Адам қарады: 570 | Жарияланды:

АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ

   Мына жалған фәниде бәрі асығып жүреді әйтеуір.Таңнан кеш батқанға дейін.Біреуі сабаққа,біреуі жұмысына,біреуі кезекке,біреуі үйіне қайтуға,ал енді біреуі үйінен қашуға асығады.Күйбең тіршілік бітуші ма еді?!.Асыққанымыздан жан-жағымызға зер салып қарамаймыз да.Мән беріп жатқандар шамалы.Қадамдары жиі,қолдарында заттары бар,жүректері құлыптаулы,секундтары санаулы.

Сол миллиардтаған жандардың арасында Жібек есімді бір бойжеткен де бар.Құлағындағы құлаққап ішіндегі сазды әуеннің ырғағымен бұл бойжеткен асықпай келе жатқан еді.Кенет сағатына бір қарап,жүре берді,тағы бір мәрте қарап қойып жүгіре жөнелді.Самал желдің лебімен шашы толқындай тербеліп,қадамы мультфильмдегі Винипухтың жүрісіндей жиілеп кеткені бар емес пе?!.Дәл қасынан 1-см-дей аралықта бір сымбатты жігіт,Винипухтың досы қояндай жайбарақат өтіп кетті.Артына бұрылып,басын шайқап жүре берді...

 Ақыры Жібек  жұмысына да келеді.

-Мынау не,материал ма?..Сіз неге кешіктіңіз?-деді бастығы.

- «Президентпен таңғы ас іштім...» Мырза,будильнигім істемей қалып,ұйықтап қалыппын,содан кейін автобустан кешігіп қалдым.Оның үстіне кептелісте тұрып қалдым.

-Жібек,пожалуйста,сколько раз говорю уже? Бір күнге бір сылтау айтшы.Ертеңге де қалдырсаңшы сылтауларыңды!-деді әріптесі Маржан.

-Жиналысты жалғастырамыз!..Отыр Жібек!Саған ескерту жасадың не,жасамадың  не бәрі-бір!..Әййй,саған дауа жоқ екен!..

-Кешіріңіз!

-Қай жерге келіп едік?..Ааа,иа!.. Жібек сен отырма,тұр! Саған ғылыми жоба тапсырмақпын.Екі аптадан кейін дайын болсын! Тақырыбы: «Өткен ғасыр тынысы» Онда не болу керек?..Бұрынғы ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігі,ұлттық киімдері,ұлттық ойындары,салт-дәстүр мен әдет-ғұрпы болу қажет.Тереңнен қазбалап зерттеуің керек.Нақты-нақты деректермен,анық-анық суреттерімен. Жердің түбінен тапсаң да,кітап бетінен бола ма,шаң басқан архивтерден қопарасың ба,білмеймін, осы жобаны дайындайтын бол! Мұхаммед Әли айтқан: «Мақсатсыз мың адамнан, мақсаты бар бір адам артық» деп. Алдыңа мақсат қой! Маған ана интернеттегі мәліметтеріңмен,бұрынғы суреттеріңмен келуші болма!Ешкімнен қайталама! Жаңа жоба болсын!Жа-ңа! Түсінікті ме?..Аузыңды жап,шыбын кіріп кетер!

-Мырза? Екі апта аз деп ойламайсыз ба?

-Ойламаймын!..Енді саған екі ғасыр керек пе?Ондай уақыт бәріне керек шығар ә?..Солай ма,әріптестер?

-Дәл солай!-деді ұжым хормен, құдды бір әскерде жүргендей.Бастықтары бала кезінде мойор болғысы келген-ау шамасы...Мындағы тәртіп қатал.Сөйлеген сөздері де мойордың сөйлегеніне ұқсап қалған. «Жолдас Жібек Тұрысбекқызы!Ортаға шығып баяңдаңыз!», «Сәлеметсіңдер  ме құрметті әріптестер!», «Отставить!», «Бұйрықты орында! Сұрақ бар ма?..Боссың!», «Кетуге рұқсат етіңіз!..Рұқсат!» деген сияқты зілді де бұйрықты сөздер ендігі әдетке айналған. Несі бар, өте қызық адам әйтеуір...Мұндай тәртіпке жұмыскерлер үйренген. Айтпақшы,бұл журналистика ұжымы.

 -Бұйрықты орында, Жібек Тұрысбекқызы!

-Жарайды...

-Естілмей тұр!

-Құп болады директор мырза!

-Боссыңдар!-деп жиналысты аяқтайды.

-Ай,ай,ай!Саған обал болды ғой Жібек!..Енді саған күндіз-түні тыңбай еңбек ету керек.Талай кітапханалар мен мұражайлардың табалдырығын тоздыруға тура келеді...Саған жасаған бір жақсылығым болсын. Мә, саған екі аптаға көлігімнің кілтін берейін!.. Деп біреу айтса ғой иа?-деп бір жас тілші жігіт қалжыңдап шығып кетеді.

-Оны қойшы,қылжақбас қой!..Менің басқа берер көмегім жоқ...Осыны қабыл ал!..Мә,саған екі аптаға жол жүру билеті!.. Деп тағы ешкім айтпас ә?-деп тағы бір жас тілші келеке етіп,шығып кетті.

 Жібек ұжым арасындағы ең жас, әрі жаңадан келген тілші болғандықтан, бәрі оны жұмсай береді, бәрі онымен қалжыңдасады.Бірақ көп жағдайда шеттен шығып жиі ауыр сөздерді естіп жатады.Жібек байғұс үндемейді.Сәл жымиып қойып жүре береді. «Күлкісі-басты қаруы» болып кеткен.Бір күлсе болғаны,қарсыласын жеңіп кетеді...

 Ал,қазір езуіне күлкінің қонбай тұрғаны.Ойында жобаны қалай құратыны,жаңа мәліметтерді қайдан алатыны,қалай уақытын жеткізетіні тұр.

 Басынан жай түскендей Жібек көше бойлап келе жатыр. Жолдан бір сүйкімді сарыала мысық шыға келіп, аяғына оралып тұрып алды.Жібек  мысықтарды жақсы көреді. Басынан сипап, сөмкесінен өзінің бір тістелген тоқашын алып мысыққа береді... «Әй, бейшара кисульям сол! Адасып кеттің бе?..Жей ғой,жаным сол! Асықпай жей ғой!» деп күбірлеп мысықпен сөйлесіп те қояды. Жанынан бағанағы жігіт тағы да өтіп кетеді, бағанағы сияқты басын шайқап қойып. Осы жолы қолында фотоапараты бар. Жібектің шынайы таза махаббатын, бейкүнә көзқарасын, шексіз мейірімін суретке түсіріп алып, кідірмей жүре берді.

 Жібектің өмірінде үзіліс болған емес. Әр секунды кездейсоқтыққа, ғажайыпқа, шытырман оқиғаларға толы. Жүрегі таза, ешкімге қастық ойламайтын, біреу жайлы ғайбат айтпайтын жандардың басында ондай жағдайлар жиі болып тұрады-ау деймін!.. Енді міне, алдынан жетпісті еңсеріп қалған бір қария шықты. Өзі мүгедек жан екен. Арбасы тасқа тіреліп қалып, орнынан қозғалта алмай, ары қарай жүре алмай тұрып қалыпты. Жібек еш кідірместен көмектесуге ұмтылды.

-Әже,көмектесіп жіберейін! -деп арбаны сүйрете бастады.

-Қай жерде тұрасыз? Апарып тастайын!

-Рахмет айналайын! Жолыңнан қалма! Сен бара бер, асықпай өзім бара берем!

-Жоқ,әже қолым бос! Уақытым бар...Апарып тастайын,айтыңызшы қай жерде тұрасыз?

-Әнеру, екінші қабаттың 17-пәтерінде тұрамын.-деп қолымен нұсқап көрсетті.

-Ааа,жарайды!.. Сол жаққа қарай жүрейік онда!..-деп әженің үйіне қарай жүре берді.Біраз жерге дейін үнсіз келе жатып, Жібек әңгіме айта бастады.

-Әже?..Балаларыңыз бар ма?..Әлде жалғыз тұрасыз ба?..Атамыз үйде ма?

-Атаң ертеректе көз жұмған...Ал балаларым жұмыстарына кеткен. Кешке таяу келеді. Бағана немереме, «таза ауаға серуендеп қайтайын, сыртқа шығарып кет, үйге кірерде біреулерден көмек сұрармын» дегенмін. Аллам көмекке сені жіберіпті...Өркенің өссін,жолың болсын, айналайын!

-Рахмет әже! -деп  Жібек біраз күрісініп қойды. Әлбетте әдейі емес. Ішкі жан күйзелісі жанына батқандықтан, сыртқа көрініп кеткені ғой. Оны кейуана сезіп қалды.

-Не болды шырағым?.. Ісің оңға баспай жүр ме? Жолың болмай жүр ме? Әлде не істеріңді білмей жүрсің бе? Қане, айта ғой күнім!

-Мен ба?.. Менің мойныма үлкен бір жұмыс тапсырылды. Аз уақыт ішінде аяқтап бітіруім керек. Қалай үлгерер екенмін, білмеймін...

-Әр істің өз қайыры бар...Сен жақсы шешімін іздеп табарсың деген үміттемін. Асықпай ойланып, ширақ қимылдай біл! Сонда ғана ісің алға басады.

-Рахмет әже!.. Тырысамын ғой енді!

 Еңкілдеп –ыңқылдап Жібек әжені үйіне де алып кірді.Маңдайынан ыстық тер бұрқ ете қалды.

-Әже осы үй ме? Кілтіңіз қайда?- деді ентігіп.

-Иа осы! Рахмет шырағым!

-Оқасы жоқ, әже! Жақсы, онда мен бара берейін!

-Тоқта, шырағым! Мә, мына қасиетті бойтұмарды ала ғой! Әрқашан ісіңді оңғартып, жолыңды ашады. Қадірлеп сақтап жүрсең болғаны. Аптаның қасиетті жұма күні ғана, өміріңде тек төрт рет қолдана аласың. Бұл тұмар өміріңе жаңа өзгерістер әкеледі. Тек соған қатты сенсең болғаны!..

-Ой, әже мен ондайларға сенбеймін! Мен үшін тек бір Алла бар. Алладан ғана тілеймін!

-Әрине, Аллаға ғана сен!.. Мұны тек «Армандар орындалады» деп төрт рет айтып қолдана аласың. Алла ұлық! Оның бәрі Алланың қалауымен жүзеге асады...Ала ғой!..Ұста!..

-Әже,бұл сиқыр емес пе?..Әлде шрик болмай ма?

-Бұл сенім деп аталады...Сен  жолыңның ашылатынына сенсең болғаны. Алла ниетіңе қарай беретінін ұмытпа,шырағым!

-Жарайды, рахмет әже!..Сау боп тұрыңыз! –деп асығып баспалдақтан түсіп келе жатқанда, алдынан әлгі белгісіз сымбатты жігіт шығады. Ол сол әдетінше басын шайқап қойып, үстіне көтеріліп кетеді...Сөйтсе, манағы әжей осы жігіттің туған әжесі екен. Әжесінің есікті ашып жатқанын көріп, жүгіріп барып, өзі ашып, ішке қарай сүйемелдеп кіргізеді...

 Жібек ендігі үйіне де жеткен.Бірден ыстық кофе қайнатып, аузына екі печеньеден салып, жұмыс үстеліне келіп жайғасады. Ғылыми жобаның қамына кірісе бастайды. Интернетті де, том-том кітаптарды да ақтарып, талай қағаздарды бумалап тастай берді-тастай берді. Бірнеше кітапханалар мен мұражайларға қоңырау шалып та, сол жерлерге кеш түссе де барып жаңа ақпаратты іздейді. Бірақ тапқаны бұрыңғы материалдар. Ноудбугына тесіліп көзінен көз қалмаған, кітапханалар мен мұражайларға барам деп аяғынан аяқ қалмаған, баяндамасын жазам деп қолынан қол қалмаған Жібек, бір сәт төсегіне шалқасынан жата кетті.Төбедегі аспалы шамға қарап терең ойға батып кетті. Ішінен сөйлей бастады.

