Адам қарады: 316 | Жарияланды: 2017-03-02 07:47:33

Жаңылтпаштар

Қаламдыққа қарадым қаламаққа.

Қаламдыққа қаламұшты қалаймын деп,

Құлап қалдым қарағаннан қаламдыққа.

Құласамда қаламұшты қаладым қаламдыққа.

 

Сырқырауық сықырлауық.

Сықырлауық сырқырауық..

 

Кереге кердім,

Кереге керілген соң,

Керегеге туырлықты кердім.

 

Үзік құрадым,

Үзікті  үзік -үзік

Киізден құрадым.

 

Көрпе- жастықты абдыраға

Жинаймын деп абдырадым.

 

Уықтарды шаншыдым,

Шаншылып біткен уықты

Сыртынан шалмалап шандыдым.

 

Орақ ордым

Орақпен ора алмай

Орап- орап ордым.

 

Қаламұшты қадайтын

Қаламдықты іздедім

Қалау үшін уықты

Қаламдықты көздедім.

 

Сандық үйге сәндік

Сәнді үйге сандық.

 

Тоғынға түндікті туырла

Керегеге туырлықты туырла

 

 Уық, уық,

Уықтың діңінде туырлық.

 

Киіз есіктің тысы киіз

Киіз есіктің тұсы  киіз.

 

Түндікті түнде ашпа

Түндікті күндіз аш

 

Төсеніш киіздің бір түрі -текемет,

Оюлы текемет бұл да - текемет

Шашақты текемет бұл  да - текемет

Салбырама текемет бұл да - текемет

Текемет бәрі -текемет

Текемет бәрі -керемет!

 

Қалы кілем -түкті кілем,

Тақыр кілем – түксіз кілем

Кілем, кілем -кілең кілем.

 

Бір керме, үш арқан, алты бақан

Атына сай орнаттым алтыбақан.

 

Бестас -бес тас

Ойнауға бестас

Бестасты  -жерге шаш.

 

 

 

Текемет, текемет

Дөп-дөп төпелеп,

Үш сап жерге, үш ұрып,

Теп-теп жекелеп.

 

Зерден сырға жасады

Зергер жырға жасады

Зергер жырғаны оңай жасады

Зерден зорға жасады.

 

Қарсы ілгектер қарысып ілінеді,

Қапсырма ілгек қабысып ілінеді.

Қарсы ілгектер қарысса

Қапсырмалар қабысса

Ілгектердің ілгегі ілінгені

 

Асам, асам,

Деді -Асан,

Тамақтанып,

Мақтанып,

Ассаң, ас тамақ- дедік,

Тамақтанып,

Асан тамақ емес,

Таудан асам - деді

Мақтанып.

 

Армысың Арман!

Бар бол, Арлан!

Аман ба, Арлан, Арман.

Амандасты  Мардан

Аманбыз деді -Алдан

Аманнын алмаған соң

Арлан , Арман.

 

Жорға жыр жыршы жырлар,

Жорға жырды жырламаған

Жоқ жыршылар.

 

Аңшы атты қамшылатты

Аңшының аты шапшаң шапты.

Аңшы  шарлауда көкжалды атты,

Көкжал шаншылып құлап жатты.

Қазақ тілінде жазылған