Адам қарады: 679 | Жарияланды:

УАҚЫТ АРАЛЫҒЫНДАҒЫ МАХАББАТ

               Көп жағдайда екі жан арасындағы махаббат хикаясының мәңгі болмауына арадағы түсініспеушілік, қызғаныш немесе тағы да сан түрлі оқиғалар себеп болып жатады. Ұрыс-керіс пен ортаға түсер «үшінші» жанның да кесірі тиер. Немесе «тағдыр» дегенді сылтау ете, беріле салатындар да табылар.

 

 Ал бұл оқиға кейіпкерлері бастан кешер сынақ не болмақ?  Ал егер ол сынақтан өту үшін арасына түсетін кедергі олардың өңі болса ше? Алайда бір-бірін түс әлеміндегі ғасыраралық саяхатытан кезіктірген олар еріксіз түрде  өз  әлемдеріне орала берсе де, бірге болу керектігін түсінді.  Бұл жұпты байланыстыратын қандай тылсым күш бар болды екен? Оларды табыстыратын жай ғана қарапайым және құдіретті махаббат күші ме, әлде басқа ма?...

 

1-бөлім

    Менің бастау алған шағым ешкімге беймәлім.  Және мені барлық жерден кездестіруге болады. Мен – өмірдің ажырамас, әрі маңызды бөлшегімін.    Бұл – менсіз әлі ешқандай дүние өмір сүрмейтіндігін білдіреді. Сонымен қатар, әр  қилы дүниедегі небір таңғажайып оқиғалардың куәгерімін.Сонау шексіздікті қамтитын аралықта өмірге және тіршілік иелеріне үстемдігім  олардың пайда болуы қашан  басталса, дәл солай шексіздікке дейін жалғасуда...  Шексіздік, еркіндік, тәуелсіздік, ал ең бастысы - баға жетпес құндылық, барлығы дерлік менің бойымнан табылатын  асыл қасиеттерім. Шамасы менің болмысымды жобалап қалған шығарсыздар.  Иә, уақыттың, менің баяндауыммен өтетін алдағы оқиға осылайша төмендегідей өрбімек.

 

         Қараңғылықпен орын ауыстырып, өздігінен жарық орнаған бөлменің бір бұрышындағы керуетте жатқан жас та болса, өмірде жолы болып, бағындырған белестері де біршама, ақылды әрі еңбекқор жігіттің:

-Тағы да түсім болып шыққаны ма? – деп әр таңды күңкілдеп атыратыны ешкімге беймәлім болатын.  Әйтсе де, әрқашан  жадырап, көтеріңкі көңіл күйде жүретін өмірге құштар ол:

-Мүмкін бұл ару бейнесі менің қиялымнан ғана туындаған арманымдағы сұлу болар,- деп тез ес жиятын.

        Таңертең  ерте тұру бұл іскер жігіттің күнделікті дағдысы еді. Қанша жерден жұмысбасты болса да барлығына үлгеретін. Жаңа технология ойлап табуда тың  идеяларымен ерекше  көзге түсіп, заманының нағыз ер азаматы болып қалыптасқан бұл жігіт сырт көз ықыласына мейлінше бөленіп үлгергенді.

-Құр бос нәрсені ойлап, уақыт жоғалтқаным не сұмдық?!- деп өз-өзін ретке келтіре жұмысқа баруға дайындала берген шақта, оңың бүгінгі жоспарлары да шкаф бетіндегі экранға төмендегідей тізбектеле шыға келді:

08:00 – әріптестермен жиналыс;

09:30 – жаңа жобамен таныстыру презентациясы;

11:30 – «MN» компаниясы басшысымен кездесу...

деген  сияқты әрі қарай да экран маңызды жоспарлармен толысты.

       Өткен түні достарымен көңіл көтерген ол  586 -ыншы қабатындағы өзінің  жеке пәтеріне түнеген еді. Таңғы жаттығулар, құнарлы таңғы ас  және әлемнің маңызды таңғы жаңалықтары. Міне, заманының нағыз ер азаматы болып қалыптасқан жас жігіттің күнделікті өмір салты осындай үрдісте бастау алатын.

      Шкаф бетіндегі сенсорлы экранға тізбектеле қалған бүгінгі күндік жоспарға жылы шыраймен қарап, жуынуға арналған  бөлмеге беттеді. Техниканың дамуы шырқау шегіне жеткен бұл заманда жуыну бөлмесінің өзі толығымен сенсорлы және голограммалы экран секілді соңғы үлгідегі жоғары технологиямен жұмыс істейтін. Ешқандай даусыз түсінуге болатын ақиқат: сол заманың адамдарының сана сезімі мен мәдениетінің қаншалықты жоғары деңгейде екені. Сонымен қатар,  дамыған технологияға қол жеткізген де өз еңбектерінің жемісі екені мойындауға  тұрарлық қалыпты жағдай.

     Шағын бөлменің кіреберісінің оң жағында  үлкен айна орналасқан болатын. Әрине онда да   SMS-хаттар, жылы лебіздер мен тілектер, ең бастысы күнделікті жоспарларды көруге болады. Бұл көріністерге көзі әбден үйренгендіктен аса мән бере бермейтін. Себебі, соңғы кездері оның ұйқыдан тұра сала әлек болып, ойландыра мазасын қашыратын сол бір жұмбақ ару бейнесі еді. Бұл  ару бейнесі жігіттің күнделікті түсінің бір бөлігіне айналғанымен қоса,  түсіне кірмейтін күні жоқ еді. Жалпы жағдайда қыздар  жігіттің жүрегін жаулау арқылы түсіне енуші еді. Ал бұл жолғы жағдай  мүлде басқаша, әрі түсініксіз. Себебі олар бір-бірін мүлде кездестірмеген.  Ал  жігіт оны қанша іздестірсе де,  өз ортасынан таба алмады. «Құдды басқа әлемнің тіршілік иесі  іспетті... Бірақ бұлай болуы мүмкін емес жағдай ғой?» деген ойлармен өз басындағы жағдайды барлығынан жасырып жүрді. Өз-өзін күн сайын солай сендіруге машықтанып та үлгерді.

       Пәтер ішінде  өз тапсырысы бойынша  спорт  бөлмесіне әкелінген жаттығу құралдары оның дене сымбаты мен денсаулығы үшін өте тиімді болды. Ал таңғы жаңалықтардан  ас  үйдегі үлкен жарды толықтай алатын  экран арқылы хабардар балатын. Ақ түсті жиһаздармен  көмкерілген пәтерде әрдайым  классикалық  жарасымды смокиг  киіп жүретіндігі  жігіттің іскерлігін  айшықтай түсетін. Ас үй бөлмесінің оң жағы өте кең болғандықтан адамға жағымды еркіндік сезімін сыйлайтын. Осы арада оның ата-анасы  тәрбие беру барысында, оның жеке тұлға болып қалыптасуында еркіндік берген болатындығын айта кетсем деймін. Әрине, шектен тыс еркіндік емес, себебі шектен тыс еркіндікпен өскен бала осынша жетістікке жетпесі анық. Ас үй демекші, оң жағындағы қабырғаның түкпірі  түгелдей дерлік  ақ түсті соңғы техникалық жиһазбен жабдықталған. Ал кіреберіске қарама-қарсы қабырғаны голограммалы терезе алып тұрады. Ал ортасынан сәл оң жақ бөлігіне жақын жерде дөңгелек үстел бар. Міне бар болғаны осы, ешқандай артық дүниенің болмауынан бар назар терезедегі сыртқы көрініске  ауары сөзсіз. Ал осы терезенің арғы жағындағы дала көрінісіне келер болсақ, 586-қабат көліктері ауада қалықтағандай әсермен алдыңнан  зымырап өте шығады. Ал кейбір көліктер көрінбейтін материалмен жасалғандықтан ішіндегі тіршілік иелері  құдды ауадан тірек тауып отырғандай немесе сондай дәрежеге жеткендей  әсер қалдырады. Әрине оларға емес, себебі күнделікті болып тұратын осындай көріністерге ол заманның адамдарының көздері әдбен үйренген болатын. Иә, техниканың осындай дамыған деңгейінде оны жай ғана пайдаланып,тұтына білетіндер бар, сонымен қатар оны өндірушілермен бәсекеге түсуге құмар, жанып тұрған жалынды жастар да бар. Міне, солардың бірі алда баяндалатын оқиғаның бас кейіпкері болмақ. Осы уақытқа дейін  кейіпкер бойынан ешқандай мін таба алмаған шығарсыз, бірақ мінсіз ештеңенің болмайтыны секілді қиялға берілгіштігінің әсерінен өзге әлемге еніп кеткендей түстерді басынан өткеретіндігі мен оны шынайы өмірмен байланыстырып әлек болуы, осындай қиялға толы мүмкін емес түстеріне өзгелерді сендіруге әрекет жасап, кейде уақыт жоғалтуы - оның басты кемшілігі десем артық емес!

-Бұл істі бүгін міндетті түрде бітіруім керек!- деп өзіне талап қойып, досына телефон шалу үшін ұялы телефонына беттеді.

- Алло, достым, амансың ба? Бүгін кешке жоспарлаған жоспарларың жоқ па еді?

- Аман, аманмын, жайшылық па, бауырым-ау? Әдетте бұндай қобалжулы дауыспен беймезгіл уақытта хабарласпаушы едің ғой. Не болып қалды?

- Кешке айтар шұғыл, әрі маңызды, яғни мен үшін өте маңызды шаруа бар. Маңызды  шаруаны сенсіз іске асыра алмаспын.

-Менің де біреуге көмегім қажет екен-ау!?

-Айтпақшы...

- Иә?

-Мен бүгін кешке 630-ыншы қабаттағы пәтерімде боламын. Сонда кездесерміз.

-Жақсы.

- Жұмыс құралдарыңды ұмытпа. Кешке бізге ең қажет дүние сол болмақ.

-Көресің кешке кім екенімді,- деп күлді.

- Бұл іс құпия мен шым-шытырыққа толы. Таңғалдырам деген сөзіңде тұратын бол. Ал, кешке көріскенше, достым.

-Күмәнің болмасын!

        Кеш батам дегенше досына мән-жайды қалай баяндайтынын ойлап, ойын жинақтауға тырысып, досының қалай қабылдайтынына да абыржыды.

       Жұмыс бөлмесі. Кең етіп салынған бөлме төрінде жұмыс үстелі, сонымен қатар бағалы құжаттар мен заттарға толы сейф орналасқан. Ал бөлменің орта тұсына   қарай адам қабылдауға арналған жайлы жиһаздар бар. Төрдегі үстелдерге қарама-қарсы қабырғаны  түгелдей дерлік терезе алып жатыр. Терезе алды бос болғандықтан сыртқы көріністі еркін тамашалауға болады. Әрине  көшенің қарбалаң тіршілігіне толы у-шулы ортаны емес. Табиғатты... Тыныштықтағы әсем табиғат көрінісін, желі жоқ ортадағы көлдің тұнып тұрғанын,  жапырағын кеңге, тамырын тереңге жайып тұрған кәдімгі тірі ағаштарды, онда емін-еркін  ұшып-қонып жүрген, бұлбұлша сайраған  құстарды, жерге төселген парсы кілемдеріндей шүйгін әрі жап-жасыл шөптерді және тағы да басқа осы секілді қараған көзге тоюға мұрша бермейтін, ойланғанда қарасаң  мәселе шешімін табуға ықпал жасайтын ол замандағы таптырмас жерлердің бірі еді.  «Техниканың мұншалықты дәрежеде дамыған заманында мұндай тыныштықтағы орта болуы мүмкін бе?» деген оймен күмәндәніп отырған да шығарсыз. Олай болса, мүмкін емес ештеңенің жоқтығына сендіруге таптырмас мүмкіндік.  Бірақ осындай ешнәрсеге  шектеусіз заманда неліктен осы жас жігіт қалың ойға шомып, еш әрекетсіз және шарасыз отырғаны қызықты жайт емес пе?...

-«Күннің батқысы жоқ,уақыттың өткісі жоқ!»-деген тіркесті тауып алып, ішінен сан мәрте қайталай берді, қайталай берді. Уақыт шіркінді, мына мені, түсіну қиын ғой. Асыққанда зымырап жеткізбеймін, ал тосқанда құдды қонақасыға дайындалған әйелдің өз күйеуін ұзақ күттіріп қойғаны секілді, созылып өтіп болмаймын. Тіпті бұл арада уақыт тоқтатын сиқыр бардай ой салады. Ал уақыт барлық адамға теңдей бөлініп,бірдей мөлшерде берілген. Яғни әр күні әр адамда жиырма төрт сағат бар. Ал қоғамда «уақытым жоқ», «уақыт тез өтуде», «уақытты үнемдей алмаймын», «уақытты еш нәрсеге жеткізе алмаймын» деген сынды өзім жайлы теріс пікірлер мен сан түрлі талқылауларға куә болған сәтте таңқалмасқа не шарам, не амалым қалмайды.

       Құпияға  толы жұмбақтың шешімін тапқанша оның тағаты таусыла бастады. Досына ашық айтып жеңілдеп қалуға асық болғаны сонша, осындай шешім қабылдағанына дән риза.

Кенет есік жақтан:

-Кіруге рұқсат па?

Үнсіздік.

-Кіруге рұқсат па?- деген тағы да алдыңғысынан қаттырақ жылы дауыс шықты.

-Иә, иә кіріңіз, әрине рұқсат,-деп қалың ойдан қалай суырылып осынша тез шыққанын өзі де аңғармай қалды.

-Терең ойға батып кетіпсің ғой, жігітім. Не болып қалды, мен кедергі келтірмедім бе?- деп оның шаруасының төбесінен дөп басып түсіп, сөзге тартқысы келген абыройлы кісіге мейлінше сый-құрмет танытатын. Және бұл кісіні компанияның  кішісінен үлкеніне дейін ерекше сыйлайтын, әрі мұнысы оған әбден лайықты еді.  Мінезі ашық-жарқын, ешқандай жаман ойы жоқ, әрдайым өмірге және әзілге жаны құштар, мейірімді, ақкөңіл, жас шамасы 45-тердігі әріптес-ағатайы болатын. Бұлар тек жұмыс барысымен ғана емес, отбасымен де жақсы аралас-құралас.Мұның себебі ағатайы мен жігіттің әкесі бала кезінен ең жақын достар болуында. Бұл жас жігітке өз баласындай әкелік қамқорлық танытып, қажет кезде ақыл кеңесін аяған емес.

-Сол баяғы жұмыс қамы ғой, басқа не болсын,өзіңіз қалайсыз?-деп сәл жымия, әңгіме арнасын басқа арнаға бұрғысы келді.

-Менде бәрі жақсы, бірақ сенің бұл сиқың жұмысты алаңдаған адамға мүлдем келіңкіремейтін секілді. Іскер адамның жұмысын ойлаған бейнесі,  мына менің жадымда қадалған шегедей болып қалғаны сонша, менен  оңай сытылып, алдай алмасың хақ, жігітім. Қане айт! Ғашық болып қалдың ба?- деп ағатайы білмеске жайына қалдырмайтындай кейіп танытты.

-Ау, ағатай -ау, осы сізден жасырын бір іс тындыру мүмкін бе?

Ағатайы да иығын тіктеп, бір марқайып қалды да:

-Бағы осынша жарқырап жанған қай сұлу екен?!-деп бастады жағдайдың қаншалықты  шым-шытырыққа толы екенінен бейхабар күйде.

-Ех, ағатай...- деп бір күрсініп алып: - Бұл сіз ойлағандай оңай шаруа болмайын деп тұр...

-Әй сен де айтады екенсің, қай ару сен сияқты талай қыздың арманынан бас тартқан? Сен өзі президенттің қызына ғашық болып қалғаннан саумысың?- деп әзілге айналдырып, салы суға кеткен жігітті бір жымитып алды.

-Жоға, президенттің қызы болса, мен бұлай іс-әрекетсіз отырмас едім.

-Одан өткен сұлудың бар болғаны ма? Осынша қиындық пен  мәселе тудырардай қай пері болды екен?... 

-Соның жауабын өзім де тек бүгін білетін боламын!

 -Түк түсінсем бұйырмасын. «Бүгін білемін» дегенің қалай? Мән жайды ашып айтсаңшы? Қашанғы жұмбақтап отырмақ ойың бар?

- Олай болса кейін маған  «есі ауысқан» немесе осының маңайындағы ұқсас сөздермен айыптамайтыныңызға кепілдік бересіз бе?

-Тіпті тірі жан баласына жақ ашпауға қоса уәде беремін!

- Театр сахнасы. Қателеспесем әртістер XVIII  ғасырдағы мәдениетті сомдады. Спектакль тақырыбы есімде қалмапты. Бірақ өткен заманды көз алдымызға әкелуге бар күштерірін аямамай, барынша шынайы, әрі сәтті ойнағандары анық.  Еш мінсіз орындағандары сонша, өткен шақтың сәтті шыққан жарнамасы іспетті өзіне баурап алады.  Кейде уақыт кемесін тауып, барлық күйбелең тірлікті тастай, сол XVIII  ғасырға сіңіп кеткім келеді де тұрады. Құдды жан қалауым сол секілді.  Тірі жан байқамайтындай, ешкім мені бұл заманнан іздемейтіндей, бұл заманда мен мүлде өмір сүрмегендей, барлығын әп сәтте оп-оңай тастап кеткім келеді.  Сондағы мақсатым, XVIII  ғасыр  сахнасындағы арманымдағы аруға, ес-түссіз  ғашық қылып, өзіне мені осынша құштар еткен сұлуыммен  қауышып, бірге болу бақытына қол жеткізу. Келбет сұлулығында еш мін жоқ хор қызы дерсің... Тал шыбықтай бұралған белін айтсаңызшы... Бір сахналық қойылымның өзінде  барша көрерменді өзіне еріксіз тартып тұратын қасиеті бар. Шынымды айтсам,  бір сахнада оның қасында жүрген әртістерді іштей  қызғанып кеттім. «Шіркін-ай, солардың бірі мен болсам ғой» деген өкінішпен әртістердің төбелері көкке бір елі жетпей тұр екен деген тұжырымға келемін. Онымен бірге ойнап жүрген өнер адамдарының нәзікжандылығы есіме түсіп, іскер адам болғаныма өмірімде алғаш өкініш пайда болды. Расында таңғалып отырған шығарсыз, ағатай? Мен сияқты жастай жолы болған жігіттің  өкініші болады екен-ау деп.  Иә, өнер адамдарының нәзіктігін, нақтырақ айтқанда сүйген адамымның  жан дүниесін түсінуге деген  құлшыныс нәтижесінде пайда болған өкініш болса керек.

- Дәл солай арман жетегінде кете берер болсаң өкініштің астында өртеніп өлесің ғой. Не кедергі, соны айтсаңшы?

- Ке-дер-гі... –деп үзік-үзік айта ой үстінде сөзін ары қарай жалғады:  - Мен ол хор қызын бірде-бір рет көрмедім!

-Қалжыңың болар?

-Жоға, ешқандай қалжыңдап әзілдескенім емес. Судай шын сөзім. Мен оны айналамнан, өз ортамнан қанша іздесем де, таба алар емеспін.

-Түк түсінсем бұйырмасын, сонда сен бұл ару бейнесін қиялыңнан жасап алып, сондай мінсіз қызды осы заманнан іздеп жүрмісің?

-Тіпті олай да емес,- деп терезе жаққа көз жүгіртіп, ұзақ ойлана қарап отырды. Бөлмеде аз ғана уақытқа үнсіздік орнады. Ал ағатайы болса тағы не айтар екен деген оймен тіл қатпастан айтқандарын ой елегінен өтізе, оның  кезекті баяндауын тосты.

-Құдды басқа дүниенің тіршілік иесі іспетті. Қанша іздеп шарласам да таба алар емеспін. Мен онымен сахналық қойылымнан кейін танысу үшін іздей бастасам болды...-деп өкінішін білдіріп жатқанында, кабинет есігі ақырын ғана қағылды.

-Кіріңіз!

-Бүгінгі сағат 18:30-да кіші конференц залында өтілетін жиналысқа  жарты сағаттай уақыт қалды, соны есіңізге салайын деп едім,-деп хатшы қыз баяндады.

-Иә-иә, әлі уақыт бар екен,-деп ары қарай оқиғаны қысқа қайырып, нақтырақ баяндауға бел буды.

-Сонымен,жігітім! Танысуыңа не кедергі болды?-деп ағатайы әңгімені үзілген жерінен жалғап жіберді.

-Шынайы өмір... Өңім!

-Ал мен ендігі сенің есіңнің дұрыстығына күмәндана бастаған едім. Тек сөз берген соң үндемей күткенім не болсада дұрыс болған екен.

-Түсімде үнемі сол сұлу  бойжеткенді көремін де тұрамын. Маңдайымызға танысу сәті бұйырмағандай,танысуымызға сәл қалғанда үнемі бір кедергі шығады да тұрады. Ол үлкен кедергі – өңім.  Көптен бері әр таңды осылай өкінішпен атыратынды шығардым.  Арайлап атқан әр таңым сол кедергілерге деген күйінішпен ататын болды. Күндіз ойыма сап ете қалса, ойымнан шықпайды, ал түнде ел қатарлы ұйықтайын десем түсімнен бір шықпай қойғаны маза бермей алаңдатады. Менің әлеміме еркімнен тыс жақсылап жайғасып алыпты өзі. Мән бермей-ақ жүре беру  менің де  қолымнан келмей жатыр. Бірақ...- деді ол соңғы сөзді барынша нық дауыспен айқындай түсіп:

- Мен міндетті түрде құпияға қаныққан бұл  арудың кім екенін анықтаймын!

- Анықтайтыныңа еш күмән  келтірмеймін. Ал, енді мен жылжиын. Жиналыста көріскеше,- дей көңілді жүретін ағатайы да мән жайдан хабардар болды. Өз баласындай ықылас көрсететін адамынан  осындай маңызды мәселе жайында ашық талқылап, әңгіме-дүкен құрып,  өз сезімдерімен және сырларымен,  реніштерімен, өкініштерімен бөліскеніне дән риза кейіпте қоштасар сәтте:

-Бір көмегім қажет болса...

-Міндетті түрде хабарласамын!

       Оның жұмыс кабинетінде  қабырға картиналары ілініп тұрушы еді. Бұрын-соңды мән бермеген картиналардың біріне кенеттен қалың ой жамылып отырып көзі шалды. Қатты таңырқағаны сонша:

-Сәйкестік деп осыны айт!-деп айқалай орнынан ұшып тұрып, сол жақ қабырғаға ілінулі тұрған жиһаз жанындағы картинаға қарай ес жоғалта беттеді. Қатты таңырқағаны сонша, суретке барынша ұзақ қарап тұрып қалды.  Бұл болжамға өз ішінде неше түрлі пікірталастар өтіп жатты.

-Қайдағы жоқ бұл картинадан болуы мүмкін емес,- деп жинақтала қолсағатына қарап, жиналысқа он минут қалғанынан хабардар болды.Еш дайындықсыз күйде үстел шетіндегі дайындап қойған құжаттарын қолына іле сала, кіші конференц залына баруға бағыттады.

       Ол картанада не бейнеленген? Оның бұл жағдайға тап болуына қатысы қанша? Әзірше бұл жағдайға оның ықпалы беймәлім күйде қалмақ.

        Кіші конференц залында шағын жиналыстар күнделікті өтіп тұратын. Мұнда сопақша келген дөңгелек үстел және оны жағалай орналастырылған орындықтар толыстырып тұрады. Ал ұсынылған жаңа жобалармен таныстыру  ортада орналасқан үстелмен  голограммалы  түрде байланысқан үлкен экран арқалы жүзеге асады. Яғни үлкен экранда ұсынылған жобаға әр жиналысқа қатысушы  үстелдегі кішірейтілген форматына өз ұсынысын немесе кішігірім өзгерісті түсіре алады. Сонымен қатар жиналыстың әр мүшесі  ұсыныстардан бөлек  жіберілген қателіктерге түзету енгізіп, ескерілусіз қалған дүниені еске салып отыруға  құқылы. Енгізілген әр өзгеріске талқылау жасалатын болғандықтан, осындай шағын жиналыстарға ұтымды әрі жаңаша  идеяларға бай   және әр қадамынан жауапкершілік сезініп, тапқырлығымен көзге түскендер ғана қатыса алады. Жас жігіт осындай көрегенділік пен озық ойдың нәтижесінде қарапайым қызметтен басшылыққа дейін көтерілген болатын.