« -Шіркін, бұрыңғы өмірге бір сәтке барып келсем ғой! Бәрін фотоға, видеоға түсіріп алсам ғой! Сонда бұрын сонды болмаған жап-жаңа жоба дайындаушы едім! Мені келеке етіп, мазақ қылатын мұғалімдер бармақтарын тістеп, меннен кешірім сұрап, маған таң қалушы еді. Келесі жолы мені мүлдем мазақтамас еді! Мені сыйлап, меннен ақыл сұраушы еді! Шііркііін!..Әй, бірақ олай болуы мүмкін емес қой!.. Это же фантастика! Ондайды тек кинодан көреміз ғой!» –дегенде бөлмеде тұрған айна жап-жарық боп кетеді. Күн сәулесі сияқты жан-жағына шуақ шашып, жарқырап кеткен-ді. Жібек шошып кетеді. Ойына бірінші келгені- ұялы телефоны. Дереу бейнетаспаға түсіре бастайды...

 Бұл не? Физикалық құбылыс па, жоқ әлде иллюзия ма? Мүмкін тылсым күш болар? Әдетте олар бұл өмірде болушы ма еді? Жаңағы Жібектің айтқанындай, кинода ғана болады емес пе? Сонда бұл не болғаны? Белгісіз және қорқынышты... Жібек айнаның қасына жақындап, қолының ұшын тигізбек болып еді, айнаның іші Жібекті лезде жұлып алып кетті. Бір-ақ сәтте Жібек басқа бір жерге тап болады... Иттен қорыққан баладай, басын қолымен жауып, Жібек жерде бүрсіп жатыр. Алыстан әлдебір адамдардың дауысы шығады. Жібек басын көтеріп қарауға батылы жетпей, сол күйінде жата берді. Кенет әлгі дауыстар жақындай бастады.

-Жалғас? Жалғас? Анда қара!..Анау жатқан жоңғар емес па екен?

-Жүр барып қарайық!

-Ей, басыңды көтер! Сен кімсің?- деді әлгі жігіттердің бірі қылышын кезеніп.

-Тезірек орныңнан тұр! Әйтпесе басыңды аламыз!-деді Жалғас деген жігіт.

-Мынауың міз бақпайды ғой!..Соңғы рет айтамыз! Орынңнан тұр!-дегенде Жібек ақырын-ақырын орнынан тұрады. Оның үстіндегі киімі джинсы, жеңі шолақ жейде, аяғында үй шақайы,қалтасында ұялы телефоны, ал шаш үлгісі төбеге жартылай түйілген еді. Бұндай адамды алғаш рет көргендей әлгі екі жігіт абдырап, шошып қалады. Бірақ білдірткілері келмей, Жібекке дауыстарын көтере сөйлеуін жалғастыра берді. Екеуі 17-20 жаста көрінеді.

-Сен кімсің? Тыңшысың ба?.. Сені мұнда кім жіберді?-деді Жалғас дегеннің қасындағы жігіт.

-Немене?..Тыңшысы нес?..Не деп тұрсың?

-Бізді ақымақ санайсың ба? Жаныңның барында айт тезірек! Қай елдің тыңшысысың?

-Балалар!..Ең алдымен, мен сендерден үлкенмін. Сондықтан маған «сіз»  деп сөйлегендерің жөн болар. Екіншіден, бұл қай жер? Мен қайдамын өзі?

-Бізбен ойын ойнайын деп па едің? Қазір саған көрсетеміз ойынның көкесін!..Тезірек айт, сені кім жіберді?-деді Жалғас Жібектің мойнына қылышын тақап. Жібек біраз үнсіз тұрып қалып, есіне «Мәссаған» бағдарламасы түсіп кетеді де, қарқылдап күле салады.

-Ааа, білдім-білдім! Бұл Мәссаған ба?.. Әй,қатырасыңдар, бар ғой! Басқа бірнәрсе ойластырмадыңдар ма, адамды шошытып...Жарайды-жарайды! Мен алдандым!..Ана жасырын камераларың қайда тұр? Шыға берсін десеңдерші!..Гүлдерің қайда? Давай, әкеле беріңдер! Мен алдандым деймін!-деп Жібек аузы жабылмай сапылдап тұрғанда, әлгі жігіттер бір-бірінің бетіне қарап, аң-таң тұрып қалады.

-Әйй, болды енді! Айттым ғой, мен алдандым деп!..Вообще күшті істепсіңдер осы жолы!..Жүріңдер оданша селфи жасайық!-деп Жібек телефонын алып, екеуімен суретке түсіп алады.

-Доғар болды! Олжас ұста қолын! Жүр Төлегенге апарайық!-деп екеуі екі жақтан күштеп ұстап алып, аузын байлап бір киіз үйге алып кіреді. Жібектің күлкісі сап тыйылып, мән-жайды түсінбей, жылай бастайды.

-Мені қайда алып келдіңдер? Мен ешқандай тыңшы емеспін!. Мен қарапайым газетте жұмыс жасайтын тілшімін! Жіберіңдерші мені, өтінемін! О, Құдайым мен қайда тап болдым?! Енді қайттім?!.Мамааа...Өтінемін босатыңдаршы мені!..Өлтірмеңдерші мені,өтінемін.! Менің өмір сүргім келеді!..-деп сөйлеп тұрғанда, аузына құм құйылғандай, киіз үйдің ішіне қарап тұрып қалды...

 Киіз үйдің іші бомба түскендей шашылып жатыр. Ыдыс-аяқтары қап-қара күйе. Бірақ жердің бәрі қазақи ою-өрнектермен өрнектелген құрақтарға толы.Сандықтың үстінде әдемі қалың көрпелер жиналған. Дөңгелек үстел үстінде жуылмаған ыдыстар. Төрде қанжарын қайрап бір сымбатты, ірі денелі, қара-торы жігіт отыр. Жібектің көзі тоқтап қалған сағаттай қатып қалды. Әрине кез келген ару осылай қатып қалушы еді. Өйткені ол жігіт айтарықтай келбетті.

 -Төлеген, мына тыңшыны жартастың жанынан тауып алдық. Басын алуға рұқсат ет!- деп Жалғас Жібекті жұлқылап, тізерлеп отырғызды.

-Босат!-деді ағасы сабырмен.

-Не?..Босатқаны қалай?.. Аға не деп тұрсыз? Басын алып іліп қою керек!

-Жалғас, босат дедім!.. Бұл-әйел... Сенің күшің соған ғана жеткені ме?.. Босат!- ( Жалғас ызаланып Жібекті әрең босатады.)

-Қайдан келдің? Кімсің? Қазақсың ба? Мұнда не істеп жүрсің?.. Иа, сөйле!..

- Мен... Әрине,қазақпын! Алматыдан келдім. Бірақ қайда тап болғанымды түсінбеймін! Бұл жердің қандай жер екенін де білмеймін!.. Сіздер кімсіздер? Мені мұнда неге алып келдіңіздер? Мен вообще-то үйде проектімді дайындап жатқан едім...

-Мынауың орыс қой?!. Естідіңдер ме, орысша сөз айтты ғой? Бұл Ресейдің тыңшысы ғой! Төлеген, несіне ойланасың? Тез арада көзін жояйық!

-Не говрите ерунду! Мен Қазақпын! Если мен орыс болсам, орысша сөйлемеймін бе? – дегенде есіне ана өмірінде болған оқиғаны түсіреді. «Көшеде бір орыс Жібектен мекен-жай сұрайды. Жібек назданып, қазақша жауап береді.

-Сізге керек кезде. мен қазақша сөйлеймін. Ал маған керек болса, орысша сұрап алам.-дегенде қасынан бір қазақша білетін орыс өтіп бара жатады.

-Мен орысша білмейтін қазақты бірінші рет көріп тұрмын. Айтыңызшы, ана көшенің атын айтуға орысшаңыз жетпей тұр ғой иа?-деп қарқылдап кетіп қалады.

-Да, я знаю по русскийй. Просто... Әй, қойш тілім келмесе не істейм!?.» деген сәті еді.Сосын:

- Мен орысша білмейтін қазақты бірінші рет көріп тұрмын.-деді.

-Аға, оның қаруы бар. Бағана қалтасына салып қойған.

-Дәлелде! Қазақ екеніңді дәлелде!

-Қалай?..Жақсы ендеше мен сендерге өлең оқып берейын!..-деп образға еніп, Жұбан Молдағалиев атамыздың «Мен қазақпын» деген өлеңін айтып береді... Төлеген де, Жалғас та, Олжас та таң қалып, үнсіз тұрып қалады. Мұндай кезде қазіргі заман тыңдармандары қошемттеуші еді, ал дәл қазір ешқандай үн жоқ.

-Руың кім?

-Орта жүз, Найман. Қазір руға бөлінбейді ғой, несіне сұрап тұрсың?

-Есімің кім?

-Жібек.

-Мына киімің не? Қазақ қыздары осылай киінуші ма еді?

-Менің қаламда көбісі осылай киінеді. Бұл киімде тұрған ештеңе жоқ. Мини юбка мен шорты киетіндер де бар если что!.. Ал енді мен сұрақ қояйын!..Бұл қай жер? Қай ауыл, аудан, облыс? Только Шымкент демеші!.А то мне конец!.. Вообще-то қай жыл? Мен өліп қалған жоқпын ба, әйтеу?.. Сендер кімсіңдер? Періштесіңдер ме?

-Ендеше тыңда, Жібек бикеш!.. Қазір 1464 жыл. Бұл киелі Жетісу жері. Сен сірә, адасып қалғансың-ау!.. Біз-қарапайым қазақ балаларымыз. Бұл екі бала-менің бауырларым. Есімім-Төлеген.  Үйімізге қош келдің!.. Қазақ екеніңе сенемін!  Есіңді жиғанша осында тұрақтауыңа рұқсат етемін. Өз үйіңдей көр!.. Қанша қалам десең де өз еркің! Құдайы қонақты қумаймыз. Бұл үйде үшеуімізден басқа ешкім тұрмайды. Қорықпа, біз саған тиіспейміз! Тек мына киміңді ауыстыр... Сандықтың ішінен өзіңе лайық киімді таңдарсың. Киіміңді ауыстырып болған соң бізді шақыр. Сыртта боламыз...-деп Төлеген жылы жүзбен, бауырларын алып, сыртқа шығып кетеді.

 Иа... Жүз ғасырда бір рет болатын тылсым құбылыс дерсің. Жібек жарқыраған сиқырлы айнаның арқасында 550 жыл бұрыңғы өмірге аяқ басты. Бұрыңғы нағыз қазақтың күйбең тіршілігіне , нағыз қазақтың исі аңқитын өмірге, ұшқан құстың қанаты, шапқан аттың аяғы талатын ұлы дала өңіріне келді. Ойлап қарасақ, Жібектің жаңа жобасына керек өмір осы емес пе?!.

 Жібек Төлегендер шыққан соң «1464 жыл» дегенге қарқылдап біраз күлді. Содан соң көзіне жас алды. Жапанда жалғыз қалып, шынымен есін жоғалтқан адамдай болып отырған жайы бар. Телефонын алып, қоңырау шалмақшы болды. Әттең, байланыс жоқ жерде... Сандықты ашып, өзіне шақ киімді іздей бастады. Әдемі бір көйлек тауып алып, соны киіп, шашын екі өрімге өріп, телефонынан селфи жасап, суретке түседі. Сол әдетін тастамайды әйтеу... Бұрыңғы өмірде жүрсе де, қазіргінің адамы ғой енді...

 Сыртта екі бала Олжас пен Жалғас киіз үйдің жыртығынан сығламақшы болып еді, Төлеген желкелерінен сүйреп, алыстатты. Сосын екуіне сөз сөйледі.

-Екеуің мені жақсылап тыңдаңдар! Қонақты ренжітпеңдер! Оған қарсы сөйлеп, қылыштарыңды кезенбеңдер!..Ол-қазақ. Бізде қазақпыз! Яғни, біз туысқанбыз! Ол бикеш сәл есінен айырылған сияқты. Керісінше оған көмектесіңдер! Түсінікті ме?

