Адам қарады: 9 | Жарияланды: 2019-04-15 06:37:35

Менің жеңешем Қалтай

Тағаев Қожахмет көкем  1970 жылдары Байырқұм совхозында тұратын Жүнісбеков Медетбек деген ағасын, жеңгесі Жүнісбекова Орындықты жанына көшіріп алды Ақдала совхозы 4 ферма Тақыркөл аулына.

           Тақыркөлге көшіп келгеннен бастап мен жеңешем Қалтайдың жанынан шықпай-

тынмын. Қалтай жеңешем, ұзын бойлы ,аққуаша келіншек кезі.Ол кезде Қыпшақ әжем

соғыстан  келмей қалған ұлдарын тосып ,асықпен ,бал ашып отыратын.Әжемнің

нақ сүйер немересі Сейдулла ағам болатын.

Жеңешемнің айқайлап,е болмаса әбіржіп жүргенін көрген емеспін.Үйдің іші,сырты

аппақ , тап таза болатын,әсіресе күннің ыстығында далаға от жағып тамақ істейтін.

          Әлі осы күнге дейін жеңешемнің  бізге пісіріп беретін тамақтарын айтсаңызшы.

Түйе тауықтың еті мен қойдың етін бірге асып бізге бешбармақ істеп беретін.Керемет

тамақ болатын ,өзіміз әптен ойнап қарнымыз ашқан  уақытта ,қолды жуар жумас

жүгіріп келіп отыра қалып,ыстық алып келген тамаққа қолды салып жіберіп,шайнамай

қамырды жұта беретінбіз.Таласып тармасып легенді босатқанда,жеңешем екінші леген

бешбармақты, иісін бұрқыратып алып келетін.Оны тауысып , қарнымыз тойып,

май қолымызды жалап, жуатынбыз. Содан кейін Қалтай жеңешем айран қосып ыстық

сорпа беретін.

          Бізбен  бірге қонақтарын күтіп жататын ,Тағаев Қожахмет көкем ол кезде жылқышы, ауданда белгілі азаматтың бірі еді.

          Қалтай  жеңешем  мені жұмсамайтын,неғып екенін білмеймін. Есте қалғаны, шай

ішетінбіз Қожахмет көкем, жылқыларға қарап кететін. Өзінің бала шағалары,кәрі Қыпшақ әжеміз және каникулға келген біздер,мен Сабит Күлзейнеп әпкемнің ұлы, бәріміз отырып шай ішетінбіз.Біз шайды қантпен ішетінбіз, ал жеңешем болса құртпен ішетін. Түкке түсінбейтінмін, қалай құртпен ішеді деп,оған жауап таппайтынмын.

        Кейін 3 фермаға біз көшіп,сол жаққта тұрдық.Жазда Медетбек әкем мал ұстап ,қауын дарбыз егетін, айдалада тоғайдың шетінде киіз үйде тұратынбыз.Анам Орындық диқаншы

болатын, денелі әйел ,әптен қара жұмысқа шыныққан,мен ұйқыдан тұрғанда,ол кісі бау-бақшада  жүретін.

      Қожахмет көкем Қалтай жеңешем екеуі азанғы салқынмен, мотоциклге мініп біздің үйге келіп қалатын.Шай ішіп болған соң,анам екі қапқа сиятын қауын, дарбыз беретін,оны

мотоциклге артып мені де ортаға отырғызып үйлеріне алып кететін.

     Жеңешем мені шомылдырып, болған соң шашымды айрандап, сіркелерді семіртіп

майда тарақты жіппен бөліп –бөліп байлап сіркелерді тарап түсіретін.Соған қарағанда мен

өте битшең болғанмын.Оны кешкі салқын мен істейтін. Мені өз анам Орындық қараған емес,жеңешем міндетті түрде апта сайын үйіне алып кететін.

     Барған сайын, үйге қайтарда отырғызып қойып,маған бір көйлек дамбалымен бірге тігіп беретін.Көйлекті тігіп біткенше жанында отыратынмын,жаңа көйлекті киіп,қатты қуанып, риза болатынмын.

     Ал айналайын жеңеше, бұл тек қана,бір сәтте еске түскен өмір-елестің үзіндісі деп

есептеңіз.Әрқашанда, сізді, еске алып ,жүрегім жылып,сіздің амандығызды тілеп жүремін.

     Бала –шағаңыздың ,туған –туысқандарыңыздың ,бауырларыңыздың арасында қартаймай жүргеніңізді қалаймын. Ешқашанда  мұңаймаңыз.

     Тағаева Қалтай жеңешемнің ұлдары Сейдулла ,Убайдулла,Сырлыбай,Ғалымбай қыздары Меруерт,Гүлнар,Шырынкүл барлығы бұл өмірде өз жолдарын тауып күй

кешіп жатыр.

     Ал кәзір менің жеңешем ақ жаулықты ана, одан қалса немерелеріне әже болып отыр.

Осындай жеңгелерден айналайын,ағайын.

 

Қазақ тілінде жазылған