Ер Әлихан
Ерлердің ері Әлихан!
Асылдың түп негізі Шыңғыс хан,
Жиырма алтыншы ұрпағы хан Шыңғыстың,
Тумаған адамзатта Шыңғыстай ер.
Терең ойлы, алып тұлға, қасқыр жүрек!
Әлемді жаулаған асыл тұлға,
Арғы тегі Шыңғыс хан ұлы тұлға,
Тектілігі дарыған ұлы қағаннан.
Ерлердің ері Әлихан!
Ұлтын сүйген, жерін сүйген ақтабан,
Шыңғыстай данышпан ердің мұрагері,
Сарыарқа туып-өскен ыстық ұясы.
Негізін төре тұқым ақ сүйекті!
Алаштың арыстары үлгі, қадір тұтқан,
Алаштың бас көсемі-Ер Әлихан,
Тумайды енді Алашта-ЕрӘлихан!
Ерлердің Ері Әлихан!
Ақ жүрегі толы махаббатқа-еліне,
Бар қазынасы сан ғылымды меңгеру,
Тәуелсіздік тұғыры Әлиханның жемісі!
Алаш арыстрын артық сүйген өзінен,
Жан достарын құрметтеген, сатпаған!
Асыл текті қас бабам Әлихан,
Алашқа Әлиханым ұлы сыйын!
Ерлердің ері Әлихан!
Терең сабыр берген құдай Әлиханға,
Ұлтына тағзым қылған кемеңгерім,
Парасат, ақыл,білім бойға жиған.
Арыстарым-ай шетінен бәрі арландар,
Ұлтын сүйген, елін сүйген тарландар!
Отан үшін отқа түсіп жанбаған,
Есімдері ел жүрегінде сақталған!
Ерлерің ері Әлихан!
О, жаратқан зұлмат заман сынағы,
Арыстардың басына туған күн бағы,
Ақ пен қара ажыратылған бұл шағы...
Анықталды кімнің ұлтжанды болғаны,
Күндіз-түні қамын ойлап Алаштың,
Барлық күш-жігерін арнады Алашқа.
Ерлердің ері Әлихан!
Ер жігіт сөзіне сақ тұрады,
Қасқырдың қырда жортқан баласындай,
Ер жігіт езбен тең болмайды.
Ер жігіт сөзіне рас тұрады,
Ұлтын сатпай сертіне шын тұрады.
Ер есімін жайлаған ел айтады,
Еркін өскен даланың тағысындай.
Ерлердің ері Әлихан!
Елдің кегі-ер кегі алар шақта,
«Халықтың құрбаны»- ер азамат,
Ер жігіт елінің ары емеспе?!
Ары биік ерлерім бақ емес пе,
Намысын қолдан бермес нар емес пе,
Екі сөйлеу ер жігітке жараспайды,
Азамат сөзге берік осы емес пе!
Ерлердің ері Әлихан!
Тар жол тайғақ кешуде,
Ғұмырын өтті қиын сүргінде,
Ет жүрегім елжірер осыны ойлап.
Ер қадір-қасиетін жұрт баққан,
Алаш ұраны астында,
Алаш туы көк аспанға тірелген,
Алаш ерлері берілген жаны ұлтына!
Ерлердің ері Әлихан!
«Әлихан-қасиетті бабамыз»-деп
Мен білетін қазақтын көбі айтады,
«Асыл ер Әлихан» бағына қазақтын!
Атейст қоғамды құрғандар лағыған,
Осыған қарсы болып, Әлихан қаһарман,
Хақ жолын Алланың, пайғамбар үмбеті,
Таза ниетті, ұстанған Ер Әлихан.
Ерлердің ері Әлихан!
Елін сүйген- ер Әлихан, ұлты да сүйген,
«Жеті атасын» таратқан ақ сүйекті тектісін,
Пәтуалы ісін айғақ, нар тұлғалы алыпсын!
Түркі әлемінің заңғары ұланы,
Береке басы бірлікті, қамын жеген,
Ақылы кең сарқылмас мол дария...
Сүйекке біткен тектілік қанындағы!