Адам қарады: 212 | Жарияланды: 2018-05-10 03:03:33

Жасырынбақ ойнап жүрміз

Жасырынбақ ойнап жүрміз,
Жасырынып бірімізден-біріміз.
Бір әлемде сөздер суық,
Сезім - ызғар, гүлі - мұз.
Хат та жазбай, хабарласпай, өп-өтірік ұмытып,
Әр сәт сайын бақылаймыз...
Осы - ұмытқан түріміз.

 

Көңілімді қамшы осып, қанжар және сұғылып,
Әлім келмей әрі асуға, қайта-қайта жығылып
Жүргенімді көрсетпеймін,
Күліп түсіп суретке,
Кешке қарай жылап жатам жүрегіме тығылып.

 

Үнсіз қалсам, белгі беріп, дауыстасам - жортасың,
Қашасың да сұр әлемге, құшақтайсың сор тасын.
Жасырынбақ ойнап жүрміз,
Жалғасады қашанға?..
Жақындауға жүрексініп,
Жоғалтуға қорқасың.

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған