Абай атама арнау
Мадакпен арнау жазсам бұл ақынға,
Қалықтаған қара өлең қанатында.
Құлақтан кіріп бойды алған өлеңдері
Абай атам қазақта дара тұлға.
Əр өлеңі ғаламның сырына бай,
Тағылым ала алмайсың бұдан қалай.
Қара сөзі мұра болып қала бермек
Өтседе қаншама жыл ғасыр талай.
Мақтан еткен барша қазақ баласы,
Абай атам ақындардың данасы.
Ұлы ақынды жыр бесікке бөлеген
Шығысымның Семей деген қаласы.
Ұлы ақынның тəрбиесін қолға алған,
Бар білгенін шəкіртіне жолдаған.
Білім нəрін санасына сіңіріп
Сауат ашқан Ғабитхандай молдадан.
Парсы араб орыс тілін меңгерген,
Мұндай ақын қазағымда кемде-кем.
Орыс халқын барша əлемге танытқан
Аты əйгілі Пушкиндермен тең көрем.
Алмаған ешқашанда көңілге сын,
Бар қазақтың жүрегінің төріндесін.
Ұлтымның мақтанышы дана ақыны
Мағанда Ұлы Абайдың жолын берсін.
Лажсыздан екпіндетер қисық тартыс,
Шындықпен бүркенеді түйсік жарыс.
Құнанбайдың Абайы айтып кеткен
Қазағымда болу керек ар мен намыс.
Тақырыптың барлығын қамтып Абай,
Жүректен шығарыпты өлең талай.
Қазақтың мақтанышы бұл ақынды
"Ұлы" деп атамаймыз енді қалай.
Қарсы келмей Алланың жарлығына,
Пендемін, көніп өтем барлығына.
Жаратқанға шүкір деп алғыс айтам
Ақындықты дарытқан тағдырыма.
Қандай теңеу айтсам да жарасады,
Жетпеді қәдіріне Алаш әні.
Жалғыз өзі ұлтына жөн сілтеді
Қазақтың қарапайым қара шалы.
Қайнарыңа қанша жан қанар қанша,
Ақылыңа тән болып ғалам қалса.
Жақсы менен жаманды айырмаған
Меңмендермен алыстың өзің қанша.
Шырылдадың иман мен ардан құйып,
Ақылыңа бес күндік жалған үйіп.
Алты Алашты қараттың ауызыңа
Қашан да абыройың ханнан биік.
Жүремін Абай атам салған ізбен,
Əр өлеңін жадыма сақтап түзем.
Жазушылық қасиетім болмаса да
Ақындықтың теңізінде еркін жүзем.
Көбеймесе қуанышым молаймаған,
Қара өлеңі қуат берді талай маған.
Абай атам бар байлығы қазағымның
Текті сөзі өткір болған талайлардан.
Ақын едім бала кезден жан ұққан,
Əрі қарай жыр шашамын сандықтан.
Мұхтар сынды қазағымның перзенті
Бар ұлтыма Абай атын танытқан.
Күрсінгенде, бойлап сезім ағысын,
Шын ақынның тоқтатпашы шабысын.
Көкейімде арман жатыр аңсаған
Барлық əлем Абай атын танысын !
Білімге құмар болған бала жастан,
Өлең жыры тараған мыңнан астам.
Абай атам дүниеге келген кезде
Сұр бұлтыңнан Шыңғыстаудың шыңы асқан.
Ұлылығы бар әлемге тараған,
Қасиетіне басын иген бар адам.
Абай атам мақтанышы қазақтың
Бар өмірін өлең-жырға арнаған.
Өтер айлар өтер жылдар ғасырлар,
Ұмытылмас өзің сынды асылдар.
Ойы ұшқыр сөз қадірін түсінер
Ұрпақтарың бір өзіңе бас ұрар.
Текті жырым қанат қақсын тыраулап,
Жатсын ата аруағың бір аунап.
Рухыңменен бұл ұлыңды жебей жүр
Қара өлеңмен жаза берер жыр арнап!!!