Соңғы махаббат
Детектив-роман
Бірінші бөлім
1 Тарау
Шырғалаң
Кең бөлменің оң жақ қабырғалығындағы арқасы биік ағаш кереуетте жатқан науқастың төсегін күн сәулесі аймалады. Күтушісі қабырғаны алып жатқан пердені ысырып, көлегейледі. Ішке кірген жас әйел жанындағы ұзын бойлы , ер адамға орындық ұсынды.
– Райс Сапарұлы, отырыңыз. Міне , осылай жатқанына бір жыл. Ешкімді танымайды. Ешнәрсе есінде қалмаған. Амнезия. Бұл қарақұстан тиген қатты соққының әсері ,– дейді профессорлар.
Аурудың қолынан ұстап, қан –сөлсіз жүзіне үңілген полковник:
– Есін біле ме ?-деді.
– Естанды..Қылмыстық іс қозғалғанымен, аяғы сиырқұймышықтанып созылып барады. Уақыт өтті деп қарамай қояма деген де қауіпім бар. Меніңше, бұнымен айналысып жатқан ешкім байқалмайды. Іс жүріп жатыр дейді. Бірақ, нәтижесі сезілмейді. Бар болғаны әуежайды айналдыра берді. Сондықтан , сізден көмек күтемін!
– Өзіңіз кімнен күдіктенесіз?
–Біздің табысқанымызға көп болмаған. Тойға қамданып жүргенімізде, осындай қайғылы оқиғаға тап болдық. Мүмкін, бұл оның маған дейінгі өмірімен байланысты шығар.Бәрі жұмбақ.
– Сыртыңыздан аңдығандай, күдікті бірдеңелерді байқаған жоқсыз ба?
– Білмедім...аңғармадым.Мүмкін ..тоқтаңыз. Асыл екеуміз жол үстінде танысқанбыз..Шағын қаладағы қонақ үйдің кафесінде тамақтанып , таза ауада жүре тұралық деп көшеге шықтық. Айнала қаракеуім. Сол тұста жанымыздан зу етіп жүрдек көлік өте шыққанда, қатты шошынғаным әлі күнге есімде. Ақкөз біреулер екен, тротуардағы екеумізді қағып кете жаздады.
–Бұл мәлімет жеткіліксіз. Сіз олардың көлігінің нөмірін аңғармадыңыз ба?.
– Жо-ға . Мән бермедім.
– Аймарал, сүйген жігітіңізбен танысқан сәттен бастап, бастан кешіргендеріңіздің бірін қалдырмай, айтып берсеңіз қайтеді? Бұл тергеу үшін өте қажет.
– Асықпасаңыз, айтайын.
– Құлағым сізде.
· * * *
Күміс түсті «Ниссан» көлігім зулап келеді. Көз ұшындағы бел-белестерге көз тігіп , уақытты шамалағым келіп, қол сағатыма үңілдім. Ұзақ жүрістен тұла –бойым құрысып, мезгілсіз келген ұйқы маужыратты. Әр жерден қол көтеріп, арта қала берген жолаушылардың бірде-бірін отырғызып алуға зауқым соқпады. Ерте түскен күздің салқыны даланы бозғылт реңге бөлеген. Таңғы ауамен кеудемді толтыра жұтынып, радионы қосқанымда, әсем әуен төгілді. Оны тыңдауға зауқым соқпаған соң, өшіріп, оңға қарай бұрылған жол сілебесіне түстім. Көлік ағылып жатқан тас жолдан әрірек тоқтап, көз шырымымды алуды ойладым..Қанша уақыт өткені белгісіз , тырыс- тырыс еткен дыбыстан, шошып ояндым.
- Бойжеткен, ұйқыңыз қатты екен!– аға лейтенант алатаяғымен әйнекті түртіп тұрды..
Басымды көтеріп, қобыраған шашымды жинап, қайда екенімді есіме түсіргім келгендей, сәл-пәл отырдым .
– Бұл жерде не істеп тұрсыз, құжаттарыңызды көрсетіңіз! – тәртіп сақшысы дауыстады.
– Ұзақ жолдан шалдығып , дем алып алғысы келгендерді, аңду да сіздің міндетіңізге кіре ме?
– Айдалада дем алуыңыз, қауіпсіз деп айта алмас едім,– жол полициясы жүзіме көзінің сұғын қадап, фуражкасын жөндеді.
– Қамқорлығыңызға рахмет. Қатты шаршаған соң, қалғып кетіп бір жерде мерт болғанша , дем алып алайын дегенмін.
– Алысқа барасыз ба?
- Астанаға.
– Пәлі, өзіңіз жүрек жұтқан екенсіз.Ұзақ жолға жападан-жалғыз шықаныңыз қалай?
– Шығарып салайын деп пе едіңіз...
– Жұмыстамын, әйтпесе...
– Онда , ең болмаса, трассаға дейін...
– Маған ілесіңіз...
Ол көлігіне отырып, алға түсті.
Тас жолға тірелген соң :
–Жолыңыз болсын!– деп ала таяғын алға сілтеген жол сақшысына шартты рефлекске айналған күлкіммен аппақ тістерімді көрсетім де , жүйтки жөнелдім. Қара үздірген соң, артыма бұрылып, «қызметің енді ғана есіңе түсіп, саныңды соғып тұрған шығарсын» деп мырс еттім. Шынымды айтсам, көлікке отырғалы қырағылардың осал жерін біліп алдым, олар сұлу қыз-келіншек көрсе, түлкі көрген тазыдай жылмаңдап, ақыры алдындағы олжасынан айырылып, ауыздары аңқиып қалғанда ғана, естерін бір жияды.
Ұзын жолға шыққан соң, бұрылыста қол көтеріп тұрған жас жігітті көріп, тұсынан өтіңкіреп барып,тежегішті қостым.
– Алысқа барасыз ба?–дедім әйнектен басымды сұғып.
– Сіз қайда барсаңыз, мен де сонда барар едім.–Ол күлімсіреді.
«Қарай гөр, аяқ артар көлік таба алмай тұрып, әзілкешін» деп түйдім. – Отырыңыз!
Артқы есікке беттегенде:
– Алға , менің қасыма отырыңыз! Сіздің ойыңызда не барын қайдан білем. Мені буындырып , көлігімді тартып әкетпексіз бе?
– Сіздей сұлуды өлтіруге қолым бармас еді.
– Оны сынап көреміз.
– Асыл ,– жігіт қолын созды .
– Аймарал.
–Есіміңіз өте әдемі екен.
– Өзім ше?!– өз сауалымнан өзім қысылып, күліп жібердім..
– Өзіңіз бе, Еуропа Мисі болуға лайықтысыз.
Жол серігімнің құрыштан құйылғандай дене бітіміне, келісті кескіне көз жүгіртіп «спортпен айналысатын болар» деп жорамалдадым, қарағыштай берген соң :
– Есіңізде болсын, мен сұғанақ көздерді , сөзуарларды ұнатпаймын!–деп қабағымды шыттым.
– Мен сондай мазасызға ұқсаймын ба?
– Мен сізге олай деген жоқпын.
– Ерте тұрған едім , онда ұйықтауға рұқсат етіңіз.
– О’кей.
* * *
Телефоным шырылдады. «Компания президенті! Қап, ойламаған жерден келе қалуын қарашы.Хатшы қыз келесі жетінің аяғына қарай келу керек деген соң, оған дейін іс сапардан оралам деп ойлағам.Жер-жебіріме жететін болды.Енді амал жоқ, болар іс болды. Тәуекел!»деген оймен құлағымды тостым.
– Аймарал Ахметқызы, мен жоқта компанияны тастап, басыңыз ауған жаққа жүре бергеніңізді қалай түсінуге болады?!– үнінің өктем шыққаны сонша, серігім естімесін деп, құлақ қалқаншамды тақтым.
– Сұлтан Тұрсынбекұлы, аман - сау келуіңізбен. Мен сіздің келетініңізді білгендіктен, іс сапарға жүріп кеткенмін.
– Қай жердесіз?
– «А» қаласына келіп қалдым.
– Қасыңызда біреу бар ма?
– Иә,жалғыссыраған соң , бір жолаушыны отырғызғам. Ұйықтап қалды.
– Алыс сапарға жолға шығудың қандай қажеттігі бар еді?!
– Сұлтан Тұрсынбекұлы, маған өз бетімше ізденуге мұрша беріңіз.Жаңа үйдің дзайніне керекті материалдарды өзім тауып, бағасын білгім келді. Әуелі бағасын біліп алып, сосын жоба сызыңыз, деп өзіңіз ескерттіңіз емес пе? Іс сапар қаржысы өзі қалтамнан! – сараң қожайынның шымбайына бататын сөз тапқаныма айызым қанды. Оның есепсіз бір тиын шығын шығарғысы келмейтін шық бермес Шығайбай екендігін реті келгенде, бетіне басайын деп әдейілеп айттым.
– Сіз тайыз ойлайды екенсіз , біле білсеңіз, мәселе ақшада емес ,алдын ала ақылдасып алу керек емес пе? Ал, бір нәрсеге ұшырап қалсаңыз қайтесіз!– ол бұрынғыдан бетер ашуға булықты.
Президентке не деп жауап қайырарымды білмей, байланысты үзе салдым.
«Шектен шығып барады, мен бір басы байлы дүниесі сияқтымын» деп ашуға булықтым. Қазіргі жұмыс берушілер қарамағындағыларды осылай қоқан- лоқымен тежеп ұстауды шен көре ме, кім білсін!... Сол бойы қасымдағы жігіттің бет әлпетіне назар аудардым.Қараған сайын көзіме жылы ұшырап, оған деген қызығушылығым арта түсті. Енді жол серігім тезірек оянып, тілдессе екен деп тіледім..
Оның үстіне сепкен иіс суының танауымды қытықтағаны сонша, түшкіріп жібердім.. Серігім оянып кетті.
– Қалай дем алдыңыз, ұйқыдан бас көтермейсіз ғой ,–деп әзілдедім.
– Өзіңіз мазалама деп бұйырдыңыз емес пе?
– Сіздің тәтті ұйқыңыз еліктірді ме, менің де ұйқым келді.
– Онда рөлді маған беріңіз?!
– Жүргізушілік құжатыңыз бар ма?!
– Әрине. Көлігім де бар. Сынып тұр. Оның запас бөлшегі Германияда ғана бар дейді. Тапсырыс беріп едім, әрі кеткенде екі ай күтеді екенмін.Сосын сіз бара жатқан қаладан табылады деген соң, іздеп барамын. Қара жаяу қалған қиын екен.
– Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ. Көлік жүргізушілік куәлігіңізді көрейін.Сосын рөлді беруіме тура келеді. Бұдан әріге шыдай алар емеспін, алыс жол жалықтырып жіберді.
Жігіт джинсі кеудешесінің төс қалтасынан куәлігін алып көрсетті. Көз жүгіртіп, қайтарып бердім.
– Сендік, бірақ мен сияқты жылдамдыққа үйір емес шығарсыз ...
– Өкінішке орай, мен де жылдамдықты ұнатамын. Дегенмен, сіздей қымбат қазынаны, ақырындап алып жүрем деп уәде беремін.
Жолдың ернеуіне тоқтадым.
– Онда отырыңыз.Енді біраздан соң «А» қаласына жетеміз.Сол жерде көлікті қаратып алуға тура келеді. Жанар май шақ келетін емес. Шет елдік көлікке қосалқы бөлшек табу оңай емес шығар.
Жаңа танысымның жанарымен жанарым түйіскенде, көңілім алабұртып, жүрегім лүпіл қақты. Артқы орындыққа ауыстым. Одан соң оның ыңылдап әндеткенін, ара арасында жолдың тегістелмеген жерлерінде: « Халтурщик, өзіңді осы жолмен жүргізер ме еді..» деп әлдекімдерді сөккенін есітіп, қалғып кетіппін..
– Айя ханым, қалаға келіп қалдық. Бірақ көлігіңіздің ақауы жетерлік. Егер жөндеуге қоймасаңыз, бұдан әрі жүруге жарамайды. Онда екеуміз діттеген жерге жетем дегенше, күз өтіп, қыс түседі!– жүргізушім артына бұрылды. Таң қалдым. Ол менің қосалқы атымды қайдан білді. Ол ойымды оқығандай, көліктің алғы текшесіндегі қағазды меңзеді.
– Жолға шығарда шеберхана жөндеушісі «ештеңе етпейді , барып келуіңізге жарайды» деген. Оңбағандар, ақшаны алып тұрып та алдайды.
– Ақшаны беріп тұрып та алдайды,– жігіт мырс етті,– Қазір адам санасын ақша билеген заман, сондықтан ешкімге сенуге болмайды.Мен қазір аспаннан айды алып берем десем , ешкім сенбейді. Себебі, қалтамда көк тиыным жоқ.
– Сонда кім болып жасайсыз?!
– Ұшқыш.
– Пәлі , Адреналин ! Нағыз романтика деңіз!
– Бір кезде солай деп ойлағанбыз.. Бірақ қазір романтиканың заманы емес қой.. Қазір бағалылық байлыққа қарай ауысты.
– Ұшқыштардың жалақысы тәуір емес пе?
– Айлықтан айлыққа дейін. Сәнді сарай салуға, мына сіздікіндей көлік алуға жетпейді. Бірақ, шынында романтика, қияли боп көкте ұшып жүресін..
– Қазір кез келген адам ебін тауып, ақша жасап жүрген жоқ па?! Сіз де солай етпейсіз бе?
– Сіз солай ақша жасап жүрсіз бе?!
– Мен ірі құрылыс компаниясының менеджірімін.Табысым жақсы.
– Солай ма, онда жүргізушіңіз болып келе жатқаныма қуаныштымын, мүмкін ақы төлерсіз...
– Мен сізді жолдан мінгізіп алдым. Мүмкін жол ақысын сіз төлерсіз?!
– Әрине, онсыз да жол ақысын төлеуді ұмытпаймын. Оған қам жемеңіз. Тек өте қымбат болып жүрмесін.
Осы кез қала шетіне кірдік.
– Ой, жүйкемді жұқартып жібердіңіз, одан да СТО тауып, соған қарай бұрылыңыз,– деп бұйырдым.
–Құп болады!
Сосын жігіттің шынтағынан түртіп , « былай қараңыз» деп анадай жердегі шеберхананы көрсеттім.
Көліктің капотын ашып, біраз айналдырған мастер басын шайқап:
– Кемінде бір жетілік жұмысы бар. Мынадай көлікпен алыс сапарға жүру қауіпті. Келісесіздер ме?! – екеуімізге алма- кезек қарады.
– Қысқа мерзімде жасау мүмкін емес.Қосалқы бөлшек табылған уақытта жұмысы екі-үш күндік , табылмаса, одан да ұзақ күтесіздер!– жуан қара қолын сүртті.
– Қазір мен бір жерге телефон шалайын. Егер сол кісіден табылса , жақсы.Табылмаса, басқа біреулерге тапсырыс беруге тура келеді.
– Егер бала-шағаларыңыз жылап қалмаса, күтесіздер. Басқа амал тапсаңыздар, өздеріңіз біліңіздер.
– Баламыз жыламайды ,–деді Асыл ,–Бірақ осыншама уақыт серуендеп жүрсек, жұмыс берушілер бізді жылатады..
– «Свято место пусто небывает» деп , мен де кресломнан айрылып қалуым мүмкін , бірақ қонақ үйден орын алып, күтуден басқа амал жоқ ,– деп басымды шайқадым.
– Мен де мұндай ұзаққа созылған іс сапарға қаржы қаралмаған.Сол себепті жолға шығуыма тура келеді,– деді Асыл.
– Маған қарыздар боларсыз .Жүріңіз!
– Амал не , «жолдасың соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр» дегендей, сізді орта жолда қалдырып кете алмаймын.
– Бұл маңайда қонақ үй бар ма?!
Мастер түзу көшенің бойын сілтеп:
– Тіке жүріп, солға бұрыласыздар.
– Көлікті тастап кетесіздер ме?!
– Енді жөндеуге әкеліп тұрған соң , арқалап кетеміз бе?!
– Бонкомат қай тұста?!
– Ол да қонақ үйдің жанында.
– Рахмет.
Мен серігіме қарап:
– Қол сөмкелерді көтермейсіз бе?–дедім . Ол абыржып:
– Әрине, ләппай, ханым, әмір етсеңіз болды..–
Екі сөмкені иығына іліп алды.
– Басыма бейнет тауып алдым деп келе жатырсыз-ау?–деп қалжыңдадым.
– Тілеп алған аурудың емі жоқ.
– Мынау базар ғой деймін, соға кетейік.Ұсақ-түйек алу керек.
– Соқ десеңіз, соғайық.
Жаңа танысым мәз-мәйрам , ұшып келеді.
Шағын базарға кіре берістегі саудагердің айнасына көзім түсіп, серігім екеуміздің сырттай үйлесімділігімізді байқадым. Ұзын бойлы , кеудесін сәл ілгері тастап шалқақ жүретін Асылдың аққұба жүзі нұрлы, сәл қалыңдау ерні үнемі ашылып, әзіл айтуға, , күлдіруге дайындалып тұрғандай әсер етеді.. «Осындай жігіттің әлі күнге бойдақ жүруі екі талай –ау...» деген оймен айнадағы өз бейнеме көз тоқтаттым. Жібектей қою шашы желбіреп, мәрмәрдей аппақ бет әлпетіне қыр мұрыны, мөлдіреген қара көзі , қиылған қара қасы ерекше көрік беріп, толықсып тұрған айдай сұлуды көріп, масаттана серігіме бұрылғанымда, ол қадала қарап қалған екен. Мен қатты қымсынып, абдырап қалдым. Сол сәт «шынымен, өзім аңсағанымды таптым ба, шынымен, осылай күтпеген жерден кездестіргенім бе?!»деген қуаныштан жүрегім алып –ұшты.
Базардан керегімізді сатып алып, қонақ үйге келгенімізде , күн көкжиектеп бара жатты. Аудан орталығындағы жалғыз қонақ үйде екі адамдық люкстен басқа орын жоқ екен.
Жалпақ бет сары әйел екеуміздің бас –аяғымызды жіті шолды да:
- Бір орындық бөлмелер бос емес. Екеуіңізге бір нөмірден бере берейін бе?!–деді.
Жігіт иығын көтеріп, маған қарады.
– Қалай бере бересіз , біз ерлі -зайыптылар емеспіз!–деп шап еттім.
– Басқа амал жоқ. Бізге алдын- ала брон жасалады. Егер кешке дейін жайғаса тұрсаңыздар, бір орындық бөлме босауы мүмкін.
– Енді сіздің алдыңызды күзетіп тұрмаймыз ғой, бере беріңіз. Тек ұмытып кетпеңіз...
Әйел талон кілтті ұсынды. Қысық көзі жылтыңдап, екі беті жылтыраған әйелді құрылыс территориясын күзететін күзетшісінің тазысына ұсатқаным сонша күлкімді әрең тыйдым.
– Жақсылап тынығыңыздар!– тазы бет әйел жылмаң қақты.
– Рахмет. –Асыл басын изеді..
«Бәрі де өсітіп періште бола қалады.Білеміз қандай періште екендеріңді..»деп күңк еткен әйел жорналына үңілді. Кең бөлмеге екі кісілік керует, киім ілетін шкап, телевизор қойылған.
– Мен шыға тұрайын. Сіз жуынып-шайынып алыңыз..– деді серігім.
– Жарайды.Сосын тамақтанайық!
Президенттің орынбасары болғалы қарамағымдағыларға әмір беріп сөйлеуді үйрендім. Сол қалыптан бұл жолы да шыға алмаған сияқтымын. Іштей, танысқанымыз жаңа, тым еркінсіп, едреңдегенім әбестік болды-ау деп қоямын. Қонақ үйдің ауласында біраз жүріп келген жігіт сыланып -сипанып, даяр отырған мені көріп:
– Вот это да, путешествие,–деп басын шайқады.
– Мұндайды күтпеп пе едіңіз?
– Шынымды айтсам, сіздей арумен күтпеген жерде кездесіп, бір қонақ үйде, бір бөлмеде тоқтау үш ұйықтасам, түсіме кірмеген нәрсе. Оның үстіне мен сізге ғашық болып қалған тәріздімін. Бұл біздің тағдырымыз болса ше?
– Тәріздісіз бе, әлде ...
Жігіт қолыма жармасты.
– Ғайыптан кездескен періштем менің ! Мен сізді қай бұрылыстан, қай көшеден, қай аялдамадан кездестірер екем деп , осы кезге дейін елеңдеумен жүрдім.Әр бойжеткеннің жүзіне үңіліп, сізді іздедім. Ал, енді кездестірген тағдырыма ризамын. Кездеспегенде қайтер едік? Өмір бойы бір-бірімізді іздеп өтер ме едік! Жүрек қалауын таппай, арманда жүргендер, арманда өткендер қаншама десеңші! Мен сізден енді өлсем де айрылмаймын! Құлым болып өт десеңіз, құлыңыз болып өтем. Тек менің созған қолымды кері қайырмаңыз! Сізді көрген жерде-ақ, жүрегіме шоқ түсті. Ол енді ешқашан сөнбейді. Тіпті осының өзі өңім бе, түсім бе, аң - таңмын.
– Әлі күнге ешкімді ұнатқан жоқсыз ба?!
– Ұнаттым , бірақ ұнату мен шын сезімнің арасы алшақ болса ше?!
– Білмеймін. Өзім ешкімді ұнатқан да, ғашық та болған емеспін. Асықпаңыз, сіз мені мүлде білмейсіз.
– «Махаббат тілі тілсіз тіл, көзбен көрде, ішпен біл» ,демей ме ұлы Абай.
– Мәссаған!.. Сіздің поэзиядан да хабарыңыз бар екен ғой.. Аспанда жүріп ақындардың өлеңін жатқа айтатын болдыңыз ғой..
– Ондай әуестігім бар. Жүріңіз, алдымен тамақтанып алайық. Сізді білмеймін.Менің әбден қарыным ашты.
–Я молчу...
Аймарал еліп еткізіп,елеңдеткен сезімді балауса шағында басынан өткерген, енді міне, танысқанына бір тәулік болмаған жігіттің айтқанына көніп , айдағанын еріп жүре бергісі келеді.... Тіпті ол не десе де қарсы тұрарлықтай дәрмені қалмай, отқа түскен көбелектей, арбалып, алды- артын ойлай алмайтындай халде. Әлде осы ма екен , ғашық болу сезімінің құдыреті?!..
Қыр соңынан қалмай, өлердегі сөзін айтып өзеуреп жүргендердің біріне жібімеген жүрегі елжіреп, Асылдың жүріс-тұрысы, қимыл- қозғалысы, езу жиғызбайтын әзілі жанына жағып барады. Әрі -беріден соң, сонша жыл күткен аңсарымен тіл табысудың не сөлекеттігі бар деген ойдың жетегіне ерді. Іштей бұл бәрібір бір уақытта болады , кез келген қыз өмірден өзінің сыңарын табуға асық. Әркімге өзінің сүйіктісі әр түрлі жағдайда, әр түрлі сәттерде кездесе береді, деген де болжам бар.
Кешкі астан соң Асыл:
- Таза ауда жүріп қайталық,– деп қолқа салды..
Шағын қаланың көшелері қара- көлеңке. Көше бойындағы бағаналардың ырабайда біреуіне ғана жарық орнатылған. Тар тротуармен екеуі қолтықтаса аяңдады..
– Сіз ұшқышпын дейсіз. Қорықпайсыз ба?–деді Аймарал, –Қазір ұшақтан қаншама адамның өмірі қиылуда.Анау Малайзияның «Boeing 777» ұшағынан, Францияда болған әуе апатынан қаншама жан қаза болды. Жақында Ресейдің Египеттен туристерді алып келе жатқан «Airbus А321» ұшағы құлады.
– Қазір қай жер қауіпсіз? Аспанды қойғанда , жол көлік оқиғасынан ажал құшып жатқандар аз ба? Жол көлік оқиғасынан қайтыс болғандардың саны, қауіпті ісік ауруынан қайтыс болғандардың санынан асып кетсе керек. Әрине, аспанға ұшқан сайын қауіпсіздік шараларының толық қамтылғанына сенімді болмағандықтан, біз де қобалжимыз. Бірде лаңкестер балалар тамағының ыдысымен ұшақта сұйық бомба алып жүруге әрекет жасаған. Абырой болғанда, олардың бұл қылмысы дер уақытында әшкереленді. Содан бері ұшақта ыдыспен сұйықтар тасымалдауға тыйым салынып, тексеру қатайтылды. Бірақ, әлде де болса қырағылық жетіспейді.
– Жә, мұндай көңілсіз әңгімелер, біз сияқты Ләйлә-Мәжнүнге жараспайды.Онан да, тек қана екеуміз туралы айтайықшы!– Асыл мені баурына тартты.
Осы сәтте жанымыздан «Land Cruizer» зу етіп өте шықты. Қатты шошынғандықтан, серігімнің қалқасына ысырылдым.
– Мыналар жынды шығар!– жүрегім тас төбемнен шықты.
– Ажалынан бұрын адамдардың түбіне жетіп жатқан осындай желөкпелер , мыналардың жолында не кездесе де, таптап кететін түрлері бар ,–деп Асыл түтікті.
– Олар кері бұрылды! Мына ағашты тасалай тұрайықшы! Кім біледі..– Мен оның қолынан тарттым, екеуміз кәрі еменнің артына бас сауғаладық.
Жүйткіп келе жатқан жүрдек машина тұсымыздан өтіңкіреп барып тоқтады. Ішінен екі қара киімді шығып, айналаны шолып, біраз тұрды да, жүріп кетті. Қараңғыда машинаның нөмірін де, адамдарын да айыра алмадым. Бірақ тұла-бойымды біртүсті қорқыныш билеп, «Егер бізді аңдып жүргендер болса ше?!» деген ойдан секем алып қалдым.
–Жүріңіз , «қорыққанға қос көрінеді» , көшенің есерсоқтары болса керек ,– деді Асыл жайдары үнмен.
Сол күні біз бір- бірімізбен мәңгілікке табысып, енді жұбымызды жазбауға уәде байластық.
Алдымызда шырғалаң оқиғаға толы азапты күндердің күтіп тұрғанынан екеуміз де хабарсыз едік. Адам тағдырына оқыс оқиға мен уақыт әмірші деген болжамның дәмі бар екен.
2 Тарау
Бас тергеуші
Райс сыртқа шыққанда, бірде киіз , бірде мүйіз наурыз айының күн шуағынан көше ми палау. Есік алды бала баққан үлкендер мен арба сүйреген жас келіншектерден көз сүрінеді. Шағын дүкеннің алдына топырласқан бала-шаға олжаларын бөлісе алмай жатқандай,бір –бірін итерісіп, гу-гу. Бас тергеуші манадан маза бермеген қалта телефонын құлағына тосты.
– Реке, қайда жүрсіз? Тағы да тергеуге өзіңіз араласып, үй жағалап кеттіңіз бе?– деді Шолпан.
– Иә, «ауру қалса да, әдет қалмайды» деген рас екен. Жәбірленушіні өз көзіммен көрдім.
– Жастарды жібермедіңіз бе? Сіз басшы емеспісіз?
– Қылмыс ашуда санасудың реті келмейді. Жастар тәжірибесіз. Жарайды, алаңдама, аздан соң үйде боламын.
Райс телефонға алаңдап, үсті қар, астыңғы жағы су толы ойыққа аяғын сұғып алғанда, туфлиіне толған мұздай су тұла бойын тітіркендірді. Соңғы кездері жөн-жосақсыз мазалай беруді әдетке айналдырған әйеліне деген ашу да осы арада лап етті. «Мен бір ерігіп жүргендей, мұнысы несі екен-ай?! Тіпті , мына жүрісің саған лайық емес деп, емеурін жасайды. Шолпанды мен осы дұрыс тани алдым ба?!». Әйелі қайтыс болған соң , ешкімге мойын бұрмай, салт басты ,сабау қамшы болып біраз жыл жүріп алған. Әлде де жүре берер ме еді. Мырза мен Баршагүл болмаса...
Райс кенет жаңа ғана өзі сыртқа шыққан пәтердің болконынан, мұның суға малтыққанына қарап тұрған Аймаралды көрді..
–Тезірек көлігіңізге отырып, аяқ киіміңізді шешіңіз.Әйтпесе, салқын тиіп ауырып қаларсыз ,–деп дауыстады.
Райс ескертуін еркелеп жеткізетін ерте көз жазып қалған қосағының қылықты қылығының айна қатесіз қайталануына сенер- сенбесін білмегендей, сәл аңтарылды.. Япыр-ай, бұл не деген ұқсастық! Жәй ғана ұқсастық па? Ілгері басқан аяғы кейін кетіп , осы маңайдан әрі ұзап кеткісі келмейтіні несі?! Әлде сыңарынан айрылғанан кейін, сонша іздегенін кеш кездестірді ме?! Райс қырықтың қырқасына жаңа ғана шыққанда, сүйікті жары Назгүл қайтыс болған. Ол кезде аудан прокуроры. Оның басы бос екенін естіген қыз- келіншектер бағын сынап, тіпті кейбірі араға жеңгетай салып, маза бермегені де бүгінгідей жадында.Соның біріне көңілі селт етпей, үйлену мәселесін жылы жауып қойған. Оның үстіне көп ұзамай облыс орталығына көшіп, үй қызметшісі Мария кемпірмен көршілес болды. Үйі жинаулы.Тамағы пісірулі. Аузы тыным таппай , әп-сәтте бүкіл қаланың жаңалығын айтып беретін ақкөңіл кейуанаға әбден бауыр басып алған. Оған байланысты көптеген қызықтар бар. Қожайынға тамақ пісірер уақытта, қызметке барардай сыланып -сипанатын оған « қайда, жиналдың?» дегендерге, «қызметке барамын » дегенін талай өз құлағымен естіген. Бұл келе жатқанда, жазатайым есік алдында тұрса, «құдайым- ай, әңгіме бұзау емізер, бұзау таяқ жегізер», шеф келіп қалыпты ғой » деп Райстың алдына түсіп, томпаңдап жүгіретін. Күтушісінің тамақ әзірлеуге келгенде, арзан қол әтір сеуіп келетінін сезген ол әйелдер мерекесінде оған қымбатын сыйлап:
– Анна Ивановна , мынау сізге. Француз әтірі. Бір тамшысын құлағыңыздың түбіне жақсаңыз, иісі бір жылға жетеді ,–деп әзілдеген.
– Ой , алғыс жауғыр-ай, онда мен ана ауылға кеткенше, жететін болды ғой,–деп қуанғаны да есінде. Өкінішке орай, байғұс сол әтірді тауса алмай, дүниеден озып кетті ғой... Детективтің басына жалғыздық сол сәттен бастап түскен. Оның бір кемшілігі - ас әзірлеуге икемсіздігі. Анасынан айрылған соң, үлкен ұлы тамақ дайындап үйренді. Оның көңілін қалдырмайын деп, тағамын талғамай іше беретін. Екі баласы да Астанаға оқуға кетіп, жалғыз басты боп қалған соң, біраз уақыт дәмханаларға кіріп жүрді.Одан да шықты. Осылай қиналып жүргенде, Мырзаның үйінде Шолпанмен танысқан. Оны бір көргеннен құлай ұнаттым деп те айта алмайды. Бірақ сұлу болмағанымен сүйкімді, ақыл тоқтатқан әйелдің өзінің ендігі қалған өміріне серік болатындығына , «екі жарты бір бүтін» дегендей, бірінің кем-кетігін бірі толтырып, түсіністікпен жұптасатындығына сенген. Оның үстіне, обалына не керек, Шолпанның бұл десе шығарда жаны басқа. Бірақ, бұл еркек шіркіндердің, аяғына жығылғандардан гөрі, аспанға секіргендерге көз салып, арыстан айға шауып мерт болдының керін келтіріп жүретін әдеті ғой. Арада айлар өтіп, бірінің-біріне деген ыстық -суығы басылған соң, ерлі-зайыптылардың әңгімелері көбіне жарасым таппай, бірі көлге, бірі шөлге тартатынды шығарды. Өмірінің көп бөлігін ауылда өткізіп, сегіз жылдық мектепте оқу ісінің меңгерушісі , мектеп директоры болған Шолпан аузын ашса, ауыл мектебінің кем- кетігін, сол ауылдағы көз көргендерін айтуға әзір. Қалада туып өсіп, қызметінің көбі қала өмірімен байланысты болған Райсты мұндай әңгіме тез жалықтырып, газетін қолына алып, жатын бөлмесіне беттейді.
Көлігіне отырып, циферблаттары жарқыраған швед сағатына көз салаған тергеу басқармасының басшысы келгеніме «үш сағат» деп мырс етті..Осы үш сағатқа байланысты оқиғалар есіне түссе , еріксіз езу тартады. Кеңестік кезеңде компартияны ұзақ жыл басқарып, әбден қажыған генсек Брежневтен кейін оның орнына ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Андропов келіп, ауа жәйіліп кеткен халықты тәртіпке шақырып, жұмыс орнында үш сағат болмағандарды жазалайтын заң шығарған... Онда аудан прокуроры. Сол күні аудандық партия комитетінен «Райс Сапарұлы, қызметкерлеріңіз жұмыс уақытында дүкенге, базарға барып , ұятқа қалмаңыз» деп үшінші хатшы телефон соқты.
Заңды қадағалаушы органға ескерту жасаған әкімнің қолшоқпарына қатты ашуланған прокурор: « Біз заңды бұлжытпай орындаушылармыз, мұндай ескертуді сізге жасағанымыз дұрыс» деп шүйліге кеткен.Ақыры шолақ белсенді «бәледен машайық қашыпты» дегендей, кешірім сұрап, әрең құтылған. Жоғарғы жақтан келген тәртіптің аты тәртіп , халық біраз етек- жеңін жиып, жұмыс уақытындағы көлденең жүрістер тоқтаған.Ал, Пекинннің бұрынғы бас хатшысы Цзян Цээминь Қытайдың Андропов жоспарын жүзеге асыру жолымен жүргендігінен, экономикалық және әлеуметтік құлдыраудан аман қалғанын бірнеше рет айтқан екен. Кеңес үкіметінің басына Андроповтан кейін 72 жастағы Черненко отырғанда, жасы жеткен генсектер о дүниеге бірінен соң бірі аттанып , аза тұту ретінде қаралы ту іліне берген соң, халық арасында «қаралы туды түсірмесе де болады» деген анекдот тараған-ды.
Талай қызықтар өтті ғой.
Осы кез телефоны шыр етті. Көмекшісі екен.
– Райс Сапарұлы ,сізді басшылар іздеп жатыр, меніңше, «Данның» ісі бойынша.
– Бүгін келе алмайды. Жауап алып жүр де!– Райсты ашу биледі. Бұл іс бойынша әбден бет жыртысып болған, түнгі клуб тентіректерінің қолынан жас жігіт қаза тапты. Жеме-жемге келгенде, бар пәле атқамінердің баласынан басталса да, оның әкесі істі басқаларға аударып, құтқарып қалу үшін барын салуда. Басынан бастап бар кінәсін мойындаған қылмыс жасаушының ендігі барлық күнәсін тергеушілер көтеріп, хаттаманы , актіні, барша сараптаманы , түсінектемелерді , қайта рәсімдеп, бұрмалау керектігінен , мұндай заң бұзушылыққа көпе- көрнеу жол бере алмайтындығын қанша түсіндіргенмен, жоғары жақтағылар қыл-қуырдай қадалып қыр соңынан қалар емес.
Райс осындай қоқан - лоқымен аудан прокуроры болып тұрғанда да қудалауға түсіп, лауазым резервінен алынып тасталған.
Өкінішке орай, қанша құқай көрсе де, әділдіктің ақ жолынан таюды бойына сіңіре алмады. Сол себептен де басқару қабілеттіне, тергеу ісіндегі біліктілігіне қарамай, қызметтен өсудің сәті түспеді. Бір көңіліне тоқ тұтары – қылмыс ашудың түрлі қыры мен сырын жетік білуі, жұртшылықтың сеніміне қол жеткізді. Ойлап қараса, ол өмір бойы лауазымы жоғарылардың айтқанына көніп, айдағанына жүре алмайтындығын дәлелдеу үстінде тер төгіп келеді екен. Мейлі, мықтаса , тағы оставкаға жіберер! Тек бастаған істі аяқтауға мұрша берсе болды.. Одан арғысын көре жатар, зейнетақысы қалтасында, ермек керек болса, қорғаушы бола салады.. Осы орынға да бір кезде өзі тәрбиелеген шәкірті қоярда - қоймай қолқа салған соң келген. Бірақ, оған да біреулер сес көрсететін тәрізді.
Тергеу басшысы кейде өзін-өзі түсінбейді. Ол құйтырқысы шаш етектен нарық заманың да амал-шарғысына көндікпей, заңмен әрекет етуге тырсады. Сосынғы бір басты кемшілігі– бағыныштыларын жұмсаудан гөрі, істің басы -қасында өзі болып, тергеу ісінің бүкіл құпияларын өзі құнтауға құмар. Бұл кәсібіне деген сүйіспеншілігі ме, жауапкершіліктің жүгін сезінуі ме, не десе де, оқиға болған жерге өзі барып, өз көзімен көрмей, тынши алмайды. Райстың бұл қылығын жанындағылар шет елдік детективтерге еліктеушілік деп бағалайды. Кейбір бюрократтар ата сақалы аузына шыққанда , қолды аяққа тұрмай жүрген жүгірмек бас тергеушіні сырттай ажуалайды. Бәрі бір ол ақ-қараны анықтауға өзі араласқанда ғана , істің оңға басатынын сезеді.
Райстың ойы тағы арызданушыға ауысты. Бір түрлі көңілі өрепкіді.. Таяуда көмекшісі: «Мына кісі , сізге жолыққысы келеді» деп, талдырмаш денелі, аққұба келіншекті кабинетіне кіргізген .Киім-киісі , жүріс тұрысы жинақы жас аруға назар аудара қараған бас тергеуші қарыс алдындағы орындықты ұсынған. Шағымын айта келген оның сазды қоңыр үні анда санда үзіліп, « сен өзің мені түсініп отырмысың» дегендей еркелей, еркінси» нәркес көзін қадала қарап қалады.Тергеушіні беймәлім сұлудың ашық жарқын болмысының баурып алғаны сонша, іштей кетпесе екен, айтары таусылмаса екен деп тіледі. Сиқырлы сұлулық иесі сұғын қадап кеткендей, сол күннен бастап бойында бір елеңдеу, елегізу пайда болды. Ғайыптан пайда болған періштенің жымиған күлкісі, мөлдіреген жанары жым-жырт тыныс-тіршілігін тілгілеп « бәрін ұмыт, мен келдім» дегендей, оның бір сарынды өміріне тосын леп еніп, ғажайып көңіл-күй төңкерісін басынан өткерген. Беймарал бейне сан түрлі қалтарыстардан мен құйтырқылардан қажыған жігерін жанып, қайдағы бір ұмыт бола бастаған үкілі үмітін үрлеп, сиқырлы да, сырлы дүниеге іліп әкетердей, оны тағы да бір көрсем, тағы да бір тілдесем деген іңкәрлікпен әр күнді асыға күтеді.
Бүгін де жауап алуды сылтау етіп, бүйрегі солай қарай бұрған соң жүре берген. Есік аузынан тосып алған келіншектің құлын мүсініне құйып қойғандай гүлді халаты мен шашын артына жалбыратып жинай салған жауқазандай жайнаған жүзіне арбалғаны сонша, абдырап қалды. Бір сәт , ауыр соққыдан естанды боп жатқан жігіттің бақыттылығы да, бақытсыздығы да осы тылсым сұлулықта екенін ақи-тақи мойындады. Сол себепті бұл қылмыстың ізін жаратылысы жарасымдылық пен жұғымдылықтың ұясындай , тіл қатқаны таңның саф самалындай жас әйелге көзсіз құмартқан жуан жұдырықтар арасынан немесе байлық буына семіріп, «ақ дегенім ақ, қара дегенім қара»деп жанына қол шоқпарын байлап, қаруын сайлап жүретін қалталылар арасынан іздеу керек тәрізді... Сонда ол кім? Алыстан жау келмесі анық. Бұл ешбір күмәнсіз, күнделікті аралас-құралас болып жүргендердің қасастығы. .Аймарал қызмет жасайтын компанияның иесі, әлі күнге үйленбеген сері президент деп естіген. Мүмкін, қолына қонбай кеткен қызғыш құсқа соның қоқан- лоқысы болар ма?! Бірақ , бұның бәрі болжам ғана, қылмысты бұлжытпайтын айғақтармен дәлелдей білгенде ғана, қылмыс жасаушының іс –әрекетін мойындатуға болады.
· * * *
Алақанат қар үстіне жауған жаңбырдан көше аласапран. «қардың басын қар алады, ханның басын хан аладының» керін келтіріп, әр жерде қыстан қалған үйінділерді тас- талқан ерітуде. Тас жолдың кем-кетіктері мен ой шұқырлары ойдым-ойдым болып көліктің жылдамдығын қостырмай, діңкені құртады. Күнде таң ертеңгілік қызметке жеке көлігімен келетін тергеу басшысы жыл сайын тегістеліп, жамап жасқалатын жолдардың арада аз уақыт өткенде, осылай ойылып-ойылып шыға келетінін, жол төсеу білмейтін , оның жоғары технологиясын үйреніп үлгермеген мамандардан көресе, жұртшылық арасында осы жол төсеу деген ақшаны құлқынға түсірудің бір тиімді айла-амалына айналғаны жәйлі алып-қашпалар айтылып жүргелі қашан...Солай десе де, баяғы ит үреді , керуен көшедімен, қалыптасқан ахуал өзгермейді. Дегенмен, кеңес кезіндегі қала көрінісіне қанық, Райс нарық заманында қала сәулетінің адам танымастай өзгергенін , көптеген мөлтек аудандар қосылып, жаңа құрылыс кешендері бой көтеріп, бірінен-бірі өтетін мейрамханалар мен дәмханалардың пайда болғанын, оған қоса көше бойына ілінген түрлі жарнамалар мен жүгірме жолды неон шамдарының қалаға жан бітіргеніне күн сайын тәнті. Бұл жаңа ғасырдың кәсіпкерлері мен бизнесмендері , миллионерлері мен миллиардерлері қоныстанған қала. Өкінішке орай, оның қойнауындағы түрлі қылмыстың түр-сипатының мүлде өзгергені өз алдына бір мәселе...
