Адам қарады: 359 | Жарияланды: 2020-07-13 04:35:42

Тастанды сәби

Сасық қоқыс, суық жел, қас қарайды,

Іңгәләп сәби даусы шырылдайды.

Игі еді бір жан бұны естіп қалса,

Мал екеш мал баласын тастамайды.

 

Тоғыз ай жылы жерде жатып еді,

Күресінде жатыр ғой қатып енді.

Туа сала шеттетіп тастап кеткен

Не деген безбүйрек бұл қатын еді?!

 

Жаңа туған шарана жазығы жоқ,

Аузына салатын да азығы жоқ.

Азық берер адамы адам ба еді?!

Ол малғұн санасы мен зарығы жоқ!

 

Шыдамай бұл өмірдің суығына,

Кете барды пәк сәби мәңгі орнына...

Дүниеге жарқ етті де жоқ болды,

Анасының жарымай жылуына...

 

P.S   Тастадың пәк сәбиді күресінге,

         Ендігі жақсы өмір сүресің бе?

         Іштен шыққан перзентіңді лақтыру-

         Ауыр күнә екенін білесің бе?!

P.P.S Ей, адамдар, сәбилерді тастамашы,

         Қатігездер заманын бастамашы!

         Қателесіп, күнәһар атаныпсың,

         Күнә үстін күнәмен ластамашы!

 

 

Қазақ тілінде жазылған