Алдамшы өмір!
Қонақпызғой бұл өмірге сен де біз,
Қайта оралар топырақпыз жерге біз.
Тәңір ием уақытша жаратқан
Ғұмырымыз гүлден әлсіз пендеміз.
Таусылады бұл өмірде тағатың,
Соқпас мәңгі жүрек дейтін сағатың.
Біз кетеміз біреу келер қайтадан
Жас сәбиге берер оған тағы атын.
Ақ пен қара алдамшы өмір осындай,
Көрінеді дұшпаныңда досыңдай.
Зымыраған мына опасыз дүниеде
Сатып кетер бала кезгі досыңда-ай.
Таң атқан соң кеш те қатар бататын,
Бірі күліп, бірі жылап жататын.
Өмір деген кәрі керуен осындай
Жауабы жоқ, жұмбақ таңы ататын.
Сағымдаймыз осынау құла түзде,
Уақытша қыс, көктем, жазбен күзде.
Көзден ғайып болармыз болмағандай
Еріп кетер мұздардай мына бізде.
Алдамшы, арзан бақпен алдап тұрған,
Аққан жұлдыз секілді шаңқаптырған.
Тағатсыз бір қозғалыс өмір деген
Ағы менен қарасын жалғап тұрған.