Осы кез жүргізуші өткел жолағына кілт тоқтады. Бір топ мектеп оқушылары кесіп өтті. Балалардың жарқын жүздеріне қызыға көз тіккен полковниктің есіне немерелері түсті. Кіші баласы Астанаға шақыра-шақыра шаршады. Үйленген соң, өзінше өкпеледі ме, сап тыйылды. Көшуге Шолпан да қарсы емес, «Реке , сіз қайда болсаңыз , мен үшін сол жер жұмақ» деп ағынан жарылды. «Әй, Шәке-ай , осылай ашылып –шашылмағаның өзіңе жақсы еді ғой... Біз деген сондай оңбаған жандармыз, әйелдер еңкейген сайын шалқаямыз.. шалқайған сайын еңкейеміз...». Есіне тағы Аймарал түсті. Не істеп жүр екен?! Бүгін звондар ма екен... Әлде өзім бір сылтау тауып, кездесуге шақырсам ба екен....
Ішкі істер Департаментінің кіре берісіндегі полиция қызметкерінің ресми сәлемін қабылдап, ұзын дәлізбен асықпай аяңдаған ол көмекшісі дайындап қойған газет- журналдарды алып, кабинетіне кірді.
Жұмыс орнына отырған соң, жергілікті « сары» басылымды қолына алып, парақтады. Қалаға көп тарайтын газеттің соңғы нөміріндегі «Происшествие и криминал» деген арнайы бетке көзін жүгіртіп, «Есепші балабақшаның ақшасын ұрлады» деген тақырыпқа тоқтады. Жеке компьютеріне арнайы бағдарлама орнатқан есепші әйел жүзде алпыс үш мың теңгені қымқырған екен. Оған шығарылған 5 жыл бас бостандығынан айыру үкімін оқып, басын шайқады. Өзі қызық болып кетті, біреулер адам өлтіріп ,осындай жаза ала алмайды. Мысалға, жақында бір «ерке жігіт» жол оқиғасын жасап, алты бірдей адамды қағып, оның біреуі оқиға болған жерде қаза бопты. Сол жігітті жазалау жүргізушілік куәлігінен айырумен ғана шектелгендіктен, жақында тағы да жол оқиғасын қайталап , бүкіл республика жұртшылығын дүрліктірді. Осы беттегі «23-жастағы менеджер жеті жылға сотталды» деген мақаланы еріксіз оқыды. Менеджер жеке фирмаға сауда өкілі болып қызметке тұрған екен. Қала дүкендеріне азық –түлік тасып, сол апарған тауарлары үшін ақшасын жинап, кассаға өткізеді. Кезекті тексерісте оның кассасынан 3 миллион 754 мың теңгенің жетіспейтіндігі анықталған. Ол «дүкендерге қарызға бердім» деп ақталады.. Мақаланы оқып шыққан тергеу басшысы әділет жақтаушыларының қарапайым сауда менеджеріне соншама неге қаһарын төккеніне қайран қалды. Әлде әлдерінің келгені сол ма екен?! Тіпті оны 7 жыл бас бостандығынан айырып, үй-мүлкін тәркілеуге үкім шығаған. Алты жасар қызы бар жас ананы осыншама қатал жазалаушылардың кейбір жан түршігерлік қылмыс жасағандарға мейрімі түсе қалатыны да таңқаларлық құбылыс.
Үстіне кірген тергеушісіне отыр деп ишара жасаған Райс :
– Оқыдың ба? – деді.
– Иә , Райс Сапарұлы, оқыдым, обал-ақ.
– Ім...Бұл «жемқордың жер-жебіріне жеттім» деп есеп берудің амалы тәрізді. Сонда адамгершілік қайда?
–Мен де солай ойлаймын. Жас ананы аяу керек еді....
– Сен қалай Меккеге баратындарыңды жөнелтіп болдың ба?
– Бәрі жақсы тәрізді.Сапарға бара жатқандардың арасында лаңкестік ойы барлар кездеспейтіндігіне сенімдімін.
Мұрнының үстіне жылжыған көзілдірігін көтеріп, жағасын түзеген, ап- арық , бойшаң қызметкеріне көңіл аударған Райс:
– Саған дейін де көзілдірікті тергеушім болған. Ол жеке фирмаға ауысты. Онымен сөйлескенде, көзілдірік кигендер білімдар болады деп сүйсінетінмін. Оның әлемнің түрлі соңғы жаңалықтарын тез қағып алуы, тергеу әдістерін зертеуге ыждағаттылығы ерекше еді.
– Мен де, көп оқуға тырысамын. Бірақ уақыт жетіңкіремейді,– жігіт қызарақтап, ақтала жауап берді.
– Жақсы. Менің ойымша, қарапайым халықтың арасына барып террорлық акті жасаушылардың іс -әрекеті, жайлымдағы момақан қойға қасқыр шапқанмен бірдей жауыздық. Менің есімнен әлі әлі күнге дейін, Ресейдегі метро ішіндегі жарылыстар, Буденновкідегі , «Норд-Остегі», ақыры Бесландағы мектеп оқушыларын кепілдікке алған жауыздардың әрекеттері кетпейді.
Кең байтақ жері бар, тәуелсіз еліміздің көршілерімен татулық пен бейбітшілікті сақтап қалу үшін аса сақтықпен , «ақырын жүріп, анық бас» дегендей ғұламалықпен жүргізіп отырған саясаты көңілге қонады. Соның айғағы- мынау іргеміздегі, ұзақ жыл империялық үстемдігін жүргізіп үйреніп қалған Ресейдің қытығына тимеу, қара құрттай қаптаған Қытаймен қарым –қатынасты шиеленістірмеу, Түрікке түбі бір туыс деп қарау, Қырғызды «төсекте басы, төсекейде малы қосылған» бауырым деп бауырға тарту, мұсылман елдерімен достықтан ауытқымауды ұстанған көшбасының көрегендігімен еліміз тыныштық пен бейбітшіліктің жемісін көруде. Ал, біз бен сіз осы қолда барды қорғап, анау әр елде қылаң беріп жатқан лаңкестік әрекеттердің біздің елімізде белең алуына тосқауыл қою үшін барымызды салуымыз керек. Оған аса сергектік , жауапкершілік қажет. Жайбарқаттық пен жайбасарлықты құқық қорғау органының қызметі көтермейді, –осы есіңде болсын.
– Сендер сонымен биылғы қажыға баратындарды қандай бағытта тексеріп , қандай тапсырмалар бердіңдер?
– Қазіргі ең басты міндет эболла вирусын таратпау болып тұр. Соған байланысты көптеген жұмыстар жүргіздік.
– Дұрыс. Өткендегі жоғалған баланың ісі не болып жатыр?
– Әзірге ашылған жоқ.
– Жұмыс жасап жатырмыз.Еріктілердің де көп көмегі тиюде.
– Жақсы, онда әркім өз жұмысымен айналыссын. Керек болсаң, шақырамын.
– Бауыржан, тоқтай тұр. Жаңағы екеуміздің сұхбатымыз арқылы мына бір аппаратты сынақтан өткіздім. Мұны маған Еуропаға туристік сапармен барған жолдасым сыйға тартты. Бұл - скремблер деп аталады . Осыны қосып қойып, әңгімелессеңіз, құпия сақталады. Жауап алуға пайдалансаңыз да солай. Керемет емес пе?!
–Иә, өркениет деңіз ...
–Әрине, біз енді ғана игеріп жатқан тергеудің неше түрлі әдістері мен жетістіктері баршылық. Бұл да солардың бір түрі. Мұндай аппараттарды қолданып үйренуіміз қажет.
3 Тарау
Күдік
Телефон шалған Райсқа Аймарал « Мені ұмытып кеттіңіз ғой, не хабар айтасыз?» деп өкпесін білдірді. «Аймарал-ханым, қылмысты ашудан бұрын, алды- артын түгел қазбалау қажет, жәбірленушінің, Асылды айтам , тап қазір айғақ беруге шамасы келмейді екен, біз сізден көмек күтеміз.Әлі де болса, анықтайтын жәйттар бар. Сізбен кездесуге бола ма, бірнеше сұрақтар туындап тұр»
–Менің қолымнан келетін нәрселер болса , аянбаймын. Ертең дем алыс, жас сәбиім болғандықтан , үйден шыға алмаймын. Айып етпесеңіз , өзіңіз соқсаңыз қайтеді , мұным өте ыңғайсыз болар, дегенмен мені де түсінерсіз...
–Әрине, өзі бір күн демалыс дейсіз ғой. Жарайды. Сұлу әйел өтініш айтқанда, біз су болып еріп кетеміз.. Әзілімді түсінерсіз..
- Ештеңе етпейді. «Әзілің жарасса , атаңмен ойна» деген қазақтың ұрпағымыз.
–Аймарал, мені тақырға отырғыздыңыз, тек «ата» дегенің менен алшақтау болғай... көңіл көк дөнен..Мен Сіз не десеңіз де қайылмын.
–Жарайды. Қалай болғанда да , жауап алуға келем деген қамқоршыма жауап бермеймін деп қарсы шаппаймын ғой. Сізді күтемін.
Балпанақтай баланы көтеріп , есік ашқан шыққан Аймарал ықшам киінген Райсты көргенде:
– Сізді тіпті танымай қалдым. Спорттық әмбебабыңыз өзіңізге жарасып, жасанып кетіпсіз. Ал, ағаға сәлем берелік!
– О, батыр,сәлем,– Райс қолын ұсынды.
– Есімі кім болады?
– Талғат .
– Әкесі тұңғышым ұл болса , екі мәрте Кеңес Одағының Батыры ұшқыш Талғат Бегелдиновтың құрметіне Талғат деп қоям деген. Сосын Талғат деп қойдық. Бірақ, ұлын бір ретте мейірленіп сүю бақытына ие бола алмады. Ешкімге жазығы жоқ жанды өлтіре соққыға жыққан қанішер жазасын алатын күні болар ма екен?! Нендей жаңалығыңыз бар?! Төрге шығыңыз.
– Аймарал, бірінші сауалым, Сіз қызмет жасайтын компанияның президенті бойдақ көрінеді. Осыған дейін оның өзіңізге деген ерекше көңіл-күйін байқаған жоқсыз ба?
– Жо-ға, ол өркөкірек, дөкір жан. Тіпті меніңше , капиталын үстемелеуден басқаны ойламайтын, осы заманның Қарабайы...Неге сұрадыңыз? Сіз одан күдіктенесіз бе?
– Әзірше... жоқ. Бірақ сізді жақын білген сайын, оған деген күдігім күшейе түседі.
– Түсінбедім ?!
– Сіздің бойыңызда жаныңыздағыларды бейтарап қалдырмайтын ғажайып тартылыс күші бар.Оны өзіңіз де байқамауыңыз мүмкін.
– Қалай десеңіз де, ол кісіге еш жерде , еш қашан повод берген емеспін. Ара-қатынасымыз тек қана қызмет бабымен шектелді.
– Тергеу барысы анықтағандай, президенттің сізге қамқорлығының ерекшелігі және оның көңілінің сізге бұратындығы туралы әріптестеріңіз айтқан пікірлер назарға алынуда. Сізден кенеттен көз жазып қалуы, ол үшін күтпеген соққы болғанға ұқсайды.
– Мен оған уәде бермесем,қалайша соққы болады?!
– Ол –олигарх. Қарамағындағы қыз-келіншектерден тауы қайтпаған, бәріне өзінің меншігі ретінде қарап, қаласа ұнатып, қаламаса ұнатпай үйренген . Осыған дейін сізді де солардың біріне санап « қалаған күні мендік болады» деген сеніммен жүрсе керек. Ол шет елге кеткенде, сіздің іс сапарға шығуыңыз ,одан сүйгеніңізбен табысуыңыз, оның қызғанышын оятуы мүмкін ғой..
– Мүмкін емес.Екеуміздің арамыз жер мен көктей.Ол басшы мен қосшы дегендей..
– Неге олай дейсіз? Сіз өте сұлусыз. Ақылдысыз, білімдісіз. Компания ұжымы Сізді аса қатты құрметтейді. Президентіңіз бойдақ. Оның сізді ұнатып қалуы әбден мүмкін нәрсе.
– Райс Сапарұлы, ол өте тәккапар адам. Ол қарамағындағыларды еркінсітпейді, ешкімге ешуақытта ішкі сырын ашпайды, меніңше, ғашық болуға қабылетсіз.
– Аймарал, тіпті қатты кеттіңіз.Мүмкін, ол кісінің біз бен сіз білмейтін сырлары бар шығар...
– Мен түсінбедім, ол туралы неге айта бересіз, оның маған, Асылға қандай қатысы бар?
– Оның Сіздерге тікелей қатысы бар ма деп қорқамын. Бұл әлі күдік. Бірақ қызметтестеріңізбен менің тергеушілерім тілдескенде, президенттің Сізге деген көңілінің , сіз ойлағандай емесін, оның Сіз үшін бәріне даяр екендігін айтқан.
– Оны айтып жүрген кімдер екен?!
– Демек, бір жақты махаббат. Ондай да болады.
– Тағы бір сауал қояйын, президентті жақсы білесіз, оның кез келген кісіге қастандық ұйымдастыруға қабылеттілігі қандай?
– Ол сөзсіз. Ол мүмкін. Оның оққағарларының көбісі бұрын сотталғандар.
– Міне , көрдіңіз бе, енді тергеуді бірлесіп жүргізуіміз керек. Бұдан былай сақ болыңыз, әйтпесе қиын жағдайға тап болуыңыз мүмкін. Сәбиіңіздің де сенімді қолда болғаны дұрыс. Үйіңізде күзет бар ма?
– Күзет дабылына қосқанмын, арнайы күзетші ұстайтындай мүмкіндігім жоқ. Әсіресе, соңғы кездері табысымызды қиып тастады. Сірә, басқа жерден қызмет іздейтін болармын.
– Жоқ. Мына істің беті ашылмай, қозғалушы болмаңыз!
Аймаралдың ұялы телефоны шырылдады.
– Алло. Тыңдап тұрмын.Бұл сіз бе, Расул Ғафарович, не боп қалды?!– телефонын көлегейлеп,– компанияның бас инженері,– деп сыбырлады.
– Иә ... иә тыңдап тұрмын, айта беріңіз...Ереуіл .. қайда , 5 ші учаскеде..Президент қайда.? Ол кісі маған барсын деді деймісіз.. Неге?. Жарар . Өзім сөйлесейін.
– Сәлеметсіз бе, Сұлтан Тұрсынбекұлы, иә есіттім, Сіз менің отбасылық жағдайымды жақсы білесіз, күйеуім соққыға жығылған , сәбиім кішкентай , демалыс күндері мазаламағаныңыз дұрыс болатын еді. Ал мен барғанда, олар тыңдай ма, өзіңіздің түсіндіргеніңіз дұрыс емес пе?
– Сонда маған орынбасарлар не үшін қажет? Мүгедек күйеуіне , кішкентай баласына қарау үшін бе? Сіздің тіліңіз жүйрік, дәлелдеулеріңіз нақты , сондықтан не болса соны сылтауламай , барып, құрылысшылармен түсінектеме жүргізіңіз!
– Сонда қандай түсініктеме айтуым керек, айлықты қашан береміз деймін?
– Үлескерлерден жарна түскен соң деңіз, сосын үйге ауру куйеуімді жас баламды тастап, сіздердің алдарыңызға келіп тұрмын деп, аяныш сезімін оятыңыз.
– Мен ешкімнің аянышына зәру емеспін! – Аймарал байланысты үзіп жіберді.
– Оңбаған , жалақысын ала алмай жүрген ашулы жандардың алдына шығуға қорқады. Онымен қоймай, Сіздің жағдайыңызды білсе , аяп , райларынан қайтар деген пиғылын алдыма тартады. Көрмейсіз бе, қандай қорқау.
Ашудан екі көзі шоқтай жанған Аймаралға:
- Сабыр етіңіз, сізді сол ереуілшілерге өзім апарып, олардың талабын өз құлағыммен тыңдағым келіп тұр . Сондықтан жүріңіз!–деді Райс
Аймарал бұл ұсынысты қуана құптады.
– Сізбен баруға қарсы емеспін. Сәл ғана күте тұрсаңыз, киініп шығайын ,–деп ішкі бөлмеге еніп кетті.
Есік алдына шыққан Райстың қойны қонышын жәйлап алған күздің суық желінен тұла бойы тітіркенді. Аспанды торлаған қара сұр бұлттар көш- кіні қала үстімен жүйткиді.Сарала жапырақтары жынды желдің қолындағы ойыншығына айналған қарағайлар ысылдаған ашулы үн шығарады. Домофоны жоқ бір подъездің есігі сарт етіп, сықырлай жабылып, қайта ашылды. Анадай жердегі жатақхана үйінің төбесіне жамылғы жауып жатқан жас жігігттер күшейген желдің екпініне шыдамады ма, бір-бірінен ұстап, қаздай тізіліп, ағаш көтерменің арасына түсе бастады. Бұл қазіргі тұрғын үйді жөндеуден өткізудің жаңа әдісімен жұмыс жасап жатқандар. Осы әдістеме төңірегінде де талай айқай- шу шықты. Тозығы жетіп тұрған үйлерін жөндетудің басқа амалы болмаған соң , тұрғындар оған да көндікті. Бірақ осылар жаздай не бітірді екен?! Күз түсіп, күн суытқан уақытта жаңбырмен, қармен араласып,төбені жауып, көшені қазып жанталасады да жатады. Құдды жаз шыққан соң, қайта қыс болмайтындай жайылып , жайбарақат отырып алады да, ызғар түскенде жанталасады. Жылдағы көрініс осы.
Жаңа ғана өзі шыққан подъезден соңғы сәнмен киінген жас ару шыққанда, айналадағы сұрықсыз табиғат өзгеріп сала берді. Тал бойында міні жоқ, табиғат аямай көрік берген сүйкімді жанға Райстың сұқтанғаны сонша, «Егер мен сол президенттің орнында болсам, мынадай сұлудың жүрегін жаулап алу үшін, бар байлығымды тәрік етер едім» деп ойлады. Бірақ әйел жаны жұмбақ. Оның кілтін табу да әркімнің пешенесіне жазылмаған. Сірә, мырза билігі мен қалтасының қалыңдығына сеніп, қапы қалған болар.
– Иш-ай...қараңыз ,бірден салқын түсіпті,- Аймарал палтосының жағасын тұрғызды. Оның оң жағындағы иығына қатарма қатар ұшып келіп жайғасқан сары жапырақтарға көзі түскен Райс саусағының ұшымен қақты.
– Маған өзі сары жапырақтар үйір. Өмірім сағынышпен өтпесе еді. .Тағдырдың маған деген сынағы таусылмайтын сияқты.... Асылдың осындай бақытсыздыққа кездесуі менің кінәм. Бақытсыз адамға кездескен адам да бақытсыз. Егер бұлай болатынын білгенімде, оның обалына қалмаған болар едім.
– Керісінше , сіздің жүрегіңізді жаулап алған ол жігіт бақытты екен. Соншама таусылмаңыз. Сіздің сүйгеніңіз жазылмайды деп үкім шығарған ешкім жоқ қой.
– Жазылады деп кесіп айтып жатқан да ешкім жоқ. Шетелге апару керек.Тергеу бітпей , мені жібересіздер ме? Ал жағдай кешігуді кешірмейді.
– Әрине, кінәліні тауып, істің ақ-қарасын ашқыңыз келсе, бізге мұрша беріңіз..
– Сонда қанша уақыт, тоқ етерін айта аласыз ба?
– Кем дегенде екі ай.
Райстың үні сенімсіз шықты.
– Сіз жеңіл киінген тәріздісіз. Салқын тиіп қалып, жеңгеміздің алдында ұятқа қалмайын.
– Ол кісі де мен сияқты детектив.
– Енді Сізден жұқпасын ба? Мүмкін , Агатаны оқитын шығар.
– Иә, ол классикалық шығармалар ғой, мен де шытырман оқиғалы кітаптарды көп оқимын. Қоғамды да қылмыстың түр-түрі жәйлап барады.
– Аймарал ,қалай бұрылайын?.
– Оңтүстік тұстағы құрылыс объектісіне бұрылыңыз. Бұрын болып па едіңіз?
– Әрине, біздің бармайтын жер , баспайтын тауымыз жоқ. Болғанмын.
Салынып болып қалған үйдің жанында шоғырланып тұрған тобыр алыстан көзге түсті. Олар джиппен президент келе жатыр деді ме, алды арты жиылып, есіктің аузына тақады. Көліктен түскен Райсты көріп, сәл кейін серпіліп, орынбасарды көрген соң , қайта алға лықсыды.
Алдыңғы сапта тұрған жігіт:
– Біз тек президентпен ғана сөйлесеміз. Әлде президент өзгерді ме, бізге қолында ақшаның билігі бар адам керек !–деп дауыстады.
– Иә, дұрыс айтасыз, – Аймарал саңқ етті.– Оның өткір қара көздері топты түгел шолып өтті.- Сіздер айтқан сөзді мен де айтқанмын. Бірақ президент бүгін жүрегім ауырып отыр деген соң, өтінішін орындауыма тура келді.
– Оның жүрегі неге ауырады?! Артық ақшасын қайда қоярын білмей, халыққа беруге қимай, қиналғандықтан ауыратын болар. Жұмысын жасатады, бірақ еңбек ақымызды беруге келгенде, сараңдық танытады. Біздің бала- шағамыз бар. Көбіміз пәтер жалдап тұрамыз, қожайындарымыз, пәтер ақысын төлемесең, қуып шығамыз деп қорқытады. Мынадай суықта отбасымызды қаңғыртып жіберсе не істейміз? Немесе ана үш қабатты сәнді сарайын бізге берсін! Жылап жатқан баласы жоқ, қарай алмай жатқан қатыны жоқ, оны не істейді , доп ойнай ма?!
Бір қызарып, бір бозарып құрылысшылардың наразылығын тыңдаған Аймарал қолын көтерді.
– Мен сіздердің ашу- ызаларыңызды түсінемін. Офистегі біздер де екі-үш айдан бері жалақы алған жоқпыз.Бізге де бүгін, ертең деп уәде беруде.
Бұлай бас көз жоқ, не болса соны айтып, шулағанмен іс бітпейді. Бірсүгіні орталарыңнан бір адам шығарып, наразылықтарыңды қағазға түсіріп, қолдарыңды қойып , делегаттарыңды компанияға жіберіңдер. Мен оларды президентпен көздестіруге тырысамын.
Жианалған топ, өзара күбірлесіп, «дұрыс», «дұрыс».Табылған ақыл десіп жатты. Көпшіліктің ауа жайын байқаған Аймарал.
– Онда суыққа тоңып, босқа тұрмай, үйлеріңе қайтыңдар, Мен басшыға бұдан былай жалақылары қолдарына тимейтін болса, жұмыс жасаудан бас тартады деп жеткіземін.Проблемаларыңды шешпей, бір жеңнен қол , бір жағадан бас шығарып, табандылық көрсетіңдер!– Аймаралды сыйлайтын жұмысшылар бір ауыздан.
– Онда келістік.Талабымыз орындалмай , бір кірпішті қаламайтын боламыз!–деп шу етті.
– Әй , тоқта, тоқтаңдар, құрылыс тоқтап қалса, үлескерлердің шу шығаратынын ұмыттыңдар ма?– прораб дызылдап ортаға шықты.
– Оған ана президенттің басы ауыратын болсын, ал біз бала-шағамызға тамақ таба алмай отырмыз,–деді егделеу жұмысшы.– Айтқанымыз айтқан, жалақымызды алмай, құрылысқа жоламаймыз.
– Аймарал Ахметқызы, сізді кетістіруге емес , келістіруге жіберді емес пе, мыналарға бір нәрсе десеңізші?– прораб енді орынбасарға жалынды.
– «Аш адам тоқ адаммен ойнамайды», ашулы адам анау- мынауға тоқтамайды. Келістірушіні басқа жақтан іздеңіз, мен осылай боларын біліп, президентке өзіңіз барыңыз деп ескерткем. Бас тартты. Енді әліптің артын бағайық.
– Райс Сапарұлы, өзіңіз көріп тұрғандай еңбек адамдары заңды құқын талап етіп, төккен тер , еткен еңбегінің ақысын сұрайды. Бұлар соңғы үш-төрт айдан бері қолдарына қара бақыр ұстамапты. Заң жүзінде мұны қалай түсінуге болады?
– Әрине , бұл еңбек адамының құқын бұзушылық. Олар прокуратураға шағымданып, еңбек ақыларын өндіріп алуларына болады.
– Есіттіңдер ме, бұл кісі заңгер. Біздің компанияның заңгерлері осылай ашық айта алмайды. Осылай ашық айтса , оны келесі күні президент жұмыстан қуып шығады. Бірақ заңгер ұстайды. Себебі, сырттан келгендерге , - бізде заңгерлер бар, бәрі заң жүзінде жүріп жатыр ,- деп ақталады. Ал шындығында , біздегі заңгерлер заңды емес, басшыларды қолдап жалақы алып отырғандар.
– Дұрыс айтылған сөз. Біздегі заңгерлер компания президентінің қол жаулығы.Олар не десе, солай заңды бұрып береді. Олар жұмысшыларға жалақыны уақытында бермеу , заңды құқын бұзғандық деп талап қойса, бізден емес, заңнан сескенген болар еді.
Өзді- өзімен қызу айтысып кеткен ереуілшілермен қош айтысып, көлікке отырған Райс Аймаралдың топты соңынан ерте алатын көсемдік, шешендік қасиетін байқады. Мұндай адамдарды «лидер» деп атайды. Құрылыс компаниясы президентінің Аймаралдың бойындағы осы ерекшелігін аңғарып, оны дау- дамайды шешуге, шашырап бара жатқандардың басын біріктіруге жұмсап, оның беделін өз беделін бекем етуге пайдаланып жүруі де ескеретін нәрсе.
– Аймарал, жаңағы көпшілік ішінде , президенттің жансыздары да болуы мүмкін ғой,– деді.
–Ол сөзсіз. Жаңағы прорабтың өзі жағымпазданып, барлық оқиғаны терісін айналдырып баяндайтынына ешбір күмәнім жоқ.
– Ал, сізге , алғысымды қалай білдірерімді білмей отырмын. Жанымда сіз тұрған соң, өзімді жер қайысқан қолды басқарып тұрған қолбасшыдай сезіндім. Неге екенін мен сізге бар мұңымды ақтарып, жан сырымды жайып салғым келеді. Мына жарық дүниеде жалғыз жан ашырым Сіз болып көрінесіз. Мені түсінгеніңіз үшін, мені қолдағаныңыз үшін Сіздің алдыңызда қарыздармын.
Аймарал көзіне түскен балапан шашын кейін үрлеп, Райстың , оң қолының сыртынан ып -ыстық ернін тигізіп өтті.
Қас-қағымдық құбылыстың Райсқа әсер еткені сонша, жан дүниесі жадырап, таң- ғажайып қияли дүниенің құшағына енгендей күй кешті . Осы сәттің шырқы бұзылмай, ұзақ сонар жолға түсіп, жүре бергісі, жүре бергісі келді...
4 Тарау
Секем
Шолпан кейде түс көріп жүргендей, өз бақытына өзі сенбейді.Мынау көлемі жүз қырық шаршы метр төрт бөлмелі пәтер, іші толған шет елдік жиһаз әлі де түсі сияқты. Бірталай жасты меңзеп, бақытынан әбден күдер үзген уақытта кездескен Райсқа құлай ғашық болғаны сонша, көзінен таса еткісі жоқ. Әттең, мына бір мазасыз жұмысы, үйдегісінен түздегісі көп. Кейінгі кезде дем алғаның дұрыс деп, ара-тұра құлаққағыс қылады.. Ол болса «Екеуміз бірдей үйде отырсақ, бір- бірімізді тез жалықтырамыз.Онан да өзіңе ермек болатын бірдеңе ізде. Үйде отырып қарайып қаласын. » дегендей емеурінін әзілге айналдырады. Әрбір әзілдің астарында шынашақтай шындықтың жататыны да белгілі ғой . Шолпан ойлана бастады. Әсіресе , мына күйеуін біреулер естанды етіп кеткен келіншектің ісін қарағалы күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айрылды. Кеше үйіне барып, жауап алам деп, үшті-гүйлі жоғалды. Алғашқы күйеуі жеңіл жүрісті боп, дәм-тұзы жараспаған Шолпан Райстың салмақтылығына, ақылдылығына сенгенмен, «еркекке сенгенше , екі босағаңа сен» деп марқұм анасы айта беретін өсиеті көкейінде. «Аузы киген үріп ішеді» соңғы кезде тіпті секемшіл болып алды.
Төр үйдегі айна алдына барған ол бұдан бір-ер жылғы өзінің кескін- келбеті мен түр- тұрпатын бүгінгісімен салыстырды. Қалаға келіп, мектеп пен үй ортасындағы жүгірістен, үй шаруасы бейнетінен арылған соң, қараторы өңі аққұбаға айналып, үшкір мұрыны қырланып, аумақты қой көзінің айналасындағы кішкене әжімдері жазылып, жасаңсығанын көңіліне медеу тұтты. Бұрын ағыл -тегіл ағарғанның ортасында жүргесін бе, толысып кеткен денесі қаланың жеміс- жидегіне отырған соң , қалпына түсіп, сыптай болып шыға келген. Киім ілетін гардеробын ашып, ішіндегі соңғы сәнмен тігілгендерін киіп , дене бітіміне дән риза болды. Ер адам көзімен сүйсінеді , жүрегімен сүйеді деген, мен де сыр-сымбатымнан арылып тұрған жоқпын, не болса да сабыр сақтайын деп бекінді. Дегенмен, осы сұлу дегенде Райс ішкен асын жерге қояды.
Күйеуге шыққан бойы , қызығы басылмай, ауа қарманып қалған жас келіншектің , мынадай бойлы да , ойлы , түр-тұлғасы келіскен тергеу басшысына қырындауы, тіпті реті келсе... Бүгінгі бұзылған заманда жастардан бәрі шығады. Теледидардан әкесіндей адамдармен махаббат қызығына бөленіп жүрген қыз-келіншектерді көріп жүрген жоқ па?Әсіресе анау Ресейдің артистері жастары жеткенде құтырып, жағалай жас әйел алуда. Ер адамдардың соларды көздері көріп, құлақтары есітімейді ме екен?!... Осы мөнутте домофон шыр етті. Шолпан бүгін киген қысқа капри шалбары мен үлбіреген қызғылтым кофтасының өзіне үйлесе қалғанына айнадан көз жүгіртіп, есік ашатын тетікті басты.
Ерімен бірге ішке француз әтірінің иісі лап еткенде, Шолпанның тұла бойы суынып, түсі бұзылды.
– Үстіңізге француз әтірін сепкенбісіз ?– деді тіліне оралған сауалды ,қайтып ала алмай.
– Сен , нағыз Агатасын,– деді Райс сырт кимін шешіп жатып,–Сірә, сені криминалист етіп, қасыма алмасам болмайтын шығар.
– Ас үй жақтан сүр еттің иісі шығады.
– Сүр еттің иісін сіз қалай сезсеңіз, француз әтірінің иісін мен де солай сеземін ,– деді әйел күдігін жасыра алмай.
– Шәке, мұның не , жастар құсап...
– Себебі .. қазіргі жастардың арсыздығынан қорқам.
– Мәссаған,саған не болған, шынымен қызғанып тұрмысың?–Райс әйелін бұрып, көзіне үңілді.
– Мен енді кімге керекпін?! Сенен басқа...Сен кездеспегеніңде , қалған өмірімде қу діземді құшақтап өтетін едім. Ал, әтірдің сыры, ол Аймаралдың әдемі атын айтуға қызғаншақ әйелінен сескенді. Арызданушы құрылысшылар ереуіл жасап жатыр деген соң , көлігіме отырғызып ,уческенің басына апарғанмын. Сенбесең, барып көр, машинаның іші де толып тұр.
– Енді машинаңды иіскелеу ғана жетпей тұр.
– Жә... тіпті қартайғанда мұның ұят қой.
– Қазіргі қыз-келіншектердің қарттарды айналдыруы мода дейді ғой. Теледидардан көріп жүрміз..
– Ту..олар артистер ғой..
– Иә , сонымен келіншекті ереуілге апардың, сосын не болды...?
– Сосын ба, ол ереуілшілермен келіссөз жүргізді. Қайтадан үйіне апарып тастадым. Кішкентай бөпесі бар.Күйеуін біреулер соққыға жыққан. Аянышты.
– Оны ереуілге апару, қайтадан үйіне жеткізу, тергеу басшысының қызметіне кіре ме?
– Жоқ, –деді Райс салмақты үнмен .– Бірақ мен оның қызметтегі беделін , қармағындағылармен ара-қатынасын білгім келді. Бұл компания президентінің оған деген көзқарасын, оның ұжымдағы салмағын, жалпы оның қандай маман, қандай басшы екендігін анықтайды. Бұл қылмысты ашуда ауадай қажет.
– Онан да тамақ ішейік. Қалғанын кейін айтамын.
Осы кез қалта телефоны әндетті.
Райстың даусы жұмсарып, елбелектеп қалды.
– Иә, Аймарал Ахметқызы, тыңдап тұрмын, жәйшылық па?
– Шақырып жатса ,барыңыз, жас балаңыз бар, сізді қызметтен шығаруға құқы жоқ. Өзіңіз де білесіз ғой. Бұрынан таныс жау дегендей. Жақсы , кейін хабарласармыз.
Асханадағы Шолпанға күйеуінің ісін жүргізіп жатқан әлде біреумен осынша жылы, жылпылдап сөйлескені ұнамады. «Не болса да, осы келіншекте бір бәле бар... Өзін көрер ме еді...» деп ішіне түйіп алды.
– Сөйлесіп болсаң , тамақ ішейік, Азат телефон шалды, атам керек , атаммен сөйлесем ,–дейді,– Сірә, ата-анасы ренжіткен ғой деймін.
– Ол бұзық не бүлдіріп қойды екен? Қазіргілер тек қана жазалауды біледі. Баланы алдарқатып, жұбатудың орнына, о несі екен-ай...Райс кіші немересін айрықша жақсы көретін.
– Айттым ,атаң келген соң , телефон шалады. Жұмыста дедім.
Қызыл гүлді шифон кофтасы кеудесін керіп тұрған әйелінің тұла-бойына енді көз жүгірткен Райс оның қалаға келген соң тіпті өзгергенін, бұрынғы күн қаққан қара торы сүйкімді өңі ағарып, толысқан денесі таралып, кәдімгідей өзін- өзі күтіп жүретін қаланың ақсүйек әйелдерінің біріне айналғанын бүгін байқағандай, сүйсініп қалды. Қысылып қалған Шолпан :
– Реке , жас сұлудан соң, менің бір жерімнен мін тауып отырсыз ба? -деп қысыла күлімсіреді.
– Жоға , керісінше, бүгін жаңа көргендеймін.Құлпырып кетіпсің.
«Енді іштей салыстырып отырған шығарсың. Жастың аты жас. Бәрімізде кезінде көзі түскеннің буынына түсетіндей едік. Қанша тырыштансаң да ,уақыт өз дегенін істейді.» деген оймен Шолпан:
– Қалай десек те , шіркін жастық оралмайды. Ал жылдар жылжып келіп, біздің иығымыздан басып, күн санап салмағын сала береді,– деп күрсінді.
– Оны мен де сезінемін. Көлікке мініп, түскенде буындарым ауырады. Сірә, маған да дем алу керек шығар.
Күйеуінің соңғы сөзі көңіліндегі бар күдігін сейілткендей болған Шолпан жадырап:
– Шай ішіп болған соң, төр үйге барып дем ал, мен бір мектептің директорына жолығып келейін, оқу ісінің меңгерушісі керек деген , үйде отырғанша, мен де жұмыс жасайын.
– Сонда қалай, мен дем алысқа шығамын , сен жұмыс істейсін.Мен үйге сыймаймын ғой.
– Сіз жеңіл- желпі жұмыс қараңыз. Басшы болу сіздің жасыңызда үлкен салмақ.
– Бұл айтқаныңа тоқтаймын. Сірә, қорғаушылық тәрізді жұмыс қарастыру керек тәрізді.
Райс орнынан тұрып жатып, бастырмай қалған оң жамбасын сипады. Іштей «Қанша сыр білдірмейін десең де, күнде бір жерден ұстайды. Шолпан еще жас келіншектерден қызғанады.Бірақ көңіл көк дөнен ... » Ол Аймаралдың бүгінгі тәті қылығын есіне алып, езу тартты.
5 тарау
Олигарх
Акционерлік қоғамның президенті соңғы рет Израилға барғанда, бұрын Ресейде тұрып, онда қоныстанған жүз елу мың еврейдің бірі болған профессордан: «Маған үйленуге бола ма, егер артымда ұрпақ қалса, оған қатерлі ісіктің зардабы тимей ме?» деп сұраған. Қағазға шұқшиып отырған онколог : «Мұны ертерек ойлауыңыз керек еді, қауіпті ісіктің тұқым қуалаушылығы ғылыми дәлелденбеген нәрсе.. . Мен сізге қанша ауыр болса да, шындықты айтайын, жас мырза, сіз алғаш келгенде, өміріңіздің санаулы күндері қалды деп есептедік...Бірақ, міне екі жыл өмір сүріп келесіз. Бұл таң қаларлық құбылыс . Сондықтан үйленем десеңіз, тез арада үйленіңіз! Мүмкін, күтпеген ғажайыптар болып қалар...» Ірі құрылыс компаниясының қожайыны сол ғажайыптың жүрегінде оянған ғашықтық алапаты екенін сонда ғана мойындаған.
...Дағырадай сарайына кіргенде, бір досы сүр бойдақтығын бетіне басып, «ең болмаса, мысықты құшақтап жат» деп сыйға тартқан қара ала мысығы мияулап қарсы алып, жұп-жұмсақ тұмсығымен сүйкенген соң, арқасынан сипады. Мысық та болса, қаңыраған үйден жалғызсырап, иесін сағынғандай. Көп ішкен дәріден ауырлаған денесін әрең меңгеріп, тоңазытқыштан тамағын алып, ыдысына құйды да, « іше ғой» деп күңк етті.
Ат шаптырым холдағы сүйегі итальяндық диванға жантайған бизнесмен қанша қамқорлық жасаса да, қайырымын қайтармай, көлденең көк атының етегінен ұстап , жер соқтырған Аймаралдың қылуасына ашулы. «Біле білсе , оған үйлену деген шемішкі шаққан құрлы емес пе, айналада қаптап жүрген қыз-келіншектің кез келгеніне емеурін жасаса, құлдық ұрып, құшағына құлайды. Әсіресе қазіргідей, ар-намыс ақшаға сатылған заманда ,қалтасы қалың ерлердің ұрғашыға тәуелді болуы деген келмеске кетті емес пе?! Бір қызығы ,осы қызды алғаш көрген сәттен кеудесіндегі қоламтасына біреу шоқ тастап жібергендей, тынымсыз күйге түскен. « Осы сенің іздегенің , осы сенің күткенің» деп әлде біреу құлағына сыбырлағандай, сабырының сарқылғаны да есінде. Сол күнен бастап, ту десе түкірі жерге түспейтін ірі компания басшысын шынашақтай қыздың мысы басқан. Тіпті оны бір көрмесе, пұшайман күйде түсетін.
Жағаласқан ажалмен арпалысып жүріп, оны ұмытқысы-ақ келген, бірақ дәрменсіз. Ақыры шет елдік дәрігермен үйлену жәйлі сөйлескен соң, іштей бір шешемге келіп, оралған. Бірақ, тұлыпқа мөңірегеннің кебін киді. Содан кейінгі оқиғалар ешкімнен тауы қайтпаған мырзаның ақылымен емес, ашуымен жүзеге асып жүре берген..
Осы кез телефоны дыз етті.
– Сұлтан Тұрсынбекұлы, қала сыртындағы объектіге жіберілген Қайрат қашып кетті,–деді қауіпсіздік қызметінің жетекшісі.
– Полицияға хабарлаңдар, іздеңдер!
– Полицияға не дейміз?Ұрлаған ешнәрсесі, басқалай қылмысы жоқ?
Президент үнсіз қалды. «Қарашы , иттің баласы , жау жағадан алғанда ,ит етектен тартадының » кебін келтіруін. Шынында да, қазір оны полиция тауып алса , бірдеңелерді былжырықтатып қоюы, әбден , мүмкін ғой..
– Кетсе, жолы болсын, орнына адам іздеңдер!
– Құп болады.
Сұлтанның көңіл күйі нілдей бұзылды. Өзінің қызметтегі барлық құйтырқы қылығын білетін, білегімен мен қатар жүректілігі де жетерлік оққағарынның аяқ астынан ши шығаруы тегін емес. Ақымақтың ақылы артынан , ашуы алдынан келедінің кебін киіп, оның нөмірін терді. «Ұялы телефон зонадан тыс жерде, немесе өшірулі» деп оператор қақсап қоя берді. Ызаланған мырза үстел үстіндегі ішімдікке қол созды. Жаңа ғана ауырлап тұрған тұла бойы жеңілдеп, өзі жақсы көретін «Өмір түгел , өзімді де білмеймін, бар түйгенім, сені ғана сүйгенім... » деген ән жолдарын ыңылдады. Көз алды тұманданып, «опасыз сұлуы» көлбеңдеді. Ол масаң күйде күбірледі.
– Мұның не кө-гер-ші-нім... өзіңді өлердей сүйген, өрге сүйреген «крышаңды» жер соқтырып, өзі жоқтың көзі жоқ дегендей, мен жоқта көлденең көк аттының жалына жармастың , ал не болды?! «Асыққан шайтанның ісі» деген осы... Енді өмірбойы мүгедекті бағатын болдың .... Сен білемісің , қанша сұлу мен десе, ішкен асын жерге қояды?! Керек болса, санап берейін жүз..мың...миллион ..жә.. айтпай- ақ қояйын.. Сен мені менсінбедің?! Осы жеткен жетістігіңнің бәрі менің арқам екені қаперіңе кіріп шықпады. Әйтпесе, менің көңілдесім болып, қолын жылы суға малған қыз- келіншектер қанша ма?! Ал сен болсаң, «Сұлтан Тұрсынбекович, Сұлтан Тұрсынбекович..» деп , кергідің, деловая женщина....Егер мені ауру меңдетпегенде...сенімен басқаша сөйлесетін едім...» Ішімдік буын- буынына түскен мырза жатын бөлмесіне тәлтіректеп әрең жетті. « Ай... ма.. рал!!Жаным, келші бермен, құшағыма қысып, бір сүйейін.. Тек келші.. » сәлден кейін қалың ұйыққыға енді....