-Бірақ, ол жасырын тыңшы болса ше? Бізді өтірік алдап жүрген болса ше?

-Олжас, олай болуы мүмкін емес. Мен оның қазақ екеніне кәміл сенімдімін. Егерде тыңшы болса, жазасын алатын болады. Ол жағына қам жеме! Келістік пе?

-Жарайды!..

-Мен болдым!- деді Жібек киіз үйдің ішінде. Үшеуі ішке кіреді. Бағанағы жаңа заманның бикеші, әп-әдемі, ибалы қазақтың қызына айналып шыға келді. Ертедегі күн астындағы Күнекей қызға, ханның қызы ханшайымға ұқсап қалды. Үш жігіттің таң қалғаны көрініп-ақ тұр.

-Андағы көйлек біздің марқұм анамыздың көйлегі. Күтіп кигейсің!-деді Төлеген.

-Бикеш, саған жарасады екен!.. Анамызға аздап ұқсап қалдыңыз!..

-Олжас, ол саған «бикеш» емес. Сенннен жасы үлкен тәрізді. Сіз деп сөйле және «апай» деп ата. Қонағымызды сыйлай біл!

- «Қыздың жасын сұрамайды» дейді, құрдастарыңыз нешеде?-деді Жалғас.

-Мен 23-темін.

-Еее, меннен төрт жас үлкен екенсіз, ал Төлегенннен екі-ақ жас кіші екенсіз.

-Мені «апай» деп атамай қойыңдар! Маған олай ыңғайсыз...

-Жарайды, ол жағын өздері біледі. Жүріңдер, дастарханға отырайық!-деп үшеуі жерге отырып жайғасады. Әдетте кофе, конфет, печенье, тәтті бәліштер жеп үйренген Жібек, дастарханның үстіндегі азғантай бауырсақты, шелпекті, құртты, қымызды көріп шошып кетеді.

-Отырсаңызшы!.. Бұл біздің кешкі асымыз...Отырыңыз-отырыңыз!-деп Олжас қонақты құрметпен отырғызды.

-Сіздің жақтағы дастарханға жетпей ма екен?.. Кешіріңіз, біздің өмір осы...

-Жоға!.. Бәрі жақсы!.. Мен мұнда тұрған тағамдардың бәрін жақсы көрем!.. Бауырсақты жемегелі көп болды... Ммм, дәмді екен!

-Ас болсын!-деді  Жалғас.

-Сендер қандай іспен айналысасыңдар?

-Мал және егін шаруашылығымен.

-Әріп танисыңдар ма?

-Жоқ...

-Қоойш? Тяжко ғой!.. Ал жылды қайдан білесіңдер? Қай жыл дедіңдер өзі?

-Төлеген сарайда екі жыл қызмет істеген. Енді жоғары білімды емес, бірақ сауатын ашқан. Ал Олжас екуімізідің оқығымыз келсе де, мүмкіндігіміз болмады... Әке-шешемізді жоңғарлар өлтіріп кеткеннен кейін... Қазір, әйтеу 1464 жыл деп есептелінеді ғой.

-1464... Сонда келесі жылы «Қазақ хандығы» құрылады ма? 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын дүркіретіп тойлатқанбыз. Қазір тақта кім отыр? Келесі жылы Керей мен Жәнібек...

-Сен не деп кеттің өзі? Ертегі айтып отырғаннан саумысың? Оның бәрін қайдан білесің? Қазақ бауырлардың басы қосылмай, жан-жақта бытырап жүргенде, «хандығың» не айтып отырған?.. Арманың асқақ екен...-деді Төлеген сөзге араласып.

-Ааа, мен енді түсіндім... Төлеген, бұл ертегі емес, бұл-тарих!.. Мен Қазақстан деген мемлекеттен келдім.

-Ол қандай ел апай? Қазақ, қазақс не?-деді Олжас жаңа сөзге тілі сәл келмей.

-Ол ел... Мен «аспан елінен» келдім!.. Мен Нұрсұлтан Назарбаев айтпақшы, «Ұлы дала елінен» келдім. Мен сендерге болашақтан келдім... Сенбейсіңдер ме?.. Онда мен сендерге суретін көрсетейін!..-деп  Жібек қалтасынан телефонын алып шыққанда, Олжас пен Жалғас қылыштарын суырып шыға келді.

-Тихо-тихо!.. Бұл жәй ғана сотка!.. Байланыс құралы... Ешқандай қару емес... Міне, Қазақстан!.. Міне, туымыз, елтаңбамыз!.. Міне, зәулім  үйлер!.. Міне, сансыз көліктер!.. Міне, бұл біздің жер картамыз!.. Міне, мынау Бәйтерек!.. Көрдіңдер ме Қазақстанды? Енді маған сенесіңдер ме?.. Мен Ұлы дала, Аспан елінен келдім!.. –деп телефонынан Қазақстанның әдемі суреттерін көрсеткенде, қылыштарын қайтадан орнына апарып, ауыздарының суы құрып, таңдайларын қағып таң қалды.

-Мәссаған!.. Апай, сіз шынымен Аспан елінен келдіңіз бе?.. Мені де сол жаққа алып барыңызшы! Қандай керемет! Менің барғым келіп кетті!..Мәә, қандай ғажап!-деп Олжас телефондағы суреттерді қарай берді.

-Мұнда не мақсатпен келдің сонда?

-Әзірше білмеймін!.. Қалай тап болғанымды да білмеймін!.. Түсінбеймін!..

-Қанша уақытқа келдің?

-Оны да білмеймін!.. Қайтар жолымды да білмеймін!.. Мүмкін мәңгілікке қалармын...

-Ал сіз аспан елінде немен айналысасыз?- деп сұрады Жалғас.

-Мен тілшімін. «Айқын» газетінің тілшісімін.

-Онда сіз әріпті жатқа жақсы білесіз ғой иа? Жақсы болды ғой! Маған әріп үйретесіз бе?

-Әріп? Жарайды қуана-қуана!.. Ручка мен қағаз бар ма? То есть, қалам мен қағаз бар ма?

-Жоооқ...

-Сен неге орысша сөйлейсің?

- Қайдағы, мен орысша сөйлемейм (ін) ғой?.. Ол просто...Жәй арасында байқаусызда қосып сөйлеп қоям (ын)... Біздің елде 130-дан астам ұлт-өкілдері тұрады. Біздің ел көп жыл Ресейдің СССР –дің қарамағында болғандықтан, көбіміз орысша араластырып сөйлей береміз. Оған аса мән бермей қойыңдар!

-Енді не істемекшісің? Не істейсің біздің әлемде... біздің өмірде...Саған бұл жер таңсық, қиынға соғады ғой... Көп ұзамай соғыс басталып кетуі мүмкін...

-Соғыс?.. Сен соғысқа қатысасың ба? Жалғас пен Олжас ше?

-Жалғас екеуіміз ғана аттанамыз. Ал Олжас қалады.

-Неге? Аға, менде сендермен барамын! Менің де жауынгер болғым келеді!

-Бармайсың! Бұл талқыланбайды!

-Олжас, қайтесің соғысты?!. Оданда екеуіміз фотоға түсіп, музыка тыңдап, күлкілі видеолар көөөріп отырмаймыз ба?!. Саған әріп үйретемін. Ок?.. Ойй, жарай ма?

-Олар не? Мен бірде-бірін түсінгем жоқ!

-Түсініп бас қатырудың қажеті жоқ!.. Мың рет естігенше, бір рет көргенің артық.

-Жарайды, қызықтырып жібердіңіз ғой! Онда мен сізбен бірге қаламын!

-Бірақ соғыстың ауылы алыста, Олжасжан!.. Солай емес пе Төлеген?

-Бір Құдайға аян... Жарайды, ұйықтаңдар!

-Уже ұйықтаймыз ба? Мен қайда жатамын?

-Көршінікіне барасың ба?

-Жоқ, оларды танымаймын ғой?

-Бізді танитындай-ақ...-деді Жалғас.

-Онда төсекке жалғыз жатарсың. Біз жерге жата саламыз.

-Пижама жоқ па?

-Ол не тағы?

-Жатарда киетін киім?

-Сол киіміңмен жата бер. Түн суық болады...

 Көп ұзамай таң да атады. Жібек төрт түліктің у-шуынан, тазы иттердің үруінен, киіз үйдің жырығынан түскен күн сәулесінен оянып кетеді. Телефонына қараса таңғы бесті көрсетіп тұр. Ұйқысы қанбағаны белгілі. Керіліп-созылып көзін ашып, сыртқа шығады. Кең даланы, ашық аспанды, жайылымға бара жатқан төрт түлікті, қолдарына шыбық пен кішкене баланы жетектеп жүрген аталарды, тезектерін теріп жүрген әжелерді, пешке шелпек пысырып жатқан әпке-жеңгелерді көріп, тамсанып, бәрін суретке түсіріп алады. Басқа елде саяхаттап жүргендей, айналасында не болып жатыр, соның бәрін телефонына түсіріп жүрген-ді. Базарда жүргендей бәрімен амандасып та жүр. Ауылдарына бөтен жанның келгеніне жұрт таңырқап, бір-бірімен күбірлеп, сыбырлап сөйлесе бастады. Тіпті, кімнің үйіне келген деп қызығушлық танытқан балалар, соңынан ілесіп, қайда барар деп аңдып жүр. Жібек үйдегілерін іздемейді де... Бір уақытта айналып өз киіз үйіне келеді. Олжас алдынан жүгіріп шығып, құшақтап алады. Жібек кірпіктерін қағып, көзін жыпылықтатып таңданып қалады.

-Не болды Олжас?

-Апай, сізді кетіп қалды ма деп шошып кеттім ғой... Қайда барып келдіңіз? Мен сізге бүлдірген теріп келдім... Енді ешқашан ешқайда кетпеңізші!

-Үйде ешкім болмағасын, қыдыруға шығып кеткен едім... Болды жаным, сабыр ет!.. Енді ешқайда кетпеймін!

-Уәде бересіз бе?

-Жүре ғой, Олжас үйге кірейік!.. Жылама енді, жігіт емессің бе?!. –деп уәдеден жалтарып киіз үйге кіріп кетеді. Кірсе үйде қонақ бар екен. Дастархан жайнап тұр. Мәзірде ыстық бауырсақ, ыстық шелпек, қып-қызыл жұмсақ бүлдірген, буы бұрқыраған самаурындағы шәй, аппақ ұсақ құрттар, тәтті жент, суық бидай көже тұр. Жібектің мұрнына тамақтың исі барып еді, қарны шұрылдап қоя берді.

-Қайда барып келдіңіз?-деді Жалғас.

-Сәлеметсіз бе!.. Мен жәй әшейін ауылды аралауға кеткенмін ғой!..

-Отырыңыз!.. Қарыныңыз ашқан сияқты. Дастарханды әдейі сіз үшін әзірледік. Кеше күтпеген жерден келген соң, дайындығымыз болмай қалды... Танысып қойыңыз, бұл біздің көрші, менің досым-Айсұлу.

-Ааа, сенімен жасты ма? Сәлем-сәлем! Менің есімім-Жібек! Танысқаныма қуаныштымын!-деп қолын ұсынды.

-Менде!..-деді қол алысуға үйренбеген, көрші қыз ибалы түрде.

-Отырайық онда! Қарным қатты ашып кетті!.. Мынаның бәрін сен істедің бе?.. Молодец!..Ойй, жарайсың, Айсұлу! Қолың дерт көрмесін! Бауырсағың жұмсақ екен!..

-Апай сіздің жақтың тағамдары қандай? Неше түрлі тәттілер бар шығар иа?

-Конечно! Әр түрлі торттар, конфеттер, шоколад, фаст фудтар, әр түрлі шырындар, пирогтар, кекс, рулет, оййй көөөп қой!.. Майлы тамақтан- самса, пирожки, чебуреки, ыстық тамақтан- лағман, манты, қуырдақ, тұшпара, палау и ещё пицца бар...-деп көз алдына елестетіп, сағынып, тамсанып, сапылдап сөйлеп отырғанда, қасындағылар тамақтарын тауысып қойған-ды. Ең соңғы бір бүлдірген қалған еді, қолын соза беріп еді, Олжас лезде бірінші боп іліп әкетеді. Жібектің қарны тағыда тоймай қалады...