        Ал қазірде осындай жиналыстардың төрағасы қызметіне тағайындалып, әр ұйымдасқан жиналыс соңында барлық мәліметтерді саралай қорытындылап, соңғы шешім қабылдайтын,  өз ісіне барынша сүйіспеншілікпен қарайтын адал жігіт еді. Өз компаниясын ашуға да дәмелі, тіпті   қауқары түпкілікті  жететін. Алайда бұл істі еш өкінішсіз  кейінге шегере беретін. Асыл арманының мүлде басқа арнаға бұрыла, өзін адастырарынан да хабардар бола тұра одан  бас тартпады. Себебі қоғамның  сан-алуан,  шешімін таппаған  небір қисынсыз мәселелеріне қарағанда,  өз ішкі сезімдері маңызды  екенін,  біреуді сүйіп, оған  сүрінбей  қосылып бақытты өмір сүру екенін ұқты. Бұрын-соңды орын алған барша сезімдерінің алдамшы және уақытша екеніне көзі жетіп, бұл сезімнің жетегінде кетуге бел байлады.

«Ақымақтық»  дейтін шығарсыз. Әрине бұлай дейтініңізге арқау болған оның осыған дейінгі өмірінің тек жарқыраған қырынан көрінуі шығар. Бірақ ол үшін  адамның ішкі сезімдері, жан дүниесінің қалауы мен өз түйсігінің нұсқау беруі әлдеқайда маңызды болды.

-Сен немене, жұмысты біржола ысырып қоймақ ойың бар ма? Жігітім, есіңді жи! Алғашқы сәттен осылай салың суға кетер  болса... Әй қойшы, айтпағаным дұрыс болар. Әйтсе де ағалық кеңесім болсын «Барлығын  қатар алып жүру керек!» осыны ешқашан ұмытпа! Махаббаттың қай мезгілі, жұмыстың қай кедергісі болсын бәрін жеңе білу керек.  Бүгінгі жиналысқа бей жай қарағаның көңілімнен шықпады. Өз-өзіңді қолға ал! Менің бір сағаттан кейін өте маңызды жиналысым бар. Көріскенше.

Жігіт те қоштасқан секілді ишарат білдірді, бірақ үн-түнсіз ойлана берді.

-Қалайсың, достым-ау?

- Көріп тұрғаныңдай. Кірсеңші үйге, төрлет.

-Охоо, мына бөлмеге өзгерістер енгізгенсің бе?

-Талғамыма күмәнданушы болма! Бұл тек бүгінгі бір түн үшін,- деп ескерте күліп жіберді. Расында бөлме ішінде тәртіп жоқ, бәрі бей-берекет орналастырылыпты.

-Мені білесің, шыдамым ондай ұзаққа бара бермейді. Қане, айт енді!

- Сенен сұрайтыным, менің бүгін түнде көретін түсімді жазбаға түсіру.

-Пах шіркін! Не дейді?! Сен өміріңде менің бұл шаруамен айналысқаныма ешқашан қызығушылық танытқан емессің. Не де болса, мені бүгін мойындаған екенсің.Бәрекелді!

-Армандамай қоя тұр. Ертең белгілі болады. Мойындаймын ба жоқ па?- деп ойланған кейіпте күлді.

-Мойындайсың, мойындайсың, достым! Ал олай болса, мен құрал-жабдықтарды дайындай берейін.

- Қысқасы, мені бір ару мазалап жүр...

-Осындай  ұсақ-түйекке бола түсіңді  жазбаға түсіруді өтініп тұрмысың?

- Қазір осылай дейсің. Көрерміз ертең не деріңді.

- Немене түсіңде қорқынышқа толы құбыжықтармен арпалысып жүргеннен саумысың?

- Тіпті олай да емес! Қазір ештеңе айтпай-ақ қояйын. Барлығын ертең талқылаймыз. Кеш болып кетті. Мен ұйықтайын,ал сен бір сәтті қалт жібермей түсір. Ал, саған сендім!

- Түсіңде өзгеғаламшарлық құбыжықтармен шайқаста жеңуіңе тілектеспін!- деп күлкіні әрі жалғады.

       Таң атты. Жігіт ояна салысымен түнде көз ілмеген досына риза кейіппен қарады.

-Қайырлы таң! Барлығы сәтті өтті. Еш уайымдама,- деп көкейіндегі сұрақтың жауабын сұратпай берді.

-Қане, көрсетші.

-Жалпы барлығы  жиырма минут бұрын ғана іске қосылды. Яғни соңғы жиырма минутта ғана түс атты ғажайыпқа толы әлемге саяхаттадың.

-Жиырма минут болса солай-ақ болсын. Ең бастысы...

-Жәә, көп сөзді қойып, сенің түңгі қиялыңды тамашалайық,-деді мазақ қылды Сәл уақыт өткеннен кейін:

-Міне, міне ол! Пауза, тоқтат мынаны!- деді қатты қобалжыған жас жігіттің қол-аяғы дірілдей.

-Сабыр ет! Тоқтаттым. Ал енді қайсысы?  Мында көп қой адамдар,қайсысы?

-Міне, мына тұсты жақындат,- деп әлдебір жерді нұсқады.

-Қазііір... Оппа, мінекей осы ма? Бірдеңе десеңші?-деді еш әрекетсіз отырған досына. Үн-түнсіз экранға қадалды да қалды.

- Кешір... ойланып кетіппін. Міне, осы қыз туралы маған мәлімет керек!

-Айтсаң болды ғой,-деп  желі арқылы ол туралы іздей бастады. Кенет: - Мүмкін емес! Қалайша? Бұндай жағдай менің көпжылдық тәжірибемде мүлдем орын алмапты,-деді қатты таңырқай.

 -Не болды? Тағатымды тауыспай айтсаңшы.

- Жоқ! Тіркелмеген. Қызық екен... Осыған дейін бұндай жағдайға кезікпеппін. Бұл адам мүлдем жоқ, достым. Түсінесің бе? Бірақ оның бейнесі көз алдымызды тұр емес пе?!  Қалайша? Бұндай адам болмаған! Өмір сүрмеген дейді. Ешқандай мәлімет жоқ,-деп шыр-пыры шыққандары сонша «параллельді әлем» тобынан іздеу ойларына келмепті. Бір сәтте байқамай сол перне басылып кетті. Бұл жолғы ескерту қаттырақ болғаны сонша, енді бір іздеуден кейін іс қозғалатынын компьютер  қатаң түрде заң бойынша ескертті. Ол жақтан да ешқандай мәлімет табылмады.

-Тоқта! Бұл желі қай ғасырдан бастап өмір сүргендер туралы ақпарат береді?

-ХХІ ғасырдан. Жо-жоқ бұлай болуы мүмкін емес. Есіңнен адаса бастадың ба? Саған не көрінді? Баяғы заманның адамы сенің түсіңе қалай тап болуы мүмкін? Бұл болжамың маған ұнамай тұрғаны. Ойланшы, өміріңде бірде-бір рет жүздеспеген жанды түсіңнен шықпайтын тұрақтылық орнатуы, сеніңше, мүмкін бе сонда?

- Бәрі мүмкін! Қане, олай болса ХХІ ғасырға дейінгі ақпараттық желіден іздейік. Және бұл біздің ең соңғы мүмкіндігіміз екенін естен шығармағанымыз абзал.

-Сен үшін тәуекел,- деп сол топтаманы сілтеді. Мәлімет болса тізбектеле шыға келді. Басқа да суреттері... Қуанғандары сонша, бір-бірін құшақтай бөлмені айқайға басты. –Ал енді жақсылап қарастырайық.

-Сен мені бүгін мойындаттың, достым! Ешқашан сенің осы тірлігіңе көңілім толмай өте ме деп қорқып едім.

- Қуануға  әлі ертелеу! Тез қарап  шықпасақ қазір көз алдымыздағы ақпараттан да айырылып қалуымыз мүмкін. Ал алғысты кейінірек те қабылдай аламын. Міне керемет!  Ол әртіс емес екен.

- Кім болса да өнер адамы екен ғой, суретшілердің де жаны нәзік болады емес пе?!

-Қайдағы суретші? Оны қайдан шығардың? Ол жай ермегі ретінде шығар бәлкім.

-Ол да мүмкін. Мынаған назарымызды салайық! Мұнда оның ауқатты ақсүйектер қатарынан екенін, ата-бабасы сый-құрметке бөлеген танымал жандар екені көрсетілген.

-Иә-иә... Бірақ әлі де болса түсіне алар емеспін, бұл сонау ғасырдың адамдарының әруағын көргенбісің? Қалайша сенің санаң мен түсіңе еніп алған?

-Өзім де осыны ұқпай отырмын. Сен немене әруақтар туралы сандыраққа сенемісің?

-Жоға, сенің басыңа түссе ғана сенуге болады, былай онша сене бермеймін.

-Сенуге өз-өзімізді рухани тұрғыдан дайындай бермесек...

-Не болады?

-Жай, айтқым келгені қазіргі таңда бәрі мүмкін! Тек кейбір мүмкін еместің мүмкін болуын тосуымыз керек сияқты.

- Ал енді не істемек ойың бар? Жұмбақтай жөнелуді қайдан шығарғансың осы?

-Егер жаңа ғана ойыма алған істі айтар болсам,  күлкіден жарылып өлетін шығарсың.

-Айт енді күлейік!- деп тағатсыздана досының бұл күлкісіне алаңдап.

- Уақыт қақпасын іздеймін!

-Есің дұрыс па? Технология өте жоғары дамыған кезеңде  өмір сүрудеміз. Бірақ бәрі мүмкін деген сөз емес қой.

- Мүмкін! Бәрі мүмкін! Көріп отырғаныңдай ХХІ ғасырға дейін өмір сүрген ару мені өзіне ғашық етті. Сол секілді бұл жалғанда бәрі мүмкін! 

- Шынымды айтсам, тіпті айтарға сөз таппай отырмын.

-Тек қолдау көрсетсең жеткілікті.

-Бірақ… Өте ауыр жүк алдым деп ойламайсың ба?

 -Бизнес саласындағы бағытты уақыт қақпасына бұру... Мен үшін ештеңе де емес.

-Қазіргі саладағы жетістіктерің?

-Ал менің жұмысқа ешқашан кешікпейтінімді жақсы білесің, жарты сағаттан кейін шығуым керек. Жүр, таңғы ас ішіп алайық. Бүгінгі күн маған және менің бүгінгі шешімімді қабылдайтын әріптестеріме ауыр болғалы тұр.

-Оның рас...-деді де үнсіз досының соңынан ере ас үйдің терезесінен сыртқа қарап ойланып тұрды. Сол сәтте ол  кофе қайнатып, үлкен экранды  қосып, таңғы жаңалықтардың біразынан хабардар болып үлгерді.

- Кел, кофе ішіп, серігіп алайық,- деп досын шақырды. –Құрығанда  уақыт көлігін жасауды жоспарлаған, әлгінің жаңалықтарын бүгін айтпай қойды ғой.

-Әдетте оған қызығушылық танытпаушы едің, сенің мынауың асығыстық емес пе?  Барлығын тездетіп жібердің ғой. Байқа,   айналаңдағыларға  күдік тудырып алма!

-Маған бәрібір! Уақыт кемесін ол жасап шығарса, таныстыру презентациясына өзім ақша құйып, өзім керемет етіп мерейтой ұйымдастырып беруге бармын.

-Охоо, осыншама құдіретті болғаны ма?

-Нені айтасың?

-Дұшпаныңа да жібейтіндей... Махаббаттың құдіретін айтамын.

-Иә-иә, дәл солай, жібімек түгел оған қолдау көрсетіп, қолдан келген көмекті көрсетуге әзірмін.

-Өз қарлыласыңа ма?-деп қайта-қайта  таңырқай сұрай берді.

-Менің тірлігім не? Көп жылдық еңбегі бар табысты кісімен салғыласып жүргенім болмаса.

-Мені одан әрі таңғалдырудасың. Оның алдында басыңды иеді деген ой мені анадайдан айналып өтетін. Ал қазір өз аузыңнан оған деген басиюшілік сөздер айтып отырғаныңа куәмін. Міне қызық...

-Әлде...

-Иә, дәл солай істе! Талпынысың арта түседі. Сонымен қатар, қызықты болады емес пе? Қалай қарайсың?

-Жақсы, солай болса солай-ақ болсын.  Бір сәтке болса да, оның алдында басымды ием деп ешқашан ойламаппын,-деп қарқылға басып күлді.

 -Шамасы сезімге тым беріліп кеткендікі шығар. Ештеңе етпес, ең бастысы өз қалпыңа оралдың ғой. Құттықтаймын! Мен ойлағаннан да тез,- деп мазақ етіп күлді.

-Тоқта! Тыныш! Тыңдайық.

-Маңызды ештеңесі жоқ. Күнде айтатындары осы ғой. Құр бос сөзбен халықты алдау. Ал сен... Сен бір-ақ мәрте шығып, елді есінен тандыратын боласың.  Олар солай «жақында» деп созбалақтаумен уақыт ұтыла бермек.

- Бұл бағытты  «қосымша» ретінде енгізу немесе... Немесе барлығын осы бағытқа негіздеп қайта құру. Түсінген шығарың? Бірақ  қайсысы?

-Осыған дейінгі барлық еңбектеріңді... Қалайша? Жо-жоқ, келісе алмаймын!

-Түсінсеңші, уақыт жоғалтпау үшін осындай тәуекелге бел байлауым керек.

-Ешкім сенен бұндай тәуекел талап етіп жатқан жоқ. Неменеге осынша асығыстық танытасың?

-Қайтейін енді мына жер шыдатпай жатса...-деп жұдырығымен сол жақ кеудесінің жүрек тұсын нұсқай.

-Шыда! Шыдау керек.

-Иә, саған ауызбен айта салу оңай-ақ. Менің ішкі жан дүниемде не болып жатқанынан хабарың да жоқ.

-Мен сені түсінбейді дегің келіп отыр ма?

-Осылай деуге мәжбүрлей бермесеңші!

- Жүр, шығайық. Ертең «өмірімде бірінші рет сенімен салғыласам деп кешіктім» деген сөздер естімесіме кім кепіл?!

-  Иә, дұрыс айтасың. Олай десем таңғалып жүрме!- деп жымия  шығуға ыңғайласты.

- Қойсаңшы, әлі уақыт бар ғой.  Жақсы,  бірақ жолда түсіңдегі сұлу бикешті ойлап қызыл жанғанда ұзақ тұрып қалма,- деп қайтадан өзінің баяғы әуеніне баса берді.

- Жарайды-жарайды. Ал достым, көріскенше күн жақсы. Аман бол!

-Маған емес, бұл сөзді өзіңе жиі айтсаң дұрыс болады. Диктафонға жазып алып, келесі жолы көлігіңе, кабинетіңе орнатып қоярмын. Әзірше өз-өзіңе қайталап  айта тұр.

-Ертең өзіңнің басыңнан өтсінші осы жағдай,сол кезде көретініңді көрсетпесем.

-Жарығым-ай, мен қашанғы айтамын. Мен еркін адаммын!  Мұны сенен артық ешкім түсінбес деп жүрсем, күмән туғыза бермесеңші. Күңкілдек-ау, қазір уақыт қанша?

- Мен уақытты үнемі бақылауда ұстайтынмын, бүгін маған не көрінгенін қайдам? Ол туралы әңгіме қозғай бергім келеді де тұрады. 

-Әрине, оны байқау қиын емес. Жүзіңе күлкі ұялап, жаңарың жадырап сала береді.

-Қатты байқала ма?- деп әп сәтте қызарып  піскен алма болып шыға келді.

-Жә-жә, қатты қобалжи бермесеңші. Мен кешке тағы бір мәрте соғып кетермін. Сол кезде ол бикеш туралы таң атқанша айтатын боласың,- деді махаббаттың құдіретті сезімдерінен мүлдем бейхабар күйде.

-Иә, оған дауым жоқ. Қуана-қуана таң атқанша баяндауға әзірмін.

-«Сенің кесіріңнен түнгі кездесуіме бара алмадым» деп жүрме.

-Әй, сені ме? Қойсаңшы болды!

-Ғашық адамның ашуланғаның өзі күлкілі екен. Сендей ессіз ғашық жанға ашуланған мүлдем жараспайды. Күл, бауырым, күл! Әрдайым күліп жүр!

-Бұрын ашуға басқанда менен қорқатындардың алдыңғысы сен едің. Қап, мына тірлігіме қарашы,- деп күлді.

-Бала кезіңдегі тақпақ жаттап айтатының сияқты, маған айтатындарыңды да дәл солай  дайындап ал!

-Сен де айтады екенсің,- деді де өз-өзіне сыбырлай: - Демек, өз-өзімді қолға алуым керек!

-Көріскенше, Ромео!

-Осы сенің барлығына үлгеретінің-ай!- деп досының өзіне қойған есіміне риза кейіппен.

-Не болды? Жағып бара ма, жаңа есімің? Олай болса,  жолың болсын, Ромео!

       Жол бойы қалың ой тұманының төңірегінде  болды.

-Қош келдіңіз!

-Қайырлы таң! Жиырма минуттан кейін барлығы үлкен конференц залына жиналсын!

-Қалауыңыз болсын, мырза.

-Салеметсіз бе, сізге үлкен бастық келіп тұр, кіргізейін бе?

-Әрине.

-Жаңа  естіген дабылымның қаншалықты рас екенін білгім келді.

-Қош келдіңіз, басеке! Айыпқа бұйырмассыз, сізбен ақылдаспай қабылдаған шешімімді. Өзіме де бүгін таңертең  келген идея болатын.

-Олай болса, мен де көпшілікпен бірге естиін бұл жаңа сарыныңды.

-Қаласаңыз сізге қазір-ақ айтайын,- деді аздап ренжулі бастығының көңілін аулай.

-Жо-жоқ, сен немене мені бала көремісің?! Көпшілікпен бірге он минуттан кейін естігенім дұрыс болар.

-Баршаңызға қайырлы таң, әріптестер! Ең алдымен осында жиналғандарыңызға алғыс білдіруіме рұқсат етіңіздер. Мен бұл шешімді бүгін ғана қабылдадым. Және бұл жаңалығым баршаңыздың көңілдеріңізден шығады деген сенімдемін! Иә, біздің компания осы бағытпен көптеген жетістіктерге жетті. Әлі де алар асуымыз алда! Алайда менің ұсынысым бар... Жол бойы сіздер қалай қабылдар екен деген оймен абыржып келдім. Бұлай көп сөйлеу әдетімде жоқ еді және мұны баршаңыз жақсы білесіздер. Уақыт кемесін жасауға арналған бір бөлім ашсақ? Қалай қарайсыздар?

        Кейбірі құптап, кейбірі қалыпты қабылдап,ендібірі «мүмкін емес!» деп қарсы шығып жатты.

-Жігітім, бұл ауыр жүк деп ойламайсың ба? Күнделікті жаңалықтардан хабардар бір адам болса, ол - сен! Сонымен қатар, осы алып компаниямыздың басшысының өзі бұл бағытта жетістікке жете алмасын әлден мойындаған еді ғой.

-Иә, түсінемін. Өте ауыр жүк. Алайда естеріңізге салайын: «Барлығы мүмкін! Мүмкін емес ештеңе болмайды!» Бұл кімдердің ұраны еді?!

-Ал өз шаруаң жайына қалып жүрмесіне кепілдік беремісің? Екеуін қатар алып жүру...

-Басеке, маған деген сенімдеріңізге сызат түсейін дегені ме? Бұл қалай болғаны? Мен бұл жаңалықты осынша қиын жағдайда қабылдайтындарыңызды мүлдем елестете алмап едім.

-Себебі сенің бұған дейінгі тапқырлвқпен тапқан ұшқар ойларыңның бастамасы бар болатын немесе біздің сферамызға сай келетін. Ал бүгінгі сарпын...

-Бүгін жобаның мән-жайын, құрылатын жаңа топ және т.б.мәліметтерді дайындайын.

      Іске қызу  түрде кірісіп кеткені сонша, тіпті телефонның шырылын де естіместен өз ісімен  беріле шұғылдана берді. Кенеттен  келіп жанына жайғасқан ағайтайын әрең байқап, өз әлеміне оралуға мәжбүр болды.

-Аманбысыз, ағатай?

-Жаңалықты естіген бойым осы. Өзің аман-есенбісің? Шынымды айтсам бұл шешіміңе қатты таңырқадым. Ал сенің қызу жұмыс үстіндегі кейпіңді көріп қана жай таптым.

-Алғашында сенім артушылар санаулы ғана болады. Бұл заңды немесе қалыпты жайт деп қабылдауға еш кері пікір  жоқ.  Ал арманыма жеткенде...

- Кеше бір жоспарың бар секілді көрініп еді, қателеспесем,-деп үзіліссіз жұмыс істей бермесін деген оймен, әрі кешегі жағдайды білуге деген қызығушылықпен, сөзге тарта отырып телефон тұсқасын көтере: -Қызым, бізге екі кофе және тәттілерден де алдырта қойшы, -деп тапсырыс бере жігітке ашық сөйлеспей кетпесін тұспалдады.

-Аздаған үзіліс жасап алсам ары қарай жақсы жұмыс істейтін болармын.

-Жұмыс, жұмыс, немене жұмыстан басқа қызық құрып қалыпты ма?

-Мәселе осы ғой, сол қызыққа жетуім үшін күні-түні жұмыс істеуім керек.

-Кеше бірдеңе біле алдың ба?

-Иә, тағы да мына санама сыйғыза алмастай жаңалықтан хабардар болдым.

-Қандай жаңалық?- деген сәтте хатшы қыз тапсырыстарын әкеліп жатқан болатын.

-Сіз бұл жолы маған сенбессіз.

-Ол жағын қазір көре жатармыз.

-Маған тез арада уақыт кемесін жасап шығару керек! Немесе мифтік әңгімелерге сүйене отырып, сонда баяндалатын уақыт қақпаларына барып, бағымды сынап көремін. Бұл екінші орындағы шешімім. Ал дәл қазіргі сәтте қолымнан  келгенін байқап көрейін.

-Сенімдімісің?

-Болмай жатса ешқандай өкініш жоқ, мақсатым тек онымен қауышу.

-Жігітім, тыңда! Менің бір танысымның басынан бір жайт өткен еді.

-Иә, тыңдап отырмын, жалғастыра беріңіз.

-Мен ол кезде оған онша сеніңкіремегендіктен, оның әңгімесін дұрыстап тыңдамаған екенмін. Қаласаң мен сені онымен жолықтырайын.

-Әрине, бұл мен үшін өте маңызды екенін өзіңізден басқа кім артық түсінеді.

-Мен оған хабарласайын, кейін саған да бір хабарын беремін,- деп ойына алған ісін бітіргенше ағыса шығып кетті.

-Бұның да ешқандай зияны тие қоймас, не болса да байқап көрейін,- деді өз-өзімен жеке қалғанда дауыстай сөйлей.

      Сол періштесіне жолығатын сәтті қатты қалағаны сонша түнге дейін бас алмай жұмыс істей берді. Өз жобасынан шаршаған сәтте мифтік аңыздарды да іздестіріп, барлық мүмкіндікті қалт жібермеуге тырысты.

-Достым-ау, кешке көрісетінімізді естен шығарып алған секілдісің,-деп кабинетіне кіріп келген досын көргенде, жас жігіттің жүзі жадырап шыға берді. Себебі досымен бірге талқылайтын әңгіме барысында ол рахаттанатын.  Ол туралы айта бергісі келетін. Түсінде көргендердің есте қалған әр сәтін қалт жібермей айтатын. Маңызды немесе маңызды еместігі оны алаңдатпайтын. Әйтеуір аузына түскен оның әр бейнесін айта беретін. Кейбірін он шақты рет қайталап айтқанын өзі де байқамайтын.

-Естен шықпаса, менімен әлдеқашан жолығар едің, келгенің жақсы болды ғой. Мында әбден есімнен адасып кетердей болып отырмын.

       Досы голограммалы экрандардағы оның іздестірген ақпараттарын көріп:

-Мұндай аңыздарды қарай берсең, мына отырған жылы креслоңнан айырылып қалуың мүмкін екенін білемісің?

-Шынында да солай, оны байқадым.  Өз әлеміне, құпия мен жұмбаққа толы сырлы әлеміне еріксіз тартып алады екен! Ал сен қайдан білесің?

-Менің білмейтінім жердің түбінде!

-Иә, айыпқа бұйырмассыз, білгіш мырза. Сенің білмейтін дүниең жоғын естен шығарып алыппын. Олай болса, білгіштігіңнің пайдасын тағы бір мәрте сынап көрмедік пе?

-Қашанда көмек көрсетуге әзірмін!- деді ыржалақтай кеудесін кере.

-Жә, әзірге мақтануыңа ерте. Қысқасы, маған осылар туралы  білетініңді айт.

-Уақыт қақпасы, құпияға толы аралдар, небір сиқырлы айналар,  уақыт машинасын жасауға деген адамдардың бос сандырағы...

-Сен менің жобамды да сандыраққа жатқызамысың сонда?

-Егер технология жолымен болса.

-Басқа қандай жол ұсынасың?

-Ол біз қалағаннан бола салатын іс емес! Табиғаттың тылсым сыры. Және уақытша ғана орын алатын құбылысқа жатады. Ал ең ұзақ дегеннің өзінде бастапқы нүктеге қайта оралатының анық. Жалпы мұндай хикаяларды бастан кешкендер біршама. Олар алған әсерлерін айналасындағыларға айта бастаса,  емдеу орталықтарынан бір шығатыны өте өкінішті. Артынша сау адамды дәрі-дәрмек арқылы ауру етіп шығарады. 

-Құпия түрде ұстау керек дейсің ғой ?

-Әрине, егерде бастан кешіріп жатырсаң,-дей екеуі бір сәт қиялға батып кеткендеріне күлді.

-Тағы...

-Ормандар, мұхиттар мен теңіздер, тіпті аспанның ең биігінде  жүріп-ақ неше түрлі оқиғаның куәсі болуыңа болады. Мұндай жағдайлар бұрындары жиі орын алған. Шамасы өзгерісті бізге қарағанда бұрынғылар қатты қаласа керек!

-Міне қызық! Мен әлдебір аралды және ондағы түсініксіз ағаш жайлы да мәлімет таптым.

-Ол туралы да аздап естуім бар.

-Басқаларына қарағанда осы нанымдылау көрінді.

-Айырмасы не? Барлығы бір тақырып аясында емес пе?

-Олай болса технологияға неге сенім артпайсың? Қарасаңшы айналаңа! Барлығы техниканың жемісі емес пе?

-Бұлар жай ғана қазіргі сәтке тән.

-Сен осының аясында ақпарат іздестір, мен ертеңге жоспарланған жұмысты тындырайын.

       Осылайша түні бойына бас көтерместен жұмыс істеді. Таң алдына қарай, екеуі тәтті ұйқының құшағында енді.

Ол әлдебір қорқынышты түс көріп, шошына оянды.

-Қорқынышты түс көрдің бе? Әлде түсіңде оны басқаның құшағында көрдің бе? Тоқта! Әлде ол сенің ұсынысыңнан бас тартты ма? Ой сұмдық-ай! Сөйлесе алдың ба?- деп алаңдаған кісінің образына кіріп кеткені сонша, сол образды досы барынша сәтті орындады.

-Қылжалақтай бергенді қашан қоясың? Дәл осындай маңызды сәтте қоя тұрсаң болады ғой!

-Ашуыңды басып, не болғанын айтсаң...

-Білмеймін, есімде көп ештеңе қалмапты. Ол әлденелерді тұспалдағандай болды.

 -Заңдылық, яғни адамдар оянған сәтте көрген түсінің 90%-ын ұмытып қалады.

-Қанша пайыз екенін есептесіп жатуға  уақытым да, құлқым да жоқ!

-Жә, қалжыңдаймын. Әйтсе де, таң атпай сонша бұлданғаның  қызық екен.  Жақсылап таңғы ас ішіп алсақ, ашуың басылатын шығар?- деп голограмма арқылы тапсырыс жасады.

-Әй, сен ешқашан өзгермессің! Тіпті осындай сәтте де өз қарныңның тоқтығын ойлаудасың. Ал мен байғұс махаббаттың отында өртеніп  жүрмін.  Неге сені ешкімге ғашық болып көрмеген десем...

-Иә, мен мұндай азапты көтере алмаймын ғой, - күлкіге басты

-Шынында...

-Иә? Ары қарай не айтқалы отыр едің?

-Егер ғашық болып қалсаң не істейсің?

-Бәлесінен аулақ! Мен саған қанша мәрте қайталауыма болады?!

-Несі бар? Бәрі де мүмкін ғой!

-Тек менімен емес!

-Неге? Ерекше жаратылмаған шығарсың?

-Жауабы өте қарапайым. Себебі менде жүрек жоқ!-деп тағы да күлді.

-Болғанын қаламайсың ба?

-Ешқашан!

-Сен мына өмірдегінің барлығын байқап көргің келуші еді ғой.

-Тек махаббаттан  басқасын! Тек махаббатты емес!

-Менен жасырған сырың барын білмеппін. Әрдайым өзіңді басқаша ұстайсың! Не үшін жасырдың?

-Жай, ескі жараның аузын тырнағаннан не пайда?!

-Оның рас...

-Кейін реті келіп жатса,  айта жатармын. Ал қазір біздің басқа да маңызды шаруаларымыз жетіп артылады.

-Өткен шақты  талқылағанша, болашақты талқылайық десеңші

-Иә, себебі сол пайдалырақ.

-Неге?  Менен бүккен сырыңды айтсаң бір жеңілдеп қаласың ғой. Жалпы, өткен шақтың да естеліктерін талқылау  адамға рахат сыйламай  қоймайды ғой. Арқаңнан ауыр жүк түскендей керемет сезімде боласың.

-Кейін...

 -Келістік!

-Ал бүгінгі шаруаны неден бастаймыз?

-Мына картинадан!- деп кабинетіндегі картинаны нұсқады.

-Картинадан? Қызық екен!- деп таңғала езу тарта картина жанына барып біраз қарады.

- Байқадың ба?         

-Таңғалудамын... Қалайша бұрындары байқамағанмын?

    Қабырғада үлкен басекелерінің өз кабинетінде түскен суреті еді.

-Менің өзім жақында байқадым.

-Үлкен басекеміздің осындай қызығушылығы барын  білмеппін, әрі XVIII ғасырдағы сарайлардың картиналарын оның кабинетінен бұрын-соңды байқаған емеспін. Қызық екен!

-Мен саған қазір қызықтың көкесін көрсетемін! Менің түсімнің көшірмесі бар ма? Және өткен жолғы ақпараттық жүйеден табылған мәліметтер ше ?

-Әрине, барлығын жазбаға көшіріп алғанмын.  Мінекей,- деп қалтасынан шығарып берген бойы жас жігіт оны қайта қарауға кірісті.

-Не үшін?

-Қазір... Өткен жолы оның сурет салатын өнері жайында танысқан едік, есіңде болар?

-Әрине, бірақ ол жай қызығушылық... Демек,–деп ол досына қарап қатты таңырқады.

-Міне, оның салған  картиналары! Міне бастықтың кабинетінде тұрған қабырға суреті.

-Тіпті не дерімді білмей тұрғаным... Алайда басекенің қатысы қанша?

-Біз осыны анықтауымыз керек!

- Ал түсіңдегі жазбадан не көрсетпекші едің?

-Айтпақшы ол да бар екен ғой,-деп ол жазбаны да экранмен байланыстырды. Орта тұсына әкеліп:- Міне театр сахнасында ілініп тұрған картинаны көріп тұрмысың?

-Қалайша бұлай болуы мүмкін?! Біздің отырған кабинетімізде, мәлімет беру жүйесінде және сенің де түсіңде жүрген бір картина емес пе?

-Дәл өзі!- деп картинаға қайтадан беттеді. –Мынаны қара! Мында, картинаның оң жақ төменгі бұрышында автор аты көрсетілген! – деген сәтте досы үлкейткіш әйнек алып қасына барды.

-Ештеңені анық көруіміз мүмкін емес.

-Расында да.

-Кеттік!

-Қайда?

-Үлкен бастықтың кабинетіне.

-Ол жаққа кіргізбесі анық.

-Иә, марқұм жақында ғана көз жұмып еді...

-Басқа амалымыз да жоқ секілді.

-Кішкене қараңғы батуын күтуіміз керек.

-Үлкейткіш құралды ұмытып кетпейік.

-Әрине, онсыз шаруамыз бітпес,-деп күлді де:-Түпнұсқадан көре аламыз деген үміт бар ма?

-Үмітсіз шайтан!

      Кеш батып, барлық қызметкерлер үйлеріне тарап, компанияда тек күзетшілер ғана қалды. Олар ақырын ең жоғарғы қабаттағы үлкен бастықтың әрдайым жабық болатын  кабинетіне еш қиындықсыз кіріп кетті.

-Жарықты жақ,- деп тағаты таусылған жігіт ақырын күбірлей сөйледі. Екеуі әдемі етіліп салынған сарай суретінің алдына келіп, үлкейткіш құрал арқылы картинаның авторының есіміне көз жеткізді.

-Мүмкін емес! Бұл қалай болғаны?

-Үлкен бастықтың XVIII ғасыр ханшайымына қатысы қанша?

-Менің де ешқандай жорамал жасауға ...

-Таң атысымен оның үйіне  барайық,-деп досы ұсыныс айтты.

-Бірдеңе біле алсақ жақсы.

-Иә...

      Таң атты және олар үлкен бастығының үйіне келді. Есікті 60 жас шамасындағы күтімі бар әйел ашады.

-Сәлеметсізбе, қал жағдайыңыз қалай?

-Сәлеметпісіздер, сіздерді есіме түсіре алмай тұрғаным, айыпқа бұйырмассыздар,-деп сыпайы түрде қарсы алды.

-Біз марқұм жұбайыңыздың компаниясынан келіп тұрған едік. Сізден бірер мәлімет сұрасақ қарсы емессіз бе?

-Жоға, келіңіздер, төрлетіңіздер. Бір көмегім тиіп жатырса, маған да қуаныш болар еді,-деп жұмыс бөлмеге беттей келе:-Бізге үш кофе тәттілермен,- деп роботқа тапсырма берді. Жұмыс бөлмесіне кіріп келе жатырып, әлдебір картинаның бетін байқатпай жауып қойды да:-Иә, айта беріңіздер, қандай шаруамен келіп едіңіздер?-деп ештеңе білмейтін адамдай кейіп танытты. Жігіттер де жайғасып болып, үлтел үстіне әлгі каринаны қойды да:-Осы картина туралы бар білетініңізді айтқаныңызды қалаймын,-деп сарайдың суретін алдына тастады. Сол сәтте досы да ол суреттің осы бөлмеде де тұрғанын байқай меңзеді.

-Осы ма? Бар білгілеріңіз келетіні осы ма? –деп оның түрі бұзылып кетті. Алайда байқатпауға  тырысты. Бір сәтте қарқылдай күліп жібереді де:-Маған осы сурет туралы сұрап келетіндер өте көп,- деп құтылудың амалына көшті. –Алайда мен дәл осы картина туралы ешқандай мәлімет бере алмаймын.

-Не себепті?

-Білмеймін. Бұл кайдан шыққан картина және кімнің салған өте  нашар картинасы еді...Шынында, ештеңеден хабарым жоқ! Басқа шаруаларыңыз болмаса, менің бір жерге баруым керек еді... Айыпқа бұйырмассыздар,- деп қобалжып кетті. Өңі бұзылып, дауысы да дірілдей шықты.

Тысқа шыққан екеуі:

-Өтірік айтады!

-Ол бізден үлкен бір құпияны жасырды. Бірақ біз ол жұмбақтың сырын  міндетті түрде ашуымыз керек!

-Ол ештеңені айтпасы анық.

-Бүгін  басқа жолдарын ойластырып көрейік. Мүмкін бір шешімі табылып қалар.

-Әрине-әрине, бұл  құпияның сыры мен қырына қанығатын сәт те алыс емес!- деп досы да қолдау көрсетті. Екеуі бір-біріне амандық тілесіп, досы үйіне, ал жас жігіт жұмыс кабинетіне оралды.

 

 

2-бөлім

-Ханшайым, қайырлы таң!

-Қанша айтсам да... Ой, жарайды, солай ақ болсын. Бәрібір маған құлақ асқалы тұрған ешкім жоқ.

-Пах шіркін, не деген қарапайымдылық?!

-Айыпқа бұйырмассыз! Мен басқа біреу екен деп қалдым. Қазір реттеніп келейін,- деп таң атпастан бұл кісімен жолығамын деп ойламаған ханша қыз сасқалақтай тілін тістеп кете барды.

-Ештеңе етпес, қысылма! Мен осында күтейін,- бұл ханшайымға дәмелі ханзадалардың бірінің анасы болатын.  Жай топтың бірі деп айту қиындау. Себебі, отбасымен жақсы араласатын, әрі беделді көрші ел  патшайымы еді.Бала күнінен бері айтулы даталарда жиі кездесетін. Ал қазір жиілік одан арта түсті. Түсіндіретін несі бар? Соңғы кездері ұлының қамы үшін осында келуге сылтау мен себеп іздегіш болып кеткені болмаса, өзі жеңіл мінезді, ашық-жарқын әйел болатын. Аздап тілінің ашшылығы да бар екенін мойындамасқа тағы болмас.

-Қалыңыз қалай? Тағы да кешірім сұраймын. Сізді көремін деп мүлдем ойламаппын.

-Менде әрдайым барлығы керемет, оны өзің де жақсы білесің, жарығым.

-Әлбетте. Жүріңіз, сізді таңғы асқа шақырамын.

-Күнім-ау, мені таңғы асқа ешкім шақырмады деймісің?! Мен өзіңе келдім, сөйлессек қалай қарайсың?

-Маған?-деді өтірік таңырқай.

-Иә, саған. Білесің ғой...

Кенеттен: -Таңғы асқа кешіксек әкеміз ренжитінін жақсы білесің ғой, неге әлі осындасың?- деген әпкесінің даусы естілді. –Ой, кешірерсіз. Мен ханшайым жалғыз екен деп қалдым.

-Олай болса кейінірек сойлесерміз,-деді ханшайым қуана. Қарсылық танытуға  дәті бармай, тартқыншақтауға да ұялыңқырап отырған сәтінде келген әпкесіне риза болып қалды. Құдды бір апаттан аман сақтап қалғандай.

-Не дейін енді? Келесі жолы десең, солай-ақ болсын. Жүріңдер, тезірек барайық, әйтпесе патшамыздың қаһарына ұшырап қалып жүрерміз,- деп қарқылдай күлкіге баса әйел  шығар есікке қарай беттеді. Артта қалған апалы-сіңлілі екеуі майыса оның артынан ілесті.

     Арада сәл уақыт өтті. Күні бойы  бөлмесінен шықпаған сіңлісіне алаңдаған әпкесі бөлмесіне барып:

-Соңғы кездері саған не болып жүр?

-Айтарлықтай ештеңе бола қоймады...

-Жақында ол ойың орындала ма деп алаңдаулысың ба?

-Қай ойды айтасың?

-Жә, қойшы өтірік мүләйімсімей!

-Рас айтамын. Нені меңзеп тұрғаныңды ұқпадым?

-Енді... Қалай айтсам екен? Өзің де білесің ғой, әлгі патшайымның келгіштеуінің себебін айтамын.

 -Оны қойшы, басқа да мәселелерім жетіп жатыр.

-Ол не мәселе? Менен бірдеңе жасыратын болғанбысың? Сіңлім-ау, түсінемін сені. Алғашында қалай болар екен деп алаңдайсың...

-Жоқ, әпке! Мен тақырыпты мүлдем басқа арнаға бұруға мәжбүрмін.

-Басқа не болуы мүмкін?- деген бойы сол еді, сұлу  сіңлісінің жүзі жадырап шыға келді.

-Әпке, мен... Білемін маған сенбесіңді, бірақ айтпасам жарылып кетердей әрең шыдап жүрмін.

-Ішіңдегіні маған ақтарып сал!

-Ол... Мүлдем басқа, құдды біздің әлемнен емес секілді. Ол мені алғашқы сәттен-ақ өзіне тәнті етті. Әр кездесуді асыға күтемін...

-Масқара! Сұмдық-ай! Сен не бүлдіріп жүрсің? Сарай қызметшілерінің бірі ме ол? Қалайша байқамай жүргем? Әкеміз білсе басы кетеді ғой. Батылын-ай өзінің, сенімен кездесуге...

-Әпке! Не деп кеттің? Айтып отырмын ғой, ол - бізден емес!

-Қалайша? Сен әр кездесуге ынтық екеніңді айтпап па едің?

-Иә, айттым. Бірақ бұл жүзбе-жүз дегенді білдірмейді ғой.

-Ал?

-Біз... Қайдағы біз? Мен оны күн сайын тәтті түңгі ұйқымда көремін. Егер тез арада оның кім екенін анықтамасам...

-Әлгі немеге өмір бойы қызмет етесің!- деп бүгін келген патшайымды тұспалдай мазақ етті.      

-Дәл солай болмас үшін маған көмектесесің бе?

-Алдымен дұрыстап баяндасаңшы? Қалай көріп жүрсің түсіңде, мүмкін осындағыларлың бірі шығар? Өмірі көрмеген адамды түсінде көру мүмкін бе? Әлде оған тұрмысқа шықпас үшін қиялыңнан ханзада сызып алғаның ба?

-Мүмкін... Бірақ қазіргі сәтте оны тез арада іздестіруім керек!

-Оның түр  келбеті есіңде ме?

-Әрине, күн сайын көретін бейнемді қалай ұмытайын!- деп қиялға берілуге әзірленді.

-Мен суретші шақырайын.

-Әпке, керегі жоқ. Бұл барынша құпия болуы керек. Және сенен басқа тірі жан баласы білмеуі керек! 

-Суреті болмаса менің қандай көмегім тиеді? Мен қалай іздеймін?- деп бұрқылдаған сәтте жастығының астынан оның портретін алып, әпкесіне көрсетті.

-Ал, не дейсің?

-Расында да! Бізден емес екені анық. Қызық...- деп үнсіз суретке қарап ұзақ ойланды. –Сенің сурет салатын қабілетің бар ма еді?!

-Ғашық адамның қолынан барлығы келеді екен. Суретші де, басқа қылды ғой мені мына сиқым,- деді жымия.

-Жаныңды нәзіктендіреді де...

-Дәл солай!

- Қандай керемет едің? Қане, көрсет өнеріңді!  Сурет салу шеберлігіңде мін жоқ, бала кезден шұғылданған тәжірибелі суретші секілдісің!

-Бұл әзірше бастамасы,- деп сіңлісі де марқайып қалды. –Менің қолым тиген қаламның алғашқы туындысы. Іздестіру жұмыстарын қашан байтаймыз?

-Осында кешке жолығайын ба?

-Иә. Сол кезде барлығын ақылдасармыз және  менің сезімімнің қаншалықты алып екеніне куә боласың.

-Бүгінгі кешті тағатсыздана күтетін боламын,  көріскенше,- деп әпкесі шаруалары барын меңзей шығып кетті. Әпкесі кетісімен қолына сия мен қағаз алып жазуға кірісті.  Ішіндегі мұңын қағаз бен қаламға ақтарып,  сыр шертіп алды.

      Уақыт зулап өте шықты. Самал желімен  тылсым құбылысқа толы кеш те келіп жетті. Қимастықпен күн де өз ұясына әрең бата, түнге өз кезегін беруге мәжбүр болды.

-Есікті жақсылап жаптың ба?

-Қыздар қайда?

-Мен оларға түні бойы  сенімен боламын деп демалыс бердім.

-Жақсы. Ал енді оны қайдан және қалай іздейтінімізді айтшы?

-Әпке, менің ойымша, мен оны орталық театрдан көрген болуым керек. Себебі басқа ешқайда бармадым. Сол театрға барып қайтсақ қайтеді?

-Күні ертең оның да театрға баруына кім кепіл?

-Басқа амалымыз да жоқ емес пе?!

-Басқа қай жерден іздейміз? Мүмкін тағы да барған жерлерің бар шығар?

-Айтпақшы мен күн сайын көлдің жағасына барамын.

-Қай көл?

-Сарайды сыртынан салу ыңғайлы. Әлгі шет жақтағы кішкене көлшікті айтамын.

-Иә, ол жақта неше түрлі құбылыстар болып тұратындығыдан хабарың бар ма?

-Қандай құбылысты айтасың?

-Әлдебір бейтаныс адамды байқағандар өте көп. Шуласып жарыса айтуда.

-Мүмкін ол...

-Қате пікір! Себебі ол алпыстан асқан шал. Сенің ханзадаң болуы мүмкін емес.

-Қызық екен, мен ештеңе байқаған емеспін. Күн сайын сол жерде көп уақытымды өткізсем де, ешқандай тылсым құбылыс көрмедім.

-Жә, ол жай елдің аузындағы өтірік әңгіме болар. Ол жерге не шаруамен барып жүрсің?

-Айттым емес пе, сарайдың алыстағы көрінісін қағазға түсірудемін. Және бұл мен үшін ерекше туынды болғалы тұр. Театрдан кейін сонда барсақ, қалай қарайсың?

-Жақсы, келістік. Кеш болып кетпей ме?

-Онда одан  кейінгі күні.

-Осылай ыңғайлы болатын секілді. Қане әлгі портретті берші, тағы бір мәрте шолып шығайын. Ертең іздестіреміз ғой,-деп жылы жүзбен сұрады.

-Мінекей, қарашы, өзі ерекше тұлға! – деген ханшайымның  жүзі нұрланып сала берді. Екеуі түні бойы сырласты. Ертесіне театрға келді.

-Мен бұл жерден суреттегідей кісі көре алмай отырмын,-деді әпкесі жан-жағына мұқият қарап.

-Мен де... Ол бүгін келмеген шығар?!     
-Мүмкін.

-Жарайды, алғашқы күннен жолымыз бола салмайтын шығар,-деп өз-өздерін жұбатып, сахнадағы қойылымға назар аударды.

        Әртіс қыз мұңлы, ренжулі, әрі әлденеден қатты көңілі қалған кескінмен сахнаға  шықты. Тіпті бар ішіндегі сырымен бөліскісі келетіндей. Әрине, солай екені рас болып шықты. Сахнаға шығып, сөзін осылайша бастады: 

«Алдандым! Тағы да жалған өтірікке алдандым. Тағы да арман мен қиялға толы  түндер кештім. Тағы да мүмкін емес махаббатқа  үміттендім. Тағы да... Тағы да бейкүнә іспетті қараған көз жанарына  сенім арттым. Тағы да жылы-жылы  сөйлеген сөздері мен іс-әрекеттерін жүрегіме жақын қабылдадым. Және тағы да оңбай сабақ алдым... Бір ауыз сөз! Барлық үміт пен сезімді су секілді, тіпті  тасқынша  шайып әкетті. Бар-жоғы бір ауыз сөзбен  осыған дейінгі  менің санамда қалыптасқан жақсы пікірлерді, нәзік жүрегіме жол таба білген  көптеген қасиеттерін бір-ақ сәтте жоққа шығарды. Бір ауыз сөзбен...  Әп сәтте болған су тасқынынан зардап шеккен  халық секілді, мына менің жүрегімде, жұдырықтай ғана кішкентай, нәзік, пәк жүрегімде алай-дүлей. Қанша уақытта қалыптасқан пікірлер енді жоқ. Тіпті болмаған да секілді. Жақсы көру атты сезім мүлдем жоқ. Кеудем толы оған деген жеккөрініш!  Өкініш... Қаншалықты жақын болсақ та, мен ол адамның шынайы  бет-бейнесін және оның шын мәнісінде қандай адам екенін көріп-біле алмаппын. Соқыр болыппын...Мүмкін менің тарапымнан туған жақсы пікірлер оған тым сәйкес келмейтін шығар. Осынша уақыт жақсы болып көріну ауыр тиген шығар.  Шынайылықтан аттап әрі қарай кете алмаған шығар.  Мүмкін мен қате бағалаған да шығармын. Әйтеуір көзім ашылды. Жай ашыла салмады. Өзі ашты. Бір ауыз сөз сөйлеп, аспанды айналдырып жерге түсірді.  Мүмкін еместі мүмкін етті. Және ең өзектісі, өз қолымен өз бетпердесін еш қиындықсыз ашып берді. Енді  менің санамдағы пікірлер жаңарды. Барлығы дерлік керісінше бағыт алды. Осылай аяқталғаны өте өкінішті. Шаршадым! Шаршадым мен!  Шаршадым жалған үміттен. Шаршадым жалған сүйемін дейтін кездерден. Шаршадым жылы-жылы жанымды баураған сөздерден. Шаршадым үміт сыйлаған күндерден. Шаршадым бәрінен. Шаршадым үнемі алданып жүруден. Шаршадым қиялға батырған түндерден. Шаршадым өткен  күннің естеліктерінен. Барлығынан... Ғашық болып, үміттенетін махаббаттан шаршадым. Иә-иә, ғашық болып, үміттенетін махаббат атты майданда күресуден шаршадым...»

-Бәрекелді!- деп барлығы көзіне жас ала, орындарынан тұрып қошемет көрсетті. Барынша шынайы болғандықтан, театрдағы әр көрерменнің жүрегіне  жол тапты.

-Керемет емес пе?-деді қайтар жолда әсерінен арыла алмағанынан нұсқау беріп.

-Әрине!  Бірақ біз бүгін дегенімізге жете алмадық қой...

-Есесіне керемет монологтың куәсі болдық. Жалпы өкінішім жоқ.

-Егер тез арада таппасақ...

-Әпке, қойшы! Біз оны жақын арада табамыз деп үміттенемін.

-Мен саған шындықты айтып тұрмын,- деді сіңлісінің болашағына алаңдаулы кейіппен.

-Ол ханзадаға бере қоймас, әлі ерте емес пе?

-Саяси жағдайымыз мәз емес, көрші хандықтармен байланысты нығайту мақсатында...

-Мен  оларға ешқандай саяси тауар емеспін!

-Патшамыз оны сенен сұрап жатпайды!

-Мен қарсылығымды ашық айта аламын.

-Оған ешқандай күмәнім жоқ, бірақ сені тыңдаса жақсы ғой.

-Келіп қалыппыз ғой,-деп күймеден ақырын ғана түсіп жатып:- Ертең таңертең сені күтемін,-деді.

-Таңертең?

-Иә, кешке театрға баруымыз керек!
-Бір күнде екі шаруа...

-Тезірек табуымыз керек, әпке!-деді қатты абыржулы кейіппен.

-Әрине табамыз, қайырлы түн, сұлу ханшайымым!- деп бетін алақанымен сипай жымия қарады.

-Сағанда қайырлы түн тілеймін!  Және көп рахмет!

-Алғыс білдіруге әлі ерте,- деп сыпайы түрде сәл күлімдеп.

     Бөлмесіне оралған сәтте қиядың жетегіне еріп, түнгі ұйқы құшағына кетті. Соңғы кезде ол үшін түнгі ұйқының орны ерекше болып кетті. Өз әлемінен өзге әлемнің адамын кездестіргендей әсер алатын. Күндіз қиялға батып, көл жағасында сурет салумен шұғылданса, уақыт зымырайтындай көрінетін. Ал түнді ерекше асыға күтетін...

-Қайырлы таң!  Бүгінгі кезедесулерің қалай өтті?

-Бүгін түс көрмеген секілдімін.

-Қалайша? Сен оны күн сайын көретініңді айтпап  па едің?

-Иә, алайда осымен екінші рет көре алмауым. Бұл неге байланысты екен?

-Қызық... Оны кейін талқылай жатармыз. Қазір кетуіміз керек. Мен аздап таңғы асқа бірдеңелер алып шықтым. Тезірек реттеніп ал,-деді әпкесі қолындағы шүберекке ораулы ыдыс толы тағамдарды сәл көтере.

        Екеуі күймемен сарай сыртына шығып, көлдің жағасында келіп жайғасты. Ханшайым әлденеге ораулы парақтарын шығарып жатты.

-Суреттер ме?

-Иә, сарайды алыстан салып  жүрмін. Әдемі көрініс емес пе?

-Көрініс те, сенің салған суретің де әдемі,- деп екеуі таңғы астарын ішіп болып, іске кірісті.

-Әпке, мен осында отырып, суретті жалғастыра беремін.

-Маған іздестіріп жүрген жігіттің суретінің  көшірмесі болса берші.

-Менде оның суреттері жетерлік,- деп жымия қағаздады парақтай отырып біреуін алып берді.

-Мен осы маңда боламын, алысқа ұзамаймын, алаң болма!-деді де  әпкесі қолына портретті ұстай кете барды.

-Абай бол!- деп артынан айқайлаған ханшайымның дауысын естіді ме, жоқ па беймәлім.

       Бір сәт қатты дауыл тұрып, қолдарындағы қағаздарының барлығынан айырлып қалды.

-Мұнысы несі? Сонша жел тұрғаныны қалай? – деп әпкесі ханшайым жаққа қайта оралуға ыңғайланды.

-Әпке, адасып кетпей келдің бе? Ендігі алаңдай бастаған едім,-деп бір-бірін құшақтап алды.

-Бұл жерден тезірек кетейік, қауіп төнген белгі секілді.

-Қауіп төнгені қалай? Бұл жерде мен жиі боламын, бірақ ешқандай қауіптенесіндей белгі болған емес!

-Қазіргі дауыл туралы не ойлайсың?

-Айй, менің салған суреттерім, қайда барасыңдар? Қап, сарай суретін жаңа ғана бітірген едім!

-Қайдағы сурет? Қазір мына дауылдың арты құйынға ұласса...

-Оның портреттері де кетті,- деп ашуға булықты.

-Суретті қайта салуға да болады, осыдан аман шықсақ әрине...-деп екеуі күйме тұрған жаққа жүгіре жөнелді.

       Алғашында жай соққан желдің дауылға, одан әрі құйынға ұласарын кім білген?!

-Табиғат неге сонша қаһарына мінді? Мен бұл жердің мамыражай тірлігіне үйренісіп қалыппын.

-Мен саған бұл жерде әлдебір адамның пайда болатынын және тылсым табиғи құбылыстарыдың орын алатынын айтып едім ғой, есіңде болар?- деп талқылауға кірісті күймеге жайғасқан олар.

-Демек...

-Менің түсінігімше, әлдебір күдікті адам келер алдында  табиғат осылай өзгеретін секілді.

-Мен бүгін түсімде оны көрмедім! Бұған қатысы бар деп ойлаймысың?

-Білмедім, ештеңені түсіне алар емеспін. Демек, ел аузында жүрген әңгіме рас болғаны ғой.

-Сарайға барамыз ба?

-Театрға бүгін бару қауіпті. Сарайға оралып, бұл құбылысты анықтауымыз керек.

-Жарайды,-деп әңгімені жауып, екеуі де үнсіз жол бойы ойға шомумен болды.

      Әпкесінің ойына еріксіз бір әйел орала берді, орала берді.  Алайда ол әйелді аса жақтыра қоймайтын. Бірақ қазіргі жағдай оларды бұған аса мән бермеуге шақыратындай. Оның ойынша, әлемдегі барлық уақыт қақпалары мен тылсым құпияға толы, сыры ашылмаған көптеген жайттардан хабары бар осы кісі ғана секілді. Ел аузындағы әңгімеге назар аудармайын десе де, бүгінгі орын алған құбылыстар оның мазасын қашырды.

        Біраз уақыт бірде біреуінде үн болмады. Әркім өз ішкі әлемімен сырын шертісуде. Ауа-райының бұл қылығы олардың өз-өзімен қалуларына, күрделі мәселелерді тереңнен ойлана сараптауға еш кедергі келтіре алмады. Әркімнің өз шындығы болды. Ал дала көрінісі қырық жыл бойына кек жинағандай қаһарына мінуін жалғастыра берді. Шынында адам сенгісіз құбылыстарымен осы күн тарихта атын қалдыратындай. Жол қысқарған сайын, құдды сарайға аяқ бітіп бұлардан қаша жөнелгендей жеткізіп болмады. Әп сәтте  аспан қара түнекке оралып, жұлдыздар сиреп, ай тұтылып, қара қою бұлттар аспан әлеміне үстемдік орнатып алмасы бар ма? Сақина секілді сызылған ай барынша сәуле шашқан еді, кенеттен пайда болған бұл бұлттарға қарсы тұруға қауқарсыз екендігін сезінгендей күрессіз көзден ғайып болды. Мүмкін бұлттар жылап, бір сергіп қалар деген оймен болар, мүмкін бізге де жарқырауға алда кезек келер дегендей сол қара түнектің арғы жағына еніп, тығылуға жақсы орын тапқандай. Енді сәуле шашар ешқандай жарық көзі қалмады. Оларға тек алыстан ғана сарайдың қоршауынан жалындап жанып тұрған от ұшқыны сәл-пәл көрінер-көрінбестей еді.  Жол болса кедір-бүдірге ұласты. Бұл көлшік қанша жерден әдемі көрніс берсе де, ханшайымнан басқа ешбір жанның айтарлықтай қызығушылығына іліккен емес.  Ханшайым үшін бұл орын жан рахатына бөленер өте ыңғайлы жер  болды.

      Жол бойында қараңғылықтан сәл қате бұрылыс жасай қалса, олар орманға тап болатынынан да жақсы хабардар. Жол мүлдем көрінер емес. Әйтеуір сарай жаққа қарай бағытпен жүрумен болды. 

      Арада сәл уақыт өтті. Әлі де болса үнсіздік. Бұл үнсіздіктен қысылып жатқан ешкім  жоқ. Бір жағынан сарайға тез оралуды қаласа, келесі ойы осы сапардың шектелмеуі болды. Көптен бірі өз ойларымен қалмаған олар жолдың созыла беруін шынымен қалады. Бірақ кенеттен:

-Ааай!

-Әпкеее...!- деген айқай аралас дауыстар ойда жоқта саңқ ете   шықты.

 

3-бөлім

Лекция  залы. Қарапайым интерактивті тақта мен  сөз сөйлеуге арналған сәл ғана көтеріңкі шағын сахна. Қарама-қарсы бетте қаз қатар тізілген әскер секілді орналастырылған көгілдір жапқыштағы орындықтарда лекция тыңдаушылары отыр.  Кейбірі тақырыпқа кіре, сұрақ-жауап арқылы  белсенділік таныта қатысуда, ал кейбірі осы жерде күштеп отырғызып қойғандай міз бақпай отырды да қойды.  Барлығы бүгінге жоспарланған екі тақырыпта қозғалатын лекцияны тым ауырсынғандай.  Осылайша аудиторияда  бірінші лекция өтіп жатты. Лекция  сәтті өтіп жатты деуге де болады, тек ұйқыдағы қатысушыларды есепке алмағанда:

-Менің бүгінгі лекция тақырыбым  сізге  қызықсыз болды ғой деймін шамасы?- деп тәтті ұйқының жетегіне іліне бастаған лекция қатысушысының бірінің жанына жақындай түсіп, сөзін әрі жалғады: - Сонымен қатар мойындау керек жайт, кұрметті тыңдаушылар  – әр  аудиторияда өтіліп жатқан лекцияны тыңдамайтын немесе артық қимылдар жасай отырып, лектор ойын шатыстыратын және айналасындағы тыңдаушылардың назарын да лекция тақырыбына сай емес әр түрлі басқа тақырыптарда әңгіме қозғай аудиторияның бір бөлігінің назарын өзіне аудара, лекторға ұнамсыз қылықтарымен  көзге түсетін қатысушылар да жиі кездесіп жатады.

Жетінші қатар. Барлық қатарда бар-жоғы он адамдық орындықтар орналастырылған. Соның ең біріншісінде отырған ол еді. Әлдебіреудің өте жақын маңнан шыққан «Менің бүгінгі лекция тақырыбым  сізге  қызықсыз болды ғой деймін шамасы?» деген  сөзінен кейін есін жиды. Сәл көзін ашып, айналаға зейін қойса, мүлдем бейтаныс ортада екенін тез ұға қойды.  Қасына келіп, аяңдамай кете берген лекторды көзбен бақылады. Жанындағы адамдарды да сұраққа толы көздерімен шолып  үлгерді. Лектор да еш ерінбестен  жеті қатарды кейін тастай алдыға барып, келесі жолмен қайта жеті қатар жүріп өтті де, жетінші қатардың ең соңғы, оныншы орындығындағы қатысушының жанына келді. Сәнді ақ  жейде мен классикалық стильдегі қара белдемшеге сәйкес қара биік өкшелі аяқ киім кигендіктен, лектордың басқан әр қадамынан-ақ  қаталдық үні еріксіз шығып тұрды.  Ұйқыдағы ханшайымға жақындай түскенде оның оянғанын  байқап, кейін қайта өз  лекция тақырыбын жалғастырды.

Осылайша өз замандарында ұйқы жетегінде кеткен екі бөлек ғасырдың адамдары  ХХІ ғасырға тап болды. Бірі болашақтан болса, екіншісі өткен шақтан келген қонақтар еді.  Бірі іскерлік әлемінің шыңына шыққан ақылды жігіт болса,  екіншісі  өз елінде барша жігіттің арманына айналған  ханшайым еді. Бірақ орталарының осынша өзгешелігіне қарамастан олар таныс болатын. Өйткені олар  бір-бірін түнгі ұйқыларында, ғажайыпқа толы түс әлемінде жолыққан. Жолыққан десек тым қарапайымдау болар. Екі ғасырдың адамы бір-бірінің жүрегін түсіне ену арқылы жаулап алды. Осыдан кейін тағдыр оларға кездесуге бір мүмкіндік бергендей, түс әлемі арқылы енетін уақыт қақпасының жолын айқара ашқан болатын. Мәңгілік ештеңе болмайтыны анық екенін ескерсек, уақытша ғана оларды жақындастыратын ХХІ ғасырда олар қандай оқиғамен бетпе-бет келеді? Және не үшін тағдыр оларға мұндай мүмкіндік берді? Бұл да әзірше құпия болмақ.

Осыдан кейін болашақтан келген жігіт  өз қатарының соңына көз тастауды  тым жиілетіп жіберді. Шыдай алмады. Себебі ханшайымы екеуінің арасында небәрі сегіз-ақ адам бар болатын.  Талай уақытқа толы ғасырлар емес, жай ғана сегіз адам. Аралары өздері армандағаннан да жақын болды. Олар тек түсінде жиірек көру немесе сол сәттің ұзаққа созылуын  тілеген еді.  Танысуға да асықпады. Әлі де болса түс ретінде қабылдады.  Танысуға өңі кедергі келтірер деген оймен бір-бірін алыстан қарайлап отыруға да көнгенді.  Өз-өздерін ұстай алмай қайта-қайта қарай берді. Қатар соңына қарайлауға магнит күші тартып тұратындай. Әрине, махаббат күшінің магниттікінен әлдеқайда күшті екенін ескерсек...

 

Ақыры сол сәт те келіп жетті. Сағынышы мен құпиясын жанар оты арқылы  жеткізер мөлдірген көздердің түйісу сәті. Олар түйісті. Өте ұзаққа... Бір біріне іштей сан алуан жауапсыз сұрақтарды жаудыра берді. Жауапты сөз арқылы емес,  көз арқылы алды.  Қонаққа келген бұл әлемдерінен де ойша жыраққа кетті. Бір-біріне деген өзгеше жақындықты сезінді. Құдды  бақыттарына қолы жеткендей,  осы сәттің тоқтап қалуын тілеумен болды.  Армансыз көз түйістірер сәтті, бір ауаны еркін жұтар сәтті, емін-еркін үнсіздік арқылы сырласар сәттің тууын екеуі де қатты-қатты қалаған еді. Күткен сәт  келіп жеткенде  көздеріне ұрлана қарау арқылы сырласты. Көздері түйісе қалса жүректерінің түбіндегі құпияны көріп, бір-бірінің сырын ұға түскендей болды.

Уақыт болса алға адымдай берді. Ешкімді күтіп жатпады. Терезеден төңірекке түн жамылғандығы да байқалды. Бір-бірін өз бағына теңеген олардың жақындасуға немесе мүлдем алыстауына  сәл ғана уақыттар қалды. Сезімдері алдамаса мұның ұзаққа созыларына  сенді. Ал олардың ішкі сенімдері ақтамаса ше? Өз-өздерін айыптамақ па? Ол ой әзірше  таразыға түспеді.

Лекцияның аяқталғандығын хабарлағаннан кейін, жанындағы жұрқа ілесе олар да тысқа шықты. Тағдырдың желі ме, лебі ме,қайдам? Екеуі бір-бірінің жандарынан шыға келді. Жақындай түскен сайын жүректерінің лүпіл қағуы жиілеп, көкіректеріне симай кетердей күй кешті.  Өз-өздерін қолға алуға қанша тырысса да қолдарынан келмеді. 

Осылайша тысқа шыққан жергілікті жұрт топ-топқа бөлініп,  жан-жаққа тарап кете барды.  Екеуі сол күннің кешінде белгісіз жерде оңаша  қатар жүріп келе жатты. Бара-бара аралары  да жақындай түсті. Ал жүрек түбіндегі сезім  одан әрі лапыдап, жалындай  берді.  Жүрек соғыстары жиілей, жүрістері баяулай түсті. Қолдары бір тиіп, бір тимей келе жатты. Тиіп кетсе өрттен алған күйіктей ашытып,  ал алыстай кетсе суықтан үсіп кетердей күйде болды.

Үнсіздік арқылы сырласудың бұлай жалғаса беруін қаламаған ханшайым бір ауыз тіл қатпастан өз бағытын өзгертіп кете барды. Тек соңғы көзқарас, соңғы көз түйістірер сәт арқылы бірдеңе айтпақшы болды. Алайда тек тұспалмен жеткізгісі келді. Тұспалдың өз мекен-жайына жетіп-жетпеуіне де еш бас қатырмады.  Ал ханшайымды тоқтата алмаған жігітті сол арада бір тылсым күш ұстап қалды. Ол нендей күш болды екен?

Түн де келіп, аспаннан ай сығалап, жұлдыздар жымыңдай көз қысқан қараңғы  кеш орнады.  Екеуі де көшедегі орындықтардың біріне жайғасты, бірақ бір ғасырда жүрсе де  әр түрлі орындарда болды. Жүректері бірдей соқса да, бір ауаны жұтса да, оларға бұл қуаныш сыйлай алмады. Ештеңе деместен бір орыннан екі жаққа бағыттай кете барды.Көкіректері намыс атты сезім билеп алды. Еріксіз... Бір-бірінен  намыс үшін  алыстағысы  келсе де, жүрек түбінде басқаша сезім жасырынғанын олар сезген болатын.

Қанша жерден олардың ішкі сырын білгеніммен, дәл олар  бастан кешкен ыстық сезімді шынайы жеткізу қолымнан келмесін мойындай отыра, өз бастан кешкендерін баяндауға  аз ғана уақытқа бөгет болмайын деп шештім. Олай болса сөз кезегін алдымен болашақтан келген жігітке бердім.

                              

              ***

«Бастапқыда ештеңе айта алмадым. Тілім байланып  қалғандай бір ауыз сөз айту да қолымнан келмеді. Айтуға оқталмадым да, тіпті үнсіздік арқылы сырласу мен үшін жеткілікті болғандай.  Осылайша жол бойы  өзімді жазғыра, өткеріп жатқан бойымдағы өзгерістерімді сараптай жөнелдім. Ой түбінің ең терең щұңқырына түсіп кеткенімде ғана өзімнің оп-оңай өзімшіл болып шыға келгенімді байқадым. Бірақ бұл өзгерістер менің еркімнен тыс болғандықтан оңайлықпен көндіге алмадым. Осынша құштарлықпен армандаған сәтке қолым жеткенде мені не тежеді екен? Оның үстіне дәл бүгінгі кездесу ерекше болды емес пе?!  Тым жақыннан барынша шынайылықты толығымен сезіне алдым ғой. Алдыңғыларда, өткен күндердегі түсімде мен осынша жықындықты сезіне алмаған едім. Ал бұл жолы жан дүнием құдды бақытыма қолым жеткендей шексіз қуанышқа бөленді. Жүрегім оның жанында еркіндікке тордан шыққан құстай  алып-ұшып еді ғой. Ал санам осы сағаттың бақытқа толы минуттарының мәңгіге тоқтап қалуын тілегендей күй кешіп еді-ау? Ал неге қолдарым оныкыне жақындай түссе қызған темірге жақындағандай, ыстыққа шыдамсыздықты сезінгендей тартыншақтады екен? Ал жүрісім өте баяулай түскен еді. Құдды осы сәттің тоқтамайтынын мойындаған жалғыз шыншыл  сол болды ма, әйтеуір орынды іс жүрістен болды.

 

 Мүмкін әр заманның адамдарының мінезінде айырмашылық, өзгешеліктің бар болғаны ма? Осы жақтың атмосферасы әсер етуде ме? Қалай? Дәл солай екен! Мен қателеспеген екенмін. Бұл заманның адамдары, ХХІ ғасырдың адамдары өте-өте тәккәппар болады екен. Мен өз заманымда басқа едім, мында келіп өзімді тани алар емеспін. Алайда бойымдағы бұл өзгеріске қарсы бір шара жасауға да қауқарсыз болдым. Алайда мұның барлығын тез арада түсіне қоймаған едім.

Намыс көкірегімді кернеп, ашу мен ызаға булығып бара жатырған сәтім еді. Кенеттен бір оқиғаның куәгері болдым. Жай ғана оқиға емес, өте ауыр оқиғаның... Көз алдымда жолаушы өтетін  жолда апат орын алды. Жай ғана жолаушылар жүргінінен өтіп бара жатырған бойжеткен қызды әп сәтте көлік қағып ұшырып түсірді. Барлығымыз, көшедегілер болып жүгіріп жанына бардық. Айнала құлай түсіп, бұрыла қозғалыссыз жатқан қыздан қан аға берді.  Қыз өте қатты жарақат алды. Тірі қалды ма, әлде ... Ешкімнің мұны тексеріп анықтауға жүрегі дауаламады. Ал көлікті жүргізіп отырған жігіт көліктен түсті. Күтпеген жерден орын алған бұл оқиғаны қабылдауға және оның жаза тартар бас кейіпкері өзі екенін ұғынуға шамасы да келер емес. Маңдайын қайта-қайта ұстап, әрі-бері сандалды да қалды. Көлікте жанында болған достары да ақырын көліктен түсе бастады. Рөлдегі жігіт оларға ашулы әрі өкінішке толы ызалы  көздерімен қарайлады да, әрі-бері жүре берді, жүре берді. Көліктің алдыңғы орынында отырған жігіт ақырын ғана жерде жатқан бойжеткеннің жанына  барып отырды. Теріс қарай қайырылып жатқан бойжеткен қызды оң қаратуға жүрегі дауаламады. Осылайша барлығы бір-біріне қарайлап, ес жиа алмай тұра берді. Қыздың кім екенін білуге ешкімнің әрекет жасар түрі болмағансоң ба, әлде... «Сол жатқан ару менің ханшайымым ба?» деген ойлар санама сап еткеннен ба, әйтеуір ойда-жоқта мендегі  қорқыныш сезімі жерде жатқан қызды айналдыруға итермеледі.  Шошып кеттім! Қатты! Жоқ, олай ойламаңыздар! Қуанышыма орай, ол менің ханшайымым емес еді. Мені оқиға орын алғанға дейін рөлде болған жігіттің жанайқайы шошытты. Мені ғана емес, сол жердегі барша жанның жүрегіне, ал рөлдегі жігіттің жүрегіне мың, миллион есе ауыр соқты болып тиді.   Мені итере сала, жердегі қыздың жанына тізерлей отыра қалып:

-Қалай? Қалайша? – деп бар жан дауысымен айқайлай жөнелді. –Неге? Неге? Неге?- деп жауапсыз қалар сұрақтарды қызға жаудыра қатты жылады. –Жедел-жәрдем қайда? Үлгереміз, жаным!- деп қыздың қолынан сүйіп, құшағына басты.  Күбірлеп сүйіктісіне әр нәрселерді өкінішке толы даусымен, қырылдаған көмеймен әрең айтып  отырды да, орынан ұшып тұрып, жанындағы достарын ұрып-соға жөнелді.  Біз барлығымыз олардың арасына түсіп, араша түспекші болдық. Бірақ ашу-ызасы терісіне, өкініші кеудесіне сыймай  алып күшке ие болып, барлық жолдастарын жұдықтап ұра жөнелді. Ал жолдастары болса қарсыласар түрі жоқ. Тағы ұр, жазала бізді дегендей ой олардың беттеріне жүгірді. Барлығымыз дүрлігіп бұған таңырқадық. Олар мүмкін ол жігіттің қызға  деген махаббаты өте күшті болғанын білгеннен үнсіз болды ма, әлде өздерін кінәлі сезінді ме?

-Сендерді қалай кешіремін! Сендерді қойшы, өзімді ше? Өзімді қалай кешіремін? Бұдан кейін өмір сүруге құқұғым бар ма? –деп айқалай берді. –Неге? Неге мені алаңдаттыңдар? Рөлде отырдым ғой? Неге? Ал сен, көрдің ғой алда адам келе жатқанын,неге ескертпедің? Ең болмағанда жол шетіне соқтыра салар едім ғой!- деп жан айқайымен оларға ішін жайып салды. –Неге? Мен оған қазір ғана... Иә, бүгін кешке сезімімді мойындамақшы едім ғой! Сен енді ешқашан біле алмайтын болғаның ба? Менің сені қаншалықты сүйгенімді, мені өзгерте алған жалғыз адам өзің болғаныңды, менің өмірімді өзгере алғаныңды ешқаншан біле алмайсың ба?! – деп жедел-жәрдем жеткенше жан сырымен бөлісті. Ал  біз  театрда мелодрама тамашалап тұрғандай көзімізге жас алып, еш әрекет жасай алмай қалдық.  Өмірімде бұлай жылаған ер азаматын көрмеген едім. Алайда махаббат атты алып күш оны да болдырды. –Сенсіз қалай өмір сүремін, мен сен үшін өзгердім емес пе? Жүрегіме махаббат атты жалынның шоғын салған сенсің ғой! Бұған дейін қара мұз болған жүрегіме жылу, өміріме басқаша бағыт, басқаша сезім,басқаша серпін сыйлаған едің ғой?!  Тастамашы мені, жаным, өтінемін! Мен бұл күнді шынында ұзақ күттім ғой! Жаныма қуат бітіп, намысты ысырып тастап, жүрегіме құлақ түретін және сенің алдыңа келетін бүгінгі күнді өзім де ұзақ күттім ғой! Сені де ұзақ күттірдім...Маған  да кешірім жоқ екен-ау?!- деп кеш болса да,  жедел-жәрдемге ілесіп кете барды.

- Ал мен  ше? Жаңа ғана не істедім? Жүрек түбіндегі сезіміме емес, кеудемдегі намысыма құлақ түріп, оған деген сезіміммен бөліспеспен кете бардым ғой. Ол сезімімнің жауапты екенін білсем де, қалайша намысшыл болдым?- деп  жол жиегіндегі орындықтардың бірене жайғаса кеттім.

–Неге тоқтатпадым? «Кетпе» деп неге айта алмадым? Ғасыр заңы тәкәппарлық болғаны ма? Ал әлгі жігіттің бастан кешкен оқиғасы ше? Жан дүнием түршігіп барады.  Сол жердегінің барлығына сабақ болған  шығар?... Оқиға орны босағаннан кейін барлығы өз бақытына асыққан шығар?... Кім білсін, қатты асығамын деп осы жағдайды қайталап жүрмесе? Мен қайда келдім?, Әдеттегідей түсімнен мүлдем шынайылық атты басқаша сезімдемін. Бұрын-соңды өзімде де, санамда да  өзгерістер осынша орын алмаған еді...Ол қайда жүр екен?- деп есімді жиып оны іздеуге кірістім. Түннің суығына қарағанда бойымды билеген қорқыныш суығы басым болды, түннің қараңғылығына қарағанда, оның қайда екенін көре алмаған көздерім қараңғы болды,  жымыңдаған жұлдыз санына қарағанда, уайымым басым болды.

Оны қайдан іздерімді де білмедім. Жай ғана көргім келді. Жай ғана кешірім сұрағым келді. Онымен бірге жанында болғым келді. Қатты... Осылайша алға қарай жүре бердім, жүре бердім. Алайда мені қандай күш итермелегенін ұға алмадым. Өз еркімнен тыс бір бағытқа қарай аяғымды алға тастай  бердім.

                           

Иә, ғасыр заңы расында тәкәппарлық пен өзімшілдік еді. «Өзім!өзім!» деп қалған өзімшілдер заманы болатын. Оларды, ХХІ ғасыр адамдарын, өзімшіл болуға өмірден алған сынақтары итермелейді. Сынақтан алған тәжірибелері оларды сырттай мықты етіп көрсеткенмен, іштей барлығы мейірімділікке зәру. Өзінен талап ете алмаған мейірімділікті басқадан қалай талап етсін? Әркім өзі ғана көтере алатындай қиындық атты жүкті арқалаумен мына өмірде қатігездік пен зұлымдықтыбайқағыш болып көзі ашылады екен. Олай болса өзімшілдер заманына қонаққа келген өткен шақтың ханшайымына алған әсерлерімен бөлісуі үшін  сөз кезегін берсем деймін.

      ***

«-Түсіне алар емеспін? Мен қайдамын? Мына түс әлемі тағы қайда есік ашып аралатпақшы екен? Мыналардың биігін-ай?- деп жан-жағымдағы ғимараттардың ең биік жерлеріне көз тастадым. - Маған не болды? Бұндай дүниеге қызықпайтын едім ғой. Көзім алтын-жақұт, жылтырға соқыр еді ғой. Көзім тек оның көзіне құмар еді ғой. Жанымда болған сәтте неге көбірек қарай алмадым?  Көздеріміз түйіскен сәтті неге соза алмай, көзімді тайдыра ала қаштым екен?  Оның жанында  жүріп келе жатырып бір ауыз сөз де айтпадым ғой. Бірақ неге мен айтуым керек екен?- деп көкірегімді кере түстім. Алайда санамдағы бұл сұрақтарға жауап іздемедім, жай ғана ой елегімнен жеңіл өткізе салдым.

Ең қызығы үстімдегі киімге үйренісе алмадым. Сарайда төгіліп тұрған көйлектердің орнына мында денеме жабысып қалған  көк джисы шалбар мен қолпылдап қалған ақ кофта киіп жүргеніме жол болсын, ұзын шашымның қысқарып  қалғанын айтпағанда. Әзірше айнаға қарауға мен де асықпадым.

Алға қарай жүре бердім, жүре бердім. Кеш батқандықтан ба, жөнді нәрселерді сараптай бастадым. Ойға шомып бір теңіз жағалауында ұзыннан жүре бердім.  Жағалаудан бір жергілікті  бойжеткеннің жылап отырғанына куә болдым. Жаны қиналып отырған секілді. Оның  жылап отырғанын байқамаған адамдай жанынан жай ғана өтіп кете бере алмадым. Бір жағынан өзіме де керек еді.

Жағалаудағы тастардың бірінде отыр еді. Ал мен ақырын ғана жанына жайғастым. Ойға шомумен біразға дейін отыра бердік. Кенеттен ол қыз:

- Сенесің бе, құрбым, сенесің бе?- деп көзін сығырайта алысқа тастады.

-Сенемін, сенемін,- деп қалай айтқанымды да аңғармадым.

-Жоқ, мен сенбеймін! Түсінсеңші  ол мені сүйді ғой.

-Сүйсе қазір қайда? Неге сенің көз жасыңды сүртпеді.

-Ол жастарға себепші өзі болса, қайтіп сүртсін? Қазір ме? Ол...

-Иә? Қайда?

-Басқаның құшағында...

-Бұған қалай жол бердің?

-Менің қолымда емес екен. Оны ұстап қалу атты көзір қалталы қыздың қолында екен.

-Шын  махаббат барлығын жеңеді емес пе?

-Қазір әрекет жасауға өте кеш...- деп күрсінді.

-Оңай беріле салдың ба?

-Жоқ, көп күрестім... Күрестік! Бүгін оның тойында болдым. Міне,- деп маған шақыру билетін қолыма ұстатты.

-Мәссаған!- дедім, ішімнен бастапқыда «олар бүгін үйленген болса, бұл бойжеткен неліктен  жылап отыр?»  деп ойланып қалып едім. Шындықты ұққан сәтте осылай дей жөнелдім.

-Ұқсайды? Иә? Суреттегі  қызды мен деп ойлап қалған шығарсың? Солай ғой, мойындасаңшы?

-Иә, қатты ұқсайды екен.

-Сырттай ұқсас болғанмен, біздің  жан дүниеміз екі бөлек емес пе? Ол менің жанымды сүйді ғой, ендеше ата-анасы неге менің  сыртқы келбетімнің көшірмесін тауып алып үйлендіріп жатыр?

-Жігіт неге қарсы шықпады?

-Намыс қой ол үшін биік! Әрине осынша тәкәппар боларын білмеппін.

-Ммм, не дейін енді?!- деп едім, ол қыз маған жалт бұрыла қарады да:

-Мұның барлығын қалайша танымайтын адамға айтып салдым? Оо, сене алар емеспін?!

-Саған айтып жеңілдеу керек болды, ал маған бұл заман туралы мәлімет керек болды. Бар болғаны  осы,-десем қыз шошып кетті де:

-Сен кімсің? Агент?

-Жоға, қалжыңдаймын. Мен де сен секілді махаббат деген нәрседен жолым болмай жүрген жанмын ғой.

-Айтпақшы,сенің түрің таныс. Бір жерден көрген секілдімін,- деп ойлана кетті.

-Ол мүмкін емес!

-Неге? Аа, Ұқсас адамдар көп  дегің келе ме?

-Дәл солай,- деп көзімді қыса күліп құтыла кеттім.

-Жоқ, мен сені анық бір жерден көрдім деймін. Қап, есіме  түспей тұрғаны.

-Қандай киімде болған едім?- деп осы заманның адамындай рөлге еніп те кеттім.

-Дәл осы киімде.  Ааа, таптым! Ертең барасың ба тренингке?

-«Мен оның не жайында айтқанын толық түсіне қоймасам да, түсінген сыңай танытып, құптап қоя бердім.»

Осылайша өзімдегі өзгерістердің заман талабына сай өзгеріп жатқанын ұқтым. Шындығына келсек  өз жаным бұл өзгеріскерге қарсы еді. Өз заманымдағы көркем мінезім біртіндеп ізін суыта бастады.  Бойыма тәкәппарлық пен өзімшілік сезімдері еріксіз билеуші болды.  Осылайша бұл  заманның адамдарының қиындықтары өздерінен екен деген тұжырымға тоқталдым. Барлығы үшін намыс биік екенін түсіндім. Алайда менің жаным  қалаған жанның осында болса да, маған бұл заман мүлдем ұнамады. Заман емес, ХХІ ғасырдың өзімшілдік заңы ұнамады...

 

***

 

Күнделікті өтілетін жастарға арналған тренингте олар қайта кездесті.  Бұл ел халықаралық ірі жобалардың біріне дайындалып жатқан болатын. Осыған орай ұйымдастырылған бұл тренингте   тапқыр жастарды болашаққа әзірлеу қолға алынды. Ал олар түс арқылы уақыт қақпасына кезігіп, бұл тренингке кездейсоқ тап болды. Алайда бұл жалғанда кездейсоқтық деген нәрсе жоқ емес пе?

 

–Сәлеметсіздерме, құрметті лекция тыңдармандыры! Бүгін біз « Қалай көшбасшы болуға болады?» деген тақырыпты талқылайтын боламыз. Сіздер бүгінгі лекциядан кейін өмірге деген көзқарастарыңыз бен мақсаттарыңызды өзгертулеріңіз де мүмкін. Әрине, жақсы жағына. Егер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, қол көтеріп айтуларыңызға болады. Жалпы мен бүгінгі лекцияны мынадын бастағым келіп отыр. «Адамның мінезі – оңаша қалғандағы адамның жай-күйі болып есептеледі. Яғни, біреулерге көрсетуге тырысатын жасанды дүние емес.» Бұл сөздерді мен Д.Л.Музи атты адамның цитатасынан түйдім. Бұнымен айтқым келгені, кейбір адамдар жұрт көзінше жасандылық танытып, өздерін мықты секілді көрсетіп жатады. Ал олардың оңаша қалғандағы күйі ешкімге беймәлім. Кейбір жандар іштей өте мықты болса да, оны сыртқа іспен көрсеткісі келеді. Яғни, өз жоспарларын жұртқа асыра сілтеушілікпен айтып, еш әрекетсіз жүргендерге қарама-қайшы. Көпшілігі кұр сөзбен мақтанып, соңында жоспарлары тек сөз немесе қиял жөнінде қалып жатады. Осы тұста сіздер мынаны есте сақтасаңыздар деймін: «Кез келген істі сөзбен емес, нәтижелі іспен көрсет!» Ал енді тақырыбымызға оралар болсақ, көшбасшы дегеніміз кім және ол қандай қасиеттерге ие болушы шарт деп ойлайсыздар? –деп лектор әр сөзін қалт жіберместен мұқият тыңдап отырған аудиторияға сұрақ қойды. Жауап беру үшін қол көтерген бірнешеуінің нұсқасы төмендегідей болды.

–Топты әрдайым алға жетелеп, оларға рух бере білуі керек деп ойлаймын.

–Өзіне сенімді, әрі мінезі мықты болуы шарт!

–Қандай қиындық кездессе де жеңе білуі керек.

–Иә, сіздер өте нақты әрі дұрыс жауап айттыңыздар. Алайда осы қасиеттермен ғана шектелмейтіні баршамызға мәлім. Олай болса, бүгін біз көшбасшының барлық қасиеттерімен танысатын боламыз. Ендеше үшінші болып жауап берген қатысушының сөзін әрі қарай жалғайын.

* Қандай қиындық, қандай да бір кедергілер кездессе жеңе білуі керек. Яғни, қандай жағдай болмасын ешқашан берілмеу керек!  Шыдамдылық таныту аса маңызды.

*Алдыға шындыққа ұларсарлықтай мақсат қоя білуі шарт. Және ол мақсатқа жетер жолда аянбай тер төгуі керек!

*Өзіне сенім артқандарға күш-қуат беруі және оларды қиын сәттерде қанаттандыра білуі керек!  

*Ұсақ-түйекке дейін мән беріп, үлкен жауапкершілікті сезіне білуі керек.

*Тек жақсылыққа үміттенуі яғни, позитивті болуы да маңызды. Сонда ғана сәттілік оған серік болады.

*Өз қателіктері мен кемшіліктерін мойындай білуі керек. Қателікті түзетуге әрекеттенуі және кемшіліктерінен арылуға әрдайым  күрес жүргізуі керек. Алайда тек  біртіндеп қана...

*Ащы болса да әрдайым шындықты айту!

*Тез тіл табысып кету де жақсылық әкеледі.

*Өзінен де мықты көшбасшы тәрбиелеу, қолдау көрсету.

Егер айта берсек олар өте көп. Бүгін біразын қамтуға тырысамын. Мен жаңа ғана біраз жақсы қасиеттерді тізіп айтып шықтым. Көпшілігі өздеріне түртіп-түртіп жазып  алғанын да байқадым,–деді өзін мұқият  әрі қызыға тыңдап отырған қатысушыларға риза болып.

–Әрқайсымыздың  өзгелерден артықшылығымызбен қатар, кемшіліктеріміз де бар екенін мойындасақ. Ешкім мінсіз емес! Осыны мойындау керек. Алайда әркім өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері жазылған тізім құрып, артықшылықтарын тиімді пайдаланып, ал кемшіліктерін жоюға әрекеттенер болса, мінсіздікке бір қадам болсын жақындаған болар еді. Солай емес пе?   Егер барлық кемшілікпен бір мезетте күресер болсақ нәтиже шығара аламыз деп ойлайсыздар ма?–деп аудиториямен жұмыс жасауға кірісті.

–Жоқ, олай деп ойламаймын. Егер қолымыға  он шақты бұтақты алып сындыруға әрекеттенер болсақ, құр босқа күшімізді құрта сындыра алмас та едік. Ал біртіндеп сындырар болсақ, уақыт та жоғалтпаймыз, әрі мақсатымызға да оңай жетеміз,–деп мысал арқылы жауап берген ақылды қыздаң жауабына бәрі риза болып қол соқты.

–Өте дұрыс жауап және мысал. Бәрекелді! Енді дәл осы сияқты кез келген бастаманы  шағын істен бастау керек екенін сіздер жеңіл қабылдайсыздар, солай ма? Мәселен, бизнесті шағыннан бастау шарт! Алайда бірқалыпты көтерілу үстінде болу керек. Тоқтап тұра беруге мүлдем болмайды! Жылдық кіріс мөлшерін белгілі бір  шамада көтеріп отыру керек.

Кім таңертең ерте тұрып, таза ауада жүгіргісі және таңғы жаттығулар жасағысы келеді? Қол көтерейікші,–деген сәтте барлық аудитория қол көтерді.

–Ал енді, кім таңертең жүгіреді?...  Көрдіңіздер ме? Аудиторияның небәрі он пайызы ғана таңертең спортпен шұғылданады екен. Бұл жерде айтқым келгені,  кез келген  істі «істегім келеді» деп емес, «істеу керек!» деген талаппен орындау кажет. 

Тағы да сұрақ. Экранға назар аударайық. Сіздер қай қатарды бірінші істер едіңіздер?

Маңызды әрі жедел.

Маңызды әрі жедел емес.

Маңызды емес әрі жедел.

Әркім әртүрлі жауап айтып, аудитория шуласып кеткен сәтте лектор дұрыс жауапты айтуға бағытталды.

–Абзалы  маңызды әрі жедел емес шаруаны тиянақты түрде тындыру. Осыны есте ұстаңыздар! Көшбасшының  келесі қасиеті :

*Бастаған істі аяқсыз қалдырмау!  Және әр істен тәжірибе жинақтау.

*Күнделікті шаруалардың тізімін құру өте қарапайым болғанымен, екінің бірі дағдылы істей бермейді.

*Қол астына өзінен мықты  адамдары алу.

*Қателікті мойындау;  кешірім сұрау; басқа біреуге аудармау!

*«Көз қорқақ, қол батыр» принципін есте ұстау.

Жалпы алғанда бізге берілген санаулы уақытта көшбасшының барлық қасиетін атап өту мүмкін емес. Ең маңызды дегендерін  бүгін өздеіңізбен талқыладық.  Мені бар ынталарыңызды салып тыңдағандарыңызға  көп рахмет.  Үш «Т» ережесін  ұмытпаңыздар. Тәжірибе, тәжірибе және тағы да тәжірибе! Ал тәжірибенің маңызы:

* Мен естідім, мен ұмытып қалдым.

*Мен көрдім, менің есімде.

*Мен істедім, мен түсіндім.

–Көп рахмет сізге, лектор мырза,–деп ұйымдастырушы алғысын білдіріп шығарып салды. Аудитория да барынша ризашылқтарын білдіре орындарынан тұрып қол шапалақтады.

–Сіздерге бүгінгі лекция ұнады ма ?–деп ұйымдастырушы қыз аудиториядан сұрады.

–Иә!

–Әрине ұнады.

–Бұл лекторды келесі лекциялардан да көре аламыз ба?–деген де сұрақтар болып жатты.

–Әрине,  тағы да шықыруға тырысамын,  алайда ол кісілердің уақыттары тығыз екенін ескергеніміз жөн. Сол себепті көп мазалай алмаймын. Бүгін сіздерге сыйлығым бар! Менің қолымдағы конвертте  не бар?

–Билет!

–Ақша.

–Билет!–деп  барлығын дұрыс шешімін табуға тырысты.

–Ең алғаш «Билет» деген бес адамға жақында өтетін концертке билет беріледі.

–Ооо, мен бірінші айттым.

–Мен екінші, – деп қуана-қуана алғашқы бес адамға билеттер табысталды.

–Алтындай уақыттарыңызды қиып бүгінгі лекцияға қатысқандарыңызға алғысымызды білдіреміз, келесі кездескенше,–деп ұйымдастырушы да жиналды.

 

Кешегі жағдай қайта қайталанды. Барлығы ағыла көгілдір залдан шығып жатты.  Тысқа шыққан соң, барлығы жан-жаққа тарап кете берді. Тағы да екеуі қалды. Оңаша...  Бұл күннің кешегіден айырмашылығы сәл ертелеу шықты. Ендігі бетпе-бет кездесу әлдеқайда жарықта анығырақ болмақ.

Олар кешегі кештен кейін «бағалай білу» атты құндылықты өздерінен көп іздеген болатын.

Сонымен қатар  оларды бір- бірінен ажыратыр ұрыс немесе реніш, қызғаныш немесе сезімнің суып кетуі емес. Бұл оларға  ең ауыр тиетін шындық, ақиқат. Екеуінің де қалауы өтіп жатқан уақыттың тоқтап қалуы немесе адам дамуының эволюциясы секілді өте-өте ұзаққа созылуы болатын.

Ақыры іштей сырласу мен сырттай үнсіз жүре беруден шаршаған ханшайым өз бойындағы қорқынышын ашық айтуға тоқталды. Бұл екі заман адамына тіпті өз-өздерін таныстыру да артық етті. Қанша жерден екі дүниенің адамы болса да, бір-бірінің сырын көзқарастарынан ұға білді. Себебі олардың жан дүниесі іштей егіз еді. Кенет:

-Мен қорқамын...- деді  жігіттің мойынынан ұстай өзіне қарай бұрған ханшайым. Ал көзіне тіке қарау үшін сәл ғана өкшесін көтеріп бойын ұзартты.

-Мен сенің жаныңдамын ғой,-деп ханшайымның құлағына сыбырлай жөнелген жас жігіт оны өзінің құшағына қысты. Ханшайым үшін оның үлкен құшағына ену жылулық сыйлады. Бір-бірін  қатты-қатты қысып құшақтай жөнелді. Құдды табысып емес, ерісіз айырылысып бара жатқан ғашықтардай. Бойларындағы өзімшілдікті осы сәтте ғана екеуі бірлесіп жеңгендей болды.

-Ал... Ертең ше? Ертең де мені дәл осылай маған деген махаббатыңды жеткізе білер осы құшағыңа қайта қысамысың?

-Ал сен ше? Сен де дәл қазіргідей  бар өміріңді маған артып тастағандай, менің мойныма қайта асыламысың?- деді де ханшайымның қолын өз иығынан алып, нәзік шаштарын сипалай, ханшайымның маңдайын сүйді.

-Ә-ри-не... Егер дәл қазіргі мүмкіндік ертең де туар болса,- деді жігіттің көзіне тура қараған жанарын жерге тайдыра.

-Мен қорқамын...

-Тағы неден қорқасың?-деп жігіт кеудесіне сүйкенген ханшайымнан сәл артқа шегініп көздеріне тура қарай.

-Ұйқы әлеміне енуден! Сені қайта жоғалтудан! Өз әлеміме оралудан!- деді өзінің нәзік қолдарынан  ұстаған жігіттің қолын босата.

-Мен сен үшін ешқашан ұйықтамауға бармын!- деді ханшайымының қолын жібермеуге тырыса. Сол сәтте ханшайым арқылы ғана қуат алып жатқан құрылғы  секілді. Қолдары ажыраса, қуат алар ешнәрсе қалмай...

-Бәрібір ол сәт туады ғой.

-Тек қазір емес! Қазір сен менің құшағымдасың. Ал егер мен құшағымдағы бақытымды қатты-қатты қыссам...- деп қатты құшақтай жөнелген жігітке:

-Ай, тұншықтырасың мені,- деп шағымдана  күлген ханшайым езуін тия алмады.

-Қатты құшақтасам сені менен ешкім де тартып ала алмайды! Әлде сен оны қаламайсың ба?

-Жоқ, тек маған ауа жетпей өліп кетсем қайтпексің?- деді сол жақ қасын сәл көтере ойнақы сөйлеген ханшайым.

-Тыныш...-деп жас жігіт ханашыйымның еріндерін қолымен басты. –Ешқашан өлім туралы айтушы болма! Екеумізді намыс та, бойымыздағы осы заманның заңына айналған  тәпәкпарлық та, өлім де, тіпті уақыт та айыра алмайды! Ұқтың  ба? Тіпті арадағы сан мың ғасырлар да бізге кедергі келтіре алмайды.

-Ұқтым-ұқтым,- деп сәл ренжіген сыңай танытқан ханшайымның көңілін қайта аулау үшін белінен қытықтай жәнелген жас жігітке ханшайым:

-Ай-ай, болды,қойшы, өтінемін,- деп күлкісін тия алмай әрең айтты.

-Ах, осынша қызғаншақ болар ма едің?- деп көзін сығырайта ханшайымға тастай:-Мені де осылай қызғанамысың?

- Жоқ!- деп ханашайым иығын артқа тастай, екі қасын көтере, көзімен ойнақшып:- Тек саған ешкімнің жақындауына жол бермеймін!- деп алға қарай жүре берді.Артынан ерген жас жігіт:

-Өзіңе осынша сенімдісің ғой?

-Иә, әлде мені анау секілді әдемі қызға айырбастап кетер ме едің?

-Қай қызды айтасың?- деп жігіт жан-жағынан қыз іздей бастады.

-Сонда, сеніңше, менен сұлу қыздың болғаны ма?- деп ренжіген күйге еніп, қабақ шытты.

-Жо-жоқ, ханшайымым-ау! Мүлдем олай емес,- деді де жас жігіт жан-жағына қарайлады. Жүгіріп бір тал гүлді жұлып  алып, ханшайымына ұсынды.