Ол түс көрді. Түсінде тұнық көлдің жағасында отыр екен.Айнала тып- тыныш. Жас құрақтың аңқыған исі танауын жарады.Жанындағы балауса қыздың білегінен ұстап, өзіне тартты..Жібектей шашы үлбіреп, күлімдей қарағанда, ол Аймарал екен.
– Я-пы-рай, бұл баяғы екеуміз кездескен айна көлдің жағасы емес пе?
– Иә,–қыз күрсінді.
– Неге мұңаясын?!
– Сол шақтың өтпелі болғанына өкінемін?
– Солай еткен өзің емеспісін?
– Мен сол алғашқы албырты сезімімді оятқан бозбаланы көп күттім. Ақыры талай жыл елес қуғаныма көзім жетті...
– Аймарал, менің сезімімен неге санаспадың?!
– Сіз біреумен санасып па едіңіз? Бәрін өзім шешем дейтініңіз қайда? Мүмкін , мен де Сізді кеудеге теппеген болар едім. Бірақ суық, әміршіл басшының қай жағынан шығам деп жүргенде, Сізге деген жылт еткен жылылықтың қай жерде сөніп қалғанын, өзім де аңғармадым. Сезім сынды көтермейді. Олай мені сынамауыңыз керек еді...
Қыз алыстап бара жатты.. оның көгілдір жібек көйлегі көлдің үстінен көтерілген сағымға араласып, аспан әлеміне сіңіп кетті..
–Ай.... ма..рал.., келші сәулем ...Кешір мені...
Сұлтан өз даусынан өзі шошып оянды.
Бұл не! Әлде жүрегіндегі шерлі жұмбақтың шешуі ме?!.Демек, ол да мені бір кезде сүйген екен ғой.. Бір кезде маған кет әрі болмаған екен ғой.. Биліктің буымен көр соқыр болған өзім екенмін ғой!!
«Бекер, бекер істедім..Бопсаламай, жүрегімді бірден жайып салғанда, басқаша болар ма еді?» Қармалап жанындағы пултты тауып, бейне таспадағы түсірілімдерді кері айналдырды. Міне .. міне... оны алғаш көрген сәті ... мынау бөлім басшысы болғаны..., содан соң орынбасар... Жас сұлу жымиып, өзіне жалт қарағанда, Сұлтанның айналасы жұмаққа айналғандай, кеудесін бір ғажайып сәуле жайлайтын... Сол бір шуақ шашқан жанардан, жанын жұбататын жылылық, ерекше ынта-ықылас іздейтін еді-ау. Бірақ, ол алдарқату екен ғой. Мұның билігінің алашағы екен. Оның жанарындағы жылымық соның берешегі екен. Не деген көр соқыр еді!! Мансабына мас болғаны сонша оның бәрін көрмепті, сезбепті.. Әйтесе де, кеудесін керімсал күйге бөлеп, ессіз сүюдің баға жетпес пұлын, шын ғашықтықтың сырын білдірген , қайран сол күндер-ай! Қайырлаған көңілін күмбірлетіп, өмірдің тәттілігіне, сезімнің тұрлаулылығына сендіргендей болмап па еді... Енді міне, кәусар бұлағы суалып, үкілі үміті өшті. Қу тізесін құшақтап, өлшеп-пішілген тіршілігінен тырнақ артар титімдей тірек таппай , тереңге батып барады...
Сырт.. сырт...бейне таспа өтіп бара жатқан өмірінің санаулы сағатындай зыр-зыр айналады. Міне, тағы Аймарал! Күлімдеп қарайды! Егер ол мені сүймеген, тіпті жек көрген болса, неге осылай қарады екен?!. «Мырза, көзіңді ашып қара! Айналаңдағы қыз-келіншектердің барлығы саған солай қарайды. Себебі, сен олардың жарылқаушысын, жұмыс берушісің.. Егер сен ертең жұмыстан шығарып жіберсең, олар қалай күн көреді, қайда барады ?!...» дейді әржағынан бір дауыс. Сонда Аймарал да солардың бірі болғаны ма?! Онда оның жүрегінде маған деген титімдей де сезімнің оянбағаны ғой... Ол да маған күнкөріс көзі деп қарағаны ғой?!
Ол бейне таспаны тағы кейін айналдырды. Сырт...сырт...зыр..зыр...
Міне, тағы да сол күндер...биліктің буымен бетіне жан қаратпай, буыршындай бұлқынған күндері.
...Бейне таспа тоқтап қалды. Сырт ... сырт...дыз-ың..дыз-ың .. Қалғып кеткен мырза селк етіп , көзін ашты да, бейне таспаны кейін қарай айналдырды. Тағы жиын... тағы жанарлары жаутаңдаған қыз-келіншектер. Аймарал жаным, сен қайдасын?! Жиындарда одан көз алмай отырып, жұрттың не айтып, не қойып жатқанымен де ісі болмайтын. Бар арманы – одан көз жазып қалмау. Мен , шынымен Мәжнүн болған екем. Мені ғашықтық шалығы шалған екен...Ол екеумізді неге бірдей шалмаған а..сұлуым?! ...Егер мендегі іңкәрліктің ең болмаса, бір тамшысы сенде болған да ғой, мені осылай шаң қаптырып кетпеген болар едің. О.. тағдыр.. менің көрер күнімді өлшеп-пішіп қойғаныңда, жанымды жаңғыртып, есімді тандырған, еліктің лағындай , ерке сұлудың жүрегіне, менің жүрегіме түскен шоқтың ең болмаса қоламтасын неге түсірмедің?! Менің жүрегімдегі жалындаған жанар таудың ең болмаса ыстық лебін ол да сезінетіндей етпедің?! Осы да әділдік пе?!
Сырт.. Сырт.. Мынау немене?! Ә ... Бесобаға байланысты өткізген жиналыс екен ғой.. Міне, міне , сол күні Аймарал аяқ астынан ағытыла сөйлеп, елдің бәрін аузына қаратқан.. Әй, періштем.. солай көсемсуің де менің арқам екенін білмегенің қандай өкінішті..! Егер мен «Аймарал –ханым, отырыңыз!» десем, жым болатын едің ғой. Өзім ғой сені еркелетіп жіберген. Өз обалым өзіме...Қайда ,айдай ару жүзің, мөлдіреген көзің?! Тағы бір көрейінші, тағы бір мейірімді қандыра қарайыншы... ..Ол кезде менің ашсам алақанымда , жұмсам жұдырығымда едің , сонда да саған әлім жеттік жасай алмай, жүрегімнің әмірін тыңдап,жіпсіз байландым емес пе? Оның себебі – сені өзімнен де қорғаштадым ғой, өзімді- өзім білгендіктен, сені ренжітіп алудан қорыққан едім-ау....Ал, сен болсаң , жарылқаушыңды жарға жықтың да, өзіңе-өзің ор қаздың..
Мырза қолындағы бөтелкенің сыртын сипалап, түбінде қалған тамшыларына дейін төңкере сіміріп, бар өмірінің мәні мен сәні өткен күндерде қалғандай, бейне таспаға үңілді.. Сырт...сырт..зыр-зыр... ды-зың...ды-зың.. .
* * *
...Бесобада бітіп тұрған үй құлағаннан кейін құрылыс компаниялары бір дүрлігіп қалды.Жоғарыдан нұсқаулар да келіп жатты. «Шағала» құрылыс компаниясында да қызметкерлер мен құрылысшылардың жиыны өткізілді.Сол күні қызу тартыс басталады деп ешкім ойламаған. Бірақ қатардағы жұмысшыларға дейін белсеніп, ашынғанын қайтерсің! Қыстың көзі қырауда тұрғын үйдің қабырғасын көтерген соң , кірпіштерді біріктіретін сылақ кеппейді , сосын үй құламай не істейді деді бірі, қазіргі шығарылып жатқан құрылыс материалдарының көбісі сапасыз, оларды сертификаттарына қарап, тексеріп алу керек, деді екіншісі. Қазақтардың көп қатарлы үйде тұруға менталитеті сәйкес келмейді, ата-бабамыз көшпенділер, сондықтан тұрғындарға ыңғайлы шағын-шағын үйлер салу керек , деді үшінсішісі.Әйтуір сан- алуан пікірлер айтылды.
– Сонда , әр қазаққа жеке үй салып бер дейсіздер ме , түсінбедім бе? –деп шытынады президент.
– Жоға , әр қазаққа жер үй салмағанмен, жиырма бес қабат үйлерден гөрі , шағын үйлер әр отбасының шаруасына ыңғайлы болар еді. Бірақ қазақтың қамын ойлап жатқан кім бар дейсіз, қазір бизнесмендердің барлығы қалтасының ғана қамын ойлайды,–деді бір сәулетші.
– Сізден басқа адам қазақтың қамын ойламайды деп бекер шамданасыз, баспанасы жоқтарға қай қабаттан үй берсеңіз де, риза болар еді. Бүгінгі жиналып отырған себебіміз- құрылыс жұмысының сапасын жақсарту, салған үйлеріміздің құлап қалмауын ойлау,– деді қожайын оны жақтырмай..
Сол бойы Аймарал мінберге көтерілді.
– Бесобадағы жағдай құрылыс компанияларының баршасына өздерінің қателіктерін, жұмыстағы үстіртіктері мен құрылыс материалдарының арзанын іздейтіндіктерін, көзге шұқып көрсеткендей болды,–деді ол саңқылдап. – Әрине, бұл жерде үлескерлердің асықтыратынын, компаниялардың объектіні уақытында беруге тырысатынын білеміз. Дегенмен, жаңа бірезде құрылыс объектілерін қыс кезінде бастауға болмайтындығы туралы пікір айтқандарға, мен де қосыламын. Міне, аяз түсті. Сіз, Сұлтан Тұрсынбекұлы, жаңа объектіні бастаңыздар деп асықтырып жатсыз. Шынында, қыстың көзі қырауда цемент те , басқа да қоспалар дұрыс кеппейді. Демек , ол кірпіштерді қажетінше бекітпейді. Жалпы құрылыс жұмысы - тек қана жаз мезгілінде жүргізілетін маусымдық жұмыс. Ал , құрылыс материалдарының сапасын сөз ететін болсақ, біздің компания тек қана бағасы арзан материалдарды пайдаланады « арзанның сорпасы татымайды» деген сөз бар. Сондықтан қымбат болса да , сапалы, қолдану мерзімі өтіп кетпеген материалдар сатып алғанымыз дұрыс.
– «Қолдану мерзімі өтіп кетпеген» дегенді қалай түсінеміз?– президент ашудан тұтығып қалды.
– Иә, ондай жағдайларға өзім куә болып ,жабдықтаушыларға бірнеше рет ескерту жасадым.
Өзі талай рет «ала бер ,оның мерзіміне кім қарап жатыр дейсің !..» деп қолын бір сілтейтін қожайын бұл жолы уәж айта алмай, сазарды.
– Аймарал Ахметқызы, сонда қыстың көзі қырауда құрылыс жүргізбей қарап отырсақ, үлескерелерге не деп жауап береміз?– «Асықпаған арбамен қоянға жетеді» жаздың шығуын күтіңдер, дейміз бе, олар оған келісе ме?
– Оларға түсіндіріп, қыстың күні құрылыс жұмысын жүргізу оның сапасына елеулі түрде нұқсан келтіретінін, ертеңгі күні қыруар қаржыға салған үйлерінің Бесобаның үйлеріндей құлап қалатынын айтсаңыз, жағдайды түсінер еді. Бар жиған-тергенін жұмсап салдырған үйлері сапасыз болса , оларға да тиімді емес.
Өзі білсе де, білмегенситін, көрсе де, көрмегенситін мәселені қопсытқан орынбасарын жақтырмаған компания президенті:
– Айтарыңызды айтып болсаңыз, отырыңыз! –деді.
– Тағы бір мәселе , жаңа сәулетші айтқан , біздің қоныстанушыларымызға көп қабатты үйдің ыңғайлы еместігі туралы ойы өте орынды. Әр халықтың өз менталитеті барлығын ескерсек, біздің ата-бабамыз көшіп-қонып жүргендіктен, олар көбіне жер төлелерде тұрған. Негізі жерге жақын, табиғатпен сырласып , біте қайнасып, өмір сүргенді ұнататын халық. Сондықтан , онша биік емес, ауласы кең, шағын үйлер салынса, олар үшін ыңғайлы болар еді.
– Ал сіз ондай әдістің біз сияқты, үкіметтен көк тиын алмайтын компанияларға тиімді еместігін ойладыңыз ба?
– Шет елдердің компаниясы ең бірінші тұтынушыларға тиімділікті ойлайды. Сондай үйлер салып, оны жалға береді. Сонда бір оқпен екі қоянды да атады.
–Не дедіңіз?!
–Теңеу ғой.. екі жағына да тиімді дегенім ғой.
– Шет елдіктердің жағдайы мен біздің жағдайды салыстыруға бола ма?
– Әрине , болады. Себебі олар құрылыс үйін салып жатқан материалдарды қазір біз де алып жатырмыз. Құрылыс материалдарының дені көршілес елдерде, шет елдерде шығарылады , сондықтан бізге олардың әдістерін пайдалануға болады.
– Тек қана жалақымыз шет елдіктердікіндей емес ,–деді арт жақтан біреу. Сол-ақ екен. Зал гу етті.
– Бізге айлықты қашан өсіресіз? Бала- шағамызды асыраудан қалдық ,-деп егде жұмысшы орнынан тұрды.– Мынау қымбатшылық күннен-күнге қысып барады. Алған айлығымыз тамаққа жетпейді. Бала-шағамызға киім-кешек керек. Көбіміз пәтерде тұрып жатырмыз. Сосын, бізге ең болмаса жатахана типтес баспана салып беру жағын ойластырсаңыздар екен?
Мінберден түспеген Аймарал :
– Кім болып жасайсыз , жалқыңыз қанша ?–деді.
– Краншымын , айлығым 70 мың. Біраз бала-шағам бар. Есептеңіз, күніне 1 мыңнан келеді дегенде де жаламға жұқ болмайды. Оның үстіне пәтер жалдап тұрамыз.
– 70 мыңды аз деп тұрмысыз? Біз сізге мұнай компаниясы емеспіз. Мұнай компаниясынан басқа жерде онан артық айлық жоқ. Осымен бітті деген президент:
– Жақсы, жұмыстарыңызға барыңыздар, басқа мәселелерді прорабтарыңызбен шешесіздер,– деп орнынан көтерілді.
«Ылғи осы жалақыға келгенде, ешкім бізді тыңдағысы келмейді» деген наразылықтар әр жерден естіліп қалды.
Жұмысшылармен сөйлесіп тұрған орынбасарының жанынан өте берген президент «Маған кіріңіз!» деп зірк етті.
Күлімсіреп кірген қызды көргенде, ашуы басылып , сабасына түскен Сұлтан «балақтағы битті басқа шығарып, бұлай бетімен жіберуге болмайды. Бүгін қайырып тастамасам, ертең бұдан бетер басыма секіруі мүмкін» деген оймен:
– Аймарал Ахметқызы , біз қызметкерлерді жинап алып, негізгі тақырыпты талқылаймыз деп келіскенбіз, ал сіз...–деді.
– Түсінбедім, барлығы жұмыс қамы. Олардың басы қосылған соң, іштегі шерлерін тарқатуда.Онда тұрған ештеңе жоқ тәрізді. Шынында да, кейбір отбасылы адамдардың жалқысын өсірсе артық болмас еді.
– Есіңізде болсын , қаржы мәселесін тек қана мен шешем. Құрылыс материалдарының қымбаттығын есепке алатын болсақ, жалақы туралы сөз қозғаудың ешбір реті келмейді. Онсыз да көтеріңкі айлық беріп жатырмыз.
– Бірақ та үлескерлердің де жарнасы аз емес қой...
– Мен сізден өзіңізге берілген лауазым шегіндегі міндетіңізді біліп, сол
шеңберден шықпауыңызды сұраймын.
– Кешіріңіз, сіздің шеңбер сызып қойғаныңызды білмедім.
– Бұдан былай білгеніңіз жөн..
Қыздың жүзі құбылып, орнынан шапшаң көтерілді.
– Менің жұмыстарым бар, рұқсат етсеңіз.
– Мынаны ала кетіңіз ,- деп көк файлды ұсынған президенттің қолының сыртынан «С» деген таңбалы жазуды көргенде, қыз өз көзіне өзі сенбегендей, аңтарылып қалды. « Жоқ... жоқ... ол болуы мүмкін емес. Ол емес»...деп іштей күбірледі. Басын көтеріп алған президент.
Қақшиып қалған оған тіксіне қарап:
–Не ғып тұрсыз , боссыз, –деп гүр етті.
Қыз бұрылып , шыға жөнелді.
Сырт... Сырт.... ды-зы-ың... ды-зы-ың..бейне таспа лентасы үзілі кетті де жәй сырыл басталды. Мырза ұйықтап кеткен еді.
· * * *
Сол күні офистен шыққан соң, Аймарал өзі-өзіне келе алмаған.Сол бір балауса шақта кездескен студент жігіттің жұқалтаң сүйкімді өңі, күлімдеген көзі ұзақ уақыт жатса-тұрса ойынан кетпей қойған.Оңаша қалса «Біз енді кездесер ме екенбіз...» деп қиялдайтын. Егер ол мені де ұнатып қалса ше, мені іздеген болар ма еді? Қазір ғаламтор арқылы арада бірнеше жылдар өткен таныстар , сүйген жүректер бір-бірін тауып алып жатқан жоқ па? Әттең, қызға тән намысы жібермейді.. Сол жолы жігіттің оң қолының сыртына таңбамен ойып жазған «С» әріпін есіне сақтап қалған.
Япыр-ай , сонша жыл сағым қуғаным ба? Ең сорақысы, ол мен ойлағандай елгезек , ерекше жан емес екен... Әлде арадағы жылдар оны адам айтса нанғысыз етіп өзгертіп жіберді ме? Мүмкін ... Мүмкін.. Ол өзі бір- ақ рет көрген бозбаланың жарқылдаған жанарын, жұмсақ үнін жылдар бойы ұмыта алмаған... Елдегі ағасының үйіне каникульға барып, сол жақтан екеуі бір көлікпен қайтқан. Сол жолы орта жолдағы жеңішке өзен жағасына аялдап , көлік жүргізуші үшеуі ауқаттанды. Сұлтан елбелектеп, дастархан жасасқан, әзіл айтып отырып, термостағы шайды «Күйіп қаларсыз, маған беріңіз »деп өзі құйған. Екеуі өзен жағасына барып, ағын суға ыдыс - аяқ шайды.
– Қараңыз , судың тұнықтығы сондай түбіндегі ұсақ тастары мөлдірейді. Бұл жерді адам аяғы баспайды. Мал да келмейді. Ауылдар алыс. Табиғатты бүлдіретін өзіміз. Экологтар да күресіп жатыр, менің Мэлс ағаға жаным ашиды,–деген сонда ол тебіреніп. Мэлстің кім екенін білмейтіндіктен, балауса қыз үнсіз қалған. Іштей «Оқып алмасам ба, ол кім екен?» деп ойлады. Оның қолындағы ыдыс- аяқ салған пакетті алған жігіт алға түсті.Сол жолы жас жүрегін елжіретіп, қиялын қияға жетелеген бозбаланы ерте ме, кеш пе бір кездестірсем деп жүргенде, соның қарамағында қызмет жасап жүргеніне, өзі де сенер сенбесін білмей, айран асыр қалған.
Бір кездегі алғашқы сезімін оятқан бозбаламен қазіргі президенттің арасы жер мен көктей. Компания кірісін миллиондап санап, шығысын тиындап есептейтін, баю мен мансапқа жету сырларын бақайшағына шейін шаққан мырзаның бойында сонау аңқылдаған, ақжарқын жігіттің бірде-бір белгісі қалмағаны , өкінішті-ақ...
6 Тарау
Бетпе-бет
Қала сыртындағы мұнайшылар қалашығының тұрғындары қытайлықтар.Олардың арасында қаржаты мол жергілікті компаниялардың лаузымдыларының үйлері, офистері жайғасқан.
Бұл коттеджілер қаладан оқшау, айналасы биік дуалдармен қоршалып тасталған , күндіз –түні күзетте , күзетшілердің ақшасын мұнайдың қазіргі құдайы болып отырған қытайлар көтереді. Солардың есесінен басқалардың да үйлері мен офистері күзетіледі.
Соңғы жылдары қалаға іргелес аймақтарда жеке үйлер саңырау құлақтай қаптады.Олардың дені облыс орталығынан қашық аудандардан қоныс аударып, бала- шағасына шаһардан күн көріс көзін табуды ойлап келген ауыл тұрғындары. Бірақ мынау жер қайысқан қолмен бірдей, жыпырлаған үйлердің бәрінің отбасындағыларға жұмыс табылып, жаңа қоныстарында күйлері түзеліп кетті деп байлам айту да қиынның-қиыны.
Райс бұрылысқа жетіп қалғанын байқап, күндіз президентпен сөйлескен келісім бойынша, белгі берді. Оны сол сәт байқаған қоңыр джип алға түсті. Бекіністің қақпасы айқара ашық екен, детективтің көлігі қызыл кірпіштен әдемілеп қаланған үш қабатты коттеджінің жанына бірақ тоқтады. Қасына жүгіріп келген жас жігіт қолындағы рациясын алып әлдекімдерге хабарлады.Полковник қабағын шытып, жан- жағына мұқият қарады. Екі қапталға неше түрлі гүлдер егілген.Суыққа шыдамды болса керек, түсін бермеген. Анадай жердегі шағын фонтаннан су себелейді.Аула іші тап-таза. Биік баспалдақтан жоғары өрлеп, сыртқы есікке таяғанда, қара кастюм шалбарлы жас жігіт сыпайы қарсы алды.
– Саламатсыз ба, аса құрметті мырза ,Сұлтан Тұрсынбекұлы, сізді холлда күтіп отыр,– деп, ол жол бастады.
Сырты төрт бұрышты коттеджінің холлы дөңгелек , кең. Қымбат араб жиһаздар мен түкті кілемдер көздің жауын алады. Солардың фонында толықша келген қара сұр жігіт қораштау көрінді. Қабағы тіктеу, өткір қара көзді дөң мұрын үй иесінің тау халқына бір шатыстығы барма деп қалды . Бірақ « Нағыз қазақ осылар шығар, Бейбарыс бабамыз да қазаққа ұқсамайды ғой» деп ойлаған Райс сыпайы күлімсіреді. Аймаралдың «Ол нағыз диктатор.Тіпті өзінің жасынан әлде қайда сақа көрінеді... » деген сөздері есіне түсті. «Сүймегенге сүйкімсіз болып көрінген ғой шамасы. Әйтпесе, көрнекті екен » деп түйді.
– Саламатсыз ба, Сіз ірі құрылыс компаниясының президенті бола тұра, мұнайшылардың арасынан шыққаныңыз қалай?
– Осы үйлердің барлығын менің компаниям тұрғызды. Сосын, өзіме де бір шеті ауыссын дегенім ғой. Және де, бұл ара қауіпсіз, күзетшілер қытай мамандарын күзетеді, за одно мені де.
– Сонша неден қауіптенесіз?
– Қазіргі уақытта неден деріңіз бар ма, біз капитал жасаймыз. Сондықтан бізді бай деп ойлайды. Бір филім бар ғой көрген шығарсыз «Байлар да жылайды» деген, өкінішке орай, біздің өміріміз де бұлтсыз емес..
– Сәтсіз сезім, сабырсыз жұмысшылар дейсіз ғой.
– Сіздер, Шерлок Холмстың тусысыздар ғой. Шет жағасын өзіңіз де біліп келіпсіз.Бірақ менің одан басқа да проблемам жетерлік.
– Дегенмен, «сабыр түбі сары алтын» деген.
– Полковник мырза, түріктердің филімін көріп жүрген шығарсыз , неше бір сұмдықты ойлап табушылар әйелдер. Сондай-ақ , сезімге селкеу түсірушелер де солар.
– Сонда әйелдерден қауіптенесіз бе?
– Жо-ға.Менің ондай қаупім жоқ.Қайта әйелдерді қамқорлап, қызметінен жоғарлатам. Әйелдер нәзік жанды болғанымен, қызметке келгенде, ер адамдардың қолынан келмейтін, неше бір қиын істерді тындырады. Айтпақшы, тәжік президенті түрік филімдерін көрсетуге тыйым салыпты.Бұнысы өте дұрыс.
– Бұл пікіріңізге мен де қосыламын.
– Жоғары шығыңыз, шай немесе кофе.
– Шай.
Күтушісіне :
– Екі шынаяқ шай, –деген офистің қожайыны,–Айып етпеңіз, мен шай ішпейтінмін. Жас та болсам, қант диабетімен ауырамын. Мына толықтығым да содан. Бұл тұқым қуалаушылық. Әкем осы аурудан өмірден ерте өтті.Маған да мұра етіпті.
– Қазір медицина дамыған. Оның үстіне сіздей лаузымды адамдарға шет елдерге барып ем алу мүмкіндіктері бар.
– Иә, тек шетелдік медицинаның да құдіреті жетпейтін ауру болады екен...
Аймаралдың баяндауымен президент туралы теріс пікірде келген Райс оның ақжарқын , кісі жатырқамайтын қалпын байқап, екі ұшты ойға түсті.
– Әкеңіз кім болып қызмет жасады? Аурудың кәсіптік түрлері де болады дегенді естігенмін.
– Әкем совхоздың, қазір кеншар дей ме, нақты білмеймін, директоры болған. Кешегі қайта құрылысқа дейін совхоз гүрлеп тұрды. Өзінің ескі сырқаты бар әкем, совхоз талан-таражға түскенде, асқынтып алды ғой деймін. Көп ұзамай қайтыс болды. Анам да сол жылы жүрек ауруынан көз жұмды. Ол кезде мен институтта оқып жүргенмін. Көп қиындық көрдім.Бірақ оқуды бітіріп шықтым.
– Қазіргі қызметіңіз де, қорыңыз да жаман емес сияқты.
– Әрине, көп кедергіден соң, көшке ілестік. Енді сізді тыңдап отырмын. Сауалыңызды айта беріңіз?
– Солай деңіз ,– бірден әңгіме бетін аудара алмай қалған Райс,– езу тартты,– Біздің қызметімізді өзіңіз де білесіз, қылмыс ашу.
– Білемін.Бірақ мен қылмыс жасаудан аманмын.
– Мүмкін ,сіз болмағанмен қарамағыңыздағылар ...
– Қармағымда 150 адам бар. Олардың не істеп, не қойып жүргеніне жауап берем деп айта алмаймын.
– Офисіңіз өте сәулетті екен. Айып болмаса , аралап шықсақ қайтеді?– Райс әлі піспеген сұхбаттың бетін бұрып жіберді. Ойы әлде де болса , сыры терең жігітті барлай түсу.
– Өзім ұсыныс жасағым келіп отырған. Бірақ сіз жасы үлкен адамсыз, мен болсам тек қана қызметте өзімді үлкен адамдай сезінемін.Жастай басқарушылық рөлге ие болдым.
– Солай ма.. Сонда нешедесіз?
– Отыз бестемін.
– Әлі жас екенсің ғой, асықпа .Қартайсаң жасара алмайсың.
– Жасара алмасаң да , қартайғанға не жетсін!
Ең бірінші үйдің табандағы қабатына түсіп, ондағы бильярд ойнайтын залды , аңшылық қару- жарағы мен киім- кешегі тұратын арнайы бөлмесін көрсетті.Жаттығу жасайтын залы тренажерлерге толы екен.
– Менің мына денеме қарап, бос белбеу біреу екен деп ойлап қалмаңыз. Күнде жаттығам, фитнес клубқа баруға да уақыт табам. Бірақ қант диабетінен денем бой бермейді. Көзім де нашар көреді. Сондықтан маған сұлу қыздар қармайды ,–деп күлді.
Екінші қатардың түпкірдегі есігіне таяп келіп, тоқтаған ол есіктің тұтқасын ұстап сәл тұрды да, ашып , өзі кейін шегінді. Бөлмеден түрлі бояудың исі аңқыды.. Қабырғаға ілінген майлы бояумен салынған бойжеткеннің суретін Райс бірден таныды. Аймарал! Ұзын бойлы , қыпша бел сұлу иегін сәл көтеріп , алысқа қарап күлімдеп тұр. Оның, тұңғиық қара көзі мен жұмбақ жымиысы еріксіз көз тартады.
– Мәссаған , осындай да өнеріңіз бар ма?!
– Әрине , мен сәулетшімін ғой. Құрылыс институтының жобалау факультетін бітірдім. Оған қоса жасымнан сүрет салуды ұнатамын.
– Мынау, Аймарал ғой.!– Райс таңдана қасын керді.
– Сіз қайдан білесіз?!
– Мен Сізге осы кісінің арызы бойынша келіп тұрмын.
– Менің үстімнен арыз жазып жүр ме?!
– Жоқ. Оның сүйген жігітін біреулер соққыға жығып, ес-түссіз жатқанына біраз болған.. Сол бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.
– Менің оған қандай қатысым бар?!
– Аймарал сізде қызмет жасайды екен. Ол туралы пікіріңізді білгім келді.
– А...а..а түрік филімдеріндегі әйелдерге ол ұқсай ма , ұқсамай ма дегіңіз келген екен ғой...
– Ім.мм.Менің ойымша, ол ешкімге ұқсамайтын, ерекше жан. Сіздің оған ғашық екеніңіз рас па?..
– Оны өзі айтты ма?
– Біз, ерлер , жан дүниеміздегі төңкерісті жан-жағымыздағылар білмейді деп ойлаймыз.Бірақ олай емес.Біздің сырымызды, олар бізден бұрын біліп қояды. Сіздің компанияңыздың қызметкерлері Сіздің сол қызға өлердей ғашық екендігіңізді айтты.
– Ал , өзі ше?
– Өзі ме, оған сенбейді.
– Қызық. Өзі білмейді, өзгелер біледі. Осы логиканың қайсысы шындыққа жанасады деп ойлайсыз?
– Жалпы «сырт көз сыншы»деген бар.
– Солай деңіз.Шындығында , мен қазір ешкімге ғашық болатындай халде емеспін...
– Бірақ жүрекке әмір жүрмейді ,– Райс оның сөзін бөлді.
– Бұныңыздың жаны бар...айс
– Аймаралды қатардағы сәулетші етіп қабылдадым. Оның көркіне ақылы сай. Жұмыс десе, жанын салады.. Әріптестерімен тіл тапқыш. Қысқасы, бойында қалай деп айтсам екен, креативтік қасиеттер яғни жаңашылдық қасиеттер басым. Оның үстіне бірнеше шет тілін біледі. Тіпті компанияның басшысы болуға менен гөрі сол лайық. Себебі, ұйымдастыру қабылеті жоғары. Ұжым бытырап бара жатқанда, ол ебін тауып біріктіріп алады.Неше бір шеннен шыққандарды айтқанына көндіреді. Сіз кабинетте отырып жұмыс жасап қалған адамсыз, көп білмейтін шығарсыз, құрылыс жұмысының Сіздердің зоналарыңыздан айырмашылығы шамалы. Мұнда ойдан - қырдан қашып, пысқандар жиналады.Олардың тілін табу өте қиын. Қит етсең, кетем , осындай қыста аязға тоңатын , жазда шыжыған ыстыққа күйетін ауыр жұмысты басқа жақтан да тауып алам деп қыр көрсетеді.
Жақында құрлысшылардың ереуіліне куә болған Райс :
– Оған қоса, жалақыларын уақытылы төлемейтін шығарсыз?– деп қыстырып қойды.
– Бұрын төленетін, қазір құрылыс материалдарының бағасы ұшып кетті. Біріне тартсақ ,біріне жетпейді.
– Сонымен Сіз ұнатқан қыздың тағдыры не болды?
– Не болушы еді. Оны қамқорлығыма алып, қызметтен жоғарлаттым. Орынбасар еттім. Қызмет бабымен шет етелге жүріп кетсем, ол іс сапарда жүріп, жол үстінде танысқан бір жігітке тұрмысқа шығып үлгеріпті. Қалғанын өзіңіз біліп отырсыз ғой..
– Сірә, Сіз оған дейін, Аймаралды көзіңізден таса қылмағансыз ғой. Сосын сіз жоқта , бостандығын пайдаланайын деп асыққан болар.
– Қателесесіз. Мен оны іс сапарға жіберіп тұратынмын.
– Оққағарлармен бірге ме?
Президент тіс қаққан «сыщиктің» көп нәрсені түптегенін аңғарды.
– Әрине, оққағармен. Ол ақшамен , құнды құжаттармен жүрген соң, мен оның бас амандығына жауап беремін. Осы мақсатта жанында күзетшілер жүретін.
– Бірді айтып, бірге кеттік.Сонымен Сіз оған ғашық болдыңыз делік? Осы сезіміңізді жеткіздіңіз бе?
– Сенсеңіз, сезімге ерік беріп, серілік құрған емеспін. Оған мұршам да болмады. Бір жағынан қарауымдағы қызметкерімнің алдында кішірейгім келмеді. Неге екенін, алғашқы кезде ол қыздың өзіме кет әрі еместігін сезініп жүргендей едім. Менің қателігім, оны қызметтен өсіріп, тым еркінсітіп жібергендігімде ме деймін. Себебі, ол орынбасар болған соң, біздің пікірілеріміз қарама -қайшы келе берді. Мен бірде:
– Аймарал Ахметқызы, екеуміз шиитер мен сунниттер сияқты болып кеттік, біріміздің айтқанымызды біріміз түсінбейміз. Осы компанияның президенті мен бе, сіз бе?- деп тікелей сауал қойғаным есімде. Ол :
– Сіз өзіңіздікі дұрыс болмаса да, қателігіңізді ешуақытта мойындамайсыз,–деп өзіме тап берді.
– Сонда не үшін келсе алмайсыздар?
– Құрылыс материалдарының сапасы, үйлердің безендірілуі , біз екеуміз де сәулетші –дизайнерміз, бірақ екеуміздің талғамымыз екі түрлі. Қандай мәселе болса да, екеуміздің пікіріміз тоғыспайтын.
– Неге шығарып жібермедіңіз? Немесе бақса қызметке неге ауыстырмадыңыз?
– Ол мүмкін емес.
– Неге?!
– Себебі мен оны білікті маман ретінде жоғары бағаладым. Сосын компанияда менен гөрі оның басқару әдісін қолдайтындар көбейді. Мен қанша бір беткей болсам да, өзім қолыммен тұрғызған компанияма зиян келтіретін қадамға еш уақытта бармаймын.
– Сонымен ол тұрмысқа шығып кеткен соң, шығысып қалдыңыз ба?!
Жігіт сәл ойланып, Райсқа тіктеп қарады.
– Сенсеңіз , мен қатты қиналдым. Өкінішке орай, ол алыстаған сайын жақын, жақындаған сайын алыс. Осыған сенесіз бе?!
Райс алдындағы диктофон тетігін ақырындап басты. Іштей: «жас мырза, мен сені қалай түсінетіндігімді білсең ғой, қалай , қалай дедің . «алыстаған сайын жақын , жақындаған сайын алыс». Япыр-ай, қалай тауып айтылған сөз. Негізі сен де, осалдардың қатарынан болмадың!
Тез ойын жинақтаған полковник:
– Сұлтан, сіз қызық жігіт екенсіз.Осындай ірі компанияны басқарасыз, ұнатқан жаныңызға сөз айтуға келгенде,батылдығыңыз жетпейді..
– Иә, Райс Сапарұлы, одан да басқа себеп бар..Ол менің жеке құпиям. Оны сізге айта алмаймын. Сосын құрылыс ісін жетік білетін, ұйымдастыру қабылеті жоғары басшы табу қиын.
– Сізді сезімнен гөрі, қызметіңізді мінсіз атқаратын орынбасардың мәселесі қиналдырған тәрізді.
– Райс Сапарұлы, барлық мән-жәйді кейін түсінетін боласыз.Менің уақытым таяп қалған тәрізді... Ал бүгін бұдан басқа сізге айтырым жоқ.
Тергеу басшысы оған сынай қарды да:
– Менің ойымша, Аймаралға бағынышты қызметкеріңіз, айтқаныңызды екі етпей орындауға тиісті орынбасарыңыз ретіндегі астамшылық көз қарасыңыз басым болып кеткен тәрізді.
– Иә, мен қызметте қаталмын. Мен оның осы болмысыммен қабыл алуын қаладым. Соған көпке дейін үміттеніп жүрдім. Бірақ , үмітім ақталмады.
– Таң қаларлық логика. Мұндай махаббат теориясын бұрын кездестірмедім десем , сенбейтін боларсын.
– Райс Сұлтанұлы , қазір заман өзгерді,махаббат теориясы да өзгерді..
– Бұныңызға қосыла алмаймын. Адам бар жерде сезім бар. Сезім бар жерде ,сүйіспеншілік бар. Бірақ сіз барлығын бір табаққа салып , қуырған тәріздісіз. Ал, жүрегіңізді жаулаған қыз өзінің бақытын басқа жақтан тауыпты делік. Оған қалай қарадыңыз?
Қос қолын көтерген президент:
– Бақытты болсын! –деп алқанын сарт еткізді.
– Әңгіме солардың бақытты бола алмағандығында .Қыздың сүйген жігітін біреу қатты соққыға жығып, естанды етіп кеткен, ол кім? Табылмай жатыр. Оның жалдамалы киллер болуы да мүмкін.
– Мен қарақшы емеспін, бизнесменмін! Менің ондай істерге қатысым жоқ. Бұған сенуіңізге болады. Әйел адамнан өш алу мен үшін нағыз тағылық. Егер осы мәселемен келген болсаңыз, адресін дұрыс таппағансыз.
– Мен сізден ондай анықтама сұраған жоқпын.
– Кешіріңіз.
– Біз сізбен жақын арада тағы да кездесеміз.
Президент :
–Қуаныштымын ,–деп зорлана күлімсіреді.
Үй иесімен сыпайы қоштасып, ішкі есіктен шыға берген полковник шала жабылған есіктен оның біреумен қатты дауыстап сөйлескенін естіді де, сәл кідіріп, құлағын түрді.
– Объектіден қашып кеткен оққағар Қайрат келген жоқ па?! Малұғын! Мен оны бас сауғалай тұрсын деп сонда жіберген едім ғой...
Осы сәт қарсы соққан желден есік тарс жабылды.
– Бау сауғалау! Неден бас сауғалайды? Оққағар ..Қайрат ..– деп түйіп алған тергеу басшысы уақытының зая кетпегеніне көңілі толып, ширақ адымдады.
«Демек, оққағардың саусақтарының таңбаларын дактилоскопиялық сараптамадан өткізу керек» деген тұжырымдамаға тірелді.
7 Тарау
Оққағар
Құмға сіңген судай хабар-ошарсыз кеткен Аймаралдың жолда танысқан жолаушымен көңіл көтеріп, қонақ үйде жатып алуы қытығына тиген президент офисіне келісімен хатшысына:
–Қайратты шақыр!–деп зірк етті...Қайрат– оның ең сенімді оққағары.
Құрылыс салатын жер телімін қарап жүрген президент қоршаудың ішіндегі көне вагоннан шыққан шаң-шаң дауысты есітіп , есігін ашып қалғанда, үсті бастары алба- жұлба , бірімен-бірі дал-дұл болып төбелесіп жатқан үш жігіттің үстінен түскен.
– Әй , сендерге не жетпейді, тоқтатыңдар, әйтпесе полиция шақырып, салып жіберем! –деп ақырғанын құлақтарына да қыстырмады .
– Өй, боқ мұрын , жаныңды жаһанамға жіберем, сені абақтыдан аман - есен алып шыққан кім? Құдайыңды ұмытайын деген екенсің!– жіңішкелеу сарының қыл мойнынан қылғындыра ұстаған дәу қара етпеттеген жерінен жұлып алып, анадайға атып ұрды..Аяғынан жармасқан екіншісін тоқпақтай жұдырығымен қойып қалғанда, анау шалқалай құлады.
–- Тоқта деймін, өлтіремісің !– президент оны қапсыра ұстап , жанына жеткен жүргізушісіне.
– Машинаға мінгіз!– деп бұйырды.
– Менде не ақың бар? Жібер! Кімсің өзің?! –бұлшық еттері бұлтылдаған тығыншықтай қара жұлқынып, алара қарады.
– Құрылыс компаниясының президентімін. Маған оққағар боламысың?
Бұрын сотталғандығы бар, жұмыс таппай сандалып жүрген Қайрат өз құлағына өзі сенбегендей, алақтап , абдырап қалды.
–- Қалжыңдап тұрған шығарсыз, бұрын түрмеде отырған мені қайтесіз... деп міңгірледі.
– Мін көлікке!– деп бұйырды Сұлтан,– Сенімен жеке сөйлесемін! Осылай тауып алған олжасын бір жылдай сынақтан өткізіп, әбден сеніміне кірген соң, ең қауіпті деген тапсырмаларға жұмсайтын. Қара күш иесі Қайрат аузына берік, оған айтқан сөз құрдымға сіңген сумен тең. Және қаңғалақтап ит тіршілікте жүргенде адам қатарына қосқан қожайыны өл десе өліп , тіріл десе тірілуге даяр.
Мығым денелі қырғи қабақ жас жігіт ішке енгенде, темекісін құшырлана сорып отырған компания басшысы :
– Отыр!– алдындағы креслоны нұсқады.
– Менің орынбасарым құрылыс материалдарын іздеп, сауда орындарымен тікелей шарт жасасып келуге іс сапарға кеткен. «А» қаласында көлігі бұзылыпты...
– Айя ханым ба?!
Президент қабағын шытты.