 Содан кейін көршінің қызы ыдыс-аяқты жуып, үйіне кетіп қалады. Жалғас пен Олжас жүктерін жинап бір жаққа кеткелі жатты.

-Олжасик, қайда барасыңдар? Төлеген қайда кеткен?

-Маған ұнайды!

-Не ұнайт(ды)?

-Олжасик дегеніңіз!

-О, саған ұнай ма?.. Ендеше сені солай атаймын!.. Жалғасты- Жасик дейін. Төлегенді...Оны не десем екен?..Тузик десем, күшіктің аты боп кетет(ді)...Төлеген Төлеген болып қалсын.

-Ал сіз ше?

-Жібек... Жібек боп қалсын!

- Ок!

-Охо, менің сөздерімді үйреніп қалыпсың ғой?!. Молодец! Сонымен қайда бара жатырсыңдар?

-Егістікке. Төлеген қой кезекке кеткен.

-Ал мен не істеймін күні бойы? Жалғыз қаламын ба сонда?

-Қала беріңіз, көршілерге айтып кетеміз ғой.

-Жоооқ, Олжасик! Менде сендермен барғым келеді. Мені ала кетіңдерші!

-Ол жақ сізге қауіпті! Онда улы жәндіктер көп.Киіміңіз де сай емес. Оданда үйде отырыңыз!

-No-no-no! Айттым бітті, барам! Төлегеннің бір киімің бере салшы!-деді де, Төлегеннің бір киімін киіп, егістікке баруға бел байлайды. Төлегеннің киімін киіп еді, жүрісі пингивиндікіндей бола қалды. Сосын әдетінше телефонына суретке түседі. Олжас пен Жалғасты камераға тартуды да ұмытпады. Екеуіне қандай пернені басу керектігін үйретіп, өзін жалғыз түсіруін сұрайды. Бірақ болмады!.. «1,2,3 чиииз!», «1,2,3 сыыыр!», «1,2,3, smile!» деп бірнеше рет түсе берді-түсе берді. «Эх, моноподым қасымда болғанда ғой!» деді сосын күрсініп...

 Әне-міне деп ат терлетіп егістікке де жетеді. Аттан түсе сала, Жібек бірден суды шөпілдете жөнелді. Ұзақ жол жүріп,шаршап, шөлдеп кеткені көрініп тұрды. Еріндері кеуіп, көзі кіртиіп кеткен. Одан кейін біраз адымдап еді, жүрісі жапондықтардың кішкене бүлдіршіндерінікіндей болып кетті. Одан кейін ұжым білектерін сыбанып іске кірісіп кетеді. Біреуі жер қашап жатса, енді бірі арамшөптерін жұлып жатыр.Тағы біреулері егістікке түсіп кеткен малдарды ысқыртып қуып жүр. Жібек хауызын жарған гүлдерді жинап, шашына украин халқының ұлттық бас киімдері секілді тәж жасап жүр. Әдемі гүлдерді іздей-іздей алыстап кеткенін аңғармай қалады...

 Жұмыскерлердің үйлеріне қайтатын уақыты жақындап, жинала бастады. Жалғас пен Олжас та жылжи бастайды. Әдеттегідей алқапқа екеуі ғана келіп жүрген, Жібекті жандарына ертіп алғандарын ұмытып кетеді. Алқаптан сәл алыстағанда Олжас: «Апай! Жібек апайды ұмыттық!» деді кілт тоқтап.  Сосын екеуі қайта егістікке қарай жүгіріп келеді. Қалың шөптің арасынан адам іздеу қиынға соғатыны белгілі. Екеуі екі жаққа кетіп, іздестіре бастайды. «Жібек апай! Апай! Қайдасыз Жібек? Апай!» деп екеуі екі жақтан айғайлайды. Біраз айналаны шолып шыққан соң, таба алмай үйлеріне оралады. Үйлеріне келсе, Төлеген де кезектен оралған екен. Кешкі астың дайын болмағанына, шаршап-шалдығып келгенде алдынан ешкімнің қарсы алмағанына ашуланып отырған-ды.

-Қайда жүрсіңдер? Не істеп келдіңдер? -(екеуінде үн жоқ)

-Айтсаңдаршы не болды? Тілдеріңді жұтып қойдыңдар ма? Сөйлесеңдерші! Бірдеңе бүлдіріп қойдыңдар ма? Не бүлдірдіңдер? Ұрлыққа түстіңдер ме? Жауап берсеңдерші!

-Жібек апай жоғалып кетті!-деді екеуі бірдей.

-Не? Қалай? Қайда?-деп Төлеген де абдырап қалады. Содан өзі жалғыз қасқа атына міне салып, егістікке қарай шаба жөнеледі. Кеш батып, қараңғы түсіп те үлгерген. Бірақ айдың жарығы сүттей ақ. Төлеген «Жібек! Жібек!» деп атынан түсіп, айғайлап жүр. Маңайдағы қасқырлардың улыған дауыстары шыға бастады... Сосын бір шөп сыбдырлағандай болады. Қасына жақындап барып, қылышын сурып қалады. Сөйтсе, Жібек қалың шөптің қуысында қорқып, жылап, тығылып отыр екен. Түрі бозарып кеткен. «Төлеген?» деп орнынан атып тұрып, қуанғанынан құшақтап алады. Содан көзі қарауытып, есінен танып қалады. «Жібек? Жібек саған не болды?» деп атына жайлап мінгестіріп алып, үйге оралады. Төсекке ақырын жатқызып, үстін қалың киіз көрпемен жауып қояды. Бүгін кезекте жүріп аулаған қоянның етінен сорпа дайындайды. Киіз үйді өртенерей жылытып жібереді... Үшеуі де Жібектің бетіне қарап, ұйқыға қалғып кетеді...

 Таң да атып, артынша түс уақыты зулап келіп жетеді. Жібек кешегіден енді ғана оянады. Басын ұстап, сәл жөтеліп қояды. Телефонын алып сағатын қарайды. Сағат 12-20 сандарын көрсетіп тұр. «Будильнигім шырылдамаған ба?!» деп орынынан апыл-ғұпыл атып тұрып, сыртқа шығады. Сәл кідіріп: «Мен басқа әлемде жүр екенмін ғой! Ұмытып кетіппін ғой!» деді күрсініп.

-Апай! Апай ояныпсыз ғой? Қалыңыз қалай? Тәуірсіз бе?.. Қай жеріңіз ауырып тұр? Емші шақыртайын ба? –деп Олжас алдынан жүгіріп шықты.

-Бәрі жақсы Олжасик!.. Емшіні шақырмай қой! Сен не істеп жүрсің? Қалғандары қайда?

-Ағам кезекте, Жалғас егістікте. Мені сіздің қасыңызға қалдырып кетті. Жүріңіз сорпа ішіңіз. Кеше түнде ағам сізге арнайы дайындап кеткен.

-Мен үшін? Сорпа? О, жүрші тамақ ішейік! Қарным қатты ашып тұр, бар ғой!-деп екеуі киіз үйге кіріп, түскі астарын іше бастайды.

-Сорпа өте дәмді екен! Бұрын мұндай сорпа ішіп көрмеппін!

-Сонда сіздерде қоян жоқ па?-дегенде Жібек шашалып қалады.

-Бұл қоянның сорпасы ма?

-Иа!

-Ааа, жақсы екен!.. Телефонымның зарядкасы бітейін деп тұр. Бес-ақ пайыз қалды. Сендерде резетка жоқ иа?!

-Ол не? Қазақшасын айтыңызшы, мүмкін табылып қалар?!.

-Екі тесігі бар, қуат алатын құрылғы. Сонда соткам өшпейтін болады.

-Ммм... Ендеше менің мұрныма қосып көріңіз!-деп екеуі қалжыңдасып, бір күліп алады...

 Арада төрт-бес күндей уақыт өтеді. Жібек, бұрыңғы заманның өміріне қалыптасып, таңертең ерте тұруға да үйрене бастады. Төлегенмен дәм тұзы жарасып, емен-жарқын әңгімелесіп, Олжаспен бірге жотаға жүз шығып, бүлдірген теріп, қозы-лақ бағып, ауылдың балаларымен асық ойнап, атқа мініп, Жалғас пен Айсұлудың кездесіп жүргендерін көріп, телефонының қуат көзі таусылғалы тұрса да, камераға түсіріп, оларға тамсана, қызыға қарап, уақытын көңілді де, қызықты өткізіп жүрді. Іші пысқаннан ба, әлде ұната бастағанан ба екен, Төлегенді кезектен асыға күтіп алып, алдынан жүгіріп шығатын. Төлеген Жібекті бірнеше рет атқа отырғызып, жайлауды аралатып қыдыртып жүрді. Арасында өзінің өмірін, өз әлемін сағынып ұзақ ойланып тұрып қалатын кездері де көп болды...

 Ал қазір Олжас екеуі әдеттегідей түскі астарын ішіп отырған-ды.

-Айтпақшы, апай мынау не? Сіздікі ме? Кеше тауып алдым!-деп Олжас қалтасынан бір тұмарды алып шығады.

-Мынау менің тұмарым ғой!

-Сіздікі ме? Мә, алыңыз!.. Әдемі екен! Бұл тұмарды қайдан алдыңыз?

-Бір әже берген...-деп есіне тұмарды аларда әженің айтқан сөздерін түсіреді.

-Аптасына бір рет...Төрт рет қолдана аламын...Иа-иа! Осында осы тұмар арқылы келдім!..-деп өз-өзімен күбірлеп кетті.

-Олжасик, мен сені жааақсыыы көрем ғой!

-Апай, не деп кеттіңіз?

-Олжасик, мен сендердің әлемдеріңе мына тұмар арқылы келдім! Бұл тұмар-сиқырлы тұмар! Сенесің бе?.. Бүгін қандай күн? Менің келгеніме бір апта боп қойды ма?

-Бүгін жұма!

-Точно?.. Мен кеттім!-деп киіз-үйден алып-ұшып, алғаш келген жартас жаққа келеді. Олжас та соңынан еріп келеді.

-Олжасик, мен өз әлеміме қайтуым керек! Дәл бүгін, дәл осы жерде!

-Кетесіз ба? Аз ғана уақыт жүрдіңіз ғой?

-Бір апта жүрдім ғой!

-Сізге ол көп пе?.. Мен үшін өте аз уақыт... Сіз сонда бізге неге келдіңіз? Маған әріп үйретем дегеніңіз қайда? Осылай бізді тастап кетіп қаласыз ба?.. Төлегенді қалай қиып кетесіз?.. Сіздің «жаман апай» болғаныңыз ба сонда?.. –деп Олжас кәдімгідей ренжіп сала берді.

-Олжааас?.. Менің... «Армандар орындалады, армандар орындалады, армандар орындалады» -деп құпия сөзді айтып еді, жарқыраған нұр сәулемен өз бөлмесіне тап болады. Екі-үш секундтан соң, іле-шала Олжас та келеді.

-Олжасик? Сен мұнда неге келдің? Сен мұнда қалып қоятыныңды білесің бе?.. Тез, мына айна жабылмай тұрғанда үйіңе қайт!

-Сіз төрт мүмкіндік бар дедіңіз ғой? Ендеше несіне уайымдаймын? Үйіме келесі жұмада қайтармын... Оғанға дейін, маған өз әлеміңізді көрсетіп, тәтті тағамдарыңыздан дәм татырып, мені қыдыртыңызшы!.. Өтінемін апай!

-Олай болмайды ғой, жаным-ау?!. Жүр, үйіңе қайт Олжасик! Мұның дұрыс емес! Ағаларың бір апта бойы қатты уайымдап, алаңдайтын болады... –деген сәтте жарқыраған айнаның сәулесі сөніп қалады. Екі әлемді байланыстырып тұрған есік жабылып қалады. Жібек айнаның арғы-бергі жағын сипалап, сасқалақтап қала береді. Ал Олжастың жүзінде күлкі.

