Жауабы неге жылатты?
Жігіт: Беу, сұлу қыз!
Ғашық сізге жас жігіт,
Көркің барад(ы) көңілімді мас қылып.
Қыз: Мен сенбеймін махаббатқа әуелі,
Болмай-ақ қой менен жігіт дәмелі.
Жігіт: Неге бұлай айттың маған аруым,
Махаббаттан нәр алмап па ед(і) тамырың?
Ата-анаңның зор сезімін жер етіп
Бұлай деуіңе жорық болсын, жарығым!
Қыз: Махаббаттың шоғы менде жоқ білсең,
Оны тіпті, сезініп те көрмегем.
Мендегі бар сезімдердің жиыны,
Жек көру мен өкпелеу.
Сәби кезде ата-анаңның сүйгені,
Не екенін жас жүрегім сезбеді.
Бұл сезімге сене алмаймын сондықтан
Жел секілді тұрақсыз ел кезетін.
Өрт секілді күйдіріп кететін,
Жүрек соның шын лаулайтын мекені.
Бесіктен-ақ ұғынамыз жүрекке
Шын сүюдің қатты керек екенін.
Әкең әр күн күлімдейді анаңа
Анаң саған көз алмастан қарауда.
Сен өмірге келген сәттен алаулап,
Махаббаттың ыстық лебі тарауда.
Өмір бақты сынақпенен жолдайды,
Кейбіреуі соны көтере алмайды.
Міне, сондай әлсіздіктің құрбаны
Мен боламын арқалаған зор қайғы.
Оны ойласам санамды мұң торлайды,
Миымды жеп шірік ойлар сол жайлы...
Неге ғана менің мына ақылым
Тек "қоқыстан" шыққанымды ойлайды.
Мен туғанда кім сезімге бөленді?
Енді мені кімдер жақсы көреді?
Деген сұрақ жүрегіме қадалып ,
Көз еріксіз ащы жасын төгеді.
Жылы сөзбен тек жүрегім алдайды,
Сұм тағдырым "ТАСТАНДЫ" деп қоймайды.
Сондықтан да мен сүюге сенбеймін,
Бұл жалғанда шын махаббат болмайды.
Деп қыз сөзін аяқтады сезіммен,
Моншақ- моншақ жасы тамып көзінен.
Тағы да бір тастап кетсе жақыным
Дегендей " Мен шыдамаймын төзуге"...
Жігіт әрі артық сөзге бармады,
Көрінгендей тек осы қыз бар бағы.
Екеуінің нәзік,қылдай сезімін
Үнсіздік пен көздің жасы жалғады...