Адам қарады: 371 | Жарияланды: 2017-03-02 07:48:32

Жұмбақтар

Жер астының мешкейі,

Бұл жалғанда тойым жоқ,

Бір дария қарнына

Болмайды екен жұқ,

Атын тапсаң балақай,

Болар еді құп!

          (Көлтауысар- Ертөстік еретгісі)

 

Киіктерді қусада

Аяғына байлар қара тас.

Аспанда ұшқан құсыңда,

Жүгірген аң да құтыла алмас

Бұл кім болды, табайық,

Аяғына шаң жұқпас.

           (Жел аяқ -Ер Төстік ертегісі)

 

Қайраты сыймай тасыған

Қорқақтар көріп жасыған.

Тау көтеріп, ермек қып

Бір- біріне қосып, тасыған.

Жер астының алыбын

Оқымаған ертекті,

Толағай деп қалыпты..

Білгіш болсаң сен егер

Атап көрші алыпты.        (Таусоғар - «Ертөстік ертегісі»

Жер астының дүбірін

Оң құлақпен сезетін.

Жер үстінің дүбірін

Сол құлақпен сезетін.

Жатып алып тың- тыңдап

Алыстан хабар беретін

Жер астының тыңшысы

Ер төстікке еретін.

Кім еді бұл ер  кісі?

                (Сақ құлақ -Ер төстік ертегісі)

 

 

Жердің асты- үстінде

Қағыс жер жоқ көзіне,

Қандай нәрсе болса да,

Көріп біліп беретін

Көріп -келді, көзі ашық,

Атын атап табайық,

Өзіне сай лайық.

               (Қырағы -Ертөстік ертегісі)

 

 

Құйрықтарын ұрлап ап

Бір- біріне кигізген

Сақ сауысқан дегенің

Ештеңені сезбеген.

Бұл дегенің шеберлік,

Әлде асқан ерлік пе?

Әлде батыр, күші көп

Тапқан ақыл дерлік пе?

            (Епті -Ертөстік ертегісі)

 

Ұзын-ұзын сырық

Қатар -қатар тұрып

Қазыққа байланды

Елтаңбаға айналды.

                (Уық)

Үш бұрышты терезе

Шаңырақты төрт бөлген.

Шеңбер жасап берем деп

Белі қайысып иілген.

                       (Күлдіреуіш)

 

Төрт бұрыш пішіні

Қорғайды күннен

Үлкенді кішіні

                 (Түндік)

Қазақ тілінде жазылған