-Алақай, есік жабылып қалды! Енді мен сіздің әлеміңізде бір апта жүретін болдым.

-Олжасик!..

-Олжасик-Олжасик дей бермеңізші, қарным ашып кетті. Оданда өз әлеміңіздің тағамдарын дайындап беріңізші!

-Жарайды жаным!.. Ақыры осында қалған екенсің, мен саған Алматыны аралатайын!..

 Осылайша Жібек өз ісіне кірседі. Біріншіден, Олжасқа тоңазытқыштағы дайын тұшпараны пысырып береді. Содан кейін жуынып алып, Олжасқа киім алуға дүкенге шығады. Олжасқа жаңа заманауи киім кигізіп еді, қазіргінің тілімен айтқанда, «красавчик» болып шыға келді. Көшедегі қыздардың бәрі Олжастан көздерін алмайды.Жібек сол әдетінше «селфилетіп» жүреді. Олжас өзінің жаңа стильіне қатты риза. Жібек оны саябақта қыдыртып, оған тәтті мақта, балмұздақ, торт, түрлі шоколадтар алып береді. Жүрегіңді дірілдетіп, басыңды айналдырып жіберетін көңілді әрі, қорқынышты «атракциондарға» отырады. Дәмханаға да бас сұғады. Өмірінде небір дәмді тағамдардың дәмін татып көрмеген Олжастың қарны, шық бермес Шығайбайдың қарнына сәл-ақ жетпей қалғандай.Киноға да баруды ұмытпаған. Олжас- метро, автобус, көлік дегендердің не екенін көреді, биік-биік, әдемі ғимараттаға қарап, басы айналып та қалады...

 Сөйтіп, бір аптаның жүзі өте шығады. Жібек бейсенбінің түнінде жаңа жобасының жоспарын құрып қояды. Ана әлемде керек боп қалар-ау деген ұсақ-түйек заттарды алуға супермаркетке барады. Олжас өзінің сорайған бойына қарамастан, азық-түлік салатын арбаға отырып алып, «мынау керек-анау керек» деп заттарды таңдап отырды. Супермаркетті аралап жүргенде , Жібекті әлгі белгісіз фотоапараты бар сымбатты жігіт тағыда көріп қалады. Тағы бір «сlick» деп фотоға түсіріп алады. Оны Олжас байқап қойып, «Апай, бұл әлемде ағама ұқсайтын бір адам бар екен! Әне, қараңызшы!» деп айтқанда, ол жігіт бұрылып кете барады. «Адамдар бір-біріне ұқсай береді!» деп Жібек көңіл аудармады.

 Керекті заттарын алғаннан кейін үйлеріне қайтып, жүктерін сала бастайды. Телефонының бірнеше қуат көздерін (батарейка) толтырып алады. Сосын екеуі түңгі он екіні күтіп, шатырға шығады. Олжас түнгі қаланың көрінісіне тәнті болып, ғажап сұлулыққа көзі тоймай таңдайын қаға берді.

-«Алматының түндері-ай, ұйқымды ұрлап, сені алатындай...» -деп Жібек ән салып кетеді.

-Апай, маған сіздің әлеміңіз ұнады! Қатты-қатты ұнады!

-Ұнаса болды! Сенің көңіліңнен шыққанына қуаныштымын!

-Рахмет сізге!.. Уақыт боп қалған шығар...

-Уақыт болды... Қане, енді сенің әлеміңе оралайық!

-Кеттік ендеше!-деп екеуі сиқырлы айна алдына келіп, құпия сөзді айтып, бұрыңғы заманға қайта оралады...

 Арада Жібектің әлемінде бір апта болса, Олжастың әлемінде небәрі бір күн өтіпті. Төлеген мен Жалғастың естері шығып, сары уайымға салынып кеткен-ді. Бастарында сан түрлі арам ойлар. «Жібек оны ұрлап кетті, енді ол ешқашан оралмайды», «Олжасты өлтіріп тастаған шығар» деген пасық ойлар айналып жатыр-айналып жатыр. Бұлардыкы, қазіргі біздің әлеміміздегі «Өзгеғаламшарлықтар алып кетіпті» деген қауөсет сөздері сықылды ғой. Қол қусырып отырғаннан пайда жоғын білетін Төлеген, не болса да кезекке кетеді. Жалғас та егістікке жол тартады. Үйде отырып, көз жастарын көлдететін қатын емес, намысы өр, рухы биік батыр жігіттер ғой... Оралар деген үмітпен киіз үйлерінің есігін ашық қалдырады. Қазіргі кезде есікті бірнеше құлыптармен бекітпейтіндей,  адамдарға деген сенімділік осындай болса ғой. Эх, шіркін!..

 Сонымен, Олжас пен Жібек оралады. Үйлеріне келіп, ана әлемнен әкелген заттарын шығарып, киіз үйге еврожөндеу жасауға кіріседі. Жібек Олжастың қолына ұялы телефонын ұстатып, бүкіл ауылдың табиғатын, тіршілігін, адамдарын, құрал-жабдықтарын суретке түсіруге жібереді. Сосын өзі білегін сыбанып қызу іске кірісіп кетеді. Алдымен қара күйе басқан ыдыстарды жуудан бастайды. Құрақ-көрпелердің шаңын қағып, өрмекші торларын тазалайды. Сөрелерге ана әлемнен алып келген әдемі бәйтеректің мүсінін қойып, төрге еліміздің көк байрағын, алашаға еліміздің жер картасын іледі. Керегелерге алдыңғы жолғы түскен төртеулерінің селфи фотоларын рамкаға салып іліп қояды. Одан соң кешкі ас қамына көшеді. Супермаркеттен сатып алған дайын тұшпараны пысырып, үстелге тәтті пішінәлардан, кәмпиттерден, шекерден, жеңіл салаттардан салып, тосаптан құяды. Әрине, өзіміздің кілегей, сары май, шелпек, бауырсақтарды бірінші қойған-ды...

 Бәрі «чики-чики» дайын болып, Олжас екеуі жұмыскерлерді күтіп, ноудбуг шұқылап отырады. Үйдің ішінде сәнді майшамдар көп жағылған соң, жап-жарық боп кеткен-ді. Біраз уақыттан соң, екеуі бір мезетте келеді. Жалғас есікті ашып: «Ой, кешіріңіздер!» деп, бөтен үй деп ойлап қалып, шығып кетеді. Іштегі екеуі қарқылдап күле салады.!..

-Не болды Жалғас? Ішке неге кірмейсің?

-Біз қараңғыда басқа үйге кіріп кеткен сияқтымыз. Кеттік!

-Қалжының ба? Бұл біздің үй! Жүр,кірейік!-деп есікті ашқанда, өзі де таң қалып қалады. Жібек пен Олжас алдын-ала ақылдасып алған сөздерін айтады: «Сюрприз!»

-Немене?.. Екеуің қайда болдыңдар?.. Сен не істедің менің бауырыма? Мына түрің не? Шашыңа не істеген?.. Бикеш, үндемеген сайын, ойыңа келгенін істей аламын деп ойлама! Сен өз әлеміңде жүрген жоқсың!-деп Төлеген ашуға басады.

-Стоп-стоп!.. Біз сендерге тосын сый жасадық!.. Таң қалып, қуанғанның орнына, маған ұрсып, ашуланып тұрсың!.. Мұның бәрі сен үшін.. Ой, Олжас үшін!.. Олжас менің әлеміме барып келді. Шашына ештеңе болған жоқ. Бұл просто заманауи шаш үлгісі. Оған өз әлемімді көрсетіп, қыдыртып, көңілін көтердім. Сендерге көрсету үшін, сендер қуанып қалсын деп, өз әлемімнен әдемі, ең құнды, қымбат заттарды әкелдім. Ал сенің айтып тұрғаның мынау!.. Ну, вообще ренжідім саған бар ғой!

-Апай, ренжімеңіз! Ағамның ашуы қар секілді. Көп жауады, тез ериді... Солай ғой иа, аға? .. Аға, уайымдамаңыз, менде бәрі Ок! Тамақ суып қалады, оданда отырайық! Мұның бәрін Жібек апай өз әлемінен әкеліп, өзі істеді. Дәмін татыңдаршы! Ғажап қой! Қане, Жалғас дәмін көрші!-деп Олжас Жалғасқа тұшпарадан ұсынады. Жалғас:

-Жаңа ыдыстар да алып келгенсіз бе?-деді жылтырап, жарқырап, тіпті өздерінің бейнесі көрініп тұрған ыдыстарға қарап.

-Жоға, сендердің ыдыстарыңды «Comet-пен»  ысып жуып қойғам ғой! Оказывается күміс ыдыстар да бар екен!-дегенде, Төлеген мен Жалғас сыртқа шығып кетеді. Қызық қылғанда қолдарын жууға шығыпты. Соңдарынан Жібек шығып, қол жуатын иіс сабын береді. Екеуі сабынды көпіршітіп қолдарын жуып, ішке қайтадан кіреді.

-Ал, менің тағамдарымнан дәм татып көріңдер!-деп төртеуі кешкі астан ауыз тие бастайды. Бұрын сонды мұндай тағамдардың дәмін татып көрмек түгілі, атын да естіп көрмегендіктен, үн-түнсіз татып отыр. Тек қасықтаң шықыры мен шәйдің ұрттаған дыбысы ғана естіледі. Алғашқыдай жабайылық жоқ, мәдениеттілік сақталған-ды. Біраздан соң ыдыстың түбі көріне бастады. Қарындары тойған Жалғас пен Олжас құлақтарына құлаққап тағып кино көруге жайғасады, ал Төлеген картаға үңіліп отырады. Жібек болса, ыдыс жуатын құралымен ыдыстарды жуа бастайды. Суды қатты көпіршітіп, Төлегенге қарай үрлейді. Байқамай, бірақ әдейі!..

-Мұның не?

-Ой, I’m sorry!.. Кешір! Байқамай қалдым! Бұл жәй ыдыс жуатын зат. Сендерге әдейі көп қылып әкеліп қойдым. Майлы ыдыстард жуарда осыны пайдалануды ұмытпаңдар! Тағыда, кір жуатын, шаш, бет, қол жуатындар да бар. Ещё сандықта тәттілер мен тосаптар бар. Ещё майшам мен фанариктер де бар. Соларды жағып жүріңдер, қараңғылатпай!.. Ол негізі романтикалық кешке арналған майшамдар болатын...

-Мына карта сенің әлеміңдікі ме?-деді Төлеген сөзді бөліп.

-А?..Иа!.. Қазақстанның жер картасы. Қазақстан дүние жүзі бойынша жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды алады.

-Бұл маған керек!

-Не үшін? Туымызды, жер картамызды, Бәйтеректің сувинерін сендерге естелік үшін алып келдім. Біздің әлемде түскен Олжастың фотоларын да шығардым. Олжасқа бірнеше кітаптар, Жалғасқа Айсұлуға берсін деп айна мен әтір алып келдім.

-Маған мына картаны алып келдің бе?

-Не?

-Сенің әлеміңнің жері ұлан байтақ екен. Біздің жерге аздап ұқсайды екен...

-«Енді екеуі бір жер емес пе?!. Просто уақыты бөлек.»-деді Жібек ішінен.

-Сен өзі қандай заманнан келдің?

-Біздің заман... Қасқырлар қырылып, шибөрі қаптаған, аналар балаларын жолға тастап кете беретін, жігіттеріміздің ісі қыздың қылығына ұқсап бара жатқан, қазақ тілінде сөйлемейтін заманда жүрміз...Адамдар қой терісін жамылған қасқырдай... –деген соң сәл үнсіздік орын алды.

-Жақында жорыққа шығамыз... Ру-тайпалар бірігіп, жоңғарлардың бір ауылын басып алмақшымыз... Бірте-бірте жауларымызды шетінен қырып тастау ойымызда бар!.. Солай ата-бабамыздың, әке-шешеміздің кегін аламын!.. Жоңғарлардың атын естісем болды қаным қараяды. Әрқайсысын өз қолыммен буындырып тастағым келеді!

