Адам қарады: 228 | Жарияланды: 2017-06-17 16:24:11

Тағдыр

Қайрат  жұмыстан  қайтып келе жатқан. Кенет қарсы беттен алды –артына қарамай жүгіріп шыққан он жасар шамасындағы қыз бала машинаның астына түсіп кете жаздады. Қайрат машинасын кілт тоқтатып, сыртқа атып шықты.  

  • Не болды?  Көзіне қарамайсынба? – деп  қызды білегінен ұстап алып, айқайлап жіберді.  

Қыз көз жасы көлдей болып жылап тұр. Қайрат сасқалақтап қалды.

  • Ата – анаң қайда? Неге жалғыз жүрсін?- деп бауырына басты.
  • Кішкентай қыз жылауын қояр емес. Біреуден қорқып қашып келе жатса керек, демін баса алмай өксіп – өксіп қояды.
  • Ағатай  кешіріңізші?.... Менің анам .... менің анам ..... дей бергенде  сылқ  етіп талып құлап түсті.

    Қайрат  бейтаныс қызды  машинасына салып, ауруханаға алып барады. Дәрігер кішкентай қыздың әбден әлсірегенің айтып, ем жасауға кірісті. 

  • Қызыңыз тәуір болып кетеді, тек оған дұрыс күтім мен тыныштық керек, ал қазір алып кете берулеріңізге  болады – деп ескертті. Дәрігердің « қызыңыз» деген сөзі жанына бір түрлі жағымды естілді, өйткені, оның отбасын құрғанына жеті жылдан асса да, әйелі екеуі бір перзентке зар болып жүрген еді.

Қайрат кішкентай қызды  үйіне алып қайтты. Кішкентай Кәусармен бірге үйге енгенде Әсем қатты танырқай қарады.  Қайрат әйеліне;

- Бұл Кәусар, жолдан кездестіріп, онымен бірге ауруханаға баруға тура келді. Әзірше осында болады, - деп қысқа қайырды.

-  Немене көшеден кездестіргеннің барлығын үйге алып келесің бе, сонда?—деп күйеуіне қарады Әсем.

- Сабыр сақта, тамақтан кейін сөйлесерміз, - дей салды да, Кәусарға қарап:  - Апайыңның  сөзін  көңіліне алма, тамағыңды жақсылап іш, -деп еміренді.

    Бір бөлмеге төсек салып берген Әсем  Кәусарды жатқызып жатып әке-шешесін сұрастырып еді, мен анама барғым келеді, бірақ қорқамын деп жылап жіберді. Балақайдың жылағанынан  Әсем  шошып кетті, мұндайды күтпесе керек. Амалсыз: - Жақсы, қызым, жылама!  Ертең  анаңа барасын, ал қазір ұйықтай ғой, - деп жұбатып, үстіне көрпесін жауып, бөлмеден шықты. Қайрат та осыны күтіп отырғандай жарының бағанағы сұрағына жауап беруге бекінді...

         Таңертеңгілік үшеуі таңғы астарын ішіп, Қайрат жұмысқа жиналды. Үйде Кәусар Әсеммен қалатын болды. Біраз уақыттан соң Әсем өзін мазалаған ойдың түбіне жетпек болып Кәусарды сөзге тартты:

         - Анаңа барудан неге қорқасың Кәусар?

         -Әкем анамды үнемі  ұрды. Кеше тағы да мас болып келіп, анамды  ұрды. Араға  түскен мені итеріп жіберді.... сосың... - деді көзі бақырайып, көзінен жасы мөлт – мөлт етіп, сөйлей алмай тұтығып қалды.

   -Әкең анаңды неге  ұрды? Әлде анаң бірдеңе істеп қойды ма?

 - Жоқ, анамның еш кінәсі жоқ. Әкем күнде арақ ішіп, үйге кеш келеді. Кеше де мас болып келген еді, анамды себепсіз соққыға жыға бастады. Мен  « Ұрмашы, әке! Анама жақындамашы!  Мен сізді жек көремін!» деп едім, мені итеріп жіберді. Анам мені көтеріп алып  қашпақ болып еді, оны да ұрып жіберді. «Сендер мені адам қатарына қоспайсыңдар.

Сендердің басқа отбасыларын бар.Мен сендерді өлтіремін!,» деп анамның шашынан  ұстап, үйге қарай сүйреді. Анам болса: «Қаш, қызым, қаш бұл жерден! Тезірек кет!  Екеумізде мерт болармыз.              Ең  болмаса сен тірі бол »  деп бар даусымен айқайлап жіберді.                 Мен үйден қалай шығып кеткенімді білмеймін. Қайрат аға машинасын кілт тоқтатқан кезде ғана  есімді жидым,- деп өксігін баса алмай солқылдап жылап жіберді Кәусар.

  - Жылама, бәрі жақсы болады. Біз сені ешкімге бермейміз,  - деп Әсем Кәусардың көз жасын сүртіп жұбатты. Бұл кезде Қайрат Кәусар                                                           Кешке жұмыстан Қайрат  келгенше екеуі тіл табысып кетті.Осылай Кәусар бұлардың үйінде бір аптадай тұрды. Қайратты көптен атқн мекен – жайға барып барлық жайға қаныққан  болатын. Кешегі жанжалдан Кәусардың анасы қайтыс болыпты. Әкесін көршілердің шақыруымен  милиция  алып кетіпті. Анасы мен әкесі  балалар үйінде өскендіктен ешқандай туыстары жоқ екен. Содан барлық шараны өз мойнына алған Қайрат Кәусардың  ақтық сапарға шығарып салды. Сондағы  Кәусардың  жылағаны көрген адам сол жерде шыдап тұра алмас.еді......

Осылай  Кәусардың ұл үде тұрғанына бір апта болды. Бұл кезде Қайрат көптен  бері өзін толғандырып жүрген ойын жүзеге асыруға бекінген еді. Ол бала асырап алу. Бұған Әсем қалай қарайды? Бұл ойын оған қалай айтарын да білмеді.

 Бүгін  кешкі асты ішіп болған соң  жұбайымен ашық сөйлесуді ұйғарады.Әсем де жарынан дәл осы сөзді күтіп жүрсе керек, бірден келісімін берді.  Тек «Кәусардың әкесін қайтеміз?  Ол кейін түрмеден шыққанан кейін қызын даулап келмей ме? – деген секілді сұрақтар қояды. Қайрат болса: – бұның бәрін заңмен шешеміз, ең бастысы  Кәусардың келісімі керек..Ертең Кәусардың өзімен сөйлесейік, - дейді.

Ертесіңе Қайрат пен Әсем Кәусармен сөйлесті. Өз анасын сағынатының, оның орнын жоқтатпай қамқорлығына алған бұлардың қамқорлығына риза екендігін, әкесін көргісі келмейтінің  Кәусар бала болса да жүрегі елжіреп, жылап отырып жеткізді. Ал олардың  өзіне деген риясыз көңілі Кәусарды қатты қуантады. Сөйтіп бүгінгі күн олардың өміріндегі ең бақытты күн болды.

  Қайрат пен Әсем бала асырап алғысы келсе, Кәусар өзіне қамқоршы болатын адамдарды іздейтін, сол себепті де бәрі оңай шешілді. Әсем бір жылдан кейін жүкті болып, дүниеге ұл әкеледі.

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған