АЛТЫНҒА САТЫЛҒАН АР...
Бір Актілі
Үш көріністі драма
Қатысушылар:
Бай
Әйелі
Саудагердің баласы
Жігіт
Жалаңқылыш
Қазы
Әкім
Бас уәзір
Патша
Ұста
Зергер
Әйелі
Кемпір
Саудагер
Әкесі т.б.
1-көрініс
Бай саудагердің үйі. Қасында монша.
Саудагер /абыржып/
-Әй, бала, Ішіндегі адамдарды тезірек шығарып, мұхият тазалап қой.
Қаладағы атақты уәзірдің баласы келе жатыр. Бол, бол тезірек!
Бала
-Жақсы Баеке! Монша бос, ол біраз жуынатын шығар, мен де бір жерге
барып келе қояйын. Ал, мен кеттім, тез келемін, мырзам!
Жігіт
Уасәләммағликум, амансыз ба Баеке!
Бай
-Мырзам! Жоғары шығыңыз, сіздей жанды күтіп алу мен үшін үлкен
мәртебе! Кәне, кәне шешіндіріп жіберейін. Саспаңыз жалғыз келдім деп
иіс сабын езіп өзім жуындырып, мұнтаздай етіп шығарайын.
Май басып, түсіп кеткен қарнына қарап;
-Ой, әттеген-ай...
Жігіт
-Сонша неге өкіндіңіз, Байеке!
Бай
-Ер кісідей салбыраған ешнәрсең көрінбейді, тіршілігің қалай болады
деп тұрғаным ғой..
Жігіт
-Япырай, есіме жақсы салдыңыз-ау. Соның бар жоғын байқайын деп
көптен ойланып жүр едім..Мә, үш алтын алда, әйел тауып әкеле ғой!
Бай
-Оу, мырзам, ол не дегеніңіз әйел табылады ғой.
Жігіт
-Баеке, әкелетін әйелің көркем, сұлу болсын! Жерде шашылып жатқан алтын жоқ, оны өзің де жақсы білесің ғой.
Бай
-Құп болады, құрметті мырзам! Бәрінде түсіндім, түсіндім..
Сыртқа шығып аула сыпырып жүрген әйеліне:
-Қатын, әй қатын! Моншаға тұлдыры жоқ бір мырза келді.
Өзің қарашы!. Мынау алтынды беріп, осыған бір әйел тап дейді.
Әйел
-Қожайын-ау, үйдің қасындағы жез өкше әйелді әкеле қояйын.
Бай
-Ой, мисыз неме! Жалтыраған мына үш алтынды кімге бермекшімін?
-Әдемі киін де өзің бара ғой..
Әйел
-Астафіралла! Мен.. мен.. өзіңнен басқа ешбір еркек затын...
-Мені күнаға батыр ма? Алтынға қызығып бәлеге қалармыз..
Бай
-Мен саған бір жамандық ойлап тұр дейсің бе? Құдай-ау, бармағын
сүйкемесе түгі де жоқ, өзім көзіммен көрдім ғой.
Әйел
-Қойыңызшы, өзі қандай жан екен?..
Бай
-Ой , пой деген-ай! Жап-жас. Қарасаң көркіне көз тоймайды. Әттең,
құдай сүйтіп қойған соң не шара..
-О жер бұ жерін сипап, шомылып шыққанша жанында бола ғой..
Әйелін итеріп ішке кіргізіп жібереді.
Құлағын тосып тыңдап қояды, күдікті дыбыс естілмейді.
-Құдайға шүкір!Алтын қолда,әйелім де дін аман.Маған керегі осы емес пе?
Жанымдаған жайлы дауысты естігенде ыршып түседі.
Тістеніп, жұдырығын түйеді..жөтеліп дыбыс та береді..
-Тақсыр, жуынып болатын мезгіліңіз өтті, киініп шығуға асығыңыз?
Гүл-гүл жайнап әйел, бозарып жігіт шығады..
Бай бармағын шайнап сыртқа шығып, біраз күнге
сапарға кеттім деп хат жазып кетеді..
Әйел
Үйінде жалғыз отыр..Алаңдап..
-Не істесем екен? Қойнымдағы күйеуім алтынға арын сатып мені
қорлады..Шынын айтсам, ләзәттың не екенін де түсінбеппін ғой..
Есіме түссе жаным шығып кете жаздайды, не істеймін..ә? Ұят-ай!
Өзі тапқан ..кедей жігіт кіреді
Ұятайы есінен шығып;
-Уа, жаным, жайнаған гүлім, менің жалбыраған жалбызым! Тісіңді ашып,
тіліңді шығаршы, собықтай сорайын!
Жігіт
-Жаным-ау, сенсіз тұра алмайтын күйге түстім. Не сиқырың бар сенің!..
Әйел
-Япырай, болдырмайды-ақ екенсің.. Іздегенге сұраған, кәрі азбаныма… рахмет! Менің арымды аяққа таптаған қорлығы үшін..сені іздеп таптым.
Есік қағылады, жігіт қалш-қалш етеді.
-Келе ғой бері, жаным! Өзім аузын ашқанша тырп етпей осы әбдіреде
жата бер, қорықпа, өзім шығарып аламын..
Патшаның жалаңқылышы кіреді
-Келіңіз, сізді де құдай айдап бұл үйге кіргізеді екен ғой.
-Көптен көріп, қою мұртыңызға қызыққаным қашан. Келіңіз, әбдіренің
үстіне отырыңыз. / Жалаңқылыштың мойнына білегі орала кетеді
Күйеуі сапардан келіп есік қағады.
Жалаңқылыш
-Ой . .бай-ау, енді не істедік?
Әйел
Мә, қылышың ды ұстада есіктің қайырмасына тұра қал.
Төр алдына отырған күйеуі жалаңқылышты көріп шошып кетеді.
-Япыр- ай, қандай қанпезер кісі едіңіз! Адам айтқан соң адам сену керек
қой, ол адамыңыз тіпті мұнда келген жоқ. Қанша күтсеңізде келмейді.
-Күйеуімнің үрейін ұшырмай шығыңызшы енді.
-Мені аспанның құдайы, жердің шұнайы ұрып кетсін, егер ол осында келсе. Неғып тұрсыз, шықпайсыз ба енді? .... /жалаңқылыш зытады/
Бай
-Түкке түсінсем, бұйырмасын! Бұл не жұмбақ өзі? Түсіндірші, маған..
Әйел
-Уһ, Құдай-ай, көкесі қызық болғанда былай болды ғой..Есіктің алдына
шыға беріп едім, бір жас жігіт зытып қашып келеді.
- Жаңағы қылышын жалаңдатқан қуып келеді...
Бай
-Япырмай, қандай қорқынышты еді..
Әйел
-Ой, тоба-ай, енді болмаса, қуып жетіп қалғанда, мен оны артымнан
айналдырып, үйге кіргізіп жібердім..Қылышты келгенше мынау әбдіреге
тыға салдым. Артынан жаңағы келіп, үйдің ішін ақтарып жоқ дегенге
сенбей тұрғаны. Сені сол деп, шауып тастай ма деп, шошып кеттім ғой..
Бай
-Ой, жаңа есіме түсті. Ол әлгі патшаның жалаң қылышы ғой.
Олар адамды ермекке де шауып тастайды. Қуған жігіті жазықсыз біреу
ғой. Жоқ жерде жазым бола жаздағанын қарашы.
Әйел
-Әрине, ол бишараның қандай жазығы болуы мүмкін?
-Еріккен немелерге ермек керек болған ғой..
Бай
-Тыққаның мұндай жақсы болар ма? Бір адамның өмірін сақтап қалып,
көп сауапқа батыпсың Қане, далаға шығып қарашы, жаңағы кетті ме екен?
-Кетсе сандықтан шығарайық, тұншығып қалар, бишара!
Әйел
-Шығара бер, ол сенен қорқып есіктен әлдеқашан шығып кеткен…
Әбдірені ашып жігітті шығарады.
