Душанбедегі дүбірлі додалардың додагері.

Дамир Дінмұхаммедұлы – діндар, дін департаментінің директоры. Ділі, діңі – дүрдей, дыңдай[35]. Дін департаменті – диуана, дәруіштердің дәнекері, демеушісі. Дамирдің дұғасы – дуалы да дауалы.

Динар, доллар, ділдә, дүние-мүлікке дүрдараз. Дап-дайын дәруіш[36].

Дәуітбек Дулатұлы – дарынды да дара драматург. Драмалық дүниелері – деректі, дәйекті, дәлелді. «Дағдарыс», «Дәуірнама» деген дилогиясы дилы[37]. Дәуітбек даңқтан дәмелі.

Декабрьдің дүйсенбісінде дала данышпандарымен, данагөйлерімен, дүйім дуанбасылармен дидарласты.

Дәуітбектің достары «Дарынды драматург» деген диафильм дайындапты. Диас датқа дастарқан даярлады.

Дүрәлі Дулығаұлы – дәмата[38]. Дәулескер домбырашы. Доха, Детройт, Джакартадағы додалардың дүркін-дүркін дипломаты. Дәмханадағы ду-думандарды, ду-дүрмектерді дүркіретіп, дүрілдетіп, дуылдатып, дүбірлетуге дәндеді. Дайым, думан-дырдуларда дәстүрді дәріптейді. Дүйсенбіде думан-той доғарылады, Дүрәлі де демалады.

Дәуірлік дос-жоралар дулы да дүбірлі, дөңгеленген дүниеде ду-дулап, думандатсын!

 

 

Е

Ел ерін есіркесін!

Ержан Ернұрұлы Ернар – еңбекпен ерте есейген, елге елеулі, еңбегі еленген есіл ер. Егемен еліміздің еңбек екпіндісі. Ежелден егістікте егін егіп, ешқашан ешкіммен есептеспей, елден ерек еңбек етті, ерекше ебсектеді. Елдің ертеңіне елеңдеді. Ешбір ескерту естіген емес.

Еңбекқор Ержан Ернар ерке-тотай, елірме, ез, есепшіл, ебдейсіз, есерсоқ, есалаң, езбе, езмалта, еміншек, есер емес. Екібастан егдем[39], егей[40], елгезек. Ешкімге едірейіп, ежірейіп, екіленіп, еліріп, ежелеспейді[41].

Егіндікте ешкісабақ, егеуқұйрық, ешкісасыр, ешкітал, есекқұрт, ешкіөлмес, есекмия, ешкібұршақ, ешкіемер есепсіз екен, екі еселеніпті. Еңгезердей еңбекшіл ер ежеғабыл, ебіл-себіл ебелектеді, егейлесті. Ел ерлері елеңдеп, елбесіп-селбесіп ебсектеді, елпеңдеді. Есекмияның, ешкібұршақтың егістікте ендігәрі екі еселенуі – екіталай. Енді егін едәуір ен-тегінденеді. Елдің естияр ерлері, есті егейлері[42] Ержан Ернұрұлының ерен еңбегін ескеріп, Елбегі[43] етті. Емендей еңселі еңбекқор ер ерледі. Елі – еріне, ері – еліне елжіреп, еміренді, еметайы езілді.

Егемен еліміздің ертеңі – Елбасымен, Еңбек Ерлерімен еңселі екенін ескерейік. Ендеше ел ерін, ер елін еркелетсін, есіркесін!

 

Ж

Жалғыздық Жаратқанға жарасқан

Жидебайдағы жылқышы Жұмағұл Жұбанұлы Жандарбек жаздың жанға жайлы жылысында жылқыларын жайлауда жаяды. Жайдақ жерге жылқы жайылмайды. Жұмағұлдың жайлауласы – Жандос жылқыларын жапсарлас жайластырды. Жайлаудың жері – жәннаттай жанға жайлы. Жазғытұры жылқышылар жайлауға жата жабысты. Жұмағұлды, Жандосты жамандаған жансыздар, жадыгөйлер жағы жағына жұқпады, жала жапты, жан-жақтап жанжалдасты. Жасаған жап-жасыл жерді Жұмағұлға, Жандосқа жаратыпты.

Жалпы, Жұмағұл Жұбанұлы – жүзі жарқын, жайма-шуақ, жайдары, жайсаң, жомарт жан. Жұртқа жалынып-жалпайғанды, жалбарынғанды, жағынғанды, жағымпазданғанды жаратпайды.

Жалғыздық Жаратқанға жарасқан. Жұмағұлдың жалғызсырайтын жөні жоқ. Жабығып-жабырқамайды, жансебіл. Жан-жары Жазира Жолтайқызы – жап-жас, жарқылдаған, жайраңдаған, жайдарман жан. Жақсы-жайсаңдармен жылы жымиып жүреді. Жұмағұл – Жазира – жарасымды жұп және жақсылы-жаманды жақын-жарандары, жора-жолдастары, жегжат-жұрағаттары, жиен-жиеншарлары, жалпы жанашыр жамағаты жетеді.

Жұмағұл жиын-тойларда жентті, жаубүйректі, жеміс-жидекті, жүзімді, жүгерінi, жержаңғақты, жал-жаяны жалап-жұқтап жақсы жейді.

Жұмағұлды жазықсыздан-жазықсыз жазғыратын жаман-жәутік жайына жүрсін!

Жылқышының жанұясы жетістікке жайлы жүріп, жақсы жетсін!

Жұмағұл – Жазираның жарасымды жұбын Жаратушы желеп-жебеп, жарылқасын!

 

З

Замандастар заманды зорайтады

Забира Заттыбекқызы Зейнолла – заңгер, зайырлы[44], зейінді. Заты – зипалы[45]. Зады[46] – зада[47].

Зайыбы[48] – Заңғар Замирұлы Заманхан – зергер. Зуһра, зеризаларды[49] зерлейді. Заңғар – зерек, зиятты[50], зиялы, зерделі.

Задында, Зиягүл, Зина, Зибаш, Зейнеп, Зарипа, Зағипа – Забира Заттыбекқызының замандастары.

Зиягүл – заңқой. Зымиян, зәлім, зуылдақ, зәнталақ, зәндем[51], зиянкес, заржақ, зарлауық, зұлымдарға зәрлі, зарарлы. Зиялыларға зәрсіз, залалсыз, зілсіз.

