Адам қарады: 940 | Жарияланды: 2018-03-29 06:16:12

Асқазан  қалай,бауырым?

Түні  бойы ішім бүріп,көз іле алмай бүрісіп,

Ақылгүлдің  айтуымен,өзімнің  пайымдауыммен.

Аяғымды  ілби басып, ақырын сүйретіліп,

Таңертеңмен  ерте тұрып,емханаға келдім мен.

 

Арқанша  созылған ,ұзыннан-ұзақ   кезектің,

Ең  соңына тіркеліп,түс ауа  әйтеуір Ақылгүлмен бірігіп.

Төбесін де көрдік-ау, біз  дәрігердің,

Кезектегі  тізімнің аяғына  ілесе кіріп, ілігіп.

 

Менің  ұсқыныма көңілі  толмаған  дәрігер,

Көзәйнектің  үстінен,маған  сүзіле  қарап.

-Неғып  жүрген  адамсың?-деп,

Жақтырмаған  пішінмен  тіл  қатты маған ерініп.

 

-Мен,-дедім-ептеп  ауырып,

-Шыдатпай  шықты  түнімен,асқазаным  қабынып

-деп  бастадым  батылсыздау,

Болса  керек оған жағымсыздау.

 

-Та-а-ак,-деді  ол,-асқазан,

-Не  жеп  едіңіз, тамақтан?.

-Қара шәй,-дедім,-сосын нан.

-Ауырды  асқазан,тосыннан...

 

-Мынаның  сөзін қара!-деді де,

Қарады жанындағы  медбикеге.

-Сіз  ерігіп жүрген адамсыз ба?,

-Қарасаңшы,жан-жағыңызға!...

 

-Ұялсаңшы,жас-жігіт,қара  шәй мен қара нанды айтуға,

-Бізде қандай адамдардың  емделіп  жатқанын.

-Білмейсіз бе?Білсеңіз келмейтін едіңіз,дәл мұнда.

-Білмедім,-деп  айттым  оған  мен де  жасқана.

 

-А-а-а-деді ол-көрсетейін  жүріңіз,

-Соңымнан  менің  еріңіз.

Деп  дәрігер  бастады, палатаны  аралап,

Амалсыздан  соңынан  мен  ере  бердім еріксіз.

 

 

Жағалай  палатаның  шетінен  ашып еді есігін,

Бір кісінің көрсетті,  қарны  айналып кеткенін.

-Мына  адамның  да, ауырады  асқазаны,

-Білесіз бе,жігітім,мұның нені  жегенін?.

 

-Жоқ,білмедім,-дедім мен сасқалақтап,

Жаным  қалмай,ананы көріп қалбалақтап.

-Әрине,білмейсіз сіз.Бұл  ақша жеген миллиондап,

-Және де біздің де ақша емес доллар,еуро  миллиардтап.

 

-Сұмдық  екен!-дедім  мен де  таңырқап,

-Бұл  ештеңе  емес,жүріңіз,көріңіз  басқасын қарап.

Кірсек  келесі  палатаға,ары-бері  аунап  біреу  жатыр,

Денесі  қарақошқылданып,кереуетте  сандырақтап.

 

-Ал,айтыңызшы,бұл  адам не жеген дейсіз?-деп,

Бас дәрігер,қарады маған  едіреңдеп.

-Біл-біл-медім… Мен  ағатай,  қайдан  білем?-

деп  айттым,ештеңеге  мән бермей,зәрем  ұшып.

 

-Бұл  мықтымыз жер  жеп  қойған,гектарлап,

-Және де ол дала мен ылғи  үлкен  қаланың.

-Алматы,Шымкент  айта  берсе қорқасың,Астананың,

-Енді  міне, өлейін  деп жатыр,кері кетіп  демінің...

 

-Астапыралла!Бұл не деген  бассыздық!,

-Жүріңіз,келесі  палатаға.Бірге  көрелік.

Келесі  палатаның  босағасын  аттауымыз  мұң  екен,

Жермай  иісі алып кетті,жер-жаханды  бірденнен.

 

Тынымсыз,дөңбекшіп  жатыр,денесі  қап-қара  болған  біреу,

Қап-қара  болып,астына  төсеген ақжаймасы да  кірлеу.

-Ал,мынаны  не жеген деп  ойлайсыз?-деді  дәрігер  іркіле,

-Білмесеңіз,бұл  адам  асфальт  жеген,-деді  ол  медбикемен  біріге.

 

-Асфальт?...

-Иә,кәдімгі  жолға  төсейтін  қап-қара  асфальт.

-Құдай  сақтасын!Қанша  жеген сонда?-дедім  мен де қаттырақ.

-Әй,айтшы,қанша  жедің?-деді  дәрігер  анаған  бұрылып,

-Жүз  елу  шақырымдай  болу  керек…-деді  анау  даусы  қырылдап.

 

 

-Та-а-ак,енді  барайық  келесі  палатаға,

деді  дәрігер  мені  сүйреп  есікке  қарай  асыға.

-Жо-жоқ, рахмет,мен  кетемін,асқазаным  қойды  ғой,

-Болмайды  енді  жігітім,көріп  кетіңіз, тағы  да.

 

Кірсек  біз  келесі  бір  палатаға,біреу  отыр  темір  тордың  аржағында,

Екі  көзі  алақ-жұлақ,жан-жағына  қармануда.

Жанармайдың  иісінен  басыңыз  айналады,

Көмек  сұрап  әркімнен  бір алақтауда.

 

-Айналайын  дәрігер,бір-ақ  стақан  бензин  берші,

-Мен оны таңдамаймын,маркасы  болса да сексенінші.

деп  айтқанда әлгі  байғұс  жалбарынып,

Жалынғанда,мен  оны  жаным  ашып  кеттім  аяп.

 

-Бұл не жеген?-дедім  мен де дәрігерге ақырын,

-Бұл ма, бұл,анығырақ  айтқанда, мұнай  жеген.

-Жүздеген  тонна!Жеген  емес-ау,ішіп  қойған,

-Қарапайым  қазақша,алқашы  дейміз  мұнайдың.

 

-Емделіп  жатыр  дәл қазір  бұл  алқашың,

-Күніне  10-15 литр ішеді  тазасынан  бензиннің.

-Біз  бұл  адамды  ұстаймыз, жеке-дара,

-Біреу-міреу,байқамай  тұтатпасын  деп  шырпы  шиін.

 

Бұларды  көріп,  шынымды  айтсам  бар  денем,

Жаным  мұрнымның  ұшына келіп,қалтырап кеттім, мен кетем...

-Құдай  үшін кетейікші бұл жерден! Сізден өтінем!

- Дәрігержан,бұл  араға  келмеспін енді мен өлсем!...

 

-Ә,солай ма?! Көзіңіз  жетті ме?Кімдер  емделіп  жатқанын,

-Жетті,жетті… дедім  мен де апыр-топыр  аша  беріп,емхананың  есігін.

-Емделуге  қалмайсыз  ба?-деді  дәрігер  соңымнан менің асыға,

-Атамаңыз,құрысын! Емхананы  енді  көрсін  желкемнің   менің,шұқыры!...

 

Емханадан  қалай  атып  шыққанымды  білдірмей,

Сүріне-қабына,жолдағы  адамдарды  сүзгілей.

Бетқаратпай  жекелеп,үйіме  тарттым  төтелей,

Байқап  былай  қарасам  асқазанда  қойыпты  білінбей...

Қазақ тілінде жазылған