Адам қарады: 24 | Жарияланды: 2018-04-11 03:01:46
Көктем-Қыз !
Көңілдең мұң жоғалады.
Есте қалмас өткен Күз.
Біздің жаққа оралады,
Ай толған соң, Көктем-Қыз!
Кірпіктері - Күннің нұры!
Сөзі - таудың самалы!
Өпсем, - аңқыр гүлдің нілі..
Жаңбыр – мөлдір жамалы...
Жан-дүниемді дуалайды,
Жасыл бүршік үрпісі.
Сейілтеді тұман-ойды,
Күндидарлы түр-түсі.
Селдет сезім жаңбырыңды!
Көріспедік көптен біз.
Әнге бөлеп әр күнімді,
Тез оралшы, Көктем-Қыз!