– Қысқасы оның сыртынан жіберген жансыздарым. Олардың айтуынша орынбасар уақытын бос өткізбей, жүрек қалауын тауып алған тәрізді. Екеуі жұбын жазбай, қонақ үйде жатқан көрінеді. Анау ұшқыш дейді, ұшқыштың жол бойында не іздеп жүргенін бір құдай білсін.Рөльдегі қызды аңдып жүрген болды ғой...
– Саған тапсырма, әлде де, сыртынан бақыла! Екеуінің қалай табысқанын білуге тырыс! Жақсылықты білмегенге, жамандық пен жақсылықтың арасының тым алшақ емес екенін, көзге шұқып көрсету ғана қалады. Ал, таңдағаны сол болса, қапысын тап. Мен саған қомақты қаржы беруге дайынмын! Тек тапсырманы орындайтын бол. Қызға тиме, сүйгенінің азабын тартып жүре берсін.Ал ананы, өлмеген мен өлімші етіп, көзіне көк шыбын ұялат!!Түсіндің бе?!– осымен сөз бітті дегендей, қолын сілтеді..
«Тоқ етер тоқтамың не!Өлігін әкелейін бе, тірілей әкелейін бе?...» деген сұрақтар оққағардың тіл ұшында қалда..
Жас мырза жан дүниесін қызылдатқан қызғанышын отына оққағардың ортақ болғанына қаны қайнап, шарап толы бөтелкені түбіне дейін төңкерді.
* * *
Президентің «қаланың сыртындағы объектіге барсын» деген бұйрығынан соң Қайрат айналасы профлистпен қоршалып ,құрылыс материалдары ретсіз үйіліп тасталған учаске жанындағы қырық құрау ескі вагоннан бір шыққан. Қожайынының бұл шешіміне келіспесе де, қай қылығынан жақпай қалғанына миы жетпей дал.Содан соң «қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса» құдайдан әрі де, бері де болмай тұрған жұмыс берушісінің айтқанын екі етуге дәті бармады.
Бүгін тіпті көңіл күй пәс. Анау шет жағасы көзге ілігетін ығы-жығы қала тірілігі мұны шақырып жатқандай, сабыр сақтай алмады. Алғашқы қар ұшқыны тынымсыз тірліктен әбден тозған жер бетін ақ қылаңдатып, айнала ажарланып сала берген. Вагоннан есік алдына шығып, тегістікке көз жүгіртті. Бұл көрініс көптен ат ізін салмаған шағын ауылын есіне салып, көңілі құлазыды. Есіне қай -қайдағы түсті. Шіркін, өткен күндерді кері қайтарар бір күш болсайшы! Бал дәурен балалық шағы.Осылай өмір сүрем деп ойлап па еді?Ол жасынан басынан сөз асырмайтын , мінезі ыссы, қимылы шапшаң, кеудемсоқ болып өсті..Ал әкесі болса, қой аузынан шөп алмайтын жуастардың қатарына жататын. Мектепте биология пәнінен дәріс берді.
Мектепке барса жұдырықтаспай жүрмейтін баласының тәртібіне шағынған мұғалімдердің алдында кінәлі адамдай болып, бүрісіп қалатын әкесі үйге келген соң. « Шынында да, тұқымқуалаушылқ деген нағыз зертейтін ғылым екен.Бұл аумаған атасы. Маған ұқсамай, атасына ұқсағанына да шүкіршілік» деп дандайсып, миығынан күлетін. Анасы болса, күйіп-пісіп «Балаңа дұрыс тәрбие бере алмай жүріп, басқалардың бетіне қалай қарайсың.Тұқым қуалаушылық , тұқым қуалаушылық деп қоймайсың, атам қай биікке жетіп еді?..» деп шап ете қалатын. «Соқпа , ол кісі бетіне адам қаратпайтын озат жылқышы болды. Жылқыны жігіттің төресі бағады. Анау-мынау кісінің қолынан жылқы бағу келмейді. Ол талай-талай асауды тырып еткізбей , тақымына қысатын..Ми даламен көсілте шауып, не бір асаулардың жынын қағып алып, бір мінгенде –ақ жуасытып тастайтын.»
Ондайда анансы «Әр пайғамбар өз тұсында деген.Ол заман басқа, бұл заман басқа. Алда қандай уақыт болатынын тағы білмейміз.Адам өз мінезін түзей білуі керек » деп күйіп пісетін. Қайрат оқуға алғыр еді. Ал мектептен тыс жерде қай жерде шатақ , қай жерде төбелес соның ортасында жүрді. Тіпті қайда жүрсе де, жаға жыртушылар оны тауып алып, төрелікке жүгініп, соның шешіміне тоқтасатын.
Мектеп бітіріп, әрі қарай оқуға қаржаты болмай, енді не істеймін деп теңселіп жүргенде, ауылға қаланың бір бойжеткені келмес пе, бүкіл бозбала сол қыздың соңында. Кешкілік көшеге шыққан Қайрат ауылдастарының ортасында сықылықтап, бұралып тұрған қонақ қызды көріп, жандарына жақындады. Бойы сыриған , бет әлпеті де бір көруге көрікті қыздың жарқылдаған жанары мұны да бейтарап қалдырмады. Топты бұзып жарып , жанына жетіп:
–Қайрат ,–деп қолын созды.
–Сәулеш ,–деді қыз сызылып. Көңіл көтеретін кафесі , мейрамханасы , клубы жоқ ауылда не істерін білмей тұрған жастарға Қайрат:
–Менің үйім бос. Ата –анама туыстарға қыдырып кеткен.Жүріңдер ,–Қайда құярын білмей тұрған тасқынның алдын ашып жібергендей болған соң, жастар оны қолдап ду етті.ді.Сол түні олар таң атқанша емін- еркін билеп, тым жақсы көңіл көтерген , бәрін таң алдында қаладан мотоцикілмен келген екі жігіт бұзды. Қонақ қызбен тіл табысып мәз-мәйрам болып отырған Қайраттың оларды көргенде,арқасы қозып шыға келді.
–Біздің кешімізді бұзуға қалай дәттерің барды!–деп орнынан атып тұрды.Сонымен қырғын төбелес басталды да кетті. Шырылдаған қыздар, қаладан келгендердің біреуі апай төс екен тіпті боксер ме, анау-мынауға десте берер емес. Осы кез жүгіріп ауыз үйге шыққан Қайраттың көзіне ас үй пышағы түсті , өзінің ізінен өкшелеп келе жатқан кеспектей жігіттің иығынан періп жіберді.. Қан шапшып , жігіт ыршып түскенде, опыр -топыр болып жатқандар жым болды.
–Обай, ағамды өлтірдің, Нағыз қанішер екенсің ғой!– Қыздың жан даусы шығып,– Қайратты жұдырығымен төпелей бастады. Таң атысмен оны полиция қамауға алды. Ана жігіт ауруханаға жеткізіліпті. Әйтуір жарасы жеңіл екен. Бірақ қолына суық қару ұстап, оны жұмсаған Қайрат 3 жылға бас бостандығынан айрылып кете барды. Үш жылын бір жылда өтеп , ауылға оралған жігіт жұмыс таба алмай , қаңғып қалаға келіп, бұрынғы темір тордың әржағында болғандарымен қайта қиқылдасып жатқанда, осы күнгі қожайынының көзіне түсті емес пе....
Содан бері президенттің ең сенімді серігіне айналып, қайда дау- дамай болса, соны реттеуге баратын. Құрылысшылардың арасында да ши шығарып, жұмыс жасағысы келмейтіндері, құрылыс материалдарына суық қолын сұғып ұрлық жасайтындар жетеді. Өткенде сондай бір қылмыстың үстінен түскен. Бір жас жігіт жұмысқа арба тіркеген машинамен келіп, елдің соңын ала қайтады. Бір екі рет сыртынан бақылаған Қайратқа ол сезікті көрінді.Ақыры бір күні бетондарды қалқалап, жігіттің шығуын күтті. Жұрттың соңын ала шыққан анау жан -жағына қарағыштап тұрды да, тіркеуішке кірпіштер тией бастады. Ол әбден тиеп болған соң, тасадан шыға келген Қайрат:
–Әй, оңбаған тоқта!Не істеп жатсын?Мынауың не ,тал түсте ұрлық жасап..–деп тарпа бас салды. Жігіт састы.
–Ағатай, үй салып жатыр едім. Кірпішім таусылып қалды. Сатып алуға ақшам жоқ. Шиеттей бала -шағам бар ,–деп жыларман боп жалына бастады.
Қайрат соңғы кезде өзіне қырын қарап жүрген президенттің алдында жақсы атты көрінгісі келді ме, оның сөзін құлағына да ілмей, жалма- жан ұялы телефонына жармасты.
–Ағатай , айттым ғой, бір жолға кешіріңізші!..–..жігіт зар жылап, аяғына жығылды.
–Сұлтан Тұрсынбекович, мен кірпіш ұрлап жатқан жігітті ұстап алдым. Не істейін ? Малғұн, үй салып жатыр едім , кірпішім таусылып қалды дейді.
–Фамилиясын ба, әй,фамилияң кім , тегіңді айт...
–Көпбосынов. Жақсы , ертең басшыға барасын. Саған көресін көрсетеді. Ұрлағаның ұртыңнан шығады.
–Сен неменеге жетісе қалдың ? Сүйекке тойған тіміскі ит құсап. Біле білсең , екеуміздің айырмашылығым шамалы емес пе , сені де бір күні майлы жеріңнен бір тебеді. Қазір заң жоқ ,байлар жұмыстан шығарғысы келе ме, шығарады да тастайды. Әлде мені түрмеде отырғызсаң , саған мүйіз шыға ма?.Мен сен сияқты қаңғып жүрген қу бас емеспін. Балаларым бар. Бір жолға кешір дегенде , неге соншы шірендің? Анау қожайының мақпал шапан жауып, астыңа машина мінгізеді дедің бе?–деді ашуға булыққан жігіт едіреңдеп шыға келді.
–Мәсаған, күшік , сөзің мірдің оғындай екен. Мен сенің үніңді өшірейін! Бір- біріне тап берген екеуінің арасына қайдан елгені белгісіз сақа кісі түсе кетті. Қайратты танымаған соң,сескенді ме, ананың қолына жармасып:
– Әй,Жәке-тай,, саған не болған. Мұндайың жоқ еді ғой, қарап жүріп шатылып кетейін деп пе едің?!–деп зекіп тастады.
–Өй, әкесінің аузы бүйткен тірліктен, кім болса сол көзімізден шұқып, қоңымыздан теуіп, мардымсыз айлығын бұлдайды. Мына бір құйыршығы әкіреңдеп..
–Не дейсің , әй боқ мұрын, байқап сөйле, мына кісі болмағанда, қаныңды ішетін едім.
–Мына бір телешкіге толмайтын кірпіш үшін бе?
–Бұл ұрлық.
–Сен өзің түрмеге ұрлық жасап түспей , қалыңдығыңа ұрын барып түсіп пе едің?
–Аға, мынаның тілін қысқартыңыз , әйтпесе менен жақсылық күтпесін!
–Ойпырым-ай, Жақсылық, деймін қойшы енді, жүр қайтайық, мен де сенімен үйіме барып қалайын.
–Мықтаса , жұмыстан шығарар, бергенін қайтып алсын, мен ертең шықпаймын, айта бар, ана құдайыңа...
–Қап, мынаның тілін-ай, енді менің көзіме түспеуге тырыс ..әйтпесе оңдырмаймын.
–Сен де бір, ұсақшыл неме екенсің , оның шиеттей бала- шағасы бар, ал ертең оны жұмыстан шығарады .Сонда қарық боламысың?!
Шырт түкіріп, Қайратқа зілдене қараған мосқыл кісі көне жигулиге барып отырды.
Бір қызығы келесі күні де ,одан арғы күні де Қайратты компания басшысы шақырмады. Ол оқиғаны да ешкім қозғамады. Тек бір жеті өткен соң қызыл жигулилі жігіттің жұмысқа шықанын көрді. Сонда өзінің кімнің жыртысын жыртқанын түсінбеген, Қайрат ызадан жарылып кете жаздады. Сірә , қасындағысы аршалап алып қалған болды деп түйді де қойды.
Әшейінде қол жетімді болатын перзиденттің ұялы телефоны соңғы уақыттары жауап бермейді.Қанша терсе де ,бос емес. Пайдаланып , пайдаланып, итке тастаған сүйектей лақтырып жібергені қалай, сан-сұраққа жауап таба алмаған Қайрат сергелдең күйде.
Далада көп отырып , бойы тоңазыған жігіт вагон ішіне қайта кірді.Бұл ара күндіз күзетілмейді. Күндіз қараң- құраң адамдар келіп кетіп жатады.Күзет түнге қарай. Компанияға келгелі қағажу көрмей , президенттің атқосшыларымен бірге тәтті тамақ ішіп , жақсы төсекке жатып үйренген оққағар аспаннан жерге түскендей, ит байласа тұрғысыз вагонда тұруға көнгісі келмейді. Бірақ , басқа амалы да жоқ.
Тағы да сол «құрып кеткір»түнді есіне түсірді.Мырзамен арадағы құпия келісімнен соң, демалысқа шығып, қожайын берген қоңыр джипке қонжиып, Аймарал-ханымның үйіне ұшқыштың келетін жолын аңдумен талай күндерді, талай түндерді өткерген . Көз ілмей, көліктің ішінде отырып , санасы сан жаққа ,ойы онға бөлінетін. Талай сандырақтаған сауал жанын жегідей жеп, жауап таппай қиналатын. Соның бірі қожайынның қарамағында қызмет жасайтын бойжеткеннің өзін қалмағыны, өзіне қарамағаны үшін, оған осыншама өшігіп ,өшін оның сүйгенінен алуға тісін қайрауының мәнісін түсінбей дал болатын.Күштінің .. дермен тартадының кебін келтіріп, өзін де оп-оңай қармағына іліп, айтқанына көндіріп, айдағанына жүргізгеніне зығырданы қайнайды. Құдды, бір жыланның арбауына түскендей, қол- аяғы тыпырлап, басын изей берген несі екен.?! Бұл бәленің алдына келген жанды пысы басатын не құдыреті бар. Бір мен емес компаниядағылардың баршасы ол жат десе жатып, тұр десе тұрып үйренген. Бұл оның құдыреті ме, әлде уысындағы ақшаның құдыреті ме?! Иә , бұл нарық жан біткенді ақшаның құлына айналдырып болды ғой. Мен де , сол ындынының ылауында кеткендердің бірімін. Ол: « қазіргі киллердің пұлы 50 мың доллар.Мен екі еселеп берем, демек жұз мың доллар қалтамды деп есептей бер. Мені менсінбеген сұлудың өз обалы өзіне, енді өмір бойы мүгедек күйеуіне мөлиіп отырсын» демеді ме, беті былш етпестен...Япырай, адамдар қандай қара жүрек болып кеткен. Не істесем екен,біреудің обалына қалып не істеймін, бәрін тәрік етіп, бетім ауған жаққа кете берсем бе екен... Астыма көлігін, қолыма ақшасын беріп, «адам аулауға» жіберген қожайынның сөзін жерге тастап, уәдеге тұрмасам, қайда барып мәпақа табам?! Біз сияқты қарабайырлар кімге керек? Ол болмаса тағы бір қалталы Қарабай ежелге жауынан кек алуға , біреудің мойнында кеткен қарызын қайтаруға жұмсайды. Бір қотырдан қашып, бір соқырға жолығамыз. Бұл дүние не болып кетті. Өз еңбегіңмен , маңдай теріңмен қалаған кәсібіңмен айналысып күн көретін заман қайда...Қайрат күрсініп, аяғының астындағы білтемірді сығымдап көрді де, кішкентайында әкесі «зілтемірді көтер, шынығып, пілдей боласын»деп есік алдындағы қайдан келгені белгісіз он келілік гирді қолына ұстатып, ертеліі кеш қара терге түсіретін. Ой, заман-ай, осылай құрылыстың аумағынан тауып алған біл темірді қару қылып, біреудің жолын тасам деген үш ұйықтаса түсіне кіріп пе?! « Ал , мұнымен қара құстан бір ұрғанда тіл тартпай кетсе не істеймін. Обалына қалам- ау... Өлтіріп тастауға міндетті емес шығармын...Байғұсты ақырандап ұрайын. Жәйлап ұрсам, жағама жармасып, ұстап алып полициядан бір шықсам қайттім... Ал кімнің ұрғанын білмей, естанды болып қалса, әржағын көрермін. Қожайынға қолымнан келгені осы болды..беретініңді бер, жөніме кетейін деймін. Мен де не алажағы бар.
Осы сәт парктің ішімен жалғыз келе жатқан ұшқыш формасын киген ұзын бойлы тұлғалы жігітті көріп, демін іщшіне тартты. Дәуде болса аңдығаны осы. Күндіз әуежайға барып, оның ұшағының келетін уақытын білген. «Аңдыған алмай қоймайды» деп бекер айтылмаған ғой. Бұл жігіт рейсін аяқтап, сүйгенінің ыстық құшағына асығып келе жатса керек. Қайрат жан –жағына жіті көз тастап, тірі жанның жоғына көзі жеткен соң, жеңіне білтемірді тығып, жігіттің ізіне түсті., Анау ысқырып ән айтып , ешнәрседен алаңсыз кетіп барады.. «Олжасының» әр-жақ бержағын қазған оққағар оның есімін де біліп алған. Жанына жанаса беріп :
- Асыл, тоқтаңыз !– деп дыбыстады. Алаңсыз келе жатқан жігіт жалт қарағанда, қолындағы шоқ гүлі анадайға ұшып түсті..
–Сіз кімсіз?– абдырап қалған ол қолынан ұшып кеткен гүлін алуға еңкейе бергенде , білтемір қарқұсынан сарт етті. Жер сүзе құлаған жігіттің ыңырсыған үні естілді.
Сол бойы қожайынына болған жайды баяндаған. Ол селсоқ тыңдады. «Жарайды, оның өлі -тірісінен бізге келер пайда жоқ!»деді де телефонын өшіре салды. «Қызық , өзі айтып, өзі тана ма, тапсырыс берген өзі, осы кісіні түсінсем бұйырмасын. Алда-жылда анау өліп кетсе, қаны менің мойныма жүктеледі. Сол кезде , президент мені көрмеген де ,білмеген де болып шыға келмейтініне кім кепіл! Отызға келгенше, басыма отыз түйір ақыл кірмеген не деген маубас едім». Бірақ болар іс болған соң, өкінгенен не пайда. Адам айналасындағы ауа жайдың құлы деген рас екен, ол жеме -жемге келгенде,құлқынының құлы болғанын мойындады. Бір қызығы , сол оқиғадан кейін ол қожайынын көруден қалды. Дем алысы бітіп, жұмысқа шыққан соң, күзет басшысының айтқанын істеп , айдағанына көнетін болды. Іштей басымды қатерге тіккен ісімнің қарымтасы осы болғаныма деп ызаланады.
Қайрат ызаға булығып: «Отпен ойнайын дедің , Сұлтан мырза, мен сені көргім келсе, әпсәтте қасыңа жетіп барамын. Сенің алдыңдағы күзетшілердің бәрі бір кезде сенің оққағарың болғанымды біледі. «Мені президент шақырып жатыр» деймін де,жетіп барамын. Бірақ, мені ит байласа тұрғысыз айдалаға жалғыз жіберуің де бір гәп бар сияқты. Әлде , біздей сұрауы жоқ жандарды бір түндік қылып, жоқ қылып жіберіп, «білмеймін бұрын сотталған . оны өлтірген өзінің адамдары болса керек деп ақтала салғың келе ме?» Міне , гәп осында болса керек. Сен істеріңді менің қолыммен істетіп алып, енді куәгер ретінде менің көзімді құртып жіберуді ойластырып жүрген боларсың. Ол ойлағаның бола қоймас...»
Қайрат ұйқыдан оянғандай, көзін ашып алды. Шынында да, мені осы жерде біреу –міреу өлтіріп кетсе ,іздеушім жоқ қой. Ауылда өздері шаққа күн көріп отырған әке- шешемнің, қаңғып жүрген мені біреу өлтіріп кетті екен деп ізденуге шамасы жетпейді. Ілде алдалап қалада пәтер жалдап, өзінің отбасын әрең асырап отырған інісінің неге шамасы келеді. Жоқ. Мырза , мен өлсем жастығымды ала өлемін. «Өлетін тышқан мышықпен ойнайды» дегенді ұмытпа! Былай қарағанда, сені сүймей, сүйгеніне қосылған қыздың не жазығы бар еді? Күшті к... дермен тартадының керін келтірдің. Жүрекке әмір жүрмейді дегенді ұмытып, өзіңе бағыныштылардың бәріне әміріңді жүргізгің келді.Ал , Аймарал болса , молодец! Сен ойлағандай билікке де , байлыққа да бас имейтін, өзінің бағасын білетін сұлу! Ал , не істейсін! Ал сен болсаң , иілмейтіндерге иелігіңді жүргізгің келіп, мен сияқты аңқау , аңғал ақмақты тауып алып, қол шоқпар еттің. Заңның қолы ұзын. Соны сезіп, тықыр таянғанда, менің көзімді құртуды ойлап жүр екенсің ғой. Әрине, сенің бұл қулығың мен сұмдығыңды өзіңнен басқа тірі жан білмейді. Менің көзімді құртсаң , судан таза , сүтен ақ болып шыға келесін.
Қайрат орнынан тұрып, жан-жағына қарады.Түнгі сағат екі. «Ал мен қазір далаға шығып, бір тасаға тығыламын.Президенттің қолшоқпарлары келеді, іздеп, таба алмай, қайтып кетеді. Мен олардың қай күні , қай сағатта келетінін білмеймін ғой.Ал егер Сұлтанның ондай арам ойы болмаса ше?!»
Айнала көзге түртсе көргісіз тастай қараңғы. Күзетші өз ойынан өзі шошынғандай ,елегізіп жан- жағын жіті шолды да, ішке кірді. Вагонның қатты итеріп жіберсең быт-шыт болғалы тұрған есігіне қарап, «Отырған жерім де келісіп тұр екен.Керек болғанда кердеңдедім, керек болмағанда, күл-қоқыстың арысда көлеңдедімнің» кебі келіп тұр. Өзі қожайынның оққағары болғалы, қанша адамды қорқытып үркіткені есінде жоқ. Үй тапсырар уақытта ,сол келетін комиссияның ішінде өзінше шындық іздеп шырылдаған біреу болса, оны бір бұрышта аңдып тұрып, шыбын жанын көзіне көрсететін Қайрат. Содан соң анау кацерден шыққандай мап-майда болып, мәйпаңдап қалады ғой. Ал, тендр өткізгенде, ортада делдалдыққа жүріп , сол тендрді ұтып алу үшін анажақтың буын- буына түсетін құрт та Қайрат. Сол бума- бума доллардан , бір бумасының қызығын көрсей.. Ол президентіне жанын салып, адал қызмет етті. Сонда жеткен жері осы ма? Анда-санда «Қайреке , анау үй салынып болған соң, саған бір бөлмелі үй берем, қалыңдығыңды дайындай бер» деп, мұны алдарқатып қояды. Ол үй біткен соң, жылы мұрныңа суық боқ, қожайыны «Қайреке, сен әлі үйленетінге ұқсамайсын, келесі де аласын, шыдай тұр» деп алдаусыратып, арқасынан қағады. Ақыры ,байтал түгел бас қайғы қылып қойғаны мынау.
Вагонның тозығы жеткен төбесіне қарап, түрлі ойға түсіп жатып, қалғып кетіпті.Бір нәрсе сырт еткендей болғанда, шошып оянды. Есікті біреу итергендей ме, демін ішіне тартып, тың –тыңдады. Шынында да, сыртта біреу жүргендей . Басына жастық еткен жыртық жыртық көрпенің астынан пневматикалық қаруын алған күзетші есік алдына барып :
– Әй ,кімсің ,жеті қараңғы түнде қаңғырып жүрген, басыңды жұтайын деп жүрмісің !– деп дауыстады.
– Қайрат аға, аш , мен Бөгенмін ,–деді сырттан батылсыздау үн.
– Е , сен не істеп жүрсін?– Қайрат есіктің ілгішін көтерді.
– Өзіңізбен ақылдасатын бір шаруа бар.
– Күндіз уақыт таппадың ба?
Бұрын екеуі компания басшысының оққағары болып , бірге жүрген. Бірақ нағыз құпия істерге қожайын Қайратты жалғыз жіберетін. Онысы артық-ауыз адамды қаламағаны. Сондықтан мына Бөгеннің білгенінен білмегені көп.
– Е, сені де осында жібергенен сау ма, қожайынға не жазып қалдық екен?
– Білмеймін , Қайрат аға ,– Бөген кібіртіктеп төмен қарады.–Менен гөрі сізге бір табан жақын болды ғой.
– Жақын болғанын көріп отырсын ғой. Айдаладағы объектісін күзеттіріп қойды. Айлығымды да дұрыс ала алмай жүрмін.
– Оның бәрі түк те емес, бірақ сізге қатысты бір арамдық ойлап жүрген тәрізді.Жанымдағылардың жыбырласқанынан соны аңғарғандайын. Мүмкін , мұным жәй күдігім шығар . Дегенмен « сақтықта қорлық жоқ», бас аманда , бой тасалғаныңыз дұрыс шығар... Қайрат басын көтеріп алды.
– Солай ма? Өзім де сезіктеніп жүргенмін.
– Соны сізге ескертейін деп келдім. Шамаңыз келсе , қашып кетіңіз.
– Қашқанда қайда барам?
– Ой ,екі қолға бір күрек ,басқа жерден де осындай бірдеңе табасыз ғой.
– Мүмкін, саған мың да бір рахмет!
– Аға , осы түнді жамылып, қазір кетіңіз, мен көлікпен келдім. Қалаған жеріңізге апарып тастаймын.
– Тіпті жақсы. Жүр кеттік.
Қайрат вагонның жарығын сөндіріп, есігін қапсырды.
Бөгеннің жер сызған көне опелінің арт жағына отырған ол:
– Сонда маған не істемекші екен?–деп сұрады.
– Мен білмеймін , Қайреке ,
– Ол жағын білмеймін. Сізді сыйлағандықтан, жазым боларсыз деп жаным ашыды. Қазір байлардың құрығы ұзын ғой. Қалталары қалың.Оларға киллер жалдап адам өлтірту деген ешнәрсе емес. Ал біз сұраусыз кете береміз. Қазір адамның құны жоқ, ақшаның құны бар.
– Бөген, адам аласы ішінде деген.Мен осы қожайынды білмейтін болып шықтым. Саған бір өтініші айтайын Аймаралға айтыңыз , сақ болып жүрсін. Өмір болса, тағы да кездесерміз, ал мені осы жерден түсіріп кет!
– Ау, жатаханаға келген жоқсын ғой.
– Жоқ, онда енді бармаймын. осы арада қаламын. Көріскенше күн жақсы.
* * *
Қараша айының ызғарсыз бораны.Жылымық қар бетке соғып, сол бойы еріп тамшыға айналады.Таң ертеңгілік такси аялдамасына келген Қайрат қалтасындағы барын қағып, жүргізушіге берді де, «Жүр ,өзім айтам, қайда апаратыныңды... » деп жанына отырды. Сол жақ бүйіріне тыққын пневматикалық қаруын сыртынан сипады.Өзі талай барып жүрген жас мырзаның демалатын үйіне жеткенде, солтүстіктен соққан желдің екпіні қатайып , жаңа жауған қар ұйытқып аспан мен жердің ортасын ақ түтек етіп жіберді. «Аяқ астынан боран көтерілгенін қарашы, жолым болар» деп ойлаған оққағар коттеджінің жанына келген соң, таксистің жаурынан қағып «Рахмет ,бауырым » деді де, түсіп қалды..
Такси жүріп кеткен соң , ыққа қарап, темекісін асықпай тарты да, қар-қар болған кеудешесін қағып, қақпаның аузына таянды. «Егер Қайратты көрсеңдер жібермеңдер,» деп тәртіп беріп қойса қайтем , немесе үйінде жоқ болса ше, деп қобалжыды. Бірақ бұрынан қожайынның қасынан оны талай көрген есік аузындағы күзетшілер бірден таныды, тіпті қайда барсың деп те сұрамады. «Ашық ауыздар» деп іштей оларды бір боқтап алған Қайрат мырзаның сыртқы есігінен кіре бергенде, алдынан қарсы жсоққан сары жігі:
–Тоқта , қайда барсын , сені кім жіберді?–деп саңқ етті.
–Өшір үніңді!–деп оны жарға жапсыра қойдыда ,–Неменеге қанен итше шәуілдейсін! Қожайын үйде ме, айт жаныңның барында!-деп қарулы қолымен тамағынан мыжып жіберді. Жаны мұрнының ұшына келген әлжуаз жігіт тілден қалып , екі қолын ербитіп, есікті көрсетті.
-Мен оның оққағарымын. Шаруам бар. Үніңді өшірмесең , жаныңды жаһанамға жіберемін! Ешкімді жібер ме!- деп, оны ауыздағы дәлізге қарай итеріп жіберіп, есікті ішінен кілтеп алды. Қолындағы қаруын көздеп ұстауымен үйге кірген ол холлдағы диванда шалқасынан жатқан президентті көрді де..
–Мен келдім Сұлтан мырза , Сізбен сөйлескім келеді.Менің қолыммен жасаған құйтырқы істеріңді ешкім білмесін деп, қала сыртындағы объектіге жіберіп, көзімді құртқың келді ғой.. Мен сіз ойлағандай аңқау емеспін. Тұр сөйлесейік! –деп ақырды.
–Ау..Қайреке.. Сенбісің. . өзімде бір соғар деп ойлағам. Батыр жігіт екенсің.Күзеттен қалай өттің?!Әлде бәрін де соққыға жығып кеттің бе? – қожайын басын самарқау көтерді де:
–Баса көктеп кіргенше. рұқсат неге сұрамайсын?
–Рұқсат сұрағанда, кіргізетін бе едіңіз?! Өйтіп көлгірсімеңіз...Қанша телефон соқсам да алмай қойдыңыз...Менің Сізге адал қызмет істегеннен басқа не жазығым бар еді? Енді міне , есептесетін шағың келді.
–Қанша сұрайсың?
–Оны Сіздің мырзалығыңыз біледі.
–Сіз адамның терін пайдаланып, өзін теңім деп санамайды екенсіз...Адам деп аямайды екенсіз.. Пәтер берем дедіңіз..қайда сол пәтер..Ит құсап қаңғып жүрмін.Ақыры ит байласа тұрғысыз, қырық құрақ вагонға жібердіңіз...
–Қайдағы вагон?!
–Е.. бәсе.... білмейді екенсіз ғой?.
–Қайреке, шынымен білмеймін. Мен бір айдан бері офисте болған жоқпын. Мен аурумын.
–Менен қорқайын дедіңіз бе, қорықпаңыз. Мен Сізден аларымды алып болмай, жаныңызды алмаймын. Сіздің қаныңызды мойныма жүктеп, тағы түрмеге отырып қайтем, онан да Сіздер, байлар , өмір сүрген молшылықпен бір күнде болса да, мен де өмір сүрейін.Ақымды беріңіз!
Осы кез президенттің ұялы телефоны дызылдады.
–Алыңыз ,–деді оққағар.
–Иә, бәрі дұрыс. Ол менің ескі танысым.– мырза телефонды лақтырып жіберді.
–Сонымен қанша сұрайсың ?
–Пәтер алғым келеді. Ауылдағы кәрі әке- шешемді көшіріп алам. . Олар бір бөлмеге сыймайды. Үш бөлмелі үй керек. Сіздің анау айдаладағы объектіңізге барып, оны күзету үшін көлік керек .Есептеңіз.Сіз маған қанша берсеңіз де, кедей болып қалмайсыз.Мен сізге осыған дейін ақысыз-пұлсыз қызмет жасадым. Сіздің қолшоқпарыңыз болып, жазықсыз жандардың көз жасына қалдым.
– Еспешотың мен кәртечкеңнің нөмірін жазып бер! Ертең бүгін картешкеңді қара, түспесе , мені келіп өлтіріп кет!
–Күзетшіңді мықтап, полицияңды шақырып қояйын дейсің ғой.Өлтіргім келсе, мен сені жерге кіріп кетсең де табам !
Қайрат қалтасынан блокнотын алып, банкіңдегі есепшоты мен картешкесінің нөмірін жазып , президенттің қолына ұстаты.
– Уәдеңде тұр. Ертеңге дейін күтем! Егер уәдеңнен шықпасаң, өз обалың өзіңе .Мен екі сөйлемеймін.Бәрі бір сотталам...
–Қайрат , тоқта!–деді президент , демін әрең алып,– Ақшаны аударам, оған қам жеме! Бірақ енді екеуміз кездесеміз бе, кездеспейміз бе,– оның үнінің соншалықты қынжылыспен , қажығандықпен шыққаны сонша, оққағар есікке жете беріп, қалт тоқтады.
Кешегі ту десе түкірі жерге түспейтін қаһарлы президенттің орнында , жүзі сарғыш тартып, әбден жүдеген бөгде біреу тұрғандай сәл таңданып:
–Сұлтан Тұрсынбекұлы,Сізге не болған?–деп міңгірледі.
– Қайреке, егер алдыңда кінәлі болсам ,кешір. Сенен бір өтініш ,Аймаралға қамқор бол! Мен компанияны соған тастап барамын. Басқа қолайлы адам таба алмадым. Менен тергеу басшысы келіп жауап алды.Олар сен туралы ешнәрсе білмейді. Сен өзің, анау айтқандай, жаман жігіт емес сияқтысың, ендігі жерде абай болғайсың , ыссы мінезіңді жеңіп , адам болуға тырыс. Болды , енді кете бер,хош!
Сыртқа атып шыққан Қайраттың құлағынан « енді кете бер, хош» деген қожайынның сөзі көпке дейін кетпей қойды.
Әрі –беріден соң , «Осының бәрі мына қаншықтың кешірі...» деп ызаға булықты. Сонда да оған қамқор бол дейді . Бұл не? Әлде осы ма екен махаббаттың машақаты.?! Өзін қоярға жер тапай, кешке дейін көше шарлаған оққағар бонкоматтан картешкесін қарап, шоршып түсті. Ол аяқ астынан бай болып шыға келгеніне не қуанарын , не қайғырарын білмей, дел-сал..
8 Тарау
Шаш
Жиһаз дүкендеріне кіріп, ас үйге мебель іздеген Шолпан көңіліне ұнайтын еш нәрсе көзіне ілінбеген соң, үйіне қайтып келе жатып, көшенің оң жақ бетіндегі «Сұлулық әлемі» деген жазуға көзі түсіп, «кіріп шықсам қайтеді?» деп ойлады да, « қартайғанда не болса соған желіккенім несі?» деп өз-өзіне тоқтау салды.«Күйеуің жас келіншекке қызығып, аузынан суы құрып жүргенде, сен де сыланып-сипан»,- деді әржағынан бір дауыс. «Менің көшеде жүріп, қайда кіргенімді кім қарап тұр дейсің , кірсем, кіріп шығайын » деп шешкен ол түрлі әтір мен сылау майларының иісі аңқып тұрған салонға жасқаншақтай басын сұқты. Біреудің шашын сәндеп жатқан шаштаразшы :
–Апай... кіріңіз ... кіріңіз ... тіпті қысылып тұрсыз ғой. Какрас сіздің жасыңызда бетке де, шашқа да ерекше күтім керек. Келіңіз, қазір мына кісіні жібере қояйын, –деді жылпылдап.
Келесі бөлмеден шәйнектің ысқырған үні естілді.
– Майра , сөндіріп тастай салшы.
– Ал, апай, не қалайсыз? Өзіңіз былай да ажарлы екенсіз. Егер бетіңізге макияж жасасақ құлпырып кетейін деп тұрсыз.
– Иә, бүгін күн салқындау екен , бетім тоңазыған соң, кіре салғам.
– Келіңіз отырыңыз, майлап, сылап-сипап көрейік,–деп қоярда- қоймай креслоға отырғызды:
– Апай, осы маңайға қоныс аудардыңыз ба? Сізді бұрын көрмедік, біздің тұрақты клиентеріміз бар. Негізі біздің қазақтың әйелдері өздерін өздері күтпейді ғой. Сосын жасынан бұрын қартаяды. Сіздің олай болғыңыз келмейді ғой, солай ма?
– Әрине, өзіңді -өзің күткенге не жетсін. Біз уақыт бөле бермейміз ғой.
– Міне, бізге жетісіне бір- екі рет келіп тұрсаңыз болды.
Келіншектің қолы жұп-жұмсақ екен беті-жүзін, мойнын ысқылап, майлағаны сонша Шолпанның ұйқысы келді. Шаштаразшы оның қою шашын тарқатып, желкесін уқалап, ұзын шашын иығына келтіре қысқартып, өлшеп тұрды да:
– Апай,сізге қысқа шаш сондай жарасымды! Шашыңызды неге қидырып тастамайсыз? Қараңызшы , он жасқа жасарып шыға келдіңіз. Шолпан шашын қайырып ұстап, айнаға бұрғын шаштаразшының сөзінен кейін, айнаға көз салып ,шынында да , қысқа шаштың өзіне жарасып, жасаң етіп тұрғанын көріп, қатты толқыды. «Жарайды, қидыра қояйын, сонда Райс не дейді, мүмкін ол ұзын шашым үшін ұнатқан шығар? Бірақ күйеуінің көңілін қалай ауларын білмей жүрген әйел «Несі бар, өмір бойы түйіп қойып жүрдім, бір кезең қысқа шаштың да қызығын көрейін.Оның үстіне ұзын шашты жуып , тарау да шаршатады» деп ойланып қалды.
– Сонда шашымды қайда жібересіздер?
– Қаласаңыз, өзіңізге жалғайтын шаш жасап береміз.Той- томалаққа барғанда сәндеп прическа жасатасыз.
– Қайдам, күйеуім ұрысып жүрмесе?
– Қызықсыз апай ,қай еркек әйелінің жас көрінгенін қаламайды?
– Айтпады демеңіз, ағай қуанғанан қол шапалақтайтын болады.
«Қол шапалақтайтын адамды таптың, күндіз –түні қылмыс ашудан қолы тимейді» деп ойлаған Шолпан күрсініп алды да:
–Нар тәуекел , мұны да көрейін ,–деп рұқсат берді.
* * *
Сән салонынан шығып, үйіне келген соң, айнаның алдынан бір шықты. Әдемілеп қиған қап-қара шашы домалақ бет әлпетіне үйлесіп, сылап-сипаудан кейін үлбіреп тұрған екі бетінің ұшы қызарып, құлпырып кеткен.
« Ұят-ай,масқара болдым! Өмірде істемеген нәрсені істеп, енді Райсқа қалай көрінемін. Ол осының бәрін қызғаныштан жасап жүр деп ойлайтын болды. Оның несі айып екен, қызғансам, құдай қосқан қосағымды қызғанам.. Мұндай азаматқа кім қызықпайды дейсің?!Ой десе ойы бар, бой десе бойы бар.Оның есіне Баршагүл мен Мырза түсті. «Міне, табылған ақыл, соларды шақыра қояйын, көптен бас қосқан жоқпыз» ол тапқырлығына мәз болып, телефонды алып, сол үйдің нөмірін терді.
– Алло, Баршагүл, амансыңдар ма ?– Әржағынан саңқылдаған үн сап етті..
– Япыр-ай, қалай есіңе түсіппіз.Звондайын десем, сендер қызметтегі адамсыңдар, мазаларын алмайын деп қысыламын.
– Мен ет салып қояйын, Мәкең екеуің келіңдер.Саған көрсететін сюрпризім бар.
– Не дейді, кешке дейін өзімді қоярға жер таппайтын болдым ғой. Бірден айта салсаңшы..
–Жоқ, келгесін көресін.
Шолпан Баршагүлге қызығады. Ол ешуақытта мұңаю дегеннің не екенін білмейді. Жарқылдап, ішінің бәрін жайып тастап жүреді. Ерлі-зайыптылар өмір бойы бір шаранаға зар болып жүрсе де, төрт құбыласы тең жандардай сыр білдірмейді. Райс тұлдыр жетім қалған Аленаны олардың атына аударып бергелі, екеуінің де көңілдері көтеріліп , кәдімгідей қутыңдап кетіпті. Баршагүл қыздың атын қазақшалап Әлима деп атап жүр. Ол дегенде шығар да жаны басқа. Мектепке апарады, әкеледі. Көзінен таса етпейді. Қайта- қайта көтеріле беретін қан қысымы да , осы күні көп мазаламайтын болған.Қайғы көрге жетелейді дегеннің де жаны баршығар. «Енді қызымды құтты жеріне қондырмай , өлмеймін» деп өз-өзіне сер бергендей болдаы. «Жақсыны бір қысым еттен қысады», дегендей бұйғұстар бір балаға зар болып жүргенде, мына қыз оларға сүйеу болды.Осы қыздың тек тума- туысқандары табылмағай»– деп Райс мазасызданады.
Шолпан жылқының етін салып, бір қайнаған соң, Райсқа телефон соғып, қонақ келетінін ескертті. Ол «Біреуден жауап алуым керек еді, алдын-ала келісіп алмаймысың» деп ренжіді де, іле «жарайды, кешікпеуге тырысамын» деп, уәде берді. Әшейінде Мырза десе ішкен асын жерге қоятын оның бұлай қашпалауы да Шолпанға күдікті көрінді. «Ана келіншекпен кездесетін жоспарын бұзып жіберсем керек, ол маған жалғыздықтан көзі қарайып жүріп, үйлене салып, нақ сүйгенін енді жолықтырған болса қайттім?! Ер кісінің көңіліне бір алаң кірер болса , оны тоқтату қиын. Енді не істесем екен? » әйелдің көңілі күпті. Қалай тынышталайын десе де, таяуда ұялы телефонына белгісіз біреулермен жіберілген Райс пен Аймаралдың суреттері ішіне шоқ түсірді.Күйеуінің өзіне тап солай еліткені есінде жоқ. Ауылдың салпы етек, сары қарын әйеліне неге олай қарасын?! Оны бір көргеннен есім шыққан мен байғұстың алды- артымды ойламағанымды айтсайшы! Қызғаныштың қызыл итінің талағаны соншалық, суретті ешкімге көрсетпеуге, ол туралы ешкімге, тіпті Райсқа да тіс жармауға бекінді.. Бұрын естіген –білгенін тергеу амалдарына септігін тигізер деп, күйеуіне жедел жеткізетін. Бұл жолы ол міндетін ұмытты. Тіпті «бұл суретті кім жіберді , қандай ниетпен?»деген сауалдарға да бой алдырмады. Бар ойы « Райстың оған сонша емінуіне, еміренуіне қарағанда,араларында бірдеңе бардың..» айналасынан шықпай қойған.