Бай
-Жап-жас жігіт екен ғой өзі. Құдайдың сақтағанын қарашы!
-Сені сақтап қалған- мына жеңгең, айналайын! Енді жаңағы бәленің
көзіне көрінбей үйіңе зыта ғой.
Әйел
-Айналайын, мен емес-ау, сені сақтап қалған-мына ағаңның алып қойған
үлкен әбдіресі. Алғысыңды осыған айт!
-Көкесі-ау, есік алдына шығарып, қақпаны жауып келейін.
-Мен сені сағынам, келіп жүр, Мә, алтын керегіңе жұмса, жаным!
Жендеттер / үйге кіреді/
-Байың қайда? Ә..ә..үйде екен.. Әй, қақбас, екі жылдан бері бір тиын
салық төлемепсің, жүр бізбен бірге, түрмеде жауап бересің.
Әйел үлде мен бүлдеге оранып, көзіне сүрме жағып,
әкімнің мекемесіне кіріп, пердесін ашып тастап:
Әйел
-Сәләмәтсізбе, мәртебелі тақсыр! Қарт қожайынымды салық төлемедің
деп түрмеге алып кетті. Үйдегі тіршілігім иесіз қалды. Мезгілінде
төлеуді ұмытып кеткен сияқты. Босатып беруіңізді сұраймын..
Әкім
... Сұлу әйелге қайта-қайта қарап, көзі жыпылықтап:
-Мына бөлмеге кіріп шығалық...Сонан соң барлық тілегіңіз орындалады.
Әйел
–Тақсыр-ау, үйімде өзімнен басқа жан жоқ..Бөлмеңде отырып үйімді тонатып алармын.
Көкей құртың құжынап тұрса үйге келе қойыңыз!-Жата-жастана көңіліңізді табайын..
Әкім
-Үйің қайда еді, жарқыным! Қашан барайын?
-Үйіңе барған соң, қағаз жазып босаттырамын!
Әйел
-Осы жерден қашық емес, Бұрама көшеден бұрылатын жердегі көк есік.
-Кешкі сағат жетіде келе қойыңыз, сізді күтіп аламын ғой.
Әйел әкімнен шығып қазыға келеді.
Әйел-
-Тақсыр, Қазы! Салық төлемедің деп, күйеуімді түрмеге қамап қойды.
-Алла жарылқасын! Шығарып берсеңіз.Сізді ең әділ қазы дейді мына жұрт.
Қартаң тартқан қазы әйелге қатты қызығып, сұлу келіншектің
иығынан бір басып, - солай де шырақ , білегін қысып қойды.
Қазы
-Ал, мына бөлмеге кіре ғой..кішкене отырып, әкімді шақырып алайын.
Әйел
-Тақсыр-ау, сіздің өкім бөлмеңізге кіретін, мен сіздің кеңесшіңіз емеспін
ғой..Көрген адамдардан ұят болар.қойыңызшы..
Қазы
-Өйдейтін болсаң жүре бер, онда менің жұмысым жоқ.
Әйел
-Тақсыр-ау, әзіл айтып тұрмын...Ықыласыңыз шын кетсе,үйге келе
қалыңыз. Қызық оңашада болсын!
Қазы
-Оның да дұрыс екен, қай кезде барайын, үйің қай жерде?
Әйел
-Сағат жетіге жетіңкіремей келе беріңіз, үй бұрама көшенің қилысында.
Одан шығып бас уәзірге кіреді.
-Тақсыр, бас уәзір! Қиын жағдайға тап болдым.. Күйеуімді түрмеге алып кетті.. Себебін де білмедім.. Кісі өлтірмегені айдан анық:
-Шығаруға көмектессеңіз екен.. / орамалмен көзін сүртіп/
Құлпырған келіншек құлқынын құртып-ақ кетті.
Бас уәзір
Орамалын алып әйелдің көзін сүртіп;
-Өзің неткен көріктісің! Жарайды, көгершінім, менің көңілімді сен
тапсаң, сенің көңіліңді мен табайын! Әкім қолдағы кісі ғой...
Әйел
-Олай болса үйге келе қойыңыз, сағат жетіден он минут өткенде.
Онан шығып патшаға келеді.
Күле қарап, құбыла қылықтанып арызын айтады...
Патша /қатты қызығып/
-Ия..ия. Құдайым, өзіңе де көрікті аямай-ақ бере салған екен...
-Бәрі дұрыс... Болады... Босатылады.
-Бір сағат мына бөлмеге кірсеңіз..
Әйел
-Тақсыр-ай, мұныңыз ақындар айтқан;
-Ағын су, аяғы емес, бастан тынар,
Бастан аққан лай су көпке жұғар.
Ашыққаннан құныққан жаман деген,
Қыран бүркіт саятқа күнде құмар..
Патша
-Олай болса, адамның қамалу, босатылуымен патша айналыспайды..
Әйел
-Қымбатты патшам! Бірге тұрған ерлі-зайыптының бір- бірін ғайбаттауы
жақсы ырым емес. Бірақта.. Күйеуім алтын десе арын сататын дүние
қоңыз еді.. Айырылысар алдында сіздің рахымыңыздың арқасында
сол түрмесі құрғырдан шығарып алсам деген ниетім ғой.
-Жетіден он бес минут өткенде келе қалыңыз, өзім қарсы аламын..
Үйне келе жатып ағаш ұстасына кездесіп:
Әйел
-Жұмысым өте асығыс еді, ұста. Сандыққа жарымай-ақ қойдым.
Керекті асыл заттарым ашық- шашық жатады.
Ұзыны өзіңнің бойың сиятындай, ені де заттарым еркін жататындай
кең болсын. Сізді қас шебер деп айтып жүр ғой қала тұрғындары.
Ұста
Әйелге қарауы көбейіп, әрнәрсесін бір ұстап:
-Әр бөлменің қақпағы бөлек-бөлек жабылуы тиіс сияқты..
Кешке дейін бітіріп, асығыс болсаң, өзім бестерге қарсы апарып берейін
Әйел
-Қатты ағаштан істелген осындай сандық қанша түрады?
Ұста
-Сұлу, ондай сандық төрт алтын тұрады. Көкейіме құрт түскендей болды
ғой.. Осы жағын ескерсеңіз ақысы сол болады да қояды..
Әйел
-Оның да мақұл, мана төрт бөлме деппе ем, жарайды, бес бөлме жасай
сал..Сандық мықты болсын, менің асыл деген заттарым сонда болады ғой.
Ұста /сандығын тез-тез істеп әйелге тартады/
сылаң қаққан сұлуды көріп,қолынан қашауы түсіп кетеді.
-Сандық мықтап соғылды..Сыры да көптен сақтаулы құнды сыр еді..
-Әйтеуір, сізден ешнәрсе аяғым келмеді сұлуым!
Әйел
-Бәрі дұрыс, рахмет, ұста! Сағат сегізге жетіңкіремей келе берсеңізде
болады. Үйде ешкімнің жоғын өзіңізде көріп тұрсыз ғой.
Жетіге жетпей-ақ сақалы желбіреп қазы келді.
-Киіміңізді шешініңіз, асығатын ешнәрсе жоқ, шай қоям, шарап құям..
-От ала келген әйел емессіз ғой. Ішкі сырды ақтарып бір әңгімелесейік
Қазы шешініп қылмаңдап қасына барған әйеге қолын соза бергенде
есік қағылады.
Қазы
-Опырмай, бұл кім болды екен? / қолына шешкен сәлдесін алып/
Әйел
-Көптен сапарға кеткен күйеуім шығар, есік қағысы соныкі сияқты.
Қазы
-Сұбханалла! Не дейді жаным-ау! Енді қалай қылдым?
Әйел
-Оқасы жоқ. Мына сандыққа кіре қалыңыз. Күйеуім ұйқтаған соң
өзім шығарып, көңіліңізді табамын..
Қазы
Астыңғы бөлмеге кіріп жатып:
-Көңілімді қайдам, масқара болмай кетсем тәуір болар еді..
Әйел қақпағын құлыптап тысқа шығып әкімді ертіп кіреді.
Әкім
-Япырмай, есіңізден шығып кеттім бе? Көп тұрып қалдым ғой.
Үйің көңілді екен.. Қандай тамаша! Мына бір сандық қандай қолдан
шықты екен! Шіркін, біздің шаһарда шебер ұсталар бар ғой..
Әйел
-Ия, шешініңіз, көптен аңсаған қонағым едіңіз, шарап ішіп, шай ішіп
түнімен оңашада, бір қызыққа батайықшы!
Әкім
-Е..е , солай деңіз.. Өзім де кеткім келіп тұрған жоқ. Ия, әлгі күйеуіңе
қағаз жазып бере қояйыншы, ертең шығарып аларсың.
-Шыққан соң салығын тездетіп төлейтін болсын.
Әйел
-Жаза қойыңыз, бишараға мүлде обал болды.. Өзңіз өте дана екенсіз!
-Есіңізге қайдан түсе қалды.
-Осы қағаз тиісімен күн-түніне қарамай босат деп жазыңыз.
Қағазды алып, оқып қалтасына салып жатып;
-Өзі де солай жазылған екен. Жарайды, мен шарап әкелейін.
-Қанды қамшылап қыздырып алмасақ болмас.. Шарап махаббат майда
нының дабылы ғой.. / орнынан көтеріле бергенде есік қағылады/
Әкім
Бұл кім, мені тасалата тұратын жеріңіз бар ма?
Әйел
-Несіне сескендіңіз? Зор болса күйеуім шығар, міне мынаған кіре қалыңыз. Есебін тауып өзім шығарып аламын.
Қазының жанындағы бөлмеге зып ете қалады.
Бас уәзір /кіреді/
Әйел қолынан ұстап,саусағының арасына сұқ қолын жүгіртіп үйіне
кіргізіп шешіндіре бастайды. Төсекке отырмай-ақ есік қағылады.
-Мұнысы несі? Кімде болса, жасыра тұр, жарқыным!
Әйел
-Тіпті де білмеймін,тақсыр!Мүмкін күйеуім шығар! Мынаған кіре қойыңыз. / Патшаны /ерітіп үйіне кіріп/
-Тақсырым! Дүниедегі барлық асыл қазына менікі болса, жолыңызға сарп
етіп бір кешті сізбен өткізсем дейтін едім.. Бір себеппен өзіңіз келдіңіз..
-Отырыңыз. Екеуміздің кірпік ілгізбей түнді өткізетін жеріміз де осы үй..
-Тақсыр, рұқсат етсеңіз, бір сөз айтқым келіп еді..
Патша
-Айта ғой. . көгершінім! Құлағым сенде...айта ғой..
Әйел
-Үстіңіздегі патшалық киіміңізді шешіп, төсекке лайық мына киімді киіңіз.
/Патша мың ділдәға тұратын асыл киімін шешіп көне шапан киеді/ сүйріктей қолы әйелдің мойнына орала бергенде есік қағылады.
Патша
-Бұл қандай уақиға болды, өзі?
Әйел
-Кімде болса осы үйге келген біреу ғой.. Қарақшылы түйедей болып, көзге түсуіңіз қиын болар.. Мына сандыққа кіре тұрыңыз!
Ұста /кіреді
Әйел /сандыққа әріқарап, бері қарап/
-Ұста осындай сандық істей ме екен?Ұзындығы өзіңдей болсын деп едім..
Ұста /таңқалып/
-Оу, несі бар, бұл қандай болыпты? Осы қалада менен ұзын кісі жоқ..
Өзімнің бойыммен өлшеп бірдей етіп жасадым ғой..
Әйел
-Япырай, ә.Маған қысқа көрініп тұрғанын қарашы, Қане, кіріп өзің көрші.
Ұста
-Мұның ұзындығы міне, ханым! Шалқамнан жатсам да кең, қараңыз.
Әйел қақпағын жауып, құлпын сарт еткізеді.
Әйел / сандыққа қарап /
-Құрметті тақсырлар, мырзалар! Осы сандыққа қамаған сендердің
арам пиғылдарың, қап-қара ниеттерің! Сендер, тозған заманның
азған адамдарысыңдар.Сендерді Ел басқаруға қойғанЕлдің де ессіздігі ғой.
-Мен сұлумын , жаспын! Мені де аздырған , алтынға арын сатқан
күйеуім, қоғамның парықсыз басшылары. Мен айтарымды айттым.
-Енді көреміз бе, көрмейміз бе бір Құдай біледі...
Барлық дүние мүлкін, өзі шешіндірген асыл киімдерді алып
көз көрмес алыс елге тартып отырады.
.. Сырлы сандық екі күн тұрады. Бәрінде зәр қысып:
Патша
-Мынау үстімдегі кім?..Иттің баласы ..Бір шелек су ішкеннен саумысың?
Ұста
-Тақсыр, кешір,қуығым нашар ұстайтын еді.. Мен жаман ұстаңмын ғой...
Қазы
-Ант соққыр! Сен кім болдың?
Әкім
-Мен әкімің ғой.
Есігі ашық үйге самбырлаған дауысты естіп көршілері жиналып:
-Ой бой, мына байдың үйін жын-шайтан жайлап кетіпті..
-Сандықта самбырласып жатыр. Әкім, патшаға хабарлап өртеп жіберейік!
Бәрінің жан даусы шығады.
Қазы
-Уа, бұхарам! Біз, жында, шайтанда емеспіз.Лахаула, алакуата- өздеріңе мағлұм қазыларың боламын.
-Әкім , патшаны да іздеп әуре болмай-ақ қойыңдар!
-Менің байқауымша, олар да алыста емес.. Ретін тауып осы қарғыс
атқыр сандықты ашыңдар.
Сандықты ашқанда әбден ластанған бес кісі шыға келеді.
Ұста алды-артына қармай зытып береді.
Өлімнен ұят күшті деген бұлар бір-біріне қарап күліседі..
Бай / сапардан оралып кіріп келеді/
-Астафіралла! Менің көзіме не болған өзі? Менің үйім жын ойнақтың
ордасына айналған екен ғой.. Сандықтың ішінен бір қаланың төрт қабырғасындай төрт әкім шықты.
-Мынау ақ қараны айырып, әділ үкім шығаратын Қазы.
-Мынау қалаға бейбіт тәртіп орнататын Әкім.
-Мемлекеттік бас кеңесші Уәзір.
-Бәрін басқаратын, Халықтың қамқоры тақсыр патшамның өзі.
Патша
-Мынау кім өзі Көзін құрту керек екен!
Бай
-Сөзімді бітіріп, өзімді таныстырайын.
-Осының бәрі Елді ұмытқандық, ұяттан безгендік, әсіре семіріп
есінен айрылғандық. Арам пиғыл-тәрбиесіздікпен өскен қисық өмірдің
нәтижесі. Мен осы үйдің қожайнымын! Сіздерді қамаған менің қатыным
Мен арын алтынға сатқан азғынмын.. Мені өлтіргенде қай ұшпаққа
шығасыңдар. Менің жазам-өлім. Оны өзім орындауға тиіспін.
Жүрегіне пышағын салып жібереді....
ІІ-көрініс
Зергердің қоржынды үйі. Әріректе дүкендер.
Әйел басқа қалаға қашып келіп, өзінен он бес жас үлкен зергерге шыққан.
Арыны басылып арнаға түскен.. Есік алдынан бейтаныас кемпір көрінеді
Әйел
-Шешежан-ау, үйдің жанынан өтіп барады екенсіз, қуыс үйден құр шықпа деген..дәм ауыз тиіп шығыңыз. Әңгіме айтыңыз.
Кемпір
-Қарағым, өзің иман жүзді жан екенсің...Маған қандай әңгіме керек
болушы еді. Әйтеуір, күнделікті нанымды тауып жесем болғаны ғой..
Әйел
-Шеше, кіріңіз, құдай шығар айдап келген, шаруаңыз бар шығар?
Кемпір
-Ей, қарағым-ай , шешеңде ала-бөтен қандай жұмыс бола қалды дейсің..
-Мына намаздың мезгілі өтіп бара жатқан соң, осылай бұрылып едім..
Әйел
-Кіріңіз, шеше, намазыңызды біздің отауға-ақ оқып шығыңыз.
Өз шешем ертеде қайтыс болған.. Сіз шешеме ұқсайды екенсіз.
Кемпір
-Қарағым-ай, бұл үй әлдекімдердің аяғы тиген жер ғой, сирек кіретін
бөлмеңе алып баршы, намазымды таза жерге оқиын.
Әйел
-Мына біздің бөлмемізге кіріп , асықпай намазыңызды оқып алыңыз.
Кемпір намазын дауыстап оқи береді..
Ғашық болған кісілер тарту ететін орамалды көрпенің астына
тыға салып, намазын бітірмей ,рахметін айтып шығып кетер де:
-Шешежан, күнде келіңіз, сіз үшін менің үйімнің есігі ашық болады.
-Отағасым, сапар шығып кеткен, ұзамай келуге тиіс.
Бір жеті өткен де
Саудагер жігіт /кемпірге кездесіп/
-Көңіл кеткен соң көлге түседі екен, шеше! Жатсам ұйқым, тұрсам күлкім келмейтін болды.Сіздің шеберлігіңіз себеп болмаса өлуге айналдым.
Кемпір
-Ой, сода сөз бе? Ақшаның ашпайтын құлыбы, қоспайтын тауы бола ма?
Ол немене, жібімейтін тас, иілмейтін емен деймісің?
Саудагер
-Шеше, үйіне ретін тауып бара алдыңыз ба? Кімді жіберсем де тілегімді
қабыл алмай қойды. Шешежан-ай, бар айлаңызды істей көріңіз!
Кемпір
-Сен үшін анада үйіне барып, намаз оқып шықтым. Әйел ақылды, пысық,
ақкөңіл сияқты әрі кісіге өте сенгіш жан ба деп қалдым..
-Көбінесе күлкіні тәуір көреді екен.
Саудагер
-Әзірге мынау бес алтын, кейінгісін тағы да көре жатармыз.
Кемпір
-Қалай болса да бір жетінің ішінде көңілің хош болуға тиісті.
Бүгін ретін тауып, тағы да біраз сөйлесіп, сеніміне кіруге тиіспін.
Тіпті болмаса, уақытша болса да ажыратып, қойныңа саламын.
- Қарағым, не болса да қалтаң қалың болсын..қалтаң қалтаң. Кеттім..
Әйел /кемпір кіреді/
-О, шешеке, келдіңіз бе, жоғары шығыңыз! Ас әзірлеп, шай қояйын.
-Итіңізді де тойдырып жіберейін, өзі тіпті арық екен.
Кемпір әйел шыққанда итіне нан арасына філфіл горчица қосады.
Иттің көзінен жас парлап ағады.
-Шеше, мынау иттің жылағаны несі?
Кемпір
-Ойбай, айналайын, оның несін сұрайсың, бұл ит емес қой…
Әйел
-Қойыңызшы, енді немене ,шеше?
Кемпір
-Қарағым-ай, айтпайын деп едім болмадың ғой...Бұл тап өзіңдей сіңілім.
Әйел
-Енді қалай ит болды?
Кемпір
-Оны ешкімге айтпаушы едім, жанымдай жақын болған соң ғана
саған айтайын. Мұны күйеуге берген соң, бір жігіт ғашық болыпты.
-Ол өзі қайта-қайта біреулерді салып, өзі барып сөз сала беріпті..-
-Бұл да өзің сияқты ақкөңіл байғұс еді, сөзін қабыл етпей қойыпты.
Әйел /шошына/
..Ия.. шеше,.. сосын не болыпты...?
Кемпір
-Әйел көнбеген соң, жігіт құрбыларына айтады. Олардың бірі сиқыршы
екен, сол сиқырлап ит қылып жіберген..Итте болса негізі адам ғой, бар
жақыны мен болған соң, аяғымды иіскеп жатып алды. Алғашында қорықтым.Қарағым-ай, не істейін.қасарысып көп егеспе деп едім ғой дедім.
Әйелдің аза-бойы тік тұрады, кемпір білмегенсіп:
-Болары болған соң, не істейін, нан беріп бағып жүрмін. Кейде адам екені ойна түсіп, осындай кезде жылайды. Өкінетін сияқты ма қалай?
Әйел
-Шешежан-ай, мен қайтем?
Кемпір
-Неден шошына қалдың жаным? Бұл заманда сиқырдан жаман бәле бар ма?.. Сорлы бишара болған бауырым! Құдайға жыла, құдайға.
-Қарағым-ау, саған не болды? Бұл болғырдың болары болды ғой.,
Әйел:-
Ойбой, бұл ит емес, өзім шошиын дедім ..Маған да біреу ..Мен де осы сияқты сөзін елемеп едім. Енді ол да осындай сиқырлап , ит қылып жібере ме деп қорқып отырмын.
Кемпір
-Ой..боой, қарағым-ай, ерегісіп қайтесің! Айтқанын бір-екі рет істеп
жіберсең, еркек деген майлы сорпаға батырған қайыстай жібіп салады.
Ит болмай тұрып соны істе..
Әйел
-Шешежан-ау, енді оның өзін қайдан таптым? Үйін де бімеймін..
Кемпір
-Оқасы жоқ, Өзім іздеп көрейін, Бетін де қара меңі бар дедің ғой.
-О, неменені мен жердің үстінде болса тауып аламын..
Әйел
-Сөйтші, айналайын, Шешежан! Ретін тапсаң бүгін алып келші!
-Ит болмай тұрып, көңілін тауып қалайын. Тезірек баршы!
Кемпір /күтіп тұрған жігітке келеді/
-Қасарысқан қара тасыңды илеп қайыс қылып келдім. Бесін кезінде
көшенің бас жағына келе қал, өзім күтіп үйіне алып барамын.
-Аңсаған сұлуыңмен таң атқанша тамашаны көресің..
Жігіт
-Шешежан, шебер-ақ екенсің. Бұл қызметіңнің есесін қайтарайын.
-Әзірше, мына бес алтын, ал! Әйелге кездескен соң он алтын берейін.
Кемпір /бүкілдеп әйелге келеді/
-Ой, айналайын-ай, бақытты екенсің! Енді болмаса, есекке айналдыратын
сиқыршыны іздегелі отыр екен..Өзі қандай көркем жігіт,несі ұнамай жүр?.
Әйел
-Келетін болды ма, шешежан?
Кемпір
-Сүйішімді бер, кешке келеді!
Әйел
-Жігітім келіп қолынан ұстасам он алтын сүйіншіңізге беремін.
Кемпір алақтап жігітті күтіп жүр. Саудагер келмейді. Алтын үшін
аласұрған кемпір не істерін білмей булығып:
-Қап, қараң батқыр-ай, өзіңді есек қылып жіберсе ғой .Нақұрыс неме-ау,
-Қатынның беретін он алтынынан қағылдым-ау,қараң батсын, қараң батқыр
-Қой, қолыма түскен кез- келген бір періні ұстап алып барайын..
Кемпір
Көзін көлегейлеп анда-мұнда жүіреді..Кез келген біреуге:
-Әй, мырза, сұлу келіншек керек пе?. –Кет әрі, алжыған қақпас!
Қап.. қатын беретін он алтыннан қағылдым-ау, не істеймін енді..ә?
Жолдан келе жатқан зергерге кездесіп:
-Жолың болсын, балам, алыстан келген түрің ғой шамасы..
Әдемі келіншек, тәтті шарап керек емес пе?
Зергер
-Ол қайда, шеше!
Кемпір
-Маған ерсең ертіп алып барайын.
Зергер
-Ендеше, баста шеше!
