Адам қарады: 54 | Жарияланды: 2020-07-08 19:06:18
Бала - біздің гүліміз!
Бала - біздің гүліміз,
Баласыз бос күніміз.
Қызықтап балдай қылығын,
Не қылса да көнеміз.
Шаттықпен өмір сүреміз,
Оларға қарап күлеміз.
Құшақтаса бізді егер
Соған мәз боп жүреміз.
Көңіл-күйін сеземіз,
Айтқанына сенеміз.
Қосылып бірге ойнасақ
Барлығын да жеңеміз!
Жүгіреді, құлайды,
Қапа болып жылайды.
Шығып кетсе анасы
Бес минутқа қимайды.
Ауырмасын еш бала,
Қуанар сонда ата-ана.
Дені сау боп өскен соң
Әлі-ақ болар ол пана!