Әрі-беріден соң Баршагүлді де кінәлі қылып қояды.Мұндай азаматты таба алмайсың деп қылқуырдай қадалды емес пе? Шынында, көп нәрсе арадағы жүрген жеңгетайларға байланысты дегенді бұрындары көңіліне түймейтін. Онымен қоймай, үлкен баласы істі болғанда Райстың көмегімен ғана ақталды емес пе?. «Алтын басты әйелден , бақа басты еркек артық» деген рас екен , қысылған шақта қол ұшын берген оны азаматтығын қалай ұмытсын. Оның алдында өзін өмір бойы қарыздар сезінгені де рас. Сонда бақа басты Райс па, мен де қай-қайдағыны ойлайды екенмін. Алдын-ала , абыржымай, сабыр сақтап көрейін, деген Шолпан айнадағы шашы қиылған, екі беті албырап , қой көздері күлімдеген өз бейнесіне қарап: « «Құдайым-ау, мынау мен бе? Баршагүл мен Мырза не дер екен?! Бірінші солар көреді ғой. Сосын Райстың реакциясын білеміз. Етін пісіріп, нанын жайып, асханадағы үстелін түрлі тағамдарға толтырып, қонақтарын шыдамсыздана күткен ол орамал тауып , басына байлап алды.Осы сәт домофон шыр етті. Баршагүлдің дауысын таныған Шолпан жалма-жан тетікті басты. Үйге даланың салқын ауасын ала келген қонақтарды жылы шыраймен қарсы алған ас иесі, киімдерін іліп, Аленаның бетінен сүйіп, бәйек болды. Баршагүл Шолпанның басына көзі түсіп:
–Мәссаған! Орамал тартатын болғансың ба?– деп қалжыңдады.
– Нан жазған соң ,байлап алғам. Қазір шешем.
Бір қалада тұрса да анда -санда көрісетін әйелдер ас үйге кірген соң , Баршагүл Шолпанға назар аудара қарап:
– Қарға аунаған түлкідей құлпырып кетіпсін ғой. Жақсы азаматтың жары болу деген осы. Шешіп тасташы, ана басыңдағы орамалды!–деп бұйырды.
– Баршагүл, шешем ғой, бірақ бүгін шашымды қидырып тастап едім, Рекең не дейді ,соны біле алмай тұрғаным.
– Әй, қу шешек, сосын шақырған екенсің ғой. Кәне, шеш , көрейік. Орамалын шешіп алған әйелге қараған , Баршагүл тамсанып, алақанын соғып қалды.
– Мырзеке , мында кел, қызықты қара, қазір Рекең келген соң , келіншегін көрсетпей , көрімдік аламыз. Шолпан-ай, баяғыдан бері қор болып жүр екенсің ғой, қандай жарасымды! Тіпті жиырма жасқа жасарып қапсың!
Төр жақтан шыққан Мырза өзі көргелі тоқпақтай шашын артына түйіп бір қалыптан аумайтын Шолпанның мына түріне қарап, не айтарын білмегендей, ауызын ашып қалды. Сасып қалған Шолпан:
– Мырзеке, немене үйлеспей тұр ма ?–деп күмілжіді.
– Жо-ға , біртүрлі көзім үйренбеген соң, мына біздің бәйбіше білгіш қой. Ол не дейді?
– Керемет !–деді Баршагүл ернін шүртитіп.– Осы еркектер не біледі дейсің? Бірақ Райс оқыған, мәдениетті адам ғой. Бағалай біледі. Оның несіне қобалжисың.
– Егер ұрыспаса...– Шолпан саусағымен басын сипағанда , қысқа шашышолтаң етті.
– Не болса да қайтадан өсіре алмайсың, бірақ өте жарасып тұр. Рекең қаланың адамы. Тіпті қуанбаса маған кел, әйелінің жасарып қалғанын кім жақсы көрмейді дейсің. Мырза ,мен де шашымды қидырсам қайтеді. .Қызығып кеттім.
–Сосын ет асып, Райс пен Шолпанды шақыр !– Мырза мырс етті. Реті келгенде жанды жерден шымшып алып сөйлейтін ерінің мына сөзіне қысылған Баршагүл. «Үндемегенен үйдей бәле шығады » бұл сөйтеді деп қипақтады
Істерін істеп алып, іштей пұшайман күйде тұрған Шолпан олардың сөзін аңғармады.Осы сәт ішке кірген Райс:
– Мен жоқта не дуылдасып жатырсындар, дәлізден дауыстарың естіліп жатыр .– Ол сырт киімін асығыс іле бастады. Баршагүл асхана жақтағы Шолпанға қолын сілтеді.
–Шәкең ет асып қойдым деген соң ,ет дегенде бет барма деп, жеттік.
Мырза Райстың қолын алып, оған қоса арқасынан қақты. Ол өзінің жас үлкендігін желеу етіп , Райсты көрген сайын ағалық мінезін осылай танытатын.
– Амансың ба, қалай қылмысың азайып, жұмысыңның жеңілдейтін түрі бар ма?
– Қайдағы , Мырзеке, баяғы жанталас бір жанталас, азаятын қылмыс жоқ. Сірә, дем алу керек шығар.
– Тамақ дайын, қол жуып, отыра беріңіздер ,-–деді Баршагүл.
Райс жан-жағына алақтап : – Шолпан қайда?–деді.
– Келе жатырмын ,–-деді асханадан табақ көтеріп шыққан әйелі.
– Бір келіншектің күйеуін сотқарлар есінен тандыра соққыға жығып, амнизия болып қалған. Солардың кімдер екенін таба алмаудамыз.
– Иә, қазір адамды адам аяудан қалды. Ол тек қана сіздер жұмыс істегенмен бітпейтін шаруа. Қоғамдағы ахуалды өзгерту керек.
– Соны айтыңыз. – Үстел басына отыра берген Райстың Шолпанға көзі түсіп кетіп , қалт тоқтады.Оны аңдып отырған Баршагүл:
– Сюрприз, Реке, Сюрпириз! Әйелдің «шашы ұзын, ақылы қысқа» деген соң , Шәкең ақылын ұзартайын деген бе, шашын қиып тастапты. Бірақ кермет жарасады, солай емес пе? Сірә, мен де қидыратын шығармын.
Шынында да, Шолпан мүлде өзгерген.Қысқа қиылған қара шашы дөңгелек жүзін аша түсіп, қыр мұрыны сүйірленіп , бетінің ұшындағы шұқыры ойнақшып тұр. «Тіпті жасарып кетіпті. Бұрын неге қиғызбаған»деп ойлаған Райс:
–Құтты болсын! Жарасымды болса болды.Баршагүл дұрыс айтады.Мүмкін, шаш қысқа болса, ақыл ұзаратын шығар .Ылайым солай болғай.– Ол соңғы кездегі әйелінің қызғаншақ мінезін меңзеп , қағытып өтті.
– Ой-пыр-ай. Айтқышсыңдар-ау, Шолпанды ақылсыз деп кім айтты..Біздің Бәкеңнің тіліне ерсең, біраз жерге барасын,Шолпан ақылына көркі сай әйел ғой. Шаш деген бірде өседі, бірде түседі ,онда тұрған ешнәрсе жоқ ,–деп Мырза тамаққа қолын созды.
Райсқа әйелінің қылығы бір түрлі ой салды. Қызғаныш не істетпейді?! Бейтаныс келіншектен күдіктенген әйелі ойға да, қырға да жүгіріп, жасарудың қамымен қарбаласқа түсіп жүр. Демек, қызғаныш деген қызыл көзді бәле! Әйелдердің қызғанышы осындай болғанда, ер адамның қызғанышы не істетпейді?! Аймаралдай сұлуды сүйгенінен қызғанған компания президентінің оған қастандық ойлауы әбден мүмкін нәрсе ғой. Демек, бұл қылмыстың ұясын сол жақтан іздеу керек!
Екінші бөлім
9 Тарау
Аймарал
...Бүгін жұмыстан шаршап шықтым. Президент хабар-ошарсыз жатып алды.. Бар ауыртпалық менің мойнымда. Оның үстіне «жел болмаса шөп басы қимылдамайды» дегендей, елдің сөзінің жаны бар ма, ішімдікке салынып кетті деген рас шығар, күніне бірнеше рет телефон шалып: «Мен сені сүйемін... Сенсең, менің санаулы күнім қалды...» деген жүйесіз сөздерімен, әбден жүйкемді жұқартты. Соңғы кезде , жүйкемнің тозғаны сонша, телефонның шырылынан үркетін халге жеттім. «Семіздікті қой көтерді» деген осы. Қалай болғанда да, онымен бетпе- бет кездесіп, араны ашып алу қажет. Егер ақи-тақи лауазымынан бас тартатын болса, атқарушы президент сайлауын талап етемін. Тіпті болмаса, кеңес мүшелерін шақырып , компания тағдырын шешу керек.– деп түйдім.
Үйдегілер мазасызданып отыр екен.
– Ту,,Аймарал тәте, зәрем ұшты, бұлай кешікпеуші едіңіз ғой.
Телефонды да көтермейсіз..– немер сіңілім Зарина құрақ ұшты.
– Талғат жылаған жоқ па?–дедім шаршаңқы үнмен.
– Жоқ , бізде қонақ бар..
– Кім?!
– Асыл ағайдың інісі.
Сонда ғана бүгін келем деген қонақтың тарс есімнен шықанына қатты қысылдым. Осы кез Асылдың жатын бөлмесінен шыққан ұзын бойыл аққұбаша жігіт:
– Сау-салматсыз ба, Аймарал жеңгеміз сіз боларсыз?–деп қолын ұсынды.
Бір қарағанда керемет ұқсастықтары болмағанмен, сөйлеген сөзі ,жүрген - тұрғаны Асылды есіме түсіріп, жанарыма үйірілген көз жасымды әрең тежедім.
– Айып етпеңіз, Сіздің келетініңізді білсем де, қызметтен босағаным осы,– деп ақталдым.
– Зарина,қонаққа ас -су бердің бе?
– Әрине, Асыл ағаға да тамақ бердік. Жұмысым жеңілдеп қалды. Талғат ағасының қолынан түспейді, тіпті жатырқамайды. Жақынды бала біледі деген осы.
– Папасынан аумайды,– жігіт бұнысы маған жағарма екен дегендей , батылсыздау айтты.
– Иә , өкінішке орай,әкесі баласының бар-жоғын білмейтін күйде.
– Ал , терегеу жұмыстары не болып жатыр? Жауыздарды табатын түрі бар ма?
– Осы күнгі полицияның қалай жұмыс жасайтынын білмейсіз бе, соңынан қалмасаң , бірдеңе жасаған болады. Іздеуші ұмытса , олар да ұмытады. Бірақ бір Шерлок Холмс таптым.
–Анаңыздың саулығы жақсы ма? Асыл сіздермен таныстырамын деп жүргенде, мынадай оқиға болды. Өзім іздеп баруға ыңғайсыздандым.
– Анам бұрынан ауыратын оның үстіне баласының соққыға жығылуы тұралатып тастады. Қазір қан қысымы да жоғары. Бірақ немересінің суретін қолынан тастамайды. Асылымнан аумаған деп мәз болады..
– Жүріңіз , асханаға барып шәй ішейік.
– Қашан жүресіздер?!
– Ертеңгі ұшаққа билет алдым. Израильға хабарладым, күтіп алады. Мен оны сол жаққа ұзақ уақытқа тастап кетуім мүмкін. Біздегі медицинаның амнезияға шамасы келмейді. Бір жазылса, сонда жазылады. Онда да, өткенді есіне түсіре алмағанымен, келешекке жететін ес- ақылы кіруі мүмкін деген болжам бар. Осындай шешімге келісесіз бе?
–Келіспегенде басқа амалым бар ма?!Сіздің келгеніңіз жақсы болды. Менің қызметтен қолым тимейді.Не істерімді білмей жүр едім. Қанша жатқызса, сонша жатуы тиіс.Әйтуір жазылып кетсе болды.
Жеңгесінің қатқыл үнінен іш тартқан Насыр Асылдың бөлмесіне қайта кірді. Мынандай қатыгез кезеңде жас баламен жалғыз қалған келеіншектің басқалай амалы қалмағанын сезіп, күрсінді.
Осы сәт конферт ұстап бөлмеге кірген Аймарал:
– Мынау Асылды емдетуге жиғаным,–деп ұсынды.
– Кажеті жоқ. Талғатқа керек болар ,– Насыр алғысы келмей, қолын сілтеді.
–Алыңыз, көп жинай алмадым. Дәрі –дәрмегі бар. Талғат өскенше қай заман. Мүмкін, әкесі сауығар. Егер алмасаңыз, маған ренжігеніңіз.–Ол қоярда-қоймай қолына ұстаты..
* * *
Кеше жадырап тұрған күн бүгін өзгере салды. Аспан бұлтты.Аяқ асты мұз. Біз тақа қысқа етік киіп шыққандықтан, бүгежектеп , кібіртіктеп қалдым. Оқ қағарым алдымнан шығып, қолтығымнан демеді.Ту сыртымнан біреу қарап тұрғандай болған соң, кейін бұрылғанымда, болконда тұрған Насырды көрдім..
«Не ойлап тұр екен?». Түнеріп тұрған күн желденіп, айнала әлем –тапырақ болып алған.Қаланың шеткі ауданындағы офиске жеткенше, жолдағы кептелістен екі сағат уақыт өтті. Офиске кіре бере-ақ , бір қолайсыз ауа жайды сезінгендей болдым, есіктері жабық тұрғын кабинеттердің жанынан өтіп, екінші қатарға көтеріліп, бір жағында президент, бір жағында өзім отыратын қабылдау бөлмесіне келгенімде, кіре берісте толып тұрған қызметкерлерді көрдім. Бәрі самсоз.
– Кешіріңіздер, жолда кептеліс болып , осыншама жүрдік. Жол тайғақ. Маған келіп тұрсыздар ма ? Кіріңдер!
Шешініп , орныма отыр беріп , олардың бір күтпеген хабар айтатынын білгендей..
– Тыныштық па? Тіпті бәрің де тұнжырап тұрсыңдар ғой? –деп, тіксіндім.
– Сізге қалай айтарымызды білмей тұрмыз , Аймарал Ахметқызы, бекем болыңыз.
– Не болды?! Айтсаңыздаршы созбаламай?
– Сұлтан Тұрсынбекұлы қайтыс болыпты.
– Қалайша? Ол мүмкін емес!– даусым қатты шығып кетті. Сосын тұла бойымді діріл билеп, қолымды уқалай бердім. Біреу су құйып ұсынды. Іле :
– Қайырлы қаза болсын, –деген дауыстар естілді.. –Мыналар маған көңіл айтқан несі?.. Бұл бәріміздің басымызға түскен қайғы емес пе? – өзімді қалай ұстауға білмей, сасқалақтап қалдым.
Сосын «Қалай өлген, Райс Сапарұлына хабарлау керек. «Мүмкін біреу қастандық жасаған шығар, мүмкін біреу тонау мақсатымен өлтірген шығар» деген оймен ұялы телефоныма жармастым.
– Полицияға хабарлау керек қой. Қалай қайтыс болған?! Мүмкін біреулер өлтіріп кеткен шығар...
– Бүкіл полиция сол жерде. Естуімізше, ішімдікті көп ішкен, ұйқы дәрісін қоса қабылдаған.. .
– Ажал аяқ астында деген осы,– деп күрсінді, бас инженер.
Кім не десе де, сондай қайратты, сондай қатал президенттің қапы да қаза болуы менің басыма кірмей, есеңгіреп қалдым.
– Аймарал Ахметовна , енді не істейміз?– деді жан- жағымдағылар..
– Енді не істейміз?.. Мен де білмеймін ...Бірақ енді... ақырғы сапарға шығарып салуға дайындалыңдар. Комиссия құрыңдар. Қаржы керек болса, есеп бөлімімен келісіңдер. Мен қазір сол жаққа барамын.
Кабинеттегілер шығып кеткен соң , Райстың телефон нөмірін қайта тердім.
– Райс Сапарұлы, саламатсыз ба, біздегі оқиғаны естідіңіз бе? Естімесеңіз , президентіміз қайтыс бопты.
– Қалайша?– Бұл хабар тергеу басшысына қатты әсер етті. –Неден? Полиция шақырдыңыздар ма?–деді жүйдемелете.
– Білмеймін, мындағылардың айтуы бойынша, ішімдікті көп ішкен, оның үстіне ұйықтататын дәрі қабылдаған. Жоғары қабаттан түсіп келе жатып құлаған дей ме, анығын білмеймін.Сіз барасыз ба?
– Әрине, қазір шығамын.
– Онда мен де шығамын. Екеуміздің бірге барғанымыз дұрыс болар.
– Әлбетте, егер мен бұрын жетсем , сізді сол арадан күтемін.
Райс ертеңгілік поштаны қарамақшы болып отырған. Тез жиналып, жүргізушісін шақырды.
Президенттің қызыл кірпіштен салынған дербес үйінің айналасы толы машина. Полицияның, жедел жәрдемнің көліктері. Әке- шешемді ақырғы сапарға шығарып салғалы өлім көрмегендіктен, тұла- бойым дірілдеп, көлігімнен әзер түстім. Анадай жерде күтіп тұрған Райсты көріп, көңілім орнына түсті.
– Сізге рахмет, Сіз болмасаңыз , мен мына қаралы үйге қалай кіремін. Күнде көріп жүрген қызметтесімнің жансыз денесін қалай көремін деп қобалжып келе жатыр едім,– деп қолтығына жармастым.
– Сіз қайда шақырсаңыз да , қасыңыздан табылуға әзірмін! – Райс, қобалжып тұрған әйелдің лебізін естімегеніне қуанды. « Мен осы не айтып , не қойғаныма есеп бермейтін болыппын» деп өзін іштей сөкті. Сол бойы сол жақ қолтығына қысып ұстаған келіншектің жұп- жұмсақ алақаны , оның өн бойын балқытып, қанат бітіргендей қомданып алды.
Полиция оған әскери рәсіммен амандасып, жол беріп жатты. Криминалистер де көрген бойы ығысып, жол берді.
– Жолдас, полковник , мәйіт мында,– деді әскери киімді жас жігіт.
– Бізге көру міндетті емес шығар. Неден қайтыс болғаны туралы қорытынды керек ? –деді Райс.
– Сізге де көретін уақыттың реті келеді. Қазір қатты толқып тұрсыз.Сондықтан тап қазір міндетті емес ,–деп маған да ескертті.
– Сіз не айтсаңыз, сол болсын ,–дедім.
Президенттің жұмыс кабинеті жинақы . Үстел үстінде ноутбуг. Қасында көк файлға салған екі құжат. Соларды қолына алған Райс оның нотариус арқылы орындалған мұрагерлік туралы өсиеті мен дәрігерлердің тұжырымдамасы екенін естіртті.
– Аймарал Ахметқызы , сізге қатысты нәрселер мында көп .Мынау сізге арнау хат .Конферттің сыртына «Аймаралға жеке тапсырылысын» деп жазылған. Райс оны ұсынды.
– Мынау да Сізге. Президент компаниясына сізді мұрагер етіп қалдырыпты. Демек, бұл кісі өмірден өтетінін алдын ала білген.
– Компанияны маған?!
– Иә.Сізге.
– Апасы бар ғой.
– Қайтыс болған адамның өсиеті талқылауға жатпайды. Және де бәрі заңдастырылған.
– Ал енді дәрігердің тұжырымдамаларына келсек. Бұл кісі соңғы жылдары Жапонияда ,Қытайда ,Израильде жие болған екен. Неге?!
– Дәрігер бар ма , шақырыңызшы?Патологанатом ба?. Мейлі . біз сияқты емес, олар біледі ғой. Көзімізді ашып кетсін.
Көзілдірікті жас жігіт басын изеп амандасты да, маған қарап:
– Сіз жұбайысыз ба?–деді. .
– Жоқ.Орынбасарымын , айта беріңіз ?–дедім.
– Кешіріңіз.Олай болса , бұл кісіге шет ел дәрігерлерімен басында қатерлі ісік бар деп бұдан екі жыл бұрын диагноз қойылған. Бірнеше рет шет елдерге барғанымен , ауру өтіп кеткендіктен , емдей алмаған.Соңғы рет Израиль дәрігерлерінің кеңесінде «екі ай өмірі қалды» деп сараптама берілген. Соның аяғын өздеріңіз көріп отырсыздар. Түнге қарай басы қатты ауырғандықтан, ауруды басатын және ұйықтататын дәріні шамадан тыс қабылдаған, онсыз да ауру организм мен жүрегі мұндай артық мөлшерді көтере алмай, ұйқы үстінде жүріп кеткен.
Сырттан дауыс салып кірген апасы дәрігердің соңғы сөзін есітіп:
– Жалғызым-ау, неге бұлай десем, арылмайтын ауруға шалдыққан екенсің ғой! Мені кімге , қайда тастап кеттің? –деп зар еңіреді.
– Сабыр сақтаңыз , бәрімізге де төбемізден жәй түскендей болған бұл қазаға қалай да шыдауымыз керек ,–деп оған көңіл айттым.
– Ең болмаса , артыңда тұяғың қалмай, арманда кеткен жалғызым,- деген әйелдің зары сай-сүйегімізді сырқыратқан соң, сыртқа шығуға жинала бергенімде ,көк файлды қолына алған Райс :
– Мына қағазбен ұжымыңызды таныстырыңыз. Оның аманатын түсіндіріп, компанияның сенімді қолда екендігіне көздерін жеткізуіңіз керек ,–деді.
– Иә, Райс Сапарұлы , рахмет! ,–деп сыртқа беттей беріп, кейін бұрылып:
– Апай ,қазір сіздің жаныңызға адамдар жіберемін. Тағы да қайғыңызға ортақпын. Сіз ғана жалғыз қалған жоқсыз, біз де басшымыздан айрылдық. Біз Сізбен біргеміз,– деп Нұрғанымның бетінен сүйдім.
– Рахмет ,қарғам, қайтейін-ау, «жақсы ит өлігін көрсейтпейді» деп, ауруы туралы бір ауыз сөз айтпады ғой. Бірақ жасынан басым -басым деп жатып қалатын-ды. Сонда бір пәле бар екен ғой, – деп ол тағы жылады.
Біздер сыртқа шыққанымызда, жел көтеріліп, қар ұшқындап тұрды. Екеумізге бір мезгіл телефон соғылды.
Райстың жұбайы түскі тағамға шақырды.
– Аймарал, сізді күте-күте келмеген соң , Асылды алып әуежайға келдім. Енді бір жиырма минөттен соң, ұшақ ұшады. Үлгере алмайтын шығарсыз?–деді Насыр телефоннан..
Асылды алып Израильға ұшып бара жатқан қайныма не дерімді білмей, қатты қысылдым.
– Кешір , бізде бір оқиға болды. Мен шыға алмадым. Қазір жол тайғақ, кептеліс, мен қалайда үлгере алмаймын. Кейін өзім барамын, жолдарың болсын,– деп ақталдым..
– Сау бол, өзіңді- өзің, Талғатты күт! –деді қайным қамқор үнмен. .
– Біздің үйдегі жеңгең түскі ас дайын дейді, Аймарал , біздің үйге барайық. Түстің мерзімі өтіп кетті, –деді Райс Сапарұлы.
Ыңғайсызданып қалдым, біржағынан несі бар, әйелі менен қызғана қоймас, тіпті қызғанғанның өзінде, көңілдесі болсам, үйіне ертіп бармайды ғой. Бұл кісінің де бір ойлағаны бар шығар деп түйдім..
– Жарайды , Райс Сапарұлы, көңіл күйім әбден бұзылды. Інісі Асылды Израильға алып барады. Мен мына оқиғадан , шығарып та сала алмадым.
– Солай ма,жолы болсын.
Райс телефонына :
– Шәке, біз үйге келе жатырмыз. Қасымда Аймарал бар , жеңгеңнің тамағы дәмді , екеумізге де жетеді дедім.
«Мәссаған , бәсе қайда жоғалып кетті десем, сұлуымен бірге жүр екен ғой»деп тіксінген Шолпан :
– Әрине, келсін ,келсін. Алдына ала айтпадың ба, дұрыстап дайындалатын едім,–деп күмілжіді.
– Дайындалатын ештеңе жоқ. Бұл кісінің де уақыты тығыз.
– Жарайды ,–деді Шолпан .
«Қызметтегі адамның уақыты тығыз болмай не қылады? Тезірек жұмысқа шығып, мен де іскер әйел екендігімді дәлелдемесем болмайтын шығар. Оның ойынша, мен отбасы ошақ қасымын. Анау уақыты жоқ, қызметтегі әйел »
Дастарханды жайнатып , әдемі халатын киіп ,бет аузын опалап жөнге келген Шолпан осы жолы шынымен қысқа шашының өзіне жарасатынына сүйсініп, келбетіне көңілі толды.
Сол сәт есіктен Райспен бірге аппақ жүзі жарқырап, қара көзі мөлдіреп , қою шашы иығына төгілген сұлу келіншек кіргенде, ішіне шоқ түскендей, өзін қоярға жер таппай қалды..
– Ау , осы үйдің бәйбішесі бар ма, қонақты қарсы алмайсың ба?–деген Райстың қоңыр дауысы есін жиғызғанда ғана, есікке қарай жүрді.
– Жоғары шығыңыз , тоңған шығарсыз ,жылыныңыз ,–деп зорлана күлімсіреді.
– Тоңуын тоңдық.Бүгін күн құбылып тұр. Біресе жаңбыр, біресе қар. Нағыз көрпе жамылып үйде жататын күн,–деді Райс.
«Мүмкін сұлуыңмен бір көрпенің астынан шыққан шығарсың , оны мен қайдан білейін..» дегендей Шолпан оған жақтырмай қарады да:
– Сіздей ақсақалдардың тоңып- шашып жұмысқа бармай , үйде тонға оранып отырғаны дұрыс,–деп салды.
– Дұрыс айтасын, о жағын өзім де ойластырып жүрмін ,–деп күлді Райс:
–Аймарал ханым, қолыңызды шайып , үстел басына отыра беріңіз,–деп ілтипат жасады.
– Рахмет, Райс Сапарұлы , жүргізушіме телефон салып, жақын жерден тамақтанып алуын сұрайын. Әйтпесе, біз де енді уақыт болмайды.
– Иә, өте қайғылы жағдай. Шолпан, Аймарал Ахметқызының президенті қайтыс болды.
– Солай ма, естуімше, ол жас жігіт емес пе, қайырлы қаза болсын!– Шолпан қонағына бұрылды.
– Иә,бар болғаны отыз бесте. Басынан жабысқан қатерлі ісік.
– Бұл аурудың емі болмады ғой. Иманы жолдас болсын.
– Әумин.
– Райс Сапарұлына, көп рахмет. Бірден осы кісіге телефон шалдым. Қаралы үйге қалай барарымды білмей ,састым.
-–Бәсе.. ас ішуге пұрсасы болмай, Сіздің жаныңызда жүр екен ғой. Соңғы кезде қылмыс ашам деп бас ауған жаққа қисайып кете беретін болды. Сірә, отставкаға біржолата шықпаса болмайтын шығар.
– Оныңыз қалай.. жеңгей, бұл кісі болмаса.. қаланы қылмыс жайлап алады ғой..Райс Сапарұлы – біздің заманның Шерлок Холмысы. Сондықтан қаланың зиялыларының баршасы басына іс түскенде осы кісіге жүгінеді.
– Аймарал Ахметовна , тамақ алыңыз.Шолпан жақында қызметке шықпақшы. Кейін басқаша сөйлейтін болады. Үйде отырған соң, мені ерігіп жүргендей көреді.
– Ә, солай ма, мамандығыңыз кім?
– Педагог.Мектеп директоры болып жасадым. Қазір бір мектепте оқу ісінің меңгерушілігінің орны босаған. Күтіп отырмын. Ертең- бүгін хабарласуы керек.
– Тамаша.Сірә, балаларыңыз үлкен болып кеткен ғой.
– Үлкен .Немерелеріміз бар,–деді Райс.
– Онда нағыз жұмыс жасайтын уақыттарыңыз ғой.
– Шолпан жеңгей, тамағыңыз аса дәмді екен. Менің жүретін уақытым болды. Сіздер асықпай тамақтана беріңіздер.Райс Сапарұлы, сізге көп- көп рахмет. Мені шығарып салмаңыз.Есік алдында машинам күтіп тұр.
– Кез келген уақытта телефон шалып хабарласыңыз. Қолдан келген көмегімді аямаймын, – Райс орнынан көтеріле беріп, Шолпан отыра бер мен шығарып салам деп белгі берген соң, қайта отырды.
Қонақты шығарып салып , оралған Шолпан:
– Осы жасқа келгенде, соншама елпілдеп , не болған Сізге?!–деп сұрақты төтелей қойды.–- Тіпті еріп кете жаздадыңыз ғой, мен болмасам , үйде қалатын түріңіз жоқ.
Сол бойы ашумен жалт еткен Райстың өткір жанарына төтеп бере алмаған әйел назарын төмен салды. Ішіндегі қызғанышы мен күдігін қанша жасырғысы келсе де, оған шамасы жетпегенін мойындады..
– Шолпан , қызғаныш адамды соқыр қыла ма? Өзің ойлашы, Аймарал тағдырдың ауыр сынына ұшыраған жан. Жастайынан ата-анасынан жетім қалған.Сүйгенін біреулер соққыға жығып, мүгедек еткен. Бүгін оны інісі Израильға алып кетті. «Қырсық қылғанда, қымыран іриді» деп, енді компания президенті қайтыс болып, бүкіл құрылыс соған қарап қалды.
«Сонда күйеуін шығарып салмай , сенімен бірге жүр екен ғой»деген ой тағы әйелдің кеудесін тырнап өтті. Содан соң құлағы күйеуінің бір сөзін естісе –бір сөзін естімеді. Еркек кісілер ақталу үшін не демейді?! Мейлі, не істесең о істе, тек қартайғанда күйеуге шығам деп ,балаларымның алдында ұятқа қалдым. Әбден еркін алғанына қарғанда , ессіз ғашық сияқты. Шынында, мені сүймейтіні де рас қой, өзім соңынан қалмай жүріп, қонаққа шақырып, басына ноқта кигізгеннің керін келтірдім. Ал енді мына өзі сұлу, өзі жас әйел кешігіп кездескен махаббаты болса, не істеймін?! деген ойдан шерменде күйге түсті.
10 Тарау
Тосын сый
Офиске қайтып келгенімде, жұртта қалған жұпыны үйге кіргендей, бұрын қарбалас тіршілікке толы мекеменің іші қаңырап қалғандай әсер етті. Сыртқы есіктен кіргеннен айбарлы үні гүрілдеп, кімнің болсын айылын жиып, абайлауын еске салатын компания қожасы енді жоқ. Қатал басшының қаһарынан именетін мына қызметкерлер мен құрылысшыларды енді менің басқара алу- алмауым екі талай. Әшейінде кімге болса да, сөзім өтетініне сенімді сияқты едім, енді не істерге білмей дағдардым.. «Компанияны неге маған қалдырды екен, менен басқа да басшы болуға құлшынып жүргендер жеткілікті ғой.. » деген оймен кабинетімнің алдына келіп , жылай-жылай бет-аузы ісініп кеткен хатшы қызға , одан соң қарсыдағы президенттің есігіне қарадым. «Ең қиыны, оның кабинетіне көшіп, оның қолы тиген әрбір заттың менің иелігіме өтуі. Адамның жаман –жақсылығын білгің келсе, одан айрылып көр» деп бекер айтылмаса керек. Кеше ғана әміршілдігі , өзімшілдігі үшін өлердей жек көретін басшыны бүгін шынымен жоқтап, оның ойсырап қалған орнының енді толмайтындығын мойындап тұрғандаймын.
«Маған ешкімді кіргізбеңіз» деп ескерту жасап, төрдегі былғары креслома отырған соң, сөмкемдегі конфертті ақырындап алып, үстелімнің үстіне қойдым. Ашуға жүрексініп, « Райспен бірге ашсам ше...» деген ойдан сәл бөгелдім. «Бұл маған ғана арналған , сондықтан өзім ашқаным дұрыс» деп, бір шетінен жырттым.
Аймарал!
Айтылмаған сырым, арылмаған мұңым, сенімен мәңгілікке қоштасып отырмын..Сен маған тәнім айықпайтын дертке шалдыққан шақта кездесіп, жанымды жауапсыз махаббатпен жарладың! Сыртқа жүнімді күжірейткенмен, ажал апандай аузын ашып тұрғанда , сенің көз тартатын көркің мен жалт еткен жанарың , көкірегіме үміт сәулесін ұялатып, бір ғажайып дүниеге ендім де кеттім... Өлшеулі өміріме , өлшеусіз сезім сыйлағаның үшін , қамшының сабындай қысқа ғұмырымды, айдай ажарыңмен ажарландырғаның үшін, сенің алдыңда қарыздармын! Мұндай бақытты басынан өткермей, өмір сүргеніне мәз болып жүргендер қаншама?! Алдымда мені күткен соңғы күнім барын білсем де, ғашық болу деген ғажайып құбылысты басымнан өткерген сәулелі күндерімді көңіліме медеу тұттым. Сол үшін де саған мың да бір алғысымды айтамын .
Сенсең, мен сенен бір сәтте көз жазбағандаймын. Сенің тұлымыңа ақ бантик байлаған балауса бейнең , алғаш есімнен танып құлағанымда, көз алдымнан көлең етті. Содан соң да талай рет алам деп келген ажалдан арашалап қалған күш саған деген іңкәрліктің құндағында жүргендігімнен бе деп қаламын.
Мүмкін бәрі басқаша болар ма еді...Кешір, кемшілігімді кеш түсіндім. Қолым билікке жетіп , қалтам қалыңдаған соң, айналамдағыларға астамшылықпен қарайтын болыппын.. Компанияда ақ дегенім ақ, қара дегенім қара болған соң, өзімді бәрінің жарылқаушысындай сезініп, өзгенің пікірімен санаспайтын, өркөкірек , нағыз бюрократ басшы болып қалыптасқанымды да , сенің арқаңда түсінгендеймін. Себебі, мінезімдегі менмендікті сенен басқа ешкім бетіме басып айта алмады, сен ғана талай рет тіктеп келдің. Алған бетімнен қайтаруға тырыстың, Ал, мен болсам, сенің шырылыңды шыбын шаққан құрлы көрмедім. Бар мақсатым –айналамдағыларға биліктің менің ғана қолымда екенін дәлелдеу болды. Осынымның бәрі құр далбаса екенін кейін түсіндім. Сенен күдер үзген соң,тіршіліктің мәнін де, сәнін де сезінуден қалдым.
Аймарал , сені алғаш көрген шақтан бастап, қатты ұйқыдан оянған пенденің күйін кешіп, тірлігіме сын көзбен қарай бастадым. Ешкімнен айылын жимайтын айбатымнан айрылып, сенің көзіңше сыпайы болып көрінуге тырысқанымды, өзің де сезген шығарсын... Қалай ашуланып отырсам да , менің сабама түсуіме , сенің жалт етіп бір қарғаның жетіп жататын. Көпке дейін сені ұнататындығымды ешкімге білдіргім келмеді, өз жүрегімнің әміріне, өзім иліккім келмеді, сенің иілуіңді күттім.
Бірақ , алынбайтын қамалдай берік екенсің, мен жақындаған сайын , мен жеңілген сайын, алыстай бердің, алыстай бердің. Осылай саған деген сезімімнің шынайылығына көзім жетпей ( оның себебі - өтпелі-кетпеліні көп көргендіктен болар) екі ойлы болып жүргенімде, қатерлі ісікке шалдықтым. Бәрі бітті . Билік те, байлық та, бос далбаса екен. Бірде-бірі ажалға ара тұруға қауқарсыз. Шет елдің дәрігерлері санаулы күнің қалды деп екі жыл бұрын айтқан.. Бір таңқаларлығы, ажалға бірден құрық салдырмадым.
Есесіне саған деген ессіз сезімім әбден есеңгіретті. Ақыры , тағдыр тауқыметіне бой ұсындым. Саған барынша қамқорлық жасап, қызметтен өсуіңе , ертең мен жоқта, басшылық тізгінін қолыңа ұстап, компанияны тақырға отырғызып алмай, ыстығына күйіп, суығына тоңуыңа дайындауды мақсат тұтым.Бұл маған оңай соқпайды. Бірақ өмірімнің жалғасы іспетті компанияның сенімен бірге жасағанын қаладым.
Екіншіден, бұның бірінші себеп болуы да мүмкін. Қызмет бабында екеуміздің пікіріміз қайшы келе беретін. Ертең мен жоқта, менің кебімді киесің. Сонда барып, менің дөң мінезімді түсінесің. Себебі, бағыныштыларың бас-басына би болса, ісіңнен береке кетеді. Сондықтан билікті қолыңнан шығармауға тырыс!
Үшіншіден, мен сенің алдыңда кінәлімін, ішімді тырнаған қызғаныш деген қызыл итімді жүгендей алмадым, сенің сүйгеніңді соққыға жығуға бұйрық бердім. Өтер іс өткен соң, өкінгенмен не пайда! Жазылар, үмітіңді үзбе.
Мен қысқа ғұмыр жасадым, бірақ демім біткенше, демеу болған саған деген ғашықтық құдыретінің құшағында мәңгілік ұйқыға кетем.Сондықтан да ол жақ қорқынышты емес ...Пейішке сенің аққу бейнеңді мәңгі ала кетем.Мен өлгенмен, менің саған деген махаббатым өлмейді. Ол менің саған қалдырған мұраммен, компанияммен бірге жасайды.
«Өлі балық жолығар өлмегенге!»
Өлмегенге не жетсін,өлмегенге!
Өмір деген осылай,жаным менің,
Қайтер едік өмірге келмегенде?!
Көнеміз де...
Қайтеміз көнбегенде??? деп жырлаған екен ақын Мұқағали Мақатев. Соңғы кездері қолым қалт еткендесе, сол кісінің «Аманат» атты кітабын оқитын болдым. Оның жырлары кәдімгідей, өлім дегеннің соншалықты құбыжық емесіне үйреткендей болды. Ең бастысы қалай өмір сүргендігіңде екен.
Аймарал, оққағарды жазалау , жазаламау өз қолыңда. Кешіре алсаң, кешір. Енді менің артымда қалған заңды мұрагерім сен болғандықтан, менің қала сыртындағы коттеджімді сол жақтың тұрғындарына бала- бақша етіп беруіңді сұраймын. Мен өмірден сәби сүймей өттім. Ең болмаса мен салдырған ғимараттан солардың күлкісі естілсін. 5 учаскеден әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларына арнап, көп қабатты үй салдырып жатқанмын. Оған күн көрісі төмен отбасыларын кіргіз.. Қалғанын өзің реттейсін. Саған соңғы өтінішім, артымда жалғыз бауырым қалып барады. Соған қамқор боларсын. Компанияны көзіңнің қаршығындай сақтайтыныңа сенемін!
Қош бол, соңғы да, мәңгі махаббатым. Сұлтан.
* * *
Сең соққан балықтай теңселіп қалдым.Бірінен соң бірі шабақтап жатқан тағдыр соққыларынан құрдымға құлағалы тұрғандай күй кешудемін. «Қолда барда ,алтынның қадірі жоқ» дегендей, ұрысып жүріп ұғынысатын, не десем де айтқанымды екі етпейтін, арқа сүйер асқар тауымнан айрылып, мынау жалпақ дүниеде жалғыз қалғанымды, енді сезінгендеймін. Сондықтан да оның хатындағы сырына риясыз сендім.Осы кезге дейінгі қатал да, қайырымды қамқоршымның сол екеніне көзім жетті. Оның хатын оқыған сайын, сол бір алғашқы сезімімді оятқан жігіттің бейнесі көз алдыма қайта келетін болды.
... Мектеп бітіріп, елдегі тума-туысқандарыма барып, қайтар жолда сапарлас болған бозбаланың жұқалтаң өңі, күлімдеген қой көзі ұзақ уақыт жатсам-тұрсам ойымнан кетпеген.Оңаша қалсам «Біз енді кездесер ме екенбіз...» деп қиялдайтынмын. Егер ол мені шынымен ұнатып қалса, мені іздеген болар ма еді? Қазір ғаламтор арқылы арада бірнеше жылдар өтсе де, ескі таныстар бір-бірін тауып алып жатқан жоқ па, деп үміттенетінмін. Сол жолы жігіттің оң қолының сыртына ойып жазылған «С» әріпін есіме сақтап қалдым.
Бесобаға байланысты жиыннан соң , президенттің қолының файл алып жатып, сол белгіге көзім түскенде, қатты таңырқадым. Өз көзіме өзім сенбедім. Арадағы жылдардың оны адам сенгісіз етіп өзгерткеніне сенгім келмеді. ..Сол жолы жеңішке өзен жағасына аялдап , көлік жүргізуші үшеуіміз ауқаттанғанбыз. Сұлтан елбелектеп, дастархан жасасқан, әзіл айтып отырып, термостағы шайды «Күйіп қаларсыз, маған беріңіз »деп өзі құйған. Екеуміз өзен жағасына барып, ағын суға ыдыс – аяқты шайып қайттық.
– Қараңыз , судың тұнықтығы сондай, түбіндегі ұсақ тастары мөлдірейді. Бұл жерді адам аяғы баспаған. Мал да келмейді. Ауылдар алыс. Табиғатты бүлдіретін өзіміз. Экологтар да күресіп жатыр, менің Мэлс ағаға жаным ашиды,–деген сонда жігіт. Мэлстің кім екенін білмейтіндіктен, үнсіз қалғам. Іштей: «Оқып алмасам ба, ол кім екен?» деп ойлағам. Менің қолымдағы ыдыс- аяқ салған пакетті алған жігіт алға түсті.Сол жолы жас жүрегімді еліктірген сапарласымды ерте ме, кеш пе кездестірсем деген қиялдаумен жылдар жылжып өткен. Енді бірнеше жылдан бері соның қарамағында қызмет жасап жүргеніме сенер- сенбесімді білмей, айран- асыр қалдым..