-Дәл осындай гүлді мына бақтан таба алар ма едің?- деп гүлдер өсіп тұрған бақты көрсетті. Нені меңзегенін ұққан ханшайым:

-Әрине, тола өсіп жатыр емес пе?-деді.

-Жоқ, дәл осындайын таба аласың ба?

-Көп іздеуге тура келеді,- деп баққа еніп кетті. Ал жігіт болса ханшайымның шашына сол гүлді қыстыра гүлдерді аралай жөнелді.

-Таппайсың! Дәл осы секілдісін таппайсың.

-Неге?

-Себебі ол гүл - жалғыз. Сен секілді... Адам екі мәрте дүниеге келмейді ғой!

-Ал менің өкінішім – сенің заманыңның адамы болмағаным,- деді шашына қыстырылған гүлдің жылжып бара жатқанын көріп қайта тағып жатқан жігітке. Осы сәт екеуі бір-бірінің тынысын сезетіндей жақындықта тұрған еді.

-Олай болса, мен түс әлемінен басқа аруды кездестірер ме едім? Кім біледі?-деген жігітке ашуланған ханшайым:

-Ақымақ!- деп кеудесін қолымен итеріп тастай бұл жерден шығуға беттеген сәтте аяғына бірдеңе ілініп, жерге құлай жаздады. Бірақ қасында нағыз ер азаматы бар болса, қыздың бір тал шашы да түспейтіні рас екен. Арқасынан  сол қолымен, ал  жоғары көтерілген аяғын оң қолымен ұстап қалған сәтте, ханашйым оның мойынына жармасқан еді. Осылайша әлдекімнің ашық тұрған бағында шуылдасып кеткеннен кейін арсылдап анадайдан ит жүгіріп келе жатқанын байқаған олар романтиқалық сәтте ұзақ тұра алмады. Екеуі қол ұстасып бақтан қаша жөнелді.  Иттің байланған шынжыры біткен сәтте ғана олар демдерін баса тоқтады да, күле жөнелді.

-Сенің қорыққан түрің есімнен кетер емес, ахаха,- деп ханшайым күлкімін тия алмады.

-Иә, сенің де иттен қалай қорқатыныңды көрдік қой,- деп екеуі бір-бірін мазақтай күліп алды.

-Ал сен менің жәндіктерден қалай қорқатынымды білсең ғой.

-Ал мен  сені жоғалтудан қорқамын,- деді жігіт күлген ханшайымды тоқтатып.

-Бұл әңгімені тек бүгін қозғамашы.

-Шындыққа тура қарайтын сәт бәрібір туады.

-Тек бүгін емес. Менің түйсігіме сенші,- деп ханшайым жас жігіттің екі қолынан қысты.

-Иә, алайда ертерек ескертіп қойғым келді.  Мен саған міндетті түрде барамын!

-Уәде бересің бе?

-Иә, уәде беремін! Себебі менің өмір сүріп жатқан заманымда барлығына қол жеткізуге болады. Көптеген адамдардың ендігі алдына қойғаны -  уақыт қақпасын  техникалық жолмен ойлап табу.

-Әлдебір құпияға толы аралдар да бар ғой. Оған техниканың әсері қанша?

-Ол табиғи жолмен ашылған уақыт қақпалары. Ал техниканың көмегімен бағыттарды да қалағандай орнатуға болады.

-Иә, расында, табиғи уақыт қақпаларында  қайда барарыңды білейсің-ақ.

-Сенің оларға қатысты бір білерің бар ма?

-Айтудың қажеті бар ма, жоқ па білмеймін.

-Мүмкін маңызды?

- Біздің сарайдан  өте алыс емес орналасқан көлшік бар.

-Иә?

-Мен нақты ештеңе дей  алмаймын. Мүмкін іші пысқан жұрттың ойдан шығарып алғаны болар. Басыңды қатырмайын.

-Жоқ, айта бер. Сенің заманыңа кірертін қақпаны білмесем, қалайша саған қауышамын.

-Жарайды-жарайды.

-Көлшік?

-Сол көлшік жақтың табиғаты менің жаныма  рахат сыйлайды. Сол жерге барсам, сурет салуға шабытым ашылады. Құдды сиқырлы орындай көрінетін. Соңғы кезде сол көлшік ішке қарай құйынша айналады және сол сәтте ауа райы да бұзылады деген әңгімелер естіп жүрмін.

-Міне қызық! Сонда, сеніңше, ол көлшік - уақыт қақпасы ма? 

-Меніңше емес, оны барлығы біледі және кейбір адамдардың айтуы бойынша...

-Иә?

-Түсінші шындықты мойындау қиын екен. Сол жерден... Көпшілік байқапты...

-Нені?

-Сипаттамасы сенің үстіңдегі киімге келетіндей.

-Менде ғана бар деймісің?

-Жоқ, сенен күдіктеніп тұрғаным жоқ.

-Ойыңды жинақтасаңшы.

-Иә, менің ойымша, сенің заманыңда біреу мұны жүзеге асырды және оны жасырып жүр.

 

    Осы сәт екеуі де үнсіздік шырмауына оранып қалды. Шығайын десе шыққысы жоқ. Көшедегі орындықдық арқасына шалқая, бір-бірінің иығына бастарын қойып інсіз ғана отыра берді. Оларға үнсіздік бір мәселе шешетіндей әсер қалдырды. Мүмкін отқа май құю атты мәселені болдырмас. Алайда, уақыт болса тек алға жылжып барады. Бірақ олар үшін бұл да кедергі емес, жай ғана жаны қалаған жанның өзімен бірге бір ауаны жұтқанына да дән риза еді. Бір сәт үнсіздік шырмауының бір жібін үзгендей:

-Бұл мен саған міндетті түрде баратыныма  саяды емес пе?- деп ханшайымына қарап,  жымия көз қысты. Ханшайым болса жігіттің иығынан басын көтере  риза кейіппен:

-Ертеңгі тренингта екі тақырып болады деп еді, соларды жақсылап түсініп алайық. Не де болса осы заманға қайта оралар болсақ...- деп басын жігіттің кеудесіне сүйкеді. Жүрегінің қалай соғып жатқанын тыңдау, ол үшін жанды рахатқа бөлер әсем әуен  секілді болды.

-Артық етпейді дейсің ғой, -деп жас жігіт ханшайымның шашын сипай иіскеді де, маңдайынан сүйіп  жымия қарады.

   Екеуі  біраз уақытты өлтіре әңгімелесті. Жан сырларын ақтарысты.  Іштей ұйықтамауға тырысты, алайда шыдам шегіне жетті ме, әлде күні  ертең қоштаспайтындықтарын жүрекпен сезінді ме, әйтеуір бір-бірін құшақтай отырып, ұйқы әлеміне еріксіз сүңгіп кете барды.

 

 

–Сәлеметсіздерме, құрметті лекция қатысушылары! Бүгін сіздердің аудиторияларыңызбен  алғаш жұмыс жасауым және  бүгінгі лекцияда осы туралы тақырыпты көтеретін боламыз. Сіздердің қай қайсыңыз болмасын келешекте бір  аудитория алдында сөз сөйлейтіндеріңіз анық.  Жұмыс барысындағы жиналыстарда немесе  тағы да басқа аудитория алдында. Жалпы аудиторияны біз екі топқа бөле аламыз: эмоциональді және рациональді аудитория. Рациональді аудитория дегеніміз нақты мәліметтер, әртүрлі фактылар және өмірге шынайы көзқараспен ерекшеленеді. Ал эмоциональді аудиторияның ерекшелігі қиялилығында және әдемі өмірді көз алдымызға елестете білуде. Сіздер айырмашылықты байқаған боларсыздар? Егер аудитория ерлерден құралса, сіз оқитын мәтініңізді немесе талқыланатын мәселеңізді 60%-ын рациональді, ал қалған 40%-ын эмоцианальді түрде қарастыруыңыз керек. Ал нәзік жандылардан құралған аудиторияда барлығы керісінше орындалады. Әйел адамдардың  армандағанды жақсы көретіні табиғаттан екені, ал ерлердің нақты мәліметтерге жаны жақын екені барлығымызға белгілі. Және сіздердіңсөз сөйлеулеріңіздің  айқын мақсаты болуы шарт. Ең алдымен ол мақсатқа сіздер ойша жетулеріңз керек. Сіздердің түйсіктеріңіз жеткен  мақсатқа, өздеріңіздің де жететіндеріңіз хақ. Сіздер жетістікті көз алдарыңызға елестете отырып,  қойылған мақсаттың алғашты кезеңінен өттім деп есептей берулеріңізге әдбен болады. Жалпы адамның түйсігі көп нәрсеге қабілетті екенін білгендеріңіз жөн. Сіздер қандай да бір ортада сөз сөйлегенде, тыңдарманға пайдасы тиетін мәлімет міндетті түрде болуы керек. Сіздердің қандай да бір уақытта сөйлеген сөздеріңізден  әр қатысушы өзіне пайда алуы керек. Сонымен қатар әр сөйлеген сөздеріңізді нақтылау және есте сақталуы үшін сөз соңында  «қайталап шолу» режимін іске қосу керек. Сонда ғана қысқа әрі анық аргумент сәттірек шығады.  Ал қорытынды, сіздердің ойларыңызша, ең аз дегенде  қанша  сөзден құралуы керек деп ойлайсыздар? Және бұл қанша уақытыңызды алуы мүмкін?

–100 сөз және 3 минут?

–80 сөз және 2 минут?

–50 сөз және 1 минут?

–150 сөз және 3,5 минут?

–Дұрыс жауапты білгілеріңіз келе ме? Әрине!  60 сөз және оны жеткізуге 30 секундтың өзі жеткілікті. Қорытынды қысқа әрі анық болса, лекцияны соғұрлым сәтті аяқтау мүмкіндігі зор,–деп лектор дұрыс жауапты нұсқағанда барлық аудитория таңқалғанын жасыра алмады.

–Ал  аудиторияның тағы бөлінетін түрі бар. Ол  аудиторияның жасы. Әртүрлі жастағы адамдардың өз тілі және өз ерекшеліктері бары белгілі. Және солардың тілінде сөйлей білу аздаған қиындықтар тудыруы мүмкін. Себебі олардың жас шамасына қарай олардың қызығушылықтары да әртүрлі болады емес   пе?

–Әрине,–деп барлығы бір ауыздан қолдады.

–Сол себепті мәліметті  олардың өз тілінде жеткізе білу де өнерге жатады,–деп жымиды. –Тағы да айта кететін жайт; аудиторияда максималды түрде есте сақталатын 3-4 қана аргумент болып табылады. Сондықтан көп аргументпен аудиторияны жалықтырып алуыңыз мүмкін. Алайда олардаң қабылдайтыны 3-4 қана аргумент болғандықтан, лекцияның басын ең жоғары аргументтермен бастау керек. Ал уақыт өте әлсіз аргументтерді де айтыла беруіне болады.  адамдар ең маңызды деген мәліметті қай уақытта қабылдайды? Қалай ойлайсыздар?

–Түнгі уақытта!

–Жоқ, таңертеңгі уақытта.

–Сағат күндізгі 11-лер шамасында адамдар ең маңызды ақпаратты қабылдауға қабілетті. Сондықтан уақытты таңдау өз еріктеріңізде болса,  онда дәл осы уақыт өте қолайлы. Неге деп ойлайсыздар? Мысалы сағат түстен кейінгі 5-тер шамасында  жиналыс өткізуге не кедергі деп ойлайсыздар?

–Адамның өз талаптары мазалай бастайды.

–Өте дұрыс айтасыз. Мысалы?

–Үйіне оралғысы келеді.

–Қарны ашады.

–Шаршайды, демалғысы келеді.

–Бәрекелді! Өте жақсы жауаптар деп қабылдауға әбден болады. Ал енді біздің лекциямызға әсер етуші тағы да фактор түрлері бар. Ол - көпшілік алдында өз-өзін дұрыс ұстай білу мәдениеті болып табылады. Өз-өзімізді қалай ұстасақ, сөзіміздің өтімділігі соған тікелей тәуелді! Арқаны тік ұстап, әр сөзімізді анық айта білуміз шарт. Мысалы,–деді да лектор өз арқасын бүкірейте  бірдеңелерді күмілжіп, анық емес айта бастады да, өз қалпына қайта оралды.–Қалай?

–Нашар!

–Шынында да, тыңдағың келмейді екен.

–Әрине, осы секілді тағы бір фактордың әсері бар. Көз арқылы  аудиториямен  жасалатын қарым-қатынас. Егер мен бір адамға ғана қарап, төменге қарап немесе жоғары қарай еш қатысушымен көз байланысын жасамас болсам, мені ешқайыларыңыз ден қойып тыңдамас едіңіздер. Сондықтан әр қатысушымен периодты түрде қайталанытын қарым-қатынас орнату маңызды. Сонымен қатар, эмоцияға беріліп, дауыс ырғағын бірқалыпты ұстай білмеу де өте қауіпті. Орын ауытыра ары-бері жүру, мимикамен жұмыс істеу, барлығы маңызды. Және әрдайым командалық рухты көтеру мақсатында «біз» деген сөздің жиі айтылуы да маңызды болып табылады.   Жалпы көпшілік алдында сөз сөйлеуге қорқыныш деген нәрсе де бар екені жасырын емес. Ол қорқынышты жеңу үшін тәжірибе керек. Осындай қорқыныш салдарынан ой шашыраңқы болып, қобалжып қалады.  Осындай сәттерде әртүрлі керегі жоқ сөздер жиі орын алуы заңдылық. Мәселен: «мм...», «ыы...». Осындай мағынасыз немесе жаргон сөздердің орнына сәл үзіліліс жасаған абзал.  Және сіздерге сұрақ: Бастапқыда 7 шар болды және қазір 3 шар қалды. Бұл нені білдіреді деп ойлайсыздар?–деген жұмбаққа ешкім жауап бере алмады. –Олай болса, тағы бір мысал келтірейін. Байқасаңыздар менің қолымда су бар. Мен лекция бастардың алдында ол толық болған, қазір жартыдан төмен.

–Уақытқа қатысты ма?

–Әрине! Дұрыс айтасыз. Уақыттың шектеулі екенін естен шығармау керек және әрдайым бақылауда ұстау керек! Менің сіздермен өткізуге берілген уақытым таяғанын байқаған боларсыздар? Ендеше, ең соңғы амалға көшсек,–деп барлық лекцияны қысқа да нұсқа бір шолу айдарын өткізді. Яғни қорытынды бөлім де сәтті шығып, барлық қатысушылар риза кейіппен орындарнан тұрып қошеметтеп лекторды шығарып салды. Ұйымдастырушы қыз:

–Қалай? Сіздерге бүгінгі лекция ұнады ма?–деп ары қарай кішкене аудиториямен талқылау жүргізілді.

 

 Жіберсе жанынан  құсша ұшып кететіндей  қол ұстасып қатар отырды. Лекция біткеннен кейін олар бірдеңені іштей сезіне бастады. Себебі, бұл - бірге өткізер соңғы кештері еді бұ замандағы.  Бұл күн өшпес естеліктермен, әзілге толы әңгімелермен, келіспей бәстескен сәттермен, қиялға толы арманмен, жан сырларымен бөліскендігімен олардың жадында  есте мәңгі сақталады. Олар соңғы күнді қаншалықты көңілді өткізсе, соншалықты  қимастыққа толы ауыр сезімдері де таразының екінші басына  жайғастырды. Осылайша қол ұстаса көше кезіп, дала қара түнекке оранғанша жүре берді, жүре берді. Егер оларды айырушы түс пенен ұйқы  болса, екеуі ұйқысыз мәңгі жүруге бар-тын.   Алайда тағдырға қарсы шама қайдан болсын?. Соңғы сәтте осыны қиын қабылдаса да олар түсінді. Жаяу түнгі қаланы аралап жүре берді. Бір сәт дамылдағылары келіп, көше жиегіндегі орындыққа жайғасты.

-Аспанда қанша жұлдыз бар екен?-деді ханшайым аспаннан көз алмай

-Олардың санын мен ғана білемін.

-Қанша?

-Менің саған махаббатымның шамасына тең.

-Дәлме-дәл екеніне сенімдімісің?

-Иә, олардың шамасы тұп-тура тең.

-Демек маған қаншалықты сезімің барын білмегенің ғой,- деді бұртия.

-Ал сен ше?

-М?

-Не нәрсемен бағалар едің?

-Мен...

-Көп ойланба...

-Күннің қаншалықты ыстық екенін білесің бе?

-Мхм.

-Ал онсыз жылу да, жарық та жоғын білесің бе?

-Иә.

-Оның Жерге ең жақын жұлдыз екенін білесің бе?

-Білемін.

-Айдың кезегі келгенде қимастықпен көкжиекке тығыларын білесің бе?

-Ол заңдылық.

-Қазір  сол сәттің таяғанын ше? Сезесің бе?- деп өзін күнге теңеп, уақытша ғана өз сүйгенінен қол үзетін сәтті түсінді.

    Олар орындықта ұзыннан қол ұстаса жайғасып жатқан күйі үнсіз қалды. Аспан да бұлттан тазарып, жұлдыздар болса жымың-жымың ете бастады. Махаббат оқиғасына куә болғанына қуанғаннан ба, әлде қызғанғаннан ба... Әйтеуір кей жұлдыздар ағып жатты. Бала кездеріндегі пәк сенімнен,  жұлдыз аққанда айтатын тілектері орындалады дегеннен  де күдер үзді. Қанша жұлдыз көз алдарында аға берді, аға берді.  Уақыт өткен сайын қолдарын барынша қатты қыса ұстап жібермеді. Қатты қыспаса аққан жұлдызша қолдарынан сырғып кетердей қорықты. Аспанға қарап жата берді. Бір сәт:

-Қалай ойлайсың?- деді ханшайым.

-Не жайында?

-Біздің махаббатымыз қауқарлы ма?

-Сен де сезесің бе?

-Мен махаббатымызға толықтай сенемін!

-Біз алдағы уақытта міндетті түрде бірге боламыз!

    Қолдарын одан сайын қатты-қатты қысып алды. Бірақ қанша жерден қолдарынан қатты ұстаса да, көздеріндегі кірпіктерді айқастыруға дәттері бармай, сол кірпіктерді бір-біріне  сарылта сағындырмасқа шара болды ма?!  Дәл қазіргі сәтте жанына өте жақын жатса да, бір сәтте ғана олардың арасы ғасырларға  алыстары ашшы да болса ақиқат. Өкініштісі ол сәттің өте жақындап қалғаны еді.

4-бөлім

–Ех, жұмыс үстелімде ұйықтап қалғаным не сұмдық? Тоқта! Сонда бұл... Шынында да, бұл оқиға менің басымда орын алғаны ма? Әлде..- деп әлі де болса ақ пен қараны ажырата алмай отырған сәтінде бөлмеге қылжалақтап досы кіріп келді.

–Қалайсың,достым? Саған айтар та-ма-ша жаңалығым бар! Қаншалықты қуанышты екенімді білсең ғой, шіркін!– деп кіре сала өз жаңалығын айтып үлгерді.

-Ең бастысы аман-есенмін, ақыл-ойым туралы әңгіме қозғамай-ақ қойғаным жөн болар.

–Сенің ақылыңа не көріне қояр дейсің? Көп болса жаңа идеялармен толысқан шығар, мен ұқпайтын небір таңғажайып технолгиялық идеялар... Иә-иә, дәл солай!

–Егер сенің жорамалың дұрыс болса, мен қуаныштан аспанға секіретін шығармын. Кешегі картина туралы бірдеңе біле алдың ба? Сол үшін қуанып жүрген боларсың? Саған не көрінген? Сандырақтай бастадың ғой, дене қызуың жоқ па? Қане, тексеріп жіберейік,–деп қылжалықтап мазақ етті. Кешегі деп қоямын... Менің де саған жаңалығым бар. Бақыттан басың шыр көбелек айналып жүр ғой, жаңалығыңды қашан естимін деп тағатсыздана күтіп отырмын.

–Қазір менен бақытты мына әлемде ешкім жоқ шығар, шіркін-ай!

–Ғашық болып қалғанбысың? Па шіркін, ешкімді сүю қолынан келмейтін жігітіміз ғашық болып қалыпты-мыс!–деп қарқылдата күлді.

–Ол бұрын болатын! Қазір жағдай өзгерді. Мен де өзгердім.

–Жақсы жағына қарай өзгердің деп үміттенемін.

–Әрине солай! Бұрынғы жағдайымнан асып қайда кетейін? Не болса да кері қайттық қой.

–Ал, айта бер. Сенің өзгеруіңе себепші болған қай ару болды екен?

–Ол жағы әзірше құпия,- деп сәл жымиды.

–Жақсы, қашанға дейін?

–Кешке дейін.

–Қай жерде?

–Менің 899-шы қабаттағы үйімнің жанындағы саябақты білуші ма едің?

–Саябақ? Күлкімді келтірмесеңші,- деп өз-өзін тоқтата алмай күлді. –Сенің саябақта да шаруаң болады екен-ау, сені саябақтан көретін де күн бар екен-ау, ахаахахах,–деп ішегін тия алмады.

–Иә, сен түгел өзім де бұлай өзгеремін деп ойламаған екенмін.

–Мен жоқта біраз жағдай өзгерген секілді. Расында да шаруаң салмақтырақ екен,-деді ойланған кейіп таныта.

–Әрине. Ал сен қылжалақтап мазақ етіп күліп отырсың,–деді досының күле бергеніне  ренжулі дауыспен.

–Айыпқа бұйырма, бірақ кім білген? Мен сенің қалыңдығыңмен түндегі ең биіктегі  клубтардың бірінде танысармын деп ойлаған едім,– деп қайтадан күлкіге басты да, езуін жиып алып: –Қашан барайын?

–Өзім хабарын беремін. Сен жоқта дедің бе? Сен бір жерге барып үлгергенбісің?

-Жә, кейін асықпай айтамын. Ойымды жинақтауым керек.

-Өз еркіңде. Айтпақшы кешегі әйелге бүгін тағы бір мәрте барып қайтсақ қайтеді?

-Кешегі?

-Иә, үлкен бастықтың жұбайын айтамын,-деген сәтте ұзақ ойланып қалып:

-Оны әлі көре жатармыз.

 -Ал, ендеше  мен жылжиын, менен хабар күт!

–Әрине, мархабат, мырза! Жолыңыз болсын,– деп ілтипат көрсеткен кісінің рөліне енді. Досы кеткен соң кабинетінде жалғыз қалып, ұзақ ойлануды жөн көрді. Түймені басып, голограмма арқылы хатшысымен байланысқа шықты.

–Қандай көмегім керек, мырза?

–Иә, бүгінгі барлық жоспарларды кейінге қалдыр!

–Бірақ...

–Иә, түсінемін, олар өте маңызды. Бірақ менің жеке өмірім одан да маңызды. Түсіндің бе?

–Жақсы, дегеніңіз болсын, олай болса барлығына хабар берейін.

–Солай еткенің жөн болар.

–Тағы қалауыңыз бар ма?

–Менімен жолығушыларды кейін қайтар.

–Жақсы,–деді де хатшы қыз желіден шығып кетті.

–Демек мен сол түні... Қалайша?  Мүмкін емес! Нақтырақ  қай түні басқа өткен ғасырға кетіп қалдым екен? Досым да мен үшін маңызды болған тақырып туралы жақ ашпады. Қызық екен. Мүмкін ол еш нәрседен хабары жоқ шығар? Алайда басекіміздің әйелі туралы біліп тұр емес пе?! Онымен өткізген іздестіру жұмыстарым ше? Ол білуі керек қой. Не болса да мен бұл жайында одан сұраудың ретін табуым керек!

–Мырза, сізге онда кіргуе болмайды. Ешкімді кіргізбеуді  бұйырған,- деп кісі соңынан жүгірген хатшы кабинетке келгенде: – Мен ескерткен болатынмын, алайда маған құлақ аспады,–деп ақталды.

–Ағатай, мұнда қайдан жүрсіз? Төрлетініңіз! Ештеңе етпейді, сен бара бер,- деді ортадағы жайлы жиһазға жайғаса.

–Бірінші адам амандық-саулық сұраспаушы ма еді? Бірақ сен сияқты қиялдың жетегінде жүрген адамға айналасындағылардың тірісі не  өлісі маңызды емес шығар...

–Ағатай-ау, неге олай дейсіз? Ренжімейді деймісіз,–деп бұртиды.

–Әлгі кісімен жолықтырамын дегенімді естен шығарып алған өзің емес пе ?

–Демек сіз де білесіз ғой, хабардарсыз ғой?–деп айқайлап жіберді.