Кемпір бүкшеңдеп алдына түсіп, әйелдің есігін қағады.
Тоты құстай түрленген келіншек қақпаны ашқанда өз күйеуін көріп:
Әйел
-Уа, жаным, осынша сағынтып кешіккенің қалай? Күте-күте көз майым
таусылды ғой.. Үй-жайым, әйел бар деп ойламағаның ба?
Көңіліне кірбің кірген күйеуі жадырап тіс жармады.Күйеуі орнына
отырғанда егіл-тегіл жылап, булыққан үні шығып:
-Еркектер мұншалық арам ниетті болмаса қайтеді? Уәдеміз осылай ма еді,
-Мұндай арам ниетке қашаннан бері кірдің?
Зергер
Менің қандай арам ниетімді көрдің?
Әйел
-Енді осының не? Мен сенің келе жатқаныңды естіп, сені сынағалы
алдыңнан бейтаныс мына кісіні шығардым. Осылай деп айт, адал болса
кейіп тастар, арам болса еріп жүре берер дедім. Кейісең кемпір келмес
еді, арам болған соң соңына еріп үндемей жүре бердің ғой..
-Егер басқа бір жезөкше алдыңнан шықса, бүгін соның үйіне түсесің ғой..ә
Ой..бой.. сорлы басым-ай, алданған ақ көңілім-ай.
Маңдайын төпелеп, шашын жұлды..
-Жолын күтіп сарғайған бетім, сен де ар жоқ../өз бетін өзі тырнайды/
Күйеуі жалынып, аузына алақанын тосады..Әйелі:
-Адалдығыма айналамдағы айғақты адамдар келіңдер мұнда, көріңдер,
мына сұмдықты!
Кемпір /арашалап/
-Қарағым-ау, бұларыңды әзіл ме десем, шынымен ұрысқа айналып бара
жатыр ғой..Күйеудің қуанышын, әкең өлгендей ойбайлап қарсы алатын
болсаң, мені жолымнан несіне қалдырдың? Мен бір қай жөнді жетісіп
жүрген кісі, қу тамақтың қамы үшін қаңғырған сорлымын!
-Керек десең, мен күйеуіңе түк те айтқаным жоқ, сен арам дейтіндей.
-Әйелдік айғайдың керегі не, қой../зекиді/
Әйел
-Шеше-ай, айтасың-ау,еркектер арам келеді.Қойдым ғой, қойдым, қайтейін
қоймағанда. Жолын күтіп сарғайған жалғыз тілегім осы ғой..
-Отыр шеше, мен шайды ысытып әкеле қояйын...
Зергер-күйеуі / кемпірдің қолын сүйіп/
-Иманды болғыр, шешеке-ай, жанымды сен алып қалғандай болдың-ау,
болмағанда мына долы масқарамды шығаратын еді..
Кемпір
-Ал, қарақтарым, мен енді үй жаққа барайын.
Саудагер /кетіп бара жатқан кемпірді көріп:/
-Шеше, шешеке, сәл тоқташы!
Кемпір
-Жолама, жолама қасыма, есуас! Сөзіне түрмайтын сенің керегің жоқ.
-Мені масқара ұятқа қалдырдың ғой, қара бет, қара бет.Ұят-ай, бетім-ай!
Саудагер
-Кешір, шеше, кешірегөріңіз мен бейбақты..
-Жақыным қайтыс болып жаназасына барып қайттым..
-Шеше, айбым үшін мына жүз алтынды алыңыз.
Кемпір
-Туу, қарағым-ай, сенде болмайды екенсің.Қарағым, ғашық болып, отына
күйсең қатынның қасына жеткізуге бар шара қарастырайын.
-Олай болса, зергерге жақындасқандай салыңның қандай түрі бар?
Саудагер
-Қымбат бағалы төрт жүзіктік көз бар, алтын қанша керек болса да табылады . Шеше, ғашығыма жету үшін ешнәрседе аямаймын!
Кемпір
-Қазір мына Ғабид зергердің дүкеніне бара ғой. Оған мына тасыңды бер де жүзік соқтыр. Мырзалығыңды таң қылып, жүрген жерінде айта
беретін болсын, Ғабидтен алтыныңды аяма. Мен кеттім..
Саудагер / жүзікті зергердің қолына беріп:/
-Осыны алтын балдаққа орнатып, өзіме лайықты жүзік істеп беріңіз.
Мен еліме барғанда зергер Ғабидтің соққаны деп салып жүретін болайын.
Зергер
-Бұл батыс теңізінің шынайы гауһары екен, осының өзі ғана бес жүз
алтын тұрады. Қарағым, бүл өте қымбат зат қой..
Саудагер
Зергердің қолына жиырма, шәкіртеріне екі алтыннан береді
-Ұста бұл тек таныстық үшін беріп тұрғаным, Жүзік біткен соң сыйлығым тағы да бола жатар.. Зергер: Бұл саудагер емес, шахзада
лардың бірі болу керек.. Жай кісі мұндай мырзалық істей алмайды.
-Бұл баламен жақын болған кісі, әйтеуір бір бақытқа ие болады..
Үйіне келіп жүзік соғуға кіріседі
Әйел /жарқырап тұрған жүзікті көріп:/
-Зергер, осы жүзікті маған істеп берші! Менің омырауымдағы жалғыз
тастан басқа гауһарым жоқ, осындай маған лайықты тасты қайдан
ғана табасың.. сақалтайым!.
..Мұрның..сенің салбыраған мұрның ғой мені айналдырған.
Қолына киіп енді ала бергенде көрпенің үстіне түсіп кетеді..
Екеуі айнала іздейді.
Зергер асып-сасып көрпенің шетін көтергенде ормалды көріп:
Зергер /ышқына айғайлап;/
Әй, қатын, бұл үйге кім келді?..
Әйел /сасып қалып/
Құдай-ау, көкесі, ешкім де келген жоқ.
Зергер
-Жарайды,ендеше, жиен апаңның жүрек ауруы ұстап, өлгелі жатыр екен,
соған бар!...көмегің қажет болып қалар..тез.. тезірек!
-Әй, қызметшілер, әйелдің көрпе-төсегін апарып тастаңдар.
Әйел /жиен апасына келіп/
-Апа, не болып қалды, денсаулығың қалай, тіпті қорқып кеттім ғой..
Апасы /шошына/
-Күйеуіңмен араңда қандай араздық болды? Мен тіпті де ауырған жоқпын
Кемпір /кіреді/
-Мал-бастарың аман ба,қарағым! Алланың ғибадатынан қолым тимей,
көптен бері бұл үйге де келе алмадым.. Қызым, қыдырып апаңа келіп
жатырсың ба? Күйеуің қалай жүріп жатыр, Ажарың қашып тұр ғой?
Апасы
-Уа, әулием, бұл қыздың ісі жұмбақ бір нәрсе болды. Не екенін адам
түсініп болмайды. Осыдан үш-төрт күн бұрын өзі осында келді де,
күйеуі артынан көрпе –төсегін әкеп тастады.
-Шамасы талақ етіп тастаса керек,мынау жарытып ешнәрсе айта алмады.
Кемпір
- Ой, қарағым-ай, оқасы жоқ, күйеуіңе жәбірленіп қалған екенсің ғой.
-Маған жүріп ере ғой, алдымен өзіңді моншаға түсіремін..
Серуенге шығарып, көңіліңді көтеремін, қайтіп әкеліп күйеуіңе қосамын.
Апасы
-Ой, әулием-ай, сөйте қойыңызшы! Бар айналайын, шешеңе ере ғой.
-Бұл кісінің қолынан бәрі келеді.. Құдайдың рахманы ғой бұл кісіні
осында қаңғалақтатып айдап келген.
Әйелді өзін сүйген жігіттің үйіне алып келіп:
Кемпір
-Міне, қызым, ренжитін ештеңе де жоқ, бүгін осы үйде той болады,
отырып шарап ішіп, күліп-ойнап көңіліңді көтер, тоты құсым!