..Бір кездегі балауса қыздың ерке сезімін елең еткізген бозбала жігіт пен президенттің арасы жер мен көктей . Компания кірісін миллиондап санап, шығысын тиындап есептейтін, баю мен мансапқа жету сырларын бақайшағына шейін шаққан бизнесменнің бойында сонау ақжарқын бозжігіттің бірде-бір белгісі қалмаған... «Қызық , мұндай да кездесу болады екен-ау. Ол менің сонша жыл : « Бір күні ақбоз атқа мініп келетін ханзадам сол болар» деп қиялдаумен өмір сүргенімді білмейді. Білмегенінің өзі жақсы..» деп түйгенмін.
Мен оны балаң сезімімді оятқан алғашқы махаббатыма баласам, ол мені өмірінің соңында кездескен соңғы махаббатына балапты. Өмірдің кез келген жанды қияли ететін бұлтарпас құбылысы осы ма екен?!
- * * *
Жанымда сыр бөлісетін тірі жан жоқ. Бәрі де менің лауазымымнан сескене ме, іргесін аулақ салады. Райсқа телефон шалдым.
–Алло , Аймаралмысың , тыңдап тұрмын. – Оның қоңыр дауысы, дүниедегі ең жақын, қамқоршы адамымның үндей болып естілді. Сәл кідіріп, терең тыныстадым.
–Аймарал Ахметқызы, бәрі дұрыс па?–деді Райс жұмсақ үнмен.
–Иә, бәрі дұрыс.Сіз жұмыстасыз ба?
– Жұмыстамын.
– Егер уақытыңыз болса, кездесіп,
әңгімелесек қайтеді. Сұлтанның хатын оқыдым.
– Өте дұрыс. Сізден сұрауға , батылым жетпеген. Жұмыстан соң «Самал » мейрамханасына барайық. Онда адам көп болмайды.
– Оңаша отырмасақ, біреулер көріп қойса, жеңгейден ыңғайсыз...
– Аймарал, мен Сізге айттым ғой, ол менің қызметімді түсінеді.Сондықтан қысылмай-ақ қойыңыз. Кешкілік соғып , алып кетемін.
– Иә , алып кетсеңіз, жақсы болар еді. Менің жүргізушім сұранып кеткен. Қазіргі көңіл күйіммен рөлге отыруға жүрексінемін. Әлі өзіме- өзім келе қойған жоқпын.
– Дұрыс жасағансыз. Асықпаңыз.
Қалың томдық ісқағаздарын аударып отырған бастергеуші сағатына қарады. Сосын Шолпанға телефон шалып, ескерту керек екенін ойлады. Жаңа ғана сөйлескен телефоны үшті –гүйлі жоқ. «Немене аяғы бар ма?» ол үстелінің үстін тегіс шарлап ,қағаздарын қопырыстырып, төс қалтасын сипағанда, қатты нәрсеге саусағы тиді. «Астындағы атын алты ай іздеді » деген осы деп, әйелінің нөмірін түртті.
–Тыңдап тұрмын. Бүгін де кешкілік кешігесіз,–деген Шолпанның ренішті үні естілді.
–Қызмет солай. Біреулермен кездесуім керек,– Райс бұл жолы кінәлі адамдай кібіртіктеп сөйледі.– Ертерек келуге тырысамын .
Күндіз Баршагүлге барып ,мұңын шағып келген Шолпан қалайда осы жұмыстан кетіруге бел буып, ақыры Райс жанындай жақсы көретін немересін Астанадан алдыратын болған. Әйелден айла ауыспас дегендей, оны да Баршагүл айтты. «Оны үйге айналдыр. Жұмыстан соң , үйге асығатын болсын. Сөйтіп өзінің ата екендігін мойындасын. Бұл еркектерді қой. Беті жылтыр әйел көрсе , естерінен айрылады ғой. Ал, қазіргі жастарда тіпті ұят та, иман да жоқ...» деп , өзінің санасы сан жаққа жүгіріп жүрген әйелге жел беріп қойған. Баршагүлдің айтқаны көңіліне жаққанмен , келінінің тумаған енесіне баласын бақтыра қоюы екіталай екенін ойлаған Шолпан басқа амал табуға кіріскен...
Офистің алдына сәл ертелеу келген Райс заманауи әдіспен салынған екі қабат үйдің темір қақпасына қарады. Аймаралды көлікке дейін шығарып салған оққағары есікті ашып, Райспен амандасты.
– Бейуақытта мазалағаным үшін кешірім сұраймын, Райс Сапарұлы ,–деді Аймарал .– Сіздің уақытыңызды алайын деген ойым болған жоқ, бірақ басымды шалған бұлт арылмай- ақ қойды. Асылдың інісі оның жүруіне , сөйлеп кетуіне мүмкіндіктер болады. Бірақ бұған дейінгі өмірін еске түсіруі екіталай дейді... Бұл ол бізді мүлде ұмытады деген сөз. Оның өмірінде мен де, баласы да болмайды екен. Израильдың медицинасының әлі келмеген соң , бұл оның айығуына үміт жоқ деген болжам.
– Қайғыңызға ортақпын. Бірақ үмітсіз шайтан , ол емді енді ғана бастап жатырған жоқ па? Мүмкін бәрі орнына келер.
– Мен де , сол жаққа көп үміт артқанмын. Насыр да жақсы дәрігер.Әйтуір, жолымыз болмай қойды ғой.
– Аймарал , Сіздің өміріңіз жаңа басталды. Мен алғашқы жарымнан айрылып қалғанда, сіздің күйіңізді бастан кешкенмін. Екі баламмен біраз жыл жалғыз өмір сүрдім.Үйленгеніме екі жылдай болды.
– Солай ма? Мен Сіздерді бұрынан бірге тұрып келе жатқан шығар десем. Ал, балаларыңыз қайда?
– Балаларым үйленген , немерелер де бар. Екеуі де Астанада тұрады. Үйленуіме солар себеп болды. Ер адамға жалғыздық қиын екен.
– Меніңше, кімге болса да қиын.
Райс көліктің әйнегінен, соңдарынан ілесіп, қалмай келе жатқан таксиді байқады. Іштей «Шолпан емес пе екен,бұл әйелдерден бәрін күтуге болады.Өзі қызғаншақ болып кетті» деп ойлады. Сосын басқа бір тұйық көшеге бұрылып, жолын өзгертті. Тағы артына қарады. Такси қалар емес. «Шынында да, енді қайттым.Қазір түсе салып, екі әйел жұлысып жатса, масқара ғой!» Ол үйіне звондады .
–Әлеу!–деген Шолпанның даусын есітіп, өшіріп тастады. – Сонда , бұл кім? Әлде Аймаралды аңдушы ма, сақ болу керек!
Көлігін есік алдына тақап қойған тергеуші :
– Аймарал, тез түсіп, ішке кіріп кетіңіз. Мен кейінірек кіремін ,–деді. Даусы нық, қатқыл шықты. Оның бетіне жалт қарап:
– Не болды ?–деппін.
– Менің айтқанымды істеңіз!
– Мәссаған ,жеңгей сізбен қалай қорықпай өмір сүріп жүр.
– Соны айтамын.
Райс мейрамхананың тұрағына көлігін қойып, такси келгенше , ішке кіріп кетуге асықпай, бақылады. Такси кафеге жақындамады.. Есік аузында күтіп тұрған Аймаралдың сырт киімін іліп, қолтығынан демеп, жоғары қабатқа көтерілді.. Кіре берісте темек тартып тұрған бойжеткендер бір- бірін түртіп :
– Смотри, старик наверно богатый? Поклоница ,такая красавица!
– Ой , батюшки, нам бы такого старика. Он нечего...
– Қойшы, ол әкесіндей емес пе?
– Әкесімен осындай жерге келе ме?
– Байлар дем ала береді.
Қыздардың жанына тез өтуге тырысқан Аймаралға Райс :
–Еріккендердің ермегі,– деп сыбырлады.
Оңаша кабинаның іші неон шамының нұрымен көгілдір түске бөленген. Қабырғада сол түстес түс қағаздары. Залдан естілетін сазды әуен бір түрлі жанның рахаты тыныштықты меңзейді. Көңіл күйімді дөп басқан Райс:
– Дем алыңыз,–деп жымиды .
– Айтпаңыз, бір сәт бәрін ұмытып, басым ауған жаққа кетіп қалғым келеді.
– Шаршағансыз ғой, бір жаққа барып дем алып қайтыңыз.
– Талғат бар ғой. Оны бір күн көрмесем тұра алмаймын.
– Алып кетіңіз.
– Компания бар ғой.
– Оны біреуге уақытша тапсырыңыз.
– Райс Сапарұлы, оның бәрі айтуға оңай. Мен осы туралы Сізбен ақылдасайын дегенмін.Компанияны маған қалдырды..Бірақ бұл іс оңайлықпен бітпейтін сияқты. Бұл орынға көз алартып, «мен лайықпын деп» жүргендер баршылық екен. Сонымен қатар, Сұлтанның туған апасы бар. Оның келісімі керек. Ал, компанияны осылай әрі тарт та, бері тарт қыла берсек, ол бонкротқа ұшырайды. Осы мәселені шешуге сіз көмектеспесеңіз, мен шеше алар емеспін. Жақында тендрге қатысуымыз керек. Үлескерлердің алдында есеп беру қажет. Бітіп тұрған объекті бар. Мұның бәрі заңды президентсіз шешілмейді.
– Иә, сіздің мойныңызға ауыр жүк түскенін сеземін.
– Бәрінен де осы проблеманы тез арада шешу қажет. Әйтпесе , компания тақырға отырады.Осыған көмектесіңіз.Ең бірінші апасының келісімін алуым керек тәрізді .Сіз не дейсіз?
– Әрине, бірге туған апасы болса, келісімі керек.
– Иә , бірге туған апасы.Оның да бизнесі бар. Естуімше, осы компанияны ашуға көмектескен сол.
– Бірақ , президент компанияны сізге қалдырды ғой.
– Қалдырғанымен, апасының келісімінсіз , мен басқара алмаймын. Сізге өтініш – заңды жағын түсіндіріп беріңізші.Компанияның заңгері тәжірибесіз. Оны сізге жіберейін. Кеңес беріңіз.
Райс тағдыр талқысына түскен келіншекті аяды.
– Мұның бәрі реттеледі.Ол үшін уайымдамаңыз, онан да тағамнан алыңыз,–деді.
– Мен бүгін осы мәселелермен ақылдасқалы сізді шақырғанмын. Қаласаңыз қарындасыңыздай көріңіз. Мынау , қасқыр заманда мен бір қызыл түлкі сияқтымын. Кім болса сол аузына салғысы келеді.Бірақ мен ар-ұятымнан айрылғым келмейді. Сіз білесіз бе, арсыз адамдар көп екен. «Аймарал Ахметқызы , Сізді қолдаймыз, көз қиғыңызды салып , жылылық көрсетсеңіз болды»– деп , кабинетіме кіріп, шығып жатқандардан жаным жеркенеді.. Олар бұрын Сұлтаннан сескенеді екен. Енді мен бір жетім қалған ботадаймын..Мен соны сездім. Қалқан болатын жолдасым–Асыл болса анандай күйде. Сонда не істеуім керек?!
– Жарайды, Аймарал, олай қиналмаңыз.Көмектесеміз.Сені жалғыз тастамаймыз.Ертеңнен бастап, Сұлтанның апасына кіріп шығып, жазбаша келісімін ал. Сосын ұжымыңмен жиналыс өткіз. Сен заңды мұрагер екеніңді дәлелдеуің керек..
– Осыларды бірыңғайласам, Асылға барар едім. Айтпақшы, Сізге Сұлтанның хатын көрсетуді ұмытып барамын.
Ол сөмкесінің төрт бүктелген хатты алып ұсынды.
Осы кез ұялы телефоны шырылдаған Райс :
– Әә... ә.. Шолпан мен қателесіп , нөмірді басып қалыппын...Біраздан соң келемін. Кафедемін, Аймаралды үйіне шығарып салайын.Оны жалғыз жіберу қауіпті ,–деді де телефонын өшірді.
Бұл сөз Шолпанды әбден діңкелетіп жіберді. Тағы да сол әйел.Онсыз өмір сүре алмайды. Бір жағынан «егер басқалай ойы болса, сол әйелмен бірге кафеде отырғанын айтпас еді ғой. Және оны жалғыз жіберу қауіпсіз емес»деді , демек бұл жұмысымен байланысты шығар деп үміттенді.
Хаттты мұқият оқыған Райс, жас мырзаның жан сырын түсінгендей, басын шайқады.Ол Аймаралдың күйеуінің соққыға жығылуына өзінің қатысы барын да жасырмапты. Президент соққыға жығушының кім екені айтпағанмен , оның оққағарларының бірі екені анық.Сонда ол кім?– Түсінікті. Киллерді бәрібір табуымыз керек.Солай емес пе?
– Әрине. Біраз уақыт болды. Райс Сапарұлы, үйге қайтайық.
– Оны мен де айтқалы отыр едім. Жеңгең сыбағамды дайындап жатқан шығар.
– Ол кісі осы күнге дейін қызғана ма?
– Әрине, қызғанатын жерім бар шығар.
– О не дегеніңіз, сіз нағыз джентельменсіз!
– Әп, пәлі, солай деп қойыңызшы!– Райс Аймаралды қолтығынан демеп, сыртқа беттеді.
Мейрамхана айналасы тып -тыныш. Айсыз қараңғы. Әшейінде сирек көрінетін жұлдыздар, бүгін жерге түсетіндей жыпырлап жыл-жылт етеді. Полковник қайрылыстан шыға келген төртбақ жігітті бірден аңғармай да қалды. Анау атып шығып, пистолетін кезенді:
– Сұлтанның басын жұтып, мейрамханада көңіл көтеріп жүрмісің , сұлуым! Иманыңды үйіре бер, сені бүйтіп талтаңдатып қойғанша , түрмеде шіриін !–деп саңқ етті.
Райс Аймаралды қалқалады.
– Қайрат сенбісің !–деп дауыстады келіншек.
– Әрине, менмін. Сенің күйеуіңді соққыға жыққан менмін. Бәрібір мені сотталамын. Онан да жастығымды ала кетейін. Сен өзіңді шексіз сүйген Сұлтанды бағаламай , ақыры оның ажалына себеп болдың. «Бір қашырдың жүгі, қырық есекке жүк болады» деген, екі бірдей азаматтың түбіне жетіп, үшіншісін тауып алыпсың! Қожайынның бетін топырақ жаппай жатып, мейрамханадан бір шығыпсың! Ол мені қаңғып жүрген жерімнен адам қатарына қосты, ондай адам ілеуде бір кездеседі! Сен опасыз...–– жігіттің даусы құмығып қалды..
– Бәрі сенің кесірің...Ол сені өмірінен артық сүйді ғой..
– Қайрат, білсең , сол кезде неге айтпадың?. Менің көріпкелім бар деймісің?!
– Білмедім, сезбедім дегің келеді ғой. Өйтіп көлгірсіме, қызметтен жоғарлатып, көзінен таса қылғысы келмегенін, қалай сезбедім дейсің ?! Соның бәрі сенің еңбегіңді бағалап жасалап жатқан жақсылық деп пе едің? Сендей, дипломды мамандар жұмыс таба алмай, сеңдей соғылысып жүрген жоқ па?. Сұлтан Тұрсынбекұлы сені ұнатты ғой.. Оның қандай күйзеліске түскенін мен ғана білемін...
– Онан да шық бері! Біреудің қанын мойныңа жүктеп не қыласын! Бәрібір сенің түбіңе жетпей қоймаймын !–жігіт қаһарына мінді.
Осы кез оның арт жағынан баспалап жеткен мейрамхана қаруылы оны қапсыра құшақтай алды. Оның қолындағы пневматикалық қарудан атылған оқ Райстың бас киімін жалап өтіп, анадай жерге ұшырып түсірді..
«Жақсы болды, Шолпанға көрсетемін» деп бас киімін көтеріп алды да.
–Ал ,киллер жігіт ,өзің келіп, қолға түстің , бүгін дем ал! Ертең сөйлесеміз. Апарып қамап тастаңдар ,күзеттерің мықты болсын. Бастарыңмен жауап бересіндер!– Ол жедел топпен жеткен полиция қызметкерлеріне қатаң ескертті .
– Аймарал, отырыңыз, үйіңізге жеткізіп тастайын. Ал, басқа мәселелердің бәрі реттеледі , уайымдамаңыз!– детектив көліктің есігін ашып, келіншектің қолтығынан демеп отырғызды.
Тартыс
Қаңтардың қақаған аязы. Құрылыс жұмысының қарқыны баяулап, кейбір учаскелердің жұмыс істегенінен істемегені көбейген соң, , кімнің кінәсінен межеленген жұмыс істелмейді, әлде білікті мамандар аз ба, соларға көзін жеткісі келген Аймарал шұғыл жиналыс шақырды. Компания өзіне қараған соң , комиссия құрып, ревизия жасатып, кіріс пен шығыстың барлығын тексерткен. Обалына не керек, қожайын шашпа емес екен. Барлық көрсеткіштер баланс беріп, үлескерлердің жарнамасының есеп- қисабының дұрыс екендігіне көзі жеткен соң, көңілі орнықты. Енді барды базарлап, компанияны бонкротқа ұшыратып алмай, үйлестіріп отыру өзінің басқару әдісіне байанысты болатынын да түсінді. Дегенмен, бұрын президент барда қыңырлық көрсетпей қайқаңдап тұратын инженерлер мен прорабтардың ішінен ши шығып, «қатын бастаған көш оңбас» деп өзара күбірлесіп, сыртынан тон пішіп жүргендері байқалды. Тіпті « басшысыз қалған компания- ұжымның меншігі болу керек, ешбір еңбегі сіңбеген орынбасарға ауысуы дұрыс емес» деген жел сөздің ушығып бара жатқанын жеткізушілер де табылды. Мұндай өсек-аяңның қызметкерлердің арасына жік түсіріп, компанияның ыдырауына әкеліп соқтыруы әбден ықтимал. Осыны ойласа да Аймарал шарасыздық күйге түседі. Қожайын барда айтқанынан қайтпай, тыңдағысы келмегендерді « орынды босат» деп тығырыққа тіреп қоятын-ды, қазір оның айлын жиғанын, айналасындағылар сезбейді емес, сезеді. Бұл адамдарды қой, сәл ғана босаңсығаныңды біліп алса, иығыңа секіріп мініп алуға дайын тұрады. Сосын түсіріп көр.
Бұл билікте пайда болған теке- тірес. Опазиция жағына дем беруші – бас инженер Мұхит. Ол тіпті Аймарал компанияны бопсалап тартып алғандай , мұнымен сөйлескісі жоқ, көрген жерде теріс айналады. Ал, оның учаскесінің жұмысы күннен- күнге құлдырап барады. Аймарал хатшысына «Мұхитты шақыр!» деп бұйырды. Арада бірталай уақыт өтті. Аймарал ішкі желіден :
– Инженер қайда?–деп ашуланды. Осы кез есіктен кірген ұзын бойыл көк көз сары жігіт :
– Я-пыр-ай, Аймарал Ахметқызы, жаналғыш тәріздісіз. Учәскеден келген бойым осы,–деп мүләйімсіп, күлімсіреді.
– Учаскеңде не болып жатыр?
– Істеп жатыр. Құрылыс материалдары жетіспейді.Кірпіштер сапасыз.
– Сол кірпіштерді өзіңіз қарап, сапасына көз жеткізіп алған жоқсыз ба?
– Жабдықтаушылар бар ғой, солар алды.Мен әуелде айтқанмын , осы қызыл кірпішке жоламайық, ертең былайрақ барған соң, тұзы шығып ақтаңданып, абыройымызды айрандай төгіп тұрады дегенмін. Сұлтан Тұрсынбекұлы көнбеді ғой.
– Көзі жоқ адамға кінәні жаба салу- оңайдың оңайы. Осы мен түсінбеймін сізге айтсам, сіз басқаларды кінәлайсыз. Өзгелерге айтсам , олар сізді кінәлайды, егер осы компанияны ұжымға қаратсақ, осылай біріңді- бірің кінәлап , ақыры компанияның орнын сипап қалатынымызды, неге ойламайсыздар?! Мұхит Қирабайұлы, ешнәрсе білмеймін, екі жеті мерзім берем, егер жұмысты жолға қоймасаңыз , маған ренжімеңіз.Басқа жақтан жұмыс іздейсіз.Мен бүгіннен бастап басшылардың барлығына осылай мерзім берем, жұмыс істей алмайтындар, жұмыс іздесін. Ешбір қарсылық жоқ.
– Мұны жеке өзіңіз шешесіз бе?
– Сіз әлі түсінбейтін сияқтысыз. Бұл жеке меншік компания.Оны бір адам басқарады. Қазір мен басқарамын. Әлде сіздің менің басшылығыма көңіліңіз толмай ма? Ашығын айтайын, ондай құқыңыз жоқ. Егер көңіліңіз толмаса, бара беріңіз. Басқа президенттің қол астына барып жұмыс жасаңыз.
– Жарайды, ойланайын.
– Ойланыңыз.
Инженер ашумен сілкініп тұрғандықтан , ол тұрып кеткен соң да, кресло шайқалып , біразға дейін тоқтамады. Ол болса : « тұра тұр, шайқас әлі алда» деп тісін қайрап бара жатты.
Осы арада хатшы :
– Аймарал Ахметқызы, Сұлтан Тұрсынбекұлының бұрынғы оққағары Қайрат келіп тұр кірісін бе?–деді.
– Күзетшіге айтыңыз, дұрыстап тексерсін , сосын жіберіңіздер.Күзетшілер үсті - басын толық тінтіп, ұялы телефонына дейін алып қалған соң , оққағар есіктен имене кірді. Аймарал кеудесіне жиылған ашуын тежеді де:
– Иә, сотқар жігіт, сірә сен «білекті бірді , білімді мыңды жығады » деген сөзді өмірде естімеген болдың ғой?
– Естідім. Естімек түгелі мен сол сөздермен тәрбиеленіп өстім. Себебі, ата –анам мұғалім.
Аймарал тіксіне , жігіттің бас-аяғын шолып өтті.
– Олай болса, күш көрсетуді кімнен үйрендің?
– Өмір үйретті.
– Қайрат, менің сенің пәлисапаңды тыңдап отыратын уақытым жоқ. Не үшін келдің?
- Аймарал Ахметқызы, Сізден кешірім сұрағалы келдім.Мен Асылды соққыға жыққан жоқпын. Қарсы келе жатып, жол бермеген соң, итеріп жібергенімде, шалқасынан түсіп, үшкір темірге құлады.
– Сіз білесіз бе, арыстай азаматты мәңгілік мүгедек еттіңіз.. Солай болуы мүмкін... Мен сізді кешірмек түгелі, өмір бойы түрмеде отырғызар едім. Егер Сұлтан мырзаның ақырғы тілегі болмаса, сонда да сен заңды түрде жазаңды алуың керек. Оны мен шешпеймін.Сенің үстіңнен арыз да жазбаймын. Бәрін заң орындары шешеді. Ендігәрі менің көзіме көрінуші болма!
Оққағарына :
– Мына кісіні шығарып жіберіңдер!– деп дауыстады.
– Жабдықтаушы келіп тұр.
– Кірсін.
Есіктен шығып бара жатқан Қайратпен бетпе- бет келіп қалған жабдықтаушы, оған бас изеп , қолындағы папкасын Аймаралға ұсынды:
– Мына тізімдерді қарап, бекітіп берсеңіз .Егер рұқсат болса, Сізге соңғы бір жайсыз хабарды айтқым келеді. Тізімді қарап отырған Аймарал жабдықтаушының жүзіне тіксіне қарады да:
– Айта беріңіз ,құлағым сізде.
– Аймарал Ахметқызы, осында бір топ адамдар арыз ұйымдастырып, Сізді компания президенті болып заңсыз отыр. Компания ұжымның меншігіне қарау керек деп арамызға іріткі салуда. Біз , бірқатар қызметкерлер, Сіздің біліміңізіге, басқару қабылетіңізге сенеміз, сондықтан компанияның «тістегеннің аузында, ұстағанның қолында» кеткенін қаламаймыз. Біздің ойымызша, осындағы бірсыпыра бас мамандар құрылыс компаниясын бөліп- бөліп ЖШС- тік етіп, өздері пайдаланғысы келеді. Көптеген сөздер айтылып жатыр. «Компанияны аяғынан тік тұруға ешбір қатысы жоқ, Сіз ,ауыр халдегі президентті бопсалап өсиет жаздырып алды» деген де қаңқу сөздер бар. Егер осындай әңгімелерге тыйым салмасаңыз , ақыры қиын болуы мүмкін.
Аймаралдың маңдайынан суық тер шып ете қалды. «Сұмдық, бопсалады деген не сөз ! Қара ниетті қарғыс атқырлар ! Бұларға не айтуға болады? Және осындай сөздер айтуға, қалай ауыздары барады , бұлардың алдында ақталып, адалдығыма сендірем деу де ақмақтық! »
– Жақсы , рахмет. Мына жазғандарыңыздың бәрі дүкендерде бар ма?
– Егер Ресейден алсақ арзанға түседі , қазір оларда рубл түсіп кетті. Бірақ жол қауіпсіз емес , егер күзетпен қамтамасыз етсеңіз, барамын.
– Есептеңіз. Егер айырмашылық айтарлықтай болса, күзет болады.
– Есептеп көрейік.
Жабдықтаушы шығып кетті. Бұл не сандырақ! Бірақ осы қауесеттің басын ашып алмаса, өзіне жағылған қара күйеден тазару оңай болмас. Амал жоқ, тағы да Райс Сапарұлымен ақылдасауға тура келеді.Оның әйелімен курортқа кеткенін естіген. Енді мазалауға ыңғайсызданып, біраз отырды. Оның үстіне Шолпанның күйеуін қызғанатынын , іштей өзінен күдіктеніп жүргенін сезеді. Кейінгі кезде Райстың телефонын өзінен бұрын алатын әйелдің үнінен соны аңғарады. Бірақ мына оқиғаны Райстың көмегінсіз шеше алмайтынын біліп, тұйыққа тірелді. Ақыры нөмірін терді.Бұл жолы телефонды өзі алды.
– Райс Сапарұлы, кешіріңіз, Сізге дем алыс уақытында да, тыным бермейтін болдым.–деп күмілжіді.
– Керісінше , мен Сіздің звоногіңізді күтіп жүр едім.Қалай ,бәрі жақсы ма?
– Жақсы болса, Сізді мазалаймын ба? Мында бір топ адамдар компанияны заңсыз қаратып алды. Компания билігі ұжымға берілуі керек деп, араға ірткі салып жүрген көрінеді. Олардың негізгі мақсаттары- құрылыс компаниясын ұсақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге бөліп алып, әрқайсысы өздерінің мүдделеріне пайдалану. Түсінесіз бе?
– Түсінікті.
– Сіз өзіңіз не жасағыңыз келіп отыр?
– Мен тез арада жалпы жиналыс шақырып, президент сайлауын өткізгім келеді. Бірақ маған заңгердің көмегі керек.
– Аймарал, Сіз Сұлтанның апасымен кездесіп, арыз жазушылардың түпкі мақсатын түсіндіріңіз. Мен заңгер қарастырамын. Бірақ бұл жерде апасының ғана сөзі салмақты болмақ. Әржақтан:
– Ол кім ? –деген даусты естіген Аймарал телефонын өшіре салды.
* * *
Шолпанның Карлова- Варада бірінші рет болуы. Ол көңілді. Күнде Шахтыға түсіп дем алып қайтады.Барлық ем-домды мұқияттап алып жатқан да өзі. Демалысқа жүрер алдында Әзірбәйжан жазушысы Шыңғыс Аубдуллаевтың «Бағдаттан шыққан байланысшы» деген кітабын сатып алған Райс содан бас көтермеуде.
– Шолпан , мына кітапта Қазақстанда болған оқиға жазылған. Біздің Петропавл маңайына көмілген радиоактивті заттардың ұрлануына орай жүргізілген аналитикалық зертеулер. Осы кітапты оқығанда маған Калачи поселкесіндегі ұйықтап қалғандар, Березовка селосы тұрғындарының улануы осындай радиоактивтік қалдықтардың ауаға тарауынан емес пе екен деген ой келеді.
– Ең болмаса он күндік демалысыңда бәрін қойып , өзіңнің денсаулығыңды түзеуге ден қойсаң, жақсы болар еді. Ана сұлуыңмен тағы сөйлестің бе?
– Аймаралмен бе?
– Иә, телефоныңа көзім түскен...
Әңгімені ушықтырғысы келмеген Райс .
– Компанияда шу шығып жатқанға ұқсайды.
– Ол енді қылмыс емес қой, оның саған қандай қатысы бар?
– Шолпан , ол жас. Басқару тәжірибесі аз. Ақыл сұраса, несі айып?!
– Айналасында кеңесшілері бар емес пе, барлық проблемасын сен шешіп беруге міндетті емессің ғой..
– Жарайды. Онан да еміңе бар.
Райстың алғашқы жары қызғанбады ма, әлде қызғанса да, онысын сыртқа шығармауды жөн көрді ме? Әйтуір сенбестік білдірмейтін. Ал Шолпан ше?! Екеуі тіл табысқанда, оның ақылына , сабырына ешбір шүбә келтірмеген. Бірақ кейінгі кезде екеуінің арасындағы сыйластық, бір-біріне деген ыстық ықылас суынғандай, Райс өзінің асығыс шешім жасағанына өкінгендей, әрі-сәрі күйде. Әсіресе, Аймаралды көргелі ,көңілі күпті. Тіпті Аймарал екеуінің жас жағынан да алшақтығы да, оған деген аңсарына тоқтам сала алмай, жатса тұрса, ұмыта аламайды. Күні бойы одан бір хабар болар ма екен деп елеңдейді. Бүгін де екі көзі кітапта , құлағы телефонда отырған. Ең болмаса бір рет оның еркелей шығатын үнін естісе, жаны жәй табатындай ,тағатсыздана күткен. Ал шынына келгенде, жас қызға ғашық болған ұлы адамдарды алды-артын ойламайтын ақылсыздар деп кінәлауға болар ма екен?! Керісінше , кез келген жаста ғашық болу деген ақылды , сезімтал адамдардың ғана қолынан келетін құбылыс..Ол әркімнің пешенесіне жазыла бермейтін, тек қана соған лайық жандардың жүрегінен орын алатын тағдырдың сыйы.
Тап осы сәтте телефоны шыр етті.
– Райс Сапарұлы, мен Аймаралмын.
– Өте жақсы, тыңдап тұрмын.
–Мен сізді әбден ығыр еткен шығармын. Кешіріңіз.
– О не дегеніңіз , керісінше, сіздің үніңізді естіген сайын, төбем көкке жетеді.
– Бәрінен де жеңгейден қысыламын.
– Қысылма , кез келген уақытта, телефон шал!
– Мен Сұлтанның апасында болдым. Қалыптасқан жағдайды айттым. Ол кісі жиналысқа келемін деді.
– Дұрыс. Аймарал жиналыстың хаттамасын жаздырып, қаулысын шығарып, өзіңді қолдағандардың даусын мұқият санаттырып, барлығын хаттамаға тіркетуді құнтаңыз. Ол сіздің құқыңызды қорғайтын басты құжат.
– Сіз өзіңіз келем деп уәде беріп едіңіз ғой?
–Әрине, оған дейін оралсам, қатысуға тырысамын. Бірақ заңгерлер міндетті түрде болады.
–Егер сіз қатыссаңыз мен қобалжымаған болар едім.
– Жарайды ,уәде беремін.
Осы сәт кірген Шолпан:
- Кімге уәде беріп жатырсыз?–деді.
- Тіпті телефонмен сөйлетпейтін болдың ғой,–деп ашуланған Райс, орнынан оқыс қозғалып, сыртқа беттеді.
«Неден қашсаң, соған тұтыларсың, дегеннің де жаны бар-ау.Талақтай жабысып, қыр соңынан қалмайтын бір тас кенеге тап болғанын қарашы...Қайда барсаң да, Қорқыттың көрінің керін келтіріп, алдынан шығады да тұрады. Тіпті әйелімен дем алып жатқан, дем алыс орнынан телефон шалу деген әдепсіздік емес пе?! Айтқаным айдай келді, осы күнгі жастарда ұят, әдеп деген болсайшы? Ал мынау , жетекке ерген желөкпе тайлақ сияқты. Телефон шыр етсе болды, бар дегбәрінен айрылып, шыр-пыр болады да қалады. Енді не істесем екен?! Иесі басына тепкен ит құсап, шерменде күйге түскен Шолпан жаңа бір әзірде күйеуінің қолынан телефонын жұлып алып, қайда барса да маза бермейтін өлермен келіншекті сөгіп-сөгіп алғысы келді. Аздан соң, қол –аяғын біреу тас қылып байлап тастағандай, қозғалуға мұршасы келмей, екі аттап барып, диванға отрыа кетті. Тек кеуде тұсы шаншып, тынысы тарылғанынсезінді. Қатты толқығаннан қан қысым көтеріліп кеткен Шолпан жалма -жан тілінің астына нитроглицерин салды.
Біраздан кейін басын көтергенде, Райстың кітап оқып жатып, ұйықтап кеткенін көріп, жүрегі орнына түсті.
***
Құрылыс компаниясының екі жүз орындық залы. Екі жақ қабырғалыққа тақап қойылған ұзынша үстел үстінде қаздай тізілген ноутбугтер . Мойындарына бейдж таққан қыз-жігіттер әрбір қатарды аралап , дауыс беру кезінде тәртіптің сақталуын, алдарындағы көк жалаушаны президенті қолдаушылардың, ақ жалаушаны қолдамаушылардың көтеретіндіктерін тәтпіштеп түсіндіруде. Ұжым мүшелері тегіс жиналып болғанда , Аймарал кіріп, президумға отырды.
– Саламатсыздар ма, бүгін арамызда құрметті қонағымыз бар. Ол осы компанияның ірге тасын қалаған Сұлтан Тұсынбекұлының апасы Нұрғаным Тұрсынбекқызы, Сіз, мында, менің жаныма келіп отырыңыз!– деп алғы қатарда отырған қонақты шақырды.
–Сонымен қатар бүгінгі жиынға қатысушылар, Сұлтан Тұрсынбекұлын орындарыңыздан тұрып, бір минөт еске алуларыңызды сұраймын! Жиналғандар орындарынан тұрды.
– Рахмет, отырыңыздар.
– Енді компанияның бас инженері Мұхит мырзаның қысқаша баяндауымен компанияның қазіргі жағдайына барлау жасайық.
Орнынан қипақтап тұрған бас инженер :
–Менің әдейі дайындаған баяндамам жоқ.Жалпы жағдайды айтып берейін. Біз кешенді құрылыс жүргізіп жатқан мөлтек ауданда бес үй салынуы керек. Оның біреуі пайдалануға дайын. Үшеуі салынып жатыр. Екі үйдің құрылысы басталған жоқ. Сонымен қатар тендрлік жобаға байланысты бала –бақша мен мектеп үйін салуымыз керек. Сол жұмыстарға дайындық жүргізілуде. Қыс кезінде құрылыс қарқыны төмендеп кетеді.Боран , суық , қар деген тәрізді.
–Басқа қандай проблемаларыңыз бар?
–Проблема көп қой. Оны бұл жерде айтып тауысу мүмкін емес. Ең басты проблема кадр мәселесі. Арнайы білімі бар құрылысшылар , балқытушылар, сылақшылар, төбе жабудан маманданған жұмысшылар жетіспейді. Қалада құрылыс компаниялары көп. Солардан ауыспайды. Тәжірибелі мамандар кім айлықты көп берсе, соларға кетіп қалып жатады. Бізде ондай мүмкіндіктер қаралмаған..
–Мұхит мырза, Сіз осы проблемаларды шешу үшін не істедіңіз?
–Бұл менің компетенцияма жатпайды. Менен де жоғары басшылар бар.
–Сізден жоғары кім бар. Орынбасарлар ма?
–Оларға осы сұрақпен кірдіңіз бе?
–Жоқ. Өздері де біледі..
–Сіздер біліп отырсыздар ма?–Аймарал алдыңғы жақта отырған орынбасарларға қарады.
–Бірінші рет естуіміз, учаскедегілер кадр арқылы құрылысшыларды өздері алады , өздері шығарады. Жетпейді деп бізге келмейді.
–Кадр бөліміндегілер, бұл мәселемен неге айналыспадыңыз?
–Бізге ондай шағым түскен жоқ.
–Жарайды. Жақсы. Сіз сонда құрылысшыларды өзіңіз жұмысқа қабылдап , өзіңіз шығарып салатын болдыңыз ғой..
–Ондай билігім жоқ..
–Орынбасарлар , Сіздерді тыңдайық, компанияның жұмысын қалай бағалайсыз, қандай мәселелер бар?
–Біз жаңағы инженердің айтқанына қосыламыз.
–Қалай қосыласыздар, ол кісінің айтқан проблемасын біліп отырып, шешуге ат салыспайсыздар. Кадр жетіспейді дейді. Біздің қаламызда қаншама құрылысшылар даярлайтын колледжілер бар, неге тапсырыс бермейсіздер? Демек, бізде анализ жасалмайды. Бұл кадр бөліміндегілер жұмыс жасамайды деген сөз.
–Жарайды . Онда прорабтарға, бригадирлерге, құрылысшыларға, сөз берейік.
Мінбеге асығып шыққан жігіт сөйлей жөнелді:
– Аймарал Ахметқызы, басшылар сөйлей жатар.Мен осындай жиналыс жасап, компанияның барлық проблемасын жайып салыңдар деп отырғаныңыз үшін сізге рахмет айтамын! Біз қоғамда демократия дейміз, бірақ жұмыстағы кемшілікті айту , біреуді- біреу сынау үрдістен қалды. Шынын айтсақ, аузына су толтырған үндеместердің заманына тап болдық. Біреу бірнәрсе айтуға қорқады. Себебі -жұмыс көзі тапшы. Кемшілікті ашық айтсаң, қудалауға түсесің, жұмысыңнан айрыласың. Мен, міне, алдарыңда тұрмын. Ертең прораб па, инженер ме, әйтуір біреуінің «Сөйлегішсің ғой ,бар, басқа жақтан жұмыс ізде!» деуі мүмкін. Дегенмен, әбден іштен тынып, өлетін болдық. Ол не айтайын деп тұрғанын ұмытып қалғандай сәл мүдірді де..Аймарал- ханым , айып етпеңіз, аузыма сөз түспей тұр... Бізде құрылысшыларға ешбір жағдай жасалмаған. Міне , қылышын сүйретіп қыс келеді, ертең үйден әкелген тамағымыз суып кетеді. Біз өзіміз тоңып жүріп, мұздап қалған тамақ ішеміз. Осы кешенді құрылыс біткенше, бізге ыстық тамақ дайындайтын асхана ашуға болмай ма?
Аймарал блокнотына «асхана» деп жазып қойды.
–Сосын еңбек қауіпсіздігі сақталмайды. Жоғары қабаттарға жеткенде, қолдан құрастырылған көтермелердің үстіне шығып, жұмыс жасау, өте қауіпті. Кран керек..
–Ондай кранның қанша тұратынын білемісің ?–деді орынбасардың біреуі.
–Меніңше, адам өмірі бәрінен де қымбат.
–Адам өмірі – бір миллион .Ал көтергіш кран– бірнеше миллион!
Осы арада Аймарал үстелді тықылдатып, залды тәртіпке шақырды.
Екі сағат бойы қызметкерлер мен құрылысшыларының айтқандарын тыңдап, блокнотына түртіп алып отырған ол орнынан тұрып, мінберге көтерілді.
–Құрметті, мырзалар мен ханымдар, құрылысшылар, мен Сіздерден осындай ашық әңгімені күткенмін. Сіздердің айтқан мәселелеріңіздің ішінде оңай шешілетіндері бар. Ойласып көретіндері бар. Бірақ айналып келгенде, құрылыс компаниясының жұмысы сіздер мен біздердің жауапкершілігімізге, өзіміздің еңбек орнымызда сапалы еңбек етуімізге байланысты. Мен біраз уақыттан бері таңертеңгілік жұмысты құрылыс учаскесін бақылаудан бастап жүрмін. Сонда байқағаным – құрылысшыларды бақылайтын бригадирлер мен прорабтардың, инженерлердің уақытында жұмысқа келмейтіндігі. Қауіпсіздік жөніндегі мамандар объекті басында айлап болмайды екен. Сонда жұмысты кім жасайды, кімнен сұраймыз?!
Сосын өздеріңіз білесіздер , біздің компанияның президенті Сұлтан Тұрсынбекұлы қатерлі ауруға шалдығып, өмірден озды. Бұл орны толмайтын қайғы. Бірақ «өлмектің артынан өлмек жоқ» дегендей, біз ол кісінің аманатын орындап , оның қолға алған істерін аяғына дейін апаруымыз керек. Ол кісінің компанияны маған заңдастырғанынан баршаңыз хабардарсыздар. Солай болса да , біздің кейбір қызметкерлеріміз мұндай шешімге наразылықтарын білдіріп, компанияны ұжым меншігіне беру керек, ЖШС-тер құру керек дегендей пікірлер айтылуда.
Залдан уілдеген наразылықтар естілді.
– Осы әңгіменің басын ашып алу үшін Сұлтан Тұрсынбекұлының апасы Нұрғаным Тұрсынбекқызын шақырдық. Мен қазір сол кісіге сөз беремін.
Алдыңғы қатарда отырған орынбасарлар мен инженерлер бастарын төмен тұқыртты.
Осы аралықта компания заңгері мінберге шығып:
– Нұрғаным Тұрсынбекқызы, мен сізден кешірім өтінемін, мен аздаған түсінектеме беріп кетейін..Сосын Сіз..
–«Шағала » акционерлік қоғамының бұрынғы президенті компанияның заңды мұрагері етіп, өзі қайтыс болған уақытта ұжымды басқарып отырған орынбасары Аймарал Ахметқызының атына қалдырған. Сонымен қатар басқа акционерлердің үлесі мен құқына нұқсан келтірілмеген. Демек , заң жүзіндегі компанияның ендігі қожасы – Аймарал Ахметовна. Міне, нотариалдық кеңсе арқылы заңдастырылға құжат .