Зина зоологияны зерттейді. Зайыры[52], зерттеуден зерікпейді. Зерттеу зонасы – зообақ. Зебра, зубр, зоркиіктерді зерттеп, зерделейді.

Зибаш зауытта звеновой. Зауыт Зибаштай зәңгілерге [53] зәру.

Зейнеп – зәузатымен[54] зоотехник. Зейнептің зүрияты[55] зоотехниктіктен зауықты[56].

Зарипа зарзаман, зобалаң, зұлматтағы заманхаттарды, зарқұмдарды[57] зәуімен[58] зерделейді.

Зағипа – забойшы. Забой – залалды, зардапты, зәулі[59] зона. Зағипаның зәуде[60] зақымданбасы зайыр[61]. Зады, Зағипа Забойға зембілмен зулайды, заулайды, зымырайды. Зембілді зорсынбайды, зорықпайды.

Забира Заттыбекқызының замандастары заманды зорайтатыны зайыр.

Зиялы, зайырлы замандастар заузада[62] зәулім зираттарды зияраттап, зияпаттады[63].

Зауым[64] зікірленгендерің, зекеттегендерің зият[65]. Зайыры[66], заматта зейнеттенесіңдер.

И

Иманғали – Ислам империясының императоры

Иманғали Икрамұлы, Ибрагим Исаұлы, Игенбай Изатбекұлы, Идаят Имантайұлы, Инаят Исалыұлы – иықтас , имандостар[67].

Иманғали Икрамұлы – инабатты, иманды имам. Иншалла, исі исламды имандылыққа иландырып, игілікке иектеп, икемдеп, иманшартқа иілдірді, идірді. Иманғали – ислам империясының императоры.

Ибрагим Исаұлы – ибалы, иманжүзді ишан. Илаһи, Иранбақтың игілігін иеленсін!

Игенбай Изатбекұлы – иші, ихананың[68] иесі. Инеліктей иліккіш, илалап интернетті игерді. Ию-қию ит-өмірге икемделді. Итжеккенге итермелегендерді илеудей иледі.

Идаят Имантайұлы – Италия, Иордания, Испания, Исландия, Индия инвестициясын иемденген инвестор. Индустриялық-инновациялық игіліктерді илалап, икемдеп, игеріп, импорттауға итінді[69]. Идаят – иен инстинктің иегері.

Инфляция итпектетіп[70], итырықтағанмен, ипподромды иемденді.

Инаят Исалыұлы – идеологиялық институттың инспекторы. Игі идеялардың иесі. Имандостарды идеясына иландыруға икемді.

 

К

Келісімхат

Кинотанушы көкелер!

 

Кеше кешқұрым кереуетке көлденеңнен ке­рі­ліп, көкжәшікке көгенделіп, көрмейкеткір көзім­мен «Күлімбикенің күйеуі Кәрімбектің келешегі кемел» кинокомедиясын көрдім. Киноко­ме­дия­лық киноның кескін-келбеті келіспеген кейіп­кер­лері – көкмылжың, көгауыз, кекеш, кетік, кісі­киік, кербез, кеудемсоқ. Кадрден көргеніміз – кө­біне-көп келеңсіз, кедір, көпірме, көбік көріністер. Кешіріңіздер, кәдімгідей кейіп, күмілжіп, күйіп кеттім. Кейінгі кезде көгілдір көк­жә­шікте кәріп көріністер, көркемсіз кинолар, кем-кетігі, кем­шілігі көптен-көп кесел кадрлер көбелектей көл­беңдеп, көбейіп кетті. Көрерменнің көңілін көтеретін ки­но­к­омедия кемде-кем. Күнұзақ кер­тартпа, көңілжықпас, көзбояушылық көріністерді кө­руге көнтерілі көрермен көнді. Киногерлердің көпе-көрінеу кері кеткендеріне киелі көрер­мен­дердің көңілі күпті. Көрсетілімнің көбісі көккөзді кө­рермендерге көрсетіледі. Кірме көрерменнің ке­бін кидік. Келешекте күлкіге көмілген кесек-кесек көріністі кинокомедиялар көргіміз келеді. Киносту­­дия­дағы кежегесі кейін кеткен кейбі­реу­лердің, кедергі кел­ті­ретін кімкөрінгендердің ке­бісін кері кигізіп, кино­­кор­порацияның көлеңкесін көр­сетпеу керек. Керек кезінде, керісінше кәсіби, кә­нігі киногерлерді киностудияға кезек күттірмей кө­гендеу – келешегіміздің көсегесін көгер­ту­дің ке­пілі. Кабельді, кабельсіз кеңарналарды кеңей­тіп, кеңформатты, кеңэкранды, кеңөрісті, кең­ты­нысты кинокомедия, киножарнама, кино­жыл­нама, киношежіре, кинобайқау кейіпті ком­мер­циялық кешенді көрсеті­лім­дерді кезең-кезеңімен кө­бейтіп, келісілген кестемен көрермендерге көр­се­тетін кез келді. Көркемдік кеңес күзде, көк­тем­де күллі кеңесшілерімен кеңесіп, келісіп, күл­кі­мен көм­ке­ріл­ген керемет кинокомедияларды кө­бей­туді көздесе, көрермендердің күдігі кесіл­мейтіні кәдік. Келісімшартқа келіссеңіздер, келе­шекте кино­туын­ды­­лар­да кемшілік кездеспейді. Кө­рермен көңілі кір­ле­месін, келбет-кепие­т­терінен күлкі кетпесін! Кәнеки, кешікпей кірі­сейік!

 

Қ

Қазақ құдасын

Құдайындай қадірлеген

 

Құрметті қызметкерлер!

Қансонардың қарсаңында қадірменді қонағы­мыз­ды қоңырқай қонақүйде қабақ қақпай қабыл­дауымыз қажет. Қонақ – қымбатты қам­қор­шымыз, құрылтайшымыз Қалдан Қамбарұлы Қа­рабайдың құрдасы, қандасы. Қадірлі қонағымыз­дың қасына құдасы Қондыбай, құдағиы Қалды­қыз, құдашасы Қаламқас, қатыны Қалима, қызы Қы­дыркүл, қарындасы Қатира, қоңсысы Қал­дыбек қосылыпты. Құлақтарыңызға қорғасындай құя­мын, қапысыз, қамсыз қалмаңыздар. Құдайы қонақтарды қазақы қонақжайлықпен қарсылап, құда-құдағи, құдашаға қазы-қарта, қозықұйрық, қуырдақ, құйрық-жал, құйрық-бауыр, қымыз, қымыран қойыңыздар.

