Адам қарады: 336 | Жарияланды: 2017-07-13 04:22:03

Алаш арманы – Тәуелсіз Қазақ елі

Алаш арманы- Тәуелсіз Қазақ елі,

Мекен еткен ата-баба туған жері.

Бүгінде Тәуелсіздік туын тігіп,

Жанын қиды қалғанынша қасық демі.

 

Арыстарым құрған орда –Алашын,

Ұлан-байтақ  қазағымның даласын.

Ата –баба аманатын орындап,

Тәуелсіз етті қанша қазақ баласын.

 

Бірлік үшін қаншама қызмет етті,

Орындады талпынып ата сертін.

Адал еді халыққа, арыстарым,

Мәртебесін елімнің биіктетті.

 

Көк байрағын желбіретіп елімнің,

Әділдік  үшін бар пейілді аямадың.

Арыстарым – біздер үшін орның бөлек,

Әр жүрекке жаққан шамдай ұяладың.

 

Ахмет, Мағжан, Міржақып –арыстарым,

Ұмытпайды бар халайық батырларын.

Ер жүректі, қайсар қазақ-Әлиханым,

Жыр жырлайды өзің жайлы жас ұрпағың.

 

Мәдениет пен әдебиет саласы,

Ажарланды барша қазақ даласы.

Ел қорғаған арыстардың арқасында,

Жігерленді қазағымның Алашы.

 

Бағындырған барша елдің биік шыңын,

«ЭКСПО-2017» көрмесі шашты нұрын.

Кешегі Алашымның арқасында,

Елбасымыз қамқор болған заман бүгін.

 

Алаш жайлы жыр жаздым шын жүректен,
Қуаныштан көңілім шіркін дір еткен.

«Қазақ елім жасасын!» деп  әрқашан,
Бәріңізге  үн қосамын тілекпен!

 

Қазақ тілінде жазылған