Ол мөр басылған бір бет қағазды жоғары көтерді.
Осы сәтте Нұрғаным орнынан тұрып:.
–Мен жалғыз інімнің аманатына қиянат жасауға ешкімге жол бермеймін. Бұл компанияның ендігі президенті –Аймарал Ахметқызы .
Одан әрі сөйлей алмай, көз жасына булығып, орнына отырды.
Мінберге қайта көтерілген Аймарал :
– Құрметті, ұжым мүшелері, Нұрғаным Тұрсынбекқызы, мен Сұлтан Тұрсынбекұлының аманатынан бас тартып отырған жоқпын. Бас тартпаймын да. Бірақ ,біз бұдан әрі, бірімізге біріміз сеніп, ешбір күмәнсіз, күдіксіз бірлесіп жұмыс жасауымыз қажет. Ендігі мәселе бүгінгі жиналыстың төрағасы мен хатшысын сайлап, президент сайлауын өткізу. Қандай ұсыныстарыңыз бар?
Залдан :
– Жиналыстың төрағасы – Жарқын Құдайбергенов ,хатшысы – Самал Байбосынова болсын деген ұсыныс түсті.
–Онда жиналыстың төрағасы Жарқын Құдайьергенұлы болсын дегендерің қол көтеріңдер.
–Бір ауыздан мақұлданды.
–Хатшысы Самал Байбосынова болсын дегендерің қол көтеріңдер.
–Бір ауыздан мақұлданды.
–Жиналыстың төрағасы мен хатшысы орындарыңа жайғасыңдар.
Аймарал мен Нұрғаным бірінші қатарға отырды.
Жиналыс төрағасы залда отырғандарға қарап:
–Президент сайлауын жабық дауыспен өткізесіздер ме, әлде ашық дауыспен өткізесіздер ме? «Жабық дауыспен» дегендер қол көтерсін. Әр-жерден қолдар көтерілді. Енді ашық дауыспен дегендер қолдарыңды көтеріңдер?
–Ашық дауыспен сайлаймыз!–зал бір ауыздан гу етті.
Залда отырғандардың дені қолдарын көтерді.
- Онда осыз алда отырғандар қодарыңдағы жалаушаларды көтеріп, ашық дауыс бересіздер.
– Сіздердің дауыстарың саналады. Сондықтан ойланып , асықпай таңдау жасаңдар! Компанияны президент басқара ма, әлде ұжымның билігіне көше ме , соны қазір анықтап аласыздар. Төраға орнынан тұрып:
- Ал , құрметті мырзалар мен ханымдар, Аймарал Ахметқызы, осы компанияның президенті болып қалсын дегендерің көк жалаушаны көтеріңіздер! Өтініш, санап болғанша, түсірмеңдер!
Залда көк жалауша қаптап кетті. Кадр бөлімінің қызметкерлері көк жалушаны санай бастады.
Бір шамадан кейін :
–120–деген дауыс естілді.
Зал ду қол шапалақтады.
Осы мезет Аймаралдың көзі залға кірген Райсқа түсті.
Төраға орнынан тұрды:
– Енді , Аймарал Ахметқызының президент болуын қаламаймыз. Компания билігі ұжымның қарауына өтсін дегендерің, ақ жалаушаны көтеріңдер! Әр жерден көтерілген жалауша саны онға жетті. Оның ішінде бір орынбасар, бір инженер , бір прораб ақ жалауша көтерді. Санақшы :
–Қарсы дауыс бергендер саны– 10.
Зал ду қол соқты.
Нұрғаным орнынан тұрып, залда отырғандарға қарап:
–Демек, бүгінен бастап, бұрынғы перзиденттің мұрагері және өздерің сайлап алған заңды президентерің –Аймарал Ахметқызы. Баршаңызды құттықтаймын! Оның ішінде, басым дауыспен, көпшіліктің сеніміне ие болған президентті құттықтаймын!– Ол Аймаралдың қолын қысып, бетінен сүйді.
Қатты қобалжыған Аймарал мінберге көтерілді :
–Құрметті, мырзалар мен ханымдар, маған сенім артқан сайлаушыларым, Сіздердің артқан сенімдеріңізді ақтаймын деп ант етемін.! Әрине, осы компанияның ірге тасын қалаған тұңғыш президенті- Сұлтан Тұрсынбекұлының еңбегін біз ешуақытта ұмыт қалдырмаймыз. Біздің бұл бағытта белгілеп қойған жоспарларымыз бар. Сол мақсатта сәулетшілеріміз жұмыс жасауда.
–Бүгінгі жиналыста айтылған компания жұмысындағы кейбір кемшіліктер мен шешілмеген түйінді мәселер алдағы кезде өндірістегі кемшіліктерімізді жоюға көп пайдасын тигізер деп ойлаймын. Мен барлық проблемаларды қойын дәптеріме жазып алдым. Әсіресе, құрлысшыларды бір мезгіл компания есебінен ыссы тамақпен жұмыс орнында тамақтандыруға болады. Оған біз міндеттіміз. Сонымен қатар жанұялы құрлысшыларға жалға пәтер салу да шешілетін мәселе. Құрылыс жұмысындағы көптеген олқылықтар жабдықтаушылардың, құрылыс материалдарын уақытында жеткізіп беруге күш салмауынан болатындығы анық. Бұл мәселе келешекте қатаң бақылауға алынады. Алдағы уақытта барлық жауапты қызметкерлер офисте отырып алмай, таң ертеңгілік жұмысты құрылыс басынан бастап, офиске сол мәселелерді шешу үшін ғана жиналуы тиіс.Офисте финансистер мен есепшілер, жарнамашылар , сату-сатып алумен , үлескерлермен жұмыс жасайтын менеджерлер ғана отырып жұмыс жасайтын болады. Бұл талапқа көнгісі келмегендермен қош айтысамыз.Жалақы туралы мәселе , егер әр жылды табысты аяқтайтын болсақ , жыл аяғында әркімнің еңбегіне қарай бонус төленеді. Сонымен қатар компанияның имиджіне нұқсан келтіріп, оның қызметі туралы түрлі өсек-аяң таратушылар болатын болса, бұдан былай ондайларды арамыздан аластату шаралары алынады.
–Дұрыс, дұрыс.
–Осымен жиналысты жабық деп жариялаймын!.
Көпшіліктің сауалдарына жауап беріп, біраз кешіккен Аймаралды Райс пен Нұрғаным есік алдынан тосып алды.
–Аймарал Ахметқызы, Сізді жеңісіңізбен құттықтаймынІ Енді ұжым мүшелері көпшілік дауыспен сайлаған заңды президентсіз. Хаттаманы, қаулыны облыс әкімшілігіне, қала әкімшілігіне жіберуді ұмытпаңыз.Олар сізді осы хаттамадан кейін ғана мойындайтын болады,– деді Райс оны құттықтап тұрып.
–Міне, мұны сіз айтпасаңыз, білмейміз. Шын сөзім, Райс Сапарұлы. Сіздің ақыл- кеңесіңізге әруақытта зәруміз.. Нұрғаным Тұрсынбекқызы, бұл кісі бас тергеуші, менің «крышам» десем болады.
–Көрініп тұр.
–Жүріңіздер, бір жерге барып, су жаңа президентті лауазымымен құттықталық!–деді Райс күлімсіреп..
Осы кез джиптен түсіп, бала көтеріп келе жатқан аққұба. ұзын бойлы жігітті Асылға қатты ұқсатқан Райс :
–Жолдасыңыз сауығып келген бе?–деді таңданып.
–Жоға .. бұл інісі– Насыр. Анасын алып, осы жаққа көшіп келді. Бүгін- Талғаттың туған күні .Соны ойын-сауық орталығына апарамыз дегенбіз. Сіздерді қалай қалдырып кетерімді білмей тұрғаным...
–Олай болса ..өте жақсы ..құтты болсын! Бір жасқа толса, жігіт болған екен ғой,– Райс Насырмен қол алысып амандасты.
Нұрғаным да құттықтауға қосылды. Оның осындай көңілді компаниямен бірге дем алғысы келіп тұрған. Соны сезген бас тергеуші:
–Несі бар, сіздер бара беріңіздер , біз Нұрғаным Тұрсынбекқыз екеуміз дәмханаға барып, біраз әңгіме-дүкен құралық ,– деп Аймаралды ыңғайсыздықтан құтқарды.
– Онда бізге ренжімейсіздер ғой? -Аймарал олармен қимай қоштасып , Насырдың соңынан ілесті.
Үшінші бөлім
11 Тарау
Қауышу
Ұйқыдан қара терге шомылып, ояндым.
– Асыл! Асыл жаным!.. тұншыға айқайлап, құзға құлап бара жатыр екем, шошынып ояндым.. Күнде жұмыстан қатты шаршап келетінім соншалық, ешнәрсе ойлауға мұршам келмей, ұйықтап кететінмін.Бүгін шым- шытырық түс көрдім. Сол баяғыдай жарымның мойнына асылып, күтіп алған екенмін деймін. Бірақ ол бұрынғыдай емес , мені кейін серпіп «Мен қазір қайта рейске кетемін » деп жақындатпайды...Мен соңынан жүгіріп, жан-жаққа қарасам, айнала жым- жылас.Даусым жеткенше, айқайлап, жандалбасалап , оны іздеп жүрмін. Бір кез біреу білегімнен ұстай алды. Қарасам – Насыр. Оның қолын сілкіп тастап, тағы зыр жүгіріп, жарымды іздедім. Ол тағы да қолымнан тартып, әлде бір нәрсені меңзегендей келесі жаққа сүйреді.. Осы кез ұшақтың гүрілі естілді. Мен екі қолымды аспанға жайып, бет алды құла түз жүгіріп келемін.Осы арада оянып кеттім. Жастығым су –су.
Менің бір кітаптан оқығаным - әйел адам шын бақыттың дәмін татуы үшін , оған өмірінде үш еркектің шексіз махаббаты , қамқорлығы керек екен. Оның біріншісі , бала кезіндегі әке сүйіспеншілігі, екіншісі сүйгенінің махаббаты, үшіншісі қартайған шағында баласының қамқорлығы. Мен аз да боса әке қамқорлығын сезіндім. Ал сүйген жарымның махаббатын ше?Оған сүйікті бола білдім бе? Әкемнен басқа менің жолымда үш ер адам кездескен екен. Сұлтан ол менің жұмыс беруші қожайыным.Қай әйел басшысының өзін жақсы көргенін , бағалағанын, сыйлағанын жақсы көрмейді. Мен де басшым ретінде оған жақсы жағымнан көрінуге, айтқанын екі етпеуге тырыстым. Кейде оның шектен тыс қамқорлығын сезінсем де,л оны менің ісіме берілгендігімнің бағасы деп түсіндім. Шынымды айтсам, оған деген әйелдік сезімнен гөрі, қатал басшының қай жағынан шығып қалам деген жалтақтауым басым болғанын жасыра алмаймын. Ал, басыма бақытсыздық түскенде кездескен Райс менің қамқоршым, жарылқаушым тәрізді , кез келген проблемамды соған ғана сеніп айта аламын. Ол қай уақытта болсын құлшынып, қолын созуға дайын тұрады. Оны өз кәсібінің білгірі , аса мәдениетті, ойы озық адам ретінде қатты сыйлаймын. Бірақ , оған деген сезімімнің ғашықтық аулынан аулақ екеніне сенімдімін. Дегенмен, үлкен достықтың астарында үлкен сезім жататынын ол да, мен де сезінгендейміз. Сол себепті де, онымен жие кездесуден қашқақтаймын. Ал, Асылдың жөні бір басқа .Ол менің жүрегімді жаулап алған жарық сәулем. Сол сәулені сөндіріп алмау үшін де қолдан келген барымды аямауға белді бекем буам. Ал, әзірге жалғыз ұлым Талғатқа келетін болсам, оған деген аналық махаббатым шексіз. Жақында бір телебағдарлама жүргізушісінің бала тәрбиесімен айналысатын уақыты болмағандықтан, баласы өскенде, анасын кешірмей, өле- өлгенше екеуі ортақ тіл табыса алмағанын естіп, жағамды ұстағам. Көбіне немере сіңілімнің қолында өсіпжатқан ұлымның , мені де өскен соң сыртқа теппесіне кім кепіл?! Сонда маған әйел бақыты бұйырмай, биліктің пұшпағына жармасып тірілік ету тигені ме? Жоқ.Мен нағыз бақыттың дәмі таңдайынан кеппеген әйел емеспін бе, демек, сол бақытымның баянды болуы үшін барымды сарп етуге тиіспін. Бүгінен бастап , басқа дүниенің бәрін тәрік етіп, жаным сүйген жарымның басына жастық , аузына су тамызатын парызымды өтуге барымды саламын.Күт мені аяулым!
* * *
Сапарға шығар алдында менің көңілімді уайым биледі.Бауыр еті баламнан бұрын -соңды көз жазып көрмеппін. Ілгері басқан аяғым кейін кетіп, бар дүнием артымда қалып бара жатқандай, іші бауырым елжіреді. Зарина мен Асылдың анасына Талғатты тоқсан тоғыз рет тапсырған шығармын. Сонда да дүниедегі жалғыз тірегім, көзімнің қуанышы, өмірімнің жұбанышы ұлымды бір жеті, әрі кетсе он күн көрмейтіндігімді ойласам, сары уайымға салынамын.
Насырдың неге ұнжырғысы түсіп кеткенін бір құдай білсін. Үн жоқ, әйтуір менің соңымнан еріп келеді. Анда –санда бетіне қарап, іштей «бұған не болған деп қоямын, ағасынан мені қызғанып келе жатқан жоқ па?» деген күдігім де жоқ емес. Мен өзімнің көріктілігімнің көп адамға жүк екенін түсінем. Көп әйелдер «шіркін сұлу болсам» деп армандайды, бірақ шындығында, сұлулықтан гөрі, бармақтай бақ тілеу керек екен. Өзім солай ойлаймын. Көзге көріксіз болғанмен , төрт құбыласы тең шалқып жүрген бақытты әйелдерді көргенде, соларға қызығамын.
Шынымды айтсам, менің айнаға қарап , майланып сыланбағаныма да қанша уақыт өткені белгісіз. Асыл соққыға жығылғалы, мен өзіме қараған емеспін. Бір жағынан сыланып- сипанбасам да табиғат сыйлаған ажарымның арқасында, жан-жағымдағылардың көз қарасын сеземін. Әйел деген былайша қарағанда, жетінші сезімнен құр алақан емес қой. Соңғы кезде Насырдың да маған ағасының әйелі емес, сұлу әйел ретінде қарайтынын, сырт көздерден қорғаштайтынын байқадым.
Үйден шыққан соң , әуежайға дейін қызметтік көлігім апарып тастауға келді. Тіпті оққағарларым да осында. Оларды көргенде, Насыр ренжіп қалды. «Сонда мен не үшін жүрмін?» деді. «Сізді де қорғаймыз» деп күлді оққағарлар. «Рахмет , мен президент емеспін, менің қас-жауым да жоқ»деп ол күңк етті. Сонда ол менің жауларым қаптап жүр деп ойлай ма екен? Осы арада ұялы телефоным шырылдады. Райс Сапарұлы екен. Жолымның жеңіл болуын тіледі. Қасыңда кім бар деп сұрады. Асылдың інісімен бірге бара жатқанымды айттым. Ол кісі сәл үнсіз қалып «қайның бақытты екен» деп күлді. Осы ер адамдардың қылығына кейде мен түсінбеймін. Ол кісі де мені ұнатып қалғандай, кейбір мінездері көңіліме қауіп ұялатады. Өзім де қатты сыйлаймын.. Жие көргім, ақылы көл дариядай аға ретінде сыр бөліскім , ақылдасқым келеді. Асылдың ісін жүргізгелі тіпті бауыр басып кеткендеймін.
Осы арада Насыр:
– Жаңағы звондаған кім ?– деп сұрады.
– Полковник. –дедім.
– Неге?
–Жолың болсын дейді.
–Ол біздің жүретінімізді қайдан біледі?!
Мен үндемей құтылдым.. Шынымды айтсам , қайдан білетінін, өзім де білмеймін. Иығымды көтердім. Осыдан соң қайным тағы үнсіз қалды. Салонға отырған соң да , менімен ісі болмады. Көзін шарт жұмып алып, самсоз. Меніңше , ұйықтап та отырмаған тәрізді.Дәуде болса, мен туралы ойлап отырған шығар. Осы жолы «бақытсыз ағам , осындай әйелді қайдан тапты екен деп ойлап отырмаса не етсін!....Бәрі осының кесірі «сұлу әйел көптікі, сүйгенің бірдікі деген рас екен..» деп отырса ше? Сөйлескісі келмей отырған адамды зорлаймын ба, мен де көзімді жұмып , өзіммен-өзім болғандай, күй кештім. Бар ойым артымда қалған Талғатта. Адам ойна келмейтін нәрсе жоқ.Егер осы ұшақта бір нәрсеге ұшырап кетсем, оның күні не болады деп шошынамын. Қазір күнде құлап жатқан ұшаққа сенім бар ма?! Сонда да отырамыз. Адамдар көзсіз батыр ғой, алған бетінен қайтпай, ұша береді..ұша береді..Жақында ғана Малайзийдің тағы бір ұшағы із-түссіз жоғалды.Қиыны, олар тіпті адамдарының мүрдесіне дейін таба алмауда.Теңізге құласа, қалдықтары табылмай ма? Құдай сақтасын , ұшып келе жатырып, қай-қайдағыны ойламайыншы ...
Қайтадан қызмет бабына көштім.Бұл тіпті шартты рефлекске айналған тәрізді. Мен робот болып кеткен сияқтымын. Соңғы кезде қызмет бабында, біреудің алдында кішірейуден гөрі, талап етуім басым. Себебі, талап етпесең , өздері талпынып жұмыс жасағысы келіп жүргендер шамалы.. Бәрі де біреу үшін жүргендей міндетсінеді. Сапарға шығарда , қызметкерлерімді жинап алып, қатты ұрыстым, «осы сіздер кім үшін жұмыс жасап жүрсіңдер?» деп сұрадым. Бәрі де ауызын буған өгіз сияқты үнсіз. Мен үшін бе дедім. Тағы үн жоқ. Жоқ, өздерің үшін, өздеріңнің от бастарың үшін, күнкөріс үшін, жұмыс жасап жүрсіңдер. Егер осыны түсінбейтін болсаңдар, өкінішті-ақ. Мен айтсам қимылдайсыңдар, айтпасам бет-беттеріңе ауа жәйіліп кетесіңдер. Егер құрылыс объектісін уақытында тапсырмасақ, үлескерлерге айыппұл төлейміз.Сол айыппұлды келешекте сіздердің жалақыларыңнан төлейтін болам. Бұған келіспейтіндерің , бүгінен бастап арыз жазыңдар. Мен кетіп барамын. Бірақ, әрбір учәскеде адамдарым бар.Кімнің не істегенін, кімнің қай уақытта жұмысқа келген, келмегенін, келген соң баяндап береді. Әйтпесе , сендер түсінбейсіңдер. Көбісің мен есіктен шықсам, тесіктен шығайын деп отырсыңдар.Бір кезде Сұлтан Тұрсынбекұлын қатал деп кінәлаушылардың ішінде өзім де бар болатынмын. Енді басыма түскенде, түсіндім, оны біздер екен сондай еткен.Біз жалқаумыз , жұмыс жасағымыз келмейді. Бірақ бай болғымыз келеді. Қазақта сөз бар: «батпан құйырық, не қып жолда жатқан құйрық» деген , күлмеңіздер, мен қазақша оқыдым. Үш тілді де жақсы білемін. Сол біліміммен күн көріп жүрмін.Сол үшін де сендер маған осы компанияны сеніп тапсырдыңдар. Мүмкін , сендердің ішіңде маған қарсы дауыс бергендер бар шығар.Бірақ, компания мүшесінің 90 пайызы маған сенім артты. Естеріңде болсын, мен сондай жиналыста жылда өткіземін. Қарамағымдағылардың маған деген сенімін жылда тексеремін.Шет жақта отырған жабдықтаушыға көзім түсіп: «Ал, сіз неге , басыңызды көтермейсіз, осы сапардан келгенше , жұмысыңызды түземесеңіз , сізбен де қоштасатын боламын. Келген соң әрбір құрылысшымен, сылақшымен сөйлесемін , егер керекті құрылыс материалдарын уақытында жеткізбесеңіз, өз обалыңыз өзіңізге!»деп қоқан- лоқы жасап кетті. Кім білсін, онымнан не шығатынын...
Стюардессаның ағылшын тілінде «ұшақ қонуға дайындалуда , белбеулеріңді тексеріп, дайын отырыңыздар» деген үні естілді. Иығымнан ауыр жүк түскендей, қасымдағы Насырға қарадым, ол да әлденеге жымиып, басын изеді. Маған ба , әлде жанымыздан әтірін аңқытып өтіп бара жатқан көк кастюмді қызға ма, ол арасын айыра алмадым... Тек аяғымыз жерге тиген соң «Құдайға сиынады екенсіз ғой» деп әзілдеді. Мен оның бетіне таңдана қардым да:
– Дәрігерлер құдайға сиынбай ма? Мен бір дәрігерді білемін мешітке барып, бес намазын жібермейді .
– Қазір екінің бірі солай , оны айтасыз , қазір әрбір ота жасаудан бұрын дұға оқып алатын дәрігерлер пайда болды.
– Солай ма, қызық екен. Менің ұшаққа отырарда «бисәмилла» дегенімді есітіп қалған екенсің ғой.Мен өзім үшін емес Талғат үшін қорқамын. Егер бізге бірнәрсе болып кетсе , оған кім қарайды?
– Ондай жаман сөзді айтпағаның дұрыс. Барлық уақытта жақсылық туралы ойлау керек. Бірақ, адамның ойына бірінші жамандық түседі, онысы несі екен?
– Ол қорыққандікі ғой.
Ығы- жығы халықтың ішінен адасып кетермін деп Насырдың қолынан ұстап алдым.Бұл жақта арабтардың көбі байқалды. Тіпті арбаға жегілгендер жолаушы іздеп зыр жүгіріп жүр.
Көліктер қаптап тұрған алаңға шыққанымызда , қаба сақал «такси ,такси» деп дауыстады. Насыр оған жақындап «Ассута клиникасына» деді де, маған «алдына отыр» деп есікті ашты. «Жоқ, сен отыра бер », деп артқы есікті ашып отырып алдым. Тарихи ескірткіштерге бай қаланы қызықтап, клиникаға қалай жеткенімізді аңғармай қалдық.
.... Клиникаға кірісімен орысша білетін дәрігер іздеген біздерге орта жастағы әйел ұшырасып, кімді іздеп жүргенімізді сұрады. «Асыл Жанасай .. Қазақстан» дедік Насыр екеуміз қосарласып. Ол аздан соң , қабағын шытып «Молодой, красивый ..парен... да..да спомнила.. Карина забрала его к себя...» деді. Менің тас төбемнен біреу суық су құйып жібергендей, қалшиып қатып қалдым.
«Қалайша... ол ауру емес пе? Ауру адамды тума-туысқанының рұқсатынсыз, бір жақтағы біреу қалай үйіне алып кетеді?!...Әлде шынымен ол мені ұмытып, басқа біреуді қалағаны ма?.Егер қасында жүрсем, бұлай болар ма еді?! Оған мүмкіндік болды ма, оны емдетуге , баланы күтуге қаржы керек болды емес пе? Асыл бұны неге түсінбеген? Оның сезімі осынша тез арада суиды деп кім ойлаған?!..» Қақшиып қалғанымда Насыр :
–Аймарал, не болса да көзімізбен көрелік. Мекен- жайының адресін алдым. Жүр кеттік ,–деді. Менің де оны көргім, өзімен сөйлескім келді....
Екі қатарлы вилланың алдына тоқтап, көліктен түскен соң. сыртқы есіктің домофонын басқанда, еврейше кім деген дауыс естілді.
–Откроите , пожалуста , я брат Асыла ,–деді Насыр.
–Да...да ,сейчас... сейчас..– орыс тілін бұзып айтқан әйелдің сасқалақтаған үні естілді.
Аздан соң толықша денелі кексе әйел есікті ашып, бізге таңдана көз тікті. Әсіресе мені көргенде жүзі құбылды. Әлде маған солай көрінді ме , қайдам... Алдымызға түскен ол үйіне кіріп, холлының есігін ашты. Креслода отырған Асылды таныған екеуміз қатарласа ұмтылдық. Ол орнынан қозғалмады. Менің бірінші ойлағаным: «Ол отыруға келіп қалыпты,демек , жүру мүмкіндігі де бар.» Бірақ , бет- әлпетінде ешбір өзгеріс байқалмай, бізге самарқау көз тастады.
–Асыл !Ағатайым!Мені таныдың ба?! – Насыр , оны қапсыра құшақтады: –Сен отыратын болыпсың ғой, есіңді жидың ба, ауылға қайтасың ба? Қарашы , сені Аймарал іздеп келіп тұр.Талғатты үйге тастап кеттік...Анаң сені күтіп отыр!– деді абдырап.
–Он нечего непомнить ,–деді әйел,–Ему долго надо лечиться , а в клинике его больше не хотели держать.Я вам звонила, не могла дозвониться.У меня больше выхода не было. Домой забрала...Но неволнутесь . он меня как сын.. Я одна живу.
–Когда звонили ...
–Я не помню, сказали вы не можете , там кто то умер ...
Насыр :
–Как вы думаете , ему долго еще лечиться ?-деді.
–Долго. А у вас безполезно.Если поправится только здесь.Не волнутесь, я буду ухаживать,–деді Карина ..
–Жоқ! –дедім бар күшімді жинап .–Ол менің күйеуім, оның ақырғы демі біткенше , өзім күтуім керек. Сізге рахмет! Мен оны елге алып кетемін. Ол менің жанымда болады. Даусымның қатты шыққаны сонша. Асыл маған жалт қарағандай болды , ізінше :
–Аа...а...а.. , деген әлсіз үн естілді. Аяулым, Асылым... мені күтіп жүр екенсің-ау!!..Мен оның аяғының астына құлап түстім.
–Кешір жаным, сені сонша күттіріппін. Сені жалғызсыратыппын. Енді сенімен мәңгі біргемін! Ендігі жерде бір минөтте көзімнен тас қылмаймын. Насыр , жина заттарын! Сізге мың да бір рахмет! Барлық дәрі –дәрмегін беріңіз, өзім емдетемін, өзім жазамын!–дедім сексиіп қалған әйелге.
–Ай..ма..рал...Же..ңе..ше,–деп бірнәрсе айтпақ болған Насырға .
– Мен оны тастап кете алмаймын.Тіпті мүгедек болса, арбасын сүйретіп жүремін,–деп қатқыл жауап қаттым.
Ол бұдан әрі үнсіз айтқандарымды орындай бастады.
* * *
Израильден келген соң томаға тұйық өмір сүрдім. Ешкіммен сөйлескім де, ешкімді көргім де келмеді.Жалғыз алданышым- Асыл мен Талғат.Бір жетіден соң қызметіме кірістім. Айналаның бәрі өзгеріп, самарқау тартқан тәрізді. Не істеймін ,енді қалай өмір сүремін , бәрі тұман. Сірә, мен өзім құлай сүйген адамға қосылмауым керек сияқты. Мен оған бақытсыздық әкелдім. Осындай ойдың миымды жайлап алғаны сондай, өзімнен-өзім қорықтым. Осылай мең -зең болып жүргенімде, Райс телефон шалды. Оның даусын естігенде, сергіп қалдым.
–Аймарал, барып келдің дер ме, сен звондай ма деп күте –күте тағатым таусылып, өзім хабарласып отырмын.Қазіргі жастар үлкен кісілердің хал-жағдайын білуіп, амандасуды білмейді.– деп ол өкпесін білдірді.
–Райс Сапарұлы , олай емес, сіз жұмыс басты адамсыз, мазалай беруді ыңғайсыз көрдім.
–Ондай сөздің тіпті реті жоқ.Онан да бүгін жұмыстан соң , бір жерге барып, шер тарқатайық..
–Рахмет.Бұрынғыдай емес ,үйде мені күтіп отырған жарым бар, Талғат бар. Олар мен уақытында келмесем, алаңдайды. Сізге көп- көп рахмет.Кейін бір реті болар,–дедім сыпайылап.
–Сонда Асылды алып келдіңіз бе? Жағдайы қалай?
–Әзірге көңіл көншітер ешнәрсе жоқ. Бірақ бұрынғыға қарғанда, беті бері қараған тәрізді. Не болса да, мен оны жат елде, жат біреудің қолында қалдырып кете алмадым. Клиника қолдарынан келетін ем-домын істеп болған тәрізді.Енді осындағы дәрігерлерге емдетемін. Бар қолымнан келгенді жасаймын. Оның соққыға жығылуына себепкер мен ғой...
–Олай деп өзіңізді жазғыра бермеңіз, бәрі жақсы болады.
–Үмітімді үзгім келмейді. Оның үстіне Асылды көрген соң, сонша уақыт күтіміне араласа алмағаныма , өзімді кінәлі сезіндім. Ол да мені күткен тәрізді. Интернет арқылы білікті дәрігерлер іздеудемін. Қытай емшілеріне қаратқым келеді.
–Жақсы ,Аймарал, сәттілік тілеймін, сендей жары бар Асылдың жазылатынына ешбір күмәнім жоқ.
–Райс Сапарұлы, мен сіздің қамқорлығыңызды ешуақытта ұмытпаймын.Сіздей адамдарды кездестірмесем, тағдыр сынынан сүрінбей өтуім екі талай еді. Сіздей жақсы жандармен жолымның қиылысқанына дән ризамын.Сізге мың да бір рахмет! Асыл жазылған соң, арнайы сыйлық жасаймын.
- Қам жемеңіз. Бұл менің қызметім.Айтпақшы, оққағардың ісі сотқа жолданды. Сіз не айтасыз?
–Әркім қолымен істегенін мойнымен көтеру керек. Заңды жазасын алғанын қалаймын. Оның үстіне Асылдың енді ұшақққа отыру-отырмауы екі талай нәрсе..Ұшақ түгелі , аяғынан тік тұруы арман. Дәрігерлердің болжамы бойынша , ол өмір бойы арбаға таңылып қалуы да мүмкін.
–Екеуміздің ойымыз бір жерден шықты. Ол қылмыс жасады, соған лайық жазасын алуы керек.
Райспен сөйлесіп болған соң , Асылдың бөлмесіне бардым. Израилдан келісімен Қытай дәрігерлерінің инемен емдеу әдісіне ден қойдым. Дәрігерлер көбіне отырған қалпында ұйықтауына кеңес берді. Бір жыл ішінде екі иығына екі кісі мінгендей алып денелі жігіт әбден жұқарыпты «тамағы дұрыс болмады ма екен ?» «кісі қолындағы кісендегі» дегендей, біреудің қолына қарап қалған жанның жағдайы белгілі. Үйге келгелі өзім тамақтандырып, қалт еткенде қасында болуға тырысамын. Желкесінің астына кішкене көпшік қойып, басын көтердім. Аққұба , ат жақты сұлу өңінде мамыражай тыныштық орнап, дені сау кезіндегідей, езуіне сәл ғана күлкі үйріліп, бір қалыпты тыныстап жатыр екен. «Үйге келгенін біліп, жаны жәй тауып жатыр ма екен?» деп ойладым. Жанына тізерлеп, маңдайынан сипадым. Осы сәтте, ол қазір маған бір ауыз тіл қатса, бұл дүниеде ешбір арманым болмайтындай көрініп, қолынан ұстадым. Іштей : « Өзіңнен айырылғалы , өзегімді өрт шалғанын түсінемісің.Неге маған тағдыр сонша қатал. Енді ғана өмірге қанат қағып келе жатқанымда , әке-шешемнен айрылдым. Сенімен кездесіп, бақытымды таптым дегенде, тағдыр сені де қағып түсті.Не жазығым бар еді?! Кімнің алдынан өттім, кімге не жаманшылық жасадым? Ешкімнің ала жібін аттап, ешкімнің көңілін қалдырмаған сияқты едім ғой... Оңашада кеудеме көптен кептелген құсамды шығарып алғым келді ме, ағыл-тегіл көз жасыма ерік бердім. Асылдың алқанына мөлдір тамшылар тамып жатыр...тамып жатыр...
...Асыл жаным , сені бір көргеннен «жарымда сенсің , жанымда сенсің» деп табынып едім. Тіпті алды- артыма қартпаған асығыстығым түбінде опық жегізер деп ойлануға да шамам келмей, ыңғайыңа көне бергем. Тәуекелге бел буып, не болса да көңілім қалаған ,жүрегімді жаулаған сүйіктімнен көз жазып қалмайын деп, бірден сенің етегіңнен ұстадым емес пе?! Бағыма қарай, іздегенге сұраған дегендей, сен де мені бір көргенен құлай сүйіп, құрақ ұштың ғой. Менің «осындай , көрікті де, көрнекті жігіт осы кезге дейін мені күтіп жүр деймісің .. »деген күдігім бірте- бірте сейіліп, сенің маздаған махаббатыңа жылындым емес пе?..Мен бар дүниені ұмытып, сен сыйлаған бақыттың құшағында балқыдым. Сенімен бірге өткен сол үш айлық өмірім , өмірімнің мәні мен сәніне айналды. Мен үлкендердің қуаныш пен қайғы қосақтасып жүретінін естен шығаруға болмайды деген пәлисапасын талай естігем. Қазір сол сөздің тегін айтылмағанын мойындаймын. Неге сонша қуандым екен, неге сонша сені қатты ұнаттым екен деп өкінем. Сенің нұрлы жүзің, мейрімге толы жанарың, әзіл- қалжыңсыз отыра алмайтын ақжарқын жүзің ,тағы да жарқ етіп, алдымнан шығар ма екен?! Әрине, көрікті әйелге қызықпайтын ерлер аз. Олар екеуміздің арамыздағы сезімнің бір тамшысының дәмін татып көрген жоқ қой.
Міне , бүгін жаныңдамын , жаным, екеуміздің бір-бірімізге деген ессіз құштарлығымыз бен адал махаббатымыздың куәсіндей Талғатымыз өсіп келеді. Ендігі жердегі бар мақсатым– сені емдеп , қатарға қосу. Ал анаң мен Насырдың кейінгі кезде неге өзгергенін білмеймін. Сен ана жақта жатқанда, анаңның : « Насыр алғашқы жарымен тіл табыса алмады, Талғатты тір жетім етпейікші...» деген құлаққағысы жүрегіме инедей қадалды. «Асыл өлген жоқ қой, ол жер басып жүргенде, мен де басқа ой болуы мүмкін емес» дедім. Сол күні түнімен жыладым. Сенің ең жақын адамдарыңның сенен түңілгені, сені мәңгі мүгедектер қатарына қосқаны, жаныма қатты батты...Мейлі, не десе о десін,бірақ мен сенен ешуақытта түңілмеймін, күдер үзбеймін. Сен тіпті арбаға таңылып қалсаң да, мәңгілік сендік болып қаламын.
Аймарал қалғып кеткен екен, түсінде бәз-баяғыдай сүйгенімен қол ұстасып , шат-шадыман дәурен сүріп жүр екен дейді... Жанына бір ақ киімді абыз келіп: «»Балам, көп қиналдың ғой, көз жасыңды сүрт.Арманыңа жетуіңе алыс қалған жоқ. Шыдамның арты шаттық. Төзімнің арты сезім..» деп маңдайынан сипады... Оянып кетіп, ұшып тұрдым. Ә, сәт ,әулиелерім жебеп-желеп аян беріп жүр екен , Асыл жаным, көзіңді ашшы.. кермет түс көрдім, жасаған ием, бізді жалғыз тастамаған екен, сен жазыласың .. жазыласың .. бұл түсімді , өзіңе ғана айтамын. Ешкімге тіс жармаймын..
Тұла бойы жеңілдеп, бойын қуаныш кернеген Аймарал баласы жатқан бөлмеге қарай ұша жөнелді. Тәтті ұйқыда жатқан сәбиіне мейірлене қарап, « құлыным тілегімізді жартқан ием естіді, әкең жазылады, әлі- ақ бірі ұмытылады», деп сыбырлады...
Осы күннен соң , қойын дәптер алып, оған Асылдың бойындағы өзгерістерді күнделікті жазып отыруды ұйғардым. Кейде жүрегімді жарып шыққан жыр жолдарын ұйқастырам.
Бір жақсылық көрдім,жаным, түсімде,
Жамандығым болмаған ғой ісімде.
Сиынып мен бір Аллаға отырмын,
Не болса да , тұрсыншы деп ішімде.
Мен шыдаймын, сен де шыда, ғашығым.
Таңдап алған, көп ішінен Асылым.
Күресші сен шырылдаған жан үшін.
Алдымыздан аттар аппақ таң үшін.
Әнім де сен, сәнім де сен өмірде,
Басқа жанға селт етпейді көңіл де.
Есіткенше, лебізіңе асықпын.
Мүгедек бол, мүскін бол,
Жалғыз сенсің ғашығым!
- Аймарал тәте, Сіз ұйықтамағансыз ба?– Асыл аға бірдеңе деп сөйлеп жатыр ғой!– Зарина жүгіріп келді..
–Аһ... аһ ... не дейсің , жаным, не дейсің ..сөйледі деймісің..– О жасаған ием, тілегімізді бере гөр.–деп
Асылдың бетіне үңілдім.
– Ай...м..а..р..а.л... деген үзінді-үзінді сөзді есітіп, оны қапсыра құшақтай алдым.. ––Асылым! Мен..мен ... жаныңдамын ғой.. ..Айтшы ,жаным, не дедің? ... Тағы бір қайталашы. ..
Ол басын изеді.
– О..жасаған ием, мені таныды.– Оның жүзін алқанымен сипалап, екі бетінен шөпілдетіп сүй бердім.. . Асып-сасып есіктен кірген қайныма:
– Асыл екеуміз некелесу тойымызды жасаймыз. Біз үлгермедік қой. Ендігі жерде баламды жетім, өзімді жесір еткім келмейді.–дегенім ғана есімде.
–Ай...ма..ра..л , әлде де... .–Насырдың үні батылсыздау шықты.
– Жығылған күннен бастап жанында болғанымда , әлдеқашан жазылар ма еді. Енді ол жазылғанша , күте алмаймын.Ал жазылған соң , жаралы арыстанымды жалғыз тастағанымды, ол кешіреме, кешірмей ме... Сондықтан мен оны осы күйінде қабылдаймын!! Ол мені таныды. Оның кеудесінде үміт сәулесі оянды.Осы уақытта дейін жалғыз қалдым, менен көз жазып қалдым деп ойлаған екен. Мен оның жанарынан соны ұқтым. Сондықтан, бұдан былай оның жан жары ретінде , өзім қызмет еткім келеді. Ол жазылады. Мен оны жазып аламын. Ол қалайда жазылуға тиіс...
Арада аз уақыт өткенде, Асылдың беті бері қарды. Аймарал сүйгенінің арбаға таңылып отырғанына қармастан , тойды тез өткізуді ұйғарды.
12 Тарау
Шақыру қағазы
Сымдай тартылған Бауыржан :
–Райс Сапарұлы , щақырдыңыз ба?–деді.
–Иә, акулаларды ұстапсыздар ғой, жарайсыңдар! Аз уақытта он тоғыз криминал беделділері сотталыпты. Осылай жұмыс істеу керек. Мен күнделікті арызданушылардың ісімен айналысам деп, соңғы кездері қолым босамады. Сонымен айта бер?
- Көптен жүргізіліп жатқан операция аяқталды, ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері , прокуратура ,біздің тергеушілер бәрі айналысты.
–Иә ,қалай , түрмеге жансыз болып кірдіңдер ме?
–Солай, жоспарды құрған өзіңіз ғой.
- Бірақ бар жауапкершілікті саған жүктегенмін.
- Сіздің жоспарыңызбен қимылдадық. Сол түрмеге кірген жансыздардың арқасында ондағы қылмыскерлердің құмар ойынынан жиырма екі миллион жинағаны белгілі болды. Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері олардың телефонмен байланысын бақылауға алып, сыртқы сыбайластарын көземелдеп, торға түсірді.
–Жақсы, түрмедегілердің арасындағы жолсыздыққа бір тосқауыл қойылған екен. Әрине, осындай қарқынмен беріліп жұмыс жасайтындар болса, тәртіп орнатуға болады. Адамның барлығы бірдей ақшаның құлы болып кеткен жоқ қой. Әлі де болса кәсібінің, қызметінің абыройын жоғары қоя білетіндер бар. Әңгіме сондай адал қызметкерлерді таба білуде. Сондай өз қызметіне ерекше берілген бір кездегі Израильдің премьер министрі генерал Эхуд Барак бірде әйелдің киімін киіп, маңызды барлау жасап, қажетті деректер тауып, даңққа бөленген. Оның қасында түрмеге жансыз болып кіру деген қолдан келетін нәрсе ғой.
–Әрине, полковник мырза, дегенмен тәуекел керек.
–Қылмыстың қандай түрімен күресу үшін де тәуекел керек..Бірақ біз қауіпсіздікті бірінші орынға қоюға тиістіміз.
Айдауылмен кірген Қайрат Аймаралдың қасында көрген кісінің тергеу басшысы екенін білгенде, ұнжырғысы түсіп кетті.
–Отыр ,–деді Райс қатқыл үнмен .
–Ал, батыр сөйле, бұрын неге сотталдың?
–Төбелескенім үшін.
–Бірақ, сабақ алмаған тәріздісін ғой.
–Мен қожайын үшін кек қайтарғым келді.
–Демек, сен кісіні аяй білесін. Онда күйеуін ауыр соққыға жығылған Аймаралды неге аямайсың?
–Бәрі соның кесірі.Президентті менсінбейтін ол кім еді?!
–Ә.. ә. .. солай ма.. Сұлтан Тұрсынбекұлы солай деп пе еді?
