Адам қарады: 275 | Жарияланды: 2017-03-02 07:41:08

Құрбыға

Сен жыладың...
Басылмады өксігің...
Маған мәлім болған соң ба көп сырың...
Ал мен тұрдым не дерімді біле алмай,
"Қойшы, жаным. Жыламашы" деп...
Күнім!
 

Біз екеуміз тағдырласпыз... Мұңайма!
Қолы жетіп көріп пе еді Күн Айға?!
Өр едің ғой, егілесің неге сен?
Жігерлі жан бос нәрсеге жылай ма...
 

Еркің қайда еншіленбес ешкіммен?
Көріп жүрсің, айтшы қане, сес кімнен?
Босқа жаным мұңаймашы, жылама!
Бақытты боп өтпейді ешкім бес күннен...
 

Жыламаймын!
Сен де жаным жылама!
Өмір деген ақ-қара емес, сұры-ала...
Сен жыладың...
Сосын мен де егілдім,
Сол баяғы жүрегімнен жыр аға...
 

Жатсын мейлі мағынасыз күн өтіп,
Сырымызды жүректерге түнетіп -
Бірімізге демеу болып өтеміз,
Мұңымызды мөлдіреген шық етіп!
 

Атады әлі екеумізде таң нұрлы!
Бітер күні болар мұңды жаңбырдың...
Тосын сыйын ұсынса да тағдыр мың,
Біз екеуміз жеңілмейміз, жан құрбым...

 

Қазақ тілінде жазылған