РАХМЕТ
(Алғыс күніне орай)
Рақмет аяулы ана,
Жарық дүние сыйлағаның үшін.
Тасбауыр аналар сияқты
Тастауға қимағаның үшін.
Рақмет, ардақты әке,
Қорғаным болғаның үшін.
Бір істі бастасам,
Әркез демеп қолдағаның үшін.
Рақмет, асыл әпке,
Ақыл-кеңес бергенің үшін.
Тығырықта дұрыс жол
Табуға берген көмегің үшін.
Рақмет, саған қазағым,
Бірлігің мен берекең үшін.
Айтулы әр күндерде,
Тойлайтын мерекең үшін.
Рақмет, туған жер,
Құшағыңды айқара ашқаның үшін.
Жырақтан келген жандарды,
Бауырыңа басқаның үшін.
Рақмет, алтын ұям,
Білімді ұл-қыз өсіргенің үшін.
Жүлделі болсақ жарыста
Биікке бізді көтергенің үшін.
Рақмет, құрметті ұстаз,
Білім нәрін бергенің үшін.
Бөліп-жармай бәрімізді
Өз балаңдай көргенің үшін.
Рақмет, менің жан досым,
Қиналғанда қашпағаның үшін.
Ақтарылған сырымды
Ешкімге ашпағаның үшін.
Рақмет, менің ақ көршім,
Бізбен тату жүргенің үшін.
Қант барма деп барғанда
Жымиып беріп, күлгенің үшін.
Рақмет, саған Тәңірім,
Өмірге келгенім үшін.
Осындай асыл жандарды
Таныс қып бергенің үшін.