-Сабырлы бол! Бір данышпанның айтқанындай, отпен отты сөндіре алмайсың!

-Олар менің әке-шешемді жазықсыз өлтірді. Менде оларды аямай, қанын ағызып, бірін қалдырмай қырып тастағым келеді!

-Егер адамдар сенің жүрегіңді ауыртып, саған қастық қылса, сен оларға олай жауап қайтарма! Жақсылық жаса! Сен олар сияқты емес, басқа адамсың!.. Сен олардан жақсысың!

 -Әй, қайдан!.. Түлкі терісін ауыстырса да, мінезін ауыстырмайды. Олар ешқашан өзгермейді.

-Све... Светонийдің сөзі ме?

-Танымайм... Көсемдер тек бір ғана ауылды аламыз дейді. Бірден үш ауылды шабуға қауқарымыз жетеді. Сөзіме құлақ аспайды. Бәрі маған қарсы!..

-Барлық әлем саған қарсы сияқты көрінген кезде, ұшақтың желге қарсы ұшатынын есте сақта, деген бір данышпан!

-Ұшақ деген не?

-Ол.. Инелік сияқты бірнәрсе...-деп екеуі бір күліп алады. Әңгімелері жарасып кеткен. Жалғас пен Олжас ноудбугтан кино көріп отырып, қалғып кетіпті. Төлеген мен Жібек те өз орындарына жайғасып, ұйықтайды.

 Келесі күн... Жібек әдеттегідей Төлегеннің жолына қарап, оны күтіп отыр. Осы жолы Төлегеннің қолы бос емес. Қолында таудың бір шоқ гүлі бар. Алыстан жүгіріп келе жатқанда Жібек тасқа шалынып құлап қалады.Әлбетте, қаланың түзу жолдарына үйреніп қалған ғой. Төлеген де атынан түсе сала, Жібектің жанына жүгіріп жетеді.

-Қалайсың? Аяғың қалай?

-Тіземді ауыртып алдым. Ашып тұр...-дегенде Төлеген киімінен сәл жыртып, Жібектің тізесін байлап береді.

-Алғашқы көмекті осылай жасай ма не? Маған бірінші рет осылай көмек көрсетіп жатыр.

-Енді қалай? Қатты байлап тастағам жоқ па?

-Жоқ, пойдет...

-Байқап жүрмейсің бе?!.

-Олай жүргім келмей қалды...

-Неге?

-Қасымда сен барсың! Маған алғашқы көмек көрсетесің!..

-Сенің әлеміңде мен болмаймын ғой!.. Ол жақта жігіттер меннен мың есе артық шығар.

-Иа, саған!.. Серьезно айтам, саған жетпейді!..

-Мә, мынау саған!-деп қолындағы гүлді ұсынды.

-Маған? Уау, круто! Ай, тағы бірнәрсе айтсам, сенбейтін шығарсың!.. Маған алғаш...

-Гүл сыйлаған мен ба?-деп сөзін бөлді.

-Иа,иа! Рахмет! Нағыз табиғи гүл деп осыны айт!. Мындай нағыз табиғи гүлді, меннен басқа ешбір қыз алмаған шығар!-деп екеуі әңгімелесіп, асықпай үйлеріне қарай жүре берді.

-Кешкіге қандай тағам әзірледің?

-Манты!

-Ол қандай тағам? Ішіне не қосылған?

-Ішінде шошқа еті бар, сырты мысықтың терісімен қапталған! Тура соны аузыңа асатып салатын болам!-деп тілін шығарып алдыға жүгіріп кетеді.

-Немене? Тоқта бәлем! Аяғыңның аурып тұрғаны, қане?!. –деп артынан қуып кетеді. Бір мезетте Төлеген кілт тоқтай қалды да, бар дауысымен:

-Жібек, тоқта! Қозғалма!-деп айғай салады. Жібек шошығанынан қозғалмай тұрып қалады.

-Не болды? Қалжыңдаймын, қойдың еті қосылған.

-Жібек, мен саған қазір бірдеңе айтамын. Бірақ сен қорықпа, жарай ма?

-Не болды? Адамды шошытпашы!

-Сенің тура жаныңда жылан жатыр.Ал алдыңда қақпан тұр.

-Не? Жылан жатыр ма?-деп одан әрі шошып кетеді. Шыңғыруға сәл-ақ қана тұр.

-Қозғалма! Үндеме! Дем алма!

-Не? Дем алмаймын ба? Қалай?

-Үндеме деймін! Қазір мен тас лақтырамын! Саған тиіп кетсе, ренжіме жарай ма?-деп Төлеген жерден үлкендеу бір тас алады. Ақырын көздеп тұрып, лақтырып жіберді. Бірақ, дәл тимей, жанынан өтіп кетеді. Әлгі жылан басын шығарып, атылайын деп тұр.Жібек алдыға жылжыса қақпанға түседі. Төлеген жүгіріп барып, Жібекті итеріп, өзі құлап қалады. Жылан өз жөнімен кетіп қалады.

-Төлеген? Қалайсың? Тұра аласың ба?

-Қолыңды бер!

-Не?

-Маған көмектессеңші! Өзім жалғыз қалай тұрамын?

-Ааа, қазір!-деп қолынан ұстап, орнынан тұрғызады. Төлегеннің тобығы қысылып қалған-ды. Өзі ақырын аяғындағы қақпанды шеше бастайды.

-Бұл қасқырға арналған қақпан ба?

-Енді, не адамға деп па едің?!

-Жайша сұрадым ғой. Аяғың жараланып қалды ма?

-Жоқ, жараланған жоқ. Ертең жәй ғана көгеріп қалады.

-Не болды тағы? Теріс жауап қатып...

-Үй, шын айтамын. Ештеңе болған жоқ. Сен тыныш жүргенде, осының бәрі болмас еді. Ал егер жылан шағып алса ше?

-Не? Сонда мен кінәлімін ба?- деп Жібек ашуланып алдыға түсіп кетеді.

-Тезірек болшы, майыспай!

-Жүре берсеңші!

-Қорқам!..-деп екеуі ақыры үйлеріне жетеді. Үйлеріне келсе киіз үйде бөтен адамдар отыр екен. Жалғас Айсұлуға кеткен екен. Төлегеннің түрі бұзылып кеткен. Жібек бұл кісілерді танымады. Көршілер екен деп, «Сәлеметсіздер ме!» деп амандасады. Содан дастархан жаюға кіріседі. Төлеген мен әлгі адамдар кірпік қақпай, бір-бірлерінен көздерін алмай отыр. Тегі, аралары онша емес.

-Рахмет, Жібек!

-Төлеген, бізге айтпай келін кіргізіп алғанбысың? Мұның дұрыс болмады Төкеш!-деді әлгілердің басшысы.

-Эй, вы че? Төлеген менің күйеуім емес. Мен просто қонақпын ғой!

-Жібек, Олжаспен бірге сыртқа шығып келесің бе?

-Зачем? Ал чай ше?

-Өзім құям.

-Олай болмайды ғой! Өзім құя саламын ғой!

-Шық дедім ғой саған!

-Ладно!-деп шығып бара жатқанда, Жібекті әлгілердің екеуі ұстап алып, мойнына қанжарларын кезейді. Төлеген қылышын суырып шығады. Шықыр-шықыр қылыштардың дыбыстары шықан-ды. Жібек: «Вау, как в кино!» деді сосын.

- Орыстың тыңшысын үйіңде жасырып ұстағаның үшін,Төлеген сені және үйішіңді тұтқындаймыз! Қарсыласпай, бізбен жүргенің дұрыс болар.

-Қанша рет айттым сендерге?! Ол тыңшы емес! Жібек өзіміздің қазағымыз.

-Атаңның басы!.. Ол орысша жақсы сайрап тұр. Тыңшы емей, немене?

-Мен ба тыңшы? Сендер мені айтып жатсыңдар ма? Қайдағы орыс? Қарағым, түріме жақсылап қарасаңшы! Шашым сары ма еді? Мұрным ұзын ба еді? Мен қазақпын! Қазақпын!-дегенде әлгілердің бастығы ыммен бұйрығын береді. Сол мезетте Жібекті сыртқа жұлқылап алып кетеді. Төлегеннің шыдамы таусылып, өз бауырларына қарсы шығуға мәжбүр болады. Бірінші ретте Жібекті жұлқылағандарды, одан кейін бастықтарына тап беріп, сазайларын береді. Қылышын қазақтарға көтергісі келмеп еді. Бірақ әділетсіздікке үнсіз қарап тұра алмады. Өйткені, Жібек шынымен тыңшы емес. Бұл келгендер осы ауылдың жалаңаяқ жөліктері. Өз беттерімен жауларын жасырын қырып жүрген қазақтар. Төлегенді жеңе алмай: «Мен мұны бұлай қалдырмаймын! Қайтадан келем! Ей, орыстың оңбаған тыңшысы, байқап жүр! Естідің бе? Байқап жүр!» деп кетіп қалады. Жібектің бұл көріністен шошып қалғаны көрініп тұр.

-Олжасик! –деп Олжасты құшақтап, жылап жібереді.

-Бәрі дұрыс па? Ешқай жерің жараланған жоқ па?

-Жоқ!.. Бірақ сенің иығың... Қан ағып тұр ғой?

-Ааа, мынау ма? Түк етпейді. Қане, оданда кешкі асымызды ішейік. –деп дастарханға отырады. Бірақ ешкімнің тәбеті жоқ. Біраздан соң Төлеген сыртқа шығып кетеді. Жібек өз әлемінен әкелген заттарының арасынан жараны тазалайтын заттарын алып, сыртқа шығады. Төлеген киіз үйдің керегесіне сүйеніп, аспанға қарап ойланып отыр екен.

-«Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын, сол жұлдыздың ішінде сен жоқсың арайлым. Арманы талайдың, бағыма балаймын...» деп отырсың ба?-деп әндетіп қасына келіп отырады.

-Әкел, жараңды танып берейін! –деп Төлегеннің жарасын тазалай бастайды.

-Ашып кетті ғой! Не істедің?

-Сөйлемей тыныш отыршы!

- Не анау?

-Бұл «перикс» деген нәрсе. Жараңның микробын тазалайды. Уайымдама, тез жазылып кетеді.

-Рахмет!..

-Суық емес па?..Бірге жамылып отырайық!-деп Жібек жамылғыш жабады.

-Кешір!-деді сосын Төлеген.

-Не үшін?

-Айғайлағаным үшін! Анандай көріністі көргенің үшін! Саған жала жапқаны үшін! Айып етпе!..

- Да, ладно тебе! Жұмыста бастығымнан күнде естіп жүрген сөзім ғой! Үйреніп кеткенмін уже... Ертең кезек бар ма?

-Жоқ! Ертең Жалғастың тойын жасаймыз. Келін түсіреміз.

-Не? Шын ба? Уауу, күшті болды ғой! Сендердің әлемдеріңнің тойларын көретін болдым! Айсұлуға өзімнің бір көйлегім мен алқамды да ала келгенмін. Қалай,біліп алдым деші!..

-Маған ештеңе алмағансың ба?

-Саған ба? Үйй, жоға! Саған не керек?!. Бірдеңе алсам, жақтыртпайтын шығарсың!

-Картаны маған сыйла! Сол карта бойынша жерімізді кеңейтемін деп шештім!

-Дұрыс екен...Онда туды да ал! Жорыққа көтеріп шық!

-Табылған ақыл! Рахмет!.. Жібек, рахмет саған!

-Ладно, оқасы жоқ қой!

-Жооқ... Осында келгенің үшін... Олжастың көңілі көтеріліп, қуанып жүр. Рахмет саған!.

-Сендерге де рахмет! Мені құшақ жая қарсы алғандарың үшін!..