Әйел
-Шешеке-ау, бұл ана жігіт пе, мені ес..
Кемпір
-Оқасы жоқ күнім, періштедей жігітпен күліп ойнай бер! Енді күйеуіңе
барып сөйлесемін.. Өзім келіп алып кетемін.. /Апасына келіп;/
-Ой, айналайын-ай, жас көңіл жабырқанып қалған екен, қыз ұзатқан біреудің тойна алып барып едім, күліп*ойнап бір жасап қалды..
-Үйге ертіп келейін десем, тағы екі –үш күн болайын деп жалынғаны..
-Соны саған айтайын деп келіп едім, оны-пұны шаруамен жүріп, он күнде өтіп кетіпті..
Апасы
-Әулием-ай, көңілі көтерілетін болса, тілегенінше бола берсін.
-Бұл қызметіңді менде ұмытпаспын.
Кемпір
-Қарағым, әрнәрсенің шегі болады, енді қызымды барып алы п келейін.
... Шарап ішіп, мең-зең болып отырған жігітке келіп:
-Балам, есеңгіреп қалыпсың енді есіңді жи, бір жеті құшақтап мауқыңды
бастың. Сен үшін біреудің сүттей ұйып отырған әйелінің ұйқы-тұйқысын шығардық. Енді ол сұлуың үйіне барады. Бұзғанымызды
түзеп, ажырасқан әйелді еріне қосып берейік!
-Ажыратып обалына қалып едік, қосып сауабын алайық.
Саудагер
-Шеше-тай,-ау қалай қоспақсың?
Кемпір
-Қосу деген қиыстра салған ағаштан да оңай. Абилфатихтың дүкеніне
барып отыр. Мен дүкен алдынан өте бергенде, шап беріп ұстап, адам
дардың көзінше орамалды сұра, айтатынымды өзім білемін..түсіндің бе?
Саудагер
-Балшықтан соққан баланың ойыншығындай, не қаласа соны істей беретін мұның қызық екен шеше! Қалай қосқаныңды өз көзіммен көрейін
Абілфатихтың дүкені /кемпір өтіп барады
-Тоқта, мыстан! Сен маған керексің.. /Абілфатихке қарап;/
-Әнеугі өзіңізден алған орамалдың шетіне от түсіріп алып, жамап бер деп осы кемпірге беріп едім. Қайтіп, көзіме түспей қашып кеткені:
Абілфатих
-Уа, әулие, оныңыз қалай? Бұл жігіт елу теңгеге орамал алғаны рас еді.
Алғаның рас па?
Кемпір
Рас, жамап бер деп беріп еді. Мен пәйіз тауып отыратындай қай үйім
бар еді, көрінген үйге кіріп жүріп,бір үйге тастап кетіппін.
-Есімнен танған басым, қайда қалғанында білмеймін. Орамалын жоғалтқан соң көрінбегенім рас. /көптің ішіндегі зергер өкініп;/
Зергер /өзіне/
-Мен қандай жауыздық қиялға түсіп едім. Қанатына кір жұқпаған
әйеліме, қандай қиянат істедім. Арам ниетке айдап салған орамалдың
менің қатыныма түк те қатынасы жоқ. Тоба, құдай тоба!
-Шайтан салған қара пікір көңілімнен жаңа тарқады ғой,, Мына сорлы кемпірдің орамалды кез-келген жерге тастап кетіп жүргені екен ғой.
-Қой, қатынға барып, аяғына жығылып кешірім сұрайын. / айғайлап/
-Уа, шеше, сіз жоғалтқан орамалды біздің үйден сұрап көрдіңіз бе?
Кемпір
-Жоқ, айналайын, Онда қалды деп ойлағаным да жоқ, ол үйдегі қызым,
аспанның ақ қанатты періштесі ғой.. Қалса айтар еді.ғой..
Зергер
-Жақсы жігіт, бұл кемпірді қоя бер. Орамалың біздің үйде, ертең әкеліп
береді. Шеше, бүгін біздің үйде қонақ болыңыз! Сізді бір сыйлап
жіберудің реті келіп тұрғаны...!
ІІІ-көрініс
Саудагер / зергерге істеген жүзігін әкеліп;/
-Құрметті ұста,бұлда маған кішілеу болыпты, жаңадан басқа жүзік істе.
Зергер
-Қарағым-ау, жаңадан соқпай-ақ, кеңейтіп қайта соғып бере қояйын.
Саудагер
-Сен үйтіп әуре болма, мұны қызметші кәнизагіңе сыйлай сал.
Маған мына тасты орнатып, басқа жүзік соқ.
-Мә, өзіңе отыз, шәкірттеріңе екі алтыннан берейін. Біз енді доспыз ғой!
Зергер
-Мырзам, мен қате естіген шығармын, мына жүзіктегі бес жүз алтындық
тасты қайтесіз? Осымен үшінші жүзікті де сыйлап отырсыз..Маған..ыңға
Саудагер
-Ой, тәйірі, ондай тас мен үшін қойдың қүмалағы емес пе, апарып
қызметші қызыңа бере сал! Менің соған берген сыйлығым болсын.
Зергер /Үйіне келіп/
-Қатын, мен осы саудагердей дүниеде адам болмас деп ойлаймын.,
Сыпайы жүзді, дүниенің бетіне қарамайтын сақы мұндай болмас!
Қолыңа салып алған үш жүзікті де сыйлады, қызметшіңе бер деп..
-Енді төртіншісін өлшеп істеп, өзін бір қуантайын.
Әйел /ашуын шақырып/
-Адамгершілігі жоқ, алжыған ит.. Сандалып күнде мақтайсың.
-Гауһар алтынын алып, аузыңа келгенді оттағанша, ондай жақсыны үйіңе шақырып, қонақ етіп таныссаң қайтеді. Жерге қарап отырсың ба?
-Жоқ мені бүктеп қалтасына салып алып кетеді деп қорқасың ба?
-Дәу де болса, сенің қызғанатының мен.. Уа, өлдебар! Дәл сол.ай..
Зергер
-Ой, тентек-ай, мен сенен бата алмай жүрген жоқпын ба. Ендеше,
ертең жүзігін апарып беріп, шақырып келейін.
Саудагер /дүкенге келіп/
-Мына жүзігің тұп-тура келді, мен енді еліме жүрейін, рахмет сізге!
Зергер
-Қарағым, енді үйге жүр, қонақ бол, жеңгеңде күтіп отырған шығар.
Саудагер
-Зергер, талтүсте кісі қонаққа бар ма? Менің керуен сарайында қыз-
метшілерім, малдарым бар, соларға хабарлап, қайда кеткенімді айтуым
керек. Кешке үйіңе барамын.
Зергер саудагерді қарсы алып/
-Қатын, мейман келіп қалды, Қонақ үйіңе баста!
Әйел
-Жаным-ау, неғыл дейсің, кішкене кідіре тұр.. көрпені жөндейін..
Өзі бір жеті болған жігітті танып
-Ә..Ә бәрі де шешежанның ісі екен ғой.Қулығына найза бойламайды-ау!
Есі шығып, болмашы затты ұстап
-Ой.бой!.кәдімгідей ұстам жалғыз отыр деп жаңылғанымды қарашы! Бірде
-Ұста, саған арнап пісіріп едім.. –Мына жүзік қолыма кең екен..қонақ кеткен соң қайта соғып бер..
Зергер соңғы кесені ішкенде құлап қалады..Екеуі әңгіме-дүкен құрады..
-Жаным, мен енді сенсіз бір сағатта тұра алмаймын. Сенен сұрайтыным,
маған жету үшін айла- тәсілді үйреткен анау әулие шешей емес пе?
Ол мыстанның қолынан бәрі келеді..
-Ол болса, енді екеуміздің қосылуымыз туралы қандай ақыл берер екен?
Саудагер
-Ол туралы кемпірмен ақылдастым. Ендігі айласын өзі істей берсін деді.
