Кездесіп тұрайықшы сағынысып
Екеуміз қоштасқан кез,көктемде еді
Содан бері жолықтырдым,көп пендені
Сағыныш моншағына айналып ап,
Жарығым көрінбедің,көптен бері...
Хәлімді кете бардың,сұрамастан
Арналды мына жырым,мына дастан
Жүрегіңді қайтейін,мұздан қатты
Сезіміңді қайтейін,тұра қашқан...
Біздерді тоғыстырмай,жолдың бәрі
Сезімнің қызғалдағын солдырғаны,
Аязда құшағыңа жылынушы ем,
Ал қәзір қалың киім, тоңдырғаны.
Жүрексіз адамдарға,сыр ақтарма
Алдың жар,байқа күнім,құлап қалма
Ұнатам деп жүргенде ,бір шерліні
Жұбатам деп жүргенде,жылап қалма!
Ойларың мазалайма,сананы шын
Басқаның жұлдызы боп,жанамысың
Өзіңді алшақ ұстап жүрсің неге?
Менсізде бақыттырақ боламысың?
Өшпеспін намыстырақ,қалпым барда
Бақытты болам деген,антым барда
Жаурасам шыдаймын ғой,нәп - нәзігім
Сен тоңып қалма боран,салқындарда.
Басымнан кете берсін,бағым ұшып
Тұрамын өзің жаққа,алып ұшып
Қосылып кетпесекте мәңгілікке,
Кездесіп тұрайықшы сағынысып...