 Осылайша таң да атады. Төлеген сүйінші хабарды Жалғасқа айтып үлгенрген-ді. «Көршінің қызы керемет еді, әкесі оның жақсы адам» дегендей құда түсуге келеді... Екі жастың көздері жайнап, беттері қызарып, бір-бірінен ұялып тұрған-ды. Төлеген сасқалақтап, әйтеуір келген бұйымтайын айтады. Көршілер «Қызы бардың, назы бар» дегендей, біраз қыңырлық танытып, ақыры келісімін береді. Молда екі ғашықтың некелерін де қияды. Көп ұзамай той қамына да кірісіп кетеді. Көрші-қолаң бірігіп мал сойып, бауырсақ пысырады. Жібек қалындықты бояндырып әлек. Өзінің көйлегін кидіріп, алқаны тағып еді, әдемі ханшайым боп шыға келді... Әне-міне дегенше тойда басталады. Ел-жұрт тегіс жиналуда. Жастар жағы алтыбақанда тербеліп, үлкендер домбыраны күмбірлетіп күй шертуде, балалар жүгіріп ойын ойнауда. Әсем ән де шырқалу үстінде. Қазақтың ұлттық ойындары ойналып, ұлттық тағамдары пісіріліп, салт-дәстүр айқын көрініп, Жібекке көрім боды. Бәрін қаз-қалпында суретке түсіріп жүр. Сосын ішінен: «Шіркін, енді аңыз кейіпкерлері Алдар Көсе, Қожанасыр,Қаңбақ шал,Тазша балаларды кезіктірсем ғой!» деп еді, айтып ауыз жиғанша болған жоқ, Алдар Көсе иығынан түртіп:

-Қарындас ана қолыңдағы не нәрсе?-деп еді, Жібек селк ете түседі.

-Мамочки!.. Сіз кімсіз?

- Сен, аспан астын, жер үстін мекен еткен, мына мені, танымадың ба?

-Тануым керек па еді?

-Әлбетте тануың керек! Сен қазір менің кім екеніңді білгенде, аяғыма жығылып кешірім сұрайсың! Иманыңды үйіре бер! Мен мұндайды кешірмеймін! Бірден басын кесіп, ләңгі ғып тебетін болам!

-Хм!..-деді Жібек менсінбей.

-Мысқылда-мысқылда! Қазір бүкіл жұртты аяғынан тік тұрғызып, халықтың алдында жаныңды алам!.. Қыз баласың ғой, соңғы мүмкіндік берейін саған. Кешірім сұра!

-Алдымен айтыңызшы кім екеніңізді! Сосын мүмкін сұрармын кешірім.

-Ол кезде тым кеш болады, қарындасым! Ажалың жақындап келеді!.. Оданда меннен кешірім сұра!

-Кімсіз өзі сонша? Соны айтыңызшы!

-Мен... Шайтанды шаң қаптырып, Осман бейді жалындырып, жоңғарларды жылатып, қалмақтардың қанын қасықтап ішкен, орыстарды отқа орап, қытайларды қырып тастаған, атымды естісе жер қақ айырылып, тау жарылып, жаһанға мәшһүр болған...

-Кімді айтсаң, сол келеді!.. Алдар Көсе сен боласың ба?

-Айттым ғой, мені танымау мүмкін емес деп!

-Ой-ой-ой! Алайда, мені алдауыңа түсірген жоқсың!

-Ах, солай ма? Мына әлемде менің қулығыма, айлакерлігіме алданбаған адам жоқ!

-Ай, Алдар Көсе недеген бөспе едің!

-Ананы қара, Төлеген бір  сұлу қызбен алтыбақанда тербеліп тұр!-деп өтірік айтып еді, Жібек жалт бұрылды.

-Ай, қарындасым-ай!.. Алдар Көсенің арбауына түстің бе?

-Базар жоқ! Респект саған!

-Не?

-Әкелші бесті!-деп қолын берді. Алдар қолын беріп: «Мен Алдармын, Алдармын, сақалым болса талдармын. Сақал түгіл мұрт та жоқ. Мендей қулық жұртта жоқ.» деп өз әніне салып жүре береді. Оны да Жібек камерасына тартады. Содан жастардың сүйікті ойыны «Ақсүйек» басталып кетеді. Жібек ойынның шартын кітаптан оқығаны бойынша ойнап жүр, яғни өзі жалғыз іздеуге кірісіп кеткен. Артынан Төлеген де келіп жетеді.

-Сенің әлеміңде мұндай ойын бар ма еді?

-Жоқ, конечно! Бірақ кітаптан оқығанмын!

-Сол кітабыңда жұппен іздеу керек екені жазылмаған ба?

-Білмеймін, дұрыс оқымаппын!

-Ай, Жібек қалай тілші болып жүрсің?!.

-Мен вообще-то әлі ойындар туралы зерттеп көрмегем! Шамалы білем ғой, әйтеуір! Мен көбінесе тарих туралы мақала жазғанмын. Нұрсұлтан Назарбаев айтпақшы: «Тарихты білмей, алдыға жүрмейсің!».

-Қалжың-қалжың! Осы саған бірдеңе десең болды, нақыл сөздеріңді айта кетесің. Сен тілші емес, тарихшы емес...

-Иа, мен тілшіден гөрі, философ болғанды қалағанмын!

-Ол кім тағы?

-Сендердің тілдеріңмен айтқанда - жырау.. Бұқар жырау сияқты...

-Еее...-деген сөзден кейін, сәл үнсіздік орын алды. Далада шегіртке шырылы мен құстардың сайрағаны, аяқ-киімдерінің шықыры ғана есіледі.

-Жібек?

-Ау?

-Осында мәңгілікке қалғың келмей ме?

-Жоқ, Төлеген! Ол мүмкін емес!

-Сен қаласаң болды емес пе?

-Менің өмірім басқа... Ол жақта менің жұмысым, ата-анам, достарым бар. Мұнда қалуым мүмкін емес... Ол тылсым дүние....

-Жарайды, түсінікті!-деп Төлеген сөзін бөліп, сәл ренжіп, ашуланғандай қысқа қайырды.

-Ертең жорыққа аттанасыңдар ма?

-Иа...

-Қорқыныш бар ма?

-Жоқ!

-Қойш, тіпті!

-Біз «қанның исін сезген қасқырдаймыз». Бізде қорқыныш деген сезім атымен жоқ!

-Пах, шіркін! Недеген теңеу!

- Олжасты Алдарға тапсырып кеттім.

-Ал мен ше?

-Сенің ертең кететін күнің емес пе?

-Мені қуып жатырсың ба сонда?

-Жоқ, олай емес!

-Мен бәрін түсіндім!-деп ашуланып үйге қарай тез-тез жүгіріп кетеді.

-Жібек?-деп Төлеген де соңынан жүгіреді. Жібек қараңғыда тасқа шалынып, жығылып қалады.

-Жібек? Не болды? Бәрі дұрыс па?

-Көрмей тұрсың ба?

-Көріп тұрмын! Қане, жүр үйге барғасын көрерсің не болғанын!-деп қолтығынан сүйемелдеп жетектейді.

-Немене? Біздің әлемімізде жігіттер, осындай кезде не істейтінін білесің бе? Оййй, тормозсың ғой өзің!-дегенде, Төлеген Жібекті арқасына көтеріп алады. «Осылай істей ме, сендердің жігіттерің?» деп үйге қарай арқалап алып келеді. Олжас алдарынан достарымен жүгіріп шығады.

-Аға, аға!.. Неге апайды арқалап алғансыз?

-Аяғын ауыртып алды... Жалғастар қайда?

-Жеке киіз үйге кеткен...Аға, бүгін Әділдікіне қонсам бола ма? Мынадан бірігіп кино көрейік дегенбіз!-деп ноудбугты көрсетеді.

-Үйдегілері ұрыспай ма?

-Жоооқ, аға! Барайыншы!

-Жарайды, бірақ бұзық болма! Ұқтың ба?

-Құп болады хан ием!..

 Сөйтіп Төлеген мен Жібек жалғыз қалады. Екеуі орындарына жайғасып жатып қалған. Төлегенге ертең ауыр күн болмақ. Ұйқысы келмей ары-бері аунай берді. Сосын Жібек:

-Төлеген? Наушнигпен музыка тыңдайсың ба? Сонда тез ұйықтап қаласың.-деді.

-Ол не тағы?

-Мынандай нәрсе ғой!- деп қасына келіп алады да, Төлегеннің құлағына наушниг салады. «Кейде музыкадан басқа ешкімді тыңдағың келмей кетеді» деді Жібек сәл күрсініп. Біраз сазды әуен тыңдағаннан кейін Төлеген:

-Жақсы екен!-деп көрпені Жібекке де жауып, құшақтайды.

-Төлеген?

-Қорықпа, Жібек! Ештеңе деме! Маған сенің нақыл сөздерің керек емес. Тек үнсіз осылай жатайықшы!.. Алғашқы және соңғы рет... Саған бауыр басып қалған сияқтымын... Осылай қатты құшақтап, жібермей қойсам ғой!.. Сен маған ұнайсың, Жібек!.. Пайғамбарымыз  «Кімді жақсы көрсең, ана өмірде сонымен боласың» деген. Мен келесі өмірімде өзіңмен бірге болғым келеді...

 Тылсым дүниенің келесі бір таңы да атты. Кең жасыл алқап... Төлеген де, Жібек те шыт жаңа киініп алған. Жандарында Олжас домбырада әсем күй шертіп отыр. Сол күйдің үнімен екеуі вальс билеп жүрген-ді.

-Жібек?

-Ау Төлеген?

-Мен сені сүйемін! Сен ше?

-Менде сені сүйемін Төлеген!

-Ендеше... –деп Төлеген Жібекті ернінен сүйгенде, Жібек тәтті түсінен оянып кетеді. Сөйтсе, өңінде кішкентай қоңыр қозы бетін жалап жатыр екен. Сәл көзін ашып, ұйқысынан оянады. Оянса қасында Төлеген жоқ. Оятары шырылдағанда әрең оянатын Жібек, бірден атып тұрады.

-Төлеген? Төлеген қайда? –деп үйдің жаңа түскен келінінен сұрайды. Айсұлу жайлап басын иіп, сәлем береді.

-Сен не істеп жатырсың?-деді Жібек таңырқап.

-Қайырлы таң! Сізге сәлем салып тұрғаным ғой!

-Ааа, иа!.. Шымкентский вариант па?!. Төлеген қайда?

-Қайын ағам, біздікімен бірге жорыққа аттанып кетті.

-Не? Менімен қоштаспай кеткені ме!.

-Неге олай дейсіз? Олар оралады... Отырыңыз, таңғы асыңызды дайындап қойдым.

-Уже что-ли? Қашан тұрғансың сонда?-деп беті-қолын жуып, таңғы асын іше бастайды. Таңғы астан ауыз тиіп отырып, ноудбыгына қарап отырады.

-Олжас келіп алыпты ғой! Соткамнан ноудбугыма кешегі фотоларды отправить етіп алайын... Айсұлу, сен неге түк жемей отырсың?

-Күйеуім жорыққа кеткенде, тамағымнан ас өтпес...-дегенде Жібек шашалып қалады.

-Кешегі тойдың суреттерін көресің бе? Бері кел! Міне, қара!-деп екеуі ноудбугтан кешегі түскен фотолар мен видеоларды көре бастайды. Сықылықтап екеуінің әңгімесі жарасып кетеді.

 Кенет Алдар мен Олжас ентігіп жүгіріп келеді.

-Жеңге, Жібек апай!.. Жау келе жатыр, жау келе жатыр! Тезірек қашайық! Тездетіңдер!

-Олжас, сабыр ет! Біз неге қашуымыз керек? Бұл біздің жер емес пе? Қалай тастап кетеміз? Қорғауымыз керек емес пе?

-Солай ғой... Бірақ ауылда он шақты ғана жігіттер қалған. Біз оларға төтеп бере алмаймыз. Олар отызға жуық аты әскерлер. Қолдарында отты жебелері бар.-деді Алдар.

-Аха, ха, ха! Бізді өтірігіңе сенді деп ойладың ба?.. Алдар Көсе алдауыңды қашан қоясың? Ұялсаңшы! Мұндай қалжың бола ма екен?!.