–Әрине, сен өзің маған барлығын баяндаған едің ғой, есіңнен шығып кеткені қалай?

–Жоға, қалай есімнен шығарайын, мен тек сізді ұмытып қалды ма деп...

–Сен немене мен үшін жұмыстың бірінші орында екенін білмеуші ме едің? Мен жұмыс мәселесін ешқашан естен шығарған емеспін! Ешқашан!

–Жұмыс? Қайдағы жұмыс?

–Байқаймын, сенде салғырттық пайда болыпты ғой,–деп ағасы ұрыса жөнеді.

–Кешірім өтінемін! Мен басқа мәселені айтып тұр ма деп ойлаған едім,–деді ойлана.

–Ахахахаххааа,–деп ағатайы қарқылдап күле жөнелді.

–Не болды? Мені бұлай қорқытпасаңызшы.

–Не болады қорқытсам, ахаххаах!?

–Ақыл-есіңнің дұрыстығына күмәнім туады.

–Жігітім, сен немене, расында маған айтқан оқиғаң есіңде жоқ па?

–Демек, мен сізге шынайы өмірде баяндаған екенмін ғой?

–Әрине! Әлде екі өмірің бар ма еді? Иә, айыпқа бұйырмассың, алайда қиялға толы түсіңде емес, осы шынайы өңіңде баяндаған болатынсың.

–Келгеніңіз қандай жақсы болды. Менің басым  қатып кетті.

–Мен жолықтырамын деген кісі есіңде болар?

–Әрине. Ол кісі қазір қайда?

–Осында,–деді де голограмма арқылы хатшымен байланысып:–Қызым, тыста тұрған қонақты кіргізе ғой,–деді.

–Салеметсіз бе, таңғажайыпқа толы шытырман оқиғаны бастан кешіріп жүрген сіз боласыз ба?–деп жымия қолын соза амандасты.

–Дәл өзі. Дұрысы таңғажайыпты  түсінде өткізеді!

–Жоқ, олай емес.

–Енді қалай?

–Алдымен мына кісіні тыңдайық, кейінгі кезекпен барлығын айтып беремін.

–Жақсы, келістік. Ал жақынырақ сөйлесіңдер!

–Дұрысы барлығын егжей-тегжейлі баяндап берейін,–деп қонақ сөзін бастады. –Технология өте дамыған заманда өмір сүремін деп ойлайтынмын. Алайда олай болмай шықты. Алдыда бізден де озық ойлы, техниканың су жаңа моделін ойлап шығаратын ұрпақ бар екен...

–Бұл кісі болашақ жайлы...–деп ағасы қостады.

–Иә, түсіндім. Әрі қарай не болғанын айта беріңіз.

–Бір ғимаратқа кірдім. Таңғалғаным сонша, айналама айтарлықтай күдік тудырып алдым. Оны байқағаннан кейін есімді жиып алдыға ұмтылған едім, алдымнан жап-жас әдемі әйел адам шығып қолымды алып амандасты. Құдды ертегі әлемінде жүргендей әсерде қалдым. Әлгі әйел мені әлдебір күткен қонақтарымен шатастырып алған еді. Мені жетектей бір залға кіргізіп, барлық киім үлгілерін атауға да келмейтін әлдебір болашақтың технологиясымен көрсетіп жатты. Мен де сыр білдірмеуге барынша тырыстым. Болашақ ұрпақтың идеялары мен ой-өрісінің осындай дәрежеде дамитынын кім білген?! Киім үлгілерін  қарап отырып, дата жазулы есік жанындағы экранға көзім түсіп кетті.

–Содан кейін не болды?

–Есімнен танып қалыппын. Басқа не болсын?–деп күлді де:– Әлгі әйел шыр-пыры шығып жүрген кезінде есімді жидым. Ең қызығы не білесің бе? Мен ол жерден кірген кезде шығып кетуіме де болушы еді, «дизайн», «үлгі», «мата»  деп бас қатыратын, әрі өзіме қызықсыз тақырыпты талқылағанша. Мені ол жерде бір құдірет ұстап қалды.

–Қандай құдірет?

–«Махаббат» атты жүрекпен ғана сезінетін құдірет! Әлгі әйелге деген бір көргеннен пайда болған ғашықтық сезім. Оның қасында уақыт өткізуге деген талпыныс.

–Иә, бұл сезім маған да өте таныс. Содан кейін  не болды? Есіңізді жиғаннан  кейін?

–Өңіме оралдым.

–Демек, сіз болашаққа барып келдіңіз, солай ма?

–Иә, дәл солай. Бірақ неге аса қатты таңқалмадыңыз? Немесе маған сенбеушілік танытпадыңыз?

–Себебі бұл жайт менің басымнан да өтті. Бірақ мен өткен шаққа саяхаттадым. Технологияның жетістіктерін көрмесем де, театр өнерінің қаншалықты...

–Жә, немене бала құсап көрген-білгендеріңді айтып кеттіңдер! Ең басты ортақ тақырыптарың махаббат емес пе? Мен сендерді қайдағы жоқ жоғары технология, дизайн немесе театр туралы әңгімелессін деп кездестіргенім жоқ,–деп ағасы ашуланды.

–Түсінбейсіз ғой, біз алған әсерді,–деп бір-бірін мақұлдады.

–Сізді болашаққа жеткізген уақыт қақпасы – түс. Солай ма?

–Дәл солай.

–Мені де. Бірақ мен онда ұзақ болдым. Тіпті сол жақта қалған шығармын деп те ойладым. Менің өмірдегі орным сонда деп шештім. Солай ойлап жүргенде біраз нәрсені бастап кештім. Ақырында осы заманға қайтуым керек туралы тағдырдан тұспал түсті. Еріксіз қайтуыма тура келді. Дұрысы қайтуымызға...

–Кіммен бардың?

-Мен болашақтан бардым, ал ол өткен шақтан...

–Сені XVIII ғасырға барған екен десем...

–Мен XXI ғасырда болдым!

–Немене?

–Дұрысы екеуінде де. Бірақ алғашында XVIII ғасырға аз ғана  уақытқа баратынмын, кейін XXI ғасырға тап болдық, яғни XVIII ғасыр ханшайымыммен бірге. Бастан талай нәрсені өткіздік.

–Менде де жиі болатын, бірақ сен айтқандай ұзақ тұрақтау маңдайыма жазылмапты.

–Бастан кешкен қызықтарыңды кейін айта жатарсың, тағы да келе жатармыз,– деп екеуі қоштаса есікке бағыттады.  –Бүгін кешке қандай жоспарың бар?

–Бүгін кешке болашақ жеңгеммен танысатын боламын,–деп күлді.

–Кім? Өткен жолы үйге қонақ болған досың ба? Ол өте әзілқой болатын. Оның да махабатқа қауқарлы  жүрегі бар ма екен?– деп қабаттаса күлді де, кабинеттен ертіп келген кісісі екеуі шығып кетті.

       Кабинетінде жалғыз қалып, біраз жұмыстарын реттестіріп тастады да, досынан келген хабарламаны тағы бір шолып, олармен кездесуге дайындалды.

       Ол саябаққа барғанда досын бір топ жастар арасынан көрді. Соңғы кезде зерттеу жұмыстары деп қамығып жүргендіктен, қалжыңбас досы оның бала күніндегі ең жақын досын тауып әкеліпті. Алдымен барлығымен амандық-саулық сұрасты, ескі досын көріп біраз қуанып қалды. Балалық щақтың естен кетпес әсерлі әңгімелерімен кеш әрі қарай жалғасын қисынды тауып кете барды. 

-Адамның ең бақытты шағы – балалық шағы екен. Ешқандай уайым-қайғы мен күйбелең тірлік жоқ. Қарның да, көңілің де әрдайым тоқ.

-Ех, балалық пәк көңілді айтсаңшы...

Осылайша олар ұмытылмас кеш өткізді. Ішкі ойларымен, сезімдерімен еш қымсынбастан бөлісетін достарының барына қуанды. Себебі бұ заманда шынайы адал достық деген ұғым санадан ізін өшіріп  жатқан болатын.

 

-Менің саған айтарым өте көп, тек қалай және неден бастарымды білмей отырмын,-деп бастады досының үйіне барғанда  мұңлы дауыспен. –Мен таңертең айтпақшы болғам, алайда сенің жаңалығыңнан кейін айтармын деп ойладым. Соңғы кездері сені тыңдаудан да қалдым, ылғи өз шаруаммен басыңды қатырып...

-Не деп отырсың? Сен үшін бас қатырмасам, басқа кім үшін...

-Мен XXI ғасырда болдым!

-ХХІ ғасыр? Қашан? Қалайша? Сен XVIII ғасыр деп жүр едің ғой?

-Иә, ХХІ ғасырда XVIII ғасыр аруымен болып қайттым.

-Мұндай да болады екен ғой!- деп  қатты таңырқады. – Басқа біреу айтса сенбес едім.  Бірақ сен әлі уақыт машинасын істеп шығармадың ғой?

-Иә, әлі бітірмедім, бірақ уақыт машинасымен бармадым.

- Дұрыстап баяндасаңшы не және қалай болғанын. Тағатымды тауыспай.

-Біз үлкен бастықтың әйеліне жолыққан күн есіңде ме?- деп бастады.

-Иә, күні кеше ғана болған жайды қалай ұмытайын?!

-Мен сол түні үйіме емес, жұмысқа бардым. Аңдаусызда жұмыс үстелімде ұйқыға кетіп қалыппын. Және сол ұйқы арқылы XXI ғасырға тап болдым. Кенет оянып кетіп, басқа ортада екенімді ұқтым,- деп бастап, барлық болған жайды баяндап береді.

-Мәссаған! Біз жай ғана бір түн ұйықтап шыққанда, сен  ХХІ ғасырда талай нәрсені бастап өткеріпсің ғой!- деп таңданысын жасыра алмады.

-Енді бұл жағдайдың қалай орын алғанын және үлкен бастықтың қаншалықты қатысы барын анықтауымыз керек!

-Қызық екен!? Ештеңенің байыбына бара алар емеспін. Бірақ ол әйелдің бір мәлімет бере қою екіталай.

-Біз оған барлығынан хабарымыз бар секілді кейіп танытар болсақ, әрі қарай өзі-ақ  шындықты жайып саларына күмәнім жоқ.

-Сәлеметсізбе?

-Уақытыңыз болса, кішкене бөлігін бізге бөле аласыз ба?

-Сәлеметпісіңдер!- деп қайтадан келерін күтпеген күйі әлгі әйел таңырқай есік алдында тұрып қалды.

-Ішке кірсек, рұқсат па?

-Иә, әрине. Төрлетіңіздер,-деді. Үшеуі жұмыс бөлмесіне кіреді.

-Айыпқа бұйырмассыз, күн сайын мазаңызды алдық.

-Шаруаларыңа тезірек көшсеңдер,-деді қобалжи.

        Сол сәтте досының көзі бөлмені шолумен болды. Әп сәтте әлдебір портретті байқап, ондағы портретте досының жүзі бейнеленгенін байқайды. Жаймен орнынан тұрып, картинаны қолына алып:

-Бұған не дейсіз? – деді.

-Менің портретім? Түсінбедім?- деді сәл қабағын көтере жас жігіт.

-Былай ғой...-деп күмілжи әйел сасқалақтай жөнелген сәтте:

-Шындықты бұдан артық жасыра алмайтыныңызды мойындайтын сәт туды деп ойлаймыз.

-Жарайды,- деп бір күрсініп алды да: - Барлығын баяндамасқа амал да қалмады. Бұл құпияны сендерден қашанғы жасырайын?! Жолдасым бір ақымақтыққа бой алдырған еді.  Ол маған өлерінің алдында ақырғы хатын жазып қалдырған болатын. Ол хатында өзінің әлдебір уақыт қақпасын жасай алғанын және оны сынамақ  мақсатында жасырын  пайдаланғанында XVIII ғасырға тап болғанын жазыпты. Сол өткен замандағы хандықтардың бірінің  ханшайымына ғашық болып қалыпты-мыс. Алайда сол хатпен осы осы портретті де конверттен  таптым. Себебі бұл портретте бейнеленген сенің сұлбаң,  XVIII ғасыр ханшайымының жүрегін жаулаған жігіт ретінде баяндалған.  «Қартайған шағында махаббаты ашылып, боз балаша сезімнің жетегінде кеткені қызық екен?!» деген ойда қалдым.  Иә, бұл сенің портретің!  Алайда мен сені, портретте бейнеленген жас жігітті, сол   XVIII ғасырдағы ханзадалардың бірі деп ойладым. Кешегі күні есікті ашып, тура алдымнан сені көргенде қалай абдырап қалғанымды байқаған боларсыңдар? Жалпы жұбайымның  өткен заманға саяхатының  басталғанына біраз уақыт болыпты. Мына қабырға картинасы,- деп сарайдың суреті бейнелеген картина ілулі  қабырғаны нұсқай сөзін әрі қарай жалғады:- Ханшайымның өз қолынан туған туындысы.

-Иә, одан хабардармыз.

-Менің тарапымнан артық сұрақтың пайдасы болмасы анық. Жалғасытыра берейін,-деп ойын жинақтау мақсатында сәл үзіліс жасады да: - Жұбайым ханшайымнан не үшін бас тартты деп ойлайсыздар?

        Бөлмеде үнсіздік орнады. Ешқандай ұсынар жауаптары да болмады.

-Себебі, ханшайымның жүрегі сен деп соғады екен. Ханшайымның бақыты үшін... Сүйгенімен бірге бақытты өмір кешсін деген ниеті болғандықтан одан бас тарта білген екен. Түсінемісіңдер?

-Иә, басекеміздің жүрегі осынша нәзік болғанынан хабарымыз жоқ екен. Ал портретті қайдан алғанын білесіз бе?

-А,иә, айтқандай ханшайым суретші емес пе?  Бұл да оның қаламынан туған дүние.

-Портретімді алсам рұқсат па?

-Әрине,- деп үстелде қарама-қарсы отырған жас жігіттерге  қолын соза портретті ұсынды.

-Рахмет! Олай болса, біз бара берейік. Сізге ашылып айтқан әңгімеңізге үлкен алғысымызды білдіреміз, ханым! – деп орындарынан тұрып, кетуге ыңғайласып жатқандарында:

-Сіздерден бірдеңе сұрасам болады ма?

-Әрине.

- XVIII ғасыр ханшайымына сіздердің қандай қатыстарыңыз бар? Ол портретті қалай салған?

-Қалай айтсам екен...-деп ойланып қалғанында досы:

-Ханым, мына заманда адамның миына сыймайтын дүниелер өте көп. Бұны да солардың бірі ретінде жеңіл  қабылдасаңыз екен. Және барлығын сізге түсіндіріп жату өте көп уақытты алады. Айыпқа бұйырмасаңыз, біз кете берсек? Тағы да көп-көп рахмет!

-Иә, ал біздің уақытымыз өте тығыз.

-Жақсы, өз еріктеріңіз білсін,-деп жымия жастарды шығарып салды.

Тысқа шыққанда:

-Демек...-деп досы сөзді бастады. –Ханшайым  да сені түсінде көретін болғаны ма?

-Маңызды емес!

-Ендеше сен үшін не маңызды?

-Тап қазір... Уақыт машинасы!

-Бұл ойың дұрыс-ақ екен.

-Және тез арада!

-Бастықтың идеясын ұрламақшымысың?

-Басқа амалым да жоқ. Бірақ, мен оны ұрламаймын ғой. Авторлық құқықта шаруам жоқ, жай ғана бір мәрте пайдаланып көремін.

 -Қауіпті емес пе? Әрі ол уақыт қақпасы туралы қолымызда ешқадай ақпарат та жоқ. Оның қайда орналастырылғаны немесе жұмыс жасау принципі деген сияқты. Ешқандай мәліметіміз жоқ қой.

-Қап! Қырсыққанда ол кісі де осы жаңалығымен бөліспестен о дүнеге кетті.

-Енді не  істемек ойың бар? Жұмыс орындарына ұрланып кіріп анықтамайтын боларсың?

-Жоқ, олай істемеймін! Қазір жұмысқа оралуым керек.

        Жұмыс кабинетінде келгенде оны ағатайы күтіп отырған еді. 

-Жастық шақ қалай өтуде?- деп кабинетке енді ғана кіріп келген жас жігіттен көңілді  дауыспен қызыға сұрады.

-Жастық шақ керемет!  Шытырман оқиғаларға және сансыз жауабы жоқ сұрақтарға толы.  Құпияның қыр сырына қанығу үшін  көбірек еңбектену керек, ағатай. Өз қал-жағдайыңыз қалай?

-Жақсы. Тек аздаған қызықты мәліметтеріңмен бөлісер болсаң, тіпті жақсы болар едім.

-Менде қандай қызықты мәлімет болсын?- деді мұңая. –Бұл өмірде ешқандай өкінішім жоқ деп ойлаушы едім...

-Дұрыс ойлағансың! Ал қазір олай ойлауыңа не кедергі?

-Жақында өз басымнан өткеріп жатқан оқиғалар олай еместігін дәлелдегендей.

-Сондағы өкінішің не?

-Өткен шаққа оралып, кеткен ағаттықтарымның орнын толтырғым келеді. Ех, бұл мен үшін тек орындалмас арман ретінде қалып қояды ма деген үрей бойымды билегенде!...

-Өткен шақ деймісің? Қай кезеңіне? Нақтырақ айтсаң.

-Ешқандай ағаттықты түзей алмасам да, жай ғана сол бақытты шағыма оралып, тағы да бір мәрте басымнан өткізе алатын мүмкіндігім болса ғой...

- Бақытты шағыма де...

-Иә, келмеске кеткен қуанышқа толы бақытты кезіме оралғым келеді де тұрады. Өкініштісі, бұл мүмкін емес!

-Бұл заманда барлығы мүмкін екенін, әрі ойға алған істің адамның оған деген құлшынысына тікелей тәуелді екенін айтқан кім еді?

-Мен, алайда бұл жағынан ешқандай шара қолдана алмаймын. Тек...

-Тек не істеу қолыңнан келеді?

-Сағыну!  Бағалай алмаған бақытымды сағыну.   Санамдағы барлық өткен шақтың естеліктерін жаңғырту арқылы ғана бақыттың құшағында еш ойланбастан алаңсыз жүрген шағыма орала аламын.

-Алайда сен шын мәнінде оралғың келмейді ме? Ойша емес.

-Әрине, бірақ ешқандай мүмкіндіктің қалмағанына мойынсұна бастаған сәтімде әлдебір жарық сәуле үмітіме түсіп, нұрландыра түсті.

-Үміт сәулесі?

-Иә,бүгінгі хабардар болған ақпарттарым мені жігерлендіре түсті. Бірақ сіз мән жайдың  қиын екенін түсіне қоймассыз. Мен өткен шаққа...

-Қайта баруың әбден мүмкін!

-Қалжыңдасуға шамам жоқ.

-Ешқандай да қалжыңым емес.

-Бір білеріңіз болса айтыңыз.

-Оны айтатын адам мен емес.

-Неге жұмбақтап сөйлеп кеттіңіз?

-Себебі ашық әңгімені...- деген сәтте есіктен тағы бір адам кіріп келіп:

-Мен айтамын!-деді.

        Жас жігіттің таңқалғаны сонша есін әрең ұстап отырды.

 -Мен тірімін және бұның өткен шаққа оралуыңа ешқандай қатысы жоқ.  Мен өлген жоқпын, әруақ көрдім деп ойлама,- деді қатал дауысты компанияның негізін қалаған  орта бойлы, аздап қарны шығыңқы, толықша келген іскер кісі, үлкен басекесі.

-Сіз...

-Сонымен қатар, осыған дейінгі сенің әр қадамың менің бақылауымда болды.

-Қалайша? Не үшін?

-Себебі сен - ерекшесің!  Және мына әлемнің алдағы уақыттағы тағдыры сенің бүгін қабылдайтын шешіміңе тікелей байланысты түбегейлі өзгермек!

-Мен әлемді құтқарушымын?-деп қарқылдай күле жөнелді де:- Мен ерекше жаратылған адаммын ба? Қалжыңдарыңыз қиысып-ақ тұр, алайда әлемнің тағдырына менің қатысым қанша?

-Тезірек есіңді жи! Уақыт тым аз және ешқандай қалжыңға ендігі жерде орын жоқ!

-Демек, сіздер сыбайлас болғандарыңыз ба? – деді әлі де есін толық жиа алмаған күйі ағатайына қарай.

-Бұл жерде біздің ақ немесе қара екендігіміздің еш маңызы жоқ. Түсінсеңші мына әлемді құтқару сенің қолыңда! – деп ағатайы ашуға басты.

-Иә, егер ақылға келген болсаң саған мән жайды баяндауға рұқсатыңды бер,- деді үлкен басеке.

- Үнсіз отырған жоқсыздар ғой, айта берсеңіздерші,- деді шыдамы таусылған жас жігіт.

- Бүгін менің жұбайымның аузынан естіген оқиғаның жартылай өтіріктен құралғанын мойындағым келеді. Оны сезген де боларсың?

-Ах, солай ма еді? –деді сол жақ қасын көтере сойлеп.

-Мен ол әңгіме барысында сендермен бірге болдым. Яғни көрінбейтін материалдың көмегімен.

-Маңызды емес!

-Иә, дұрыс айтасың.

-Ендеше маңыздысынан бастамадық па?- деді ағатайы.

-Сен - ерекше жаратылыс иесісің! Сен және XVIII ғасыр ханшайымы. Жұбайыммен араңдағы әңгіменің өтірік араласын айттым ғой...

-Сонда өтірігі қайсы?

-Сүйген адамымның бақыты үшін, оның жүрегі сен деп соғатынын білгендіктен одан бас тартқаным.

-Ханшайымға ешқандай сезімім болмады дегіңіз келе ме?

-Болды, бірақ өз іскерлігіме, технологиялық жетістіктеріме деген махаббатым одан басымырақ болып шықты.

-Өзімшілдік сезім деңіз? Ал оның не қатысы бар?

-Егер сен және XVIII ғасыр ханщайымы екеуің басқа ғасырға барып қауышпасаңдар...-деп айтуға аузы бармайтын, айтқысы келмейтін шындықты ағатайы айтатындығын тұспалдады.

- Біздің әлем құрдымға кетеді.

-Мәселен?  Қандай жағдайлар орын алады?

-Қиындықтар.

-Нақтырақ?

Ағатайы:

-Өткен жолы осында алып келген кісінің айтқандары есіңде болар?

-Әрине.

-Сол жағдай барлық адам баласының басында орын алады.

-Және тіршілік иелерінің  үстемдігін техникалық  роботтар алмастырады.  Ал тіршілк иелері мүмкін еместей көрінетін  таңғажайып оқиғаларды бастан өткере береді. Солай қиялдың жетегінде жүріп естерін жоғалтады.  Ал билеуші үстемдік адамзат өз еңбегімен өмір сыйлаған роботтардың қолына өтеді.

-Қайырымсыз роботтар! Қаласаң бейнежазбаны көрсетейік,- деді ағатайы  дәлелдеуге асыға.

-Әуелі сенімен аздаған жаңалығыммен бөлісейін.

-Қандай жаңалық?

-Дұрысы жетістік.

-Тағы?

-Иә, мен уақыт қақпасынан бөлек тағы да құрал ойлап таптым. Ол бойынша  ойыңа  алған оқиғаның орындалғаннан кейінгі нәтижесін көруге болады.

-Сонымен?

-Мен ол құрылғыма ханшайым екеуміздің болашағымызды тіркеген едім. Нәтижесі сұмдық болды. Ал осылай болмас үшін...

-Бәрекелді! Сізді осындай алып жетістігіңізбен құттықтап қояйын,- деп қол шапалақтады.

-Әрине қуануға да болады.  Егер  осы құрылғы болмаса...

-Не болар еді?

-Мен  ханшайыммен бақытты өмір сүретін кезімді көргім келіп  еді, өкініштісі  құрдымға кеткен әлемді көрдім.  Роботтардың осылай басымызға шығып аларын кім білген?!
-Роботтардың үстемдігі? Мен тарихтан патриархат немесе матриархат үстемдігі дегенді  ғана естіген едім. Ендігі ұрпаққа үш қауымдастықтың аты белгілі болады ма? – деп өз өзін ұстай алмай күліп жіберді.

-Қайдағы ұрпақты айтып отырсың? Егер роботтар үстемдігі орнар болса...