Әйел
-Жарайды, енді мен не айтсам соны істей бер. Зергер сені қонаққа
тағы да шақырады.. Мен өне бойы саған бара беруге уақытым жоқ,
-мүмкіндік болса үйіңнің жанынан үй тап де, қалғанын маған бер..
Саудаге р / намазын оқып кетеді /
-Мейманыңды шығарып салдың ба?
Зергер
-Ия, кетті. Өзін түні бойы бірдеңе талап тастапты. Мен қатты ұялдым.
Әйел
-Ұяты несі, немене мен талап тастаппын ба? ..Оқасы жоқ жас адамға
қандала өш болады..Бүгін қайта шақыр, өзіңе үйір болып таныса берсін
Зергер кешке үйіне келеді/
-Жүр, бала саған үйреніп кетіппін, жеңгең де шақырып жатыр дедім.
Біздің үйдің қандаласы шаға берген соң ба келгісі жоқ.
Реті келсе қасыңнан үй тауып бер дейді.
Әйел
-Онда уақасы жоқ, өзіміздің жалға берген бөлмемізді босат та, соған бер.
-Жақын жерден әңгімелесіп отыруыңа жақсы болады. Бар да шық де!
анау немелерге -Ішін сылап, жөндеу жұмыстарын өз мойныма алайын...
Саудагер / үйге кіріп алған, кенеттен әйелді көріп;/
-Есік ашылмай бұл қалай, қайдан шықтың?
Әйел
-Уа, жанымның жарыншағы, мына алтын сенікі. Маған жету үшін қанша қаржың шықса, мен ұстаның табысынан қайтарамын!
-Сол үйдегі барлық дүние сенікі болады. Алғашқы келген соң екі қалта
алтын үшін ерніңнен бір сүйгіз..
Қайдан шықтың.. қайдан шықтың..Тышқан керегі үшін тас үйді қазып
Ін қазады. Мен сен үшін жерді тестім.. Міне жол.. қарашы, үңгір..
-Енді мына кездікті ұстаға апарып көрсет...
Саудагер /ұстаға кездігін көрсетіп;/
-Ұста, мына бір пышақты қарашы.. Қаншаға алса болады?
Ұста
-Япымай, менің пышағымнан айнымайды екен.
Саудагер
Кеше кешке көшеге шықсам, бұзақы жігіттер сатамын деп ұстап жүр екен
Мен қайдан алдың дедім. Ол: менің ашына әйелім еді, байының пышағын
маған берді, шарап ішетін ақшам болмай сатқалы тұрмын, үш жүз алтын бер де ала ғой деді. Мен сұрағанын бердім, соған тұра ма өзі?
Зергер /қолы қалтырап, тісі қарысып/
-Айналды басым, ағарды шашым,
Ішімде күйіп- піскенім.
Не деймін бұған, не даж қылам,
Қарысты қатты тістерім.. /құралдарын жинай бастады/
Саудагер
-Бұл бәйітіңізге қарағанда,сіздің істейтін жұмысыңыз көп екен.әйелге жүгіріп келіп пышақты тапсырады.
Зергер /үйіне ентіге кіріп/
Менің тас жонатын пышағым қайда?
Әйел
-Ашумен сұрап тұрсың ғой, қандай керегі болып қалды.. Сандықта.
Зергер
Алып берші. Тезірек дедім ғой..
Әйел /сандықты ашып алып беріп;/
-Не болып қалды, біреумен төбелесіп, пышақ салғалы жүрмісің? Мә..
Зергер
-Астфіралла, мұндай да ғажап болады екен-ау! Мә, орнына салып қой.
Әйел
Не болды, асып-сасып, көрген түсіңді айт, болмаса осы пышақпен өзімді жарып өлтіремін.. Зергер қорқып көргенін түгел айтады/
-Ә соай ма.. Енді менің баскесермен байланыс жасағанымды ойлаған
екенсің ғой.. О, сорлы.. ойларсың. Осындай қара ниетпен өмір өткізген
мені өлтіретін кісі жоқ. Сұмырай-ау,енді ойлап тапқаның сол болды ма?
Егіл-тегіл жылап.. пышақты сандыққа салып;
-Енді сен қара бетке қандай жүрек жібіп, қандай көңіл сенбек..
Зергердің тыңдауға дәті шыдамай дүкенге кетеді.
Әйел / сылқ-сылқ күледі жігіт кіргенде/
-Мә, дүкенге бар да тап кешегі кездік сияқты көрсет.мына сағатты.
Саудагер
-Ұста, мына сағатты кешегі ұрыларға кездесіп, сегіз жүз елу алтынға
сатып алдым. Өзің дұрыстап қарашы, сол бағаға тұра ма?
Зергер
Астафіралла! /Сөз айтпай заттарын жия бастайды/
Саудагер қатынға жүгіріп барып, сағатты береді.
-Қатын, менің сағатым қайда?
Әйел
-Е.. тағы не болып қалды?
Зергер
-Әкел сағатымды, әкел деген соң әкел! /әйелі сандықтан алып береді/
-Сұбханалла, тап өзі!
Әйел
-О,Сұбханның садағасы кет! Кешегі кездік сияқты тағы бір деңе көрген
екенсің ғой.. Ішін өңез басқан, албасты! Енді сенімен ішкен ас та арам.
-Сенімен бірге бір қасықта су ішпеймін, ішпеймін дедім бе ішпеймін..
Зергер /жалбарынып/
-Мен қайдан білейін, өзімнің досымның қолынан кеше кездік, бүгін
сағатты көрдім.. Ол ұрылардан сатып алдым дейді..
-Ұрылар менікі сияқты бұйымдарды өне бойы қайдан алады?
-Мұның екеуінде өзім соқтым. Дүниеде мұндай зат болуға тиіс емес:
Оның несіне ашуланасың.. /дүкеніне кетеді, басы қатып/
Әйел / зергерге барып сылқылдап, шарап Ішіп/
-Жаным,енді ертең мен кәнизәктің киімін киіп, екеуміз дүкеніне барамыз.
Саудагер / екеуі зергердің алдына барып отырады./
-Бүгін керуен сарайға барсам, бір саудагер кәнизәк сатып жатыр екен.
Қызық үшін мына кәнизәкті мың алтынға сатып алдым..
-Қарашы, зергер, соған тұрарлық па?
Зергер ../қадала қарап,/
-Арзан алыпсың, мұның бетін бір қарағанның өзі мың ділдә.
Асығып, құралдарын жинай бастайды...
-Мұндайда ұқсастық болады екен-ау,Дәу де болса, осы өз қатыным шығар
үйіне жүгіріп келіп;
-О, сұхбан-ай, енді не дейін!
Әйел
-Тағы не түс көріп отырсың?
Зергер
-Мен осы саудагерді көрмейін деп едім, оны көрсем түс сияқты уақи
ғаға кездесетін болдым. Менің көрген кәнизәгім дәл сен..
Әйел
-Кім біледі ол шын мен шығармын. Саудагерге ғашық болып, қосылуға
сөз байлаған шығармын. Сен барып саудагердің үйін қара, сонда мен сияқты әйел отырмаса ол мен болмағанда кім болады..?
Мен қазір үйде отырмын ғой, менің көңілім үшін барып көрші, соның
үйінде әйел бар ма екен.? Сенің қара ниетің айқындалсын.
Зергер жер үстімен, әйел жер астымен тартады..
Ұстаны көріп, екеуі орнынан тұрып, кәнизәк қолын сүйеді.
Зергер
-Япыр-ай, мұндайда адам ұқсайды екен-ау, мен осыны менің қатыным ба деп, күман қылып, қатыным үйде отырғанда келіп көргелі келдім.
Саудагер
-Оқасы жоқ, енді үйіңізге барып , өз қатыныңызды көріңіз!
-Екі үйде екі қатын болса, біреуі менікі /күледі/
Зергер /үйіне жер үстімен,әйел астымен кіреді/
Әйел
-Немене, ол үйде мен сияқты әйел бар ма екен?