-Апай, біз алдап тұрған жоқпыз! Рас айтамыз! Шынымен жау келе жатыр. Жүріңіз қашу керек! Әйтпесе, бәріміз қырыламыз! Жеңге, айтыңызшы апайға!

-Қарындасым, сенімен сөз таластырып тұратын уақытымыз жоқ! Сенбесеңіз, өз еркіңіз!.. Олжас, жүр! Жеңгеңді ұста, кеттік!

-Алдар аға?

-Кеттік деймін!

-Оу, халайық! Жарайды енді! Может спектакльді тоқтатармыз? Не болды сонша беріліп?-дегенде сырттан дүбірлеген аттардың дыбысы, қылыштың сықыры, әйелдердің «ойбайлаған» дауыстары шыға бастады. Жібек бейбіт заманда туылған, соғыс дегенді теледидардан, суреттерден ғана көрген, кітаптардан ғана оқыған. Бірден көзі шарасынан шығардай боп, жүрегі аузына тығылып, шошып кетеді.

-Кешіріңдер!.. Мен шынымен білгем жоқ!

-Өлген жеріміз осы шығар!.. Бәріне сен кінәлісің!

-Алдар аға, енді не істейміз?

-Әрине, қашамыз!-деп бәрі сыртқа шығады. Ауылдың тең жартысы отқа оранып үлгерген. Зарлаған ана, шырылдаған бала дауысы құлақты жарады. Жау жағадан алып, аямай өлтіруде. Жібек қолында ноудбугымен, Олжас, Айсұлу, Алдарлармен қашып барады. Соңдарынан он бес шақты жоңғарлар қуып келеді. Олар, Жібек алғаш осы әлемге түскен жартасқа жақындап қалды. Жартастан жарық сәуле шашырап тұр екен. Демек, Жібектің өз әлеміне қайтатын уақыты келген-ді. Жоңғарлар да қуып жетіп, төртеуін жан-жақтан қоршап алған. Қарға сияқты қарқ-қарқ күлген бір жоңғардың қылышы Жібектің тамағына кеп тірелді. Жібек байбалам салып, қорыққан жоқ. Салмақтылық танытып, бірнәрсені ойластырып тұр. Қолындағы телефонынан «Cnapshart» бағдрламасын қосып, Алдарға ақырын береді. Алдар қолына алып еді, өз түрін көріп сасып қалады. Оны байқаған жоңғарлардың бірі қылышын Алдарға да тақатады. Алдар құтылудың амалын ойлап, айласына басады.

-Менің кім екенімді білесіңдер ме? Мен-Алдар Көсемін!.. Естігендерің бар шығар... Шайтанның өзін шаң қаптырған- мен едім!-дегенде жоңғарлар ду күле салады.

-Сенбейсіңдер ме? Онда мынаған зер салыңдар! Мынаның ішіне шайтандарды қамап тастағанмын. Көргілерің келе ме?-деп әр жоңғарға камераны жақындатып көрсетіп шығады. Жоңғарлар өз түрлерін көріп, шайтан екен деп өздері шошып кетеді. Сұрқылары пәс жоңғарлар шайтаннан да ұсқынсыз дерсің! Дәл осы кезде Төлеген атымен жүйткіп келе жатқан еді. Оны көрген Олжас, шыдай алмай: «Ағам келе жатыр! Ағамм келе жатыр!» деп ағай салады. Ал оны байқаған жоңғарлар бірінші Жібекті өлтіруге қадам жасайды. Енді қылышын ішіне сұққалы жатқанда, Төлеген садағымен бір атып, әлгі жоңғардың жүрегін тоқтатады.  Жібектің алдында алғаш рет адам өледі. Бағанағы батылдық жойылып, бірден шыңғырып жібереді. Төлеген жеткенше екі-үш жоңғарды атып өлтіреді. Атынан түсіп, ашу-ызамен, кектің буымен алдынан шыққан жоңғарлардың қанын аямай қылышымен қиып түсіре бастайды. Айсұлу жерден өлген бір жоңғардың қылышын суырып, Олжасты өлтіруге бағыттаған жоңғардың артына, көзін жұмып, қылышты кіргізі салады.

-Алдар, келін мен Олжасты алып бір жерге жасырын!-деді Төлеген.

-Сен ше?

-Тездет!-деп айғай салды. Сосын Алдар екеуін қолына жетектеп, қашып кетеді. Олжас Жібекпен қоштаса да алмады.Тек артына қолын бұлғап жалтақтай қарай берді-қарай берді... Төлеген қалған жоңғарларға өзі жалғыз төтеп беріп жатты. Тағыда Жібек екеуін қоршап алады. Төлеген Жібектің құлағына сыбырлап:

-Сенің уақытың келді ме?-деді.

-Иа!-деді Жібек дауысы дірілдеп.

-Кетесің бе? Әлде...

-Төлеген?

-Түсіндім... Тезірек кет! Мен бұларды бөгей тұрам! Қош бол!

-Қалайша? Өзің жалғыз ба? Күшің жете ма? Сені өлтіріп тастайды ғой?

-Сөзді көбейтпей, тезірек кет!

-Төлеген, сен...

-Тездет дедім ғой!-деп дауысын көтерді. Жібек ноудбугын құшақтап жартасқа жақындайды. Төлеген жаулармен қылыштасып жатып, Жібекке қараймын дегенде, артынан бір жоңғар қанжарын сұғып алады.

-Төлеген?-деп Жібек жанына келмекші болады.

-Тезірек кет!-деп аузынан қан ағып, айғайлады. Тағы бір жоңғар қылышмен қиып өтті. Сол мезетте Төлеген жерге құлап, соңғы сөзін айтты: «Келесі өмірде сенімен бірге болғым келеді... Жібек...» деді де, көзін жұмып, о дүниеге аттанады. Жібек көзіне жас алып, қимастықпен жартастың ішіне кіріп, өз әлеміне кетіп қалады. Жоңғарлар жауыздықпен Төлегенді тағы бір қылышмен сұғып кетіп қалады. Осылай, Төлеген Жібегінен айырылып, өмірден өтеді...

  Жібек өз әлеміне де келіп жетті. Көзін қатты жұмып алған күйі, ноудбугын құшақтап төсегіне түскен-ді. Сәлден кейін көзін ақырын ашып, жылап жібереді. Есін жиған соң душ қабылдап, өз-өзіне келеді. Шашын сүртіп жатып, Төлегеннің қалай жан тапсырғанын түсіреді... Сосын мойнындағы тұмар үзіліп жерге түсіп кетеді. Қолына алып еді, бу сияқты жоқ боп кетеді. Одан кейін уақыт жоғалтпай ноудбыгын ашып, ғылыми-жобасын дайындай бастайды. Бір қызығы тұмар жоғалып кетсе де, ноудбугындағы суреттер өшпеген. Бұлда бір Жібекке зор көмек болды. Тылсым дүние десең, тылсым дүние екен!.. Суреттерді қарап отырып, Жібек Төлегенмен өткізген сәттерін есіне алады. Ол оның алғашқы махаббаты еді. Төлегенді салмақтылығы үшін, жігітке тән өр намысы үшін, қамқорлығы, батырлығы үшін ұнатып қалған еді. Өзінің арманындағыдай сымбатты жігіт еді. Жібек дәл сондай ханзаданы күтіп еді. Дәл сондай ханзадаға жолыққанда, одан айырылып қалды. Енді қайтпек керек?!. Олжасты да сағынып кеткен-ді. Жобасын аяқтап болған соң, Жібек сол орнында ұйықтап қалады...

 Ал ана өмірдегі жағдай немен аяқталды екен?.. Ауыл түгел дерлік отқа оранып, қирап қалған. Олжас пен Алдар жеңгесімен қашып құтылған. Жоңғарларда кетіп қалған. Жалғас алып-ұшып жары мен бауырының жанына келіп жетеді. Жас жұбайлар алыстан жүгіріп қауышады. Алдар мән-жайды баяндап береді. Ойланбастан бірден Төлегеннің мәйітін іздеп-тауып, жерлеуге асығады. Сосын ауылдарына келеді. Киіз үйдің қабырғасы қаңырап,шаңырағы ортасына түскен. Олжас тізерлеп отыра қалып жылайды.

-Аға, Жібек апай да, Төлеген де мені тастап кетті... Неге аяқ астынан бұлай болды? Неге аға? Жібек апайдың заттарының бәрі жанып кетіпті. Бар қалғаны мына телефон... Апай!.. Аға!..-деп мұңын шағады. Содан Жалғас орнынан тұрғызып құшағына басады. «Біз бармыз, Олжас!» деп басу айтады да, жайлы қоныс іздеп, ары қарай жүре береді. Осылайша ары қарай өмірлерін жалғастыра береді. «Өлгеннің артынан өлмек жоқ» деген осы...

  Келесі күн... Жібек кабинетінен шығып келеді. Жобасын сәтті қорғап шығады. Әдетте, ауыздарынан мақтау сөздері шықпайтын әріптестері, бірінен соң-бірі мақтау сөздерін айтуда. Бастығы да жылы-жылы сөйлеп, жобасын мақұлдады. Бәрі ойлағаннан да жақсы  боп шыққаны хақ!.. Бірақ Жібектің жүзінде қуаныш байқалмайды. Әрние, кеше ғана басқа әлемде, басқа жандармен жақын қарым-қатынаста болып еді, ал бүгін соның бәрі көрген түстей болды. Терең ойға шомылып, бір саябаққа келіп отырады. Артынша бір жігіт қасына келеді. Құдды аңдып жүргендей...

-Отырсам бола ма? (Жібек басын изеді.)

-Өтінем, кофе ішіңіз!-деп жігіт ілтипатпен кофе ұсынды.

-Раа-х-м-е-т!..-деп жігітке қарап еді, тура Төлегенді көргендей болады. Ол Жібекті жасырын суретке түсіріп жүрген, Олжас байқап қалған, әлгі сымбатты жігіт боп шықты.

-Төлеген?-деді Жібек таң қалып.

-Иа, Төлегенмін!.. Қайдан біліп қойдың? Көріпкел емессің бе осы? Ал сенің есімің кім?-деп сұрағаннан кейін, Жібек ұзақ ойланып отырып қалады. Супермаркетте Олжаспен жүргенде, Олжастың айтқан сөзі есіне түседі.

-Жібек!

-О, міне ғажап! Төлеген мен Жібек!.. Қызық  емес пе? Қалай ойлайсың тағдыр ма, кездейсоқтық па?

-Білмеймін...

-Қара! Мынау саған!.. Сенің суреттерің...-деп фотоальбом сыйға тартады.

-Менің суреттерім сенде қайдан жүр?

-Сені алғаш көрген күннен бастап бақылап жүрдім... Потом фотоға түсіріп жүрдім... Қарасам, фотоларың көбейіп кетіпті. Вот и решил альбомға салуға. Қалай тосын сыйым ұнады ма?

-Иа!.. Күтпеп едім... Рахмет көп!

-Жібек, жігітің бар ма?.. Сен маған ұнайсың!.. Менімен кездесуге қалай қарайсың?

-Төлеген, тылсым дүние барына сенесің бе?.. Біз қайта өмірге келеміз дегенге сенесің бе?

-Жоқ, конечно!.. Ал сен ше?

-Сенем...

-Қоойш? Неге?

-Сені көргеннен бастап сенем...

-Қалайша?

-Келісем!.. Кездесейік!

-Рас па?

-Рас...

-Төлеген Жібегін тапты деш!.. Иехоуу!-деп қуанышы қойнына сыймай, Жібекті көтеріп алады.  Екеуі бір-бірін тауып, қауышады. Өмірге қайта келеміз деген сөздің рас болғаны ғой. Төлеген келесі өмірінде Жібегімен қосылды...

 Омар Хаям: «Кедей адам деп, ақшасы жоқ адамды айтпайды. Кедей адам деп, арманы жоқ адамды айтады.» деген емес пе? Ендеше, достар армандай білейік!.. Армандар орындалады... Арман орындалуды жақсы көреді!

СОҢЫ...

 

 

Қазақ тілінде жазылған