-Ол әлі де болса жауапкершілікті және жағдайдың салмақтылығын түсінбеген сыңайлы,- деді де ағатайы голограммалы экран ашып, оған өз қалтасындағы дөңгелек пішінді ақпарат сақталған флешканы орнатты. Іскер адамының қорқынышы секілді болған бейнежазба соңына таяған сәтте  голограмма  өздігінен жоғалып,  ал ауада ұзақ қалықтауға шамасы келмеген флешка жерге құлап түсіп, шашырап сынып қалды.

- Енді бұл бейнекөріністі қайталап көру мүмкін емес,- деп неге олай болғанынан ағатайы хабар берді.

-Үш рет қана көруге арналған бейнежазба және одан артық адамның білуіне қатаң тиым салынғандығының белгісі.

- Не айтарымды да білмей отырмын... Барлығы көз алдымда...

-Бұл жағдай талаптың орындалмағанынан кейінгі екенін ұмытпа. Оған біз жол бермейміз, солай ма?

-Менің қолымнан не келеді? Мен өз әлемім үшін қандай тәуекелге бел байлауым керек?

-Ханшайыммен басқа ғасырға кету.

-Бар талап осы болғаны ма?

-Және тез арада!

-Не үшін? Уақыттың қатысы қанша?

-Жаңа көрсетілген бейнежазбаның төменгі тұсында жақын арадағы  дата жазылған. Сол күнге дейін.

-Яғни сол жағдай орын алатын күн көрсетілген бе?

-Олай деме! Ол жағдай ешқашан орын алмайды! Егер сендер басқа ғасырға сол күнге дейін бармаған уақытта ғана орын алатын жайт екенін қатаң түрде ескертемін!

-Демек бұл күн өте жақын болса,  жайдан-жай бола салатын іс емес болғаны ғой.

-Қиындықтар... Кедергілер... Олар екі жақтан да болады. Ал  олармен күрес жүргізу үшін берілген уақыт өте аз.

-Мен барлығын түсіндім және іске кірісуге әзірмін. Тек...

-Иә?

-Осындағы жақындырымды қайтемін?

-Сен олардың да өмірін құтқарасың! Сен осында қалған күннің өзінде оларға да, саған да ешқандай пайда жоқ. Жалпы адамзат баласына!

-Сонда бұл қалай болмақ? Мен бұл заманда өмір сүрмеген секілді түсінік орнай ма?

-Қаласаң «әлемді құтқарушы» деген атақпен осындағылардың жадында мәңгі қалуыңа да болады.  Таңдау өз еркіңде.

-Дұрысы мені бұл заманнан мүлдем алып тастаңыздар.  Ешкім мен секілді азаматтың болғанын білмей-ақ қойғаны абзал. Қалыпты өмірлерін жайлы жалғастыра берсін. Егер менің орным расында да басқа  ғасырда болса.

-Келістік, дегенің болсын.  Барлығын өзің қалағандай  етеміз.

-Және тағы да өтінішім бар.

-Ол не? Айта бер.

-Бір күн! Бір ғана күн бере аласыздар ма? Жақын жандарыммен уақыт өткізу үшін бір ғана күн сұраймын.

-Жалғыз талап: оларға ештеңені айтып немесе сездіріп қойма! Бұл өте маңызды!

-Тіс жарып айтпауға, сездіріп қоймауға немесе қандай да бір күдік тудырмауға тырасамын,-деді. Алайда қимастық  сезім көңілін түсіріп жібергенін жасыра алмады.

-Оңай еместігін түсінеміз. Бірақ бұл қадамды  бүкіл әлемнің алдындығы борышың деп білгейсің.

-Біз арғы күні таңертең келеміз,- деді ағатайы . Екеулеп жас жігіттің арқасынан қаға демеу беріп, кабинеттен шығып кетті.

       Кабинетінде жалғыз қалып ұзақ ойланды. «Не  себепті мұңайып отырмын? Аз уақыт бұрын ғана өткен шаққа оралуға асық болып едім ғой. Қайта оралу мүмкін еместей көрінген шағыма баруға мүмкіндік алдым емес пе? Бірақ осындағы жақындарым... Осы өмірімде де бақыт құшағына бөлеген жақындарымды қалай ғана оңайлықпен қиып кете барайын?! Алайда осында қалғаннан не пайда? Барлығы құрдымға кететін болса, менің қимастық сезімімнің нәтижесі сол болмақ. Мен қайткен күнде де олай болуына, ондай сұмдық жағдайдың орын алуына ешқашан жол бере алмаймын!»- деп дұрыс шешім қабылдағанына көзі толықтай жетті.

        Келесі күнді өзіне демалыс етіп, өз отбасымен бірге көңілді уақыт өткізді.  Оның осы сәттегі қимастық сезімі тағы да бір өкініш сыйлады. Әлі күнге дейін уақытты тоқтататын құрылғыны ойлап таба алмағанына қатты өкінді. Осылайша  техниканың айтарлықтай керемет дәрежеде дамыған заманындағы соңғы күндерінің бірін, жақындарымен өткен күнді қалағанындай өте жақсы өткізді

        Кешқұрым досымен бірге өз пәтерінің жанында, далада  отырып өткен кеткен естеліктерді жаңғыртты. Сол сәт досы да бірдеңені аңғарғандай:

-Саған не болған? – деді.

-Маған не болыпты? Өмірімде алғаш рет эмоцияға беріліп,  өткен күннің өшпестей сақталған естелік парақтарын  ойға ала қойып едім.

-Мені ештеңені сезбейді деймісің?

-Сандырақтауыңды бастамашы.

-Мен сені бес саусағымдай білемін!

-Білсең несі бар? Ес білгелі жақын достар емеспіз бе? Ол қалыпты жайт.

-Сөз сарынын басқа арнаға бұрмалауды доғар!

-Не айтқың келіп тұр?.

-Өзің айт!- деп айқайлап жіберді де, бауырын құшақтап алды.

-Түсіңсеңші, болмайды!

-Кетіп барамысың? Бізді, мына әлеміңді, жеткен жетістіктеріңді, жақын жандарыңды сол ханшайымға айырбастауға тұрады деймісің? Сеніңше,  лайықты ма? Неге үндемейсің? Әлде махаббатыңның құдіретімен күресуге мен секілді әліңнің келмегені ме?

-Барлығын білген екенсің ғой...

-Сұрақтарыма жауап бер.

-Қаааап! Қалай ғана сенің бұл жайында сезінуіңе жол бердім?!  Құрыған жеріміз осы болса керек! Саған да, басқасына да бұл ақпарат құпия болуы шарт еді.

-Мен қоштасу кеші мен әдеттегідей кештің ара жігін ажырата алмайтын кішкентай бала көремесің?

-Дәл осы тірлігің баланыкы болды, түсінемісің?

-Мен  ештеңе ұқпадым, жорамалымның дұрыстығында тұрған қандай қауіп бар?

-Өте үлкен сыр, құпия, құрдымға кеткелі тұрған әлемнің тағдыры бар!-деген сәтте ағатайы мен бастық жандарына жетіп келді де:

-Саған қатал түрде ескерткенімізді қалай ғана...

-Не бүлдіріп қойдың?- деп ағатайы да күйіне шыр-пыры шықты.

-Ендігі жерде өкінуге немесе дау дамай тудырып, сұрақтарға жауап іздеуге уақыт жоқ! Тап қазір іске кірісуімізге тура келеді.

-Иә, егер бұл ақпараттан үшеумізден бөлек тағы да бір тірі жан баласы хабардар болатын болса, олардың да құлағына жетті деген сөз.  Енді роботтар бар қолдарынан келгенін аянып қалмасына шүбәм жоқ. Олар кедергілер мен тұзақтар құрып үлгерген де шығар.

-Сайтан алғыр! Олар осында жақындап қалды.

-Кімдер?

-Көп сөйлемей алдыға түсіңдер,- деп бастығы көзге көрінбейтін көліктің контур шамын жақты. Барлығы көлікке отырғаннан кейін контурды өшіріп, бар жылдамдықпен алға басты. 

-Қайда барамыз?  Не үшін асығыстық танытып жатырсыздар? Таңертең деп келіспедік  пе?

-Иә, ол кездегі жағдаймен қазіргі жағдайдың арасындағы айырмашылық жер мен көктей.  Роботтар сенің  кетуіңе оңайлықпен жол бере қоймайды.

-Қазір оларға өз үстемдіктерін орнауға керемет мүмкіндік туып тұрғандықтан...-деп басеке сөз бастағанда роботтар көлікті арттан соққылай жөнелді.

-Құрып кеткір! Көзге көрінбейтін материалды анықтайтын  жарықты ақыры олар да ойлап тауыпты ғой.

-Енді не істейміз?

-Ең жоғарғы жолға түсеміз.

-Алайда уақыт қақпасына барар лифт ең төменде емес пе?

-Басқа амал жоқ! Кейін шегінуге болмайды, уақыт жоғалтамыз. Олардың лифтті торуылдап тұрғанына анық сенімдімін. Ештеңе етпес, көп болса жарты жолын баспалдық арқылы жүріп өтеміз.

      Олар ең жоғарғы жолға түсіп, газды баса зымырап жүре берді.  Жастар үнсіз отырып, екі ересектің әңгімелерінен кейін барлығынан хабардар болды. Бұл жағдайға да алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізгендіктен, роботтардың құрған тұзақтарынан барынша сәтті өтіп шықты. Уақыт қақпасына жетуге арналған ұзақ баспалдақты көзге көрінбейтін материалдан жасағандықтан ол жерде қауіп болмайды деп ойлаған еді. Алайда өздері мініп келген көлікті роботтардың қалай анық көре алғандарынан, ол жақтағы тұзақтың да қауіпті екенін сезді. Олар ең жоғарғы жолмен тура жүріп, баспалдақтың орта тұсына жетті.

-Жылдам-жылдам түсеміз,- деп төртеуі баспалдаққа мініп, көлікті төмен түсіріп жіберді.  Белгілі бір қашықтыққа жеткенде көліп жарылып кетті.

- Олар жақындап қалыпты.

-Иә, жарылыс болған жер алыс емес секілді. Тездетейік.

-Олардың қаншалықты жақындағандығын қайдан білдіңіздер?

-Біздің көлік  олардыкыне соғылып  барып жарылды.

-Егер жоғары бағытталып жүретін көліктер шыққан болса, неге біз де оны қолданбадық?

-Оның  құпияларын тек роботтар ғана біледі. Ол роботтардың жетістігі.

-Мен техника саласының үздік мамандарының бірі болсамда, роботтардың осынша жетістіктері туралы қалайша білмегенмін?

-Көп сұрақ қоясың, тезірек жоғары көтеріле беруіміз керек. Қазір маңызы жоқ сұркақтармен басты қатырма.

-Жақсы,- деп барлығы жылдамдықтарын өсірді.

      Сол сәтте басеке төменге көз салдыда:

-Қап!  - деп күйініп айқайлап жіберді.

-Не болды?

-Лифттің кілтін төменде қалдырған болатынмын. Олар лифтпен келе жатыр.

-Құрып кеткір! Енді не істейміз?

-Олар бізді дәл уақыт қақпасының алдында тосатын болады. Оған сенімдімін.

-Мен де көмектесуге әзірмін,- деді досы.

 Сол сәтте досын қайырымсыз роботтардың құрбандығына қимай:

-Бәрібір қазір олар біздің төрт кісі екенімізді байқайды ғой,- деп жас жігіт досына қауіп төндіргісі келмей.

-Жоқ, лифттің ішінен сыртқы  көрініс көрінбейтін етіп жасалынған. Барлық амалды қолдана білуіміз керек! Ал, жігітім, дайынбысың?

-Иә, мен жоғарыға көтеріле берейін. Сіздер осында менен  хабар күтіңіздер. Олардың мені ерекше жігітпен, досыммен, шатастырып алатындарына сенімдімін.

-Табылған ақыл! Бәрекелді, жарайсың!

-Қауіпті ғой.

 -Менің роботтардың қолына ұсталмағаным емес, сенің кете алмай қалуың кауіпті.

-Қауіпті емес. Олар  вампирлер емес, голограммалы экранда көрсетілген бейнежазбадығы датаға дейін орындасаң,  кейін міндетті түрде досыңды жібереді.

-Сенімдімісіз?

-Оларға адамның жанын алу емес, біздің үстемдіктің орнын басу керек. Олардың мақсаты осы.

-Достым, алаң болма! Менің тағдарымның да сенің қолыңда екенін ұмытпағайсың,- деді де мойнындағы  дөңгелек пішінді кулоны бар алқасын ұстап: - Мен жоғарыға жеткенде, яғни роботтардың тұзағына түскенде және олар мені алысқа әкетті-ау деген сәтте екі мәрте белгі беремін, -деді де: -Қош бол, бауырым,  барлығы үшін рахмет саған!- деп қимастықпен қоштасарда бір-бірін қатты қысып құшақтаса көздеріне жас алды.

-Достым, саған айтарым: әрдайым жүрегіңнің үніне құлақ сал! Аман бол!- деп әзер дегенде бір бірінен ажырады.

-Сезімге беріліп тұруға уақыт жоқ. Бара ғой енді, жолың болсын!- деп бастық сәттілік тіледі.

       Ал досы болса артқа қарайламай, тек ілгері өрмелей жоғарыға  тезірек шығуға әрекеттенді.  Арада аздаған уақыт өткенде:

-Вибрация! Оны роботтар құрықтады,- деді жас жігіт алқасының қулонын ұстай.

-Енді  алысқа ұзауын күтуіміз керек.

-Әрине

-Қайта оңай құтылдық. Олар тойлауға асығып жатқан да шығар.

-Иә...

-Енді жүре  берсек те болады, екінші белгі де келіп түсті, -деді де жас жігіт жоғары ілгерлей жөнелді. Ал ересек екеуі  соңынан ілесе кетті. Олар үзіліссіз жүре-жүре ең шыңына де жетті.

-Ал,жігітім, жолың болсын! Сен әуелі XVIII ғасырға барасың және онда кішкене көлшікке құлап түсесің. Сол көлшіктің маңында үлкен ағаш бары көзге көрініп тұрады. Сол ағаштың саясында ханшыйым күн сайын сарайдың суретін салу үшін келеді. Ханшайымға барлығын түсіндіріп,  көлшікке қайта барасыңдар.  Сен көлшіктің центріне құлап түскендіктен, дәл сол орынға баруларың керек. Көлшіктің ортасына келгендеріңде суды әлдебір тылсым күш айналдыра айдайды.  Ауа райы күрт бұзылып, өз мінезін көрсетеді. Тылсым табиғи құбылыстар орын алады.  Бұдан қорқудың еш қажеті жоқ.  Сендер судың ортасына келгенде, айналмалы су сендерді қауіпсіздікке  арналған  әйнекпен қоршап, судың ең түбіне түсіреді. Әрі қарай жердің түбіне түсіресе керек, өйткені  адамның есін толық ұстап тұра алмайтындай қолайсыздық орнайды. Мен әрі қарай есімді білмегендіктен не боларын білмеймін. Тек қандай да бір күштің әсерінен ұйқы қысады.  Сол себепті шыдай алмай сендер еріксіз ұйқы құшағына кетесіңдер.  Осылайша өз ғасырларыңа  барасыңдар.  Барлығы оп-оңай бола салатындай көрініп тұрған шығар, бірақ жағдай мүлдем басқаша болуы да мүмкін.  Себебі ол жақта да кедергілер мен қиындықтардан өтпестен өз ғасырларыңа бара алмайсыңдар.  Табиғаттың құбылып, сендерді жібермеуге деген не бір әрекеттер жасауы мүмкін.  Сондықтан беріле салмай, соңына дейін күресе біліңдер! Және әр қадамдарың біздің бақылауымызда болатынын есіңнен шығарма.  Ендеше саған үлкен сәттілікті мына әлемнің атынан жолдаймыз! Үмітімізді ақтарыңа сенеміз! – деп арқасынан қаға жауапкершілікті мойнына соңғы рет жүктеді.

       Ал жігіт барынша батыл жүзбен өз-өзін төменге лақтырып жіберді. Белгілі бір қашықтыққа келгенде уақыт қақпасына соқтығып,  XVIII ғасырға апаратын қақпаға тап болады.

5-бөлім

Жанға жайлы, әрі тұнып тұрған тыныштыққа толы, тек  табиғаттың әсем үнімен  айшықталған көрініс. Самал желдің жағымды лебі, құстардың өзара тілдескенінен туындайтын сан түрлі дыбыстар, көгілдір ашық аспан. Кенеттен күннің шуағы түсіп тұрған көлшікке аспаннан салбырай біреу құлап түсті. Қызық?! Бұған дейінгі уақыт қақпасының ашылуы осындай жайма-шуақтықты еріксіз  бұзатын еді. Бұл жолы неге күн райы қаһарына мінбеді екен? Әлде бұған дейін бұ заманға адасып келгендерге берер  жауабы сол болды ма екен? Әй-қайдам?!  Бұл көлшік арқылы қай заманнан қай заманға жол ашылмады дейсің?  Құпиясы  әлі күнге ешкімге айқындалмаған бұл көлшіктің  сырын ұғынып, ашуына тимей кімнің келуі мүмкін болды?...

***

 «Ағатайларым айтқандай мен  бір көлшікке айқайлай салп етіп аспаннан түскендей құладым. Артынша барлығы ойлағандай болғанына көзім жетіп, жағаға  шығуға асықтым. Айналаны шолып, ханшайым айтқандай жанға жылулық сыйлайтын орын екенін тез-ақ түсіндім. Жоспарлы түрде бастан өткеріп жатқандықтан басымнан өткенге аса қатты таңырқай қоймадым. Бар ойым ханшайымыды қауыштырып, өз заманымды сақтап қалу. Мұнда ханшайымым  айтқандай бір ағаштың саясы ерекше екен. Алыстан көз тастасаң да, өзіне ынтықтыра баурап алады. Менің аяқтарым  еріксіз сонда қарай жол тарта бастады. Ханшайымымды көрдім.  Өзі айтатындай сурет салумен айналысып отырған еді. Ал мен ақырын ғана білдіртпей артына барып, екі қолыммен оның көзін бастым. Қатты қорыққан ханшайымым болса, қолымды күштеп итеріп, маған бұрыла:

-Сіз кімсіз?- деп тани алмады.

-Қалжыңдап тұрғаның болар?- дедім де, шынымен-ақ оның есінде ештеңе жоғын мойындағандай болдым  да: - Біз бір кездері бір-бірімізге өлердей ғашық болған жандармыз!-дедім. Ханшайымнан жауап болмады. Үнсіз ұзақ ой үстінде болды. Мен де кедергі келтірмейін деген мақсатпен есіне әлденелерді сала қысым көрсетпедім. Үнсіз жанында отыра бердім. Кенеттен ханшайым сыбырлы үнмен:

-Сеніңше, бір кездері болғаны ма? Басымыздан өткерген осынау алапат сезімнен қалған ұшқын осы ма? Сеніңше, біздің арамыздағы махаббат «бір кездері» деп  аяқталуы керек пе?

-Жоқ-жоқ! Әрине, жоқ! Мен саған уәде берген едім ғой, есіңде ме? Міне, сол күндері саған берген уәдем менің мақсатыма айналды! Ал заманымның құтқарушысына айналдырды. Ал сен неге алдадың? Сәл қалғанда сеніп қала жаздадым ғой.

-Себебін білгің келе ме? Егер қатты білгің келіп бара жатырса айтайын. Мен ол заманға барғым келмейді. Неге ? Себебі ол ХХІ ғасырдың адамдары өте тәкәппар, әрі өзімшіл. Онда барар болсақ...

-Бірақ біз олар сияқты болмаймыз ғой. Керісінше бақытты болудың қарапайымдылықта жатқанын дәлелдейміз деп ойлаймын.

-Жоқ, ол біздің еркімізде емес! Яғни ол жақта бойымызды еріксіз суыққандылық пен намыс, өзімшілдік пен тәкәппарлық билеп алатынын түсіндім.

-Осы ма? Бар  сылтауың осы ма?

-Сен білесің бе, ондағы адамдар өз сезімдері үшін күреспейді, өз сезімдері мен махаббаты  жауапты болса да бағаламайды?! Осылайша өз бақытынан айырылады. Өз көзімізбен көрген жайттарды ой елегімнен өткізе онда барғым...

-Олай болса, дәл қазіргі әрекетіңнің ХХІ ғасыр адамдарының іс-әрекетінен айырмасы қанша?- деп едім ол ешқандай жауап қатпады. Сөзімді әрі жалғай түстім: -Жаңа ғана менің қалай қорыққанымды білесің бе? Сен мені танымайтындай... Сырттай ештеңені сезіктендірмесем де, іштей қатты қиналып кеттім. Сен шынында... Тіпті ойлаудың өзі мен үшін  қорқынышты.

-Мен сені шынымен-ақ танымай қалсам  не істер едің?

-Ендігі жерде осындай болмайтын дүниені сараптаудың қажеті жоқ секілді.

-Сеніңше, бұдан да не маңызды?

Мен ханшайымыма барлық жағдайды түсіндірдім.  Техника әлемінің  сан түрлі қыр-сырын толық ұғындыруға барынша тырыстым. Және бұл біздің парызымыз екенін айттым. «Осында да кедергілер болады» деген сөз ойымда қалыпты. Сол кедергі- оның есінде ештеңені болмауы ма деп бастапқыда қорықтым.  Қуанышыма орай, олай емес болды. Сондағы кедергі не болды екен? Алда кездесер, біздің жолымызға тосқауыл қоюға барынша тырысып бағатын қандай күш болды екен?  Қандай алапат күш болмасын біздің махаббатымыз барлығына төтеп береді деген сенімдемін!»

 

 

6-бөлім

Адам баласының қалауы ешқашан толығымен орындалған емес.  Орындалған күннің өзінде өте сирек кездесетін құбылыс. Мәселен, қазіргі таңда екінің бірі  өз қалаған өмірінде өмір сүрмейтіндігі, көп жандар армандарына қол жеткізу жолында кездескен кедергілерге бас иетіндігі, қалағанынша уақыт өмір сүрмейтіндігі, өз сүйгенімен қосыла алмайтындығы... Ал егер адамның өз еркіне салар болсақ... Жо-жоқ, тіпті елестудің өзі бір машақат болар еді. Барлығы қиындап кетеіндей-ақ әсер қалдырады екен. Сондықтан болар әркімнің өз тағдыры, өз мүмкіндіктері, өз өмір жолы бары.   Тағдыр деген кішкене болсын әділеттілік орнату құралының да қызметіне тағайындалған болар.  Ойналып қарасам, онда да әділеттілік жоқ секілді. Біреу соры қайнаған ащы өмірді көрер, ал ендібіреу тәтті өмірдің балын ішер. Алайда, тек сырттай қарғандағы көрініс қана солай екенін  ешкім санасына сиғызғысы жоқ. Сан түрлі тағдырдың, сан түрлі шырмауы болады.  Ол шырмауға біреулер ерте түсер, біреулер кеш.  Бар болғаны осы.

      Бірақ олар бірге. Алдарынан шыққан барлық қиындық пен кедіргілерді артқа тастауға қауқарлары жетті. Мүмкін еместей көрінген  күрес алаңында  өздеріне және араларындағы махаббатқа сенудің арқасында олар бірге болу бақытына қол жеткізді. Демек өз қалауындағы өмірге қол жеткізгендер бар деген түйіндемеге не кедергі  болды екен?

    Беттеріне әлдебір жаңбыр суы секілді жауын жауып жатты. Алайда  тамған  тамшылардан мүлдем із жоқ.  Олардың оянуына әсер еткен фактор осы еді. Айналадағы көріністі сөзбен айтып жеткізуге мүлдем мүмкіндік жоқ. Сөздік қорымызда ондай құбылыстарды сипаттауға арналған бірде бір сөз кездеспейді. Ол табиғатты көргеннің көзі мен сезінген жүрегі ғана түсінеді.   Жанға сондай жайлы, ал дауысы құлаққа өте жағымды. Әндетіп жатыр дегеннен де алшақ түсінік. Мүлдем... Ал жер болса мамық мақта секілді  жұп-жұмсақ, бірақ ешкімді құлатпайды. Жерде бірдеңелер жылт-жылт етеді. Оларды жылтыраған алтынға немесе гаухарға теңеу өте үлкен ағаттық болар еді. Алайда олар мүлдем басқа болса да, түсіндірер басқа түсінік табылмас. Әрі қарай ол жердің табиғатын сипаттай берер болсам, бүлдіретіндеймін. Абзалы  әркімнің сана сезімі мен ұшқыр  қиялының жетелеген жерін көз алдарына елесте берсін.

Қазақ тілінде жазылған