Қондыбай құда – қағазбасты, қалам-қарын­дашпен қаруланған қарымды, қабырғалы қалам­гер. Құда-құдағиға қылған қызметіміз Құдайдан қай­тады. Қазақ қашанда құдасын Құдайындай қадір­леп, қастерлеген, құрметтеген. Қондыбай құ­да Қарағандыға қазанатпен, құдағи-құдаша қам­золмен қайтсын. Құрметті қолдап-қуат­тау­шы­мыз Қалдан Қамбарұлы құдасының Қарағандыға қазұялы қамшысыз қайтпауын қалайды, қажет қылса, қатты қадағалайды. Қондыбай құда қиқар, қызбалау, Қалдықыз құдағи қазымырлау құсайды. Құданың Қыдыркүл қызына қолайна, Қатира қарындасына қолсағат, Қалима қатынына қашарды, Қалдыбек қоңсысына қозылы қойды қиыңыздар. Қалғандарының қолына қаржы-қаражат қыстырыңыздар. Қарсыласса, қоярда-қоймай қинаңыздар. Қоразша қоқиланып, қоқи­қазша қоқаңдаса, қызбаланбаңыздар. Құдаларды Қарағандыға қауіп-қатерсіз, қауымдасып қай­та­рай­ық. Құдай Қалдан қожайынымызды құдаларға қа­рыз қылмасын. Қызметтеріңізді Қалдан Қам­барұлы Қарабай қашанда қайтарады.

 

М

Майталмандарды марапаттады

Мұзафар Марғұланұлы Мардан – маңайына мақтаулы манап, маңдайалды маман. Мінезі – майдай, мамыражай, марайма[71], мазалы[72], майпаң[73]. Мүсіні – мақаттай[74], мауыздай[75].

Мамырда мереке-мейрам мол. Мұзафар Марғұланұлы Мақаншыны мекендеген майталмандар мен майдангерлерді        «Мәдениет майданының майталманы» медалімен марапаттады. Мейрамда майдангерлер мәре-сәре мамырласты .

Мағауия Мансұрұлы Мақаншының марқасқалары мен машайықтарын, мақтаныштарын мәлімдеп, мадақтады. Мағауияның мағлұмхат мәтіні – мазмұнды, мағыналы. Мақалы мен мәтелі мәнді.

Майдангерлер мен майталмандар марқайып, масайрап, мәз-мейрамданып, масаттанды.

Марапаттаушылар Марат Мекемтасұлының майдангерлер мен майталмандарды мақтаған мақаласына мәзденді.

Мұндағы мәтінде майор Михаил Матвейұлының майтабан, маймақ, мылқау, мақауларды машиналарды майлауға мәжбүрлегені мәлімделген. Майданда малғұн, мақұлық мәнзелдес[76] мәжнүндер[77] мәремденді[78].

Мақаншыны мекендеген майдангерлер мен майталмандарды марапаттау – Мұзафар Марғұланұлы Марданға мәртебе.

 

Н

Нұрлыбек Нұртөреұлы – нарқасқа ноян

 

Нұрлыбек Нұртөреұлы Нұртас – нарқасқа ноян, нардай нөкер, нұсқалы, намысқой нотариус.

Нарботадай Нұрлыбек – нағыз нигилист[79]. Нарық нақыштарына наразы. Негізі, надандарға, нақұрыстарға, нансоғарларға, нарау-нәрегейлерге[80], найсаптарға, настарға, наушылдарға[81], нашақорларға, насыбайшыларға, нәмәрттарға[82], нойыстарға, ноқайларға, ноқаттарға налалы, нәумез[83].

Нұрлыбектің низамнама[84] нұсқасы – нұрлы, ноқталы, нақтылы, нанымды. Насихаты нашар. Нұрлыбек Нұртастың нәсіп, несібесі – нотариустікте.

Нартұлғалы Нұржан Нұрханұлы Нұрмұхаммед – Нұрлыбек Нұртөреұлы Нұртастың нағашысы.

Нұрлыбектің нәті[85] – Найман. Найманнан – Нұрмолда. Намазшыл Нұрмолда нәпіл намазға ниеттеніп, насаттаныпты. Нәпсісін нығыртқаны[86] – нарлық[87]. Нұрмолдадан – Нұрхат. Нұрхаттың немере, неменелері нешеме?! Нұрқаттан – Нысанбай, Нысанбайдан – Нұрқабыл. Нұрқабылдан – Нұркен. Нұркеннен – Нұрбақыт. Нұрбақыт нақақтан-нақақ нәубеттенді. Нұрбақыттан – Нұрбақ. Нұрбақтан – Нұртөре. Нұртөреден – Нұрлыбек.

Науша[88] Нұрлыбектің нақсүйері – Набат – нәркес[89], нәзік, назды, нақылшыл. Нақылдары нәрлі. Нәсілі – ноғай. Намы[90] – Набат Нармаханқызы Нариман. Натуралистіктен нәпақаланып, нәрленеді. Нұрлыбек Набатқа наурызда некелесті. Некеқиярда Нұрлыбектің, Набаттың нағашылары, немерелестері, нәсілдестері нысап-ниеттерін немеурінмен[91] нығайтты. Некелесу нұршашумен нәштеліп, нүктеленді.

 

О

Озат орақшылар

Омар, Оспан, Отарбай, Оймауыт, Орынбасар, Оразақ, Орынбек, Орысхан, Оңғарәлі Ожауғалиұлдары Оңтүстік облыста орақ орды. Облыстың ойшаң, озық ойлы ояздары орақ оруды осыншалықты оңтайлы орайластырды. Озат орақшылардың оптимистік, отаншылдық ойлары осылай оңынан орындалды. Ошарлы отбасының отағасы Ожауғали Ошақжанұлы ондаған оғландарымен онжылдық олжаны оп-оңай, оп-оңды олжалады.

