Адам қарады: 425 | Жарияланды: 2017-03-02 07:37:15

Ауылда

Көбелектер, сұр қанатты, жанарыңды қытықтар, 

 Жәндіктерде даладағы неше қылық бар. 

 Өздерімен өздері, шаруалары таусылмас,

 Көрермені мен болдым кешке таман қызықтар.

 

 Құмырстқалар, қайыс белбеу, құжыңдаған қалың жұрт,

 Жұмыс жасап жатқандары қай кезде де жабылып. 

 Құдық қасы, төрт жастамын, тістеледі бір илеу,

 Мен күрестім бақырып.

Қазақ тілінде жазылған