–Жо-ға.... бірақ белгілі емес пе..Өзінше тәккаппар ... Ал қожайынның оған жасамаған жақсылығы қалмады.Оны қызметтен өсірді.Былай қарасаңыз, ондай мамандар аз ба? Бар билікті қолына беріп қойды. Елдің бәрі одан қаймығып, оның сөзін екі етпей, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болды.. Ал ол болса ..сатқындық жасады...
– Президенттің неден қайтыс болғанын білесің бе?
–Хабарым жоқ. Ішімдік ішіп, күйіктен өлді ғой.. Махаббаттың шалығы ұрды ғой.. байғұсты.. Ірі адамдардың махаббаты да ірі деген осы..Өзім де бір кезде қаладан келген бір бикешке қырындаймын деп, төбелес шығарып, бостан- босқа сотталып едім. Сол сұлуым , мені іздеген де жоқ, мен түрмеде телміргенде , ол күйеуге шығып, балалы- шағалы болып шалқып жүр. Әйелдердің бәрі солай...
– Аймаралдан басқасы деңіз...
-–Айта алмаймын..
–Қайрат, президенттің неден қайтыс болғаны туралы патолог анатомның яғни дәрігердің берген қорытындысы бар. Оның өліміне Аймаралдың ешбір қатысы жоқ Ал, оның күйеуінің соққыға жығылуына, сенің тікелей қатысың бар. Істеген қылмысыңды мойындамасаң, жазаң аурылайды. Саған қожайының киллерлік жұмысың үшін қанша төледі , немесе қанша төлеймін деді, онан да соны айт. Басқасының бәрі белгілі..
Қайрат орнынан ұшып тұрды.
– Тергеуші мырза, мен оңбай қателестім. Байлыққа кенелгім келді. Сыртынан бақылағанымда, еңгезердей жігіт екен, жұлырығымның әлі келмес деп , құрылыс алаңынан білтемір тауып алғанмын, ол қатты тиді ғой деймін, бірден құлап түсті. Бірақ, тастап кете алмадым, есінен танып қалғанын көргенімде, сасқанымнан жедел жәрдем шақырттым. Ауруханаға өзім апардым. Тіпті Аймарал ханымға хабарлаттым. Айтыңызшы, маған көп бере ме?!
- Сен кісінің өміріне қастандық жасадың. Сенің әрекетіңнен ол мүгедек күйге ұшырады. Қайрат, ісің сотқа жолданды.Жазаның қандай болмағын, заңды түрде солар ғана шешеді. Әрине, өз қатеңді түсініп, жәбірленушіге көмек көрсеткің келгені ескерілетін болады. Бірақ , қылмысың да ауыр. Қазір еш жаққа кетпеймін деген қол хат беріп, сотқа дейін қаладан жыраққа шықпасын.Есіңде болсын, бұл жеңілдік Аймарал-ханым арзыданбағандықтан ғана беріліп отыр.
Ішке кірген полицияға.
–Алып кетіңіз,–деп бұйрық берді.
Іс қағаздарын оқып отырған Бауыржанға назар аударып:
–Қалай қала тыныш па?–деп сұрады.
– Әзірге тыныш. Балалардың ойын- сауық орталығына жарлығыш қойылды деп телефон соққан бұзақыларды таптық. Оларға айыппұл салынып, енді осындай бұзақылықтары қайталанатын болса, темір тордың әржағынан шығатыны ескертілді.
– Солай, Бауыржан, бәрі ұсақ-түйектен баталады. Қырағы болу керек. Бір көңілге медеу тұтарымыз, бізде әлемге әйгіл болған Дубровке Мәдениет үйіндегідей лаңкестік әрекеттер кездескен жоқ. Онда Ресейдің арнаулы қызметі адамның ағзасына әсер ететін химиялық уландырғыш қолдануға мәжбүр болды. Кейін белгілі болғандай, бұл әрекетке лаңкестер бірнеше ай бойы мұқият дайындалып, қару- жарақпен қамданған, бұл операцияға арнай дайындықтан өткен ерлер мен әйелдер іріктеліп алынып , олар жарылғыштармен жабдықталған.Осындай дайындықпен келген 36 лаңкес тұтқынға алған адамдарды құтқару үшін амалсыздан улы газ қолданылды. Кепілдікке алынған 916 адамның 130 қаза болды, соның ішінде 10 бала бар. Соның өзін ресейліктер «келісуге тұратын шығын» деп бағалапты.
Ал, одан бір жыл өткен соң Бесландағы террористердің зұлымдығы олардың шенен шықандығының айғағы болды. Онда кепілдікке 1010 бала түскен. Бұл жолы лаңкестер нақты жоспарымен қимылдай алмады.Оның себебі – ата-аналар қамаудағы балаларын құтқаруға ұмтылып, оққа кеуделерін тосты. Адам баласының жаны түршігерлік оқиға орын алды. Осы қанды оқиғада 334 адам қаза болды. Оның 186-сы балалар. 80 адам жарақаттанды. Ал Федерацияның арнаулы қызметінен он адам, ішкі істер департаментінен бір адам оққа ұшты. Ең бастысы жоғарыдағыдай сұмдық оқиғалардың , біздің елімізде , біздің жерімізде орын алуына жол беруге тиісті емеспіз. Қазіргі кезде біздің құқық қорғау органдарымыз қырағылықпен жүйелі жұмыс жасауда. Бәле-жәленің алдын алуда. Дегенмен сақтансаң, сақтармын дегендей ,әлде де болса сергектік керек.
–Райс Сапарұлы , жоғарыдағы мәліметтердің бәрін қалай есте ұстайсыз?
–Бұл сіз бен біз білуге тиісті мәліметтер.
–Бізде органның қызметкерлері саясаттан тыс болуы керек деген ұғым қалыптасқан. Ал, сіз болсаңыз нағыз саясаткерсіз.
–Мен саясаткер емеспін, сарапшымын. Ал егер сен лаңкестермен күресетін бөлімде жасайтын болсаң , қалайда саясаттан тыс қалмайсын. Жалпы заңгерлер саясаттан тыс болу керек деп, бір жақты кесім айту- олардың қоғамдағы қызметін түсінбегендік.Олар қоғамның тыныштығын сақтайтын, қауіпсіздігін қорғайтын, заңдылықты орындайтын органның қызметкерлері. Саясаттан тыс заң болмайды. Заң деген саясат. Заң деген қоғамдағы тәртіп. Ал, заңгер сол қоғамдағы тәртіпті қадағалаушы. Егер заңгер саясаттан хабарсыз болса, заңнан да хабарсыз , олай болса, қоғамда қалай тәртіп орнатпақ?! Демек, қоғамның бүгінгісі мен болашағын білу үшін құқық қорғаушылар заң мен саясатты жетік білуі керек. Жоғарыда айтқандай, , көрші елдердегі лаңкестік құбылыстардың бізде орын алмағандығының өзі , біздегі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің осы бағытта жеткілікті жұмыс жасап жатқанының бір дәлелі. Әрине, біздің қоғам тып-тыныш, қауіп –қатерден тысқары деп болжам жасау артықшылық болар. Бізде де , сырттан көз алартқан дұшпандардың іштен шалу әрекеттері кездесуде...
–Менің айтайын дегенім, қоғамның барометрі сіздерсіздер, айналадағы қалыптасқан ауа-жәйді бес саусақтай біліп отыруларыңыз керек, бұл кез келген лаңкестіктің алдын алатын шара.Осы бағытта тек қана тар шеңберде емес, әлемде , ТМД елдерінде не болып, не қойып жатқанын зерделеп, зерттеп отыру керек. Сен ірі бөлімнің жетекшісін, қарамағыңдағы жас тергеушілерге осыны жеткіз. Жалпы арнайы қызметтердің ішінде ең дамығаны Израилдың барлаушылары . Біз ондай алпауыттардың қатарынан көрінбегенмен, жыл сайын алға ілгерілеудеміз, ғаламтордың тілін меңгерудеміз , бірталай заманауи техникалық құрал-жабдықтарды игердік. Соның нәтижесінде «телефондық террористерді» тез анықтап , жазалайтын болдық. Біздегі ең қауіпті болып тұрған сала діни ағымдар, олар жолбарыстың терісін жамылып, ішке кіріп алатын тарғыл мысық тәрізді жастарымызды мұсылмандыққа үйретемін деген желеумен басқа бағыттарға ауытқытуда, меніңше, дінге сену, сенбеу әркімнің ерікті ұстанымы. Бірақ, ұлттық рухты түсірмеу, Отанға ,елге, жерге адал болу– болашақ ұрпағымыздың қасиетті борышы. Бізде кейбір әлеуметтік қиыншылықтарға ұрынғандарды қисық жолға итермелеп, ашық күнде адастырып жүргендер бар, біздің қазіргі міндетіміз– соларды анықтау,бақылауға алу..
– Оларды қалай анықтауға болады?
– Мен саған бір ақыл айтайын -жұма сайын мешітке бар. Кімнің не айтатынына құлақ түр. Сен сияқты дінге құлшылық етіп жүрген жастар аз емес, сенің кім екеніңді қайдан біледі. Бір жағынан қазір мешітке бару мода емес пе , сен де солардың қатарына қосыл!
–Мұны жасауға болады. Менің әкем молда болған кісі. Сондықтан құдайға құлшылық етуден қашпаймын .
–Тіпті жақсы.Меніңше, сол мешіт жағымен тығыз байланыста болғаның , көптеген нәрседен хабар береді. Оның үстіне осы мешіт жайында бірқатар жел сөздер айтылып жүр, молдалардың шәкірттерді қалай оқытып жатқанын бақылау да артық болмас еді.
–Райс Сапарұлы, сізге ,пакет!– көмекші жігіт кірді.
Райс конфертті ақырындап ашқанда, ішінен шақыру қағазы түсті. Оған көз жігіртіп , әлденеге толқып қалған басшысының көңіл-күйін аңғарған Бауыржан ақырындап шыға жөнелді.
Оңаша қалған полковник бір тілім қағазды бірнеше рет оқыды. Той көйлегін киген Аймаралдың жанында арбадға таңылған жігіт отыр.Көңілі өрепкіді. Мұным не? Ол бар болғаны , қылмысты істі ашуға көмек сұраған жәбірленуші емес пе?! Шындығында, арамызда , айта қаларлықтай, ешнәрсе болмағаны анық. Болуы да мүмкін емес. Сонда да ,көргеннен көзіне оттай басылып, көрмесе сағындырған тылсым сезім иесінен көз жазып қалғысы келмейді-ақ... . Әдемі әйелдердің бәрі бір- біріне ұқсай ма , әйтуір Гүлназым екеуінің арасындағы ұқсастықтар тым көп болатын. Әсіресе, еркелей қараған тұңғиық жанарының түбінде бір сыр жатқандай, Райс әлденеге үміттенетін. Сол үкілі үмітін үзген бір бет қағазды қоярға жер таппағандай, аударыстырып біраз отырды. Сұлулыққа қызғу мен табынудың жас талғамайтынына көзі жеткендей күрсінді.. Көңілі алай-дүлей..Жас алшақтықтарына қармастан, не нәрсеге болса да, көз қарастары үйлесе кетіп , араларында бір жарасымдылық пайда болатын сүйкімді бейне....Сұңғыла сұлу Райстың өзіне ерекше қарайтынын, оны өзгелерден ерекше көретінін , тіпті әйел ретінде ұнатанын білді ғой.. Демек, бір ашылып сөйлеспегені қалай ...
Сосын , таныс нөмірді терді.
–Аймарал ,–деді де,– сәл үнсіз қалды.
–Райс Сапарұлы ,салматсыз ба?Жәй ма?
–Мына шақыру қағазды Сіз жібердіңіз бе?
–Әлбетте, алдыңыз ба?
–Алдым, таңырқап отырмын.
– Асылдың беті бері қарады.Біз үйлену тойын жасап үлгермеген едік.Енді кейін қалдырмауды ұйғардық.
–Солай ма?!
- Райс Сапрович, мен үшін сіздің орныңыз бөлек. . Бірақ мұның жеңуге болатын, жеңілуге тұратын сыйластық болып қалғанын қалаймын. Асыл екеуміздің тойымызға келіңіз. Күтеміз.– Оның үнінде «Мені сіз ғана түсінесіз.. Мені аяңызшы...» дегендей бір жалбарыну , жалтақтау кептеліп тұрғандай, байланыс үзіліп кетті.
Райс оның : «жеңуге болатын , жеңілуге тұратын » деген сөзін қайталап, басын шайқады. .
13 Тарау
Ескі сыр
Сыртқа шыққан Райс көлігіне отырғанда, алғашқы қардан айнала ақ сәулеге бөленіп, шырайлы күйге енген екен. Бас тергеуші көңіл күйіне қарама- қарсы табиғат құбылысынан біраз сергіді. Сонда да болса, үйіне қайтқысы келмей , біреумен оңаша кездесіп , ішкі қалтарысын ақтарып жеңілдегісі келген соң, «Мырзекеңді шақырсам қайтеді» деп ойлады да, оның телефон нөмірін терді.
«Әлеу , тыңдап тұрмын, Реке, Сіз бе?» деді әр жақтан.
–Мырзеке, қолыңыз бос па?
–Қар күреп жатырмын. Қолым бос.
–Өзіңіз қар күреп жатырмын дейсіз, онда қолыңыз бос болмады ғой.
–Ой, қар деген ермек қой. Не шаруа?
–Екеуміз бір жерге отырып, тамақтансақ деп едім.
–Егер сенің қолың бос болса, менің қолымда тұрған не бар?Тіпті жақсы.
–Мен қазір соғып, алып кетем..
–Қайда? ..Үйге келмейсіз бе?!
–Жоға . Бәкеңді әуреге салып қайтеміз.Кафеге барып отырайық.
–Мен кафеге бармағалы қай заман..Жарайды.
Үйіне асығыс кірген Мырза:
– Баршагүл, менің кастюм-шалбарымды дайында, Рекең кафеге шақырып тұр,–деп асықтырды.
–Мәссаған, тек өзіңді ме?– Шолпаннан Райстың бір жас келіншекке ықыласы ауып жүр дегенді естіген Баршагүл күйеуіне сезіктене қарады.
–Немене, келіншектермен көңіл көтеруге көштіңдер ме ?!.
Өсек - аяңнан хабарсыз Мырза әйеліне жалт қарады да:
–Егер мен жас әйел алатын болсам.. баяғыда... ,–деді де шорт тыйылды.
–Ә..ә....бәсе .. айтыңқыра... сол әңгімені неге қозғамай жүр деп едім... Мен де Шолпанның сыңарымын.
–Әй ,не сандалап тұрсын.. Шолпаның не?
–Білмейсің бе, Райс бір сұлуға ғашық дейді..
–Яп-ыр-ым-ай.. осы сендердің айтпайтындарың жоқ.Мен білмеймін, мүмкін жұмыс бабында бірдеңе болып қалған шығар. Кездесейік дейді. Болшы. Дайын ба?
–Дайын. Дайын. Жолың болсын!
Мырза есік алдына шығып, Райстың көлігіне отырды.
–Осы әйелдер , қартайған сайын қызғаншақ бола ма? Қайдағыларды еске түсіріп, бажылдады да қалды.
–Ой , Мәке , сіздің де, қайдағыңыз бар ма ?
–Еркек емеспін бе? Менде де жүрек бар, сезім бар.
–Иә, әңгіме сонда ғой,– деп күрсінген Райстың бетіне жалт қараған Мырза «әйелдер бірдеңе біле ме?» деп сезіктеніп қалды.
Райс кафе іздеді. Жеке үйлерде ашылған кафелерде адам көп болмайды. Көше бойындағы бір тұрғын үйдің маңдайшасына «кафе» деген жазу ілініпті. Қасына тоқтай қалған Райс :
–Мәке , сіз отыра беріңіз, мен кіріп шағайын деді де .Тез шықты.
–Бізге ыңғайлы емес. Келесі көшеде «Жас отау» кафесі бар. Соған барайық ,–деп кейін бұрылды. Кафе іші өте әсем екен .Кабиналар селдір жібекпен бүркелген. Кәдімгі отау тәрізді. Ағаш үйді еске түсіреді. Мырза таң қалды. Ойын-сауық орындарына көп бара бермейтін ол: «Мынадай жерлер бұрын түсімізге кірмейтін» деп қойды.
–Бұл шет жағасы ғана ,–деп күлді Райс.– Мырзеке , осындай орындарға сізді апаруға да қол тимейді.
–Бәсе, ал бүгін қалай қолыңыз тиді , соған таңданып отырмын.
–Бүгін бе.. бүгін сізбен сыр бөлісем деймін.
–Шолпанмен ренжісіп қалдыңыз ба?
–Жо...ға.. Шолпанға кінәм жоқ. Жақсы жар. Тамағым дайын, төсек орным таза.Үйім жинаулы.
–Енді немене болды?
–Әңгіме , мына жерде , Мырзеке , мына жерде,–Райс жүрегінің тұсын түртті.
–Е, кәрі боз шапайды ,жорғалайдының... кері келді десеңші..
–Айтыңызшы, махаббат жас талғай ма? Сезім қартая ма?
–Мен қайдан білейін , ақын емеспін, жазушы емеспін. Өзіңіздей ақыл тоқтатқан жанға не айтуға болады....
–Мырзеке, олай демеңіз.Сіз өте сезімтал жансыз.Сіздің де біреуге ғашық болған кезіңіз болған шығар.
–Ой , Реке, қайтесіз өткен-кеткенді қозғап, кеудеде шер болып жатыр ғой. Әсіресе , баламды ойласам...
–Бала! Балаңыз бар ма?! Мәссаған! Оны біз неге білмейміз?
–Өзім де кейін білдім.
–Сонымен.Менікі сіздікіне қарағанда тіптен де түк емес сияқты болып шықты ғой..
–Реке, мені осы араға шақырған өзіңіз.Және жәй шақырған жоқсыз. Оны ішім сезеді. Ішіңізге сыймай бара жатқан соң, шеріңізді тарқатқыңыз келді. Әуелі сізді тыңдайын.Сосын мен өз жайымды айтып беремін.
Даяшы екеуінің алдына жеңіл- желпі тағамдармен қоса, бір аққұман шәй әкеліп қойды. Құйып кетуге ыңғайланғанда, Мырза:
–Рахмет, өзім құямын ,–деп аққұманды өзіне жақындатты да, Райсқа қарады.
Аққұба жүзі көгілдір сәулемен нұрланып, қалың қабағы түйіліп, қырлы мұрнының үсті тершіген жігіт ағасы өзін мазалаған сырды айтсам ба, айтпасам ба деп толғанып отырған тәрізді. Сәлден соң жымиып:
–Мырзеке , мен қартайғанда ғашық болып қалдым .–деді.
–Оны түсіндім.Әрине , Шолпанға емес, оны да түсіндім .– Мырза кеселерге шәй құйды.
– Бұдан біраз уақыт бұрын кабинетіме күйеуін бір содырлар соққыға жыққан жас келіншек келді. Газет оқып отыр едім, ол есіктен кіріп, алдымдағы креслоға отырды. Менің назар аударғанымды шыдамдылықпен күткендей үн-түнсіз. Бір кез жанарым жанарымен кездескенде ,оның сырға толы қап- қара тұңғиық көздерін ұп-ұзын кірпігі қалқалап, аппақ мінсіз жүзі қызғылтым нұрға бөленіп, төмен қарады.. Оның жүзіндегі құбылысты қызықтағандай, біраз отырдым. Ол ыңғайсызданып, шиедей ернін тістеледі.
– Сізді тыңдап отырмын, айта беріңіз,–дедім.
Сөйлеген сөзі де сондай әуезді, тартымды екен, нәркес көздерін төңкеріп, еркелей, еркінси сөйледі. Шіркін сұлулық, оның құдыреті сұмдық қой! Оның кескін - келбеті шебер суретшінің қолынан шыққан мүсіндей, тал бойында тарыдай міні жоқ екен... Оны сөйлетіп қойып, көзім тойғанша қарап отыра бергім келді.
–Пай... пай... мақтауын жеткіздің –ау!
–Ой , Мырзеке шыным, бірі жалған болмасын.. Ондай көрікті әйелді өзім де сирек көрдім десем өтірік болмас. Ең бастысы - бәрі табиғи, бәрі жарасымды. Мұндай ажарына ақылы сай аруды қолыңа шырақ алып іздесең, таба алмасың?! Есімі де әдемі- Аймарал.
– Сайма-сай екен. Сонымен не болды?!
–Не болсын. Күйеуін соққыға жыққан содырларды тауып берем деп уәде еттім.Өзім бір ғажайып күйге кенелдім.Жатсам тұрсам , оның әрбір қимылы, тұңғиық жанары ойымнан кетпейді. Оны көрсем де, көрмесем де, өзімнен-өзім қияли болып жүремін. Сенесіз бе, осы жасқа келгенде, шынымен ғашықтық азабын тарттым.Одан көз жазып қалсам, көкірегімде оянған көрікті сезімім сөніп, айналама бәз- баяғы сұрғылт тірілік орнайтындай, күн сайын жаным мұрнымның ұшында жүреді. Ол келген сайын, ұзағырақ ұстауға тырысам. Ол менің бар тыныс-тіршілігімнің тірегіне айналғандай, тек соған алаңдаумен, өзімді - өзім алдарқатумен өмір сүретін халге жеттім.. Қызметке тек қана соның қамын ойлаумен баратын сияқтымын. Күні бойы бір дүркін телефон шалмаса, өзімді қоярға жер таппаймын. Ол звондаса болды, қанат байлап, ұшып кетуге даярмын. Сөйтіп, несін айтасыз, өз еркімді өзім билей алмайтындай халге жеттім. Бұл ғашықтық деген қай уақытта, қай жерде жүрегіңді іліп түсетіні белгісіз беймарал сезім екен ғой.
– Өлмегенмен, өлімшімін, Мырзеке, неше бір шайырларды, неше бір ғұламаларды дал-дұл еткен бұл құдыретті сезім жел айдаған қаңбақтай, менің басыма қона қалады деп кім ойлаған?! Шолпан да менің көңіл –күйімді сезетіндей,кейінгі кезде екеуміздің арамыз суына бастады.
–Әй..бәсе ..біздің үйдегі бірдеңелерді айтады.. Арасында еркек дегенді қосайшы ,–деп шыж-пыж етеді.
–Екеуінің сыры бір. Шағынған шығар.
–Сонымен не болды?
–Не болсын, бүгін одан тойына шақыру қағазын алдым.
–Сонда қалай?! Ол сізді сүймегені ме?
–Жоқ.Олай деп ойламаймын.Ол бәрін сезеді, бәрін біледі. Бірақ арамыздағы өткелден өте алмайды.Менің отбасымның шырқын бұзғысы келмейді.Солай. Бәрі бітті. Ашылмаған сыр, айтылмаған махаббат қалды. Мырзеке, ол да мені ұнатты.Оған ешбір күмәнім жоқ. Бірақ, Израилдан алып келіп, ем-домын үйде жалғастырып жатқан күйеуімен заңды некеге тұруға бел байлапты..
- Бұрын тұрмысқа шыққан ба?..
– Иә, екеуінің арасында ұл бар. Жігітін біреулер өлімші етіп соққыға жығып кеткен. Ол істі аштық.
– Енді , оған не шара...
–Сондай сұлу әйел , арбаға таңылған мүгедекке тұрмысқа шығуға шешім жасапты.
–Реке, оның сізге деген сезіміне көзіңіз жете ме?! Егер ол сізді ұнатып қалса, олай етпеген болар еді. Сосын оның баласы бар ғой. Ақылға салған шығар.
–Мырзеке, шындығында,оның күйеуі , менің әйелім бар. Соның бәрін біле тұра, аласұрдым, кешігіп кездескен керімсалымнан айрылғым келмейді.. Ал, Аймарал болса, таңдауды өзі жасап, діңкемді құртып отыр. Егер ол тәуекел етсе , мен дайын едім...
–Реке , мен сізді түсінемін.Жүрекке түскен жара жуық арада жазылмайды. Оны емдеу де қиын. Дегенмен уақыт емші. Оның үстіне Шолпанды да өзіңіз ұнатып алдыңыз емес пе? Ол жас болмағанымен ,бір азаматқа бас болатын әйел. Өзі тіпті қалалық болып құлпырып кетіпті. Өткенде танымай қалдық.
–Бәрі қызғаныштың әуселесі ғой.
–Демек , ол сізді жақсы көреді.
–Білемін. Шолпанға қояр кінәм жоқ.Бірақ «көңіл көк дөнен» деген рас екен, көңілімді ноқталай алмай қор болдым. Асау арғымақтай,бас білмейді. Тіпті бүгінгі хабардан соң , ендігі өмірімнің ешбір қызығы қалмағандай, торығып кеттім. Не істеуім керек?...
–Реке ,сізді түсінемін. Мұндай жағдай өз басымнан да өткен.
Райс Мырзаның бетіне жалт қарады. Күтпеген жерден бір- бірін қалтықсыз сыйлайтын ерлі –зайыптылардың арасында да бір сызат бар екенін естігенде, тосылып қалды.
–Сонда сен де біреуге ғашық болдың ба?– Райс өзінің Сізден сенге ауысып кеткенін байқамай да қалды. Бұл құбылыс Мырзаны желіктіріп, шешіле жөнелді.
–Ғашық болуға қабілетті жалғыз сен деймісің?Осы қалаға көшуіме де себеп болған сол оқиға.
* * *
Мырза сәл тыныстап , ойын жинақтағысы келді ме, екі кесеге толтыра шай құйды.Оның ішкі сырын оңайлықпен сыртқа шығар қоймайтын адам екенін білетін Райс шыдамдылық танытты. Кесесін алып, шәй қасықпен шекерін араластырып, бір кезде құлағым сенде дегендей, асықпай кесесін ерніне апарды.
– Мен ауылда мал дәрігері болдым ғой, өзің білесін. Кейінгі кезде ауыл-ел бытырап , сол менің мамандығымның да қажеті болмай қалды. Содан бір көне көлігім бар еді ,соның рөліне отырып, қалаға баратындарды тасыдым. Бір күні қаладан келе жатсам , шыға берісте бір бойжеткен қолын көтеріп тұр. Тұра қалдым. Қара торының әдемісі. Жанары мөлдіреп, жан дүниемді жылытып қоя берді.
–Қарындас , қайда бет алдыңыз ?–дедім.
–«Жаңажолға»–деді.
–Сонда тұрасыз ба?.
–Жоқ. Сол жаққа медбике болып, жұмысқа барамын,–деді. Ол ауыл біздің ауылға тиіп тұр .Арасы екі-үш шақырым.
–Онда «Жаңа-дәуірдің де» тұрғындарын қарайтын болдыңыз ғой дедім.
–Солай шығыр , екі –үш ауыл деген.–Ол күлімсіреді. Мен онда қырықтамын, кәдімгі қылшылдаған шағым. Аз айтып ,көп айтып не керек , мен сол қызға ғашық болып қалдым. Жатсам –тұрсам, соның бейнесі көз алдымнан кетпейді. Ертеңгісін рөлге отырысымен, сол ауылға қарай еркімнен тыс бір күш тартады да тұрады. Күні бойы бұрынғы кеншардың кеңсесіне орналасқан медпункіттің аузын бағып, анадайдан аңдып жүремін. Бір күні шыдамадым, кіріп бардым. Ақ халат ,басына ақ телпек киген қыз жалғыз екен. Мені көріп орнынан ұшып тұрды. Мен де әл- дәрмен қалмаған, қасына жетіп барып, білегінен ұстай алдым.
–Жанар ,жаным ...ғашығым , мен сенсіз өмір сүре алмаймын,–дедім.Қыз шошына қолын тартып алды.
–Ағай , ауырып тұрсыз ба, сізге не болған?– деп абыржып қалды.
–Мен негізі тіс қаққанмын ғой ,– бұл сөзді саған қарағанда деген емеурінмен айтты.
–Сізді көргелі аурумын. Өлтірсең де, осы жерден кетпеймін. Күндіз- түні сені ғана ойлаймын, аңдаусыз тұрған қыздың нәп –нәзік ернін сүйіп алдым... Бір қызарып ,бір бозарып тұрған қыз:
–Біреу көріп қойса ,ұятты. Есікті қапсырып келейінші ,–деді. Оның есіктің кілтін бір бұрап жапқанын көріп, мен тіпті еркінсіп алдым. Қызды баурыма басып, ұзақ сүйдім. Бұрын мұндай қарулы, мұндай батыл қолды сезбеген, пісіп тұрған бойжеткен менің лапылдаған жалыныма шыдамай , құшағыма ене берді... Сол күннен бастап менің жүрегім лүпілдеп, жаным түлеп , көліктің рөліне отырсам , неше түрлі ғашықтық әндерді айтып, сайрайтын болдым. Осылай арамыздағы ыстық сезім, лапылдаған жалын жалғаса берер ме еді. Бір күні ол мені көңілсіз қарсы алды. Екі бетінің ұшы қызарып, алаулап , төмен қарай береді.
–Мырза, ағай,– деді,– біз тіпті алысқа кетіп қалған тәріздіміз. Мен енді қайтемін.Аяғым ауырлап қалды ,–деп өксіп қоя берді. Балшықтан бала жасай алмай жүрген маған бұл сөз соншалықты қуанышты болып естіліп, есімнен тана жаздадым. «О, жасаған , мен әке боламын, мың тәубе!» деп күбірлей беріппін. Сол сәт жиырма бес жыл оттасқан Баршагүлді де ұмыттым..
–Бірақ сіздің әйеліңіз бар ғой, енді не істейміз ?–деді Жанар.
Сонда барып, өзімнің тығырыққа тірелгенімді сездім. Баршагүлге де сүйіп қосылғанмын. Оны қайтіп тастап кетемін.Жанарды тіпті қимаймын. Оның үстіне балалы болайын деп тұрмын. Басым дал болды. Ақыры Жанарды алып басқа жаққа , кетіп қалайын деген шешім жасап, бір жетіден соң медпункітке келсем, аузында қара құлып ілулі тұр. Әркімнен сұрастырып көріп едім. «Білмейміз, бізге медбике құтаймайды. Кетіп қалыпты, мына ит байласа тұрғысыз жерде кім тұрады?» деп жауап берді. Содан қайдан іздерімді білмедім. Ата- анасы кім, қай жерде тұрады. Соның бәрін махаббатқа мас болып жүріп, сұрамаппын да ғой. Ақыры қаладан тауып алармын деген үмітпен Баршагүлге қалаға көшейік дедім. Әйелдер бәрін сезгіш қой, ол да менің біреумен әуере болғанымды сезіп қойыпты.
Қысқасы , мен оны таяуда автобустың аялдамасынан кездестірдім. Қасында бойы сорайған ер бала бар. Мені көрді де, апыл- ғұпыл автобусқа еніп кетті.Мен қолымды көтеріп , сасқанымнан автобустың соңынан жүгіріппін. Басымда: «Анау , менің балам , менің ұлым» деген ой ғана. Тағы көз жазып қалдым. Осы менің жайым. Бірақ, біржағына шықпасам, жаным жәй табар емес. Реке , осыны сізге айтпақшы болып жүр едім. Ақылыңызды айтыңыз, не істеуім керек?
Райс оның сонша жыл мына құпияны ішіне сақтап жүргеніне таң қалды.
–Мырзеке ,менікі көңіл, сенікі өмір ғой. Артыңда ұрпағың қалса, ол өміріңнің жалғасы.Бұған қалай шыдап жүрсіз?
–Шыдамағанда қайтем. Іштей мүжіліп біттім. Баршагүл баланың барын білмейді.
– Балаңның аты-жөнін білемісің?
–Мен Жанармен алты айдай кездесіп жүрдім.Ол аяғым ауыр дегенде, ұл болса Аңсаған қой, қыз болса өзің білерсін деген едім.
–Ал тегі кім болады?
–Тегі анасы өзіне жазған болар.Оның тегі Садықова.Садықова Жанар.
–Осыншама жыл, сырыңызды сары майдай сақтай білген, Мырзеке, сіз мықты екенсіз.
–Басқа салса, баспақшыл деген ғой... Реке ,маған оларды табуға көмектесіңіз. Баршагүл де қартайды ғой, оның үстіне Әмина бар. Қазір пәлендей тулай қоймас.Көзімнің тірісінде, баламды тапқым келеді.
–Уческелік полицейлерге айтып көрейін. Сонда балаң нешеде?
–Жиырмада.
–Япы-р-ай, сонша уақыт қалай шыдап жүрсіз?
–Өмір бойы ашылмай, адамдардың өзімен ана ауылға кететін де құпиясы болады ғой. Бұл жағдайды саған сеніп, шешіп береді деп айтып отырмын.
–Пәлі, Мырзеке, сіздікі шешілетін жағдай ғой. Менікі болмаса...
–Реке , сабыр ет. «Көңіл шіркін көк дөнен»,бірақ оның басын тартып , бас білдіріп қоймаса , бой бермей кететіні де бар.Сіз зиялы адамсыз. Сізге ақыл айтып, олай-былай деу қиын. Дегенмен,болған нәрсе болып қалған соң, оған өкінгенмен не пайда? Сіз ұнатқан жанның ерекше жаралғандығына дауым жоқ. Әйтпесе , бұлай күйзелмес едіңіз.. Ол сіздің де, өзінің де қамын ойлап, осылай шешім жасаған болар.
–Иә, ол бұл шешімін : «жеңуге болатын , жеңілуге тұратын»деп бағалапты.
–Көрдіңіз бе, салмақпен айтылған сөз.
–Мырзеке , қалай десеңіз де, ол менің мынау қамшының сабындай қысқа тіршілігімді кездескен сәттен бастап, әр күнімді жүрегінің жылуымен жылытқан, түнімді түпсіз қиялға , санамды сансыз сағынышқа бөлеген, аяулым...Әттең, ертерек кездескенде ғой.. ..Бірақ менің амалым бар ма... Тек бақытты болғай!
–Мен де солай ойлаймын.Ылайым солай болғай..
–Мырзеке, біраз уақыт болды. Үйдегі бәйбішелеріміздің не ойлап отырғанын бір құдай білсін. Қайтайық.
–Иә, «қайтып ашар, есікті қатты жапа» деген, біз енді олардан асып қайда барамыз, қайтсақ қайтайық.
Осы кез Райстың қалта телефоны шырылдады. Шолпан екен.
–Реке, үйіңіздің бар екенін ұмытқан жоқпысыз, сізді күтіп, ұйықтамай отырмын,–деді.
–Мырзекең екеуміз бір жерде отырмыз. Қазір келемін ,–деді. Әйелі сабасына түсіп:
–Бізді де ала кетсеңдер қайтеді? Екі көзіміз төрт болып үйде отырмыз ,-деп өкпеледі.
- Жарты сағаттан кейін үйде боламын ,–деген Райс қалтасындағы шақыру қағазды көргенде, Шолпанның сезігінен біржола сейілетінін ойлап, күлімсіреді.
Соңғы түйін
Арада үш жыл өтті. «Сосновый бор» демалыс орнынан бара жатқан Райс «Тальго » жүрдек пойызына мінер ауызда ескі танысымен бетпе-бет кездесіп, шұрқыраса амандасты.
– Райс Сапарұлы, сізді де көретін күн бар екен –ау!– Аймарал қатты толқыды.
– Мен де солай ойлаймын,– Райс Аймаралдың сүйріктей саусақтарын ұзақ қысты.
– Астанаға барасыз ба?
– Дем алуға Бурабайға.
– Жеңгейді неге ала жүрмедіңіз ?
– Маған бостандық берді.Әзілдеймін, мектепте сабақ басталды. Ол мектеп директоры. Бүкіл жауапкершілік мойнында, тастап кете алмайды.
– Пәлі , солай ма, .. Ол кісі мықты болды ғой..қуаныштымын.– Мен Астанаға жиналысқа барамын. Реке, қазір іскер әйелмін. Облыс әкімінің құрылыс ісі жөніндегі орынбасарымын.
– Өте дұрыс.. Ал жолдасың ше?
– Асыл құрылыс компаниясын басқарады.
Райстың көңілі сергіді. Ескі танысымен , оның ішінде Аймаралмен екеуінің билеттерінің бір вагонға , бір купеге келуін сирек кездесетін кездейсоқтық деп бағалады..
– Мұндай да болады екен-ау?– Аймарал әлі өз-өзіне келе алмауда .
– Өмірде бәрі болады .
– Бірнеше жылдан соң, Сізбен осылай кездесем деп ойламаған едім, Райс Сапарұлы...
– Ал , сонымен не болды,Аймарал ханым , айта бер , жолдасың сауықты ма , сәбиің нешеу?– деді Райс купеге кіріп, жәйласып болған соң.
– Сізбен хабарласа алмай кеткеніме кінәлімін.
– Сіз өзіңіз соны қалаған сияқтысыз?
– Иә.. Сізді де , өзімді де қинағым келмеді...
– Ім.. амал қанша.. біз сізге бағындық..Ал Асылдың халі не болды?
– Израилдан келген соң , беті бері қарады. Ұзақ уақыт емделді.Арбадан құтылдық, бірақ таяқтан құтыла алмадық. Дегенмен үміт үзбейміз. Әлде де емін іздестірудеміз. Ол– менің сүйенішім, серігім. Өзіңіз көрген Талғаттан кейін Қайрат атты ұлды болдық. Ал, Насыр Заринаға үйленді. Ол менің немере сіңілім ғой. Менің одан басқа тусым жоқ. Өте еңбекққор, тәрбиелі жан. Екеуі бақытты от басын құрды. Насырға да өкпем жоқ. Бірақ...Асыл менің, ешкімге айырбастамас, аяулым..! Кейде мен оған ем-домды бірден өзім жасатпай, алысқа жіберіп, қиянат жасадым ба деп қиналамын...Ол жаралы арыстан болатын...Оны алысқа жіберіп, кемді –күнгі сынаққа төтеп бере алмай , осалдық жасадым.Дер кезінде басына жастық , аузына су тамыза алмағаныма, қатты өкінем. Білмеймін ... бұған мен бе кінәлі, әлде қатал уақыт па кінәлі?...Жас баламен жалғыз қалған соң, өзімнен басқа сенерім де, сүйенерім де болмады.Асыл мені түсінді , кешірді..
Райс басын изеді.
– Ал компанияның жұмысы қалай?
– Жақсы. Президенттің аманатын орындадық, офисін сол ауданның тұрғындарына бала-бақшаға еттік. Өз алдына кешенді құрылыс салып, қонақ үйін, мейрамханасын ұлттық ою-өрнекпен безендіріп, «Сұлтан» деп атадық. Сұлтан Тұрсынбекұлы осы компанияның ірге тасын қалағандықтан, аты- жөнін мәрмәр тасқа жаздырып, ескерткіш тақта орнаттық.
– Дұрыс жасаған екенсіз!
– Өзіңіз қызметтесіз бе?
– Қызметтемін.Жеңгең үйде отырғанда, мен де үйде отырар ма едім.Ол кісі қызметке араласқан соң , мені бұрынғыдай қызғануды қойды. Кейде тіпті қызметінің қызығымен мені ұмытып та кетеді. Осы жолы қоярда , қоймай курортқа жіберді.
– Әйеліңіздің сізді қатты ұнататынын байқағанмын.
– Әлбетте, менің еркелігімді көтеретіні де сондықтан..
– Сіз билігіңіз бен біліктілігіңіз жарасқан, ерекше жансыз..– Аймарал орнынан тұрып, купеден шығып кетті.
Арадағы уақыттың оның ерке, еркін қалпына байсалдылық қосқанын Райс көңілімен таныды. Осы жолы оның тұғиық жанарының түбінде , айтылмай қалған бір назды сыр барын аңғарды. Өзі де оған деген ыстық ықыласын ардағы жылдар біржолата суыта алмағынын сезіп, бей-жәй күйде.
Ұялы телефоны шырылдады.
Мырза екен.
– Ау ,Реке , біз той- тойлағалы жатқанда, қашқандай болып кетіп қалғаныңыз не? Айтпадым ба, Аңсаған үйленгелі жатыр.
– Мырзеке , кешіріңіз , жолдама күйіп бар жатқан соң, амалым болмады. Шолпан барады, менсіз тойлай беріңіз ,балаларыңызға бақыт, денсаулық тілеймін!– Поезд байланыс қаппайтын қашықтыққа енді..
– Қазір жол серік шәй әкеледі,– Аймарал ішке кіріп, бет-қолын сүртінді. Райс сәлден соң:
– Аймарал,бақыттымысың ? –деді.
–Реке, байлық деген қолдағы мұз. Бақыт деген мына отырған біз бен сіз ,–деген бар емес пе,– бақыттымын. Жолымда сіздердей жақсы жандарды кездестіргендіктен бақыттымын. Жалпы мен ғана емес, бүкіл қазақ әйелдері бақытты болуға лайық..Себебі, олар төзім мен сезімді бірге алып жүре алады.
– Ал жұмысшыларың жалақысын уақытылы алып тұра ма?– Райс екеуінің бір кезде ереуілге барғанын есіне алды. Аймарал түсінгендей күлімсіреді:
–Қазір дүние жүзілік дағдарысты бастан кешірудеміз, кейде ондай-ондай болып тұрады. Ереуілге жеткізбеуге тырысамыз. Асылдың ұжымды басқару тәсілі өте мығым. Қазір компания өрлеу үстінде десем , артық айтпаған болар едім.
Түнде Райс курорт бекетінен түсіп қалды. Шырт ұйқыдағы Аймаралдың қолаң шашы ақ жастыққа жайылып, аппақ жүзі албырап тәтті ұйқыда жатты. Ең болмаса шашынан сипағысы келіп, қолын созған Райс ол ойынан тез айнып, купенің есігін ақырын жапты.
Вагоннан түсіп, түннің салқын ауасымен терең тыныстады да, өзі түскен жүрдек пойыз қою түн қараңғылығына еніп кеткенше, оның бір қалыпты ырғақты үніне құлақ түріп, «қош бол, соңғы махаббатым» деп күбірледі.
Ұзап бара жатқан поезд дөңгелектерінің дүрсілі, оның жүрек дүрсіліне үн қосып, «қ-о-ш бол, қ-о-ш бол!» деген үзік-үзік дыбыстарды қайталап бара жатқандай, елегізіп, андайда күтіп тұрған таксиге отырды.
Бұл кітаптағы кейбір кейіпкерлердің ат- жөндірінің ұқсастығы мен мекен- жәйлардың сәйкестігін кездейсоқтық деп қабылдау сұралады.. Автор.