Оллаһи, олда-білда, олардың, ойбууу, Ожауғалидың отбасы – оңды, от-жігерлі, оразды[92]. Ол оқшау отбасының он оғланының омырауын он орденмен оқалаған орынды.

Озат орақшылардың осынау озық оқиғасын Орда озаншылары[93] одалап[94], орамды ойлармен очерктегені – облыс оқырмандарына опалы[95]. Осындай ой-өрісті образдарды оқырмандар оқулықтан оқтын-оқтын оқығаны оңды.

Ожауғалидың он оғландарын оқалауға орайластырған облыс орталығындағы отырысқа Осетиядан оқымысты Оғызәли, Омбыдан оқыған-тоқығаны орасан Омаш, Оралдан Олимпиадашы Орманқұл, ойлампаз Орынша, ойшыл Ойса оралады.

Ортадағы орынға оқу ордаларынан оқушылар, оқытушылар орнықты. Ол отырыста одыраймай, ожарланбай, оғаштанбай, ожыраймай, ойбайламай, ойқастамай, ойнақтамай, ойрандамай, ойдағыдай отырыңдар, орны-орнымен овациялаңдар[96], оркестрде ойнаңдар.

Озат орақшы Ожауғали Ошақжанұлының оймақтай отауын оймалы ою-өрнекпен оқалаңдар.

Ойбай, Ордабай, Олжас, Оңал, Оразақындарды оятыңдар. Олар Ожау-ғалидың отауына отын-су, ошақ ойластырсын.

Оңтүстік облыс оғландары, ояныңдар!

 

Ө

Өрімдей өрендердің өнері өнеге

Өмірғазы Өтешұлы, Өтеген Өтетілеуұлы, Өскенбай Өсерханұлы – Өскеменнің өте-мөте өнерлі өрендері. Өсіп-өркендеген өлке өнерпаздарының өнегелі өмірбаянын өрелік.

Өмірғазы Өтешұлы – өлеңнен өзгеше өрнек өретін өндірдей өнерпаз. Өзі өжет, өзгелерден өктем. Өтірік өлеңдерді өрмекшідей өрнектеп, өрелі өрген. Өлең-жырлары– өзекті, өткір, өміршең. Өлеңі өрттей Өмірғазы – өсіп-өнген Өрентайдың өбересі[97]. Өтпелі өмір өтер, өлең, өнер өлмейді, өшпейді.

Өтеген Өтетілеуұлы – өнері өзгерек, өр-мінезді өрімші, өрмеші, өрнекші. Өзі – өп-өңді. Өскелең өспірім өңкей өрмелі өрнек өреді. Өрімдей өреннің өмірлік өнімдері Өскемен өңірінде өтімді. Өлкенің өкілетті өкілдері Өтегеннің өзегі өрілген өрнекті өнімдерін өйтіп-бүйтіп өзге өңірге өткізеді. Өрлі өскіннің өнері өркендеді, өрге өрледі. Өмірі өнермен, өнері өмірмен өрілген Өтегеннің өркені өссін!

Өскенбай Өсерханұлы – өрелі өнертанушы, өзекжарды[98] өлкетанушы. Өскемен өңірінің өнерпаздарын, өлкенің өткен-кеткен өмірін өлермендікпен өрнектеді. Өрелі өнертанушының өкіметке өтілі[99] өтті. Өтемақысы өлшеусіз, өтеусіз. Өскенбай Өсерханұлы – өз өмірі өнер өлкесінде өткеніне өкінбейді.

Өкшелес, өрелес өрен-жарандардың өмірі, өнері – өзгелерге өнеге. Өскемендіктер өрелі өрендерінің өнерлеріне өліп-талып, өліп-өшеді, өбектейді. Өйткенмен, өңшең өзімшіл, өкпешіл, өркеуде, өркөкірек өсекшілердің өзеуреп, өрекпіп, өңмеңдей өршеленгендері өкінішті.

Өршіл өскіндердің өнері өрге өрлесін, өркендесін!

 

П

Патшаның пікірі пайымды

Пірімбек Пернебайұлы Пұсырман – прозашы, публицист. Пайғамбардай парасатты, пайымды. Патшағарың пәниде пәк, пірәдар, пейіштің періштесіне, пендесіне пара-пар. Пісмілләлап пұлсыз пұшмандарды[100] пітірлеп, пидалайды[101]. Пәруадігерді[102] пірлейді, пәмлейді[103].

Пірімбек Пернебайұлының пьеса, поэма, повесть, памфлет, пародияларына патша-падишалар, пақырлардың пікірлері пайымды. Поэзиясының поэтикасы, позициясы, палитрасы, пафосы парықты.

Прозаның патриархтары, портфельді пәленше-түгеншелер Пірімбек Пернебайұлының пьесасын пансионатта премьералауға пәтуаласты.

Пьесаның персонаждары – пайдақұмар, парақор, пәлеқор, пасықтар, перғауын, пәруана[104], перілер, пәлен-пәштуандар, паразиттер.

Пазылбек, Пердеш, Паңгерей – Пірімбектің перзенттері.

Пазылбек – Павлодарда прокурор. Пошым-пішімі помещиктей, паң. Прокурорлық процестерде принципшіл. Паңсыған погондыларға, пәруайсыз пақырларға пысқырмайды.

Пердеш – полиция полковнигі, патриот. Полигонда плащ-палатканы паналайды.

Президент Пердеш Пірімбекұлына Пролетариат проспектісінде полктің парадтауын пәрмендеді. Премьер-министр, парламентшілер, партияластар, пресс-атташелер, папахалы полковниктер, пропорщиктер пәрменінше парадтап, парқадарланды[105].

Паңгерей – педагог, пәруәр[106], пединституттың профессоры, проректор, полиглот.

Пірімбектің періштедей Перизаты – перзентханада педиатр. Пәруадігер Пірімбекті Перизатқа парықтап, парлаған. Пысықтың пысығы. Пациенттерге пейіл, пиғылы пәк. Пыш-пыштаған, пыштыңдағандарды пыштулап, піштулеп пышырады, піспектейді. Пәлелі пәлектерге пысты[107].

Перизат практиканттарды процедуралық палаталарда пардалап[108], пайдаланады.