Зергер
-Болғанда қандай, тап сен! Құдай-ау, сен,, сенен айнымайды....
Әйел
-Енді күманың жоқ шығар,дүкеніңе барып жұмысыңды алаңсыз істей бер
Зергер кетісімен әйел саудагерге келіп;
-Жаным, енді жол жабдығыңды істеп жүруге дайындал..Мә, алтын..
Саудагер
-Мен де болып отырмын, барлық әкелген асыл- бұйымдарыңды қызмешілер жалдап, жүктерді буып-түйіп қойдым. Қазір зергерге барып
жүретінімді айтып, үйге қонаққа шақырымын, дастархан жайып қой..
Зергерге барып;
-Ұста, енді екі күннен кейін жүремін, менен пәтер ақыңды ал.
Зергер
-Мен сенен толып жатқан алтын сыйлық алдым, маған ең ауыры сенің
еліңе кеткенің. Амандық болса өзім-ақ шығарып саламын.
Кезекпен күндіз саудагердің, түнде үстаның үйінде болады.Әйел екі үйде бірдей қызмет етеді.Үйінде пердемен мынада ашық жүреді.
Кететін күні зергердің үйінде болып, қош айтысып ;
Әйел
-досыңды екі –үш күндік жерге дейін жолға шығарып сал, қонақты сыйлау пайғамбардың сүндеті.. Ал, енді барыңдар, жолдарың болсын!
Барлығы сыртта түр..
Зергер
-Қатын-ай, ал мен кеттім, үйіңе ықтият бол!..
Әйел інмен жүгіріп барып, далаға шығып, бәрі жүріп кетеді.
Екі күннен кейін кәнизәк зергердің қолын сүйіп қош айтысады.
Әке-шешесі қарсы алып, үйіне кіргізеді
Шешесі /келініне/
-Қалың қалай балам, аман сау жеттіңдер ме?
Әйел
-Әйтеуір, дәм-тұз қосылып, балаңызға әйел болып келіп отырмыз.
Әкесі
-Балам, сен ешнәрсе жасырмай бәрін айттың.
-Әйел ажарын сатып, адамшылықтан шыққан дейік. Айналып кегенде
аса сұлулығы қандайда себептермен жасына жетпей бұзылуына әкеп соққан. Адал көңілмен дос болған зергерді шектен тыс қорлап, түгін қоймай тонап әйелге ере беруің қалай? Жас болсаңда, адамгершілік ар,
ұят сезімі қайда? Сұлудың түсіне ғашық болсаңда , істеп отырған
ісіңнің не екенін ойламауың қалай?
Саудагер
-Арамыздағы сөз бойынша, рұқсат берсеңіз ол тимек, мен алмақ едім.
-Егер рұқсатыңыз болмаса қосылмаймыз-оны өзіңіз білесіз.
Әкесі
-Балам, бұл сияқты бүліншіліктің маңына жууға болмайды.
-Қанына сіңген қиянаты бар кісінің жанында саламаттық болмайды.
-Өзінің еріне осыншалық қиянат істеуге батылы барған адам, саған
қандай опа істемек? Менің сенен аярым жоқ, бар малымды бер де адал
ниетті біреудің қызын ал
Баласы
Япырмай, әке қинадың-ау! Қиналдым-ау!
Әкесі
-Зергерден алған мүлікке қиянат етпей бәрі сақталсын. Әйел сол сарайдың ішінде тұтқын болсын, оған ас-су беретін бір қызметші бер.
Басқа еш адам қатынаспасын, осы айтқандарымның бәрі орындалсын!
-Ертең Шайхыс лам деген кісінің тәрбиелі қызына құда түсіемін.
Зергер
Үйіне оралып есігінің ашық екенін көріп үйге кіреді, жылан жалағандай түк те жоқ.Әйелі жататын бөлмеден қазылған іннің аузын көрді.маңдайын періп- періп жібереді, бір тал сақалда жұлынып түсті..
..... Пышағын ала отырып, ойға түсті..
-Ол сорлы, жас балада не кіна бар.. Ол бір жаңа қанаттаған көбелек.
-Отты күннің нұры деп айналасына ұшты. Мынау інді қазған жігіт емес
қатын. Мен мысырға барып , анау отқа түскелі тұрған көбелекті қорғап
қалуым керек. Мен өзімді*өзім өлтіргенде қара жердің қай шұңқырын
толтырам! Қой,Мысырға барайын! /бір кәнизәк сатып алып,шәкіртін шақыр
-Мен қатынымды алып Меккеге зияратқа кеттім, сен осы дүкенге ие
бол! Егер қайтпасам, үйім де сенікі болсын.
Жолай ұрылар тонап, арып- ашып Мысырға жетеді..
Біреулер
-Уа, мүсәпір, алыстан келген екенсің, біздің белгілі, әділ саудагер
Әбдірахман, баласына құда түсіп , той жасағалы жатыр.
Соған барсаң, үш күн ішіп, жеп әл жиып қаласың. Үйі анау тұрған.
Зергер үйге кіріп келеді
Саудагердің баласы /Әкесіне қарап;/
Сұбханалла! Бұл қатынын мен алып кеткен Ғабид ұста!
Әкесі
-Ендеше, моншаға түсіріп, киіндіріп алып келіңдер!...
Отырған кісілер оны үлкен құрметпен қарсы алады, Әкесі оңашада;
Көп жыл бірге тұрған кісің екен, қайта келісемін десең өзің біл.
-Баланың балалығы болды.. Мысырға келген соң жөнге түсті.-Әйелің тұрған сарайға ертіп барайын, дүние –мүлкің түгел сонда тұр.
-барып, көрем десең жүр!...Ғабидтің бетіне қан ойнап, есікті ашқанда;
Әйел /құшағын жая ұмтылып;/
Ұстам-ау, сені де көретін күн бар екен ғой... Сұңқарыс..ақпейілім!
Зергер /шашын уыстап ұстап кездікті өкпесіне пісіп алады.
-Уа, малғұн! Жалпақ егіннің ішінен жалғыздап шығатын удай арамдар
дың саны кемісін! Мен сені осыған бола іздеп келіп едім..
Әйел /ыңырсып../
Ия..Айналып.. кел..генде..кісіге.. істелген .. қи.янат қайтпай қоймайды екен...Бұрынғы күйеуім арын алтынға ..сатып .м.ені..қорлап еді..Мен де
Қайтарып.ол бишара қорлық, қызғаныштан ..өліп ..еді. Өлтірген..мен..
Енді, міне, ақыры мынадан ..қайтып алдыма ..келетінін.. түсіндім..
-Тегі қиянатсыз өмір орнамай тұрғанда- біреуді-біреу өлтірмей тұрмайды.
-Адалдық сүйгенге амандық кездеседі деген.. сен.. адал кісіге..тап болдың
Кешір мені,, Қош..
Зергер терең ойға батып Саудагерге;
-Маған енді ешқандай дүниенің керегі жоқ. Басраға жететін қаржы беріңіз. Мен басралық лас қанды үйіңізге әкеп төктім. Менен келген қанша дүние болса да соның айыбы үшін сізде қалады.
Саудагер
-Сен олай деме, қатын өлсе бүгін көмеміз. Қатынға көз тиіп өліп қалды
дейміз.. Бәлесі сенен аулақ болсын....
-Құрметті Ғабид, шегіне жеткен ызыға шыдамайтын ерлігің бар екен..
-Менің Көкбота дейтін қызым бар, қарсы болмасаң, сол қызымды саған бергім келеді. Мен сенің малыңды былғаныштың айыбы үшін емес,
қызымның қалың малы деп есептеп, той қылғым келеді.
Зергер
-Мен енді қатын алсам, кісі бетіне қарамайтын собалақ алсам деп едім.,
Балаңыз сияқты болса, көрген кісі ғашық болатын..бәле болмаса игі еді..
Саудагер
-Сұлудың бәрі жауыз бола бермейді.. ала бер!
Екі той бірге өтеді..
Шымылдық