Пайғамбардай парасатты Пірімбек Пернебайұлының перзенттерін, періштедей Перизатын пұшпақтау – парыз.

 

Р

Раббымыз радиожурналистерді ризықтандырып, рухтандырсын!

Рахман Рахым – «Рауан» радиосының рақымды, ризықты, райлы райсы[109], режиссері. Редакциядағы рияшылдық[110], рәсуашылдық, репетсіздік[111] рәуішті ретсіздіктерді реттеуші, реформашы. Репутациясы – риясыз, рауалы[112]. Региондағы репортерлердің ресми, рухани, романтикалық радиороманс, радиоочерк, радиоспектакль, радиорепортаждарын редакциялайды.

«Рауан» радиосы – рационалды, рентабельді. Расымен, Рахман Рахым региондарды радиоландырды. «Рауан» редакциясының резиденциясы рабатты[113].

Радиожурналистер рауаятты[114], рәпатты, репетті райыстарына разы.

Расул Разақұлы – рухты, реңді, рауанды[115], рәсімшіл[116] радиожурналист. «Рауан» радиосының редакторы. Расында, Расул Разақұлының радиорепортаж, радиоочерк, радиопьеса, радиожурнал, радиохабарларына радиостанса, радиокомитет, редалқа, редакция райыстары риза.

Райымбек Рамазанұлы, Рахима Рүстемқызы, Рабиға Рауанқызы, Рабия Рашидқызы, Рәзия Ринатқызы – «Рауан» радиосының радиожурналистері, радиокоментаторлары. Редакция редакторларының радиоөнімдері – риторикалы[117], ритмді, рухты.

Рақымшыл Раббымыз «Рауан» радиосының райыс, редактор, режиссер, радиожурналистерін ризықтандырып, рухтандырсын!

 

С

Сал-серілер сақадай сай

Саршатамыздың сенбісінде Сламханның Сұлтанханы сүйікті Сұлушашының Сарыағаштағы сіңлісі Сабинаныкіне сапарлады. Сабина Сағатбеккеліні сәрсенбінің сәтінде сүткенжесі Саматты сүндеттемек.

Саматтың сүндеттойына Семейден Серікқазы, Серікзат, Санат, Сейділла, Сейітжан, Сарқаннан Санжар, Сәндібек, Сейілхан, Сайрамнан Сағындық, Сұлтанәлі, Сәбит, Сарысудан Сәрсенбай, Сейсенбек, Сенбек, Созақтан Созақбай, Сартай, Саттархан, сол сияқты сайдақ-саңлақтар сабылады.

Сәулетті салтанат сарайындағы сүндеттойда сауықтап, сайрандауға сайқымазақтар, сал-серілер сақадай сай.

Сәтжан Сыздықұлы – Сабинаның сүйкімді саһары, сүйеушісі, сүйікті сарбазы.

Сәтжан – сарабдал, салмақты, салиқалы, сайдауыл сардар, сақидың сақиы[118]. Сүйріктей сұлу Сабинаға сапфирлі сақина, саф сағат, сапалы сырға, сәнді сарафан, сап-сары самаурын сыйлады.

Сәтжан Саматтың сүндеттойында сақуатты сайыпқырандарды, сақа сайыпкерлерді, сайрампаздарды, сайраншылдарды, сазгерлерді сайдақтап, сайысқа салды.

Саксафон, сырнайшылардың сазы сай-сүйекті сырқыратты. Стадионда сәйгүліктер сайысты, салым салынды. Сайыпқырандардың сайыста сағы сынбады.

Салқар, самаладай салтанат сарайындағы сүндеттойда Сабина самбырлап, сарнап-сампылдап сөйлеп, Сәтжанға самсам-қылыш, семсер, садақ, сайгез, сауыт-сайман, самұрық сыйлады.

Сабадай Сәнімгүл саданы сазарып, сазбеттеніп, сайқалданып, себеп-салдарсыз сандырақтап, салғыласты. Сайдақыланып санаға сыймайтын сөз саптады. Сөйтіп Сәтжанның сақтасы суыды. Сұңғат Сәтжанның сойылын соқты. Сәнімгүл Сабинадан салғаннан сәлем-сауқат, сарқыт, сыбаға сұрады. Соңынан Сабинаны сіңлілері сауқымдады[119].

Сақаршам сәресіне созылған Саматтың сүндеттойын Сауытбек сайтқа салды.

Саматтың сүндеттойынан соң, сиыр сәскеде Сүйіндік Сарыағаштағы сабантойды сәрсенбінің сәттісінен сенбіге сырғытты.

Т

Төре тұқымына тән тұлға

«Таң» телекорпорациясының тележурналисі, тау тұлғалы Төреғали Тәліпұлы Тәшен тамыры терең, тарихы тағылымды Түркістанда, тамыздың төртінде туған.

Төреғали Тәліпұлы – тума талант, талабы таудай тархан[120]. Толғам-толғау, төрттаған, терме, триптих, трактат, телеочерк, телетеатрдағы туындыларының таңдамалысын топ-толық төрт томға топтастырып, типографияда түптеді, таралымын тиянақтап, түгендеді.

Төрт томдық таңдамалыны тележурналистиканың теоретиктері, телевизияның тирандары, телестудияның тектілері, телеарна төрағалары, теледидар төрелері, телестанса текесақалдары таласа-тартыса талқылады, талдады, тесіле тексерді.

Төреғали Тәшеннің тұрғылас-тұстастары төрт томдықты төрт тарапқа, тоқсан тоғыз торапқа тегін таратты.

Тележурналист Төреғали Тәліпұлының түрлі телеарналардан тараған телерепартаждары, телеспектакльдері татымды, тартымды. Тақырыптары тамаша. Телекөрермендерді тартып тұрады. Төреғалимен терезесі тең тележурналистер, тамам тізгіншілер таңырқайды. Тәлім-тәрбиеге, тағылымға толы телехабарларға телекөрермендер табандап телміреді, тобықтай түйініне тұщынады, таңданады, тамсанады. Төтеннен төпелеген түйткілді топтамалары талапкерлердің талас-тартыстарында талай-талай топжарды.

Төреғали Тәшен түркі тілдес туған-туысқандарға «Түрік», «Тұран» телекомпанияларынан тараған туындыларымен танымал. Талай түркі тілдес туыстардың тілшілерімен тізе түйістіріп, телехабарлар таратты, тумалардың тыныс-тіршілігімен, тұрмысымен таныстырды. Түрік, Түркімен, Тува тілшілерімен тіл табысты, табақтасты, татуласты.

Тегі, Төреғали – тіп-титтейінен тілмаш, тілалғыш, тауанды, табанды, тоқмейіл[121], талапты, тапқыр, талғампаз, тәртіпті, тәрбиелі, тоқетері текті тастүлек.

Тілім тасқа, Тәліптің тоқалы – Тоқсұлудан туған тоғыз түлектің тірегі, таянышы, тілектесі, тілеуқоры.

Тәкаппар, тілазар, тарпаң, телі-тентектерді тізгіндеп, тәк-тәктап тыйып тастайды, темекі тартқызбайды. Туған-туыс, тамыр-таныс, туажаттармен тату-тәтті тұрады. Тектен-тек тыраштанбайды, тығырыққа тірелмейді, тайсалмайды, тайынбайды.

Тегінде, Төреғали Тәшен – төре тұқымына тән тұлға. Таяуда «Таң» телеарнасының төрағалығына тағайындалды.

Түркістандықтар Төреғали Тәліпұлының толағай табыстарына тәнті. Торқалы тойында тарту-таралғы табыстап, темір тұлпарды тізгіндетті.

 

Ұ

Ұлағатты ұстаздың ұрпақтары

Ұзақбай Ұйықбайұлы – ұлағатты, ұстамды ұстаз. Ұдайы ұлтымыздың ұлы ұжданын, ұлылардың ұлағатын ұлықтаушы. Ұстаздар ұжымының ұқсатушысы, ұйымдастырушысы. Ұлттарды, ұлыстарды ұйытқыдай ұйыстырушы.

Ұлағатты ұстаз Ұзақбай Ұйықбайұлы – ұлт ұясы – Ұлытаудың ұланы.

Ұлар, Ұлан, Ұлас, Ұлықбек, Ұлбала, Ұлжан, Ұлбике, Ұлғанай, Ұлтай, Ұлдай, Ұлдыш, Ұлпа, Ұлфат, Ұрқия, Ұмсынай – Ұзақбай Ұйықбайұлының ұл-қыздары. Ұлдары – ұлылы-кішілі ұлықтар. Ұп-ұзын, ұп-ұяң. Ұлары – ұшқыш, Ұланы – ұста, Ұласы – ұстаз, Ұлықбегі – Ұлттық ұланда. Ұзақбайдың ұрпақтары ұлтжанды, ұқыпты, ұшқыр, ұтқыр, ұғымтал, ұйымшыл. Ұдайы ұлтымызды ұрандап, ұлықтайды.

Ұзақбай Ұйықбайұлы Ұлар, Ұлан, Ұлас, Ұлықбек ұлдарын ұяластырып, Ұлбала, Ұлжан, Ұлбике, Ұлтай, Ұлдайды ұзатты. Ұлағатты ұстаздың ұрпақтары ұлан-байтақ, ұлан-ғайыр ұлы ұяда ұйып, ұйысты.

Ұлтжанды ұстаз ұры-қары, ұртты[122], ұрыншақ, ұшпа[123], ұрысқақ,

 

ұркөппе[124], ұсақшыл, ұшқалақ, ұятсыздарды ұнатпайды.

Ұлпа-отанымен[125] ұлтжанды Ұзақбай Ұйықбайұлының ұясын ұдайы ұлықтайық. Ұрпақтарымыз Ұзақбайдың ұнамды, ұрангер ұлдарына ұқсауға ұмтылсын!

 

Ү

Үкіметтің үйінен үміткер

Үдербай, Үсен, Үмбетияр, Үсіпбек, Үмбетәлі, Үркімбай – Үлесханның үкілеген үрім-бұтақтары.

Үдербайдың үйі – Үржарда, Үсендікі – Үшаралда, Үмбетиярдікі – Үшқоңырда, Үсіпбектікі – Үсіктаста, Үмбетәлінікі – Үлбіде, Үркімбайдікі – Үштөбеде.

Үдербай – үбірлі-шүбірлі, үлделі-бүлделі. Үй-жайы – Үржардың үйегінде[126]. Үлкен-кішілерді үшкіріп-түшкіреді. Үкелеріне[127] үйретері – үлгі-өнеге.

Үсен – үйелмелі-сүйелмелі. Үй-жайлары үйлесімді. Үлесханның үрім-бұтақтарына үйірімді[128]. Үйі – үнемі үйме-жүйме[129]. Үрдісті үйрететін үйірмелерге үйір. Үкіметтегі үкімшіліктен үмітті. Үдемелі үдерістерге үйірсек.

Үмбетияр – үйелменді. Үйірімен үштоғыз[130], үйіршіл. Үш сайыстың үздігі. Үп-үлкен үлек[131]. Үстемірдің үлпершектей[132] Үнзирасына үттің[133] үшінде үйленді. Үлесханның үрім-бұтақтарымен үркердей үйлесімді. Үмбетиярдың үшемдері – үшеу.

Үсіпбек – үйлі-күйлі, үнемшіл,үйкүшік. Үбіғалидың үлдірдей[134] Үриясын үкіледі. Үсіктастықтарға үлгілі. Үкімі, үзірі – үстем. Үміті – үкілі. Үзеңгілестеріне үсініп-қабынып, үстемсиді.

Үмбетәлі – үйлі-баранды. Үкіметтің үйінен үміткер. Үмітін үнемі үзбейді. Үкіметтегі үлесі үлпершекті[135].

Үркімбай Үлгілімалшыдағы Үбәйданың үлбіреген Үмігүлсіміне үйленді. Үй-мүліктері үйлесті. Үштөбедегі үйін үкелерімен үмеледі[136]. Үркімбай – үлкендерден үйренгіш, үкелеріне үйреткіш. Үкелерін үй-жайларын үйтіп-бүйтіп үмелеуге үйретеді, үйлестіреді. Үкіметтен, үлкендерден үрияттануға[137] үнемі үндейді. Үгіт-насихатты үйіп-төгеді.

Үлесханның үрім-бұтағын үздіксіз үгіттеу – үддеміз.

 

Х

Хас хикаяттарды хаттағанына хоштанды

Хабиба Хайдарқызы Хантөре – хұснихатшы[138].

Халфе Хафиз Ханифаұлы Халелдің «Хақ», «Хадистер», «Хатым», «Хазіреттер», «Халифалар», «Хақназар хандығы», «Хансұлтан хәкім», «Хулагу хан», «Хасан ханзада», «Хауана», «Хадиша ханым», «Хансұлу ханша», «Хижра» хикаяттарын, хат-хабар, хабар-ошарларын хал-қадірінше хроникалап, хұснилеп хаттады.

Хикаяттардың хатталғаны «Хабардан» хабарланды, халық хоштады.

Хабиба Хайдарқызы халфе Хафиз Ханифаұлының хас хикаяттарын хаттағанына хоштанды.

 

Ш

Шымкенттен шыққан шайырлар шексіз

Шымкенттен шыққан шалқар шабытты шайырлар, шалымды шабандоздар[139], шалғыр[140] шешендер шексіз.

Шабдан Шаханұлы Шерхан – Шымқаладан шыққан шағыр. Шығармалары – шынайы. Шабытты шақта шиырлағаны шәксіз.

Шалғай-шалыс[141], шып-шымыр шумақтары шабан[142], шошақай, шадыр-шайпау, шатаққұмар, шалдуар, шалдыр-шүлдір, шалжақ-шолжаң, шыртетпе, шығайбай, шіренген шенеуніктер, шайтандарға шаншардай, шаншудай шаншылады, шұжықтай шыжғырады, шыбықпен шықпыртады.

Шәлдір-бүлдір, шәлкем-шалыс, шалдыр-шатпақтарды шимайламайды.

Шынтуайтында, Шабдан Шаханұлы шартарапты шарласа, шұрайлы шығармалары шартарапты, шарайнаны шарпыды.

Шырайлы Шымкент шаһарының шахы Шайхы Шәкәрімұлы Шұға шахбибісімен[143] шәрідегі[144] шарада Шабдан Шаханұлын шен-шекпендеп, шікірейтті. Шат-шадыман шарада шаһардың шахы Шабданмен шаппа-шап шұрқырасып, шүйіркелесті, шауқымдасты .

Шараға шақырылған шабандоздар, шал-шақпыт, шал-шауқан шама-шарқынша шалықтады. Шеберлер шаңқобыз, шертер шертті.

Шымқаланың шахы – шапағатты, шарапатты шүлен[145].

Шәрінің шахы Шайхы Шәкәрімұлының шарапат-шапағатына шараға шақырылған шайырлар, шешендер, шоралар, шортандар, шонжарлар, шоңдар шексіз шүйіркенді.

Шүкір, Шабдан Шаханұлының Шығыста, шеткей-шеткеріде, шетелде шұғылалы, шуақты, шырақты шәкірттері шексіз.

Шашубай Шәдіұлы, Шәмші Шәкірұлы, Шәріп Шегебайұлы, Шернияз Шерубайұлы, Шона Шорабекұлы – Шабданның шәкірттері.

Шабдан Шаханұлының шәкірттері шабыттана шежіре шерткенде шетінен шебер. Шумақтан шашау шығармайды, шашыратпайды, шатып-бұтып шашалмайды. Шындығында, шаһбаздарың[146] шайқап-шайқап шумақтан шашу шашады, шабысы, шабыты шыңға шырқайды.

Шараптың шабыт шақырмайтыны шүбәсіз. Шаб-ағаң шәкірттерін шекесінен шертпегенімен, шараптан шектеді.

Шабдан Шаханұлының шөбере-шөпшегіне шейін шешен, шайыр.

Шымкенттік шабандоздың шуақты шаңырағында шабыт шалқысын!

 

 

Ы

Ырғыздық ықпалды ығай-сығайлар

Ыбырай Ыдырысұлы, Ырысдәулет Ықсанұлы, Ырыскелді Ысқақұлы, Ысмағұл Ысматқазыұлы – ырғыздық ықпалды ығай-сығайлар.

Ыбырай Ыдырысұлы – ырысты, ынталы, ынтымақты. Ырду-дырдуға ынтызар Ырысбаласын ырғалтып-жырғалтты. Ырғыздықтармен ынтымақ-бірлікті, ықыласы ып-ыстық.

Ырысдәулет Ықсанұлы – ықтиятты, ызасыз, ынта-зейінді, ымарашыл, ысқаяқ[147], ылдым-жылдым. Ылғи ымдасып-жымдасып, ымыраласады. Ындыны[148] – ыңғайлы[149].

Ыржақай, ысқит[150], ысқақтау[151], ыржыңшыл, ылбырап, ылжырап, ыбылжыған, ыңқылдап-мыңқылдап, ырбыңдап-жырбыңдаған, ыздиғандарға ысқырынып[152], ытырынып[153], ысқыртады, ышқынады, ызбарланады.

Ырыскелді Ысқақұлы – ырыс-берекелі, ықыласты, ынта-жігерлі, ырымшыл. Ықылымнан ызақор, ынжық, ыза-кекшіл, ысырапқор, ызғарлы, ызыңшыл, ырбаңшыл, ыржақшылдармен ымырасыз.

Ысмағұл Ысматқазыұлы – ырыс-дәулетті, ынсапты, ықпалды. Ырысбикесімен ырыс-несібиесін, ырыс-нәсібін ырғап-жырғады. Ынтымақшыларға ыстық ықыласымен, ынты-шынтысымен ынтық.

Ырғыздықтардың ықпалды ығай-сығайларға ықылас-ынталары, ықылас-ілтипаттары, ықылас-ниеттері ыстық.

І

Ілкімді істері ілгерілесін!

Ізетжан Ізқұттыұлы – ішкі істерде ізші[154]. Ізгілікті, іздемпаз, ізетті, ізшіл. Ізсіз, іздеусіз, із-түзсіздерді іздейді. Ішімдік ішпейді, ішіп-жемейді.

Ізтай, Ізімғали, Ілес, Іргебай, Інжу – Ізетжанның іні-қарындастары. Ізетжан – ізашар, іні-қарындастары – ізбасар. Інілері ірі, іргелі істерде іріктелді. Ізетжанның іні-қарындастарынсыз ішкені – ірің. Іштей ішті-тысты[155]. Іргелестерін[156] іліп-қақпайды, ілініспейді.

Ізбай – іждағатты, ілгір[157]. Ізгі істерді істеуге іңкәр.

Ізімғали – Ізетжанның іштартатын інісі, іскер. Ілгеріде істері ілгері-кейінді ілбіді. Іле-шала іс-әрекеттері ілгеріледі.

Ілес – ілім ізденуші. Ілім-білімсіз, іс-міссіз, іссапарсыз істері ілгерілемейтін іспетті.

Іргебай – Ізетжанның ізіне ілесті, ілтипатты, іп-ірі. Ірілі-ұсақты, ірілі-уақты істері ілкімді.

Інжу – ісмер, ісқұмар, ісшең, ісшіл. Іс-қимылдары ілгері. Інжугүл, інжірге інжуандай[158] іңкәр.

Ізетжан Ізқұттыұлының іні-қарындастарының ілкімді, ізгі істері ілгерілесін!

 

 

 

[1] Қасқыр әуегінің көсемі

[2] Дәрет алатын құман.

[3] Сақадай сай.

[4] Қалт-құлт етіп

[5] Бүлік, лаң

[6] Ежелден

[7] Бірде олай, бірде былай

[8]  Ажарлы

[9]  Мүсінші

[10]  Жауапты

[11]  Ең таңдаулы дүние-мүлік

[12]  Баж салығын алатын адам

[13]  Балық өңдейтін зауыт

[14]  Қауын

[15]  Үлпілдеген ұлпадай

[16]  Ақсүйектің әйелі

[17]  Көзге көрінбей, демеу беретін пір

[18]  Жасырын күш

[19]  Білімдар

[20]  Дін жолындағы қасиетті соғыс

[21]  Діни ұғым бойынша, қайта тірілген адамдардың о дүниеде жиналатын орны

[22]  Өсиет, нақыл сөз

[23]  Кесене

[24]  Жақсылық

[25]  Таңданды

[26]  Ақшаның құнсыздануы

[27]  Дәрілік өсімдік

[28]  Емші-тәуіптер

[29]  Абыржыды

[30]  Андағайлап шапты

[31]  Әйтсе де

[32]  Ханның қаладағы әкімі

[33]  Аспап

[34]  Шебер

[35]  Күшті, қуатты

[36]  Дүние қызығынан безген адам

[37]  Сүбелі

[38]  Асаба

[39]  Үстем

[40]  Мықты

[41]  Тәжікелеспейді

[42]  Ығай мен сығай

[43]  Әкім

[44]  Білгір, білімдар

[45]  Сұлу, сымбатты

[46]  Тегі

[47]  Асыл

[48]  Жұбайы

[49]  Асыл тастарды

[50]  Сыпайы, ізетті

[51]  Сұм, айлакер

[52]  Тегінде

[53]  Ең төменгі лауазым

[54]  Әулетімен

[55]  Ұрпағы

[56]  Ынталы

[57]  Діни қисса

[58]  Арнайы

[59]  Қауіп, қатерлі

[60]  Ешбір

[61]  Айқын, анық

[62]  Мамыр айында

[63]  Қонақасы берді

[64]  Бір сәт

[65]  Артық, жақсы

[66]  Тегінде

[67]  Пікірлестер

[68]  Тері илеу зауытының

[69]  Ұмтылды

[70]  Адымын аштырмай

[71]  Жайдары

[72]  Жайлы

[73]  Биязы

[74]  Аюдың еркегі

[75]  Ірі, алпамсадай

[76]  Тәріздес

[77]  Жынды, есуас

[78]  Талқандалды

[79]  Қоғамдық норманы жоққа шығарушы

[80]  Әлсіз, нашар

[81]  Даушыл

[82]  Тексіз, жетесіз

[83]  Қапалы

[84]  Заң, ереже жинағы

[85]  Тегі

[86]  Ықтырғаны

[87]  Ерлік

[88]  Жас жігіт

[89]  Әдемі, сұлу

[90]  Арғы тегі, жөні

[91]  Заттай көмек

[92]  Берекелі, бақытты

[93]  Жыраулары

[94]  Жыр арнап

[95]  Баянды

[96]  Салтанатты түрде ду қол шапалақтау

[97]  Шөберенің баласы

[98]  Озық

[99]  Еңбегі, жақсылығы

[100]  Қайғы-қасіретті

[101]  Құрбандық, садақа береді

[102]  Алланы

[103]  Зікір етеді

[104]  Жынды көбелек

[105]  Тыныштық тапты

[106]  Тәрбиеші, жетекші

[107]  Сұсты

[108]  Әдістеп, тәжірибеден өткізіп

[109]  Басшысы

[110]  Зымиян

[111]  Сүреңсіздік

[112]  Лайықты

[113]  Абатты

[114]  Ақылды

[115]  Нұрлы

[116]  Дәстүршіл

[117]  Шешендік өнер

[118]  Мырза, жомарт

[119]  Әңгіме қылды

[120]  Атақ, дәреже

[121]  Қанағатшыл

[122]  Бірбет

[123]  Тыз етпе

[124]  Есерсоқ, бөспе

[125]  Түп-тамырымен

[126]  Табиғаты қолайлы, шөбі шүйгін жер

[127]  Інілеріне

[128]  Жанасқыш

[129]  Опыр-топыр

[130]  Олжалы

[131]  Нар

[132]  Уылжыған

[133]  Ақпан айының

[134]  Ұлпадай

[135]  Қомақты

[136]  Асарлатты

[137]  Еркін болуға

[138]  Көркем жазу өнерінің шебері

[139]  Өнердің хас шебері

[140]  Алғыр, зерек

[141]  Қисық-қыңыр

[142]  Жайбасар, жалқау

[143]  Шахтың әйелі

[144]  Қаладағы

[145]  Жомарт, мырза

[146]  Сабаздарың

[147]  Тіс қаққан

[148]  Пиғыл, ниеті

[149]  Түзу

[150]  Өтірікші

[151]  Қулау

[152]  Сұстанып

[153]  Жиреніп

[154]  Із кесуші

[155]  Ымы-жымы бір

[156]  Көршілерін

[157]  Алғыр

[158]  Бойына інжу, меруерт жинайтын теңіз мақұлығы

Қазақ тілінде жазылған